Болашақтың ғалымдары ( мектепішілік ғылыми жобалар конкурсы)



жүктеу 62.17 Kb.
Дата05.07.2018
өлшемі62.17 Kb.
Құмжарған орта мектебі

Болашақтың ғалымдары

( мектепішілік ғылыми жобалар конкурсы)

2016-2017 оқу жылы



Жоба тақырыбы: Болашақтың ғалымдары

Жоба мақсаты: Оқушылырды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Шығармашыл балалардың білімге дегн қызушылығын арттыру. Оқушылардың өз тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруына жол ашу. Отанымыздың көркейуіне мектеп қабырғасындағы оқушының өнертапқыштығының қосар үлесі ықпалын сезіну.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылар бойында танымдық, коммуникативтік және қызметтік қарым- қатынас, терең білім, тұлғалық қасиеттер қалыптастыруына мүмкіндік беру. Оқушылардың білім алу тұрғысынан жан- жақты дами түсуіне ықпал ету.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылырдың ой- өрісін, тілін, ойлау қабілетін дамытып, білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге тоқудың нәтижесі екеніне тәрбиелеу.

Барысы:

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау

Озат болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау,- деп, біз сайысымызды бастаймыз.

Еліміздің тәуелсіздік алып, өз алдына шаңырақ көтеруі экономиканың, оқу-білімнің, мәдениеттің, әдебиеттің, өнер-білімнің, т.б. салалардың өсіп- өркендеуіне жол ашты. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру, дамыту, оны одан әрі жетілдіру бағыт сілтеу - бүгінгі күні өзекті мәселе. Қашанда болсын, ілгерілеуге апаратын алғы шарт – сапалы білімге келіп тірелері шартты құбылыс. Мемлекетіміздің болашағы жас ұрпақтың бойындағы ізденгіштік қасиеттерін дамыту, одан әрі жетілдіру, ғылыми шығармашылыққа бағыт сілтеу өзекті міндет. Сол үшін балалардың қабілетін дарындылығына зер салу, дарындыларды тани білу қоғам дамуына, келешек өмірге дарынды балалардың қоғамға тигізер пайдасын білу қажетті.



Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл! - деп, бүгінгі сайысқа әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1.Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары: Ш.Б.Адилов

2.Гумманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі: А.Х.Мамытова

3.Бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі: К.Кожанова

1. Көпшілік бананды жемістер қатарына жатқызады. Алайда, ол - жидек. Ертеде банан жемісін «Ертегі әлемінің жемісі» деп атаған екен. Осы ертегі әлемінің жемісі туралы МАД тобының тәрбиеленушілері Маратова Айнара мен Сахиева Гүлсезімді « Банан »тақырыбындағы ғылыми

жобасын қорғауға шақырамыз.

Жетекшісі:Абилова Жаңылай


d:\users\бакытбек\desktop\новая папка\20170411_164533.jpg

2. Су жүргізер тіршіліктің тамырын

Су жоқ болса тіршілік тәмәм бауырым

Судың біздер біле тұра маңызын

Көп болған соң ұмытамыз қадірін,-деп «Су-тіршілік көзі»деген тақырыппен ғылыми зерттеу жұмысын дайындап келген 1 класс оқушысы Шынбаева Фатиманы жұмысын тыңдайық.Жетекшісі: Бокашева Ақбота

d:\users\бакытбек\desktop\новая папка\20170411_165817.jpg d:\users\бакытбек\desktop\новая папка\20170411_165749.jpg d:\users\бакытбек\desktop\новая папка\20170411_165952.jpg

3 . Ешкі өсіріп, одан тәуір табыс тауып отырған елдер де көбейіп келеді. Мәселен, әлемде 1 млрд. жуық ешкі болса, оның 180 миллионы Қытайда екен. Сондай-ақ, Үндістанда – 130, Пәкістанда - 50, Иранда - 30 миллион ешкі бар. Ал, өз республикамызда қазір  - 160 мың ешкі бар екен . «Мал өсірсең-ешкі өсір» деген тақырыппен пайдасы оның көл көсір ,яғни 6 айда 700-800 мың теңге көруге болатынын зерттеп келген 2 класс оқушысы Сағидулла Инабатты тыңдайық.Жетекшісі: Есбосынова Айгерім



d:\users\бакытбек\desktop\новая папка\20170411_170450.jpg

4. Жақында АҚШ-тың Иллиноис штаты, Чикаго қаласында "Worlds Finest Chocolate" компаниясы өзінің жаңа жетістігін жұртшылық назарына ұсынды. 

Бұл алып шоколад плиткасының салмағы 5 574,65 келі. Өндіруші компания осындай таң қалдырарлық туындысын Гиннесс рекордтар кітабына ену мақсатында дайындаған. Биіктігі 91 см, ұзындығы 6,4 метр шоколад мамандардың өлшемдерінен кейін "әлемнің ең үлкен шоколад плиткасы" атағына иеленді. 

Ол бұрынғы рекорд орналатқан шоколадтан 1 тоннаға дерлік ауыр болып шықты. Өткен жылы бұл атаққа Арменияда жасалған шоколад ие болған. 

Енді шоколад туралы қызықтарды 3 класс оқушысы Қабиева Әсемнің «Шокалад пайдалы ма,зиян ба? » тақырыбындағы жобасын тыңдайық. Жетекшісі: Советова Ағлен



d:\users\бакытбек\desktop\новая папка\20170411_171448.jpg d:\users\бакытбек\desktop\новая папка\20170411_171945.jpg

5.Ата-бабаларымыз мал бағуға кеткенде қалталарына құрт салып алған және күнделікті тағамдарға қосып ішкен немесе құртты езіп ішкен, сондықтан ол кісілер көп ауырмаған, дәрі-дәрмек пайдаланбаған. Ертеректе тіс дәрігері де болмаған, ата-бабаларымыздың тістері ауырмаған.  Атап айтқанда, адамның тісінің қалыптасуына құрттың пайдасы зор екен. Егер бала жастайынан құрт жеп өссе оның тісі өткір, қатты,  ауырмайтынын 5-класс оқушысы Жұмабаева Альбина «Қазақтың ұлттық тағамы құрт » тақырыбындағы ғылыми жобасында біздерге көптеген мәлімет әкелген екен,олай болса ортаға шақырамыз.Жетекшісі: Мұстафина Ақкенже

d:\users\бакытбек\desktop\новая папка\20170411_172335.jpg

6. Қай кезең болмасын пайдасы мол көк шөпсіз бірде-бір тағам әзірленбейді.  Жаз мезгілінде көк шөпті, мүмкіндігінше, көп пайдаланған жөн. Диетолог-мамандар әрбір көк шөптің пайдасын дәлелдеп, оның әрқайсысын қалай және қандай кезде пайдалану керектігін анықтаған Ал қазір 5 класс оқушысы Қуанышбаева Нұрбақыт «Қазақ аскөктің пайдасын білмей ме? »атты ғылыми жұмысы бойынша біздерге қандай қызықты мәліметтер береді екен. Жетекшсі:Алиманова Жәмила



d:\users\бакытбек\desktop\новая папка\20170411_173230.jpg

7.Қызықтап оқитын ертегілердің бірінде: «Әкесі қыздарын шақырып алып мені кім қаншалықты жақсы көретіндеріңді айтыңдаршы дегенде,әрбір қызы түрлі –түрті қымбат бұйымға,асыл тастарға теңепті,тек ең кіші қызы ғана тұздан да артық жақсы көретінін білдіргенде әкесі қатты ашуланып қызын елден бір қап тұзды арқалатып қуып жіберіпті және де еліне тұз атаулыны пайдаланбауды бұйырыпты.Ең соңында тұзсыз тағамның дәмсіздігін түсініп қызының өзін қаншалықты жақсы көретінін білген екен.Осы бір тұздың кереметі туралы бізге Зейнуллова Анель « Тұздың құпиясы»жобасымен таныстырады.Жетекшісі: Бисеналина Айжан



d:\users\бакытбек\desktop\новая папка\20170411_174125.jpg

8. Франция – Еуропадағы дамыған, мәдени-туристік ел. Егер Францияға жолыңыз түссе сізге мынадай қосымша деректерді біле жүрген артық етпес деп ойлаймыз. Француздар француз тілінен өзге тілдерде сөйлескенді ұнатпайды. Жексенбі күні барлық дүкендері жабық болады екен. Франциядағы мемлекеттік ЖОО-ларда білім алу тегін.Ал жеке ЖОО-ларда білім алу ақылы және беделді болып табылады. Францияда полицейлер роликпен жүреді екен.Сонымен қатар әтірі әлемге танымал,міне,сол әтір туралы 6 класс Абаева Жұпар «Жадыңда сақталатын жұпар»атты ғылыми зерттеу жұмысына зер салайық. Жетекшісі: Сидагалиева Айжан



d:\users\бакытбек\desktop\новая папка\20170411_175134.jpg

9. «Бұдан кір қорқады,

Судан бұл қорқады.» -кім жұмбақтың шешуін айтады.

- Сабын


-Олай болса қазір сабын туралы «Иіс сабынның адам ағзасына әсері және оны үй жағдайында жасау технологиясы» тақырыбындағы жобасын 6 класс оқушысы Ғлажадинова Дильназ қорғайды. . Жетекшісі: Сидагалиева Айжан

d:\users\бакытбек\desktop\новая папка\20170411_180241.jpg

10. «. Сонда Буырыл гуледі,

Табаны жерге тимеді,

Көлденең жатқан көк тасты

Тіктеп тиген тұяғы

Саз балшықтай иледі…»

Балалар, осы өлең жолдары таныс па?Нені сипаттап тұр .Өлең қай батырдың тұлпары туралы екен?

Біздің тұрғылықты жеріміздегі жылқы туралы деректерді 7 класс оқушысы Таңатар Дияттың «Ер қанаты-ат» тақырыбындағы жұмысын көрейік. Жетекшісі: Будешова Гүлвира



d:\users\бакытбек\desktop\новая папка\20170411_181507.jpg

11. «Айшылық алыс жерлерден

Жылдам хабар алғызған» - деп айтатын өлең жолдарындағыдай , қазіргі таңда сол армандарға қол жеткізгендейміз.Бірнеше минутта қаншама адамды байланыстырып,әлемді жалғайтын сымсыз байланыстың мүмкіндіктері бүкіл дүние жүзіне кең таралған.Осы ұялы телефондар туралы қызықты мәліметтермен 8-класс оқушысы Абай Диас өзінің «Ұялы телефон» тақырыбындағы зерттеу жұмысымен таныстырады. Жетекшісі: Қонысбаев Есет

d:\users\бакытбек\desktop\новая папка\20170411_182346.jpg

Алдарыңызда қорғалған жұмыстар бойынша әділ қазылардың сараптауларын тыңдайық.



-

 
: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет