Бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы



жүктеу 41.75 Kb.
Дата18.11.2017
өлшемі41.75 Kb.
Бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы

Заңды тұлға бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы орналасқан жері бойынша мемлекеттік кіріс органына жазбаша түрде хабарлайды және



бөліну балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде орналасқан жері бойынша мемлекеттік кіріс органына сонымен бір мезгілде:

1) құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;

2) таратудың салық есептілігін;

3) қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсiнiктеменi;



4) қосылған құн салығы бойынша тiркелу есебiнен шығару үшiн салықтық өтiнiштi табыс етедi.

Таратудың салық есептілігiн қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға салықтың, бюджетке төленетiн басқа мiндеттi төлемдердiң түрлерi, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдар бойынша жасайды.



Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды мемлекеттік кіріс органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.

Мемлекеттік кіріс органы құжаттық тексеруді қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның өтінішін өзі алғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей бастауға тиіс.

Бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін салық төлеуші өзінің орналасқан жері бойынша мемлекетті кіріс органына сонымен бір мезгілде:



1) бөліну балансын;

2) банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы анықтамасын табыс етеді.



Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада бюджетке артық төленген салықтар, төлемдер мен өсімпұлдар сомалары немесе қате төленген салықтар, төлемдер мен өсімпұлдар сомалары болса аталған сомалар Салық кодексінде белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салық берешегін өтеуге немесе оның мирасқорларының есебіне жатқызылады, не мирасқоларға үлесіне орай қайтарылып беріледі.

Салық төлеуші бөліну балансын және банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы анықтамасын мынадай талаптар:

1) салық берешегiнің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;

2) салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомаларының болмауы;

3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомаларының болмауы;

4) кеден органдары алатын кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есептеуді және (немесе) олардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргізуге арналған орындалмаған салықтық өтініштің болмауы бір мезгілде сақталған жағдайда, құжаттамалық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.

Салық төлеуші салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдары, әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі, салықтардың, төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары болған кезде бөліну балансын және банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы анықтамасын :

1) салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі өтелген күннен;

2) салықтардың, төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен;

3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен;

4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомалары қайтарылған күннен кейін келетін күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.

Салық органы сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Салық кодексінің 595-бабына сәйкес бөліну балансы негізінде жаңадан туындаған заңды тұлғалардың орналасқан жері бойынша мемлекеттік кіріс органына бөлінген заңды тұлғаның жеке есепшоттары бойынша сальдоны береді.

Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық мiндеттемелерiн орындау оның құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына) жүктеледi.

Құқық мирасқорын (құқық мирасқорларын), сондай-ақ құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық берешегiн өтеуге қатысу үлесiн белгiлеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы осы заңды тұлғаның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) оның салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгертуге негіз болып табылмайды.

 «Астана – жаңа қала» Мемлекеттік кіріс басқармасы
: sites -> default -> files -> u1323
u1323 -> Қосылған құн салығынан босатылған, өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар туралы ақпарат салық Кодексінде толық көрсетілген
u1323 -> Орманды пайдаланғаны үшін төлемақЫ
u1323 -> Орманды пайдаланғаны үшін төлемақЫ
u1323 -> «Арнайы экономикалық аймақ бойынша заңнамаға өзгеріс»
u1323 -> Арнайы экономикалық аймақтын аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет