Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу Қашқынова Ж. Е. Қарағанды қаласы «Даму мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған облыстық балалар үйі»



жүктеу 57.98 Kb.
Дата23.11.2017
өлшемі57.98 Kb.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу
Қашқынова Ж.Е.

Қарағанды қаласы

«Даму мүмкіншіліктері шектелген  балаларға арналған облыстық балалар үйі»
Даму мүмкүндігі шектеулі (ДМШ) балаларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі кажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани адамгершілікке тәрбиелеу білім беру мен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүнесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Рухани адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз – бала өмірдегі орнын, жауапкершіліг түсініп, өзін-өзі жетілдіріп, айнала қоршаған адамдар мен кез келген затқа, жан-жануарға және экологияға жақсылық тілеп, жасауы. Сондықтан рухани адамгершілік жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады, оның көрсеткіштері: басқаларға жақсылық жасау, жақсылыққа ұмтылу, өзін-өзі дамытып, жетілдіру.

Қазіргі уақыттағы ДМШ балаларды тәрбиелеу ісінде олардың ішкі жан дүниесі мен рухани әлемін тану, дамыту, жетілдіруге байланысты бірнеше іс-шаралар жүзеге асуда. Халықтық дәстүр, рухани мәдениет негізінде баланы рухани адамгершілік тәрбиесін дұрыс жолға қою міндеттерін жүзеге асыру басты мақсат болатыны белгілі.

Гуманизм – адам өмірінің рухани негздерін құрайды, ойластырады, болжайды, адамзат құндылығын қалыптастырады. Рух – адам бойындағы күш-қуат. Ол қуат барлық жақсы қасиеттерімен бірге жасайтын игі істерінің қайнар көзі. Рухани бай адамның бойында ғана гуманисттік қасиеттер болады. Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып Адам болып қалыптасады.

Әрбір бала өзін-өзі рухани жетілдіру үшін тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға ұмтылуы қажет екендігін түсінуі тиіс деп ойлаймыз. Өзінің тәрбиеленушісін өз бетінше білім мен тәрбие алуға үйретпеген тәрбиеші қазір түпкі нәтижее қол жеткізе алмайтындығын біледі. Бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса кызмет ететін тұлғаға айналуы керек. Сондықтан тәрбиешіге мынандай қасиеттер қажет: жылылық, түсінгіштік, сезімталдық, шабаттандыра алу. Топтағы рухани адамгершілік, психологиялық ахуал – бала үшін адамдармен қатынастың алғашқы мектебі. Нақ осы өз тобында баланың мейірімділікке және зұлымдыққа, тәртіпке материалдық және рухани құндылықтарға деген көзқарасы қалыптасады. Сонымен қатар, махаббат сезімін, достықты, жауаркершілік пен шындықты түйсінеді. Яғни барлық өмірлік іс-әрекетіне ықпалын тигізеді. Рухани – адамгершілік тәрбиесіндегі аса маңызды шарттардың бірі – тәрбиеші өзінің әрбір ісі, жүріс тұрысы, мінез-құлқы, сөйлеген сөзінің басқаларға ықпалы мен әсері, одан келіп шығатын нәтижеге жауапкершілігі.

Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады. Қазір ортамызда «Қиын балалар» ата-анасыз қалғандар, түрлі тағдырға душар болғандар көп.

Біздің мақсатымыз балаларды мүмкіндігінше жан-жақты тәрбиелеу. М.М. Пришвиннің сөзін келтірсек «Оқушы жастарымыз дұрыс тәрбиеге наннан да артық душар». Егер жабайы аңдар Адамға мейірімділік көрсетсе, адамдар неге бірін-бірі тәрбиелемеске?

Я.А. Каменский «тәрбиені мойындамау – адамдардың жан ұяның, мемлекеттік және бүкіл әлемнің құруы» деген болатын.

Ендеше тәрбие ауадай қажет. Балаларды гуманистік рухта тәрбиелеу алдымызға мынадай міндеттер қоюға болады:



  • Шығарманы оқи отырып басты кейіпкердің іс-әрекетінің жағымды жақтарына көніл аудартып, талдауға түйін жасауға үйрету;

  • Баланың сана-сезім, ақыл-ой қызметінің қалыптасуына ықпал жасау;

  • Мектептен алған білімдерін одан әрі дамытып тереңдету, өздігінен жұмыс істеу қабілетін ашу;

  • Шығармадағы кейіпкердің іс-әрекетін салыстыру, қорытындылау, бағалауға үйрету.

Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен түрады. Ақ-қара, күн-түн, ыстық – суық, жақсы-жаман. Ал адам бойындағы қасиеттер рухтан туындайды. Рухтың мекені – адамның жүрегі. Рухани бай адам – ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады.

Баланың сана-сезімін, адамгершілік мұраттарын қалыптастыратын – тәрбиенің ең бірінші рухани міндеті. Рухани адамгершілік тәрбие барысында әрдайым осы мұраттарды басты нысана етіп ұстау қажет. Себебі, баланың көзқарасы оның күнделікті іс-әрекетімен сәйкес келмесе, олар ойлауға шебер, бірақ іс-әрекетке, қарым-қатынасқа жоқ адамдар болып қана шығады. Рухани тәрбиесі дұрыс балалар әрқашан жақсы қасиеттерді бойына сіңіреді. Тәрбиеленушінің жақсы қасиетке ұмтылған ниетін тәрбиеші дер кезінде біліп, қиын психологиялық сәттерін байқап, қолдау көрсеткенде қайшылық жағдайлар кездеспейді. Балаларды ибалыққа баулып, мейірімділік, қайырымдылық кішіпейілділік, қамқорлық, ізгілік және адамгершілік сияқты қасиеттерді бойларына сіңіру – әрбір тәрбиешінің парызы.

Тәрбие ісіндегі негізгі мәселе – балалардың тұлғааралық қатынасын дамыту, әр адамның құндылығын, даралық ерекшілігін, сезімін, өзіндік баға беруін қалыптастыру. Адамгершілік тәрбиесінде баланың назарын өз өміріндегі елеулі өзгерістерге бұрып, оны саналы түсінуіне баулу көзделеді.

Рухани адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе – баланы құрметтеу. Әрбір жасөспірім өзін-өзі рухани жетілдіру үшін өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға ұмтылуы қажет екендігіне түсінуі тиіс.

Адамгершілік тәрбиесі – бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет-қылығына, мақсат бағытына жүйелі түрде ықпал ету.

Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу ісі білім берумен ғана шектелмейтіндігі айқын. Бұл баланың сана-сезімене әсер ету арқылы, ішкі жан-дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады.

Баланың сана-сезімін, адамгершілік мұраттарын қалыптастыру – жеткіліксіз, оны терең ой елегінен өткізу, бастап кешіру және толғануды мінез-құлыққа бекіту керек.

Адамгершілік тәрбиесіне мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез-құлық дағдылары мен әдеттері қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға, құндылықты тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі-деген анықтама берілген.

Кейбір еңбектердегі анықтамалар адамгершілік тәрбиесінің негізгі бөліктерін атап көрсетумен шектелген. Мәселен, В.В. Макаев адамгершілік тәрбиесі мынадай негізгі бөліктерден тұрады дегенді айтады:

А) адамгершілік түсініктерді, ұғымдарды, идеяларды қалыптастыру;

Ә) адамгершілік сезімдерді дамыту;

Б) адамгершілік сенімдерді қалыптастыру;

В) мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыру;

Г) өзін-өзі тәрбиелеу;

Д) жағымсыз ықпалдарға, теріс әсерлерге қарсы тұра білу іскерлігін қалыптастыру.

Бұл көзқарастың құндылығы адамгершіліктің бірі ретінде өзін өзі тәрбиелеу мәселесіне мен берілген. Сонымен бірге Б.Т. Лихачевтың адамгершілік сезімдер негізін қалаушы басты категория болып табылады деген пікіріне де қосылуға болады.

Н.И. Монахов, Н.И. Болдырев болса, оқушының адамгершілік тәрбиелілігін жеке тұлғаның белгілі бір адамгершілік сапаларының жиынтығы ретінде карастырады. Өйткені, адамгершілік қасиеттердің құрылымдық түрлері: адамгершілік сана, сенім, мінез-құлық дағдылары мен әдеттері болып табылады.

Е.С. Богданова, Н.А. Каировтар оқушылардың адамгершілік деңгейін адамгершілік сана, сезім және мінез-құлық деңгейі ретінде қарастыруды ұсынады.

Тәрбиенің негізгі міндеті – қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір-қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына айналдыру.

Қазақстан Республикасының «Ұлттық энциклопедиясында» адамгершілік ұғымына былай деп анықтама берілген: «Адамгершілік – адам бойындағы гуманисттік құндылық, әдеп ұғымы. Кісілік, ізгілік, имандылық тәрізді ұғымдармен мәндес». Халықтық дүниетанымда мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық, ізеттік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылық, т.б.



Адамгершілік тәрбиесі бірнеше міндеттерді шешуге көмектесуді:

  • өмір талабына сай қоғамның моральдық нормасын орындауға лайықты балаларды тәрбиелеу;

  • баланың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;

  • баланың санасына және мінезіне ұстаздық ықпал жасау;

  • отанға, халқымызға, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін күшейту.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін тәрбие шаралары балалардың жас ерекшеліктеріне, қызығушылығына лайықты жасалады.

Қорытандылай келе, адамгершілік тәрбиесі оқу-тәрбие үрдісінің барлық салаларында, яғни оқыту, білім беру барысында және еңбек үрдісінде жүзеге асырылады.
: images -> files
files -> 4. Минимальная площадь на одно стоматологическое кресло (в кв м)
files -> Региональный центр «Шығыс» управления образования вко жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбы бойынша биология
files -> Сабақтың тақырыбы: Көктем Мақсаты: Көктем тақырыбына шолу жасай отырып, өз ойларын дәлелдеуге дағдыландыру. Міндеттері
files -> Ұбт-ға даярлаудағы тиімді әдістері өскемен 2015
files -> Химиялық таңбасы – аі
files -> Твором фтора простой и эффективный способ профилактики кариеса
files -> 1. Специфические рецепторы




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет