Болашақ мамандардың функционалдық сауаттылығын ақпараттық ЖҮйелер негізінде дамытудың психологиялық ерекшеліктері битабаров Е. А



жүктеу 88.08 Kb.
Дата07.07.2017
өлшемі88.08 Kb.
ӘОЖ 378.016.02
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР НЕГІЗІНДЕ ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Битабаров Е.А. – п.ғ.к., ОҚМПИ, Шымкент, Қазақстан

Жуматаев О.Қ. – магистр-оқытушы, ОҚМПИ, Шымкент, Қазақстан

Жунисбекова Д.А. – п.ғ.к., доцент, М.Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент, Қазақстан
Резюме

В данной работе рассмотрены вопросы формирования функциональной грамотности у будущих специалистов.

Summary

The functional literacy of school students is considered in this paper as an element of professional competence of future teacher.
Бүгінгі қоғамда болып жатқан әлеуметтік – экономикалық, саяси өзгерістер, күннен - күнге үдеп келе жатқан интеграциялық үрдістер, еңбек нарығындағы бәсекелестіктің артуы жоғары оқу орнын бітіретін мамандарға қойылатын талаптарды күшейтуде. Сондықтан да жоғары оқу орындарында уақыт талабына сай білім мен ғылымды игерген, сауатты да салауатты, шығармашыл, кәсіби құзыретті, функционалдық сауатты ақпараттық мәдениеті қалыптасқан мамандар дайындаудың қажеттілігі артуда.

Қоғамның ақпараттық даму жағдайында дайын технологияларды пайдалану деңгейі мен оларды жасау деңгейі арасында алшақтық байқалып тұрады, ол білім беру арқылы біліктілігі жоғары мамандарды даярлауды баяулатуға болмайтындығына талап қояды. Осыған байланысты жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімнің кәсіби технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру басты назарда болуда.

Сондықтан қазіргі кездегі оқыту әдістемелерінде, маман даярлауда ЭЕМ мүмкіндіктері толық жеткілікті түрде қолданылмауда, бұл өз кезегінде ақпараттық технологиялардың дамуының қол жеткен деңгейімен, осы кезде қалыптасқан оқыту әдістемелері мен технологияларының арасында қарама-қайшылықтың пайда болуына алып келеді.

Бұл қайшылықты шешу үшін педагогика және психология ғылымы мен оқыту теориясынан терең ойластырылған, дербес білім беру міндеттерін шешуге бағытталған жаңа инновациялық білім беру технологияларын құру қажет болады. Адамзат тарихында іс-әрекетті жүзеге асыру құралдарды ғана дамып қоймай, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені жасайтын адамның дамуы басты мәселе ретінде қарастырылады.

А.А. Бодалевтің пікірінше адамның өзін-өзі дамытуға деген қажеттілігі мен қабілеті белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу барысында жеке тұлғасында сапалық өзгерістер орын алған кезде оңай әрі тез айқындалып, жүзеге асады. Екіншіден, адам белгілі бір бағыттағы саналы іс әрекетке ұмтылып, табанды еңбек етуі барысында өзі үшін жаңа қасиеттерді дамыта алады. Бұл ретте белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға деген ұмтылыс өзін-өзі дамыту қажеттілігінің және оған даярлығының көрсеткіші болып табылады. Бұл айтылғандар толығымен біз талқылап отырған болашақ мұғалімнің функционалдық сауаттылығы мәселесіне де қатысты деп санаймыз.

Осы айтылған пікірлер «Функционалдық сауаттылықты дамыту» ұғымының өзіне тән сипаттамалары туралы: біріншіден, ол жеке тұлғаның педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік, физиологиялық, философиялық, т.б. сияқты жан-жақты үрдістері болып табылатындығы, екіншіден, бұл үрдістер негізінен жасампаздық мәнге ие екендігі, үшіншіден, олардың жеке тұлғаның барлық өрістерін қамтитын, қарама-қайшылыққа толы сандық және сапалық өлшемдері болатындығы жайында қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Адамның қоғамдық тұлға ретінде қалыптасуында, оның дамуға деген табиғи қабілеті мен өзіндік белсенділігінің алар орыны ерекше аса маңызды. Осыған орай жаңаша ойлайтын маманды қалыптастыруға бағытталған университеттік дайындаудың «өзіндік философияға» негізделген жаңа парадигмасының өзектілігінің артуы заңды құбылыс.

Болашақ маманның функционалдық сауаттылығы мәселесін философиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыдан қарастыра отырып, олардағы келтірілетін ой-қорытындылар мен тұжырымдар біздің зерттеуімізде әдіснамалық қызмет атқарады. Философиялық зерттеулерде өзін-өзі дамыту адамды жетілдіру тұрғысынан қарастырылса, психологиялық зерттеулерде тұлғаның белсенділігі, әрекет теориясы тұрғысынан зерттелінеді, ал педагогикалық талдаулар болашақ маманның кәсіби дамуы тұрғысынан талқыланады.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың мәнін біздің ойымызша, тұлғаның «дамуы» мен оның «өзін-өзі дамытуы» ұғымдарымен байланыста қарастырылуы тиіс. «Психологиялық» сөздікте «даму» мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып сапалық өзгерістерге айналуы делінсе, «тұлғаның дамуы» ұғымы жеке адамның әлеуметтенуі мен тәрбиесі нәтижесінде әлеуметтік қасиеті ретінде жеке тұлғаның қалыптасу үрдісі деп түсіндіріледі. Осы үрдістің барысында қалыптасатын қабілеттер мен қызметтер жеке тұлғаның бойында тарихи қалыптасқан адами қасиеттерді қайта жаңғыртады.

«Даму» – жаңару үрдісі. Жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаға сәйкес. Демек жаңаның пайда болуы мен даму тікелей байланысты. Барлық табиғат құбылыстары сияқты табиғат туындысы адам да диалектикалық жолмен дамып, бір деңгейден екінші деңгейге ауысып, өзгеріп отырады. Дамудың барлық түрі – қозғалыс, алайда қозғалыстың барлығы бірдей даму бола бермейді. Тек сапалық өзгерістерді қамтамасыз ететін, керi қайтпайтын сипаты бар қозғалысты даму деп айтуға болады.

Философиялық әдебиеттерде дамудың үш типі қарастырылады: прогрессивті, регрессивті және бір жазықтағы даму. Прогрессивті даму – қарапайымнан күрделіге қарай, төменнен жоғарыға қарай шығу, ескірген сапалық жағдайдан жаңаға қарай қозғалыс, жаңару үрдісі. Бұл даму үстіндегі жүйенің одан да жоғары деңгейге көтерілуі. Жоғарғы деңгей төменгімен салыстырғанда күрделі, жетілген, мазмұны жағынан бай. Жоғарылықтың тағы да бір даусыз критерийі төменгі деңгейдің сол жоғарының ішінде болуында.

Даму үрдiсiнiң күрделілiгi, қарама-қайшылықтылығы мен спираль түріндегі құбылыс болуы, мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің жетілуін оның өзінің алға қарай жылжуын өзі дайындайтын үрдiс деп қарауға мүмкіндік береді және «өзін-өзі алға ілгерілету» - «функционалдық сауаттылығын дамыту» ұғымына сәйкес келеді. Өзін - өзі ілгерілетуде сыртқы әсерлер аралық роль атқарады. Тұлғаның функционалдық сауаттылығы өзін-өзі ілгерілетуден сапалық сипатымен ерекшеленеді және ол ұйымдастырудың жоғары деңгейге өтуімен қатар жүреді.

Жеке тұлғаның дамуы осы жеке тұлғаға тән түрткілер жүйесі басқаратын іс-әрекетте жүзеге асады. Мұнда даму белгісі ретінде сапалық және сандық нәтижелерде көрінетін өзгерістері алынады. Әдетте өзгерістер жеке тұлғаның әртүрлі өрістерін қамтиды. Дегенмен, әрбір жеке тұлға үшін бұл өзгерістердің орын алуы, белсенділік танытуы жағынан жеке-дара болып келеді.

Даму мен өзін-өзі дамыту бір-бірінің қайнар көзі бола тұра, бірін-бірі байыта түседі. Өзін-өзі дамыту жеке тұлғаны билеп алып, өз нәтижелерінің белгілі бір деңгейіне қол жеткізе отырып, оқу мен тәрбие ықпалымен одан әрі дамудың ең жақсы немесе ең жаман алғышарттарын жасайды. Егер оқу мен тәрбие дамудан айтарлықтай озып, ең жақын даму өрісінде болса, олардың дамытпалы нәтижесі болатыны белгілі.

Бұдан шығар қорытынды: өзін-өзі дамыту – жеке тұлғаның бойында қайта қалпына келмейтін сапалық өзгерістердің оның өз еркіне байланысты орын алуы және жеке тұлғаның өз дамуына өзі жауап беруі. Бірақ бұл бірден жүзеге аспайды, ол жеке адамның дамуының белгілі бір кезеңінде орын алады. Баланың баршаға таныс «Мен өзім»-деген сөзі өзін-өзі дамытудың бастауы болып табылады. Бірақ өзін-өзі дамыту қажеттілігінің жеке тұлғаның тұрақты қасиетіне айналуы үшін біршама уақыт қажет.

Жеке тұлғаның қалыптасуының бастапқы кезеңдерінде оның белсенділігі қарым-қатынас барысында кәсіби іскерліктерді қабылдауға даярлығы түрінде көрінеді. Бірақ өсе келе бұл даярлық өз мінез-құлқын өз бетінше реттей алатын жеке тұлғаның өзіндік санасының даму қарқынына байланысты өзгеріске ұшырайды. Функционалдық сауаттылығын дамыту үрдісі жеке тұлға өз алдына мұндай міндет қоймаған кезде де аяқ астында пайда болуы мүмкін. Оны жеке тұлғаның даму үрдісі дайындағандықтан, сол үрдістің қажетті кезеңі болып табылады.

Функционалдық сауаттылықты дамыту - адамның ішкі дүниесінің өзгеріске ұшырауы. Бұл адамның өмір сүруі барысында, өз жеке тұлғасын айқындап, оның негізін қалап, өз болмысының мәнін түсіну арқасында жүзеге асады. Оған білім алу, басқа да танымдық әрекетпен айналысу сияқты сыртқы факторлар әсер етеді. Орта арнайы білімнің өзіндік жауапкершілігі бар іс-әрекет ретінде жеке тұлғалық қабылдау білім негізінде өзіндік негізін қалауға, кәсіби құзыреттілікке бағытталуы кәсіби мамандарды шығарудың шарты болып табылады.

Жеке тұлғаның қалыптасу үрдісі оны қоршаған сан алуан әлеуметтік қатынастарында жүзеге асатындығы белгілі. Бұл қалыптасу ережелерін қоғам белгілеп қойса да, жеке адамның өз ойын білдіру, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі таныту, өзін-өзі айқындау, өзін-өзі көрсету қабілетінің маңызы зор. Ал өзін-өзі дамыту дегеніміз – жеке тұлғаның ішкі белсенділігі арқасында орын алған даму.

Функционалдық сауаттылығын дамыту арқылы жеке тұлға өз қабілетін жүзеге асырып, өзін-өзінің психикалық сапаларын жетілдіреді, соның нәтижесінде өзі өмір сүретін қоғамдастықтың өзіндік дамуына ықпал етіп, қоғамның мәдени-тарихи дамуына өз үлесін қосады. Сондықтан заманауи қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде жас маманның жеке тұлғасының өзін-өзі дамытуының мәні аса зор. Педагогикалық жоғары оқу орындары түлектерінің кәсіби құзыреттілігінің дамуы жағдайында оқуға және өз бетінше жұмыс істеуге деген қабілеттерін қалыптастыру мен оны әрдайым жетілдіру міндеті әрқашан өзекті міндет болып қала береді.

Функционалдық сауаттылық – қолданбалы білімдерге негізделе отырып іс-әрекеттің әр түрлі салаларында өмірлік маңызды стандартты есептерді шешу қабілетін сипаттайды. Шындығында шешілетін мәселелер заманауи әлеуметтік практиканың барлық негізгі бағыттарын қамтуы тиіс (оқыту, қарым-қатынас пен демалыс, табиғат пен әлеуметтік ортамен, әртүрлі әлеуметтік институттармен және қоғамдық, саясы бірлестіктермен өзара әрекеттесу). Бірқатар зерттеушілердің пікірлері бойынша функционалдық сауаттылықтың көріну аймағы – бұл күнделікті өмірде тұлға қатыстырылатын іс-әрекеттердің барлық түрлерін қамтиды. Бұлар оқу-танымдық, құндылықтарға бағдарланған, коммуникативті түрленуші (пәндік практикалық) көркемдік, ойын іс-әрекеттері болып табылады.

Н.А.Назарова болашақ мұғалімдердің функционалдық сауаттылығының құрылымында келесі компоненттерді атап көрсетеді:


  1. Когнитивті компонент (қолданбалы білімдер);

  2. Іс-әрекеттік компонент (пәндік репродуктивті және продуктивті-шығармашылық іскерліктер мен дағдылар);

  3. Тұлғалық компонент (тұлғаның сапалық белгілері);

  4. Кәсіби-педагогикалық компонент (кәсіби-педагогикалық іскерліктер).

Болашақ мұғалімдердің функционалдық сауаттылығын дамытуда әдіснамалық бағдар ретінде жүйелік, тұлғалық-бағдарлы, құзыреттілік, аксиологиялық және интегративті ыңғайлар таңдалады. Функционалдық сауаттылық оқу-танымдық іс-әрекет үдерісінде қалыптасады, оның нәтижесі оқу-танымдық құралдар – пәндік және жалпы білімдер мен іскерліктер болып табылады. Бұл кезде функционалдық сауаттылықтың мазмұндық іс-әрекеттік және қажетті мотивациялық құраушыларын анықтайтын жалпы білімдер мен іскерліктер (ақпараттық, интеллектуалдық, ұйымдастырушылық, коммуникативті) игеріледі.

Сонымен әрбір адам (тұлға) өз өмірін арнайтын іс-әрекет саласынан тәуелсіз, күнделікті өмір жағдайында айналадағы әлеуметтік орта жағдайында толыққанды бейімделуге қабілетті болса, оны комфортты (жақсы) өмір күтеді деп айта аламыз.

Елімізде ұсынылып отырған монографиялық зерттеуде әлеуметтік субъектінің функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негіздері қарастырылады. Осы заманғы сауаттылық мәселесіне тоқталып, «функционалдық сауаттылық» ұғымының мәні ашып көрсетіледі, теория мен практикадағы оның мазмұнының эвалюциясы сипатталады, онымен қатар функционалдық сауаттылық әлеуметтік-педагогикалық мәселе ретінде және тұлғаның әртүрлі өмірлік іс-әрекеттер ауқымында көріну деңгейлеріне талдау жасалған, мұғалімнің функционалдық сауаттылығы құрылымының құрамдас бөліктері ретінде: мотивациялық, когнитивті, іс-әрекеттік және рефлексивті компоненттер айқындалған.

Болашақ мұғалімдерді оқушылардың функционалдық сауаттылығын ақпараттық жүйелер негізінде дамытуға дайындау арқылы тұлғаның өзіндік дамуына, білімдік және танымдық әрекеттеріне ықпал ету, өзара адамгершілік құндылықтары мен өзіндік бағдарын таңдауға мүмкіндік жасалу идеялары алынатындығы белгілі болды.


Әдебиеттер

  1. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.

  2. Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы.

  3. Бодалев А.А. Психология общения // Избр. психол. тр. - 3-е изд., перераб. и доп. - М.: Изд-во МПСИ; Воронеж: НПО «МО-ДЭК», 2002. - С.319.

  4. Мещеряков Б.Г., Зинченко В.П. Большой психологический словарь.- СПб.: Еврознак; М.: Олма-Пресс, 2003. - С.666.

: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет