Денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия және лицензияға қосымша алуға арналған жаднама



Дата19.07.2017
өлшемі45.67 Kb.
Денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық
заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге
лицензия және лицензияға қосымша алуға арналған


ЖАДНАМА

(Жаднама Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары негізінде жасақалған)
көрсетілетін қызметті берушіге

лицензия алу үшін арналған керекті құжаттар тізімдемесі:

1. белгіленген үлгідегі өтiнiш;

2. қызметтің жекелеген түрімен айналысу құқығына берілген лицензиялық алымның бюджетке төленгендігін растайтын құжат (20 АЕК);

3. бекітілген нысан бойынша өтініш иесі жасаған: ішкі істер органдарының қызметкерлерді тиісті тексергені туралы наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерінің қызметкерлер арасында нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдік ауруларымен ауыратындардың жоқ екені туралы белгілері бар қызметкерлердің тізімі;

4. жеке күзет ұйымдарының есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайларды күзету шартының көшірмесі;

5. жарғының (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi.


лицензияға қосымшаны алу үшін:

1. белгіленген үлгідегі өтiнiш;

2. бекітілген нысан бойынша өтініш иесі жасаған: ішкі істер органдарының қызметкерлерді тексергені туралы наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерінің қызметкерлер арасында нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдік ауруларымен ауыратындардың жоқ екені туралы белгілері бар қызметкерлердің тізімі;

3. жеке күзет ұйымдарының есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайларды күзету шартының көшірмесі.


лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

1. белгіленген үлгідегі өтiнiш;

2. лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат (лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензияны беру кезіндегі ставканың 10 %-ын, бірақ 4 АЕК-дан артық емес);

мемлекеттік корпорация арқылы

лицензия алу үшін:

1. қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2. лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат (20 АЕК);

3. бекітілген нысан бойынша өтініш иесі жасаған: ішкі істер органдарының қызметкерлерді тексергені туралы наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерінің қызметкерлер арасында нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдік ауруларымен ауыратындардың жоқ екені туралы белгілері бар қызметкерлердің тізімі;

4. жеке күзет ұйымдарының есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайларды күзету шарты.

лицензияға қосымшаны алу үшін:

1. қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2. бекітілген нысан бойынша өтініш иесі жасаған: ішкі істер органдарының қызметкерлерді тексергені туралы наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерінің қызметкерлер арасында нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдік ауруларымен ауыратындардың жоқ екені туралы белгілері бар қызметкерлердің тізімі;

3. жеке күзет ұйымдарының есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайларды күзету шарты.


лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

1. қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2.лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат (лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензияны беру кезіндегі ставканың 10 %-ын, бірақ 4 АЕК-дан артық емес);

Құрметті лицензиаттар! ҚР Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) 472 бабының 4 тармақшасына сәйкес, тиісті құжаттарды тапсырғанға дейін алым сомаларын төлеген тұлғалардың лицензия алудан бас тартуын қоспаған жағдайда, төленген алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.


Алым сомаларын тиісті құжаттарды лицензиарға тапсырғанға дейін жеке кәсіпкерлермен және заңды тұлғалармен тіркелген мекен-жайы және жеке тұлғалармен тұрғылықты мекен-жайы бойынша бюджетке төленеді.
Мысалы, ЖШС Алматы қаласының Алмалы ауданында тіркелген. Бұл жағдайда, төлем қабылдаушы ретінде Алматы қаласының Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасын көрсету қажет.
Ескертпе: түбіртекте лицензия рәсімделетін жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның деректемелері көрсетіледі.
МФО (БИК) KKMFKZ2A

(Т.А.Ә.А. (атауы), СТН, тіркелген мекен-жайы немесе заңды мекен-жайы).

Бенефициар банкісі - ҚРҚМ Қазынашылық комитеті

КБК - 105402 (Лицензиялық алым)

Төлем бағытталған код - 911
Мемлекеттік кірістер басқармаларының БСН-дары:


Алмалы ауданы бойынша

910740000153

Әуезов ауданы бойынша


910740000113

Бостандық ауданы бойынша


910740000044

Жетісу ауданы бойынша


910740000143

Медеу ауданы бойынша


910740000123

Түрксіб ауданы бойынша


910740000133

Алатау ауданы бойынша


091240012910

Наурызбай ауданы бойынша

150340016393



лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні;


Анықтама үшін Шаруашылық қызметін лицензиялау бөлімінің телефон нөмірлері:

8 (727) 272-52-59



8 (727) 271-67-35

8 (727) 272-23-08


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет