«Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару»



жүктеу 239.24 Kb.
Дата12.04.2018
өлшемі239.24 Kb.


Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы «27» сәуірдегі

№ 284 бұйрығына

26-қосымша


«Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар мен қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші тарапынан қызмет көрсету орталықтары немесе «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы (бұдан әрі – Салық төлеушінің кабинеті), Салық есептілігін өңдеу сервистері (бұдан әрі – СЕӨС) ақпараттық жүйесі арқылы;

2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) асып кетуін қайтару бойынша:



салық кезеңі ішіндегі өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 пайызды құрайтын, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушіге салықтық тексеру нәтижелерімен расталған қосылған құн салығының асып кетуін көрсетілетін қызметті алушыға – салық органына қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген, салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс етуге 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінде (бұдан әрі - Салық кодексі) белгіленген (ұзарту кезеңін ескере отырып) соңғы күннен бастап
60 (алпыс) жұмыс күні ішінде жүргізіледі;


салық кезеңі ішіндегі өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 пайыздан азын құрайтын, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушіге салықтық тексеру нәтижелерімен расталған қосылған құн салығының асып кетуін – қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген, салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық органына табыс етуге Салық кодексінде белгіленген (ұзарту кезеңін ескере отырып) соңғы күннен бастап күнтізбелік 180 (жүз сексен) күннің ішінде жүргізіледі;

ірі салық төлеушілер мониторингінде кемінде он екі ай қатарынан тұрған және ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талапты көрсете отырып, ҚҚС жөніндегі декларацияны табыс ететін күні салық есептілігін табыс ету бойынша орындалмаған салық міндеттемесі жоқ көрсетілетін қызметті алушыларға оңайлатылған тәртіппен – ҚҚС асып кетуі сомасын қайтару туралы талап көрсетілген салық кезеңі үшін ҚҚС жөніндегі декларацияны табыс ету үшін Салық кодексінде (ұзарту кезеңін есепке ала отырып) белгіленген соңғы күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;



көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды берген күні салық есептілігін табыс ету бойынша орындалмаған салықтық міндеттемелері жоқ көрсетілетін қызметті алушыларға дербес білім беру ұйымдарына оңайлатылған тәртіппен – ҚҚС асып кетуі сомасын қайтару туралы талап көрсетілген салық кезеңі үшін ҚҚС жөніндегі декларацияны табыс ету үшін Салық кодексінде (ұзарту кезеңін есепке ала отырып) белгіленген соңғы күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

ҚҚС жөніндегі декларация табыс еткен күні камералдық бақылау нәтижелері бойынша ҚҚС жөніндегі салық есептілігінде көрсетілген деректері мен оның тікелей жеткізушілері мен сатып алушыларының ҚҚС жөніндегі салық есептілігіндегі деректер арасында алшақтықтар анықталмаған салық есептілігін табыс ету бойынша орындалмаған салықтық міндеттемелері жоқ көрсетілетін қызметті оңайлатылған тәртіппен – ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап көрсетілген салық кезеңі үшін ҚҚС жөніндегі декларацияны табыс ету үшін белгіленген соңғы күннен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жояды);



тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесінде тәуекелдер санатына жатқызылмаған, ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы жоқ көрсетілетін қызметті алушыларға оңайлатылған тәртіппен – ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап көрсетілген салық кезеңі үшін ҚҚС жөніндегі декларацияны және қажетті құжаттарды табыс еткен күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

ҚҚС қайтару бойынша:

грант қаражаты есебінен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілерге төленген грант алушылар, орындаушылар болып табылатын, грант алушылар деп тағайындалған көрсетілетін қызметті алушыларға –қажетті құжаттарды табыс еткен күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттердің өкілдіктеріне, шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне (бұдан әрі - өкілдік) және осы өкілдіктердің олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, дипломатиялық, әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдарға, консулдық лауазымды адамдарға, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық қызметшілер (бұдан әрі – персонал) – салық органдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен жазбаша хабарламасы бар жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) және ҚҚС төленгенін растайтын құжаттарды алғаннан кейін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару кезінде:

1) мыналар:

ҚҚС бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеуші болып табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызметтер алған кезде төлеуге жататын ҚҚС есебіне, импортталатын тауарларға ҚҚС есебіне;

салық төлеушінің басқа да салық, төлемақы, алым түрлері бойынша;

салық төлеушінің ҚҚС, салық және төлемақының басқа түрлері бойынша салық берешегі болмаған жағдайда, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің басқа да салық, төлемақы, алым түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне ҚҚС асып кеткен сомасын есепке жатқызу;

2) ҚҚС асып кеткен сомасын салық берешегі болмаған жағдайда салықтардың, төлемақылардың басқа да түрлері бойынша (талап бойынша) алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызу;

3) салық берешегі болмаған кезде қалған ҚҚС асып кеткен сомасын салық төлеушінің банк шотына қайтару;

грант есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленген ҚҚС қайтару кезінде:

1) мыналар:

ҚҚС бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеуші болып табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызметтер алған кезде төлеуге жататын ҚҚС есебіне, импортталатын тауарларға ҚҚС есебіне;

салық төлеушінің басқа да салық, төлемақы, алым түрлері бойынша;

салық төлеушінің ҚҚС, салық және төлемақының басқа түрлері бойынша салық берешегі болмаған жағдайда, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің басқа да салық, төлемақы, алым түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне ҚҚС асып кеткен сомасын есепке жатқызу (қайтару);

2) ҚҚС сомасын салық берешегі болмаған жағдайда салықтардың, төлемақылардың түрлері бойынша (талап бойынша) алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызу (қайтару);

3) грант алушыға немесе орындаушыға есепке жатқызулар жүргізілгеннен кейін оның банктік шотына қайтаруға жататын қалған ҚҚС сомасын қайтару.

Өкілдіктерге және (немесе) өкілдіктің персоналына ҚҚС қайтару кезінде – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының банктерінде ашылған өкілдіктердің және (немесе) өкілдіктер персоналының тиісті шоттарына ҚҚС қайтару.

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электронды және (немесе) қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезекпен көрсетіледі, алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;

2) портал, Салық төлеушінің кабинеті, СЕӨС – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті алушы:

1) грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілерге төленген ҚҚС қайтару үшін – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес салықтық өтініш;

2) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – салық кезеңі үшін белгіленген нысандағы ҚҚС жөніндегі декларацияда көрсетілген ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап.

Қосымша:

нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (осындай айналымдар болған кезде) растау үшін тауарлар экспорты бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

1) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – экспортталатын тауарларды жеткізуге арналған шарт (келісімшарт);

2) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – кедендік жүк декларациясы, 2010 жылғы 1 шілдеден бастап кеден органының белгісі бар тауарларға декларация, тауарларды магистральдық құбыржолдар жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша экспорттың кедендік рәсімінде, мерзімдік кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде, уақытша кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкету жағдайларын қоспағанда, 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгісі бар, сондай-ақ Кеден одағының кеден шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі бар тауарларға декларацияның көшірмесі;

3) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – толық кедендік жүк декларациясы, 2010 жылғы 1 шілдеден бастап кеден органының белгісі бар тауарларға декларация, 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгісі бар тауарларға толық декларацияның көшірмесі (магистралдық құбыржолдар жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде әкету кезінде, тауарларды мерзімдік кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкету кезінде, тауарларды уақытша кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкету кезінде);

4) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;

5) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – тауарларды қабылдау-беру актісі (магистральдық құбыржолдар жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде әкету кезінде);

6) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның зияткерлік меншік объектісіне құқығы туралы, сондай-ақ оның құнының растамасы (зияткерлік меншік объектісін экспорттаған жағдайда);

кеден аумағынан тыс жерлерде қайта өңдеу кедендік рәсімінде Кеден одағының кеден аумағынан тыс жерлерге бұдан әкетілген тауарларды немесе оларды қайта өңдеу өнімдерін одан әрі экспорттау жүзеге асырылған жағдайда нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін тауарлар экспорты бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

1) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – оған сәйкес кеден аумағынан тыс жерлерде қайта өңдеу кедендік рәсімін экспорт кедендік рәсіміне өзгерту жүргізілетін кедендік жүк декларациясы, 2010 жылғы 1 шілдеден бастап тауарларға декларация, 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап тауарларға декларацияның көшірмесі;

2) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – кеден аумағынан тыс жерлерде қайта өңдеу кедендік рәсімінде ресімделген кедендік жүк декларациясы, 2010 жылғы 1 шілдеден бастап тауарларға декларация, 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап тауарларға декларация көшірмесі;

3) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – тауарларды шет мемлекеттің аумағына әкелу кезінде кеден аумағында қайта өңдеу (ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу) кедендік рәсімінде ресімделген, осындай ресімдеуді жүзеге асырған кеден органы куәландырған кедендік жүк декларациясының көшірмесі, 2010 жылғы 1 шілдеден бастап тауарларға декларация, 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап тауарларға декларацияның көшірмесі;

4) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – оған сәйкес шет мемлекеттің аумағында ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін шетел мемлекетінің аумағына ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне немесе экспорт кедендік рәсіміне ауыстыру жүргізілген кедендік жүк декларациясының көшірмесі, 2010 жылғы 1 шілдеден бастап тауарларға декларация, 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап тауарларға декларация көшірмесі;

нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін 2012 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған алтын өндіруді және шығаруды жүзеге асыратын салық төлеушілердің алтын-валюта активтерін толықтыру үшін өз өндірісі шикізатынан тазартылған алтынды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізуі бойынша айналым бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

1) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – салық төлеуші мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған алтын-валюта активтерін толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарт;

2) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізілген тазартылған алтын құнын растайтын құжаттардың көшірмесі;

3) тазартылған алтын саны көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тазартылған алтынды алғанын растайтын құжаттардың көшірмесі (ҚҚС асып кетуін қайтару кезінде);

нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін халықаралық тасымалдау бойынша жүктерді тасымалдау кезінде қызмет көрсетулерді өткізу айналымы бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

1) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – тауар-көлік жүкқұжаты, жүкқұжатты көрсетілетін қызметті алушылар халықаралық автомобиль қатынасында жүктерді тасымалдау кезінде табыс етеді;

2) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – бірыңғай үлгідегі жүкқұжат, жүкқұжатты көрсетілетін қызметті алушылар халықаралық және мемлекетаралық қатынастарда теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау кезінде табыс етеді;

3) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – жүкқұжат, жүкқұжатты көрсетілетін қызметті алушылар әуе көлігімен жүктерді тасымалдау кезінде табыс етеді;

4) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – коносамент немесе теңіз жүкқұжаты, көрсетілетін қызметті алушылар коносаментті немесе жүкқұжатты теңіз көлігімен жүктерді тасымалдау кезінде табыс етеді;

нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін магистральдық құбыржолдар жүйесі бойынша қызмет көрсетулерді өткізу айналымы бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

1) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – есептілік кезең үшін әрбір магистральдық құбыр бойынша тауарлардың транзиттік көлеміне арналған кедендік жүк декларациясы, 2011 жылғы қаңтардан бастап есептік кезең ішінде экспорттың және ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімдеріне орналастырылған тауарларға декларацияның көшірмесі не есептік кезең ішінде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға декларация;

2) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – орындалған жұмыстардың актілері, жүктерді қабылдап алу-тапсыру актілері, 2011 жылғы қаңтардан бастап көрсетілген тауарларды жеткізуді бұрын жүзеге асырған сатушыдан не басқа тұлғалардан көрсетілген тауарларды одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын сатып алушыға немесе басқа тұлғаға орындалған жұмыстардың актілері, жүктерді қабылдап алу-тапсыру актілері;

3) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – шот-фактуралар;

нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін жолаушылар мен багаж тасымалдау кезінде халықаралық тасымалдау бойынша қызмет көрсетулерді өткізу айналымы бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

1) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру билеттерін сату туралы есеп, сондай-ақ жол жүру бойындағы автовокзалдар (автостанциялар) жасаған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомостары, көрсетілетін қызметті алушылар автомобиль көлігімен жолаушылар мен багаж тасымалдауды тұрақты тасымалдау кезінде табыс етеді;

2) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – жолаушылардың тізімі, көрсетілетін қызметті алушылар автомобиль көлігімен жолаушылар мен багаж тасымалдауды тұрақты емес тасымалдау кезінде табыс етеді;

3) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру, тасымалдау және почта құжаттарын сату туралы есеп, көрсетілетін қызметті алушылар теміржол көлігімен жолаушылар мен багаж тасымалдау кезінде табыс етеді;

4) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасында сатылған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомосы, көрсетілетін қызметті алушылар теміржол көлігімен жолаушылар мен багаж тасымалдау кезінде табыс етеді;

5) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – теміржол әкімшіліктері арасындағы жолаушылар тасымалдау үшін өзара есеп айырысу жөніндегі баланстық ведомость және жол жүру мен тасымалдау құжаттарын ресімдеу туралы есеп, көрсетілетін қызметті алушылар теміржол көлігімен жолаушылар мен багаж тасымалдау кезінде табыс етеді;

6) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – бас декларация, көрсетілетін қызметті алушылар әуе көлігімен жолаушылар мен багаж тасымалдау кезінде табыс етеді;

7) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – жолаушы манифесі, көрсетілетін қызметті алушылар әуе көлігімен жолаушылар мен багаж тасымалдау кезінде табыс етеді;

8) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – карго-манифест, көрсетілетін қызметті алушылар әуе көлігімен жолаушылар мен багаж тасымалдау кезінде табыс етеді;

9) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – лоджит (орталық-тиеу кестесі), көрсетілетін қызметті алушылар әуе көлігімен жолаушылар мен багаж тасымалдау кезінде табыс етеді;

10) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – жинақтау-тиеу ведомосы (жол жүру билеті мен багаж түбіртегі), көрсетілетін қызметті алушылар әуе көлігімен жолаушылар мен багаж тасымалдау кезінде табыс етеді;

нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу айналымы бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

1) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – тұрақты рейстерді жүзеге асыру кезінде – әуежайдың шетелдік авиакомпаниямен жанар-жағармай материалдарын өткізуді көздейтін және (немесе) қамтитын шарты;

2) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – шетелдік авиакомпанияның өтінімі (ол тіркелген мемлекет, әуе кемесінің болжамды қону күні көрсетіле отырып) және (немесе) әуежайдың шетелдік авиакомпаниямен шарты (келісімі) – (тұрақты емес рейстерді жүзеге асыру кезінде); шетелдік әуе кемесі форс-мажорлық жағдайлар салдарынан қонған кезде өтінім толтырылмайды;

3) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – шетелдік әуе кемесіне май құюға арналған шығыс ордері немесе қойылатын талап (авиакомпания атауы, құйылған жанар-жағармай материалдарының мөлшері, әуе кемесіне май құйылған күн, әуе кемесі командирінің немесе шетелдік авиакомпания өкілінің және май құюды жүзеге асырған әуежайдың тиісті қызметі қызметкерінің қолдары);

4) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес оларға қатысты тауарларды кедендік тазарту және шығару жөніндегі кедендік рәсімдер көзделмеген рейстерді қоспағанда, халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік әуе кемелеріне май құйылған жағдайда – халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанар-жағармай материалдары құйылғанын растайтын, кеден органының белгісі бар көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;

5) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – әуежай өткізген жанар-жағармай материалдары үшін шетелдік авиакомпанияның ақы төлеу фактісін растайтын құжат;

6) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамының шетелдік авиакомпания әуе кемесінің рейсті жүзеге асыру фактісін және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның (авиакомпаниялар бөлігінде) келісімімен уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысанда және тәртіппен өткізілген жанар-жағармай материалдарының мөлшерін растайтын қорытындысы;

нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін 2012 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған арнайы экономикалық аймақтар (бұдан әрі – АЭА) аумақтарында тауарларды өткізу айналымы бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

1) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – АЭА аумақтарында қызметті жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды жеткізу шарты (келісімшарты);

2) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі бойынша тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар тауарлар тізбесі қоса берілген тауарларға арналған декларациялардың және (немесе) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;

3) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға тауарларды тиеп-жөнелтуді растайтын тауарлардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;

4) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың тауарларды алуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін Қазақстан Республикасының аумағында қызметін импортталатын тауарлар ҚҚС-нан босатылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жүзеге асыратын салық төлеушілерге тауарларды өткізу бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:

1) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – жеткізілетін тауарлардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламаларын орындауға арналғандығын көрсете отырып, осындай салық төлеушілерге тауарларды жеткізуге арналған шарт;

2) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – осындай салық төлеушілерге тауарлар тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;

3) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – осындай салық төлеушілердің тауарларды алғандығын растайтын құжаттардың көшірмелері;

грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару кезінде:

1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 275 бабы 4-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы мен шет мемлекет, шет мемлекет үкіметі не Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген халықаралық ұйым арасындағы грант беру туралы шарттың көшірмесі;

2) грант алушы не орындаушы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді жеткізушімен жасасқан шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;

3) ҚҚС қайтару туралы салықтық өтінішпен жүгінуі кезінде оның орындаушы ретінде тағайындалуын растайтын құжаттың көшірмесі;

4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тиеп-жөнелтілгенін және алынғанын растайтын құжат;

5) ҚҚС сомасын бөлек жазып көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушы (ҚҚС төлеуші болып табылатын жеткізуші) жазып берген шот-фактура;

6) жүкқұжат, тауар-көлік жүкқұжаты;

7) көрсетілетін қызметті алушының (грант алушының немесе орындаушының) материалдық жауапты адамының тауарды алғанын растайтын құжатын;

8) көрсетілетін қызметті алушы (грант алушы немесе белгіленген тәртіппен ресімделген жұмыстарды, қызметтерді орындаушы) орындаған және қабылдаған акті;

9) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алғаны үшін ақының төленгенін, оның ішінде ҚҚС төленгенін растайтын құжаттар;

Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттердің өкілдіктеріне, шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне және олардың персоналына ҚҚС қайтару кезінде:

1) жиынтық ведомосі (тізілім);

қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттар (Салық кодексінде белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралар, төлеу фактісін растайтын құжаттар).

Қайтару туралы талабымен ҚҚС жөніндегі декларацияны көрсетілетін қызметті алушылар Салық төлеушінің кабинеті арқылы немесе салық органында орнатылған салық төлеушінің терминалы арқылы СЕӨС бойынша электрондық түрде табыс ете алады.

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген салық органы жүргізетін салықтық тексеру барысында көрсетілетін қызметті алушы табыс ететін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылар ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап көрсетілген ҚҚС жөніндегі декларация табыс етілген салық кезеңі үшін, сондай-ақ ҚҚС бойынша салықтық тексерулер жүргізілмеген, бірақ талап ету мерзімінен аспайтын алдыңғы салық кезеңдері үшін қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау бойынша табыс етеді.

Келу тәртібінде қағаз жеткізгіште табыс етілетін салықтық өтініш екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгімен талон беріледі.

Почта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші почта хабарламасына белгі қояды.

порталға; ҚҚС асып кетуін қайтару үшін жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған салық кезеңі үшін белгіленген нысандағы ҚҚС жөніндегі декларацияда көрсетілген ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап.

Портал, Салық төлеушінің кабинеті, СЕӨС АЖ арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін жолданған сұраудың қабылданғаны туралы күні және уақыты көрсетілген мәлімет жіберіледі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

10. Егер:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін шағын бизнес субъектілері, шаруа немесе фермер қожалықтары, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін белгіленген арнаулы салық режимдерінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті алушы жүгінсе;

2) мемлекеттік қызметті алу үшін ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын және жекелеген жағдайларда ҚҚС төлеу тәртібін қолданатын көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғалар жүгінсе;

3) салықтық тексеру аяқталған күнге:

өнім берушімен өзара есеп айырысулардың дұрыстығын растау үшін қарсы тексерулер жүргізуге сауал салуға жауаптар алынбаған;

тексерілетін салық төлеушінің өнім берушісі бұрын жіберілген сауал салу бойынша қарсы тексерулер жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтарды жоймаған;

бұрын жіберілген сауал салу бойынша салық қызметі органы алған жауаптар негізінде мониторингке жататын ірі салық төлеуші бойынша қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығы расталмаған;

қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігі расталмаған;

қарсы тексеру жүргізудің мүмкіндігі болмауына байланысты, қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігі расталмаған, оның ішінде:

өнім берушінің орналасқан жері бойынша болмауы;

өнім берушінің есепке алу құжаттарын жоғалту жағдайлары, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер болып табылады.

Бұл ретте, салықтық тексеру актісінде қосылған құн салығын мұндай қайтармаудың негіздемесі көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде:



1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағымда:


  1. жеке тұлғаның - оның аты, тегі, әкесінің аты, почталық мекен-жайы, байланыс деректері;

  2. заңды тұлғаның – оның атауы, почталық мекен-жайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінуге қол қоюы қажет.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын

өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары порталда, көрсетілетін қызметті берушінің: www. kgd.gov.kz, Министрліктің: www.minfin.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал, Салық төлеушінің кабинеті, СЕӨС арқылы алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 8-800-080-7777, 1414.


«Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша









: sites -> default -> files -> gosuslugi -> standarty
standarty -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
standarty -> «Темекі өнімдеріне акциздік таңбалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Темекі өнімдеріне акциздік таңбалар беру»
standarty -> «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
standarty -> «Жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі»




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет