Дарибаева акгуль абилкасимовна



жүктеу 72.62 Kb.
Дата16.07.2018
өлшемі72.62 Kb.
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ, ШАЛҚАР АУДАНЫ

6 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ



ДАРИБАЕВА АКГУЛЬ АБИЛКАСИМОВНА


ПӘНІ: ҚАЗАҚ ТІЛІ

СЫНЫБЫ: 2 «А»

ТАҚЫРЫБЫ: ЕТІСТІК (КІЛТІ) МҰҒАЛІМ ҮШІН

БІЛІМДІЛІК: Оқушыларды етістік туралы мағлұмат беру

ДАМЫТУШЫЛЫҚ: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, зейіні мен зердесін дамыту.

ТӘРБИЕЛІК: Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Жаңа білім негізін меңгерту, сұрақ-жауап (І кезең – 5 минут; ІІ кезең – 25 минут; Ш кезең – 15 минут)

Сабақтың типі: Фронтальдық, ұжымдық

Технология: «Үшөлшемді педагогикалық технология»

Көрнекілігі: Жұмыс дәптері, оқулықтар, слайдтар, интерактивті тақта, ашық журнал
Сабақтың өту барысы:

І кезеңде – а) ұйымдастыру;

б) үй тапсырмасын тексеріп тақтадағы ашық журналға белгілеу;

в) «көпір тапсырмаларын» тексеру.

ІІ кезеңде – а) оқушылардың топта өз бетімен жұмыс дәптерінде берілген жетелеуші

тапсырмаларға оқулықтан жауап іздеуі. Мұғалімнің тақтадағы «ашық

журналдағы» алдында өткен тақырып бойынша жиналған жалпы ұпай санын

өзінің жеке журналына және сынып журналына баға түрінде тіркеуі.

б) мұғалімнің көмегімен дискуссия жүргізу;

в) тақтамен, оқулықпен жеке жұмыс.



Ш кезеңде – дұрыс орындалған деңгейлік тапсырмаларды мұғалімнің тексеруінен кейін

оқушылардың өзіне тақтадағы «ашық журналға» белгілетіп отыру, жиған алғашқы ұпайларын қорыту, оларды оқушылардың жеке журналдарына тіркету және қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келуге беру. Үш деңгейді толық орындаған оқушыға төртінші деңгейдің олимпиадалық немесе ғылыми жобадан фрагмент тапсырмаларын беру. Қосымша, келесі тақырыптың бірінші кезеңіндегі «көпір тапсырм аларын» орындап келуге беру.



І кезең:

«КӨПІР» тапсырмалары

(оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді)

Суретке қара. Балалардың, әженің не істеп жатқанын білдіретін қимыл атауларын айт. Ол сөздер қандай сұраққа жауап береді?



тоқып отыр ойнап жатыр

(не істеді? Қайтті? Не қылды деген сұрақтарға жауап береді.)

ІІ кезең: Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар

Теориясы:

«БІЛУ»

(Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)

  1. Бос орынды толықтыр.

Заттардың қимылын, іс – әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? қайтті? не қылды? деген сұрақтар қойылады: өсті, ойнады, сайрады.

Теориясы:

«ТҮСІНУ»

(Неге?

Неліктен? Себебі? Не үшін?)

  1. Берілген сөздердің ішінен етістікті тауып, етістік екенін дәлелде.

Көгершін, жасыл, жинады, айтты, алыс, сөйлесті, ертең, байлады.



Жауабы: жинады, айтты, сөйлесті, байлады. Бұлар етістік. Себебі, не істеді? сұрағына жауап береді.

Теориясы:

«ТАЛДАУ»

(Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек )

  1. Венн диаграммасын толтыр:

Зат есім Етістік



Теориясы:

«ЖИНАҚТАУ»

(Қорытынды шығар, анықтама бер. Мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, т.б. түрінде)


  1. Берілген әріптерден басталатын етістіктер тауып айту.




Қ

қашты

қайтты

Ш

шақырды

шашты

Ж

жазды

жүгірді





Практикасы:

«ҚОЛДАНУ»

(қарапайым тапсырмалар)


5 . Оқулықпен жұмыс. 414- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.
Тоғайда түрлі аңдар болады. Терең шатқалға қояндар жасырынады. Қызыл түлкілер тоғайда жүреді. Тиіндер ағаштан ағашқа секіреді.

Практикасы:

«БАҒА БЕРУ»

(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)

6.Сен қалай ойлайсың, төмендегі зат есімдердің қасына қандай етістік жазуға болады?

Жел соқты. Күн шықты. Балуан күресті. Радио сөйледі. Гүлден отырды. Жаңбыр жауды.



ІІІ кезең: Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау




І деңгей (5 балл)

Теориясы:

«БІЛУ»

(Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)

  1. Жұмбақтарды шеш. Ондағы етістіктердің астын сыз.

  1. Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (күн)

  1. Тілдерімен жүреді,

Уақытты біледі. (Сағат)



Практикасы:

«ҚОЛДАНУ»

(қарапайым тапсырма)


2.Берілген етістікке қарама – қарсы етістікті тауып жаз.

Кірді – шықты

Келді – кетті

Тұрды – отырды



Алды - берді




ІІ деңгей: (5 балл + 4 балл = 9 балл)

Теориясы:

«ТҮСІНУ»

(Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?)

  1. Сұраққа жауап беріп, бос орынды толықтыр.

Неліктен етістік не істеді? қайтті? сұрақтарына жауап береді?
Жауабы: себебі, етістік іс- әрекетті, қимылды білдіреді.

Теориясы:

«ТАЛДАУ»

(1.Салыстыр, 2.Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде?

4. Тақырыптың басты идеясын жаз, - деген тапсырмалар болу керек. Немесе, 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.

  1. Сөзжұмбақты шеш. Ол үшін суреттегі мал мен хайуанаттаржың қалай дыбыстайтынын торкөзге орналастыр.

Қой, жылқы, мысық, әтеш.

м

а

ң

ы

р

а

й

д

ы

к

і

с

і

н

е

й

д

і

м

и

я

у

л

а

й

д

ы

ш

а

қ

ы

р

а

д

ы








Практикасы:

«ҚОЛДАНУ»

(2-кезең қарапайым тапсырмаларының өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады)

  1. Оқулықпен жұмыс. 415 – жаттығу. Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құра.

Қонды, жауды, тасыды, жүзді.



Жауабы: Торғай ағаш басына қонды. Бүгін қар қалың жауды. Өзен арнасынан тасыды. Асан суда әдемі жүзді.




ІІІ деңгей: (5 балл + 4 балл + 3 балл = 12 балл)

Теориясы:

«ЖИНАҚТАУ»

(Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек)


  1. Төмендегі етістіктерді сұрақтарына қарай топтастыр.

Ұшады, келді, оқыды, жазады, сауады, көрді, байқайды, тарқатады, жинады, сүртті.


Не істейді?

Қайтті?

ұшады

келді

жазады

оқыды

сауады

көрді

байқайды

жинады

тарқатады

сүртті




Практикасы:

«БАҒА БЕРУ»
(сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)

2.Шығармашылық жұмыс. Өлеңді аяқта.

Дала тегіс сарғайды,

Шаруа қысқа қамданды.

Күн қысқара бастады,



Тауға тұңғыш қар жауды.





©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет