Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар



жүктеу 0.63 Mb.

бет1/7
Дата24.10.2018
өлшемі0.63 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

Дәріс 1. Пәнге кіріспе 

 

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:  

1. Психология пәні туралы түсінік. Психологияның даму тарихы.  

2. Ғылыми-теориялық негіздері. Психологияның салалары мен тармақтары және басқа 

ғылымдармен байланысы.  

3. Қазіргі психологияның міндеттері.  

4. Психологияның зерттеу әдістері  

 

Психология  –  психикалық  құбылыстардың  тууын,  дамуын  және  қалыптасуын 



зерттейтін ғылым. 

Психикалық құбылыстарды үлкен үш түрге жікеуге болады: 

1.

 



Психикалық процестер; 

2.

 



Психикалық қасиеттер; 

3.

 



Психикалық қалып (сана). 

 

Осы  психикалық  құбылыстар  бір-бірімен  тығыз  байланысып,  адамның  өмірінде, 



оның іс-әрекетінде диалектикалық бірлікте жүріп жатады. 

Психология-ерте  заманнан  бері  дамып  келе  жатқан  пән.  Психология  мәселелерін 

жүйелі түрде шешіп, грек елінің атақты философы Аристотель бірінші рет “Жан туралы” 

ғылыми еңбегінде жазған (б.э.д. 384-322ж). Психология грек сөзі: (псюхэ-жан, логос-ілім). 

Дәлме-дәл мағынасы жан тралы ілім деген мағынаны білдіреді. 

Ғылым  мұндай  жалған  елестердің  қате  екендігін  дәлелдеді.  Психикалық 

құбылыстардың  материялық  процестерден  туатынын,  оның  барлық  салалары  да  нерв 

системасына байланысты екенін ғылым іспен көрсетті. 

Дүниеге  көзқарастың  негізгі  мәселесі  –  ойдың  болмысқа,  рухтың  табиғатқа  қатысы 

жөніндегі мәселе. Осы негізгі мәселені - ойлаудың болмысқа қатынасы туралы мәселені – 

шешуіне  қарай  философтар  екіге  бөлінеді.  Материяны  алғашқы  (бірінші)  деп  таныған 

философтар материалистер деп аталады. 

Ал  оған  қарама-қарсы  көзқарас,  бірінші  өмір  сүрген  материя  емес,  сана  деп 

түсіндіреді, олар рух табиғаттан бұрын жаралды және материяға тәуелсіз өмір сүреді деп 

керсінше топшылады. 

Сананы  алғашқы  деп  танитын  философтар  идеалистер  деп  аталады.  Дүниеге 

идеалистік тұрғыдан қарау, қалай болған күнде де дінді қолдады. 

Материалистік  ілім  психикалық  процестер  мен  ерекшеліктерді  органикалық 

дүниенің белгілі бір даму сатысында пайда болған қасиеті деп санап, оларды бейнелеудің 

жоғары  формасы  ретінде  түсіндіреді.  Психиканы  айналадағы  объективтік  шындықтың 



біздің жоғары сатыда жетілген жүйке жүйемізде бейнеленуі деп таниды. 

Психика  айрықша  ұйымдастырылған  материяның  ең  жоғары  қасиеті.  Айрықша 

ұйымдастырылған  материя  дегеніміз  -  ми,  жүйке,  сала;  психика  –  мидың  қасиетті 

функциясы. 

Материя  психиканың  негізі,  материясыз  психика  да  жоқ;  психика  материяның 

қасиеті,  қуаты.  Психика  биологиялық  және  физикалық  құбылыстардың  бірлігінің 

нәтижесінен туындайтын құбылыс. 

Психологияның салалары 

Қазіргі  кездегі  психология  ғылымның  салалары  40-тан  астам,  олардың  бастылары: 



Еңбек  психологиясы  -  бұл  мамандық  таңдап,  еңбек  әрекетін  тиімді  етіп  ұйымдастыру, 

оның  өнімін  арттыруын,  шаршау,  зорығу,  демалу  мәселелерінің  психологиялық 

жақтарымен шұғылданды.  

Медицина психологиясы –дәрігерлер мен аурулардың арасындағы қарым-қатынас. әр 

түрлі аурудың психологиясын, науқас адамдарға түрлі жолдармен емдеу арқылы әсер ету 

мәселелерімен шұғылданады.  


Патологиялық  психология  –  ақыл-есі  кіресілі-шығасылы  немесе  жан  дүниесінде 

жетімсіздіктері бар, жан қуаттары бұзыла бастаған, психологиялық функцияларына зақым 

келген адамдардың ерекшеліктерін зерттейді. 

Сот  психологиясы  –  қызметкерлер,  айыптаушылар,  куәлар  психологиясын 

зерттеумен айналысады. Мұнда түрлі қылмыстарды ашуға, олардың қандай жағдайларда 

пайда болғанын, оның не себеппен жасалғанын зерттеп отырады. 

Салыстырмалы-генетикалық  психология  адамдар  мен  жануарлардың,  ересек 

адамдар  мен  балалардың  психологиясын  бір-бірімен  салыстырып,  олардың  ұқсастық, 

айырмашылықтарын  ашады,  адамның  қалыптасу  жолын  және  оның  туысынан  өсіп-

жетілгенге  дейнгі  даму  жолын  қарастырады.  Балалар  психологиясы  мектепке 

дейінгілердің, психикалық әрекеттерінің пайда болып, олардың өсіп-даму заңдарын, келе-

келе ересек адам психологиясына айналу жолдарын зерттейді.  



Педагогикалық  психология  оқу-тәрбие  процестерінің  ғылыми  негіздерін,  яғни 

шәкірттердің  оқу  әрекетін  миына  қалайша  тоқитындығын,  олардың  тәрбиеленуінің 

психологиялық  механизімдерін  және  ұстаз  шәкіртінің  бір-бірімен  қатынасының  әр  түрлі 

жақтарын зерттеумен айналысады.  



Зерттеу әдістері:   1. негізгі әдіс 2. қосалқы әдіс  

1.

 



Негізгі әдіс:  

 

1.бақылау 2. эксперимент  



а). табиғи; б). лабораториялық. 

2.  Қосалқы  әдіс:  әңгімелесу,  тест,  анкета,  қызмет  нәтижелерін  зерттеу  әдісі, 

модельдеу, социометрия.  

 

Бақылауға арналған сұрақтар: 

1.

 



Психология пәні қай ғасырда пайда болды? 

2.

 



Психологиялың дамуына үлес қосқан ғалымдар? 

3.

 



Психологияның қандай салалары бар? 

4.

 



Қазіргі психологияның міндеттері қандай? 

5.

 



Психология ғылымының негізгі және қосалқы зерттеу әдістерін атаңыз? 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәріс 2.  Психика және сананың пайда болуы мен дамуы 

 

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:  

1. Психика мен сана. Психиканың даму кезеңдері.  

2. Жануарлардағы инстинкт, үйрену және интеллект ұғымдары. Жануарлар іс-әрекеті.  

3. Сананың пайда болуы мен дамуы.  

4. Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде. Сананың әлеуметтік мәні. 

 

Психиканың  туындауының  дамуы  белгілі  бір  кезеңдерде  тіршілік  иесінің  кеңістікте  



белсенді  орын  ауыстыруға  қабіллеттілігінің    қалыптасуымен  байланыстырады,  осының 

барасында    қажеттіліктердің  қанағаттандырылуы  қоршаған  ортадағы  алдын-ала    керекті 

заттарды  іздестіруден  басталуы  тиіс  белсенді  қозғалыстар  арқылы  жүзеге  асырылады. 

Табиғат  пен  қоғамда  кезедсетін  құбылыстардың  дамуы  сияқты,  психика  да  дамып 

отырады. Бұл-заңды құбылыс. Психиканың өзі сезіну қабілеті ретінде  тіршілік иелерінің 

тітіркенуінен  пайда  болады  және  олардың  жүйке  жүйесінің  құрылуына  және  дамуына 

байланысты өокендеді.  

Белгілі  кеңес  психологы  А.Н.Леонтьев  психиканың  пайда  кезеңдерін  өзінің 

«Проблемы развития психики» атты монографиясында тұңғыш рет қарастырған. 

Психика  дамуының  1  кезеңі-  қарапайым  сенсорлы  психика.(cенсор-сен  гіштік) 

сезгіштіктің  қарапайым  түйсінулер  шегінен  шықпайтын  бөлшектермен  анықталады.  Бұл 

кезең  жануарлар  ағзасының  сыртқы  әлем  зеттерымен  күрделі    манипуляциялы 

қозғалыстарын  жүзеге  асыратын  арнайы  мүшесінің  пайда  болуымен  байланысты.  Бұл 

кезең 2 деңгейді қамтиды: 

1.

 

Төменгі деңгей (суда өмір сұретін қарапйым, төменгі көп жасушалы ағзалар). 



Тітіркенушілігі дамыған, сезімталдықтың қарапайым бөлшектері бар. 

2.

 



Жоғарғы  деңгей  (жоғары  шығыршықты  құрттар,  бауырмен  жорғалаушылар) 

популяция мүшесі ретінде жақ сүйектерінің пайда болуымен сипатталады. 

Психика дамуының 2 кезеңі- перцептивті психика. Психика дамуының бұл кезеңінде  

түйсінулер  бейнелерге  біріктіріледі:  сыртқы  орта  тек  сезім  ретінде  емес,  белгіленген, 

қабылдау    бөліктеріне,  бейнелерге  жіктелген  тұтастай  заттар  түрінде  қабылданады.  Бұл 

кезең 3 деңгейден тұрады: 1 Төменгі деңгей; 2 Жоғарғы деңгей; 3 Өте жоғарғы деңгей. 

Психика  дамуының  3  кезеңі-  интелект  кезеңі.  Интелект  кезеңі  жануарлардың  зат 

рақылы байланысын, жағдайды жалпы бейнелейтін қабілеттермен сипатталады.  

Психика өз эволюциясында  бірнеше кезеңнен өтті; сенсорлықтан перцептивтікк дейін 

және  интелектілі  кезеңнен  сананың    құрылуына  дейін.  Соған  қарай  сана  адам 

психикасының  ерекшелігі  ретінде    адамзат  қоғамының  қоғамдық-тарихи  дамуы  жемісі 

болып табылады, оның өмір сүру мүмкіндігі адамның еңбек құралдарын, тіл элементтарін, 

білімін, мінез-құлық өлшемдерін жасауына, қолдануына негізделген.   

Психика  жануарлар  өмірінде  де  болады,  ол-жануарлардың  айналадағы  қоршаған 

ортаға, тіршілік салтына байланысты, сол ортаға табиғи икемделуіне қарай қалыптасады. 

Жануарлар психикасының дамуы, мінезінің күрделенуі туралы мәселе қозғағанда, біз 

жануарлар дүниесінің дамуында үш түрлі әрекеттің барлығын еске алуымыз керек. Олар: 

жануарлардың  инстинктік,  шартты  рефлекторлық  (дағды)  және  интеллектік  (естілік) 

әрекет түрлері. 

Инстинктік әрекет 

Инстинкт  деп  жануарлардың  биологиялық  өмірінде  тұқым  қуалай  отырып  бойына 

біткен  мінезінің  пайдалы  тума  түрін  айтады.  Инстинктің  физиологиялық  негізі-шартсыз 

рефлекстердің  ұзына  бойына  байланысқан  тізбектері.  Сырттан  келген  комплекстік 

әсерлерге жауап ретінде осы тізбектің бір буыны қозса, басқа буындары да өздігінен қоза 

бастайды,  бұны  тізбекті  реакция  деуге  болады.  Инстинктердің  қандай  түрі  болса  да, 

мынадай өзіне тән ерекшеліктері бар: 


1) Амалдық тұтастық. Егерде қарапайым рефлекс организмнің жеке мүшелерінің аз 

уақыт ішінде бір рет қана жауап қайыруы болса, инстинкт ұзаққа созылып, жануар үшін 

биологиялық  мәні  зор,  күрделі  әрекет  түрінде  өтеді  (ін  қазу,  ұя  салу,  аң  аулау,  ұясына, 

ініне тамақ жинау). 

2)  Туа  пайда  болу.  Бұл-жануарлардың  нерв  системасының  бойына  біткен  тұқым 

қуалау  арқылы  берілген  қасиеті.  Инстинкт  сыртқа  тебу  үшін  жануардың  жеке  басы 

меңгерген тәжірибесінің қажеті жоқ. Инстинкт қайталап отыруды тілімейді. 

3)  Санасыздық.  Сырт  қарағанда  саналы  сияқты  боп,  жануарлардың  “ақылына” 

байланысты  секілді  боп  көрінгенмен,  жануарлар  ісінде  саналылық  деген  болмайды. 

Мәселен, араның омарта жасауы инстинктік әрекет екені бізге белгілі.  

4) Шаблондық. Жануарлардың белгілі бір түріне ылайықты инстинкт тұрақталады, 

бірінің  амалдары  екіншісінен  бұлжымайды  және  инстинкт  қимылдардың  коплексі 

бұрыннан  арнаға  салынған  белгілі  тізбекпен  өтіп  жатады.  Сөйте  тұрса  да,  инстинктік 

амалдар  мүлдем  өзгермейді  де  қарауға  болмайды.  Мичуриндік  биологияның  айтуынша, 

организм  жаңа  тіршілік  жағдайына  түссе,  онда  жаңа  белгілер,  жаңа  қасиеттер  ұрпақтан 

ұрпаққа ауысып, бірнеше буынға шейін қалыптаса береді.  



Жануарлардың дағдылары 

Инстинктімен  салыстырғанда,  жануарлар  мінезінің  пластикалығы  әжептәуір 

күшейіп, ортаның өзгеріп отыратын жағдайына икемділігінің арта бастауы кейін дағдыға 

айналады.  Дағдының  физиологиялық  негізі  –  күрделенген  шартты  рефлекстер.  Дағды 

тұқым  қуалауға  емес,  организмнің  ортадан  алған  өмір  тәжірибесіне  байланысты. 

Дағдының жасалуының арқасында жануарлардың туғандағы инстинктері кейде өзгереді. 

Жануарлар  психикасының  дамуында  дағдылардың  мәнін  сипаттайтын  мынадай 

ерекшеліктер бар: 

1.  Түйсік  пен  қабылдауы  күрделеніп,  сыртқы  ортаны  соған  байланысты  бейнелеу 

процесі күшейе бастайды; 

2.  Жануарлар  заттарды,  олардң  сипаттарын  қабылдап  қана  қоймай,  заттар 

арасындағы қатынасты да бейнелей алады; 

3.  Уақытша  нервтік  байланыстары  күрделене  келе,  қайталаудың  нәтижесінде 

жануарлардың  елестету  қабілеті  өсе  бастайды.  Елестердің  тууы  мидың  синтездік 

қызметіне байланысты. Жануарлар меңгерген елестерін белгілі дәрежеде жалпылай алады. 

Жануарлардың осы дәрежеге жетуі-олардың өмірінде ең жоғары басқыштық интеллектік 

мінездің пайда бола бастағаны. 

Жануарлардың интеллекттік мінезі 

Заттар  арасындағы  байланыс  пен  қатынастарын  бейнеленгенде,  бұрын  өмірінде 

кездеспеген  жаңа  міндеттерді  жануарлардың  шеше  бастауын  интелектік  мінез  дейді. 

Егерде  жануарлардың  алдынан  кездесетін  қиыншылықтарды  инстинкт  арқылы  немесе 

дағдыланған  амалдар  арқылы  шешуге  мүмкіншілік  болса,  интеллектік  мінез  сыртқа 

шықпайды.  Интеллектік  мінез  инстинкт  пен  дағдының  шешуге  шамасы  келмейтін 

міндетті атқаруға кірісе бастайды.  

Сана – адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиетті. Ол-

ең  көлемді  қалыпқа  келген  және  жоғары  деңгейде  кемелденіп  жетілген  мидың  қызметі, 

материялық  дүниенің  жетілген  белгісі.  Ф.Энгельстің  анықтауынша,  адамның  жануарлар 

дүниесінен бөлініп шығуына әсер еткен шешуші факторлар - дыбысты тіл мен еңбек. 

Дүние  тану  теориясының  даму  жолдарын  В.И.Ленин  “Философиялық  дәптерлерінде” 

баланың есеюі, жануарлардың жетілуі , тілдің даму тарихы (“мұны айрықша ескеру керек” 

дейді  де),  бұл  салалар  бойынша  психология  мен  сезім  мүшелерінің  физиологиясын  қоса 

зерттеу  қажет  деген  міндеттерді  қосу  белгісі  мен  арнайы  атап  көрсетеді.  Сондай-ақ,  ол 

еңбегінде  бұл  салалардың  бүкіл  білім  саласын  қамтып,  оның  таным  теориясы  мен 

диалектикалық қалыптасуына негіз болатындығын да жазған. 

Жоғарыда айтылған мазмұндар мен келтірілген дәйектер психиканың дамуы мен адам 

санасының қоғамдық-тарихи сипатта болатынын түсініп, оның мәнін жете игеруді қажет 


етеді.  Бейнелеу  теориясы  негізінде  адам  дүниетанымының  пайымдау  мен  сезіп  білудің 

абстрактылы ойлауға, одан тәжірибеге көшіп отыруы - ақиқатты, объективтік шындықты 

танып білудің үнемі дамып, күрделеніп отыратын диалектикалық жолы. Бір сөзбен қорыта 

айтқанда,  бейнелеу  теориясы  ғылыми  психологияның  гноселогиялық  негізі  болып 

саналады.  

 

Сана    қоршаған  әлемді    өзара  байланыстыра,  яғни  әлемді  біртұтас  жүйе  ретінде  



бейнелейді.    Сондықтан    сана  іс-әрекет  бейнесінің  жоғарғы  формасы  болып  табылады. 

Сана  арқылы  адамның  айналадағы  әлеммен  қарым-қатынас  формалары  реттеледі.  Сана 

шындықты  субъективті  сезінуді  білдіреді.  Санаға  адамның  айналасындағы  барлық 

жағдайларға қатысы тән болып келеді.  

 

Сана  адамның  психикалық  әрекетінің  барлық  формаларын    қамтиды:  сезіну, 



қабылдау,  ойлау,  сезім  мен  ерік.  Осы  өзіндік  сапалы  ерекшекліктерге  ие  психикалық 

құбылыстардың  әрқайсысы  жеке,  бөлек  емес,  біртұтас  сананың    бір  қыры  немесе  бөлігі 

болып табылады. 

 

Сана саналы түрде сезінуші индивидтің  өзі үшін де, тіл арқылы басқа адамдар 



үшін де объектиті болып табылады. Ойды жеткізу формасы ретіндегі тіл арқылы адам өзін 

басқа табиғаттан ерекшелей алады, табиғат заңдылықтарын ашып, тәжірибеде оларды 

қолдана алады. Сана-адам индивидтілігінің негізгі анықтамасы 

 

 



 

Бақылауға арналған сұрақтар: 

1.

 



Адаманың психикасынан жануардың психикасының айырмашылығы неде? 

2.

 



Сана дегеніміз не? 

3.

 



 Психиканың даму кезеңдері қандай?.  

4.

 



Адам санасы дегеніміз не? 

5.

 



Жануарлардағы инстинкт, үйрену және интеллект деген3м3з не? 

6.

 



Жануарлар іс-әрекетінің адам әрекетінен ерекшелігі бар ма ? 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


Дәріс 3.  Сана және бейсаналық 

 

Қарастырылатын негізгі сұрақтар: 

1. Сана және бейсаналықтың пайда болуы мен дамуы.  

2. Сана және саналанбайтын психикалық үрдістер.  

3. З. Фрейд пен К. Юнг еңбектеріндегі бейсаналық мәселесі.  

4. Кеңестік психологтар жұмысындағы бейсаналық мәселесі.  

 

Фрейд  тұлға  құрылымында  3  негізгі  компонентті  ажыратады  («ол»-  «оно»),  эго  ( 



«мен»)  және  супер  эго(  «жоғары  мен»-  «сверх-я»).  Ид  бейсаналық  санасына 

ығыстырылған  инстинктердің  алаңы  болып  табылады.  Эго  біржағынан,  бейсаналы 

инстинктерге  жалғасса,  екінші  жағынан,  шынайылықтың  нормалары  мен  талаптарына 

бағынады.  Супер-эго  дегеніміз  қоғамның  ғибратты  бастауларының  жиынтығы,  ол 

«цензор»  ролін  атқарады.  Сонымен  ид  пен  супер-эго  талаптары  үйлеспейтіндіктен  эго 

үнемі  конфликтіде,  ол  қорғаныс  механизміне  (ығыстыру,  сублимация)  жүгінуіне  тура 

келеді.  Ығыстыру  санасызтүрде  жасалады.  Бейсаналық  саласына  «көшетін»  мотивтер, 

күйзелулер «цензор» үшін жарамды символдар, әрекеттер түрінде қалып, әсер ете береді. 

Психоанализдің  негізін  салушы  Австрия  психиаторы  З.Фрейд.  Қазіргі  күнге  дейін 

тұлға психологиясына әсер ететін, кең таралған теориялардың бірі-фрейдизм. Бұл теория 

клиникалық кезеңде пайда болған. Теория құрастырушысы - З.Фрейд. Кейін фрейдизмнің 

іргесінде  шартты  түрде  неофрейдизм  теорияларының  тобына  біріктілген  бір  қатар 

теориялар пайда болған. 

Фрейд  бірнеше  жыл  бойы  Сальпетриедегі  (Париж)  атақты  француз  неврологы 

Ж.Шарконың  клиникасында  және  нансидегі  Бернгеймнің  клиникасында  жұмыс  жасай 

жүріп  невроздар  терапиясымен  танысқан  болатын.  Өткен  ғасырдың  90-жылдың  басында 

Й.Брейермен  бірге  гипноздық  катарсис  тәсілін  пайдаланыды.  Кейін  гипноздық  сендіру 

практикасын 

тастап 

түстерді 



жору 

интерпритациясын, 

еркін 

туындайтын 



ассоциацияларды, ескертулерді, естен шығаруды зерттеуге көшкен. Осындай материалды 

талқылауды Фрейд психоанализ тәсілі деп атап, оны психотерапияның жаңа техникасына 

баламаламаған.  

Юнг  психоаналитикалық  бағыттың  көрнекті  өкілі.  Швеция    психологы,  психиатры. 

Психоанализдің  аналитикалық  психология  деп  аталған  бағыттың  негізін  қалаушы.  Бұл 

пәндермен қатар Юнг философия, теология мәселесімен терең айналысты. Юнг өз кәсібі 

әрекетінің басынан бастап -ақ психикалықтың бейсаналы жемістері олрдың субъект үшін 

мәні туралы сұрықтармен айналысты. Бейсаналы сфераға эндопсихологиялық функциалар 

арқылы жақындаймыз. Санадан тыс процестерді тікелей бақылау мүмкін емес, ұжымдық 

бейсаналы  деңгейдің  мазмұны  архетиптер  құрайды.  Архетиптер  Юнг  бойынша  саналы 

жанның негізгі- эмоциялардың  нұсқауларының жүйесі. Архетиптер негізгі мифологиялық 

мотивтер  бар.  Адам  психологиясындағы  ұжымдық  бейсаналы  сфераға,  сондай-ақ  тарихи 

қалдықтар мен естеліктер енеді. 

Өзінің ер адаммен әйел адамның ретіндегі түсінігі. Әйел адамда маскулеттік мазмұнға 

ие. Юнг бойынша әрбір ер адамда өзінің терең бейсаналы сферада әйел ретіндегі, ал әйел 

адамда  ер  адам  ретіндегі  образ  бар.  Бұл  образ  бейсаналы  болған,  бұл  реалды  өмірде  өзі 

таңдаған  ер.  Адам  өз  психологиясының  ең  терең  қабатында  жеке  индивид  болып 

қалмайды.  Олардың  психологиялық  жаны  бүкіл  адамзат  психологиясымен  бірігеді. 

Барлық  адамның  психологиялық  фундаменталды  құрылымы  бірдей.  Алдымен  ұжымдық 

одан  кейін  барып  индивидуалды  бейсаналы  сфера,  одан  кейін  сана  сферасы 

қалыптасады.Архетиптер  қандай-да  бір  образ  болып  көрінеді.  Архетипке  тән  «персона» 

«анимус». 

«Персона» (маска) -ол белгілі бір әлеуметтік рөл және қоғамда өзін көрсететін жолы. 

Юнг бойынша персона сондай-ақ  конформдылық архетип табылады. 



«Анимус»  (  рух)-  индивидуалды  бейсаналы  бөлімнің  құрамы.  Индивид  үшін 

жағымсыз, санадан тыс  деңгейге  ығыстырған адамның адамға проекцияланады. 

1.Саналы бөлім. 

2. Индивидуалды саналы бөлім. 

3. Ұжымдық бейсаналы бөлім. 

Фрейд  шәкірттерінің  бірі-  К.Юнг    ұстазымен  келісімге  келе  алмай  бөлек    бағытпен 

кеткен  болатын.  Оның  себебі:  Фрейдтің  пансексуализм  идеясында.  Екеуінің  арасындағы 

күрес  материалдық    емес,  идеалистік  позициаларда  жүргізілген.  Юнг  өз  жүйесін  « 

аналитикалық психология» деп атаған. 

Юнг  бойынша  адам  психикасына  3  деңгей  кіреді:  сана,  жеке  бейсаналық  және 

ұжымдық  бейсаналық.  Адамның  тұлға  құрылымында  анықтаушы  роль  атқаратын 

ұжымдық  бейсаналық  бұрын  бүкіл  адамзат  есте  қалдырған  іздерден  түзіледі.  Ұжымдық 

бейсаналық  жалпы  сипатта.  Ол  тұлғаға  әсер  әтіп;  туылғанынан  бастап  өзін  өзі  қалай 

ұстауын  белгілейді.  Ұжымдық  бейсаналық  та  өз  кезегінде  түрлі    деңгейлерден 

тұрады,ұлттық, нәсілдік әне жалпы адамзаттық  тағылыммен анықталады. Ең терең деңгей 

адамның  жануар    болған  ата-тегінің  тәжірибесінен  қаланған.  Сонымен,  Юнгтың 

анықтамасы  бойынша  ұжымдық  бейсаналық-  біздің  көне  ата-тегіміздің  ақыл-  парасаты, 

олардың өмір мен әлемді, құдай мен адамды тану жолдары. 

Юнг  бойынша  ұжымдық    бейсаналықтан  басқа  жеке    бейсаналықта  бар,  бірақ  ол 

санадан  бөлектенбеген.  Бұрын  ақыл  сарапынан  өткен,  түсінікті  болғанымен  кейін 

ұмытылған    немесе  естен  шығарылған  күйзелістер  жеке  бас  ақыл  –ессіздігін  құрайды. 

Белгілі жағдайда олар түсінікті болуы мүмкін. 

Жеке  бейсаналық  құрылымдық  бірліктері-  сезімдер,  ойлар  және  естеліктер 

констелляциясы. Юнг  бұларды кешендер  деп  атаған ( мысалы, үлкен билікті иемденуге 

ұмтылу- билік кешені болады). 

Юнг  мұнымен  қоса  «мен»  ұғымын  енгізген.  Ол  адамнаң  біртұтастыққа  және  ауыз 

бірлікке ұмтылуын білдіреді. Оның арқасында саналы мен бейсаналықтың арасында тепе-

теңдік  орнайды.  «мен»  әртүрлі  болып  көрініс  беруі  мүмкін.  Ол  көрініске  тәуелді 

адамдардың белгілі типтерге  ажыратуға болады. 

Өз заманында Фрейдпен келіспей бөлек жолмен кеткен шәкіртінің бірі-А.Адлер, жеке 

бас  психологиясының  негізін  қалаушы.Ол  Фрейдтің  биологиялық  теориясына  қарсы 

шыққан.  Адлер  адамның    бойындағы  табиғи  инстинкттерді  емес,  қоғамдық  сезімді 

бағалап,  оны  «қоғамдық  сезім»  деп  айтады.  Ол  сезім  туа  біткенімен  оны  әлеуметтік 

дамыту  керек.  Фрейдтің  адамды  туғаннан  агрессивті,  оның  дамуы    биологиялық 

қажеттіліктермен детерминденеді дегенімен Адлер тіпті келіспейді. 

Сонымен қатар, Адлер Фрейд айтып кеткен тұлғаны 3 инстанцияға бөлу идеясына да 

қарсы  шығады.  Адлердің  түсінігі  бойынша  тұлға  құрылымы  біртұтас,  ал  тұлға 

дамуындағы детерминанттылығ -адамның басымдылыққа ұмтылуы. Алайда адамның бәрі 

оған  ұмтылмайды.  Дене  мүшелері  дамуында  ақаулар  болуы  себебінен  немесе  кейде 

кішкентай  кезінде  қолайсыз  әлеуметтік  жағдайда  сәтсіздігіне  адам  өзінің  кемтарлығын 

сезіне  бастайды.  Осы  тәрісдес  сезімдерді  жою  мақсатымен  сн  алуан  компенсация 

түрлеріне жүгінеді. 

 

Бақылауға арналған сұрақтар: 

1.Адам санасы нені білдіреді? 

2. Сана және бейнелелылық қайдан пайда болды? 

3. Бейсаналық мәселесімен қандай ғалымдар айналысты? 

4. «Анимус», «Персона» дегеніміз не 

 



Дәріс 7. танымдық үрдістер психологиясы 
Зейін  затты  қабылдағанда,  елестеткенде,  ойлағанда,  тыңдағанда,  сананың  соларға  бағытталуын зейін
Бастауыш мектеп оқушысының мотивациясы және өзіндік бағалауы. 



  1   2   3   4   5   6   7


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет