Дақыл: Жүгері Будан: Делитоп Оригинатор



Дата22.01.2018
өлшемі38.78 Kb.
Дақыл: Жүгері

Будан: Делитоп

Оригинатор: Сингента Сидс С.А., Франция

Буданды Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2014 жыл

Ұсынылған облыс: Оңтүстік Қазақстан.

Пісіп жетілу мерзімі: Ерте пісетін будан (ФАО 160)

Буданның сипаттамасы: Собығы орташа, диаметрі бойынша жуан, формасы аралық, сабағы қысқа, сабағының антоциандық түсі әлсіз. Дәндерінің қатар саны орташа, дәні тіс тәрізді, жоғарғы бөлігінде сары қызғылт-сары, төменгі бөлігі қызғылт-сары түсті. 1000 дәннің салмағы орта шамамен 125,9 грамм.

Өнімділігі: Облыс бойынша дәннің орташа салмағы 104,3 ц/га, қалыпты құрғақ затының орташа өнімділігі 93,3 ц/га.

Сапалық көрсеткіштері: Құрғақ заттың мөлшері 26,9 %, ақуыздың мөлшері 6,4 %, крахмалдың мөлшері 72,2 %

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға төзімділігі (балл): Ауруларға төзімділігі 5 балл, зиянкестерге төзімділігі 5 балл.

Пайдалану бағыты: мал азықтық.

Ерекшеліктер: ерте пісетін будан, өтініш берушінің деректері бойынша аурулар мен зиянкестерге төзімді.

Ұсыныстар: Сарыағаш (Сарыағаш мақталы МСУ), ІІІ-орталық (Сайрам кешенді МСУ) аймағында пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Жүгері

Будан: ЛГ 3255

Автор: Лимагрейн Еуропа, Франция

Оригинатор: Лимагрейн Еуропа, Франция

Өтініш беруші: ҚР өкілдігі «Лимагреин Еуропа» АҚ

Буданды Мемлекеттік тізбеге енгізген жылы: 2014 жыл

Ұсынылған облыстар: Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан.

Пісіп жетілу мерзімі: Орташа ерте пісетін будан (ФАО 280)

Буданның сипаттамасы: Собығы орташа, диаметрі бойынша орташа. Формасы аралық. Сабағы қысқа, сабағының антоциандық түсі әлсіз. Өсімдіктің биіктігі 246 см. Сабағындағы жапырақтың саны 13 дана. Собығының бекітілу биіктігі 72 см. Шашақгүлінің гүлдеу уақыты өте ертеден орташаға дейін.

Өнімділігі: Солтүстік Қазақстан облысында көк балаусаның орташа салмағы 570 ц/га құрады (2014 жылы рұқсат етілді). Ақмола облысы бойынша көк балаусаның орташа салмағы 306,6 ц/га құрады, құрғақ заттың қалыпты өнімділігінің орташа көрсеткіші 87,1 ц/га (2016 жылы рұқсат етілді). Қостанай облысында көк балаусаның орташа салмағы 390,1 ц/га құрады (2016 жылы рұқсат етілді), құрғақ заттың қалыпты өнімділігінің орташа көрсеткіші 98,3 ц/га.

Сапалық көрсеткіштері: ақуыздың мөлшері 7,2 %, крахмалдың мөлшері 71,2 %.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға, құрғақшылыққа төзімділігі (балл): ауруларға, зиянкестерге және құрғақшылыққа төзімділігі 5 балл.

Пайдалану бағыты: мал азықтық.

Ерекшеліктер: орташа ерте пісетін будан. Өтініш берушінің деректері бойынша аурулар мен зиянкестерге төзімді.

Ұсыныстар: ІІ-орманды далалық оңтүстік аймақ (Есіл МСУ) (Қостанай кешенді МСУ), І-далалық (Көкшетау кешенді МСУ), ІІ-далалық оңтүстік қара топырақтарда (құрғақ дала) (Қостанай кешенді МСУ) пайдалану үшін ұсынылады.
Дақыл: Жүгері

Будан: НК Термо

Оригинатор: Сингента Сидс С.А., Франция

Өтініш беруші: ЖШС «Сингента Қазақстан»

Буданды Мемлекеттік тізбеге енгізген жылы: 2014 жыл

Ұсынылған облыстар: Алматы, Оңтүстік Қазақстан

Пісіп жетілу мерзімі: Орташа пісетін будан (ФАО 330)

Буданның сипаттамасы: Гүлшоғырының гүлдеу уақыты орташа, шашақгүлінің негізгі білігі жоғарғы бүйір тармақтарынан биік, ұзындығы орташа, бүйір тармағымен орташа-ықшамды бұрыш қалыптастырады. Гүлшоғырдың алғашқы бүйір тармақтары әлсіз иілген, тармақтар саны орташа. Жібегінің антоциандық бояуының ашықтығы әлсіз. Өсімдіктің биіктігі 268 см. Собығы ұзын - өте ұзын, сабағы орташа ұзын, білігі боялған. Дәні тіс тәрізді, жоғарғы бөлігі сары түсті. 1000 тұқымның салмағы орта шамамен 256,3 грамм.

Өнімділігі: Оңтүстік Қазақстан облысында дәннің орташа өнімділігі 116,0 ц/га, көк балаусаның орташа өніміділігі 392,2 ц/га, қалыпты құрғақ заттың орташа өнімділігі 93,6 ц/га. Алматы облысында дәннің орташа өнімділігі 92,1 ц/га, көк балаусаның орташа өнімділігі 367,3 ц/га, қалыпты құрғақ заттың орташа өнімділік көрсеткіші 176,8 ц/га құрады.

Сапалық көрсеткіштері: Ақуыздың мөлшері 6,7 %, крахмалдың мөлшері 72,5 %



Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға, құрғақшылыққа төзімділігі (балл): Ауруларға және зянкестерге төзімділігі 5 балл.

Пайдалану бағыты: астық

Ерекшеліктер: Орташа ерте пісетін будан, өтініш берушінің деректері бойынша ауруларға және зиянкестерге төзімді.

Ұсыныстар: ІІ-тау етегі (Еңбекшіқазақ МСУ), І-Сарыағаш (Шөлді мал шаруашылығы аймағы) (Сарыағаш мақталы МСУ), ІІІ-орталық (Сайрам кешенді МСУ), аймақта пайдалану үшін ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет