Бюджетті жоспарлау және бақылау басқармасының бюджетті жоспарлау және талдау бөлімінің бастығы (С-5). Функционалдық міндеттері



жүктеу 19.3 Kb.
Дата18.11.2017
өлшемі19.3 Kb.


Бюджетті жоспарлау және бақылау басқармасының бюджетті жоспарлау және талдау бөлімінің бастығы (С-5).

Функционалдық міндеттері: бюджетті, кірістерді және шығындарды жоспарлау, Ұлттық Банктің бюджетін орындауды талдау мәселелері бойынша бөлімнің қызметін ұйымдастыру және бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. Қаржылық ұйымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Осы қызметтің мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу; бухгалтерлік есеп стандарттарын, салық заңнамасын білу, қаржылық талдау әдістемесін, психология мен кадр менеджменті негіздерін игеру құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.

Бюджетті жоспарлау және бақылау басқармасының ұйымдардың бюджеттерін талдау бөлімінің бастығы (С-5).

Функционалдық міндеттері: Ұлттық Банк ұйымдарының бизнес-жоспарларын талдау, өнімдерді (жұмыстарды және қызмет көрсетулерді) дайындаудың өзіндік құнын есептеу мәселелері бойынша бөлімнің қызметін ұйымдастыру және бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. Қаржылық ұйымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Осы қызметтің мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Бухгалтерлік есеп стандарттарын, салық заңнамасын білу, қаржылық талдау әдістемесін, психология мен кадр менеджменті негіздерін игеру құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.

Бюджетті жоспарлау және бақылау басқармасының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің бастығы (С-5).

Функционалдық міндеттері: мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, мемлекеттік сатып алудың мониторингі, мемлекеттік сатып алу бойынша есеп беруді қалыптастыру мәселелері бойынша бөлімнің қызметін ұйымдастыру және бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: заңгерлік білім (қосымша экономикалық білімінің болуы құптарлық); негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы мәселелері бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын, оның ішінде мемлекеттік сатып алу және банк заңнамасы туралы заңнамаларды, психология мен кадр менеджменті негіздерін білу. Мемлекеттік және шет тілдерін білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.






©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет