Дарындылық «Дарындылық» термині «Дарын» сөзінен шыққан – дамудың ерекше қолайлы, ішкі алғы шарттары дегенді білдіреді. Қ



жүктеу 66.46 Kb.
Дата04.11.2017
өлшемі66.46 Kb.
ДАРЫНДЫЛЫҚ

«Дарындылық» термині «Дарын» сөзінен шыққан – дамудың ерекше қолайлы, ішкі алғы шарттары дегенді білдіреді. Құрдастарына  қарағанда  оқуға деген  жоғары  зеректігі, анық  байқалатын  ерекше  шығармашылық   қабілеті  бар бала  «дарынды  бала»деп саналады. Педагогикалық энциклопедияда мынадай анықтама берілген: «Дарындылық – іс-әрекеттің белгілі бір саласында ерекше  жетістікке жетуге жағдай жасайтын, адам қабілеті дамуының жоғарғы дәрежесі».



Дарындылықтың байқалуында екі түрлі көзқарас бар: «барлық  балалар дарынды»  және  «дарынды  балалар  өте  сирек  кездеседі».

Кез келген дарындылық түрінің байқалмау себептері мынадай болуы мүмкін:
– қажетті білімнің,
– шеберліктің,
– дағдының жетіспеушілігі,
– бала дамуындағы кейбір қиындықтар.

Дарынды балаларды айрықша оқшауландыратын ерекшеліктер:

  • ақыл-ой еңбегіне бейімділік,

  • жоғары зерттеушілік қабілеті мен танымдық мотивация,

  • білімі,

  • жаңа хабарды ұдайы қабылдауға ұмтылыс яғни танымдық қажеттілік.

Бақылаулар көрсеткендей, жоғары танымдық қажеттілік баланың өз талпынысымен болады.

  • Дарынды балалар қиын тапсырмаларды құштарлықпен оңай орындайды.

  • Дайын жауаптарды ұнатпайды.

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ 
НЕНІ ЕСКЕРУ КЕРЕК?

  • Балаларның пәнге қызығушылығын, білуге құштарлығын нақты анықтау.

  • Балаға тапсырманы деңгейлеп беріп, зейінін тұрақтандыру қажет.

  • Баланың мінезін – құлқын ерекшелігін білу.(Нені ұнатады, нені ұнатпайды,қай кезде білімді жақсы меңгереді, қай кезде шаршайды? т.б)

  • Баланың бір қалыпты, жүйелі жұмыс жасауына көңіл бөлу.

  • Берілген тапсырманы бірлесе талдау.

  • Бала қызығушылығына қолдау көрсету, орынды кеңес бере білудің маңызы зор.

ДАРЫНДЫ БАЛАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ:

  1. Интелектуалдық сферасы.

  2. Білімділік өрісі

  3. Ойлау қабілеті ерекшесі тұрақты, қызығуы мол, кейде бір іспен айналысса тоқтай алмайды, өз ойын ерте жеткізеді.


ДАРЫНДЫЛЫҚ ҮШ ПАРАМЕТРМЕН АНЫҚТАЛАДЫ:

  1. Танымдылық жеке дамуы.

  2. Психологиялық дамуы.

  3. Физикалық дамуы.

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ТАҢДАУДА  НАЗАР АУДАРАТЫН ЕРЕКШЕЛІКТЕР:

  1. Дарынды бала өзгеше және шапшаң ойлайды.

  2. Дарынды оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгешелігі өте сезімтал, ықлас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп ұсынады.

  3. Дарынды оқушылардың физикалық тұлғадан ерекшелігі дамудағы шапшаңдылық ақындарша сөйлеуі жиі-жиі берілуі қиял-күйінің басым түсуі.

  4. Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі адамгершілік сезімдерінің ерте дамып жоғары моральдық қасиеттерге ие болуы.

ДАРЫНДЫЛЫҚТЫ  АНЫҚТАҒАНДА  ТӨМЕНДЕГІ ФАКТОРЛАРДЫ ЕСКЕРУ КЕРЕК.

  1. Жас ерекшелігі.

  2. Тұлғалық ерекшелігі.

  3. Экспериментатордың тұлғалық ерекшелігін.

ЖЕКЕ ТҰЛҒА ДАРЫНДЫЛЫҒЫНЫҢ  ДАМЫТУДЫҢ  КЕШЕНДІ ЖИНАҒЫ.

Шығармашылық дарындылық

Ғылыми – практикалық конференция, дебат тобының жұмысы, эрудит, пәндік марафондар, рефераттар қорғау, зияткерлік ойындар, т.б.

Академиялық дарындылық

Арнайы курстар, факультативтер, олимпиадалар

Ақыл-ой дарындылығы

Психологиялық қызмет, сауалнамалар, проблемалық ізденіс қызметі

Көркемдік дарындылық

Жас дарындылық сайысы, ән фестивалі, ән, би т.б.

Психомоторлы дарыныдылық

Спорттық жарыстар, түрлі секция жұмыстары, спортакиядаларға белсенді түрде қатысу

Әлеуметтік дарыныдылық

Көшбасшыны дайындау

ДАРЫНДЫЛЫҚ ТҮРЛЕРІН АЙҚЫНДАУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ:

Дарындылық түрі

Белгілері

Оқып-үйрену әдістемесі

Шығармашылық дарындылық

Креативті, идеяның өнімділік жылдамдығы, оларды әзірлеу, қиял.

Шығармашылық ойлаудың сауалнамасы

Академиялық дарыныдылық

Оқытудың жетістігі

Стандартты жетістік сауалнамасы

Ақыл-ой дарындылығы

Ойлау операциялары, ақыл-ойлардың түрлері мен сапасының, зейіннің таным үрдістері, есте сақтау, қиялдың дамуы.

Ақыл ойды өлшейтін сауалнама: вебралды және вебралды емес

Көркемдік дарыныдылық

Шығармашылық және орындаушылық өнер

Іс-әрекетмен көркемдік шығармашылықты  талдау

Психомоторлы дарындылық

Жылдамдық, нақтылық, ептілік, көру координациясы, темп, ритм, іс-әрекет координациясы, реакцияның жылдамдығы.

Перцептивті – қозғалысты дамытуға арналған стандартты сауалнамалар

Әлеуметтік дарындылық

Ұйымдастырушылық, коммуникативті, жетекшілік қабілеті

Жетекшілік қабілеті, әлеуметтік хабардар шкаласы, әлеуметтік жетілу шкаласын анықтау сауалнамасы


ДАРЫНДЫ ЖӘНЕ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫҢ  БЕС СИПАТТАМАСЫ:

  1. Дарынды және талантты балалардың қалай оқитынының сипаттамасы

  • Ақпаратты шұғыл өңдейді

  • Зияткерлік тапсырмаларды ұнатады

  • Кең ауқымды білімді пайдалана алады…т.б.

  1. Креативті ойлаудың сипаттамасы

  1. Ынталандыру сипаттамасы

  • Табанды және жұмыспен бар ынтасымен шұғылданады

  • Жеке жетістіктердің жоғары стандарттарына ұмтылады

  1. Қоғамдық көшбасшылық сипаттамасы

  • Құрбы-құрдастар құрметтейді

  • Басқалармен жылдам тіл табысады

  1. Табандылық сипаттамасы

  • Өктем пікірлерге кекесінмен қарайды

  • Жоғары сынып оқушыларымен, ересектермен тіл табысады, олардың ортасында жиі болуға тырысады

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ МАҚСАТЫ:

Заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын  мақсатқа жету үшін еңбектене білетін жеке тұлғаны қалыптастыру.


 
МІНДЕТІ:

  • Жекелеген пәндерден балалардың дарындылығын айқындау.

  • Дарынды және ерекше қабілетті балалардың ізденуіне жағдай жасау.

  • Оқушының ақыл – ой қабілетін жетілдіру;

  • Шығармашылық жеке дарындылғын арттыру;

  • Қабілетті оқушымен жеке жұмыстар жүргізу арқылы білімі  мен  ой өрісін әрі қарай дамыту, білім сапасын арттыру.

  • Техника саласындағы қабілетті балалардың келешегіне бағдар беру.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕСІ

  • Оқушыларды өз тілінде жатық сөйлеуге, кез-келген ортада қарым-қатынасқа түсе алуға даярланады;

  • Кестелі, бейнелі тілдік сөйлеуді қолданады;

  • Өзіне тән стильдік ерекшелігі қалыптасады;

  • Сөз бояуын құбылта алады.

  • Ойын анық, дәл, шешен тілмен жеткізеді.

  • Сөзі ой мен сезімге әсер ететін мағыналы сөздік тұлғаларды қолданады;

  • Әдеби тілдік нормаларды ұтымды қолданады.

  • Жағдаяттардан жол тауып шыға алады.

 
ДАРЫНДЫ  БАЛАМЕН  ЖҰМЫС  ЖАСАУДА МҰҒАЛІМГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  • дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

  • дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;

  • оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

  • дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

  • дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

  • дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.

  • сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу

  • оқушы дарындылығының моделін білу;

  • қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;

  • дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;

  • дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі

: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Тело большинства моллюсков покрыто раковиной, образованной в результате накопления извести в поверхностных слоях кутикулы
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Лейкоциттер, олардың құрылысы мен қызметі. Сабақтың мақсаты
lessons -> 1 тақырып: Молекулалық биология пәніне кіріспе «Молекулалық биология»
lessons -> Ақуыздар. Ақуыздардың қызметтері. Ақуыздардың аминқышқылдық құрылымы
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Қанайналым мүшелері. Жүрек
lessons -> Оқушылардың витаминдер туралы білімін толықтыру, дамыту. Оқушылардың витаминдер туралы білімін толықтыру, дамыту
lessons -> Сабақтың мақсаты Танымдық: Көз қызметі, оның бұзылуы, көз гигиенасы туралы оқушыларға түсінік беру
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары. Сабақтың мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Жасушадағы зат және энергия алмасу. Атф синтезі
lessons -> Тақырыбы: Мінез-адам көрсеткіші Сыныбы: 5 сынып Мақсаты




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет