Бөлім: Дене шынықтыру Тақырыбы: Мультфильмдер әлеміне қош келдіңдер! Мақсаты



жүктеу 33.69 Kb.
Дата15.07.2018
өлшемі33.69 Kb.
№63 «Әсем -Ай» балабақшасы «Ақбұлақ» және «Алпамыс» шағын орталығы

дене шынықтыру нұсқаушысы: Мусабаев Нурмухамед

Таласбекович
Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Мультфильмдер әлеміне қош келдіңдер!
Мақсаты: Мультфильмдер әлеміне қош келдіңдер! түсіндіру және музыка ырғағымен әртүрлі жылдамдықтағы жүріс түрлерін  
жасауға үйрету. Баллардың дене, бітімін аяқ   бұлшықеттерін дамыту.  Балаларды бір- бірне дос болуға тәрбиелеу.                          
Құралжабдықтар: Шрек мультфильмінің атрибуттары, сиқырлы таяқша магнитофон, аудиокассета. 

 Балалар жәй әуенмен топ бөлмесіне кіреді.



Тосын сәт. Алыстан көңілді әуен естіліп, жылтылдаған сәуле көрінеді. 
  - Ой, балалар, алыстан бірдеңе көрінетін сияқты.Ол не нәрсе болды екен?

Қалай ойлайсыңдар?  (Балалар жауабы) 

- Қане,  балалар, не  екенін  білгілерің  келе ме? Өзіміз  барып  көзімізбен көрмейміз бе? Олай болса, жолға шығайық. 
 Балалар сап құрып, шеңбер бойымен  жүреді, аяқтың ұшымен (қолды желке тұсына қойып), өкшемен (қолды белге) жүреді. Жүреден, толық отыра жүру.

Баяу, ирелең, аяқты-аяққа тақап қойып жүгіру, екі аяқпен алға жылжи секіру. -



Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын. 

Қыста ғана болады,


Ұстасаң қолың тоңады
-    Қар (мойынға арналған жаттығу орындайды) 
-    Терезеге қонады
Әсем ою салады
-     Қырау (қолға, иыққа арналған жаттығу жасалады) 

-    Басылмайды даланың, 


Ақ түтегі ашулы.
Түйіп алып қабағын, 
Басып қалды қораны
-    Боран  (белге арналған жаттығу жасалады) 
-    Айнымайды шыныдан
Қорқады тек жылыдан
-    Мұз ( аяққа арналған жаттығулар жасалады)  

Негізгі бөлім:

   Мультфильм  әлеміне  келеді. Балалар алдарынан  кез-дескен көңіл-күйі жоқ  Шрекпен амандасады. 


-    Сәлеметсіндер ме, балалар!  Мүльтфильмдер әлеміне қош келдіңдер! Бірақ,

менің көңіл – күйім болмай тұр. Менің досым есек тұмауратып ауырып қалды. Күн де салқындап  кетті ғой. Маған  көмектесіңдерші, досым есек болмаса мен қайтемін. 


-    Шрек, сенің  досыңа мықтылап  салқын  тиіп  қалған ғой. Біздің бала-лар,  қысы - жазы шынығып,  ашық  күнмен  достасып, мықты  болып  өсіп келе жатыр. Сендер де әрдайым шынықсаңдар – ауырмайсыңдар.

Денешынықтырумен иайналысыңдар.

Қазір, біз досыңды қарап беруге балабақшамыздың Айгул апай медбикесін шақырамыз.
-    Ой, жол алыс қой.Ол келгенше  менің досым  өліп қалса не істеймін? 
-    Қорықпа, Шрек. Жол  алыс  болғанмен бізде.«Сиқырлы таяқшамыз» бар. Осы таяқша  ар бқылы  медбикемізді тез  шақырып  аламыз.  Қан, балалар көзімізді жұмып ,   шақырайық.
                        Айгул медбике апай келіңіз
                         Есекке көмек беріңіз. 
Медбик келіп, есекті қарайды. 
-    Ал, Шрек,  медбикеміз  есекті  қарап  болғанша, біз  саған  болашақта ауырып қалмау  үшін қарапайым  ғана дене шынықтыру әдістерін үй-ретейік. Сен көбіне орманға сапарға шығасың ғой. Сол себепті біз саған  әрі  денең  шынығатын, әрі орманда  кезіккен  жануарлардан қор-ғайтын жаттығуларды көрсетеміз.Жақсы әуентыңдай  жүріп,  жаттығу  жасаған  денсаулыққа өте пайдалы.   Айгул медбике : - Есекке қатты салқын тиген. Қызуын түсіретін дәрі бердім.  Қызуы түсіп, жақсарған соң, арқасын уқалаңыз, оның маңызы зор. 
Шрек: - Оны қалай уқалаймын, білмеймін ғой.
-    Шрек, сен уайымдама, біздің балалар уқалауды біледі. Себебі  арқаға  массаж  жасаудың,  уқалаудың  пайдасы  зор. Қазір, саған көрсетеміз. Балалар бірінің артына  бірі отырып, арқаларын уқалайды. 
-    Ал, енді біздің балалармыз саған көп көмек көрсетті. Сен енді балалар-мен бірге ойын ойнауға қалай қарайсың?Ойын: «Қасқыр мен қояндар» бір  бала  қасқыр болып, тығылып отыра-ды. Қалған балалар қоян болады: 
                        Секір, секір ақ қоян
                                    Секіретін күн бүгін
                                    Шөптерді жейік,
                                    Құлақтарды түрейік.
                                    «Қасқыр жоқ па?» деп
                                    Жан-жаққа қарайық.
  Қасқыр шыға келгенде қояндар қаша жөнеледі.  
  Шрек: -  Ал, балалар сендерге рахмет!
                                      Ата-ананы сыйлаңдар,
                                      Апайларыңды тыңдаңдар.
                                      Достарыңды қолдап,
                                      Қиын шақта қорғаңдар.
                                      Сау болыңдаар, балалар! 

 Балалар «Солдат болам мен ертең!» әнімен  балабақшаға  қайтады. 



Қорытынды

- Балалар, біз бүгін  қайда бардық?  Кімді көрдік?

Балалар біз де есек құсап ауырамыз ба?

(Балалар жауабы.)  Жарайсыңдар, балалар! Әрқашанда дендерің сау, күшті, әдемі болып өсіңдер. Дені сау, күшті балалардың жүрегінің соғысы қалай соғып тұр екен? (Тук - тук)



Балалар, осы жүрегіміздің жылуын келген қонақтарымызға сыйлап, апайларымызбен қоштасайық (Алақандағы жүрек жылуын үрлеп, апайлармен қоштасады) 
Күтілетін нәтиже:
Біледі: табиғат құбылыстарын қимылмен көрсету арқылы жаттығу жасауды
Игереді: музыка ырғағына еріп, оған сай жүріс түрлерін жасауды
Меңгереді: жүру, жүгіру техникаларын меңгереді, салауатты өмір салтын, дене     мәдениетін қалыптастырады.  




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет