Бұл өлке осыдан көптеген жыл бұрын



жүктеу 36.39 Kb.

Дата23.10.2018
өлшемі36.39 Kb.

ЕКІНШІ

  А Л Ы П 

Бұл өлке осыдан көптеген жыл бұрын 

жапан жүз дала еді. Кәзір мұнда өнер-

кәсіп алыбы—қара металл, электр  қуаты, 

жасанды-каучук және басқа да халық 

шаруашылық  қажетіне керекті аса ма-

ңызды бұйымдар өндіретін заводтар, стан-

циялар және кэсіпорындар орнады. Болат 

қ аласыны ң еңбекшілері Коммунистік пар-

тияның сара басшылығы арқасында совет 

адамдары соңғы жылдардың ішінде осы 

бір өңірді үлкен байлық алқабына айнал-

дырды, мұнда бұл күндері жүз мыңнан 

аса халқы бар Теміртау  қаласы күн са-

нап, гүл жайнап көркейе түсуде. Совет 

адамдарының ерлік еңбегі нәтижесінде 

пайда болған жас  қаланың тарихи шежі-

ресіне «Казметаллургстрой» тресінің жүз-

деген коллективі бар еңбек адамдары ел 

мақтанарлық, жас  ұрпақтарымызға мәңгі-

лік дәстүр болатын тамаша ерлік істер 

атқарды. 

Жетіжылдықтың екпінді  құрылыстары-

ның бірі—Қарағанды металлургия заводы 

салынып жатыр. Бұл  құрылысқа бүкіл 

еліміз, бүкіл жұртшылығымыз белсене 

қ атысы п келеді. Сол себептен де, совет 

адамдары оны «Қазақстан Магниткасы», 

«Бүкілхалықтық іс» деп мақтан етуде. 

Қ аза қ Советтік Социалистік Республи-

касының орнағанына биыл 40 жыл тол-

ды, оны достығы жарасқан сан 

ұлтты 

халқының  құрамында  қайта туған  қазақ 



х а л қ ы үлкен өрлеу үстінде мейрамдап 

отыр, әрі осы даңқты мерекеге сүбелі 

тартулар әкеліп отыр. 

Жетіжылдықтың екінші жылының июнь 

айында  Қазақстан Магниткасының  құры-

лысшылары, монтажшылары және метал-

лургтері сүйікті Отанымызға алғашқы 

шойын беріп, еліміздің Шығысында аса 

қ уатт ы  қара металлургияның негізін жа-

сады. Бұдан кейін көп  ұзамай-ақ екінші 

кокс батареясы  қатарға  қосылды. 

Құрылыс тресінің партия  ұйымы, оның 

жауынгер коммунистері  Қазақстанда Со-

вет үкіметінің және Коммунистік партия-

ның  құрылғанына 40 жыл толуын аса зор 

саяси және өндірістік өрлеу үстінде мере-

келеуде. Бүгін екінші домна пеші пайда-

лануға берілді,  Қазақстан шойынын бе-

ре бастады. 

Алып  құрылыста көп  ұлтты адамдардың 

өкілдері—жас патриоттарымыз, жігерлі 

жастар мен  қыздарымыз  қажырлы еңбек 

етіп, Коммунистік партияның айбынды 

программасын жүзеге асыру жолында бір-

кісідей өнімді еңбек етуде. 

Екінші домна пешінің  құрылысында әр 

тарапты күрделі, жауапты жұмыстар атқа-

рылды. Осының барлығында да еңбеккер-

леріміз батылдық,  қажырлылық көрсетіп, 

өзінің күш-жігерін, білімін екінші домна 

пешін уәделі күнге пайдалануға беру ісіне 

жұмсады. Мұның өзі бүкіл жұртшылығы-

мызды сүйсінерлік те,  қуанарлық та та-

бысқа жеткізді. 

Осындай күрделі табысқа жетуде пар-

тия  ұйыйы және  құрылысшы коммунис-

теріміз авангардтық роль атқарып, жарыс-

тың алдыңғы сапында болды. Демек, ком-

мунистер  қол жеткен табыстарымыздың 

бірден-бір  ұйтқысы болды. Трест партия 

ұ йымыны ң  құрамында  1 9 5 5 жыл ы небәрі 

3 5 0 коммунист болған еді, кәзір олардың 

саны 1450-ге жетті, соған орай, трест пар-

тия  ұйымы аудандық комитеттің правосы-

на теңбе-тең партия комитеті деген пра-

воға ие болды. 

Құрылысымыздың партия 

ұйымы партиялық-ұйымдастыру ж ұ мыста -

рын Жақсарта отырып, шаруашылық 

орындарының жұмысына бақылау жасау 

ролін іскерлікпен жүзеге асырып, социа-

листік жарыстың, жаңалықтардың, игі 

бастамалардың дем берушісі болды. 

Кәзір коммунистердің басым көпшілігі 

іске  қосылатын күрделі объектілердің жа-

уапты участоктерінде істейді. Мұнда олар 

қ ұ рылысшыла р арасында саяси-көпшілік 

жұмысын бүгінгі таңдағы міндеттермен 

тығыз  ұштастырып, әрбір  құрылысшыны 

тапсырманы асыра орындау, жұмыс сапа-

сын жақсарту күресіне жұмылдырып оты-

рады. 


Мысалы, трест жанындағы  құрылысшы-

лар комитеті председателінің орынбасары 

Кошелев жолдас домна пешіндегі ком-

плексті жұмыс штабына басшылық етті, 

көрнекі және ауызекі үгіттің барлық фор-

маларын алынған міндеттемені орындауға 

жұмылдыра білді. Бұл штаб «Молния», 

«Дабыл», жауынгерлік листоктарын көп-

теп шығарып, әрбір бригада мен участок-

тың алдында тұрған нақты міндеттерді 

көрсеткен 500-ден аса  ұрандар мен пла-

каттарды жазып ілді. 

Құрылысшылар арасында озаттар тәжі-

рибесі кеңінен насихатталып отырылды. 

Сонымен бірге радио газеті жұмыс істеді. 

Мұнда бригадалар мен участок басшыла-

рының, озаттардың сөздері  ұйымдастырыл-

ды. Осының нәтижесінде көптеген комму-

нистеріміз жұмысты өнімді атқарып,  қа-

лың бұқараға 

қ ажырл ы еңбектің тама-

ша үлгісін көрсетті. Коммунистер Әбляев, 

Рябичев, Стабингис, Заверух, Александров 

жолдастар, мысалы, өндірістік нормаларын 

әрдайым асыра орындаумен  қатар, басқа 

да  құрылысшылардың жұмысты өнімді, 

сапалы істеуіне үнемі назар аударып 

отырды. Негізгі өнеркәсіп объектілерінде 

істеген коллективтердің нормаларын үне-

мі асыра орындауының тағы бір сыры мі-

не осында. 

Қазақстан Магниткасының, соның ішін-

де екінші алып—екінші домна пешінің 

құрылысына  қатысқан еңбек адамдарымыз 

—коммунистер меи комсомолецтер рациона-

лизаторлық  ұсыныстар енгізу жөнінде-

де көп істер атқарды. Мысалы, Лисовен-

ко, Селецкий, Козин, Васильев жолдастар-

дың әрқайсысы бірнеше бағалы  ұсыныс-

тар енгізіп, оны жүзеге асырды. Мұның 

нәтижесінде  құрылыс салу ісінде техника-

лық прогресс өз кемелінде дамып, еңбек 

өнімділігі еселеп артты. 

Байырғы  құрылысшылардың басшылы-

ғымен түрлі  құрылыс обьектілерінде мың-

даған жастар жұмыс істейді. Есімі рес-

публикамыздан тыс жерлерге көптен мә-

лім еңбектің шамшырақтары—Үкен Тұр-

мағанбетов, Дәку Әбдиев, Степан Морозов, 

Лидия Казанцева жолдастар көптеген жас-

тардың  ұстазы, әрі досы болып саналады. 

Бұлардың бұрынғы шәкірттері кәзір  Қа-

зақстан Магниткасының 

құрылысында 

қ ажырл ы еңбек етіп, үлкен даң қ қ а бөле-

нуде. 


Партия  ұйымы жас  құрылысшылардың 

еңбекті оқумен  ұштастыруына ерекше мән 

берді, олардың әртүрлі оқуға тартылуын 

қамтамасыз етті. Кәзір жүздеген жастар 

әртүрлі курстар мен оқу комбинаттарында 

оқып, бетоншы, тас  қалаушы, балташы, 

механизатор мамандықтарын меңгеру-

мен шұғылдануда. 

Қазақстан Магниткасының комсомол 

ұйымы жа с  қ ұ рылысшылард ы мемлекеттік 

жоспарды асыра орындау күресіне жұмыл-

дыруда партия  ұйымдарының белсенді кө-

мекшісі бола білді. Комсомол 

ұйымдары 

республикамыздың 40 жылдық мерекесі 

құрметіндегі жары с күндерінде еңбек 

вахтасын  ұйымдастырудың бірден-бір ини-

циаторы болды. Сонымен бірге олар саяси 

және техникалық білімдерін арттыру ісі-

мен де тыңғылықты айналысып келеді. 

Бұл күндері  Қазақстан Магниткасында 

КПСС XXII съезі атындағы бригада деген 

құрметті ата қ т ы алу жолындағы жары с 

басталды. Бұл жарысқа Шилов, Жуков, 

Плохов жолдастар басқарған бригадалар-

дың мүшелері тегіс  ұштасып отыр. 

Кәзір 24 бригадаға және бір цехқа ком-

мунистік еңбек бригадасы деген  құрметті 

атақ берілді. Ал бұл атаққа ие болу үшін 

жүзден аса бригада, цехтар коллективтері 

бір кісідей  қосылды. Көптеген жұмысшы-

ларға коммунистік еңбектің екпіндісі, ал 

Петр Роман, Пелагея Захарова жолдас-

тарға Социалистік Еңбек Ерлері деген жо-

ғары атақ берілді. 

Екінші алыптың  құрылысшылары пар-

тия  ұйымының басшылығы арқасында өз-

деріне алған жауапты міндеттерін табыс-

ты жүзеге асырып, домна пешінің серт 

еткен күнде іске  қосылуын 

қамтамасыз 

етті. Сейтіп,  құрылысшылар коллективі 

өнеркәсіп және тұрғын үйлер  құрылысын 

салу жөніндегі тапсырманы абыроймен 

орындап,  құрылыс-монтаж жұмыстарының 

түсер бағасын кеміту,  с а й ы п келгенде 

жетіжылдықтың үшінші жылының тапсыр-

масын мерзімінен бұрын орындап шығуды 



нысана етіп отыр. 

А .  К Л У С О В И Ч , 

« К а з м е т а л л у р г с т р о й » тресінің  п а р т и я 

комитеті  с е к р е т а р ы н ы ң  о р ы н б а с а р ы . 



Советтік Қарағанды. - 1961. - 24 июнь. (№ 148) - 3 б. 




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет