Дәріс №1 Тақырыбы: Ежелгі елдердегі мемлекет және құқық. А курстың оқыту пәні және әдісі б ежелгі Вавилон



жүктеу 1.04 Mb.
бет1/6
Дата22.02.2018
өлшемі1.04 Mb.
  1   2   3   4   5   6
Дәріс №1

Тақырыбы: Ежелгі елдердегі мемлекет және құқық.

А) Курстың оқыту пәні және әдісі

Б) Ежелгі Вавилон

В) Ежелгі Қытай

Мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы қоғам өмірінің бір жағын зерттейтін қоғам туралы ғылымдардың бір бөлігі болып табылады. Мемлекет пен құқытың жалпы тарихы мемлекет және құқық сияқты қоғамдық құбылыстардың шығуы мен дамуын зерттейді. Бұл ғылым бір уақытта тарихи және заңдық болып келеді. Егер ғылым ретінде тарих қоғамның біртұтас пайда болуы, дамуы мен қызмет атқару процесін зерттесе, ал мемлекет пен құқық тарихы мемлекет пен құқыты олардың тек пайда болған кезінен бастап қарастырады.

Мемлекет пен құқықтың жалпы тарихының пәні болып жеке елдің хронологиялық жүйелілігі бойынша нақты-тарихи жағдайында мемлекет пен құқытың пайда болу, даму және қызмет атқаруының нақты және арнаулы заңдылықтары табылады.

Бұл пәнді оқып-үйрену үшін келесі әдістер қолданылады :



  • тарихи әдіс, мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуының нақты тарихи зерттелінуін қарастырады ;

  • салыстырмалы –тарихи әдіс, тарихи көрініс тапқан фактілерді өзге ұқсас біркелкі фактілермен салыстыруға мүмкіндік береді :

  • жүйелі-құрылымдық әдіс, ішкі байланыстылық тән элементтер және жүйенің біртұтастығын қамтамасыз ететін элементтер құрылымын зерттеуді болжайды ;

  • статистикалық әдіс, зерттеу объектісіне көптеген сандық көрсеткіштер тән болғанда тарихи процестің сандық жағын зерттеуде қолданылады.

Мемлекет және құқықтың жалпы тарихын оқып-үйрену жоғары дәрежелі маманданған заңгерді дайындауға маңызы зор. Ең алдымен мемлекет пен құқықтың жалпы тарихын оқып-үйрену студенттердің мемлекеттік –құқықтық құбылыстарға тарихи ықпал сезімін тәрбиелейді, студенттерді жалпы қоғамдық өмірді және мемлекет пен құқықты танудың ғылыми әдістері білімімен қаруландырады.

Мемлекет пен құқықтың кез келген құбылысы тек оның даму тенденциясы мен келешегін ұғыну кілті табылғанда, бұл құбылыс қалай пайда болды, қалыптасудың қандай сатыларынан өтті және қандай бағытта қозғалуда, дамуда екендігі айқындалғанда ғана дұрыс ұғынықты болады.

Оқулық негізінен сырттай оқу бөлімінің студенттеріне арналған. Мұнда жеке елдердің мемлекеттік-құқықтық құбылыстарын хронологиялық сипатта, 4 негізгі кезеңдер шеңберінде : ежелгі әлем, орта ғасыр, жаңа заман және қазіргі замандағы тарихы мазмұндалған.

Оқулық шеңберінде зерттелініп отырған елдердің барлық мемлекеттік-құқықтық құбылыстары мен оқиғаларын қамту мүмкін емес. Сондықтан мемлекет пен құқықтың «қоғамдық құрылыс», «мемлекеттік құрылыс» (басқару және мемлекеттік құрылыс формасы, билік пен басқарудың орталық және жергілікті органдарының құрылысы мен өкілеттіктері, олардың арақатынасы) және «құқық» (құқықтық қайнар көздері, құқықтың негізгі институттары: меншік құқығы, міндеттемелік құқық, неке-отбасының және мұрагерлік құқық, қылмыстар мен жазалар, сот процесі) сияқты ұғымдарымен ашылатын негізгі аспектілері ғана қарастырылады.

Ежелгі Вавилон

Мемлекет және құқық туралы ілімдер алғашқы кезде адамдардың  мифтік көзқарастары негізінде пайда болды. Адамдардың қоғам мен табиғаттағы орны туралы мәселе  ежелгі Шығыс жөне Батыс халықтарында, египеттіктерде, үндістерде, вавилондықтарда, гректерде, қытайларда, римдіктерде және т.б. халықтардың мифтік аңыздарында көрініс табады.

Мифология — ежелгі адамдардың өзін қоршаған әлемге, дүниеге қатынасы. Мифтік көзқарастарда  болашақ ілімдердің элементтері де кездесетін, оларды алғашқы адамдар өздерінің тіршілігі мен қызметіне қажетті түрде пайдаланған. Мифтік аңыздарда адамдарды алғашқыда құдайлардың билегендігі, кейіннен құдайлар адамдарды ел билеу әдістсріне үйретіп, ел билеуді олардың өз қолдарына бергендігі туралы айтылады.

Хаммурапи бірінші Вавилон әулетінің алтыншы патшасы (б.з.д. 1792—1750 жж.) Бұл уақыт Вавилонның бүкіл Қос озенаралығында экономикалық, саяси жане мәдени орталығына айналу және оның гүлденуі мен дәуірлеу кезеңі. Әділдіктің қорғаушысы ретінде баяндалған Хаммурапи заңы еркін адамдар мен құлдардың құқықтық жағдайын заң жүзінде бекітеді. Олардың әлеуметтік жағдайы мен тұрмысын өзгертуге жатпайтын норма ретінде бағалайды, билеуші топтың мүддесін және жеке меншікті кызғыштай қорғайды.

Ежелгі парсылардың дүниетаным туралы көзқарастары зороастризмде көрініс тапты және дамытылды. Зороастризм бойынша мемлекет аспан қүдайы Ормузданың жердегі билігі болып саналады. Мемлекет билеушісі — монарх — жердегі Ормузданың әмірін орындаушы қызметкері, ол халықты жауыздық пен жамандықтан қорғауға, мемлекетке қауіп төндіретін әрекетке қарсы күресуге, қайырымдылық нәрін себуге міндетті.

Ежелгі Үндістандағы саяси және құқықтық ілім мифтік және діни көзқарастар түрінде қалыптасты. Брахманизм идеяларының алғашқы көріністері б.э.д. екі мыңдаған жылдықтағы "Веда" ескерткіштерінде кездеседі. "Веда" — "білім, кіріспе" (Санскрит тілінде) деген ұғымды білдіреді. Бұл ведаларда адамдардың төрт варнаға (кастаға) бөлінетіндігі және брахмандар — Пуруши құдайдыңаузынан, кшатрийлер — құдайдың қолынан, вайшийлер — құдайдың санынан, шудралар — құдайдын табанынан жаратылды деп айтылады. Ману заңдарының 96-бабында "Тірі жәндіктердің ішіндегі ең қасиеттісі — жандылар, ал жандылардың ішінде адам, ал адамдардың ішінде брахмандар" деп айтылады.

    «Ману заңдарында» адамдардың варналарға бөлінуі және олардың қоғамдағы орны мен әлеуметтік теңсіздігі қорғалады. Әртүрлі варна мүшелерінің құқықтары мен міндеттерінің тең болмауы олардың заң алдындағы қылмыс пен жазадағы әділетсіздігіненкөрінеді.

 Ежелгі Қытай философиясы мен қоғамдық-саяси ойындағы ықпалды ағымдардың бірі даосизм ілімінің негізін салушы болып б.э.д. VI ғасырда өмір сүрген Қытай оқымыстысы Лао-цзы саналады. Даосизм ілімінде аспан, табиғат және қоғам заңдылықтары анықталады. Бұл заңшылық жоғары қайырымдылық пен табиғи әділдікті жақтайды. Дао ілімі бойынша барлық адам тең. Өздәуіріндегі мәдени жетімсіздіктер мен адамдардың әлеуметтік-саяси теңсіздігін, халықтың қайыршылық жағдайын және т.б. Лао-цзы даодан ауытқу деп есептейді. Оның айтуынша ақылды билеуші өзінің қол астындағыларға "дао" жолымен (табиғи жолмен) жүруге жағдай жасайды. Ондай билеуші халықтың жеке ісіне араласпайды. Оның басты міндсті — елдегі тәртіп пен заңдылықты сақтау ғана



Ежелгі Қытай.

Қытайдағы саяси және философиялық ілім тарихында конфуцизм ілімі маңызды роль атқарады. Оның негізін қалаған б.э.д. 551—479 жылдары өмір сүрген ұлы Қытай ойшылы Конфуций болды. Дәстүрлі көзқарастарға сүйенген Конфуций мемлекеттің патриархалды — патерналистік концепциясын дамытты. Оның айтуы бойынша, мемлекет — үлкен жанұя.

Әлеуметтік теңсіздікті қалыпты жағдай ретінде қарастырған Конфуций аристократиялық билік концепциясын, яғни ақ-сүйектер тобының билігін жақтады. Конфуций билеушілерді өз бағыныштыларына кайырымды болуға шақырды. Билеуші қайырымды болса, төменгі адам да қайырымды болады. Биліктің осы ережесін жақтаған Конфуцийден "Шөп жел сокқан жаққа кисаяды» деген нақылсөз қалған. Ішкі және сыртқы соғыстарға қарсы болған Конфуций Кьггай жерінен алыс түратын басқа халықтарды білімділікпен және ақылмен жаулап алуды ұсынды.

Конфуцийдің этикалық-құқықтық және мінез-құлық нормалары мен принциптері адам өмірі мен тұрмысының барлық жағын қамтыған. Бұған дәстүр ережелері (ли), ата-аналар мен үлкендерге құрмет (сяо), адамдық касиет (жэнь), адамдар қамқорлығы (шу), билеушіге адалдык (чжун), парыз (и) және т.б. жатады.

Конфуцизм ілімі, сонымен бірге, ел билеушілері мен өкімдерге де қол астындағыларға тап баласындай қарауға кеңес береді.Конфуций бойынша "ақылды билеуші ауыр жазамен адамдардың жанын қинамайды, оларды табаңдылықпен, ең алдымен өзі үлгі-өнеге көрсетіп жақсылыққа тәрбиелейді".  Конфуцизм ілімі мемлекеттік дін рөлін атқара бастады.

 Ежелгі Қытайдағы легизм идеялары б.з.д. IV ғасырларда жарық көрген. Легизм ілімінің және заңшылдар мектебінің негізін қалаған ол Шан облысының билеушісі болды. Шан Ян заңдар мен қатал жазаға сүйенген басқару жүйесін қолдады. Сол кездегі үлкен ықпалға ие болған конфуцизмді сынаған Шан Ян заң нормалары ғана елде тәртіп орната алады деп есептеді. Ел басқарудың негізгі әдісі ретінде қатал заңдарды жақтаған ол мемлекет пен адамдар арасындағы қатынастарды оңай реттеуге болатындығын айтты. Бұл "кімді КІМ жеңетіндігі" туралы принципке негізделген таптар күресінің қатынастарын көрсетті. Оның айтуынша, "халық,өз өкіметінен күштірек болса, мемлекет әлсіз, ал өкімет өз халқынан күштірек болса, армия күшті, өрі қуатты болады".

Шан Янның басқару туралы концепциясы адамдарға дұшпандық көзқараста болу оларды жазалау және күштеу шараларыарқылы қалаған тәртіпке көндіруге болады деген тұжырымға сәйкес келеді.


Студенттердің өзін өзі бақылау сұрақтары:

      1. 1)МҚТ пәні түсінігі?

      2. 2)МҚТ пәнінің әдістемелерін атаңыз?

3)МҚТ пәнінің кезеңдерін атаңыз?

4)Ежелгі Вавилондағы мемлекет пен құқық туралы ойлардың пайда болу ерекшеліктері;

5) Хаммурапи заңдарының ерекшеліктері;

6) Ману заңы және оның саяси құқықтық ерекшеліктері

7) Қытайдағы саяси және философиялық ілім тарихында конфуцизм ролі
Дәріс №2

Тақырыбы: Ежелгі Греция және Рим мемлекеті және құқығы

А) Антикалық полис

Б) Афина және Спарта басқару жүйесі

В) Принципат және доминат

Ежелгі грек полистерде саяси-құкықтық көзқарастың пайда болуы мен дамуында үш кезең айқын байқалады. Epлiк кезең-(б.з.д. IX—VI ғғ) ежелгі грек мемлекетінің пайда болуына сәйкес келеді. Бұл кезеңде саяси-құқықтық көзқараста рационализм (Гомер, Гесиод, атақты "жеті данышпан") байқалады –және "мемлекет пен құқық проблемаларына философиялық тұрғыдан қарау (Пифагор, Гераклит) қалыптасады. Екінші кезең — (б.з.д. V және IV ғасырдың бірінші жартысы) ежелгі грек философиясы мен саяси-құкықтық ойларының гүлденген кезеңі (Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель және т.б.) Үшінші кезең — (б.з.д. IV ғасырдың екінші жартысы мсн II ғасырлары)    эллинизм    кезеңі. Ежелгі  грек    мемлекетінің құлдырауы, грек полистерінің алғашқыда Македония, кейіннен Рим билігіне көшуі (Эпикур, стоиктер. Полибий жәнс т.б.) Б.з.д. IX—VIII ғасырларда ежелгі мифтік көзқарастар архаистік поэзияда, одан кейін Гомер мсн Гесиодтың поэмаларында өзінің алғашқы сипатын жоғалтып, этикалық және саяси-құқықтық өзгеріске ұшырайды. Гомердің "Илиада" және "Одиссея"поэмаларындағы оқиғалар (б.з.д. VI I ғ.) гректердін әскери және қоғамдық өмірінен көптеген құнды мәліметтер береді.

Гомер мен Гесиод поэмаларына тән адамдар әрекеті мен олардың өзара қарым-қатынастарындағы адамгершілік-құкықтык, тәртіптер туралы көзқарастар Ежслгі Грециядағы "Жеті данышпан" деп аталғандардың шығармашылығында одан әрі жалғасын табады. Оларға әдетте Фалес, Питтак, Периандр, Биант, Солон, Клеобул және Хилон енген. Олар полистік өмірде әділетті зандардың үстем болуын батыл жақтады. Олардың кейбіреулері билік және заң шығару қызметтерінде өздерінің саяси-құқықтық идеяларын жүзеге асыруға әрекеттенді. Биант, Солон, Хилон сияқты грек ойшылдарының пікірінше, ізгілікті полистік қоғамдағы заңның, сақталуы және салтанат құруы оның айрықша бөлімі больп табылады. Азаматардың тираннан қорқатындай заңы қалыптасқан мемлекетті Биант ең үлгілі мемлекет деп есептеді. "Өзіңді-өзің таны" қағидасының авторы спартандық Хилонның "Заңға табын" деген шақыруы Дельфадағы Аполлон храмына ойылып жазылды. "Жеті ғүламаның" қатарына қосылған Солон (б.з.д. 638—559 жж) тарихта атақты реформатор, мемлекеттік кайраткер және ЗАҢ шығарушы ретінде қалған. Архонт болып сайланган ол б.з.д. 594 жылы жаңа зандар шығарды. Оның реформаларын экономикалык және саяси деп бөлуге болады. Заң шығарушы ретінде Солонселолық және қалалык демостық және оған қосылған евпатридтердің мүддесін қорғады. Оның ең басты реформасы "сисахфия"-("ауыр жүкті сілкіп тастау"), яғни кедейлердің кепілдікке алушы жер учаскесіндегі қарыз тастарды жою еді. Бұл қарыз тастар бойынша қарызын өтей алмаған адамдар өзінің жеке бостандығын кепілдікке салған, яғни қарызын өтей алмағандар құлға айналдырылған.

Б.з.д. V1-V ғасырларда Пифагор, Архит, Гераклит және тағы басқалар қоғамдық және саяси-құқықтық тәртіптердіфилософиялық негізде қайта құру қажеттігі туралы идеялар ұсынды. Олар демократияны сынай отырып, ақыл және адамгершілік элитасының "озықтары" билігі — аристократиялық идеалды жақтады.   Гректің ұлы ойшылы Демокрит б.з.д. IV ғасырдың бірінші жартысының алғашқы жылдарында адамның, адам қауымдастығының және қоғамның пайда болуы мен тұрақтауын әлемдік дамудың табиғи процесіндегі бір бөлшек ретінде қарастыруға талпынды. Мемлекеттік басқаруда халық билігі — демократияны жақтаған Демокрит сонымен бірге аристократияның пайдалы жақтары бар екендігін айтады. Оның пайымдауынша, "Ақымақтардыңел басқарғанынан бағынғаны артық. Табиғатты да үздіктер мен саналылардың басқаратыны мәлім, сондықтан да жоғары ақыл мен адамгершілік касиеттері бар адамдардың билігі дұрыс болып табылады". Демокриттің айтуы бойынша, заңдар адамдардың қоғамдағы қалыпты өмірін қамтамасыз етуге және соңдай нәтижеге жетуге қажетті жағдай жасауы тиіс.

Платон — антикалық заманның ғана емес, бүкіл философия, саяси және құқықтық ілімдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бірі.Өзінің еңбектері мен шығармаларында ұлы ойшыл абсолюттік социализмді жақтады. Оның айтуынша, әрбір идея жеке заттың немесе барша заттың абсолюттік мәнін білдіретін ерекше идеялар әлемін құрайды, яғни идеялар мәңгілік, олар жоғалып кетпейді, жаңадан пайда болмайды.

Платон идеалды мемлекет туралы еңбегінде әділдікті әркімнің өз ісімен айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Адамдардың әлеуметтік топқа бөлінуі мен олардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қарастырады және олардың бір топтан екінші топқа өту мүмкіншілігін жоққа шығармайды. Платон идеалды мемлекет құру туралы жобасында аристократиялық мемлекеттік құрылымды жақтайды және өз жобасын қиындықпен болса да жүзеге асатынына сенеді. Идеалдымемлекеттің өзі де, Платонның ойынша, мәңгі өмір сүре алмайды.

Платон адамдардың жан дүниесіне мемлекеттік құрылымның бес түрінің сәйкес келетіндігі туралы (аристократия, тимократия,олигархия, демократия және тирания) айтады.

"Заң" деген шығармасында Платон мемлекеттік қүрылымнын. екінші жобасын ұсынады. Екінші мемлекеттің бірінші мемлекеттен басты айырмашылығы оның 5040 азаматы жеребе бойынша жер учаскслерін алады. Бұл жер оларға жеке меншік түріңде емес, пайдалану құқығы түрінде ғана беріледі де, мемлекеттін жалпы меншігі болып саналады. Мүлік санына қарай барлық азаматтар төрт топқа бөлінеді. Қайыршылық пен байлыктың заң шеңберіңдегі шегі анықталады.

Антикалық саяси-құқықтық ойдың одан әрі дамуы және тереңдеуі Платонын шәкірті және сыншысы Аристотельдің (б.з.д. 384—322жж.) есімімен тікелей байланысты.

Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға талпыныс жасады. Аристотельде саясат ғылым ретінде этикаментығыз байланысты. Оның көзқарасы, бойынша саясатты ғылыми тұрғыдан түсіну адамгершілік пен этиканың дамыған ұғымыболып табылады. Этика саясаттың бастауы, оньң кіріспесі ретінде көрінеді. Аристотель әділдіктің екі түрін — теңестіретін және үлестіретін түрлерін анықтайды. Теңестіретін әділдіктің өлшемі ретінде "арифметикалық теңдік" қарастырылады.

Мемлекет формасын Аристотель мемлекеттегі жоғары билікті білдіретін саяси жүйе ретінде сипаттайды. Бұл жерде мемлекетформасы билеушілердің санымен (біреу, аз ғана топ, көпшілік) анықталады. Бүдан басқа мемлекеттін дұрыс және бұрыс формаларытуралы да айтылады. Дұрыс формадағы билеушілер көпшіліктін мүддесін қорғаса, бұрыс формадағы билеушілер тек қана өздерінің жеке басының мүдделсрін көздейді. Аристотель пікірінше, дұрыс формадағы мемлекеттерге монархиялық, аристократиялық және полития, ал екінші формаға тирания, олигархия және демократия жатады. Мемлекеттің ең дұрыс формасы ретінде Аристотельполитияны айтады. Политияда жалпының мүддесі үшін көпшілік билік құрады.

Адамдардың табиғи және тарихи қауымдасуын Полибии олардың жануарлар сияқты қорғансыздығы мен әлсіздігінен, осыдан келіп тобырға басшылық жасаудың қажеттілігін түсінуінен деп ұғындырады. Алғашқы кезде өзінің күшімен және батылдылығымен тобыр көсемі болғандар бірден билікті өз колдарына алып, бұл билікті табиғи заңдылық ретінде пайдаланды. Мемлекеттің демократиялык басқару формасының алғашқы кезеңінде бостандық пен еркіндік жоғары бағаланады. Бірақ басқалар есебінен өмір сүруге дағдыланған тобыр өздерінің көсемін сайлап, демократиялық билікті құлатады және мемлекет билігінен бойын аулақ салады.Демократия охлократияға айналады. Бұл жағдай ізгілікті мемлекеттің ең нашар түрі ретінде көрінеді және басқару формаларының ең соңғы сатысы болып есептеледі. Мемлекеттік билік формаларының ауысуын сипаттай келе, Полибий басқарудың ең тиімді формасы ретінде патшалық биліктің, аристократияның және демократияның ең жақсы тұстарының араласқан формасын ұсынады. Оның баскарудың аралас формасы туралы ойлары мемлекет, құқық және билікті  бөлу теориясында одан әрі дамытылды.

 

Ежелгі Римдегі саяси-құқықтық институттар мен көзқарастар халықтың әртүрлі топтары — патрицийлер мен плебейлер,нобилиттер (патрицийлср мен байыған плебейлер) мен кедейлер, оптиматтар (қоғамның ақсүйектер тобы) мен полярлар (төменгі халықты қолдаушылар). еріктілер мен кұлдар арасындағы өткір күрес жағдайындағы ұзақ тарихы бойында үнемі дамып отырды.

Адамның алғашқы табиғи жағдайдан саяси өмір мен мемлекеттің, заңдар мен ойлардың пайда болуына дейін прогрессивті дамуы туралы жалпы философиялық көзқарастар Гит Лукрецийдің "Заттың табиғаты туралы" поэмасында көрініс тапты және одан әрі дамытылды. Оның бұл шығармасында адамның, табиғаттың, әлемнің және қоғамның пайда болуы туралы мәселелер материалистік түрғыда жеңіл, түбірлі түрде өлеңмен баяндалады.

Дүниеде бәрінің негізі материя деп мойындай отырып, Лукреций "бәрі материядан шығады және бәрі сонымен өмір сүреді" деп атап көрсетеді Дінді ғылыми прогрестің кедергісі деп бөлген ол діни ұғымдарды да батыл сынға алады. Рим қоғамының кемшіліктерін де айыптап отырып, саяси күрес пен билікті өзінің жеке басының мүддесі үшін пайдаланушылар туралы теріс пікірде болды.

Бұл кездегі ресми христиан доктринасы мен христиандықтың саяси идеологиясының көрнекті қайраткері Аврелий Августиншешімінде схоластика қағидалары да көрініс тапты.

 Ежелгі Римнің атақты шешен заңгері, мемлекеттік қайраткері және ойшылы Марк Туллий Цицерон б.з.д. 106 жылы туып, б.з.д. 43 жылы қайтыс болды. Ол кейінгі ұрпаққа, адамзат мәдениетіне орасан зор мұра қалдырған ұлы философ және саясаткер болды. Оның кең қамтылған шығармашылығында мемлекет пен құқық мәселелеріне көп орын берген. Бұл мәселелер оның осы тақырыпқа арнайы жазған мемлекет туралы "Құдайлардың табиғаты туралы", "Міндеттілік туралы", "Жамандық пен жақсылықтың шегі туралы" және "Заңдар туралы" еңбектерінде кең қамтылған.

Цицерон мемлекетке халық еңбегінің жемісі рстінде анықтама берді.

Мемлекеттін пайда болу себебі Цицерон адамдардың әлсіздігі мен қорқынышын емес, олардың туғаннан бірге жүру қажеттігіне ұмтылуынан деп есептейді. Бұл мәселе бойынша, Аристотельдің политиясын құптаған Цицерон сол кездегі мемлекеттің пайда болуының келісімдік сипаты туралы кең дамыған түсінігін жоққа шығарды. Ол мемлекет пен жеке меншіктің байланысын анықтап, мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі — жеке меншікті қорғау туралы ережені мақұлдайды. Билеушылер санына қарай Цицеронмемлекеттің қарапайым үш формасын патша билігін (монархия), оптиматтарды (аристократия) және халық билігін (демократия) атапкөрсетеді.

Табиғат құқықтары, Цицерон бойынша, жазба зандардың қайсысынан болса да ерте, тіпті мемлекетпен де ерте пайда болған.. Заңның көмегі мен күші туралы Цицерон "COТ — сөилейтін заң, ал заң — әлсіз сот" деген анықтама береді, яғни әділ заң "әділдігі әркімге өзіне тиістісін беруден тұрады".

Ежелгі Грециадан бастау алған стоицизм римдік саяси-құқықтық ойда одан әрі жалғасын тапты. Рим стоиктерінің теориялықкөзқарастары ежелгі грек  стоиктерінің философиялық, этикалық және саяси-құқықтық концепцияларының едәуір ықпалында болғанымен, олардың өзіндік ерекшеліктері айқындалды және одан әрі дамытылды. Рим стоицизмнің басты өкілдері Луций Анней Сенека /3 -65жж/, Эпиктет /50—140жж/ және Марк Аврелий Антонин болды.

Стоиктердің ілімі бойынша, әлем – біртұтас дене. Ол құдайлық пен адамдықтың арасындағы қарым-қатынас және оны әлемдік құдай ретінде қарастырады. Олардың айтуынша, әлемде болып жатқан өзгерістер қатал қажеттілік заңына бағынған, сондықтан ол белгілі бір мақсатты жолмен, яғни оны керек етуіне қарай дамиды. Қажеттілік заңын стоиктер қоғамдық өмірде де қолданылады деп есептейді.  Осы заңға сүйенген  олар бостандық ұғымын да қажеттілік ұғымы арқылы түсіндіруге тырысады.

Рим заңгерлерінің тек құқықтану саласында ғана емес, бүкіл әлемдік µркениетке қосқан үлесі айрықша. Олар құқықтануды алғаш рет жеке ғылым ретінде қарастырды.

Рим заңгерлерінің қызметі мынадай құқықтық мәселелерді шешуге көмектесті: 1) rеsponderе — жеке адамдардың құқықмәселелері жөніндегі сұрақтарына жауап беру, 2) cavere — келісімдер мен мәмілелер (шарттар) жасауға көмектесу және формулаларды хабарлау, 3) agere — сот ісіне көмектесу.

Азаматтық құқық жинақталған Юстиниан кодификациясы "Корпус юрис цивилис" деп аталды. Бұл кодификацияға ең алдымен Гайдың институциялары кірді. Гай институциялары құқықтық бастауыш оқуға арналған рим құқығының негізін құрады. Мұнда сонымен біргс Ульпианның, Флорентиннің және Марцианның еңбектері де енгізілді. Институциялар төрт кітапқа, кітаптар титулға, титулдар параграфқа бөлінді.

Рим құқықтық ойының маңызды табыстарының бір құқықты бұқаралық (көпшілік) және жеке құқыққа бөлуі болып табылады. Олар бұқаралык (көпшілік) құқық саласында шіркеу иелері мен абыздардын кұқықтық жағдайы, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өкілеттілігі, азаматтык және басқа да мемлекеттік-азаматтық институттар ұғымына талдау жасады. Цивильдік құқық саласында рим заңгерлері меншік, отбасы, өсиет, шарт мәселелеріне жан-жақты талдау жасады. Мүліктік қатынастарды реттеуде олар жеке меншікті қорғау позициясында болды. Олар меншік құқығын затты абсолютті түрде иелену және пайдалану деп түсіндірді. Яғни зат иесі затты жоюға да құқылы. Бірақ, меншік иесінің құқығы қаншама кең болғанымен, ол басқалармен санасуға міндетті. Рим заңгерлерінің құқық туралы ілімі құқықтық ойдың одан кейінгі дамуына үлкен ыкпалын тигізді.


Өзін өзі бақылау сұрақтары:

1) Ежелгі грек полистерде саяси-құкықтық көзқарастың пайда болу кезеңдері

2) Платонның  идеалды мемлекет туралы еңбегінің мазмұны

3) Ежелгі Римдегі мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы саяси-құқықтық институттар мен көзқарастар
Дәріс №3

Тақырыбы: Франк мемлекеті. Англия феодалдық мемлекеті және құқығы

А)Ерте феодалдық Франк мемлекеті және құқығы

Б) Карл империясы.

В)Англосаксондық мемлекеттердің құрылуы

Г) Генрих -2 реформалары
Ерте феодалдық Франк мемлекеті және құқығының кезеңдерге бөлінуі:

1-кезең – Меровингтер ионархиясы (VІ – VІІ ғ.ғ.)

2-кезең – Каролингтер монархиясы (VІІІ – ХІ ғ. 1 жартысы). Франктер мекендеген жерлер 2-округқа – пагқа бөлінді. Паг ұсақ бірліктер – жүздіктерден тұрды. Мемлекет территориясын жайлаған негізгі этникалық топтар: Солтүстікті мекендеген франктар мен Оңтүстікті мекендеген галло-римдіктер болды.

Негізгі топтар – фоедалдар мен феодалға тәуелді шаруалар болды.

Меровингтер монархиясына тән белгілер:

1. Хлодвиг өлімінен кейін корольдік бірнеше рет тәуелсіз мемлекеттерге бөлінді.

2. корольдік билікті ұстау үшін жерге жеке меншік – аллад енгізілді.


  1. үнемі өсіп отыратын шіркеулер және жер иеліктері тез байыды.

  2. жерсіз шаруалардың тез өсуі.

  3. патронат жүйесі кең таралды.

  4. корольдік билік әлсіреп, ақсүйектердің құдыреттілігі өседі.

  5. Билік ақсүйектердің қолына шоғырланды. Ол мемлекеттегі барлық маңызды лауазымдарды басып алады. Оның ішінде майордан – алғашында король сарайын басқарды, соңынан мемлекет басшысы болды. Бұл лауазым мұраға айналып, соңында Каролингтер әулетіне жол ашып береді.

Каролингтер монархиясының негізгі ерекшілігі сол ол майордан Карл Мартелл реформасымен тығыз байланысты. Оның мәні мынада:

1. жерді толық меншікке сыйға беру тәртібі жойылады ;

2. мұның орнына өмірлік иелену – бенефиций пайда болды.

3. бенефиций ұстаушысы – авссол деп аталады, ао берушісі – сеньор деп аталады;

4. бенефиций ұстаушысы сол жерді берген тұлғаның мүддесі үшін әскери қызметті өтеуі тиіс болатын;

5. мемлекет басшысынан басқа бенефицийді басқа да ірі феодалдар тарата бастады, сөйтіп олардың өздерінің вассалдары пайда болды ;

6. сот, полиция, қарды облысындағы барлық өкілеттіктер жер иесіне берілді;

7. иммунитеттік гролиотар енгізілді. Ол бойынша сол жерге мемлекет шенеуніктерінің қызметі таратылмады.


Мемлекеттік құрылыс

Басқару формасы бойынша франк мемлекеті шектеулі монархия болды. Король билігі үнемі әрекет ететін кеңеспен шектеліп отырды және олардың келісімінсіз бірде бір маңызды шешім қабылданбады.

Мемлекетті басқару мен сот ісін жүргізуде жоғарғы лауазымды тұлғалар қызмет етті : майордам, пфальцграф – алғашында король малайларын бақылады, соңынан сотты басқарды; тезаурарий – қазыналы, байлықты сақтаушы ; маршал – атты әскербасшысы ; және архикаппелан – король духовнигі және сарай духовенствасының ішіндегі ең басшысы.

Жергілікті басқару

Округті (паг) басқаруды – король тағайындайтын лауазымды тұлға – граф жүзеге асырды. Округ құрамына кіретін жүздіктерді солтүстікте центенарий, ал оңтүстікте викарий басқарды. Олар графқа бағынышты болды. Жүздіктің құрамына кіретін қауымдар өзін-өзі басқаруды сақтады.

Сот


Жоғарғы сот билігі монархта болды. Корольдік кеңес аса қауіпті қылмыстарды қарастырды. Негізінен істердің көпшілігі жүздіктердің сотында қаралды.

Франк мемлекетінің гүлденуі ІХ ғ. Басында оның құрамына барлық батыс Европа енгенде жетті. 843 ж. Вердендегі ¦лы Карл немересімен жасасқан шартта Франк мемлекетінің 3 корольдікке бөлінуі заңды бекітілді. Олар: батыс франктік, шығыс-франктік және орталық (болашақ Франция, Германия және Италия).

Құқығының негізгі белгілері

Ертедегі құқықтың қайнар көзі – тайпалық сипаттағы әдет ғұрыптар.

V-ІХ ғ. Кезінде «варварлық шындық» түріндегі тайпа әдет ғұрыптың жазбасы болды. Салистік, Рипуарлық, Бургундтық, Аллементтік шындықтар пайда болды. Көбінде Салистік шындық мысалға алынады. Онда құқықбұзушылық және соған сәйкес жазаның жалпы, абстрактілі ұғымдары болмайды : мысалы қылмыс д/з – тұлға мен мүлікке зиян келтіру және «король бейбітшілігін» бұзу ; ал жаза д/з – жәбірленушіге келтіруге зиянды өтеу және «король бейбітшілігін» бұзғаны үшін корольге айыппұл төлеу. Жаза кінаға байланысты болмады және ол тек қана әрекеттің аяқталған нәтижесіне тағайындалды.

Салистік шындық бойынша неке күйеу баланың келін баланы ұрлау формасында болды. Зорлықпен ұрлауға тыйым салынды және қандас туысы және еріктілер мен құлдар арасында неке қию тиым салынған. Мұрагерлік құқықта меншік иесі өлгеннен кейін барлық қозғалмалы мүліктерді ең алдымен балаларына, олар болмаған жағдайда кезектесіп шешесі, аға-қарындасына мұраға қалып отырды.

Міндеттемелік қатынас облысында Салистік шындық мәмілелермен тек қарапайым түрлерін білген : сату-сатып алу, несие, заем, айырбас, сыйға тарту. Мәміле кезінде меншік құқығын беру көпшіліктің алдында жүзеге асты. Міндеттемені орындамау мүліктік жауаптылыққа әкеледі. Сот процесі айыптаушылық сипатта болды. Оған тән негізгі белгілері : азаматтың және қылмыстық процестің жүзеге асырылуы бір формада болды. Іс жәбірленушінің инициативасы бойынша қозғалады.




: ebook -> umm
umm -> «Мал патологиясы» пәнінің 5В120200 -«Ветеринариялық санитария», 5В120100 -«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша оқытушыға арналған ОҚУ-Әдістемелік кешені
umm -> Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету туралы әдістемелік нусқаулар 1-тарау. Жалпы ережелер
umm -> Тарау Пән бойынша глоссарий Тарау Лекциялардың қысқаша конспектісі Тарау соөЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар Тарау СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар Тарау Бақылау – тексеру құралдары. Тарау Пән бойынша глоссарий
umm -> Ауыр металдар
umm -> Бауыржанова А. З., Асенова Б. К., Тері және былғары өнімдерін өңдеу технологиясы Оқу құралы мазмұНЫ
umm -> Былғары және мех өҢдеу технологиясы


  1   2   3   4   5   6


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет