Даярлық тобының тәрбиешісі



жүктеу 55.03 Kb.
Дата23.12.2017
өлшемі55.03 Kb.
Ыбрай Жайнагүл Нағметұллақызы
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы

Тоғыз бекеті №7орта   мектебінің  мектепалды 

даярлық тобының тәрбиешісі



Тобы: мектепалды даярлық

Тақырыбы: Біріншіге барамын

Ертеңгіліктің мақсаты: 
1.Мектепалды даярлық сыныбының жыл бойы алған білімдерінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету. 
2.Оқушылардың сөздік қорын, тілін, ойын дамыту, ой-өрісін кеңейту,өнерді сүйюге тәрбиелеу. 
3.Оқушыларды бауырмалдыққа, ұйымшылдыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. 

Ертеңгіліктің барысы: 


І.Ұйымдастыру кезеңі: 
а)Акт залын дайындау, безендіру 
ә)Оқушыларды даярлау 


Балалар залға «мектебім» әнімен келеді. Би: Мектебім
І Мұғалімнің сөзі: 
Құрметтіәріптестер, аяулыда, ардақты Ата-аналар және бүлдіршіндер. Бүгінгі мектепалды даярлық сыныбының “Біріншіге барамын!” атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер. 
Кеше ғана мектеп табалдырығынан имене аттаған жас бүлдіршіндер, бүгін саналы оқушы болып 1-сыныпқа қадам басқалы тұр. Білім кемесіне мініп ілім іздеп алға қарай ұмытылу әр азаматтың борышы. Қазір осы уақытқа дейін оқушылардың алған білімдерін көрсетіп, өнерлерімізді ортаға саламыз. Бүгін сіздер соның куәсі боласыздар. 
Құрметті көрермендер “біріншіге барамын” атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. 
Жүргізуші: 
Мұғалімнің сөзі: 
Өтті оқу, сан сабақ 
Бүгін үлкен салтанат. 
Ойыншықтармен қоштасып, 
Оқулықпен достаспақ. 
Өңкей білгіш балдырған, 
Құтты болсын тойларың. 


Ән. Балдырған 

1-бөлім: Біз білімді баламыз. 


Оқушылар біз мектепалды даярлық сыныбында көптеген сабақтармен таныстық. Оқуды,жазуды, ертегілермен, сөйлем құрауды үйрендік. Бүгін міне сол алған білімімізді тексерейік. Мен сендерге сауат ашу сабағынан көптеген дыбыстарды көрсетемін,сендер сол дыбыстар туралы айтып бересіңдер.
 Сауат ашу. 
Тапсырма: берілген дыбыстарды атау?   кеспе әріптерден сөз құрау. АТА. АНА. ӘЖЕ. БАЛА. ОТАН т.б. 
Берілген сөздерді оқу.  Сағат, шаш, ана, тас, аян, т.б. 


Дыбыстарға байланысты жаңылтпаштарға кезек берейік

Әлихан: Б Бал арасын бал қуалады,бал арасы баланы қуалады

А.Ислам:Ғ Ғарышкер ұшты ғарышқа,Ғарышқа ұшты ғарышкер, айтшы ғарыш алыс па?

Д. Айнат Доп теп,дөп теп

Ж.Әділет  Жаға жай,жағажайда қамажай

Й. Бекарыс Пай,пай жайылып жүр тай,ай,ай ұшып кетті торғай
Ұ Наурыз . Ұзақ ұзаққа ұшты,ұзақ тұзаққа ұшты


Я .С. Ислам  ян,ян жүгіріп жүр қоян, ян, ян бұл қоян емес шаян
 Математика. 
Тапсырма: 1. 0-ден 20-ға дейін тура және кері санау.  Берілген сандарды атау,


Логикалық есептер шешу. Оң қолымда бес саусақ

                                                  Сол қолымда бес саусақ

                                                  5ке 5ті қосқанда

                                                 Болады екен неше саусақ? (10)



Талға қонды 5торғай,ұшып кетті 2торғай ,қалды сонда неше торғай?(3)

1.    Балалар біздің ұйқыдан тұрған кезімізде неше көзіміз ашылады?(2)

2.    Бір қоянда неше құлақ бар? (2)

3.    Адамда неше қол юар? (2)

4.    Сиырдың аяғы нешеу? (4)

5.    Оң қолыңда неше саусақ? (5)

6.    6санынан кейін қай сан тұрады? (7)

7.    Сен неше жастасың? (5)

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           



Санамақ  1дегенім бесік, шықтық содан өсіп т.б

Ән: санамақ

Кел санайық санамақ,саусақтарды даралап
2.Алма жинау ойыны (есеп шығару) балаларға таратылады  5+3        2+4               3-2        4-3 
3. “Орныңды тап” ойыны.  5.7           3.5



Енді мен сендерге жұмбақ жаырайын,сендер жауабын табасыңдар

Ұнамаса суретің

Өшіресің онымен

Айтсаң ғана болды оған

Өшіреді қолымен. (өшіргіш)

 

Өзі қу ,жүрген жері айқай шу  (түлкі)



Кезекті бір жануар,үстінде екі тауы бар (түйе)

Екі найзасы бар,екі айнасы бар( сиыр)

Кішкене ғана бойы бар,айналдыра киген тоны бар (қой)

Адамдардың киімін,ұстап тұрады иығымен (ілгіш)

Мен сендерге күнделікті өмірде болама,болма йма деген сұрақ қоямын сендер жауап бересіңдер.

1.Шырпыны,пышақты  үстауға бола ма?

2.Үлкендердің айтқанын тыңдау керек па?

3. бір-бірлеріңмен төбелесуге болама?

4. Үлкендердің рұқсатынсыз заттарға қол тигізуге бола ма?

5. Сабақтан қалуға бола ма?


2.“Біз өнерпаз баламыз” атты концерттік бағдарлама. 

Мектепке енді барамыз, 


Біз оқушы боламыз. 
Жақсы оқып сабақты                       Ж ИСЛАМ
Кілең бестік аламыз.


. Ойыншықты жинаймыз 
Бөбектерге сыйлаймыз 
Үлкен болып өссек те,                              БЕКАРЫС
Даярлықты қимаймыз.       
1 - бала: Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін,                         ӘЛИХАН
Алғашқы топты қимай біз
Қоштасатын күн бүгін

2 - бала: Өз үлгіңді ұстаймын


Айтқаныңнан шықпаймын               А ИСЛАМ
Мен балапан құстаймын
Баулыдың сен мұғалім



Бізге тәртіп үйреткен
Ән салдырып билеткен
Таныстырған ең алғаш                   ӘДӨК
Әріптермен, суреттермен
Ол тәрбиеші  АПАЙЫМЫЗ

         


5 - бала: АЛТЫ  жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз,                       АЙНАТ
Ата - ананы қуантып,
Кілең бестік алам

Адамдықтың бастауын 
Өзіңнен алып барамыз, 
Даярлық сынып енді біз     НАУРЫЗ
Қоштасамыз сізбенен.   
Ашып мектеп есігін 
Мінеміз білім кемеге



37. Даярлық сынып қош енді, 
Әр кез аман бол деймін. 
Тәрбие берген ұямыз                     ӘМИНА
Тәртіпті бала боламыз 
Даярлықпенқоштасып, 
Біріншіге барамыз.  


. Мектебің мынау  класың, 
Осында он жыл тұрасың.
                 НАЗАР
Тарыдай болып кіресің, 
Таудай болып шығасың.    


Үлкендердей тап – таза,           С ИСЛАМ
Жазамыз бормен тақтаға. 
Үлгілі бала боламыз 
Жүретіндей мақтана


Мектепке енді барамыз

Үлгілі оқушы боламыз   Айымгүл

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламыз

Би :сергіту сәті

Ән: Қошақаным          : Айымгүл, Назар, Әмина

Би: батырлар  

Ән: апам үшін

Ән: Төлдер

 Осы келіп отырған аналарымыздың құрметіне «ақ мамам» әнін орындаймыз



Ән: ақ мамам

Даярлықпен қоштасып      хор
Біріншіге барамыз.

Адам етіп баптаған,                                                       


Ардақтап бізді мақтаған.                   хор
Даярлыққа мың алғыс


Би: Кош бол,даярлық


Құрметті Ата-аналар, ұстаздар, қонақтар. Біздің бүлдіршіндердің білімдері- 
мен, өнерлерін тамашаладыңыздар.  

1. Мектеп әкімшілігіне:- 


2. Ата-аналарға, қонақтарға:- 
3. 1-сыныпқа қабылдайтын ұстазға:- 
4. Бүлдіршіндерге алғыс хаттар тапсыру.


                




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет