ДӘрістер кешені пән: «Радиациялық сараптама» Мамандық



бет1/4
Дата03.07.2017
өлшемі0.62 Mb.
  1   2   3   4
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



«Құқықтану»кафедрасы

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

Пән: «Радиациялық сараптама»

Мамандық: - 5В030100 «Құқықтану»

Оқу курсы мен семестр: 4-курс, VII-семестр

Семей 2016ж

Дәрістер кешені «Құқықтану» кафедрасы мәжілісінде талқыланып, бекітілді.

Хаттама № _______ «____» ____________2016ж.

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент _______________ Толысбаева А.Д.

Дәріс №1


  1. Тақырыбы: Радиациялық сараптама пәні және мазмұны. Ғылымның негізгі даму кезеңдері. Заңды құжаттар.




  1. Мақсаты: Радиациялық сараптаманың өз бетінше ғылым ретінде шығу және даму кезеңдерімен, осы сала бойынша ҚР-ның заңды құжаттарымен студенттерді таныстыру.




  1. Дәріс тезистері:

Радиациялық сараптама- бұл иондаушы сәулелердің адамға әсер ету жағдайын, түрлерін және салдарын зерттейтін және адам денсаулығын қорғауға бағытталған шароаларды зерттеп, дайындайтын ғылым.
Негізгі төрт бағыты бар:

  1. Дозиметрлік, бұл иондаушы сәулелердің көздерін және сәулеленуге ұшырау әсерінің деңгейлерін зерттеумен байланысты.

  2. Радиобиологиялық, бұл эксперименталды және эпидемиологиялық зерттеулер кезінде, ИС-дің адам денсаулығына тигізетін әсерінің эффектілерін және салдарын зерттеу.

  3. Қызметкерлер мен халықтың сәулеленуге ұшырауының рұқсат етілген деңгейлерін сараптамалық регламенттеудің теориясы және методологиясы.

  4. Санитарлық-ұйымдастырушылық, бұл ИС қорғаудың тәжірибелік шараларын дайындаумен байланысты.

Радиациялық сараптаманың негізгі екі бөлімі:

  1. Иондаушы сәулелену көздерімен жүргізілетін жұмыс жағдайын зерттейтін және қызметкердің қауіпсіздігі шараларын дайындайтын еңбек сараптамасы.

  2. Бүкіл халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған коммуналды радиациялық сараптама.

Радиациялық сараптаманың міндеттері:

  1. ИС көздерімен жұмыс істейтін адамдардың жұмыс жағдайы мен денсаулық жағдайын зерттеу.

  2. ИС қолайсыз әсерінен қорғанудың жеке адамдық және жалпы шарапларының кешенін жасау.

  3. Қоршаған ортаның негізгі нысандарының ( ауаның, судың, топырақтың, тағамның) радиологиялық тазалығына бақылау жүргізу.

  4. Қоршаған ортаның белсенді қалдықтармен ластануының алдын-алу жөнінде шаралар дайындау.

1895ж- Вюрцбург университетінің физика ғылымының профессоры Вильгельм Конрад Рентген қатты денелерден өтетін ауада бірнеше метрге таралатын қабілеті бар рентген сәулесін ашты.

1896ж- Анри Беккерель уранның өздігінен көзге көрінбейтін сәулелер шығаратынын тапты. Бұл құбылыс белсенділік деп, ал сәулеленудің өзі иондаушы сәулелену деп аталды.

1899ж- Эрнест Резерфорд белсенді заттардың ыдырауы кезінде шығатын альфа- және бета- сәулеленулерді ашты.

1930ж- Фредерик Жолио-Кюри нейтрондық сәулеленуді ашты.


Радиациялық сараптама XX ғасырдың 40-шы жылдарының басында, салыстырмалы түрде беретін ғана, өз бетінше сараптамалық ғылым ретінде дами бастады. Бұл иондаушы сәулелер көздерімен жұмыс істейтін адамдар мен сол елді мекен тұрғындарының денсаулығына иондаушы радиацияның әсерін зерттейтін және еңбек пен тұрмыс жағдайының радиациялық кауіпсіздігін қамтамасыз ететін, ғьлыми негізделген қорғану шаралары кешенін жасайтын ғылым.

Рентген сәулелері мен радиоактивті ыдыраудың ашылуының алғашқы жылдарында радиобиологиялық сипатты теориялық және экспериментальдық зерттеулер басталды, сондай-ақ бір мезгілде иондаушы сәулелердің зақымдаушы әсерінен адамдарды қорғау мәселелері де қарастырылды.

Ары қарай осы ғылымның дамуына жаңадан пайда болған сәулелерді ғылымда және тәжірибеде жедел қолдану, сондай-ақ олардың ағзаға зақымдаушы әсерінің аныкталуы өз себебін тигізді.

Әсіресе медицинада рентген және радий сәулелерінің кеңінен қолданылуы, олардың биологиялык әсері жөніндегі жеткілікті көп мәліметтер, иондаушы сәулелерден қорғау мәселелерімен айналысатын, көптеген елдердің күшін біріктіретін фуңдамент болып табылады.

Әскери және бейбітшілік мақсаттағы уран өндіретін өнеркәсіптер мен атомдық энергетиканың дамуы, жасаңды радионуклидтерді алу және оларды халық шаруашылығының барлық салаларында кеңінен қолдану радиациялық сараптаманың дамуына үлесін қосты.

XX ғасырдың 50-ші жылдарында денсаулық сақтау Министрлігі құрамында республикалық, қалалык СЭС-ің базасында радиациялық қауіпсіздік бөлімдері мен радиологиялық топтардың құрылуы тарихтағы маңызды кезең болып табылады.

Қазіргі кездегі ҚР ДМ-ің мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бакылау комитетінің жанындағы республикалық СЭС-те, сондай-ак, 14 облыстағы облыстық және Астана, Алматы, Степногорск қалаларының санитариялық эпидемиялық бақылау басқармасы жанында радиациялық сараптама бөлімдері жұмыс істейді, ал санитариялық-эпидемиологиялық сараптау орталығының құрамында радиациялық бақылау зертханасы жұмыс істейді.

Пәннің негізгі бағыттары дозиметрлік, радиобиологиялық бағыттар, рұқсат етілетін сәулеленуге ұшырау деңгейін сараптамалық регламенттеу теориясы мен әдістемесі және радиацияға қарсы корғану шараларын өңдейтін санитарлық ұйымдастыру бағыты болып табылады.

Радиациялық сараптама бойынша негізгі қағидалар Қазақстан Республикасы Конституциясының сәйкес баптарында, ҚР «Тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі жөніндегі», «Тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық қолайлы жағдай жөнінде», заңдарында көрсетілген, осылардың негізінде Республиканың барлық тұрғындарының радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «Радиациялық қауіпсіздік нормалары (РҚН-99), СЕ 2.6.1.758- 99» және басқа нормативтік актілер өңделді және бекітілді.

Медициналық-профилактикалық факультетте радиациялық сараптаманы оқыту жекеленген кәсіптік топтар мен тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі жағдайлары бойынша объективті ақпарат алу үшін пәннің теориялық негізін меңгеруге, санитарлық-дозиметрлік зерттеулерді игеруге, сондай-ақ радиологиялық объекгілердегі алдьн-ала және ағымдық санитарлық бақылау жүргізу дағдыларын үйренуге бағытталған.




  1. Әдебиет

  1. Бекмагамбетова Ж.Д. Радиационно-экологические аспекты безопасности населения. Учебное пособие.- Алматы, 2002.- 304с.

  2. Кенесариев Ү.И., Бекмағамбетова Ж.Ж., Жоламанов М.Е., Рузуддинова Г.Т. Радиациялық оқу құралы. Оқу құралы.-Алматы, 2004.-160б.

  3. сараптама: жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық/ Ү.И. Кенесариев және т.б.-Алматы:2010ж-656б.



  1. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

  1. Радиациялық сараптама дегеніміз не?

  2. Радиациялық сараптаманың негізгі бағыттары, міндеттері қандай?

  3. Осы ғылымның дамуына үлес қосқан қандай ғалымдарды білеміз?

  4. Радиациялық сараптама саласы бойынша ҚР-да қандай заңды құжаттарды білеміз?

Дәріс №2

  1. Тақырыбы: Радиациялық сараптамада пайдаланылатын негізгі түсініктер және олардың сипаттамасы. Радиациялық сараптамада қолданылатын әдістер.




  1. Мақсаты: Радиациялық сараптамада қолданылатын терминдер мен анықтамаларды жете ұғу, оларға сипаттама бере білу.



  1. Дәріс тезистері:

Иондағыш сәулелену- зарядталған және зарядталмаған бөлшектерден және фотондардан тұратын сәулелену, олар ортасымен әсерлескен кезде белгілері әртүрлі иондар түзеді.

Сәулеленудің келесі түрлері бар:

α-сәулеленуі – оң зарядталған гелий ядроларының ағыны, иондандырғыш қабілеті үлкен, енгіштік қабілеті аз, ауада таралу ұзындығы 3-11см, ағза тіндерінде бірнеше микрон.

β-сәулеленуі – оң зарядталған электрондардың немесе теріс зарядталған позитрондардың ағыны, иондандырғыш қабілеті аз, енгіштік қабілеті басым, ауада таралу ұзындығы 10-15м, ағза тіндерінде бірнеше мм.

γ-сәулеленуі- радиоактивтілік айналым кезінде шығатын электромагниттік энергияның кванттар ағыны, енгіштік қабілеті өте үлкен, ауада таралу ұзындығы жүздеген метр, иондағыш қабілеті үлкен емес.

Рентген сәулеленуі- табиғаты жағынан гамма-сәулеленуге ұқсас, бұл заттағы жылдам электрондарды тежеу кезінде жасанды түрде пайда болатын электромагниттік энергияның кванттар ағыны.

Нейтрондық сәулелену- нейтрондар ағыны., ядролық реакторларда уран, плутоний ядроларының бөліну реакциясы кезінде пайда болады. Енгіштік қабілеті үлкен, себебі нейтрондардың заряды жоқ.

Иондағыш сәулелену көзі- иондағыш сәулелену шығаратын немесе шығаруға қабілетті радиоактивті зат немесе қондырғы.

Табиғи сәулелену көзі- табиғи текті иондағыш сәулелену көзі.

Техногенді сәулеленуге ұшырау – пациенттердің медициналық сәулеленуге ұшырауынан басқа қалыпты да және апат жағдайларындағы техногендік сәулелену көздерінен сәулеленуге ұшырауы.

Жабық көздері- пайдалануы және тозуы алдын ала болжамдалған жағдайларда құрылғысы радиобелсенді заттарды қоршаған ортаға түсірмейтін кез келген иондаушы сәулелену көздері.

Ашық көздер- мұндай иондаушы сәулелену көздерін пайдаланған кезде, белсенді заттар қоршаған ортаға түсуі мүмкін. Бұл кезде тек сыртқы сәулелену ғана емес, сонымен қатар персонал қосымша ішкі сәулеленуге ұшырауы да мүмкін.

Радиобелсенділік- бұл өздігінен бір элементтің атом ядроларының иондаушы сәулелер (α-бөлшектер, β-бөлшектер, γ-квант, т.б.) шығарып, басқа элемент атомының ядроларына айналуы.

Радиобелсенділіктің айналу түрлері:

α-ыдырау- реттік номері үлкен,табиғи белсенді элементтерге тән.

Электрондық β-ыдырау- табиғи да, жасанды да белсенді элементтерге тән.

Позитрондық β-ыдырау- кейбір жасанды радиобелсенді зотоптарда байқалады.

Сәулеленуге ұшырау- иондағыш сәулеленудің адамға әсері.

Табиғи сәулеленуге ұшырау- ИС табиғи көздерінен шығатын сәулеленудің әсеріне ұшырау.

Техногенді сәулеленуге ұшырау- пациенттердің медициналық сәулеленуге ұшырауынан басқа, қалыпты жағдайларда да және апатқа ұшыраған жағдайларда да, техногенді көздерінен сәулеленуге ұшырауы.

Қызметкер- сәулеленудің техногенді көздерімен жұмыс істейтін (А-тобы) немесе жұмыс жағдайы бойынша сәулеленудің әсері бар жерде жұмыс істейтін (Б -тобы) адамдар.

Халық- иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін, жұмыстан тыс кезіндегі қызметкерді қоса алғандағы барлық адамдар.

Доза- радиациялық сараптамада иондаушы сәулеленуді сандық бағалауы үшін қолданылатын түсінік.

Доза қуаты- уақыт аралығындағы дозаның (сіңірілген, эквивалентті, эффективті) өсуінің сол уақыт аралығына қатынасы.

Доза шегі- қалыпты жұмыс жағдайында орнатылған шегінен аспауы тиіс техногенді сәулеленудің жылдық эффективті немесе эквивалентті дозасының мөлшері.

Радиациялық сараптамада қолданылатын әдістер:

  1. Дозиметриялық

  2. Радиометриялық

  3. Спектрометриялық

  4. Радиохимиялық

5.Әдебиет

  1. Бекмагамбетова Ж.Д. Радиационно-экологические аспекты безопасности населения. Учебное пособие.- Алматы, 2002.- 304с.

  2. Кенесариев Ү.И., Бекмағамбетова Ж.Ж., Жоламанов М.Е., Рузуддинова Г.Т. Радиациялық оқу құралы. Оқу құралы.-Алматы, 2004.-160б.

  3. сараптама: жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық/ Ү.И. Кенесариев және т.б.-Алматы:2010ж-656б.

6.Қорытынды сұрақтары (кері байланыс)

  1. Радиациялық сараптамада жиі қолданатын қандай терминдер мен анықтамалар білеміз?

  2. Радиациялық сараптамада жиі қолданатын қандай зерттеу әдістерін білеміз?


ТақырыбыТ 5: Қоршаған орта объектілерін санитарлық сараптау. Қоршаған орта объектілерін дезактивациялау әдістері.


  1. Мақсаты: қоршаған ортаның радионуклидтті ластануының потенциалдық көздерi; адам ағзасына ҚОдан радионуклидтердiң миграция жолдары туралы бiлiмдi қалыптастыру; радиометриялық өлшемдер бойынша ауаның, судың, азық-түлiк өнiмдерiнiң, топырақтың және ҚО басқа объектілерінің белседілігін гигиеналық бағалау және анықтау әдістерін және есеп жүргізу, ауаның, судың, азық-түлiк өнiмдерiнiң, ҚО объектілерінің дезактивациясың өткiзу нәтижелерi бойынша шешiм ресiмдеу туралы дағдыларды қалыптастыру.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет