Cілтілі – ТҰзды топырақты тазарту үшін thiobacillus thioparus көмегімен күкіртті био – тотықтандыру



Дата16.07.2017
өлшемі19.81 Kb.
CІЛТІЛІ – ТҰЗДЫ ТОПЫРАҚТЫ ТАЗАРТУ ҮШІН THIOBACILLUS THIOPARUS КӨМЕГІМЕН КҮКІРТТІ БИО – ТОТЫҚТАНДЫРУ

Серік Н.С., Болатжан Н.Е., Кистаубаева А.С., Исабекова А.Ш.,Андакулова А.Б.



әл –Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазақстан, Алматы

E – mail: nazeka.ska@gmail.com
Қазақстан жерінде сілтілік тұзды топырақ аймақтары кездеседі, бірақ ол жерлерді рекультивациялау қымбат және тиімсіз болып табылады. Елде жинақталған күкірттің үлкен сомасы мен өңделген мұнай жанама өнімі бар,соған байланысты күкірт тотықтырғыш микроорганизмдер енгізу арқылы,топырақты жақсартуға болады.

Қарапайым күкірт тотығу жылдамдығын топырықтағы күкіртті микроорганизмдермен тотықтыру арқылы биопреператтармен енгізеді.Сонымен қатар, эндогенді микрофлораның саласындағы содалы - сортаң оқшауланған микроорганизмдерді пайдалану, олардың экологиялық орнын және өмір сүруін қамтамасыз етеді.

Зерттеу мақсаты - тұзды-содалы топырақтан бөлініп алынған тионды бактериаялардың биологиялық тотығуын анықтау.

Baalsruda изоляттар ортасында егу әдісі орындалды. Күкірт тотықтырағының микроорганизмдер өсу биомассасын Лоури әдісі бойынша сорпалы дақылдау кезіндегі ақуыз құрамын және ақуыздың сан мөлшерін санау арқылы бағалайды.

Био-тотығу өнімдері - сульфаттар бақылау кезінде болды. Biotronik LC 500 сұйық хроматографиясы арқылы сульфат анықталды. Химиялық тотығуды анықтау үшін негізгі күкірттің төмен концентрациясын микробтық ортаға енгізбей субстраттармен қатар талдау.

Зерттеу жұмысы 12 апта зертханалық жағдайда жүргізілді. Үлгілерді іске асыру үшін тұзды - содалы топырақты алып, 20 см қабатына дейін жететін арнайы ыдыстарға орналастырылды.Қарапайым күкірт 400 мг /100 г көлеміндегі топыраққа қосып, әр ыдысқа салынды. Биологиялық тотығу деңгейі екі сынақпен анықталды. Олар, топырақтың рН және тесттегі сульфат – ионындағы (Thiobacillus штаммы) мөлшері, сонымен қатар үлгілерін (инокуляттаусыз) бақылау арқылы қарастырылды. Бактериялармен биологиялық тотығу деңгейі 12 апталық зерттеуден кейін 100 г топырақ құрамында сульфатты иондардың саны 7,1 + 0,11 мг мөлшеріне дейін ғана жетті. Бақылаудың соңында үлгілердегі SO4 – тің құрамы бақылауға алынған тобына қарағанда 1,9 - 4,1 есе жоғары болды.Топыраққа штаммдарды енгізе отырып, оның рН мәні 12 аптадан кейін пайдалану кезінде, бейтарап немесе аздап қышқыл болып күкірт қышқылын қалыптастыру салдарынан қышқылданды. Сонымен қатар Thiobacillus Шорагиз 13 штаммы күкіртті тотықтыруға ең тиімді болды. 4 апта ішінде топырақтың рН мәні 5,9 дейін кеміп, ал кезең соңында 3,8-ге дейін түсті. Модельдік зерттеу барысында тионды биомассаны параллель қолданып және топырақтағы қарапайым күкірт оның биологиялық белсенді қышқылдануға әкеліп соқтырады.



Жобаның деңгейі айтарлықтай жоғары және жаңалығының маңызы зор, өйткені күкірт тотығуын жедел пайдалануға жаңа технологиялар мүмкіндік береді.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет