Бойынша өртке қарсы қызметіне хабарлаңыз. • Далаға балалар мен қарттарды шығарыңыз



жүктеу 81.28 Kb.
Дата12.07.2017
өлшемі81.28 Kb.
Пәтердегі өрт

101 тел. бойынша өртке қарсы қызметіне хабарлаңыз.

• Далаға балалар мен қарттарды шығарыңыз.

• Сумен (су құбырынан, ішкі өрт сөндіру крандарынан ), кір жуу ұнтағымен, қалың матамен немесе т.б. өртті сөндірге тырысып көріңіз.





  • Электр автоматты ажыратыңыз (баспалдақ алаңындағы қалқаншадан}.

  • Терезелерді жабыңыз. Қою түтін кезінде есікті жабып дереу пәтерден кетіңіз.



• Пәтерден шыққан кезде көз бен тыныс алу органдарын түтіннен қорғау үшін респиратор, мақта-дәке орамасы мен суға малынған дымқыл шүберек немесе сулық пайдаланыңыз.

• Еңкейіп немесе еңбектеп жүріңіз (төменде түтін аз).

• Басты және денені дымқыл матамен жабыңыз.

• Егер де баспалдақ арқылы шығу мүмкін болмаса балкон сатысын пайдаланыңыз;

егер ол болмаған жағдайда, есікті мықтап жауып балконға шығыңызда «Өрт!» деп айқалаңыз.

• Мүмкіндігінше өрт орны туралы айтыңыз.



Жертөле жанып жатыр

101 тел. бойынша өртке қарсы қызметіне хабарлаңыз.

• Өзіңіз жертөле ішіне кіруге тырыспаңыз, өйткені оның аяғы қайғыға әкелуі мүмкін.

Ұсыныстар


  • Күні бұрын өміріңізді және мүлкіңізді өрттен сақтандырып қойыңыз.

  • Құжаттарыңызды, ақшаңызды отбасының барлық мүшелері білетін орында сақтаңыз өйткені ол өрт кезінде кенеттен эвакуациялау болған жағдайда керек.


ӨРТ СӨНДІРУ АРНАЙЫ ҚҰРАЛДАРЫ

Көмірқышқылы өрт сөндіргіштер (ОУ)



Ауа кірмей жанып жатқан заттарды сөндіруге арналған. Электр қозғалтқыштарды, электр қондырғыларды, химиялық зертханаларды, мұрағаттарды, мұражайларды сөндіруде теңдесі жоқ. Төмен температураға төзімді.

ОУ іске қосу:

пломбаны жұлып тетігін шығару;

түтігін отқа қарату;

иінтірегін басу.


ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ:

• өрт сөндіргішті тігінен немесе басын төмен аударып ұстауға;

• раструбына дененің ашық жерлерін тигізуге ( оның бетіндегі температура -60...-70 ЭС төмендейді);

• раструбты кернеулі тұрған электр қондырғыға 1 м жақын келтіруге.


Ұнтақты өрт сөндіргіштер (ОП)

Қатты, сұйық және газды заттарды, сондай-ақ кернеуі 1 кВ дейінгі электр қондырғыларын сөндіруге арналған.

Олар автомобильдерде, гараждарда, қоймаларда, офистерде, банктерде, өнеркәсіптікп объектілерде, емханаларда, мектептерде, жеке меншік үйлерде және т.б. жерлерде қойылады.

ОП іске қосу:

тетігін жұлу;



басқышын қосу;

аузын өртке қарату,

иінтірегін басау;

отты кемінде 5 м сөндіру,

өрт сөндіргішті пайдалану кезінде оны сілку керек;

өрт сөндіргішті тігінен қолданады (аударуға болмайды!).



Ішкі өрт сөндіру крандары



Ішкі өрт сөндіру крандарын іске қосу:

шкаф есігін ашу;

кранмен және оқпанмен қосылған жеңді өртке қарай бағыттап тарту керек;

тегершікті сағат тілінің жүрісіне қарсы бұру арқылы бұранданы ашу;

суды оқпаннан бағыттау


Суға батып кеткен жағдайда қалай көмек көрсету қажет
Суға батқан жағдайда көмек көрсетудің екі кезеңі бар. Біріншісі – суға батушының тарапынан белсенді іс-қимыл жасап және су бетінде өз бетінше бола алатын жағдайда, құтқарушының жасайтын іс-әрекеті суда болады.

Бірақ, бұл жағдай құтқарушыға ең қауіпті болады және одан жүзу білуді, жақсы шыңыққан дайындықта әрі баттып жатқан адамға жақындаудың арнайы тәсілдерін білуді талап етеді, ең бастысы - жанталасып жармасқандағы құшақтан шығып құтылу тәсілдерді білу қажет.

Екінші кезең- құтқарушының жағадағы жасайтын іс-әрекеті. Егер адам су астында 5-10 минуттан артық болса, оны қайтадан өмірге келтіру екіталай болады. Бірақ әр нақты оқиға, жыл мезгіліне, су температурасы мен құрамына қарай, адам ағзасының ерекшелігіне, ең бастысы суға батқан түрінен және көмек көрсетуде таңдаған тәсіліне байланысты болады.

Суға батқан адамның сыртқы белгілері, бет-әлпеті мен мойыны көк-сұр түсті, ауызынан әрі мұрнынан қызғылт көбік шығады. Мойынның ісінген тамырлары осы болжамды растайды.

Алғашқы минуттарда орын алған өлімнің себептері:

-кенеттен жүректің тоқтауы;

- өкпенің қабынуы;

-бас миінің қабынуы;

- бұйрек жұмысының өткір жетіспеушілігі.



Батқан адамды судан шығарғаннан кейін алғашқы секундтарда не істеу қажет ?

  • Батқан адамның басы, бөксесі жатқан деңгейден төмен болып, оны бұрып, ішіне жатқызу қажет. Баланы өзіңнің жамбасына ішпен жатқызуға болады.

- Ауызын тазарту қажет.

  • Тілдің түбіріне қатты басу қажет.

Құсу және жөтел рефлекстерінің бар болуы- зардапшекенге көмек көрсетуде тиісті тәсілді таңдау үшін маңызды тест болып табылады.

Егер лоқсу белгілері мен жөтел пайда болса, өкпе мен асқазаннан суды шығару қажет, бұл көптеген төнген қиындықтардан арылуға мүмкіндік береді. Ол үшін 5-10 минут ішінде, ауызынан және жоғарғы тыңыс алу жолдарынан су аққаны таусылғанша тілдің тамырына күшпен басу қажет.

Өкпеден суды жақсы шығару үшін, алақанмен арқадан қағуға, сондай-ақ демін шығарғанда бүйірінен кеудесін бірнеше рет шапшан іс-қимыл арқылы басуға болады.

Дәрігерлер келгенінше зардапшеккенді бір секудқа да назарсыз қалдыруға болмайды: кезкелген сәтте аяқ астынан жүрек тоқтауы мүмкін.



Құсу рефлексі мен тіршілік белгілері жоқ зардапшекенге

көрсетілетін алғашқы көмек.

Зардапшеккен адамды дереу арқасына жатқызып, көздің шам жарығына белгі беруін және ұйқы тамырының пульс қағысын тексеру қажет.



  • Белгілері жоқ болған жағдайда реанимацияға кірісу керек.

  • Реанимациялық іс-әрекеттерден кейін әр 3-4 минут сайын зардапшеккенді ішіне жатқызып ішіндегі суды шығару қажет.

Егер зардапшеккен адамда жүрек қағысы білініп мен өз бетінше тыңыс ала бастаса, ол есін жинай бастады, эйфорияға бөленбеңіз, өйткені айналасындағы барлық адамдарға әсер етеді.

Тіршілік белгілері білінгеннен кейін не істеу қажет?

  • Екінші қайтара жүрек қағысының тоқтауына әзір болуы қажет.

Тыйым салынады! Зардапшеккен адамды бір минутқа да назардан тыс қалдыруға болмайды. Кез келген уақытта жүрек тоқтап немесе ми және өкпенің қабынуы болуы мүмкін, құтқарылған адамға әлі бірнеше күн ажал қауіпі төнеді. Құтқарушы қызметтерді шақыру үшін, одан да көп күш салу керек.

Қан айналымның көбейген мөлшерін азайту үшін, дегидратация қажет (адам ағзасынан сұйықтықты шығару). Өкпенің қабынуы қауіпі төнгендігінен зардапшеккенге әсері күшті зәр шығаратын препараттар беріледі.





Өкпе қабынуының белгілері дірілді тыңыс алу, қызғылт түсті көбікті қақырығымен жиі жөтел пайда болады.

Өкпе қабынуының белгілері пайда болғанда зардапшеккен адамды дереу отырғызу қажет, жанбасына жгут немесе орауды нық тартып тастап, табанына жылу қою қажет.

Өкпенің қабынуында пайда болатын көбікпен күресудің тиімді тәсілі – спирт булары арқылы оттегімен тыныс алу.

Зардапшекен адам суға батқан жағдайда, оның қал-жағдайына қарамастан оны ауруханаға жіберу қажет.



ЕГЕР ҮЙ-ЖАЙЛАРЫНДА СЫНАП ТАБЫЛҒАН КЕЗДЕ НЕ ІСТЕУ ҚАЖЕТ ?

Біріншіден, қорғану құралдарсыз, сынап буы таралған үй-жайларында болуға тыйым салынады (ГП-5, ГП-7 фильтрді противогаз, Г маркалы фильтрлі-сіңіргіш қорабы бар өнеркәсіптік противогаз.Сынап буынның концентрациясы мол мөлшерінде (200С), қораптың жарамдылық мерзімі 100 с.; осы маркалы сүзгішті противогазды қолданғанда- 60 с. Респираторлар РПГ - 67 Г, РУ-60 М.

Теріні қорғау үшін киетін –арнайы киім: қалтасыз пішілген комбинезон, ашық түсті мақта жібінен жасалған, түксіз матадан, тұтас пішіп, тігілген халаттар. Жеке гигиена шараларын сақтау қажет. Душ – жұмыс уақытының соңында.

Етік пен перчатка тікелей сынапқа араласады, оларды тиянақты марганцовканың қою ертіндісімен жуу қажет.

Бұндай бөлмеде азық-түлікті сақтау немесе тамақтану туралы сөз қозғауға да болмайды.

Екіншіден, осы металға балалардың қолы жетуіне жол бермеу қажет, ғимараттан барлық адамдарды шығарып, есік пен терезелерді желдету үшін ашу қажет.

Үшіншіден, болған жағдай туралы санитарлы-эпидемиологилық станциясының бас дәрігерін, төтенше жағдайлар басқармасын (бөлімін), денсаулық сатау органдары мен полицияны дереу құлақтандыру қажет.

Төртіншіден, зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету қажет: аузынан 20-30 гр белселдіренген көмір немесе белокты су беріп асқазанды тазартып, одан кейін жұмыртқаның ағы қосылған су, соңынан іш өткізетін дәрі-дәрмек беріледі. Қатты әсіресе ингаляциялық улануда, зақымдану

аймағынан шыққаннан кейін, толық тыныштық қажет. Содан соң- госпитализация. Бүгінгі күні сынап шамалы мөлшерде әр үйде бар, әдеттей медициналық термометрларда. Шыныдан жасалған термометрлер айтқандай жарылып қалуы мүмкін. Толған капсуланың ішінен төгілген сынап, еденде тарыдай шашылып, санылауларына, плинтус астына кіріп кетеді. Егер үйде күкірт болса, онда қол жетпейтін жерлерге кіріп кеткен тарыдай сынапты, үстінен үгітілген күкіртті сеуіп, зарасыздандыруға болады.

Сынап күкіртпен араласқанда адам ағзасына қауіпсіз сульфид пайда болады.





ЛАСТАНҒАН АУМАҚТЫ, ӨНДІРІСТІК ҮЙ-ЖАЙЛАРДЫ ДЕМЕРКУРИЗАЦИЯЛАУ
Жабық үй-жайларда байқамай төгілген сынапты мұқият жинап алу қажет. Оның ағып және тарыдай шашылып кетуіне жол бермеу керек. Санылауларға кіріп кеткен сынап тамшыларын жинап алу үшін, ең дұрысы жез тілімшесімен немесе сынап тамшылары жабысатын, нақты айтқанда оның үстінен ағып сіңетін станиол беттерімен пайдалану қажет.

Зарасыздандыру үші, әдеттей сабын-содалық ерітіндісін, 20% хлор темірі мен калий перманганаттың су ертіндісін қолданады. Осындай жұмысты орындағаннан кейін сынап тамшылары әлі сақталуы мүмкін болса, күкірт ұнтағын немесе алюминий үгіндісін себу, ал бөлмелерді жақсы және ұзақ желдету қажет.

Содан соң еденді су ертінділерінің бірімен өндеу қажет:

- 20% хлор темірінің ертіндісі (10 л. суға 2 кг.);

- тұз қышқылымен қышқылдатқан (1 литр суға 5 мл қышқыл ертіндісі) 0,2% калий перманганаттың ертіндісі;

- 4-5% хлорамин немесе дихлорамин ертіндісі (10 л. суға 400 гр.).

Ертінді мөлшері 1м2- 1 литр жұмсау есебімен алынады.

Бөлме ішінде сынап жинау үшін, шаңсорғышты пайдалануға болады, соңынан еденді сабынды-содалық ертіндісімен жуу қажет (10 л. суға 400 гр. сабын және 500 гр. сода). Сонымен қатар бөлмені ыстық ауамен (400 дейін) 2-3 тәуілік бойы механикалық желдетуді ұсынамыз.

Егер Сіз абайсыздан сынапты басып кетсеңіз табаңды тазартып қана емес оны қоңыр түсті қою марганцовканың ертіндісімен жуу қажет. Уды сабынмен немесе басқа бір сүйықтықпен жуам деп әуре болмаңыз- буы тек химялық жолдармен жойылады.

20% хлор темірінің ертіндісін пайдалана отырып демеркуризацияны өткізгенде өндеуді 3 тәуіліктен кейін қайталау қажет.



Тәжірибеден білетініміз, демеркуризация жұмыстары аяқталғаннан кейін, сынап төгілген ғимаратты бір жетіге жауап, оның қымталуын қамтамасыз ету, ішіне адам кіруіне тыйым салу, күзет қою, ғимаратта (300-400) жоғары температураны ұстап тұру және мерзімі шыққаннан кейін ауадағы сынап буы құрамына бақылау өлшемдерін жүргізу қажет.

барлық демеркуризациялау жұмыстарын тыныс алу органдары мен теріні қорғаудың жеке қорғану құралдарын пайдалана отырып өткізу қажет.
: uploads -> files
files -> Реферат на тему: Околоушная железа: повреждения, слюнные свищи, актиномикоз, туберкулез, сифилис и кисты
files -> Методические рекомендации для студентов III курса стоматологического факультета к практическим занятиям по патологической анатомии головы и шеи
files -> Методические рекомендации практических занятий для студентов стоматологического факультета
files -> Методические рекомендации для студентов к практическим занятиям по патологической анатомии головы и шеи
files -> Методические рекомендации практических занятий для студентов лечебного факультета 4 курса 8 семестр
files -> Законом от 12. 04. 2010 №61-фз «Об обращении лекарственных средств»
files -> Лекарства для жизни
files -> Инструкция по охране труда
files -> Собрать общие сведения о лекарственных препаратах
files -> Методическая разработка самостоятельной работы студентов по дисциплине «стоматология» раздел «геронтостоматология и заболевания сопр»




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет