Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру



жүктеу 31.02 Kb.
Дата19.07.2017
өлшемі31.02 Kb.

Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру


Мемлекеттік орган

«Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сі

Қызметті алушылар

Жеке және заңды тұлғалар

Қызмет көрсету орны (осы қызмет көрсетілетін орындарды таңдау)

«Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сі кеңсе арқылы, «Павлодар облысының тұрғындарына қызмет көрсету орталығы» ШЖҚ РМК, сонымен қатар «электронды үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz , www.elicense.kz

Қызмет құны

Жартылай ақылы(лицензиялық жинақты салық комитетіне төлеу)

Қызмет көрсету мерзімі

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде –15 (он бес) жұмыс күні;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні;

лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.


«Электрондық лицензиялау» порталында қызмет көрсету

көрсетіледі

Қызметті меморган арқылы көрсету

1. Лицензияны алу үшін: 1) бекітілген үлгідегі өтініші; 2) қызметтің жекелеген түрімен айналысу құқығына берілген лицензиялық алымның бюджетке төленгендігін растайтын құжат;

3) бекітілген нысан бойынша өтініш иесі жасаған: ішкі істер органдарының қызметкерлерді тиісті тексергені туралы наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерінің қызметкерлер арасында нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдік ауруларымен ауыратындардың жоқ екені туралы белгілері бар қызметкерлердің тізімі;

4) жеке күзет ұйымдарының есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайларды күзету шартының көшірмесі;

5) жарғысының (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi.

2. Лицензияға қосымшаны алу үшін:

1) бекітілген үлгідегі өтініші;

2) бекітілген нысан бойынша өтініш иесі жасаған: ішкі істер органдарының қызметкерлерді тексергені туралы наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерінің қызметкерлер арасында нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдік ауруларымен ауыратындардың жоқ екені туралы белгілері бар қызметкерлердің тізімі;

3) жеке күзет ұйымдарының есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайларды күзету шартының көшірмесі.

3. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

1) бекітілген үлгідегі өтініші;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.

Қағаз жеткізгіште берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген кезде көрсетілген қызметті алушы көрсетілетін қызмет берушіге:

1) бекітілген үлгідегі өтініші;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты ұсынып, лицензияның телнұсқасын алады.



алушы қайта рәсімделген лицензияны алған кезде қызмет алушыға берілген лицензия мен лицензия қосымшасын (бар болған жағдайда) қайтарады ;
      4. Лицензия және ( немесе) лицензия көшірмесін алу үшін:
лицензия және (немесе) лицензия көшірмесі жоғалған, бүлінген жағдайда қызметті алушы лицензияның электронды нұсқасын порталда «жеке кабинетте» ала алады ;
      порталда «жеке кабинет» болмаған жағдайда, лицензия жоғлған, бүлінген жағдайда қызметті алушы лицензия көшірмесін ала алады және қызмет көрсетушіге мына құжаттарды ұсына алады:
     бекітілген үлгідегі өтініші;
      жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық жинақты төлемді растайтын құжат.

ХҚКО арқылы қызмет көрсету

Көрсетіледі

Мемқызметті көрсету нәтижесі

Есірткі құралдары, психотропты заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметке лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензия көшірмелерін беру немесе мемлекеттік қызметтің осы стандартындағы 10 пунктінде қарастырылған негіздер мен жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

: files -> loader
loader -> Бала организмі нашар сіңіреді және оған уланып қалуы не ішек құртын жұқтыруы мүмкін
loader -> Оқушының тамағы балансирленген болуы керек
loader -> Ас адамның арқауы
loader -> Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы
loader -> Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты
loader -> Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты
loader -> Жануарларды каратиндеу ережелері. «Ветеринария туралы»




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет