БҚо орал қаласы №46 жоббм-нің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Бекбульсинова Асем Максутовна



Дата24.01.2018
өлшемі37.05 Kb.
БҚО Орал қаласы

46 ЖОББМ-нің



мектепалды даярлық тобының мұғалімі

Бекбульсинова Асем Максутовна
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру

Тақырыбы: Жиын. Бір-көп. Заттарды ортақ қасиетіне қарай топтарға біріктіру.

Мақсаты:

- балаларды заттар тобының (жиынының) ортақ белгілерін тауып, заттарды белгілі бір қасиетіне қарй «үлкен», «кіші» деген топтарға біріктіре алуға үйрету; бір жеке затты тауып көрсету; бір элементтен тұратын жиын туралы түсінік қалыптастыру; «бір» және «бірнеше» («көп») терминдерін енгізу;

- дәптерде берілген тапсырмалармен жұмыс істеу қабілетін арттыру; балалардың зейіні мен талқылай қабілетін дамыту;

- үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.



Оқу іс-әрекеттерінің кезеңдері.


Педагогтің іс-әрекеті.


Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық-қозғаушылық

«Анамызға дастарқан жаюға көмектесейік» ойыны. Себетке жазық немесе көлемді материалдар салып әкелеміз (жемістер,көкөністер, тәтті тағамдар, қарбыз). Балаларға ойын ойнауды ұсынамыз.

Балалар ойынға құлшына кіріседі.

Ұймдастырушылық ізденістік

-Анамызға себеттегі заттарды шығарып, оларды топтастыруға көмектесейік. Бәріміз бірге орындайық. Балалар, сендер қандай ұсыныс айтар едіңдер?

Жиынды ішкі жиынға бөлуге көмектеседі: көкөністер, жемістер, тәтті тағамдар, қарбыз.

-Біздің қолымызда неше жеміс бар?

Олар көппе әлде бірнешеу ме?

-Көкөніс, тәтті тағамдар нешеу екен?

-Қарбыз туралы не айтуға болады?

Қарбыз нешеу екен?

Педагог балаларға жаңа дәптерді қарап шығуды ұсынды. Екі бетте орналасқан сабақ тапсырмаларымен таныстырады. Дәптерді қалай пайдалану керектігін үйретеді. Бірінші шартты белгімен («қоршап сыз»-) таныстырады және балаларды тапсырманы шартты белгі бойынша «оқып шығуға» үйретеді. Ұжымдық жұмысты жалғастыру үшін 1- тапсырманы орындауды ұсынады. Балаларға тапсырманы орындауға уақыт береді.

Балалардың қолындағы ұсақ бұлшық еттерді дамыту үшін сергіту сәтін өткізеді.

Балаларға төмендегі жаттығуларды орындауды ұсынады:



  1. «Қоян»- жұдырығымыз түюлі. Содан соң сұқ саусақ пен ортаңғы саусағымызды шығарамыз. «Қоян» құлағын шығарады.

  2. «Сақина» - жұдырығымыз түюлі. Бас бармақ пен сұқ саусақтарыңды бір-біріне қосыңдар.

  3. «Саусақтардың сәлемдесуі»-алақанымызды жоғары көтеріп, саусақтарымызды бір-бірімен айқастырамыз.

Балаларға 2-тапсырманы ұсынып, «Боя» деген шартты белгімен таныстырады. Тапсырманы жеке орындауға және алмалар мен алмұрттарды белгісіне қарай топтастыруға уақыт беріледі. Содан соң сұрақ қояды:

-әр топта неше үлкен және кіші алма бар екен?

Балаларды сөз арасында: «бірнеше» немесе «көп», «бір» деген сөздерді қолдануға итермелейміз.

Сергіту минутын өткіземіз.



Заттарды көкөніс, жемістер, тәтті заттар деп бөлу керектігін айтады. Заттар тобын бір сөзбен айтады.

Қарбыздың қандай топқа жататынын табуға қиналады.

Қарбызды бөліп қояды ол-біреу.

Сөз арасында «көп» және «бірнеше» сөздерін қолданады.

Оларды санына қарай бір-біріне қарама-қарсы қояды:

Жеміс-көп, ал қарбыз-біреу. Көкөніс көп ,ал қарбыз біреу және т.б.

Дәптерді ашып 1-тапсырманы орындайды.

Саусақтарын жаттықтырады:


2-тапсырманы орындайды, бір зат пен көп (бірнеше) затты бояйды. Заттарға: «кішкентай алмалар мен бір үлкен алма», «кішкентай алмұрттармен бір үлкен алмұрт» деген атаулар береді.

Рефлексиялық-түзетушілік

Бүгін қандай сөздер кездестіргенін сұрйды. Балаларды «анасына көмектескені» үшін мақтайды. Олардың тақырыпты қалай түсінгенін сұрйды. «Жапсыр» деп аталатын жаңа шартты белгімен таныстырады және жапсырманы қай жердан табатынын, 3-тапсырманың сол жағына көп алма

Оң жағына бір алма жапсыру керектігін түсіндіреді. Тапсырманы орындағаны үшін балаларға алғыс айтады, сабақтан кейін оқу құралдарын мұқият жинап қою керектігін түсіндіреді.



Қорытады, ойыннан алған әсерлерімен бөліседі. 3-тапсырманы орындай отырып, жаңа тақырыпты қалай

Түсінгендерін айтады.



Оқу құралдарын үстелдіңшетіне жинап қояды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: «бір» және «көп», «бірнеше» терминдерін;

Игереді: заттарды белгілі бір қасиетіне (белгісі) қарай топтпстыру туралы жалпы түсінікті, баспа дәптерімен жұмыс істеу жөніндегі түсінікті;

Меңгереді: бір затты көрсетуді, заттарды бір белгісіне қарай топтарға біріктіруді.
Каталог: 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
2016 -> Программы вступительных испытаний, проводимых консерваторией самостоятельно Вступительные испытания творческой и (или) профессиональной направленности бакалавриат


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет