Бір тараптан еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан қытай халық республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім кіріспе бір тараптан Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан



жүктеу 0.95 Mb.
бет1/5
Дата03.08.2018
өлшемі0.95 Mb.
  1   2   3   4   5
БІР ТАРАПТАН ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ПЕН ОҒАН МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР ЖӘНЕ ЕКІНШІ ТАРАПТАН ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

КІРІСПЕ

Бір тараптан Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы (бұдан әрі “ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер” деп аталады) мен Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі “ЕАЭО” деп аталады) және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы (бұдан әрі “Қытай” деп аталады)
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Қытай арасындағы ұзақтан бергі достық қарым-қатынастарды және мықты экономикалық және сауда байланыстарын МОЙЫНДАЙ ОТЫРЫП және өздерінің бірлескен әріптестігін нығайтуды қалай отырып;
Тараптар арасындағы өзара сауда байланыстарын дамыту және өзара мүдделілікті білдіретін салаларда экономикалық ынтымақтастықты ілгерілету үшін орта қалыптастыруды және жағдай жасауды ҚАЛАЙ ОТЫРЫП;
Азия-Тынық мұхит өңіріндегі және Еуразиядағы экономикалық интеграцияның маңызды екенін, сондай-ақ өңірде берік әрі тұрақты сауда байланыстарын құру құралы ретінде Еуразиялық экономикалық одақ пен «Белдеу және Жол» бастамасы ұштастырудың маңызды екенін МОЙЫНДАЙ ОТЫРЫП;
Өздерінің ұлттық саясат мақсаттарына қол жеткізу үшін реттеуді жүзеге асыру құқығын РАСТАЙ ОТЫРЫП және қоғамдық саламаттылықты қамтамасыз ету бойынша өздерінде бар мүмкіндіктерді сақтай отырып;
төмендегілер туралы УАҒДАЛАСТЫ:

1-ТАРАУ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1-бап
Жалпы ережелер және анықтамалар
Егер өзгеше көзделмесе, осы Келісімнің мақсаттары үшін:
(a)  “Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісім” - ДСҰ келісіміне 1А қосымшадағы Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісім;
(b)  “Арнайы қорғау шаралары жөніндегі келісім” - ДСҰ келісіміне 1А қосымшадағы Арнайы қорғау шаралары жөніндегі келісім;
(с)  “Демпингке қарсы шаралар жөніндегі келісім” - ДСҰ келісіміне 1А қосымшадағы 1994 жылғы Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің VI бабын қолдану жөніндегі келісім;
(d)  “Кедендік құнды бағалау жөніндегі келісім” - ДСҰ келісіміне 1А қосымшадағы 1994 жылғы Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің VIІ бабын қолдану жөніндегі келісім;
(e)  “күндер” - демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, күнтізбелік күндер;
(f)  “Еуразиялық экономикалық комиссия” - 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі “ЕАЭО туралы шарт” деп аталады) сәйкес құрылған ЕАЭО-ның тұрақты әрекет ететін реттеуші органы;
(g)  “ТСБК 1994” - ДСҰ келісіміне 1А қосымшадағы 1994 жылғы Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісім және оған түсіндірме ескертулер;
(h)  “Тараптар” - бір тараптан Қытай және екінші тараптан ЕАЭО туралы шартқа сәйкес белгіленген өз құзыреті шегінде ЕАЭО және/немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер;
(i)  “СӨШ келісімі” - ДСҰ келісіміне 1А қосымшадағы Субсидиялар мен өтемақы шаралары жөніндегі келісім;
(j)  “СФШ келісімі” - ДСҰ келісіміне 1А қосымшадағы Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі келісім;
(k)  “СТК келісімі” - ДСҰ келісіміне 1А қосымшадағы Саудадағы техникалық тосқауылдар жөніндегі келісім;
(l)  “ЗМҚСА келісімі” - ДСҰ келісіміне 1С қосымшадағы Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісім;
(m)  “ДСҰ келісімі” - 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісімі;
(n)  “ДСҰ” - ДСҰ Келісіміне сәйкес құрылған Дүниежүзілік сауда ұйымы.

1.2-бап
Келісімнің мақсаты
Осы Келісімнің мақсаты осы Келісімде қамтылған салаларда ынтымақтастықты қамтамасыз ету арқылы Тараптар арасындағы экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту үшін негіз жасау және осы Келісімде қамтылған мәселелер бойынша Тараптар арасындағы өзара іс-қимылдарды женілдету болып табылады.

1.3-бап
Аумақтық қолданылу
Осы Келісім тек қана осы Келісімді орындау мақсаттары үшін Тараптардың әрқайсысының бүкіл кедендік аумағында қолданылады.
1.4-бап
Басқа келісімдермен арақатынасы


  1. Тараптар ДСҰ Келісімі бойынша, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекет пен Қытай қатысушылары болып табылатын екіжақты келісімдер бойынша бір-біріне қатысты өз құқықтары мен міндеттерін растайды.




  1. Осы Келісімнің ережесі мен ДСҰ келісімінің ережесі арасында алшақтық болған жағдайда, осындай алшақтық бөлігінде ДСҰ келісімінің осы ережесі басым күшке ие болады.




  1. Осы баптың 2-тармағында айтылған алшақтық болған жағдайда, Тараптар өзара қолайлы шешім жасау мақсатында дереу консультациялар өткізеді.




  1. Егер осы Келісімде қамтылған мәселелерге қатысты ЕАЭО-ға мүше мемлекет пен Қытай қатысушылары болып табылатын қандай да бір екіжақты келісімде осы Келісім бойынша ұсынылатын режимге қарағанда, неғұрлым қолайлы режим ұсынылған жағдайда, мұндай неғұрлым қолайлы режимді ұсыну басым күшке ие болады.



1.5-бап
Консультациялар
Осы Келісімге байланысты туындайтын кез келген дауларды Тараптар өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында консультациялар арқылы реттеуге тиіс.

1.6-бап
Барынша қолайлылық режимі
ТСБК 1994-тің І бабы және оған түсіндірме ескертулер, сондай-ақ ДСҰ Келісіміне сәйкес қолданылатын, ТСБК 1994-тің І бабында көзделген режимді ұсыну міндеттемесінен кез келген ерекшелік, алып қою және уақытша босату осы Келісімге енгізіледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

1.7-бап
Ұлттық режим
ТСБК 1994-тің ІІІ бабы және оған түсіндірме ескертулер, сондай-ақ ДСҰ Келісіміне сәйкес қолданылатын, ТСБК 1994-тің ІІІ бабында көзделген режимді ұсыну міндеттемесінен кез келген ерекшелік, алып қою және уақытша босату осы Келісімге енгізіледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

1.8-бап
Импортқа және экспортқа байланысты төлемдер, алымдар және формалдылықтар
ТСБК 1994-тің VIII бабы және оған түсіндірме ескертулер, сондай-ақ ДСҰ Келісімі бойынша қолданылатын, ТСБК 1994-тің VIII бабында көзделген режимді ұсыну міндеттемесінен кез келген ерекшелік, алып қою және уақытша босату осы Келісімге енгізіледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

1.9-бап
Жалпы ерекшеліктер
Мұндай шаралар бірдей шарттары басым елдер арасында жөнсіз немесе өзін-өзі ақтамайтын кемсітушілік құралына немесе халықаралық сауданың жасырын шектеуіне айналуы мүмкін болатындай етіп қолданылмаған жағдайда, осы Келісімде ешнәрсе Тараптың:
(a)  қоғамдық моральды қорғау үшін қажетті;
(b)  адамның өмірін немесе денсаулығын, жануарларды немесе өсімдіктерді қорғау үшін қажетті;

(c)  алтынды немесе күмісті әкелуге немесе әкетуге қатысты;


(d)  ТСБК 1994 II бабының 4-тармағына және XVII бабына сәйкес қолданылатын кеден заңнамасының, монополиялар туралы қағидалардың сақталуын қамтамасыз етуге, патенттерді, тауар белгілерін және авторлық құқықтарды қорғауға және шатастыруға алып келетін практикалардың алдын алуға қатысты ережелерді қоса алғанда, ТСБК 1994 ережелеріне қайшы келмейтін заңдарға немесе қағидаларға сәйкестікті қамтамасыз ету үшін қажетті;
(e)  қамақта отырғандар өндірген тауарларға қатысты;
(f)  ұлттық көркем, тарихи немесе археологиялық құндылық қазыналарын қорғау үшін қабылданатын;
(g)  егер мұндай шаралар ішкі өндірісті немесе тұтынуды шектеумен бір мезгілде жүргізілетін болса, сарқылатын табиғи ресурстарды консервациялауға қатысты;
(h)  мұндай шектеулер экспортты ұлғайтуға немесе осы отандық өнеркәсіпті қорғауға жәрдемдеспеген және ТСБК 1994-тің кемсітпеушілікке қатысты ережелерінен ауытқымаған жағдайда; үкімет жүзеге асыратын тұрақтандыру жоспарының бір бөлігі ретінде мұндай материалдардың ішкі бағасы әлемдік бағаға қарағанда анағұрлым төмен деңгейде сақталатын кезеңдер ішінде отандық өңдеу өнеркәсібін осындай материалдардың жеткілікті көлемімен қамтамасыз етуге қажетті, отандық материалдардың экспортын шектеуге байланысты;
(i)  мұндай кез келген шаралар Тараптардың осындай тауарлардың халықаралық берілімдерінде әділ үлес құқығына ие болу қағидатымен үйлескен және ТСБК 1994-тің басқа ережелерімен үйлеспейтін кез келген осындай шаралар өздерін қолдануға себеп болған шарттар жойылған кезде дереу жойылатын жағдайда; тұтастай алғанда немесе нақты өңір үшін тапшы болып табылатын тауарларды сатып алу немесе тарату үшін маңызды шараларды қабылдауына немесе қолдануына кедергі ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
1.10-бап
Қауіпсіздік тұрғысындағы ерекшеліктер
Осы Келісімде ешнәрсе:
(a)  Тарап ашылуы өз қауіпсіздігінің елеулі мүдделеріне қайшы келеді деп есептейтін қандай да бір ақпаратты ұсынуды Тараптан талап ету ретінде; немесе
(b)  Тараптың:
(i)  ыдырайтын материалдарға немесе олардан жасалатын материалдарға қатысты;
(ii)  қару, оқ-дәрілер және әскери материалдар саудасына, сондай-ақ қарулы күштерді жабдықтау мақсаттары үшін тікелей немесе жанама жүзеге асырылатын басқа да тауарлар мен материалдар саудасына қатысты;
(iii)  соғыс уақытында немесе халықаралық қарым-қатынастардағы басқа да төтенше жағдайларда қабылданатын, өз қауіпсіздігінің елеулі мүдделерін қорғау үшін қажетті деп есептейтін әрекеттер қолдануына кедергі ретінде; немесе
(c)  Тараптың бүкіл әлемде бейбітшілікті және халықаралық қауіпсіздікті сақтау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін кез келген шаралар қабылдауына кедергі ретінде түсіндірілуге тиіс емес.

1.11-бап
Құпия ақпаратты ашу
Осы Келісімде ешнәрсе Тараптан ашылуы құқық қолдануға кедергі келтіретін немесе қоғамдық мүдделерге өзгеше түрде қайшы келетін немесе жекелеген мемлекеттік немесе жекеше кәсіпорындардың заңды коммерциялық мүдделеріне нұқсан келтіретін құпия ақпаратты беруді талап етпейді.

2-ТАРАУ
ТРАНСПАРЕНТТІЛІК
2.1-бап
Мақсаты
Осы Тараудың мақсаты осы Келісім реттейтін мәселелерге қатысты жалпы қолданылатын шараларды жариялауға және қолдануға байланысты тиімді тетіктер мен қағидалар жасау болып табылады.

2.2-бап
Шараларды жариялау


  1. Әрбір Тарап осы Келісім реттейтін барлық мәселелер бойынша өзінің кез келген жалпы қолданылатын шараларының, оған қоса оларға енгізілген өзгерістер туралы ақпараттың осы Келісім күшіне енгеннен кейін күшіне енетін, өзі қатысушысы болып табылатын тиісті халықаралық шарттардың өз заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес уақтылы жариялануын немесе еркін қол жеткізу үшін өзге де жария орналастыруын, оның ішінде электрондық нысанда орналастыруын қамтамасыз етеді. Электрондық нысандағы ақпарат, мүмкіндігіне қарай, осындай шараны қолдануға және оның орындалуын қамтамасыз етуге уәкілетті органды көрсете отырып, уәкілетті органдардың жалпыға бірдей қолжетімді ресми веб-сайттарында орналастырылуға тиіс. Мүдделі тұлғалардың осындай шаралар туралы ақпаратқа кемсітушіліксіз еркін қол жеткізуі, оның ішінде мүмкіндігіне қарай, тегін веб-сайт арқылы қол жеткізуі қамтамасыз етілуге тиіс.




  1. Мүмкіндігіне қарай, әрбір Тарап өзінің заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес:

(a)  қабылдануы жоспарланатын, осы баптың 1-тармағында көрсетілген кез келген шараны күні бұрын жариялайды; және


(b)  мүдделі тұлғалардың және басқа Тараптың осындай шаралар бойынша түсіндірулер ұсынуы үшін ақылға қонымды мүмкіндік ұсынады.


  1. Қандай да бір Тарап қолданатын және қалыптасқан және біркелкі практика шеңберінде баж мөлшерлемесінің немесе басқа импорттық алымның жоғарылауына алып келетін немесе импортқа не ол үшін төлемдерді аударуға жаңа немесе анағұрлым ауыртпалықты талаптарды, шектеулерді немесе тыйымдарды белгілейтін жалпы қолданылатын шараның ешқайсысы осындай шара ресми жарияланғанға дейін қолданылмайды.



2.3-бап
Шараларды қолдану


  1. Әрбір Тарап осы Келісімді қолдануға қатысы бар өзінің барлық жалпы қолданылатын шараларын біркелкі, бейтарап және ақылға қонымды түрде қолданады.




  1. Әрбір Тарап, басқалар арасында, кеден мәселелеріне қатысты әкімшілік әрекеттерді жылдам қайта қарау және түзету мақсаттары үшін сот, төрелік немесе әкімшілік трибуналдарды немесе рәсімдерді мүмкіндігінше сақтайды немесе жылдам құрады. Мұндай трибуналдар немесе рәсімдер өздеріне әкімшілік құқық қолдануды жүзеге асыру жүктелген органдардан тәуелсіз болуға тиіс және олардың шешімдерін осындай органдар орындауға тиіс және осындай органның орталық аппараты, егер мұндай шешім белгіленген құқықтық қағидаттармен немесе нақты мән-жайлармен үйлеспейді деп пайымдауға жеткілікті себептер болса, бұл мәселені басқа іс жүргізу тәртібінде қайта қарау үшін шаралар қабылдай алатын жағдайда, соңғылары, егер импорттаушылардың шағым беруі үшін белгіленген кезең ішінде жоғары тұрған сотқа немесе трибунаға апелляциялық шағым түспесе ғана өз практикасында осы шешімдерді басшылыққа алады.




  1. Осы баптың 2-тармағының ережелері, осы Келісімнің күнінде Тараптың аумағында қолданылған тіпті егер мұндай рәсімдер өздеріне әкімшілік құқық қолдануды жүзеге асыру жүктелген органдарға толық немесе формалды түрде тәуелсіз болмаса да, іс жүзінде әкімшілік әрекеттердің объективті және бейтарап түрде қайта қаралуын қамтамасыз ететін рәсімдердің күшін жоюды немесе ауыстыруды талап етпейді. Мундай рәсімдерді қолданатын кез келген Тарап сұрау салу бойынша басқа Тарапқа, соңғысы осы рәсімдердің осы тармақтың талаптарына сәйкес келетінін не келмейтінін айқындай алуы үшін осындай рәсімдер туралы толық ақпарат береді.



2.4-бап
Шаралар туралы хабарлама және ақпарат ұсыну


  1. Әрбір Тарап басқа Тарапты бірінші Тараптың пікірі бойынша осы Келісімнің қолданылуына елеулі түрде ықпал етуі мүмкін шара туралы ақпарат туралы хабардар етуге ұмтылатын болады.




  1. Егер Тарап басқа Тараптың осы Келісім реттейтін мәселелерге қатысты жалпы қолданылатын шарасы осы Келісімнің қолданылуына ықпал етуі мүмкін деп есептейтін болса, осындай Тараптың басқа Тараптан осындай шара туралы егжей-тегжейлі ақпарат беруін сұратуға құқығы бар. Сұрау салатын Тарап өзінің сұрау салуында осындай сұрау салудың практикалық себептерін көрсетеді.




  1. Осы Келісім Тарапының сұрау салуы бойынша басқа Тарап кез келген қабылданған немесе қабылдануы жоспарланған жалпы қолданылатын шараларға қатысты қажетті ақпаратты және тиісті сұрақтарға жауаптарды уақтылы береді. Осы тармаққа сәйкес сұрау салу бойынша ақпарат сұрау салу алынған күннен бастап 45 күннен аспайтын мерзімде сұрау салуға жауап беретін Тараптың мемлекеттік/ресми тілінде беріледі.




  1. Осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес сұратылған ақпарат ағылшын тілінде немесе Тараптың мемлекеттік/ресми тілінде, мәлімет үшін қоса берілетін ағылшын тіліндегі аудармасымен бірге жазбаша түрде беріледі.




  1. Бір Тараптың ақпарат беру туралы сауал салуы және басқа Тараптың тиісті жауабы Тараптардың осы Келісімнің 12.2-бабына сәйкес тағайындалған байланыс пункттері арқылы беріледі.




  1. Осы Келісімнің мақсаттары үшін, егер ақпаратты қандай да бір Тарап ДСҰ Келісімі бойынша міндеттемелерге сәйкес берген болса немесе егер тиісті ақпарат ашық қолжетімділікте, оның ішінде жауапты органның «Интернет» желісіндегі ресми сайтында орналастырылған болса, ақпарат осы баптың 1 және 3-тармақтарына сәйкес берілді деп есептеледі.

3-ТАРАУ
САУДАНЫ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ
3.1-бап
Жалпы ережелер
Тараптар тиісінше ТСБК 1994 VI бабының және XIX бабының ережелеріне, Демпингке қарсы шаралар жөніндегі келісімге, СӨШ келісіміне және Арнайы қорғау шаралары жөніндегі келісімге сәйкес демпингке қарсы шараларды, өтемақы және арнайы қорғау шараларын қолданады.

3.2-бап
Заңнама туралы ақпарат алмасу


  1. Тараптар өз аумақтарында демпингке қарсы шараларды, өтемақы және арнайы қорғау шараларын енгізуді және қолдануды реттейтін қолданыстағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін бір-біріне береді. Тараптар тиісті заңдардағы және өзге де нормативтік құқықтық актілердегі кез келген өзгерістер туралы, мұндай өзгерістер күшіне енген кезден бастап күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей бір-біріне хабарлайды.




  1. Егер ЕАЭО тарапынан Қытайға тиісті ақпарат берілген болса, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер осы баптың 1-тармағының ережелерін орындаған болып есептеледі.



3.3-бап
Хабарламалар
Демпингке қарсы, өтемақы немесе арнайы қорғау тергеп-тексеруін бастау мүмкіндігін қарастыратын Тарап басқа Тарапқа тергеп-тексеру басталғанға дейін 15 күннен кешіктірмей, осындай тергеп-тексеруді бастау туралы өтініш алғаны туралы жазбаша хабарлама беруге ұмтылатын болады.

3.4-бап
Ақпарат алмасу


  1. Тараптар Тараптардың практиканы өзара түсінуін жақсарту мақсатында, Тараптардың әдіснамалары мен тәжірибесі туралы ақпаратты қоса алғанда, демпингке қарсы шараларды, өтемақы және арнайы қорғау шараларын енгізу және қолдану саласында уақтылы ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.




  1. Тараптар демпингке қарсы шараларды, өтемақы және арнайы қорғау шараларын енгізу мен қолданудың халықаралық практикасы, сондай-ақ оның өзгерісі туралы тұрақты түрде ақпарат және пікір алмасуды қамтамасыз етеді.




  1. Әрбір Тарап осы Тарауда қамтылған кез келген мәселе жөнінде ақпарат беру туралы басқа Тарапқа жазбаша сұрау салу жолдай алады. Сұрау салуда сұрау салушы Тараптың осындай сұрау салуды жіберу себептері қамтылуға тиіс. Тараптар сұратылған ақпаратты ақылға қонымды, бірақ сұрау салу алынған кезден бастап 30 күннен аспайтын уақыт кезеңі ішінде жазбаша нысанда беруге ұмтылатын болады. Сұратылған ақпаратты беру Тараптардың демпингке қарсы, өтемақы немесе арнайы қорғау тергеп-тексеру бастауына кедергі келтірмеуге және осындай тергеп-тексеруді жүргізуге кедергі келтірмеуге тиіс.



3.5-бап
Консультациялар
Тараптар осы Тарауда қамтылған мәселелер бойынша консультациялар жүргізе алады. Осы мақсатта Тараптардың бірі басқа Тарапқа консультациялар жүргізуге жазбаша сұрау салу береді. Консультациялар мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ осындай жазбаша сұрау салу алынған кезден бастап 30 күннен кешіктірілмей жүргізіледі. Аталған консультациялар Тараптардың демпингке қарсы, өтемақы немесе арнайы қорғау тергеп-тексеруін бастауына кедергі келтірмеуге және осындай тергеп-тексеруді жүргізуге кедергі келтірмеуге тиіс.

3.6-бап
Байланыс деректерін алмасу


  1. Тараптар Келісім күшіне енген күннен бастап 30 күн ішінде тергеп-тексеру жүргізетін органдардың және Тараптардың осы Тарауға сәйкес өзара іс-қимыл жасайтын басқа да уәкілетті органдарының атаулары мен байланыс деректері туралы ақпарат алмасады. Тараптар тергеп-тексеру жүргізетін органдарға және басқа да уәкілетті органдарға қатысты кез келген өзгерістер туралы бір-біріне уақтылы хабарлайды.




  1. Егер ЕАЭО тарапынан Қытайға тиісті ақпарат берілген болса, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер осы баптың 1-тармағының ережелерін орындаған болып есептеледі.



3.7-бап
2-тараудың қолданылмауы
Осы Тараудың ережелеріне қатысты осы Келісімнің 2-тарауы қолданылмайды.

3.8-бап
Субсидияларға қатысты мәселелер


  1. Тараптардың бірінің сұрау салуы бойынша басқа Тарап ақылға қонымды мерзімде СӨШ келісімінің 25.3-бабына сәйкес жасалған субсидиялар туралы хабарлама береді. ДСҰ-ға мүше болып табылмайтын Тарап форматы мен мазмұны СӨШ келісімінің 25.3-бабының талаптарына сәйкес келетін субсидиялар туралы хабарлама жібереді.

Тарап басқа Тарап берген немесе беретін субсидияның сипаты мен шамасы туралы ақпаратты жазбаша нысанда сұратуы мүмкін. Сұрау салынатын Тарап мүмкіндігінше қысқа мерзімде және түбегейлі түрде осындай ақпаратты береді және ол сұрау салушы Тарапқа сұрау салуы бойынша қосымша ақпарат беруге дайын болуға тиіс.




  1. Егер Тараптың басқа Тарап берген немесе беретін субсидиясы оның отандық экономикасының саласына нұқсан келтіреді, пайданың жойылуына немесе қысқартылуына немесе СӨШ келісімінің түсінігінде мүдделерге айтарлықтай қысым жасалуына алып келеді деп пайымдауына негіздері болса, мұндай Тарап басқа Тараптан консультация сұрата алады.

Консультация жүргізуге сұрау салуда (а) қаралатын субсидияның болуына және сипатына және (б) отандық экономика саласына келтірілген нұқсанға немесе пайданың жойылуына немесе қысқартылуына немесе консультация сұрататын Тараптың мүдделеріне айтарлықтай нұқсан келтіруге қатысты қолда бар дәлелдемелер қамтылуға тиіс.




  1. Осы баптың алдыңғы тармақтарында көрсетілген консультациялар, егер Тараптар өзгеше туралы уағдаласпаған болса, сұрау салу алынған күннен бастап 60 күн ішінде жүргізілуге тиіс.




  1. Осы бап Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісімге I-қосымшада көрсетілген тауарларға қатысты субсидияларға қолданылмайды.

4-ТАРАУ
САУДАДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ТОСҚАУЫЛДАР
4.1-бап
Мақсаттары
Осы Тараудың мақсаттары:
(a)  стандарттарды, техникалық регламенттер мен сәйкестікті бағалау рәсімдерін әзірлеу, қабылдау және қолдану нәтижесінде туындауы мүмкін саудадағы артық тосқауылдарды болдырмау және жою арқылы Тараптар арасындағы тауарлар саудасын оңайлату;
(b)  стандарттарды, техникалық регламенттер мен сәйкестікті бағалау рәсімдерін әзірлеу, қабылдау және қолдану саласында ақпарат алмасуды қоса алғанда, Тараптар арасындағы ынтымақтастықты нығайту;
(c)  Тараптардың әрқайсысының стандарттарды, техникалық регламенттер мен сәйкестікті бағалау рәсімдерін өзара түсінуіне жәрдемдесу;
(d)  стандарттау, аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы халықаралық органдардың жұмысында Тараптар арасындағы ынтымақтастықты нығайту;
(e)  осы Тараудың қолданылу саласы шеңберінде Тараптар арасындағы саудада туындайтын мәселелерді тиімді түрде шешу болып табылады.

4.2-бап
Анықтамалар
Осы Тараудың мақсаттары үшін СТК келісіміне 1-қосымшада жазылған анықтамалар қолданылады.

4.3-бап
Қолданылу саласы


  1. Осы Тарау:

(a)  өндіріс мұқтажы және үкіметтік органдардың тұтынуы үшін үкіметтік органдар дайындайтын сатып алу өзіндік ерекшеліктерін; және


(b)  осы Келісімнің 5-тарауында айқындалғандай, санитариялық және фитосанитариялық шараларды қоспағанда, Тараптар арасындағы тауарлар саудасына тікелей немесе жанама ықпал етуі мүмкін Тараптардың барлық стандарттарына, техникалық регламенттері мен сәйкестікті бағалау рәсімдеріне қолданылады.


  1. Әрбір Тарап өзінің аумағы шегіндегі және стандарттарды, техникалық регламенттерді және/немесе сәйкестікті бағалау рәсімдерін әзірлеуге, қабылдауға және қолдануға жауапты жергілікті үкіметтік және үкіметтік емес органдардың осы Тараудың ережелерінің орындалуын қамтамасыз ететіндей, өзіне қолжетімді ақылға қонымды шараларды қабылдайды.




Стт келісімін инкорпорациялау
Кедендік ынтымақтастық
Дербес ақпаратты қорғау

: sites -> default -> files -> pages
pages -> Өтінім берушінің өндіріс орны және/немесе қоймасы орналасқан облыстардан тысқары (республикалық маңызы бар Астана мен Алматы қалалары үшін тиісінше Ақмола мен Алматы облыстарынан тысқары) тасымалданатын дайын (өңделген) өнім тізбесі
pages -> Здравоохранения и социального развития республики казахстан
pages -> «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №9 бұйрығы
pages -> Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы
pages -> Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне
pages -> Термин сөздер қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының
pages -> Қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының


  1   2   3   4   5


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет