«Ботаника және өсімдіктер экологиясы»



жүктеу 308.65 Kb.
Дата03.07.2017
өлшемі308.65 Kb.
Қостанай облысы Федоров ауданы.

Федоров ауданы әкімдігінің «№2 орта мектебі» КММ

Жұмыс тақырыбы:

«Жергілікті жердің дәрілік өсімдіктері»

Бағыты: «Ботаника және өсімдіктер экологиясы»


Автор: Бекентаев Максат Айдарбекұлы

9-сынып


Жетекшісі: Оспанова Сауле Құсманқызы жоғары дәрежелі

І санатты биология пәні мұғалімі



2015 жыл.

Мазмұны.

Кіріспе.
І. Өсімдік жайлы не білеміз.
1. Дәрілік қасиеті бар өсімдіктер.

2. Дәрілік өсімдіктерден дайындалатын қоспалар.

3. Дәрілік өсімдіктерді жинау.

4. Жұмыс нәтижесі.




Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер.


Қосымша материалдар.

бұлақтарды

тазарту

ауылды дәрілік өсімдіктерді

көгалдандыру жинау

құстарға

қамқорлық

жасау

Мектептегі

Іс-шаралар

тұқым жинау

аншлаг жасау,

жаднама ғылыми-зерттеу

шығару жұмыс жүргізу

Ауруды емдеу емес, оның бетін қайтару жеңіл екені бәрімізге мәлім. Сондықтан, мен өзіме мынадай мақсат қойдым:



  1. Ғұлама бабаларымыз емдік қасиет үшін пайдаланып келген дәрілік өсімдіктер туралы айтуды өзіме жөн санадым.

  2. Өз өлкемізде өсетін дәрілік өсімдіктер жайлы толық білу


Мақсатыма жету үшін алдыма келесі міндеттерді қойдым:

Зерттеу міндеттерім:

1. Кітаптар мен интернет арқылы Федоров өңірінде өсетін дәрілік өсімдіктер жайын білу;

2. Кітапханалар мен мұражайдан дәрілік өсімдіктерді анықтау.
Жобаның өзектілігі:

Осы жоба арқылы өз өлкеміздегі дәрілік өсімдіктердің пайдасын білу


Зерттеу жоспары:

  1. Федоров өңірінде өсетін дәрілік өсімдіктер жайында мәліметтер жинақтау;

  2. Осы өсімдіктердің сыртқы сипаттамасы мен оларды қандай ауруларға қарсы пайдаланатынын анықтау;

  3. Осы өсімдіктерді бір жерге жинақтап, кітапша жасау.

Зерттеу объектісі: жергілікті жердің дәрілік өсімдіктері.

Зерттеу тәсілдері:

Байқау;

көру;

есту;


ұстап көру.

Практикалық маңыздылығы: оқушылардың денсаулығын сақтауда, пайдалы өсімдіктердің қорын молайту, жергілікті жерді көгаландыру, сәндік ағаштар егу. Әр адамның экологиялық сауаттылығын және табиғатты қорғау заңдарын білуін қадағалау. Саны аз, шипалы өсімдіктерді мәдени түрге көшіру, түрін сақтап қалу. Өсімдіктер маңызы мен құндылығын халыққа насихаттау үшін мәліметтер толық жинақталған.


Зерттеу нәтижелері:

Қазіргі заманда адам денсаулығын сақтау жайындағы күрес бүкіл елдің қасиетті парызы. Дана қазақ халқы «бірінші байлық денсаулық» деген екен. Денсаулығымыз мықты болу «мысқалдап кірген ауруды» өз өлкемізде кездесетін дәрілік өсімдіктермен ақ емдеп жазуға болады.

Дәрілік өсімдіктермен әуестену біріншіден , денсаулығыңызды сақтауға көмектеседі, екіншіден, отбасының қаражатын үнемдейсіз, үшіншіден, табиғат байлығын қорғауға үлес қосасыз.

Туған өлкенің табиғат байлықтарын зерттеу барысында жүргізілген тәжірибелер арқылы аймақтың экологиялық мәселелерін анықтауға атсалыстым.

Қоршаған орта жағдайлары өз денсаулығымыз бен өмірімізге әсер ететінін түсіндім.
Кіріспе

Жер шарындағы барлық халықтардың табиғат ресурстарын пайдалану және қорғау туралы өзіндік ой-пікірлері мен қалыптасқан салт-дәстүрлері бар. Үндістандықтар сиырды пір тұтып қадірлейді. Ал кейбір халықтар аққу, дегелектерді қастерлейді. Жалпы, түркі халықтары, соның ішінде қазақ халқы түз тағыларын «қасиетті», «киелі» деп санап, ұрпақтарын оларды қорғай білуге тәрбиелеген.

Қазақ халқының бар өмір салты табиғатпен тағдырлас болған. Табиғат аясы- оның тіршілік ететін мекені.

Ұлттық санамыздың ерекше қасиеттерінің бірі- табиғатқа деген зор сүйіспеншілік.

Кезінде қазақ даласын жаяу аралап, оның байлығын әлемге паш еткен геологиялық зерттеулердің атасы академик Қ.Сәтбаев: «Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп, ол туралы ойланбаған жігітті қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес», - деген еді. Бұл киелі сөздердің астарында туған өлкенің табиғатын қорғау жатыр емес пе!

Басқа ұлттар сияқты қазақтар да «киелі» деген сөзге үлкен мән берген. Табиғаттың ерекше бір әсем жерлеріндегі көріністерін, мөлдір бұлақты, кейбір жануарлар мен құстарды, әсіресе түз тағыларын киелі деп қастерлейді. Аң мен құсты бейберекет ауламай, үркітпей қорғап отырған. Халық өздері қастерлеген жерлерді «Әулие бұлақ», «Әулие ағаш», т.б. деп атап келген. Ал қарлығаш, аққу, ұлар, дегелек, т.б. құстарды жақсылықтың жаршысы, адамдарға бақыт әкеледі деп ұясын бұзуға, оларды өлтіруге мүлдем рұқсат етпеген.

Қазақ халқы туған өлкесінң табиғатын сүйе отырып, ондағы жануарлар мен өсімдіктер әлемін де зерттей білген. Орман мен тоғайды, өзен мен көлді, шөл-шөлейтті жерлер мен даланың тіршілік үшін қажеттігін, біртұтастығын байқаған. Табиғаттағы барлық құбылыстарды бақылап, ауа райын, табиғат аппаттарын алдын ала болжап отырған.

Басқа ұлттар сияқты қазақтар да өздерінің ұрпақтарын табиғатты сүюге тәрбиелеуде мақал-мәтелдерге көп көңіл бөлген. Сол арқылы жасөспірімдердің табиғатқа деген сезімін оята біліп, оны сүюге, ал жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеген. «Жер-ана, ел-бала», «Жері байдың – елі бай», «Күте білсең – жер жомарт», - деп жерді Анаға теңеп көркейтсе, ал «Тозған жерде тоқшылық болмайды», - деп жерді қорғауға шақырады. Осындай аталы сөздері мен ешбір елге ұқсамастай салт-дәстүрі бар қазақ жерінің табиғи сипаты неге өзгерді деген сұрақ туады. Әрине, біздің жеріміз әлі де бай , әлі де шұрайлы. Дегенмен Арал, Балқаш, т.б. су айдындары мен орман-тоғайымыздың экологиясы қиын жағдайда екені әлемге әйгілі. Бір кездегі бұл өңірлердегі қалың тоғай жұтаған, аң мен құсы азайып, жануарлардың көптеген түрлері жойылып кетті.

Тіршілік атаулы өз өмірін сақтау үшін күреседі. Сол күрес барысында шыңдалады және ақылдырақ бола түседі. Адам баласының өз өмірі, денсаулығы үшін күрес медицинаның негізін қалады.

Қазақ емшілігі мен дәрігерлігінің пайда болуына көз жіберсек, ертедегі бабамыз Әбу-Насыр әл-Фараби (870-950) мен бүкіл мұсылман қауымның алғашқы дәрігері Әбу-әли Ибн-Синадан (980-1037) бастау алады.

Осы ғұлама бабаларымыз емдік қасиет үшін пайдаланып келген дәрілік өсімдіктер туралы айтуды өзіме жөн санадым. Біздің өлкемізде табиғат жағдайлары әр түрлі болып келетін орманды, далалы, таулы, шөлейтті, шөлді, т.б көптеген аймақтарға бөлінеді. Міне, осындай ұланғайыр өлкеміз өсімдіктер дүниесіне мейлінше бай және алуан түрлі.

Республика аумағында 6000-ға жуық өсмдіктер түрлерін кездестіреміз. Осы өсімдіктердің ішінде дәрілік қасиеті бар өсімдіктердің маңызы зор. Біз өзіміз тұратын өңірінде өсетін дәрілік өсімдіктерді жинап, кептіріп, олардың қандай ауруға ем ретінде қолданылатынын зерттеуді қолға алып отырмыз.



Болашақта Федоров ауылында мынадай игі істер атқарылмақ.

1.Пайдалы өсімдіктердің қорын молайту, жергілікті жерді көгаландыру, сәндік ағаштар егу.

2.Өсімдіктер маңызы мен құндылығын халыққа насихаттау.

3.Өсімдіктер дүниесін қорғауға жаппай атсалысу.

4. Саны аз, шипалы өсімдіктерді мәдени түрге көшіру, түрін сақтап қалу.

5.Көгаландыру, ағаш егу айлығын жариялау, күзде-қыркүйек, көктемде –сәуір айы.

6.Ауылдың келбетін өзгерту.

7.Әр үй, әр оқушы екі ағаштан отырғызуды міндетіне алу.

8. “Қазақстан-2050” әлеуметтік экономикалық бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысу.

9.Әр адамның экологиялық сауаттылығын және табиғатты қорғау заңдарын білуін қадағалау.

Жер бетінде өсетін барлық өсімдіктердің пайдасы дағына көз жіберіп қарасақ, жүрек ауруларын емдейтін дәрі-дәрімектердің 78%, ішек-қарын, бауыр, жүрек дәрілерінен 75%, жатыр ауруларының шипалы дәрі-дәрімектерінің 80%, қан тыятын дәрілердің 65% тек өсімдіктерден алынады. Орман-тоғайлар, әр түрлі шөптер адамдарға қанша пайда келтіретінін түгел санап шығу мүмкін емес.

Алам балысы ақылы мен еңбегінің арқасынада жабайы өсімдіктерден тұқым алып, 2000-нан астам мәдени өсімдік түрлерін қолдан өсіріп шығарды.

Өзіміздің ауылымызда өсетін көптеген жергілікті дәрілік өсімдіктерді пайдалану әдістері туралы бірнеше мәліметтер жинадық. Ауылымыздың тұрғындары алуан түрлі өсімдіктер, тағам, отын ретінде пайдалана жүріп, оларды кейбіреулерін, дертке шипа болатынын және оларды дерттің жеңіл-желпі түрлеріне қолданылуын біледі.





Өсімдік жайында не білесіз?

Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге пайдалануға болатындығын алғашқы қауымдық кезеңнен бастап-ақ білген. Одан бірнеше мың жылдан кейін дәрілік өсімдіктерді емге пайдаланудың мән-жайы халық арасына ауыздан ауызға таралып, кейіннен қағазға жазыла бастаған. Біздің ғасырға жеткен осындай жазбаларда өсімдіктерді ауру-сырқауларды емдеуге пайдалану туралы ілім біздің эрадан алты мың жыл бұрын Ирак жерінде өмір сүрген Шумер мемлекетінен басталғаны айтылған. Онда шумерлік дәрігерлерерлік дәрігерлері бар өсімдіктердің жапырақтарынан, тамырларынан, сабақтары мен дәндерінен ауру емдейтін әр түрлі ұнтақ, тұнба дайындайтындықтары жазылған. Осымен қатар сол уақыттың өзінде-ақ дәрілік өсімдіктерді кептірген кезде күн көзінен олардың дәрілік қасиеті жойылатыны анықталып, кептіру жұмысы күн көзінен таса жерде жүргізілуі тиіс екені дәлелденген. Осы себептен шумерліктер кейбір өсімдіктерді түнде жинау керек екендігін ұсынған. Вавилондықтар мен ассириялықтар сол шумерліктер көрсеткен өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасау әдісін, емдеу жолдарын жалғастырып, кеңейте түскен. Ассирия мемлекетінде дәрілік шөптер өсірілетін арнайы бақ та болған. Египеттіктер олардан үйреніп, дәрілік өсімдіктердің емдік қасиетін кеңінен анықтай отырып алоэ, анис, меңдуана, жалбыз т. б. өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан. Египеттіктер даладағы дәрілік өсімдіктерді жинауымен қатар ассириялықтар сияқты оларды қолдан егіп-өсіруімен айналысқан. Олар дәрілік өсімдіктерді көбейту мақсатында шет елдерге арнайы экспедициялары ұйымдастырып отырған.Тұңғыш рет осы дәрілік қасиеттері бар өсімдіктері Египет мамандары классификация жасаған. Олар дәрілік өсімдіктердің фармакологиялық әсеріне қарай іш өткізетін, құстыратын , қақырық түсіуін жеңілдететін топтарға бөлген. Өсімдіктерді ауру-сырқауды емдеуге пайдалану әр елде өздеріне керек бағытта, әр түрде жүргізілген. Осыдан келіп жалпы дәрілік өсімдіктерді емдеу ісіне пайдалану жолдарын өрістетуге үлкен мүмкіндікке жол ашылды. Дәрілік өсімдіктерді ауруларды емдеуге қолдануда Греция елі біраз рөль атқарған . Греция дәрігері Гиппократ дәрілік өсімдіктердің екі жүзден астам түрін жазып, оларды ау-руларды емдеуге қалай пайдалануға болатындағы туралы толық ғылыми тұрғыдан түсінік берген. Ал, Грецияның Диоскорид деген дәрігері өзінің «Дәрілк заттар» деген еңбегінде дәрілік өсімдіктің алты жүз түрінің қолданылу жолдарын жазған. Рим дәрігерлері бұл өсімдіктерді ауруларды емдеуге пайдалану жайындағы деректерді осы Греция ғалымдарының мәліметтерінен алған. Дегенмен Рим дәрі- герлерінің емдік қасиеті бар өсімдіктердің санын көбейтуге тигізетін әсері де өте үлкен. Плинийдің айтуы бойынша, римдіктер дәрілік өсімдіктердің мыңнан астам түрлерін тапқан. Дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мәліметтерді Оңтүстік Батыс Азия халықаралық да біздің заманымызға жеткізген. Соның ішінде Индия фармокологтары өз елінің флорасынан өсімдіктін сегізі жүзге жуық түрін тапқан. Тибет дәрігерлерінің емдеу әдістері осы Индия, Қытай, Жапон, Монғол елдерінін білімі негізінде құрылған. Осының арқасында болу керек, тибеттіктерде ауру-сырқауды емдеуге пайдаланатын дәрі-дәрмек түрлері өте көб басқа елдерге қарағанда Қытайда бұл салада көзге көрінерлік жұмыстар жүргізілген .Бұл елде дәрілік өсімдіктер туралы кітап жаңа эрадан екі жарым мың жыл бұрын жазылған.

Фармаколог Ли Ши-Чжен XVI ғасырда, өзінің жиырма жеті жылдық зерттеу жұмысын жинақтап, 52 томдық дәрігерлік еңбегін шығарған. Бұл еңбекте дәрілік өсімдіктердің 2000-ға жуық түрі жазылған. Сонымен қатар дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру , одан дәрі жасау әдісі, қандай ауруға қалай пайдалануға болатыны туралы көптеген мәліметтер берілген. Осындай әр елде жүргізілген зерттеулер араб елінің дәрігерлеріне де үлкен әсерін тигізген. Бұдан тоғыз жүз жыл бұрын араб фармакологы Бируни «Китаб-ас-сайдана» деген еңбегінде дәрілік өсімдіктің алты жүзге жуық түрін жазған.

Біздің елімізде де әр түрлі ауруларды емдеуге өсімдіктерді пайдалану ерте уаққыттан басталған. Иван Грозный тұсында дәрілік өсімдіктерді пайдалану үшін тұңғыш дәріхана ашылып, осы бағытта мамандар дайындауға, керекті оқулықтар жазып шығаруға көп көңіл бөлінген. Петр I кезінде Петербург қаласында дәрілік бау- бақша ұйымдастырылған. Сол мезгілден бастап дәрілік өсімдіктерді өсіру, жинау, кептіру жұмыстары қолға алынды. Арнайы экспедициялар құрылып, таби-ғаттан дәрілік өсімдіктерді жинай бастаған. Осы уақытта жергілікті жерде өсетін көп теген өсімдіктер (кенедән, адыраспан т.б ) плантацияларда өсіру шаралары жасалған.

Совет үкіметі құрылғаннан кейін, 1921 жылы «О сборе и культуре лекарс- твенных растений» деген арнайы декаркт жарияланып, дәрігерлік мекемелерге дә рілік өсімдіктер өндіру жұмысын жақсарту міндеттелді. Бұл жұмысты әрі қарай күшейту жұмысында 1925 жылы ССРО Мемлекеттік жоспарлау комитеті дәрілік өсімдіктерді пайдалануға арналған Бүкілодақтық кеңес өткізген. 1931 жылы дәрілік өсімдіктерді пайдалануға ғылыми негіз беру үшін Бүкілодақтық дәрілік өсімдіктер ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырылған. Осындай маңызды ша- ралардың іске асырылуы арқасында дәрілік өсімдіктердің кең түрде деңсаулық сақтау ісіне пайдаланылуы ғылыми тұрғыдан қаралып, дұрыс жолға қойыла бастады.

Бұл шаруашылықтар елімізге керекті шикізаттың алпыс процентін ғана қамтамасыз етеді. Совхоздардағы плантацияларда дәрілік өсімдіктерді өсіру, жинау өте көлемді және қызу науқанмен жүргізілетін жұмыс. Мысалы, фармацефтік өңдірістің бір жылына керекті сегіз жүз тонна қазтабан гүлін кептіріп алу үшін төрт мың тонна жас гүл шоғын 2 апта ішінде жинап үлгеру керек. Өйткені, жинау мерзімі өтіп кетсе, ол қурап, пайдасыз болып қалады. Міне, осыншама мөлшерде және тығыз уақыт ішінде дәрілік өсімдіктерді жинап алу оңайға түспеді. Дегенмен, жұмыстың ауырлығына қарамастан, халыққа керекті препараттарды дайындау үшін 1950 жылы он алты мың тонна, 1960 жылы отыз мың тонна, 1970 жылы отыз мың тонна, 1980 жылы елу мың тоннадан астам дәрілік өсімдіктер жиналды. Бұл өсімдіктердің стрихнин, атропин, платифилин, резерпин, хинидин, аймалин, т. б. көптеген препараттар алынды. Жалпы қолданылып жүрген препараттардың 40 пайызы осы дірілік өсімдіктерден жасалған .

Дәрілік өсімдіктер ... Өсімдікердің бұл тобынан емге керекті дәрі алумен қатар, құрамында әр түрлі витаминдер, микроэлименттер, блок, углевод, май, со- ның ішінде эфир майы болуына байланысты оларды тағамдыққа және басқа да халық қажетіне пайдаланды. Бұлардың ішінен көбіне шөп түрлерін тағамдыққа пайдаланады. Бұлардың ішінен көбіне шөп түрлерін тағамдыққа пайдалану жағы басым. Осы қасиеттің арқасында олар көптеген елдерде жалпы тағамның бір түрі болып есептеледі. Франция тұрғындары қайнаған ыссы суға қантты езіп, аюбалдырғанның уақталған жапырақ сабағының үстіне құйып тәтті тағамдар жасайды. Ал солтүстік жақтың тұрғындары аюбалдырғанның жас бұтақтарын уақтап салат жасайды немесе басқа тағамдарға қоспа ретінде пайдаланады. Оның әсіресе дәні мен екі жылдық тамыры хош иісті келеді. Сондықтан оларды ыстық тағамдарға дәмдеуіш ретінде, тағам толық пісуге 3-5 минут қалғанда қосады. Жаңа жиналған тамырынан тосап, цукат жасайды. Кептірілген тамыр ұнтағын жұпар иіс беру үшін нан илегенде ұнға араластырады. Тамыр ұнтағын қуырған етке ( әзір болуға 5-7 минут қалғанда ) салуға, шай демдегенде қосуға болады
Дәрілік қасиеті бар өсімдіктер.

сканирование0018


Итмұрын -көп сабақты, тікенді кішілеу бұта.

Гүлдері қызғылт тусті, жемісі қызыл, әндерін

тікенекті тук басқан.

Еліміздің барлық жерлерінде, соның ішінде

Қостанай облысында да тараған. Тоғайлы

жерлердің ашық алаңдарында, бұталар

арасында өседі.

Дәрәлікке жемісі, гүлі, жапырағы пайдаланады . Жемісінде С, А,В, К, Р витаминдері, ал дәнінде Е витамині бар. Итмұрын тұнбасын асқазан жұмысын реттеуге, бауыр, бүрек, қуық ауырғанда ішеді. Кептіріліп, уақталған итмұрын жемісінің бір ас қасығын ыдысқа салып, үстіне екі стақан ( 400 мл ) қайнаған ыссы су құйып 10-15 минут беті жабық ыдыста қайнатады. Тұнбаны салқындатып, дәкемен сүзеді. Осылай дайындалған тұнбаны күніне екі мезгіл тамақ алдынан 0,5-1 стақаннан ішеді. Бұдан басқа кепкен жемістің 40-50 грамын қайнаған 1 литр ыссы суға салып, тұндрып күніне үш мезгіл жарты стақаннан ішуге болады. Ал гүлін шай ретінде ішуге болады.

сканирование0020


Итошаған- биіктігі 60 см шамасында, біржылдық шөп. Сабағы цилиндр тәрізді, бұтақтары қарама-

қарсы орналасқан тарам-тарам болып

келеді. Жапырақтары да қарама-қарсы

отырған. Гүлдері уақ, сары түсті кішілеу

себет құрып сабақтары мен бұтақтары

басында орналасқан. Маусым айынан

қыркүйекке дейін гүлдейді.

Дәрілікке итошағанның жапырағы молырақ бас жағы пайдаланылады. Мұның шөбінде каротин, аскорбин қышқылы, эфир майы, илік заттары бар. Шырынның әр түрлі ауруларға- экземаға, дезентирияға, буын ауырғанда, қан азайғанда, диатезді емдеуге қолданады.

Итошаған шөбінің тұнбасы төмендегідей жолмен дайындайды: кептіріліп, уақталған шөптің бір ас қасығын ыдысқа салып, үстене бір стақан қайнаған ыссы суды құйып, оны суы бар ыдысқа орналастырып, бетін жауып 15 минуттай қайнатады. Содан кейін үй ішінде 45 минуттай салқындатып, сүзіп, алынған тұнбаны стақанға құйып, толмаған жерін қайнаған су құйып толтыру керек. Осылай дайындалған тұнбаны күніне 2-3 мезгіл 1 ас қасықтан ішуге болады.


Қалақай-көпжылдық шөп өсімдігі. Төрт қырлысканирование0056

сабақтарына қарама-қарсы орналасқан түкті

жапырақтары бар. Тамыры көлбей жайылып,

өркенлерінің арқасында айналаға қалақайдың

кеңінен такрай өседі. Гүлдері уақ көк түсті,

маусым айынан бастап күзге дейін гүлдейді.

Еліміздің барлық территориясында, соның ішінде Қазақстанда да көп тараған. Үй айналасында, жол бойында, тоғайлы жерлерде өседі. Дәрілікке қалақайдың жапырағы пайдаланылады. Бұл шөптің жапырағында каротин (14-30%, С витамині (100-200 мг), уртицин гликозиді, калий, кальций, темір тұздары т.б заттар бар.

Қалақай жапырағының тұнбасы өкпеден, ішектен және жатырдан қан кеткенде ішеді. Бұл тұнба төмендегідей жолмен дайындалады. Кекптіріліп, уақталған жапырақтың бір ас қасығын ыдысқа салып, үстіне 1 стақан қайнаған ыссы су құйып, 10 минут тұндыру керек. Содан кейін салқындатып, сүзеді. Осылай алынған тұнбаны қайтадан стақанға құйып, толмаған жерін қайнаған су құйып тотыру керек. Осы тұнбаны күніне 3 рет бір ас қасықтан ішу керек. Бұдан басқа дәріханаларда қалақайдың жасалған экстрактың бірнеше түрі сатылады.



сканирование0028


Қарағай- кәдімгі өзіміз білетін қылқанды,

биіктігі 30 метрге жететін ағаш. Қабығы

қызыл-қоңыр тілімденген мамыр,

маусым айларында гүлдейді.

Көбінесе құмды жерлерде , өзен

жағалауларында, таулы етектерде өседі.



Дәрілікке қабығы пайдаланылады . Қарағайдың әсіресе жас қылқандары С, К витаминдері және каротинге өте бай келеді. Сондықтан одан арнайы тұнба жасап ішуге болады. Ол үшін 30 г жас қылқанды салқын сумен жуып, суы бар ыдысқа қойып, 20 минут қайнатады. Содан кейін дәмін аздап өзгерту үшін қант қосады. Күнделікті ішуге тұнбаны жаңадан дайындап отыру керек. Қарағай бүршігінің тұнбасы жоғары тыныс жолдарын емдеуге пайдаланады.

Ол үшін 10 г бүршікті ыдысқа салып, үстіне бір стақан қайнаған ыссы су құйып, тұндырады. Осы тұнбаны бір күнде ішеді. Қарағай қылқандарынан витаминді сусын жасаудың тағы бір түрі бар. 50 г жас қылқанды езіп, үстіне 2 стақан қайнаған ыссы су құйып, 2 сағат қараңғы жерде тұндырады.Тұнып болғаннан кейін дәкемен сүзіп, аздап сірке қышқылын тамызып қант қосу керек . Бұл тұнбаны жаңа күйінде бірден ішу керек. Көп тұрса витамині азаяды. Бір стақан қарағай қылқандарынан жасалған тұнбада лимон шырынымен салыстырғанда витамин мөлшері 5 есе артады.



Мендуана- биіктігі 120 см-дей, сабағы тік өсетінсканирование0019

екіжылдық шөп өсімдігі. Тамырының жер бетіне

жақын жағы жуан келеді. Жапырақтары ірі,

тілімделген, өсімдік сабағына кезектесіп

орналасқан . Гүлдері сары түсті, ерекшк иісі бар.

Шілде- тамыз айында гүлдейді де, тамыз-

қыркүйек айларында дәндері піседі. Дәндері

уақ, көп болып қауашақтар ішінде орналасқан.

Мендуана еліміздің, соның ішінде Қазақстанның

оңтүстік өлкелерінде көп тараған. Көбіне тұрғын

үйлер арасында және пайдаланудан қалған жерлерде өседі.

Дәрілікке мендуананың дәні мен жапырағы пайдаланылады. Оның құрамында атропин, гиосциамин, скополамин сияқты алколоидтар болады. Бұдан жасалған дәрілер демікпе, көз, тіс ауырғанда қолданылады. Демікпеге шалдыққанда ішетін астматолла ұнтағының құрамына кіреді. Спиртке, болмаса араққа салып тұнба жасайды. Ол үшін 1 ас қасық уақталған мендуана жапырағына 100 мл қайнаған суға тамызып, күніне 3 рет ішеді. Бұдан басқа 0,25 грамм уақталған жапыраққа 100 мл қайнаған ыссы су құйып, ол қара қою массаға айналғанша қайнаитады. Осы массаның шай қасықтың 1/20 бөлігін алып жарты стақан суға ерітеді. Осы ерітіндінің 2 тамшысын бір ас қасық суға тамызып, күніне 3 рет мезгіл ішу керек

Мендуананың улы қасиеті күшті, сондықтан алдын ала дәрігердің кеңесін алған жөн. Негізінде меңдуананың дәріханаларда сататын майы, экстрактларын пайдаланған дұрыс.Осы себептен де ол пісіп жетілген уақытта әсіресе балалар оның қауашығына және жұмсақ әрі уақ тары сияқты дәндеріне қызығып жеп қоюы да мүмкін. Осыдан сақ болу керек.

Мыңжапырақ- биіктігі 10-120 см, көпжылдық шөп өсімдігі. Тамыры тарамданған жіңішке келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүлдері уақ, әр түрлі түсті болады. Сабақ басында гүл себетін құрады. Шілде- тамыз айларында гүлдейді.

Дәрілікке гүлі, жапырағы, алколоидтар, эфир майы, С витамині, каротин, органикалық қышқылдар тағы басқа заттар болады. Осы шөптен жасалған тұнба қан аққанда тоқтатуға, асқазан ауруларын, әр түрлі сыртқы жараларды емдеуге пайдаланады. Тұнба дайындау үшін, бір ас қасық кептіріліп, уақталған шөпті ыдысқа салып үстіне бір стақан жылы су құйып 15 минут қайнатып, содан кейін 45 минут үй ішінде салқындатып тұндырып сүзеді.Осылай дайындплған тұнбаны күніне 3 мезгіл 1 ас қасақтан тамақмтан кейін ішеді .


Өгейшөп- тамыр сабақтары ұзын көпжылдық сканирование0021

өсімдік.


Сабақтары бұтақсыз, ақ түсті мамық түктер

басқан,жапырақ қатпарлы қоңыр түсті жіңішке

келеді. Гүлдері сары, ірі себет болып жиналған.

Сәуір- мамыр айларында гүлдейді .



Қазақстанның барлық жерлерінен кездеседі. Көбіне өзендердің құмды арналарында, тау өзендерінің жағасында өседі. Емге оның жапырақтары пайдаланады. Одар тұнба жасап, жөтелді басуға, бронхит, ларингит, бронхоэтказ кезінде қақырық түсіруін жеңілдетуге пайдаланады. Жапырағында жусиляген гликозиді бар. Тұнба дайындау үшін кептірілген бір қайнаған қасық жапырақты ыдысқа салып, үстіне бір стақан қайнаған ыссы су құйып, 30 минут тұндырады. Содан кейін сүзіп, күніне 4-6 рет бір ас қасықтан ішеді.

Шалфей- биіктігі 70 см-дей көп жапырақты бұта.сканирование0022

Ұзындығы 3,5-3 см, хош иісті, қарама-қарсы

орналасқан қоңыр жасыл түсті жапырақтары бар.

Гүлдері күлгін түсті, масақ тәрізді гүл шоғын құрады.

Жемістері диаметрі 2,5 см-ден төрт шаттауықтан

тұрады. Маусым-шілде айларында гүлдейді.


Дәрілікке жапырағы пайдаланылады.Жапырағында эфир майы, алколидтар,флавоноидтар, парадифенол, илік заттар, олеонол, урсол қышқылдары бар. Шалфей жапырағының тұнбасымен тамақ қызарып, ісініп ауырғанда ауызды шаяды. Ол үшін тұнба төменлегіше дайындалады. Шалфей жапырағының 10 граммын ыдысқа салып үстіне бір стақан қайнаған ыссы су құяды. Осыдан кейін 20 минуттай тұндырып, сүзеді. Жылы күйінде осы тұнбамен бірнеше рет шаю керек. Тұнбаны 2-3 күн сақтауға болады.


Жолжелкен.сканирование0023




Сырт көрінісі. Көпжылдық

шөптектес


өсімдік. Тамыры, сабағы қысқа, ал гүл

өсетін сабағының биіктігі 20-40 см дейін

жетеді.




Жинау әдәсі. Жапырақтарын маусым- шілде айларында жинайды, бүлінбеген, бүтіндерін толық өсіп жетілгенде сағағымен қосып кептіреді.

Химиялық құрамы. Майлар нәруыздар, лимон қышқылы, калий тұздары, С, К дәрумендері.

Қолданылуы. Дизентирия, ірінді жаралар, көкжөтел аурулары.

Дайындау әдісі. 200мл ыстық суға кептірілген жапырақпен тамырды үгіп, екі ас қасық салып, сүзіп тұнба аламыз.

сканирование0024


Долана- сабақтары тікенекті кішкене келген

бұта. Жапырақтары ірі, қою жасыл түсті

кезектесіп ораласқан. Айналасы араның тісі

сияқты, ал гүлдері уақ, ақ түсті, гүл шоғыры

қалқан тәрізді болады. Жемісі уаұ, алма

формалы ашық қызыл тусті, диаметрі 8-10 см

шамасында. Долана мамыр-маусым айларында

гүлдейді жемісі тамыз-қыркүйек айларында

піседі.

Долана еліміздің Европалық бөлігінде Батыс және Шығыс Сібірдің тоғайлы жерлерінде, Орта Азия мен Қазақстанның таулы аудандарында тараған.Өзен жағалаулары мен олардың арналарында, тау етектерінде өседі. Қазіргі уақытта бақтар мен парктерде егіп өсіріліп жүр. Емге долананың жемісі мен гүлі пайдаланады. Жемісінде гликозидтер,органикалық қышқылдар, холин тағы басқа заттар бар. Долана жемісі мен гүлінен дайындалған тұнбалар қан тамырының қысымын бәсендетуге, адам ұйқысын реттеуге пайдаланады.



Емге керекті тұнбалар төмендегідей жолмен дайындалады:

1.Долана жемісін уақтап, 70 проценттік спиртке салып, біраз уақыт ұстау керек. Бұл жағдайда долана жемісі және спирт 1:0 мөлшерінде алынады. Осылай дайындалған тұнбаның 20-30 тамшысын тамақтан бұрын күніне 3-4 мезгіл ішу керек.

2.Бес грамм долана гүліне бір стақан қайнаған ыссы су құйып, бетін жауып, су құйылған кеңірек ыдысқа орналастырып 15 минут қайнатады. Бөлме температурасында 45 минуттай суытып, сүзеді. Алынған тұнбаны стақанға құйып, толмаған жеріне қайнаған су құйып, толмаған жеріне қайнаған су құйып, толтыру керек. Осылай дайындалған тұнбаны күніне үш мезгіл 4-5 ас қасықтан ішеді.

сканирование0025


Чабрец- жер бетіне жайылып өсетін кішкене бұта

Қызыл қоңыр, сабақтары жерге төселе жайылып,

кей жерлерде көтеріліп өседі. Гүлдері жиналып,

бұтақ басында гүл шоғын құрайды. Маусым-шілде

айларында гүлдейді.

Көбіне тау бөктерніде, ашық құмды жерлерде, қарағайлы тоғайларда өседі. Дәрілкке чаврецтың шөбі пайдаланылады.. Онда эфир майы (тимол, цинеол), урсол, олеин қышқылдары бар. Мұны қақырық түсуді жеңілдетуге, ескі бронхит, демікпе, көкжөтел, гастрит ауруларын емдеуге тұнба қолданады. Тұнба дайындау үшін екі ас қасық кептірілген, уақталған шөпті ыдысқа салып, үстіне бір стақан қайнаған ыссы су құйып оны суы бар ыдысқа орналастырып, бетін жайып 15 минут қайнатады. Содан кейін үй ішінде 5 минут салқындатып, сүзіп, стақанға құйып, толмаған жеріне қайнаған су қосып толтырады. Осылай дайындалған тұнбаны күніне 3 мезгіл стақанның 1/3 мөлшерін жұтымдап ішу керек.


Сасықшөп – сабағы тік өсетін сұр түсті, бұтақты, сканирование0058

биіктігі 30-50 см көпжылдық шөп өсімдігі. Жапырағы

қоңыр жасыл түсті, гүлдері қызғылт түсті, жоғарғы

жапырақтары түбінде шоғырланып орналасады. Өзен

жағалауында, арналарда, адам аяқ баспайтын

жерлерде өседі. Дәрілікке өсімдіктің жапырағы

көп жоғары бөлігі пайдаланады. Бұл өсімдіктің

экстактын жүрек неврозын, гипертонияның

бастапқы кезінде, эпилепсияны, алқым безі

қабынуынан емдеуге болады.Дайындалған

тұнбаны бір ас қасықтан күніне үш рет ішу керек.

Сүйелшөп – биіктігі бір метрдей, қысқа тамырлы көпжылдық өсімдігі. Сабағы қырлы, көп жапырақты, бұтақты болып келеді. Жапырағы шар тәрізді айналасы тілімденген.Гүлдері сары түсті, ұзын сабақтарының басына жиналып шатыр сияқты болып орналасады. Мамыр айынан бастап тамызға дейін гүлдейді. Дәрілікке бұл өсімдіктің шөбі пайдаланылады. Онда түрлі алкалоидтар, каротин және аскорбин, хемидон, алма, лимон және янтарь қышқылдары, С витамині болады.

Сүйелшөппен денеде болатын сүйел,шиқан, теміреткі сканирование0059

сияқты ауруларды емдеуге болады. Емдік дәрі былай

дайындалады: жақсы ұнтақ етіп уақталған сүйелшөпті

вазелинге болмаса ланолинмен араластырады.

Вазелин мен сүйелшөп ұнтағы 1:1 мөлшерінде



алынады.

Дәрілік өсімдіктерден дайындалатын қоспалар.

Әр түрлі өсімдіктердің емдік мақсатта жиналған бөліктерін уақтап турап, әр түрлі қоспа жасап, оларды емдік мақастта қолдану ел арасында ертеден тараған. Қазіргі уақытта, фармацевтік фабрикаларда дәрілік өсімдіктерден жасалған қосындылар дәріханаларда сатылады. Дегенмен қолда бір өсімдіктерден үй жағдайында керекті қоспаларды жасап, пайдалануға болады. Олар төмендегідей топтарға бөлінеді:

Тыныс органдары ауырғанда пайдаланылатын қоспалар:

А) жалбызтікен тамырының екі бөлігі, өгейшөп жапырағының екі бөлігі, жұпаргүл шөбінің бір бөлігінің қосындысы. Осы қосындының бір ас қасығында екі стақан (400мл) қайнап тұрған су құйып, шай демдегендей қайнатады. Сонаң соң 20 минут тұндырып, дәкеиен сүзеді. Осы тұнбанны жылы күйінде араға үш сағат салып стақанның ¼ бөлігін ішуге болады.

Асқазан ауырғанда пайдаланатын қоспалар:

Қалақай дапырағының үш бөлігі, итшомырыт қабығының үш бөлігі, жалбыз жапырағының екі бөлігі, иір тамырының бір бөлігі, шүйгіншөп тамырының бір бөлігінің қосындысы.Осы қосындының екі ас қасығына бір стақан қайнап тұрған су құйып, 10 минут қайнатады.Қайнап болғаннан кейін дәкемен сүзеді. Осылай әзірленген тұнбаны жатар алдында жарты стақаннан ішеді.

Тамаққа тәбет арттыратын қоспалар:

Жусан шөбінің бір бөлігі мен сүбеде жапырағының бір бөлігінің қосындысы. Осы қосындыны екі шай қасығына бір стақан қайнап тұрған су құйып, шай дәмдегендей қайнатып, дәкемен сүзеді. Осылай дайындалған тұнбаны күніне екі мезгіл тамақ алдында жарты стақаннан ішеді.

Жусан шөбінің екі бөлігі, мыңжапырақ жапырығының екі бөлігі, бақбақ тамырының бір бөлігінің қосындысы.Осы қосындының бір ас қасығына бір стақан қайнап тұрған су құйып, шай дәмдегендей қайнатады. Дәкемен сүзіп алынғын тұбаны тамақтанудан 15-20 минут бұрын, 1-2 ас қасықтан ішеді.

Тамақ ауырғанда жасалып пайдаланатын қоспалар.

Шалфей жапырағының бір бөлігі, құлқайыр гүлінің бір бөлігінің қосындысы.Осы қосындының жарты шай қасығын бір стақан су құйып қайнатады. Тұнбаны жылы күйінде тамақ шаюға пайдаланады.

Тер шығаруға пайдаланатын қоспалар.

Танқурай жемісі 40 г, өгейшөп жапырағы 40 г мөлшерінде алынады. Екі ас қасық қоспада бір стақан қайнаған су құйып 20 минут тұндырады. Сүзіп, кәдімгі шай сияқты ішуге болады.

Шалфей жапырағының, құлқайыр гүлінің тең мөлшердегі қоспасының бір ас қасығына бір стақан қайнаған су құйып 15-20 минут тұндырады, дәкемен сүзіп салқындатқаннан кейін күніне бірнеше рет тамақты шаю керек.

Бұлардан басқа шөп түрлерін ауыстыра отырып, емгекеректі бірнеше қоспалар жасауға болады (дәрілік өсімдіктер грамм есебімен алынады).




Дәрілік өсімдіктерді жинау.

Өсімдіктерді жинауға шығар алдында олар туралы толық мағлұмат беретін нұсқаулармен жете танысқан жөн. Сонымен қатар, күрек, пышақ, секатор, қайшы сияқты құралдардың болғаны дұрыс. Өсімдік жапырағын, гүлін және тамырын жинаған кезде осы жоғарыдағы аталған құралдарды ұқыпты әрі орынды түрде пайдаланып, кесіп, болмаса қазып алған дұрыс. Бұлай болмаған күнде өсімдіктер қатты зақымданады. Неге десеңіз, өсімдік гүлін я жапырағын қолмен жұлғанда оның тамырынан жұлынып қалуы мүмкін. Жиналған өсімдіктерді салатын рюкзак, себет, кішігірім қалталар ала шыққан жөн. Өсімдікті бір жерден бірнеше жыл қатарынан жинауға болмайды. Дәрілік өсімдік өсіп тұрған жерлерде сол өсімдіктің болашақта өсіп-өнуі үшін әр маусымда белгілі бір мөлшерін қалдырып отырған дұрыс. Сонымен қатар өте жас өсімдіктерге тимей, толық пісіп жетілгендерін алу керек. Себебі бұларда биологиялық активті заттар мөлшері басымырақ болады. Яғни, бұл қасиет өсімдіктердің өсу кезені мен мүшелеріне байланысты деген сөз. Сондықтан өсімдіктің қай мүшесін қай мезгілде жинау керегінде жинау дұрыс. Өсімдік тамырларын толық пісіп-жетілген уақытта, күз айларында жинайды. Ал жазғытұрым жинауға тура келетін болса, онда тамыр өсіп-өнуі басталмай тұрғанда жинау керек. Өсімдік жапырағын толық гүлдеу мезгілінде жинайды. Зиянды жәндіктермен, түрлі аурулармен зақымданған жапырақтарды жинауға болмайды. Гүлдерді өсімдіктер гүлдей бастағанда жинайды. Зақымданған және тозаң басып, қатты ластанған гүлді де жинамағаны дұрыс. Бүршіетерді жазғытұрым ерте, ол ашылмай жаңа бөртіп, тола бастағанда жинайды. Өсімдік қабығын бүршік толығып, сөл жүре бастаған уақытта жас бұталардан жинаған дұрыс. Олардың қабығын жинау үшін, пышақпен екі жерден көлденең- арасын 20-30 см етіп жарты сақина жасап тіледі. Содан кейін олардың арасын жоғарыдан төмен қарай екі жерден тіліп қосады да, жоғарғы жарты сақина тіліктен бастап пышақ ұшымен көтеріп, қабығын сыдырып алады. Бұл жағдайда өсімдіктің тек жарты қабығы алынады да, қалған бөлігі өсімдікте қалып, сөл жүру процесін жалғастыра береді. Өсімдік шөбін негізінде гүлдеген негізінде гүлдеген мезгілде жинайды. Ол үшін өсімдікті жапырағы көп жоғарғы жағын гүлімен қоса, төменнен екі-үш жапырақ қалдырып, кесіп алады. Сарғайған, зақымданған жапырақтарды алып тастау керек. Өсімдіктің жемісі мен дәнін пісіп жетілгенде жинайды. Кейбір өсімдіктерде олар ертерек пісіп, түсіп қалу қуіпі туады.Сондықтан ондай өсімдіктердің жемісі мен дәнін ертерек жинауға да болады.

Өсімдік жапырақтарын, гүлдері мол сабағын күн ашық, құрғақ уақытта, ертеңгі шық кепкеннен кейін жинаған жөн.Өсімдік тамырларын қазып алғаннан соң жабысқан топырақтарын салқын сумен жуып тазартады. Өсімдіктерді жинауға кіріскенде бір ескеретін нәрсе- жинайтын адам қолына қолғап кигені дұрыс. Себебі көптеген өсімдіктер тікенекті келеді. Жинап алынған өсімдіктерді дереу кептіріп алған жөн. Себебі тез кептірілген өсімдіктерде оның дәрілік қасиеті мен сапасы көбірек сақталатыны даусыз. Жиналған өсімдік мүшелерін кептіру жұмысы көлеңке, жел қағып тұратын жерге қағаз төсеп, болмаса басқа төсеніш үстіне жайып, әлсін-әлсін аударып отырып кптіру керек. Жақсы кепкен өсімдік қолмен уқалағанда бірден морт етіп сынып кетеді. Кептірілген өсімдікті қағаздан жасалған қалтада, немесе картоннан істелген қорапқа салып, ішіне қағаз төсеп, қараңғы, әрі құрғақ жерде сақтайды. Оларды жіпке тізіп, іліп я болмаса ағаш ердене үстіне жаю керек. Әр түрлі зиян кестер тимеуін қамтамасыз еткен дұрыс.












Жұмыстың нәтижесі.

Дәрілік өсімдіктердің адам ағзасына тигізетін әсері.

.

Ұлан-ғайыр қазақ даласында шөптермен дәрі-дәрімектік өсімдіктер көптеп өсетін болғандықтан, емдік қасиетін ертеден білген. Соның натижесінде ауруға ұшырған адамдарды дәрілік өсімдікпен емдеу ілгеріден-ақ кең тараған.

Сиыр қарақат өсімдігінен жасалған тосап пен тұнбаны үздіксіз пайдаланған кезде қан қысымы төмен ауру адамның қанынаның құрамындағы гемоглобиннің жоғары көтеріліп, қан қысымының біраз тұрақтанғанын көруге болады. Ал жолжелкен өсімдігін жара шыққан жерге таңып ұстаған кезде, жарадағы іріңді сорып, тез жазатынын байқадық. Қалақайдың кептірілген жапырақтарының өкпе плевриті және созылымалы тері ауруларына пайдалануға болады екен. Бақбақ өсімдігінен жасалынған тосап іші құрылысы (бүйрек, бауыр, өт жолы), неврит ауруларына өте керемет ем ретінде қолданылады. Долана жемістерінің кептіріп, жүрек бұлшық еті мен ми нейрондарын оттекпен қамтамасыз ететін және қан қысымын төмендететін тамаша емдік қасиеті бар.


Қазіргі нарық кезеңіндегі, әсіресе ауылды жерде дәрі-дәрімектер табу қиынға түседі.Қазақстан республикасындағы 6000-ға жуық өсімдіктердің 30-40 шақтысы біздің өңірде өседі. Осы өсімдіктердің химиялық құрамын және емдік қасиетін зерттей отырып, анықтамалық кітапшасын жасауды қолға алып отырмыз. Бірнеше өсімдіктердің жалпы сипаттамасын жазып жатырмыз. Соның натижесінде мектептен “Жасыл дәріхана” бұрышын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Тәжірибе үлескісінен 0,5 га жер алып, дәрілік плантация жасасақ деген ойымыз бар.

“2030-дың Қазақстаны ауасы таза, суы мөлдір, көркейген ел болады”- деп айтқан президенттің тілегіне қосыламыз, осы арман орындалса, нұр үстіне нұр болар еді. “Қазақстан 2030” бағдарламасын іске асыру барысында қоршаған ортаны сауықтыру тікелей өсімдіктер дүниесіне байланысты. Біздің табиғатқа экология-экономикалық қатынасымыз бен жанашырлық көзқарасымыз керек. Бұл жұмыс арқылы қоршаған ортаны қорғауға үлес қосудамыз.

Бұл жұмыс нәтижелі, себебі біздің мектепте биыл денсаулықтары нашар балалар тобы ұйымдастырылады. Бұл оқушылар әр түрлі аурулардың әсерінен ауыр жұмыс істей алмайды. Сондықтан олар осы жұмыста аталған өсімдіктерді, олардың тұқымдарын жинайды. Таза ауада,ормандарға, су басына барады. Бұл шаралар оқушылардың денсаулығын жақсартуға бағытталған. Жиналған дәрілік өсімдіктерді кептіріп, жинақтап, дәріханаға тапсырсақ па деген ойымыз бар. Жергілікті жерде өсетін дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтерді осы еңбектен табасыздар.

Адам ағзасын халық медицинасы арқылы емдеу, табиғатты табиғатпен емдеу сияқты. Бұл адам тәніне әлдеқайда жақын және одан ағзаға ешбір зиян жоқ. Болашақта адамдар Жер-ананың төсінен жаралған шөптердің пайдасын жаңға-шипа, емге-дәру болғандығын есте ұстай, керегіне жаратса дейміз.



Қорытынды.

Табиғат-адамға қажет, баға жетпес байлық. Ол-ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «Табиғат адамзаттың өмір нәрі, қажеттігінің табылар содан бәрі», деп дәріптеген.

Табиғат адам бойына адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз, тәлімі мол тәрбиеші.Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін, ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбаған болуы тиіс. Табиғат тазалығын сақтайтын да, оны былғап улайтын да адам. Адам өзінің де, табиғаттың да қаласы осы, санасыз іс-әрекет жасаса жауы болып табылады.

Табиғаттың тарылтпайын мөлдір кәусәр тынысың,

Пәк табиғат әр жүректің тамылжыған жырысың.

Ей адамзат! Ақылға сал, қатыгездік жасама,

Өзің-дағы содан тудың-табиғаттың ұлысың.

Экологиялық мәселелерді шешуде адамзат факторын жетілдірудің маңызы толық ашылмаған. Экологиялық мәселелер болып тұрғанда қоғамға экологиялық жағынан сауатты қызметкерлер өте қажет.

Адамның өміріндегі табиғат байлықтардың ең маңыздысы ол-су. Адам өмір бойы сумен байланысты. Адам суды тамаққа пайдаланады, жуынады. Өнеркәсіптің әр саласында суды еріткіш ретінде, жылыту, суыту, кристалдандыру үшін қолданылады.

Қазіргі заманда адам денсаулығын сақтау жайындағы күрес бүкіл елдің қасиетті парызы. Дана қазақ халқы «бірінші байлық денсаулық» деген екен. Денсаулығымыз мықты болу «мысқалдап кірген ауруды» өз өлкемізде кездесетін дәрілік өсімдіктермен ақ емдеп жазуға болады.

Дәрілік өсімдіктермен әуестену біріншіден , денсаулығыңызды сақтауға көмектеседі, екіншіден, отбасының қаражатын үнемдейсіз, үшіншіден, табиғат байлығын қорғауға үлес қосасыз.

Туған өлкенің табиғат байлықтарын зерттеу барысында жүргізілген тәжірибелер арқылы аймақтың экологиялық мәселелерін анықтауға атсалыстық.

Қоршаған орта жағдайлары өз денсаулығымыз бен өмірімізге әсер ететінін түсіндік.


Жұмыста пайдаланған әдебиеттер.


  1. Биология, география және химия. Журнал №6 2002жыл.

  2. Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау туралы заң. Алматы 1998ж.

  3. Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» Алматы 1999ж.

  4. Қожабеков. М. Дәрілік өсімдіктер. «Қазақстан» баспасы, 1975ж.

  5. М. Оспанова, Ж. Лұқпанов. Өсімдік жанға шипа, дертке дацуа. Алматы. «Қайнар», 1992ж.

  6. И.А. Юндин Травы. Алмата «Қайнар» 1980ж.

  7. С Арыстанғалиев. Қазақстан өсімдіктерінің қазақша-орысша-латынша атаулар сөздігі. Алматы «Сөздік-словарь» 2002 ж.


сканирование0004

Қысқы орманға саяхатсканирование0004

«Өсімдік - өмір кілті»


сканирование0003

Табиғат аясында.

сканирование0001


сканирование0001

Экологиялық кеш.


фото150 фото162


фото165 фото163

фото007
Таза ауада демалыс.
фото033
: user-files
user-files -> С. И. Пискун Мектеп директоры м а. Ә. Е. Тасболатова “» 2014ж “» 2014ж «Федоров ауданы әкімдігінің «№2 орта мектебі»
user-files -> Жетекшісі: Оспанова С. К. 2010 жыл. Мазмұны. Кіріспе
user-files -> Ұйымның мақсаттары: Оқушылардың экологиялық саналығы мен білім денгейін көтеру
user-files -> Абстракт Тақырыбы: «Оқушылар арасында жалпақтабандылықты анықтау және алдын алу шаралары» Ғылыми жобаның мақсаты
user-files -> Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№2 орта мектебі» кмм бағдарлама биологиядан қолданбалы курс
user-files -> Цель Форума – изучение мирового опыта бальнеологии, проблем бальнеологических курортов и путей их решения, интеграция в мировую курортную систему, а также привлечение инвесторов в курортную отрасль. Дата проведения
user-files -> Цель Форума – изучение мирового опыта бальнеологии, проблем бальнеологических курортов и путей их решения, интеграция в мировую курортную систему, а также привлечение инвесторов в курортную отрасль. Дата проведения




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет