Cарыағаш аудандық туберкулезге қарсы диспансерінің 2016 жылдың



жүктеу 0.64 Mb.
бет1/4
Дата21.03.2017
өлшемі0.64 Mb.
  1   2   3   4
Cарыағаш аудандық туберкулезге қарсы диспансерінің 2016 жылдың

6 айында атқарған жұмыстары туралы анықтама.
САТҚД-нің желінісі (структурасы)
Сарыағаш аудандық туберкулезге қарсы диспансері 1960 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген: алғашқыда тубдиспансер 150 төсек орынға: 100 – ересектер және 50 балалар арналған. Балаларды емдеу облысқа ауыстырылуына байланысты төсек орын қысқарған. 1998 жылы Келес өңіріндегі тубдиспансер жабылуына байланысты Сарыағаш аудандық туберкулезге қарсы диспансеріне қосылды. Төсек орын 90 койка болды.

Диспансер орналасқан жер телімінің жалпы алаңы 6,0 га. Ғимараттардың жалпы алаңы 3135,5м2.

Барлық диспансер аймағы қоршалып, аяқ жолдарға асфальт төселінген.

Диспансер аумағында төмендегі ғимараттар орналасқан:



  1. Емхана, 1 қабатты. Бұл ғимаратта бас дәрігердің бөлмесі, тіркеу бөлімі, ересектерді қабылдау бөлмесі, ұйымдастыру- әдістемелік бөлім. Ересек науқастардан бөлу мақсатында балалар бөлмесіне емхананың басқа тұсынан есік ашылған.

  2. Әкімшілік бөлімі.

  3. Қабылдау бөлмесі, монша.

4. Ауруханалық бөлім.

5. Бактериологиялық және клиникалық зертхана.

6 . Рентген- диагностикалық бөлім.

7. Асхана бөлімі.

8. От жағатын қазандар орналасқан (котельная) ғимарат.

9. Кір жуатын, камералық залалсыздандыру бөлімдері.

10. Күзет отыратын ғимарат.

Реструктуризацияға байланысты 2011 жылдың 1 қарашасынан бастап диспансер 60 төсек-орын болып азайтылды. 2012 жылдың тамыз айынан 20 төсек орын қарастырылып, қайта 80 төсек орын болды. Себебі, Сарыағаш аудандық туберкулезге қарсы диспансерінде Сарыағаш, Қазығұрт, Мақтаарал, Шардара аудандарының қақырық анализінің МБТ(+), сезімталдығы сақталған І және ІІ санаттағы науқастар емделеді. Этиотропты еммен қоса науқастардың қосымша сырқаттары мен аурудың асқыну белгілері ескеріле отырып, патогенетикалық және симптоматикалық ем комплексті түрде тағайындалады. 2014 жылдың қазан айында 20 тьөсек орын қысқартылып, 60 –қалды. Содан 2016 жылдың ақпан айында тағы да 20 төсек қысқартылып, 40 төсек орын қалдырылды.

2013 жылы сәуір – қыркүйек айларында аудандық тубдиспансерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, 120 млн 104 мың 160 теңге қаржы жұмсалды. 2015ж. диспансердің жалпы алаңы -6га, 3,5 метрлік қоршау жұргізілді. 34 млн. 650 мың қаржы жұмсалды.
Кадрлық ресурстарды дамыту

Сарыағаш аудандық туберкулезге қарсы диспансерінде штат кестесі 142,75 жеке тұлға ретінде 145 адам қызмет істейді (бала күту демалысында: 1 дәрігер, 2 орта буын медицина қызметкері, 1 әкімшілік бөлім қызметкері). Оның ішінде штат кестесі бойынша дәрігерлер – 23,0, жеке тұлға ретінде 16, штат кестесі бойынша медбикелер- 63,5, жеке тұлға ретінде 68, штат кестесі бойынша кіші буын қызметкерлері-33,25, жеке тұлға ретінде 36, штат кестесі кестесі бойынша әкімшілік бөлім қызметкерлері- 23, жеке тұлға ретінде 21 қызметкер жұмыс істейді.

Дәрігерлердің ішінде 14 дәрігерде біліктілік санаты бар (82,3%): Оның ішінде: 3-қызметкерде жоғары санат (21,4%), 9-қызметкерде бірінші санат (64,3 %), 2-қызметкерде екінші санат (14,3%), 3 - қызметкер категориясыз сертификат алғандар (17,6%). Олар еңбек өтілдері 2-3 жыл болғандар және 1- дәрігер бала күту демалысында.

Дәрігерлер арасынан оқуға барғандары: 6, оның ішінде:

Қайта дайындықтан өткені – 0

Білімін жетілдіргендер –6.

Орта буын медицина қызметкерлері бойынша 42 қызметкерде біліктілік санаты бар, оның ішінде 36 қызметкерде жоғары біліктілік санаты (85,7%) (1 медбике бала күту демалысында), 4 қызметкерде бірінші біліктілік санаты (9,5%) (1 медбике бала күту демалысында) бар, 2 қызметкерде екінші біліктілік санаты (4,8%) бар. 29 қызметкер категориясыз сертификат алғандар (40,8%) (1 медбике бала күту демалысында).

Орта буын медицина қызметкерлері арасынан оқуға барғандары: 5 оның ішінде:

Қайта дайындықтан өткені – 3

Білімін жетілдіргендер – 2



Материалдық-техникалық базасы туралы
Сарыағаш аудандық туберкулезге қарсы диспансерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға барлық жағдайлар жасалынған. 2016 жылдың 6 айында бюджеттен материалдық-техникалық қажеттілікке қарастырылған қаржы толығымен игерілген. Жұмыс жүргізуге қажетті материалдық-техникалық базамен толық қамтылып, жыл сайынғы жоспар және тапсырыстар бойынша жұмыс жүргізілуде.

Ұйымның бюджетінің тиімді пайдалануы туралы
2016 жылдың 6 айында облыстық бюджеттен бөлінген 86966,0 мың теңге, қаржы 100 %-ға орындалды. Әр науқасқа жұмсалған күндік қаржы: дәрі-дәрмекке – 800,0 теңге; тамағына -585,0 теңге. Сарыағаш аудандық туберкулезге қарсы диспансеріндегі медициналық қызметкерлері мен жұмысшыларға жалақылары уақтылы берілді, жалақы бойынша қарыздар жоқ.

Негізгі көрсеткіштер мен индикаторлардың орындалуы, мемлекеттік тапсырыс бойынша жоспар және ұйымның жұмыс жоспарының орындалуы туралы.
Ауданда Қазақстан Республикасы Президентiнiң 18.05.1998 жылғы № 3956 Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсартудың бiрiншi кезектегi шаралары туралы жарлығын, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 14.03.2011 жылғы №131 «Туберкулезге қарсы ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы», Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 17.06.2011 жылғы «Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы күрес бойынша іс-шараларды жетілдіру шаралары туралы», Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 22.08.2014 жылғы № 19 «Туберкулез бойынша профилактикалық іс- шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығын, ҚР Үкіметінің 31.05.2014жылғы №597 «Қазақстан Республикасында туберкулезбен күрес жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» қаулысын орындау мақсатында біршама іс – шаралар атқарылды.

2016жылдың 6 айында Сарыағаш ауданы көлемінде туберкулез ауруы бойынша келесі эпидемиологиялық көрсеткіштер тіркеліп отыр:


Алғашқы аурушаңдық 14,2 пайызға немесе 100 мың халыққа шаққанада 21,2- ден (2015 ж), 18,2- ке (2016 ж) төмендеген (65 -тен 57-ге дейін).
Жалпы сырқаттық 8,1 пайызға, яғни 100 мың халыққа шаққанда 63,0-ден (2015 ж.), 57,9-ға (2016ж.) төмендеген.
Туберкулез ауруынан қайтыс болу абсолюттік көрсеткіш бойынша 2015 жылдың 6 айында бір 1 жағдай ( 100 мың халыққа шақ. 0,3), 2016 жылдың 6 айында 5 жағдай (100 мың халыққа шақ. 1,6) болып отыр, яғни 5 есе көбейген.

Кесте №1. 2015 және 2016 жылдың 6 айында аудан бойынша эпидемиологиялық көрсеткіші.







2015 жыл

100 мың халыққа шаққанда

2016

жыл


100 мың

халыққа


шаққанда

1

Ауруға шалдығу

65

21,2

57

18,2

2

Аурушаңдық

193

63,0

181

57,9

3

Өлім

1

0,3

5

1,6

4

Бала-р ара-ғы ауруға шалдығу

1

0,9

3

2,6

5

Жасөс/дер ара-ғы ауруға шал.

-

-

3

16,4

6

Балалар ара-ғы аурушаңдық

1

0,9

3

2,6

7

Жасөспір. ара-ғы аурушаңдық

-

-

4

21,8

8

Өкпе тесігімен алынған науқастар

30

46,1

25

43,8

9

Жұқпалы түрімен ауырған науқастар

40

61,5

25

43,8

10

Асқынған түрімен алынған науқастар

-

-




-

11

Вакцинация

3835

98,4

3949

98,5

12

Ревакцинация

-

-




-

13

ФЛГ жоспары

121130




133560




14

ФЛГ орындалуы

62664

52,0

60541

45,2

15

Манту 2ТЕ жоспары

52619




68897



16

Манту 2ТЕ орындалуы

41771

79,4

54167

80,0

17

Ауруханаға тускен науқастар

107




82




18

Ауру-дан шыққан науқастар

102




104




19

Төсек-орын жоспары

10200




7365




20

Төсек-орын орындалуы

8749




7118




21

Орындалу %

85,7




96,6




22

Төсек айналымы

1,7




2,6




23

Төсектің орташа үзақтығы

145,8




177,9




24

Науқастың орта есеппен ауруханада болуы

85,7




68,4




25

Проф.жоспары

173749




202457




26

Проф.тексеру

104435

60,1

104209

51,4

27

Қатынастағылар МТ +

Есепке алынғаны

Барлығы

Есепке алынғаны

Барлығы

28

Ересектер

108

319

96

432

29

Жасөспірімдер

7

34

10

55

30

Балалар

83

301

94

383

31

Қатынастағылар МТ -

Есепке алынғаны

Барлығы

Есепке алынғаны

Барлығы

32

Ересектер

37

134

26

182

33

Жасөспірімдер

5

15

8

30

34

Балалар

31

157

35

198

35

Қатынастағылар ТБМЛУ

Есепке алынғаны

Барлығы

Есепке алынғаны

Барлығы

36

Ересектер

13

42

12

62

37

Жасөспірімдер

2

7

3

18

38

Балалар

20

118

34

183

Кесте №2. 2016ж. 6 айында Сарыағаш ауданындағы емдеу мекемелері бойынша эпидемиологиялық жағдай








2015

2016




Ауыл әкiмшiлiгi

Табылғ-ан ауру- лар

100 мың халық-қа шаққан-да

Тексер-уде табыл-ған

Асқын-ған түрлерi

Табыл-ған ауру-р

100 мың хал-қа шақ-

қанда


Тексер-уде табыл-ған

Асқын-ған түрлерi

1

Қапланбек

3

25,7

2




3

25,7

3



2

Ақжар

1

15,0



















3

Ж-жолы













1

5,8

1




4

Дербiсек

3

18,3

1




3

19,3

3



5

Кызыл-жар

2

30,8

2




2

30,2

2




6

Жемистi

1

6,8

1
















7

Дарбаза

1

14,8







2

27,8







8

Жылға

1

14,4



















9

Ынтымақ

1

16,9

1




1

16,9

1




10

Куркелес

7

42,2

5




3

18,1

3




11

Көктерек

2

45,2

2




3

69,9

2




12

Тегiсшiл

4

68,8

3




2

34,3

1




13

Әлiмтау

























14

Абай

7

36,2

5




5

23,6

3




15

Бешқубыр

1

7,9

1




1

7,9







16

Ақтөбе

4

29,6

4




3

22,2

1




17

Жүзiмдiк

1

24,1

1




2

48,2

2




18

Бірлесу

1

22,3

1
















19

Ақжол

1

17,8







1

17,9

1




20

Үшқын

























21

Біртілек













2

14,2

1




22

Жамбыл

1

28,8







1

26,3







23

Ошақты

5

77,5

3




4

60,0

4




24

Бозай

1

41,1

1




1

41,0

1




25

Бірлік

1

29,0







3

92,1

3




26

Кошкарата

3

53,6

3




2

35,7

2



27

Бозсу

























28

Мөлтек

3

18,3

3




3

20,1







29

Денсаулық

4

32,4

3




2

17,3

2




30

Шипагер

4

31,5

4




2

15,6

2




31

Ақбура

2

21,2

2




4

42,4

3




32

Сіргелі













1

30,8

1







Аудан бойынша

65

21,2

48



57

18,2

41


Сарыағаш ауданында 2015 - 2016 жылдардың 6 айында алғаш рет туберкулез дерті анықталған науқастарда аурудың асқынған түрі тіркелмеген.


2016-ші жылдың 6 айында алғаш рет туберкулез ауруына шалдыққан 57 науқас есепке алынды, 100 мың тұрғынға шаққанда 18,2. 2015 –ші жылы 6 айда да 65 науқас есепке алынып, 100 мың тұрғынға шаққанда аудан көрсеткіші 21,2 болған еді. 2016 жылы ауруға шалдығу салыстырмалы жылда 8 жағдайға төмендеген,яғни 14,2 пайызға төмендеп отыр.

2016 жылдың 6 айында туберкулез ауруынан өлім-жітім көрсеткіші 2015 жылдың 6 айымен салыстырғанда 4 жағдайға өсіп отыр. 2015 жылдың 6 айында 1 жағдай болған, 100 мың тұрғынға шаққанда аудан көрсеткіші - 0,3, 2016-ші жылдың 6 айында туберкулезден қайтыс болған 5 жағдай (статистикалық басқарманың 2016ж. 5 айындағы мәліметі бойынша 5 жағдай), 100 мың халыққа шаққанда 1,6 болды:



  1. Алиев Жамбыл 1979 ж.т., Абай ауылы, Ақжол көшесі №27 үй 2015 жылдың 24 желтоқсан күні Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің мәжбүрлеп емдеу бөліміне: Екі өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі инфильтрация және шашырау кезеңі МБТ(+) 4 категория, тип ем тәртібін бұзған.Асқынуы: ТЖ ІІ-ІІІ сатысы.Қан айналым жетімсіздігі ІІ сатысы. Кахексия ІІ сатысы. Қосалқы: В 20 ІІІ клиникалық стадиясы, ауыр саты. Созылмалы вирусты гепатит В. Анемия ІІІ кезеңі, ауыр саты диагнозымен стационарлық емге жатқызылған. Науқас үнемі тұрғылықты мекен жайын ауыстырып жүрген. 2013 жылдан өкпе туберкулезімен ауырады. Астана қаласында ТҚД-де 29.03.13 ж - 17.06.13 ж аралығында ем қабылдау барысында дәріге тұрақтылық тестінде HRS дәрілеріне тұрақтылық анықталған. ОДКК шешімімен 2- қатар дәрілері тағайындалып, 17.06.13ж-19.06.13 ж аралығында емделген. Науқастың өздігінен ауруханадан кетіп қалуына байланысты ауруханадан шығарылған. Ем тәртібін бұзып, Шымкент қаласына кетіп қалып, халық емшілерінде емделген. Науқастың денсаулығы нашарлауна байланысты қайта Астана қаласына барған, тексерілген. Нәтижесі бойынша ТҚД-дің 4- терапия бөліміне жатқызылған. 18.03.2014 ж ОДКК шешімімен науқас мәжбүрлеп емдеу мекемесіне жіберілген.Науқасқа 01.03.2015 ж «ем тәртібін бұзған» нәтижесі қойылған. Сарыағаш аудандық сотының 07.04.2015ж мәжбүрлеп емдеу мекемесіне жіберу қажет деп шешім шығарған. Науқастың емнен қашып жүруі себебінен оған көп іздеу салынып, тек 24.12.2015 ж өте ауыр жағдайда ОТҚД-нің мәжбүрлеп емдеу бөліміне жатқызылған. Науқас 30.12.2015 ж жедел өкпе-жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болған. Қайтыс болған науқастың денесі кесуге берілген (вскрытие)




  1. Алдияров Тағайбек 1966 ж.т. тұрақты мекен –жайы Шымкент қаласы, «Сәуле» мөлтек ауданы Жаңа базар көшесі №12 үй, тіркелген орны: Сарығаш ауданы, бомж. Сарыағаш АТҚД-не 19.01.2016 ж Оң өкпенің инфильтративті туберкулезі ыдырау сатысы МБТ(+), ІБ, ІІ категория, тип қайталау, асқынуы: Туберкулезден улану. Өкпеден профузды қан кету. Өкпе-жүрек жетіспеушілігі ІІ сатысы. Өкпенің ісінуі. Қосалқы Анемия ауыр сатысы диагнозымен стационарлық емге жатқызылған. Науқас 22.01.2016 жылы, ауруханаға түскен 3- тәулікте өкпеден профузды қан кетуі салдарынан қайтыс болған.

Науқас 2001 жылы өкпе туберкулезімен ауырып, 1 жыл Өзбекстан Республикасында емделген. 2013 жылы науқас отбасымен ҚР көшіп келген. Бірақ науқас 2 республика арасында келіп кетіп жүрген. 2014 жылы науқас құжаттарын Сарыағаш ауданы Абай ауылы, Артыков көшесі №16 үйге таныс арқылы тіркеткен, бірақ ол жерде тұрмаған, себебі ол жерде стаматологиялық емхана орналасқан. Науқаста ҚР азаматтығы болмауына байланысты РПН базасына енгізілмеген.Науқас Алматы қаласында құрылыста жалдамалы жұмыс істеген. Ауырып жүргеніне 1,5 ай болған, бірақ дәрігерге көрінбей өзінше емделіп жүрген. Сырқаты асқынған кезде Шымкент қаласына Сәуле мөлтек ауданындағы отбасы тұрып жатқан пәтеріне келіп, жергілікті дәрігерге барған. Бірақ дәрігер науқастың тіркеуде жоқ екенін, құжаттары тіркелген орны Сарыағаш ауданына баруын айтқан. 19 қаңтар 2016 ж науқас Абай ауылындағы тубкабинетке тексеріліп, содан Сарыағаш АТҚД-не стационарлық емге жіберілген. Науқас өте ауыр халде болуына, қақырығында қан болғаны себеп егу анализдері алынбаған. Қайтыс болған науқастың денесін туысқандары кесуге бермеген (вскрытие).


  1. Сырлыбаев Сулеймен 23.03.1992ж.т. Сарыағаш қаласы, Ермеков көшесі №134 үй тұрғыны 2016 жылдың 29 қаңтар күні Байдібек ААТҚД-не Екі өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі инфильтрация және шашырау кезеңі МБТ(+) санат. ТБ МЛУ, ШЛУ ТБ, тип қайталау. Асқынуы: Тыныс алу, қан айналым жетімсіздігі ІІ-ІІІ саты. Кахексия ІІ-ІІ саты. Қосалқы: Анемия І саты. ХОБЛ. Созылмалы бронхит. Бас жарақатынан кейінгі жағдай энцефалопатия. Неврозды-интоксикациялық синдром диагнозымен стационарлық емге жатқызылған. Науқас 01.02.2016 жылы жедел өкпе –жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болған. Науқас 2008 жылы І санат емін қабылдап аяқтаған. 2010 жылы САТҚД-де тексеріліп, қақырық анализінде МБТ(+), ренгенде туберкулез процессінің өршуі анықталып, ІІ санат емін ОТҚД-де қабылдау кезінде әкесімен ТБ МЛУ контакт екені ескеріле отырып Сайрам ОТА-на 2 –қатардағы дәрілермен емделуге жіберілген. 25.04.2012 ж емінің толық аяқталуына байланысты ІІ топқа ауыстырылған. Содан ол дәрігердің қадағалауында болмаған, тексерілмеген, себебі Ақтау қаласына кетіп қалған. Сонғы 4-5 ай денсаулығының нашарлауына байланысты САТҚД-не келіп тексерілгенде , Екі өкпеде фиброзды-кавернозды туберкулезі инфильтрация және шашырау кезеңі МБТ(+) ТБ МЛУ анықталған. 26.11.2015 ж ОДКК шешімімен оТҚД-нің 2- терапия бөліміне 2 –қатардағы туберкулезге қарсы дәрілермен емделуге жатқызылды. Емдеу барысында науқаста ІІ-қатар дәрілеріне тұрақтылық анықталуына байланысты науқас 29.01.2016 жылы ОДКК шешімімен ІІІ-қатар дәрілерімен емделуге Байдібек ААТҚД-не жіберілді. Науқастың жағдайы өте ауыр, тубинтоксикациялық және негізгі, қосыша ауруына, тыныс және қанайналым жетіспеушілігіне байланысты. Науқас 01.02.2016 ж жедел өкпе- жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болды. Қайтыс болған науқастың денесі кесуге берілген (вскрытие)

  2. Пирменов Серикбай 17.05.1951 ж.т.ТМЖЖ(БОМЖ –Украинаның азаматтығы жазылған қызыл паспорты бар) Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің симптоматикалық ем бөлімінде 2016 жылдың 25 наурызы күні жедел өкпе-жүрек жетіспеушілігі салдарынан қайтыс болды, диагнозы: Екі өкпенің жоғарғы бөлігінің фиброзды-кавернозды туберкулезі инфильтрация және шашырау кезеңі МБТ(+) ІГ топ Созылмалы жағдай. Туберкулез голосовой связки в фызе инфильтрации. Алиментарлы кахексия. Созылмалы туберкулезден улану.Хроническое легочное сердце. Созылмалы холецистит. Созылмалы панкреатит. Созылмалы пиелонефрит. ТЖ І-ІІ саты. Қан айналым жетіспеушілігі ІІ саты.

Науқас алғаш өкпе туберкулезімен 1981 жылы ауырып, Ташкент қалалсында емделген. Туберкулез ауруының қайталануы 2011 жылда болған, Сарыағаш АТҚД-де 16.11.2011-20.09.2012ж Екі өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі ыдырау сатысы, МБТ(+), 2 санат, қайталанған ауру диагнозымен емделген.29.09.2012 ж ІІ топқа ауыстырылған. 2015 жылдың қараша айында денсаулығы нашарлап, қан түкіріп қайта САТҚД-не жатқызылған. Науқастың қақырық егу анализінде І-қатар дәрілеріне тұрақтылық анықталуына байланысты ОДКК шешімімен ІІ-қатар дәрілерімен емделуге 13.01.2016 жылы ОТҚД-не жіберілген. Ем барысында науқастың жағдайы жақсарған жоқ, жағдайы ауыр: бакскопиялық және егу анализдерінде конверсия болған жоқ, клиникалық және рентгенологиялық көрсеткіштерінің нашарлауына байланысты ОДКК шешімімен 09.02.2016ж ІГ топқа ауыстырылып, ОТҚД-ң симптоматикалық ем қабылдау бөліміне жіберілді. Науқастың жағдайы туберкулезден улану, өмірлік маңызды органдардың қызметінің бұзылуынан ТЖ ІІ-ІІІ саты, қан айналымы жетіспеушілігі ІІ саты өте нашарлап, көрсетілген жан сақтау іс-шараларына қарамай жедел өкпе-жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болды. Қайтыс болған науқастың денесі кесуге берілген (вскрытие)

  1. Сбанбаев Сапарали 29.11.1956 ж.т. Сарыағаш ауданы, Жылға ауылы, Көпжасаров көшесі №2 үй тұрғыны, 2016 жылдың 4 сәуір күні ОТҚД-нің ӨХБ –не: Сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильративті туберкулезі ыдырау сатысы МБТ(-), 2 санат, тип қайталау, жалғастыру фазасы диагнозымен портал арқылы жатқызылды. 21.04.2016 жылы, отадан кейінгі кезеңде, 17-ші тәулікте спонтанды профузды қан кету салдарынан қайтыс болды. Науқас алғаш рет өкпе туберкулезімен 1974 жылы ауырып, емделген. Туберкулездің қайталануы 2015жылы 12 қазан - 21 қаңтар 2016 жыл аралығында СарыағашАТҚД-де Сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі ыдырау сатысы МБТ(+),тип қайталау диагнозымен ІІ санат емінің қарқынды фазасын қабылдаған. Науқастан 29.10.2015ж бактек алынған, нәтижесі МБТ(+) HS- тұрақты, REZ- сезімтал. 21.01.2016 ж- 04.04.2016 ж аралығында жалғастыру фазасын амбулаторлық жағдайда қабылдаған: H-300, R-450, E-800 қабылдаған. 14.03.2016 ж науқас 5- айдағы анализдерін тапсыруға және рентгендік тексеруден өтуге шақыртылды. Науқастың шағымдарына (ентігу, жөтел қақырықпен, кеудесінің шаншып ауырғанына, аузынан жағымсыз иістің шығуына, жалпы әлсіздікке), анализ нәтижелеріне ( ЖҚА 14.03.16ж НВ-120г/л; Эр-4,0; Л-10,7; СОЭ-65 мм/с), кеуде ағзалары рентген суретінің қорытындысына ( слева от верхушки легких и до ІІІ-ребра связанное с корнем легкого инфильтративное затемнение с кольцевидными просветлениями на уровне І-ІІ ребра.Корни тяжистые, расширены, слева инфильтрированы) сүйене отырып, онколог дәрігер кеңесіне жіберілді. Бірақ науқас онкологқа бармай 16.03.2016 жылы ОТҚД-нің ӨХБ меңгерушісі Б.Дутбаевқа кеңес алуға барған және науқас 04.04.2016 ж портал арқылы ӨХБ-не ота жасатуға жіберілсін деген нұсқаулық берілген. 04.04.2016 ж науқас портал арқылы ӨХБ-не жіберілді, диагнозы: Сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі ыдрау сатысы, МБТ(-) ІІ санат, тип қайталау.туберкулездің полирезистенттік түрі (HS- тұрақты). Науқастың сол өкпесінің жоғарғы бөлігіне 12.04.2016 жылы резекция жасалды. Бюлау бойынша дренаж қойылды. 20.04.2016 ж кешкі сағат 19.00 –де дренажды түтікшеден 500 мл қан бөлінуіне байланысты 19.40-да жан сақтау бөліміне ауыстырылып, қан тқтатуға арналған іс-шаралар жүргізіліп, қан тоқтатылды. 21,04,2016ж сағат 16.50-де тосыннан спонтанды профузды қан кету болып, науқас 1500 мл қан жоғалтты.Науқасқа реанимациялық шаралар жасалынды, бірақ іс-шаралар нәтижесіз болды, сағат 17.35 –те биологиялық өлім жағдайы тіркелді. Д/зы: Кавернозды туберкулез бойынша сол өкпенің жоғарғы бөлігіне жасалған лобэктомия отасынан кейінгі жағдай. Сол өкпенің абсцессі. ІІ санат, МБТ теріс. Тип қайталанған. Полирезистенттік туберкулез (HS- тұрақты). Өкпеден профузды қан кетуі, постгеморрагиялық шок. Қайтыс болған науқастың денесі кесуге берілген (вскрытие).

Кесте №3. 2015-2016 жылдары бірінші рет табылған науқастарды структурасы бойынша талдау






2015 жыл

2016 жыл

Өкпелік туберкулез

50

76,9%

39

68,4%

Инф.туберкулез

47

94,0%

39

100,0%

ошақты.туберкулез












ПТК













Шашранды туберкулез

3

6,0%







Өкпеден тыс

15

23,1 %

18

31,6%

Экссуд.плеврит

8

53,3 %

13

72,2%

Туб.папилит.туб.цистит













Туб.спондилит

3

20,0 %

2

11,1 %

Туб.в/г л/узлов













Туб периферич л/узлов

2

13,3%

1

5,6%

Туб.мезаденит

1

6,6%

2

11,1%

Туб.кожи

1

6,6%







МБТ+

40

61,5%

25

64,1%

МБТ -

25

38,5%

32

82,0%

Ыдырау сатысы

30

46,1%

25

65,1 %

БАРЛЫҒЫ

65




57




ересектер

64

98,4%

51

89,6%

жасөспірімдер





3

5,2%

балалар

1

1,6%

3

5,2%


Кесте №4. Бірінші рет табылған науқастарды әлеуметтік жағдайы бойынша талдау.



2015 г.

2016 г.

Жұмыссыздар

48

73,5%

39

68,4%

оқушылыр

-

-

5

8,7%

Студенттер

3

4,6%

2

3,5%

зейнеткерлер

7

10,8%

7

12,3%

оқытушылар

-

-

3

5,3%

н/о

1

1,5%

-

-

Босанғаннан кейін

4

6,1%

-

-

Мед.қызметкерлер







-

-

басқалар

2

3,1%

1

1,7%

БАРЛЫҒЫ

65




57






Кесте №5. Бірінші рет табылған науқастардың гендерлік талдауы.



2015 г.

2016 г.

Еркектер

40

61,5%

30

52,6%

Әйелдер

25

38,5%

27

47,4%

барлығы

65




57






Кесте №6. Бірінші рет табылған науқастардың жас мөлшері бойынша талдауы.


2015 год.

2016 год.

5-7 ж

1

1,5 %

-

-

8-14 ж

-

-

3

5,3%

15-17 ж

-

-

3

5,3%

18-24 ж

16

24,6 %

9

17,6%

25-34 ж

20

30,7 %

14

24,5%

35-44 ж

7

10,7 %

16

28,0%

45-54 ж

10

15,4 %

8

14,0%

55-64 ж

7

10,7 %

1

1,7%

65 ж жоғары

4

6,1 %

3

5,3%

Барлығы

65




57




: files -> history
history -> Сарыағаш аудандық туберкулезге қарсы ауруханасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2013 2015 жылдардағы қызметі туралы есебі Жалпы мәліметтер Ұйымның толық атауы : «Сарыағаш аудандық туберкулезге қарсы диспансері»
history -> История микробиологии
history -> Избрант идес и адам бранд записки о русском посольстве в китай
history -> Глава первая. Развитие культурного самосознания и духовная жизнь русского общества в алексадровский период
history -> Құрастырушы Ешенғазы Немересі Кенжебекқызы Сандуғаш Ешенғазы әулие Алматы-2016 «Ешенғазы әулие»
history -> Шах Зада Есалы Шежірелер шындығы
history -> Нәстілек Сәменбетов Алғабас – ауылым Малкелді – мекенім (тарихи-шежірелік жинақ) Алматы – 2017 ж «Алғабас – ауылым Малкелді – мекенім»
history -> Бағдат Оралбайұлы «Тегімізді тануға талпыныс»
history -> Происхождение русского мата


  1   2   3   4


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет