Білім беру саласы: Қатынас Пәні: Сауат ашу және жазу Оқу іс-әрекетінің тақырыбы



жүктеу 27.54 Kb.
Дата22.02.2019
өлшемі27.54 Kb.
Білім беру саласы: Қатынас

Пәні: Сауат ашу және жазу

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: У у дыбысы және әрпі

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:У дыбысын таныстыру, у дыбысы бар сөзді оқуға,

у әрпін жазуға үйрету. У дыбысы кейде дауысты, кейде

дауыссыз болатынын түсіндіру. Сөздік қорларын дамытып,

көркем жазуға баулу.



Көрнекілігі:кеспе әріптер, суреттер, текшелер, буындар.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Адал жақсы ниетпен,

Бар адамға бақ тілеп.

Жарып шыққан жүректі,

Сөздің бәрі ақ тілек.


Өлең жолдарын қайталап, сәлемдеседі.


Ұйымдастыру-ізденістер

  1. Тау, ту, уық, науа, аудың суреттерін көрсетіп, олардың аттарын айтқызу.

c:\users\win7\appdata\local\microsoft\windows\temporary internet files\content.ie5\a1somxm0\mc900390698[1].wmfc:\users\win7\appdata\local\microsoft\windows\temporary internet files\content.ie5\xr4r7v1f\mc900434790[1].pngc:\users\win7\desktop\с.jpeg

  1. Сөздік жұмысы жүргізу.

Уық – кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш.

Науа – малдың су ішуіне, жем жеуіне арналған үлкен, ұзынша астау.

Осы сөздердің бәрінде у дыбысы кездесетінін айтып, әріп таңбасымен таныстыру.



Сергіту сәті:

Жел улейді: у-у-у,

Құйын келіп билейді: зу-зу-зу.

Қатты-қатты жел соқты: гу-гу-гу,

Жапырақтар қол соқты: ду-ду-ду


  1. Кеспе әріптермен жазу:

ауа, ау, тау, науа.

Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау. У дыбысының бірде дауыссыз, бірде дауысты дыбыс болатынын түсіндіру.



  1. Тіл ұстарту жаттығуы:

У – у – у

Желбірейді біздің ту.



Дәптермен жұмыс.

  1. Уық, тауық, ұлу сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

У дыбысының сөз басында, ортасында және соңында келетінін түсіндіру.

  1. Өткен дыбыстармен у дыбысын қатыстыртып, буын, сөздер құратып

оқыту. Хормен қайталату.

Өлең жаттату:

Уық деген немене,

Уыз жегің келе ме?

Уыс-уыс уаққа

Ақшаңды уақта.


  1. У дыбысының кіші және бас әріптерін үлгі бойынша жазу.

Уу Уу Уу Уу Уу Уу Уу Уу Уу Уу

  1. Аққу сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Суреттерді атайды.


Сөздердің мағынасын түсінеді.
У дыбысының әріп таңбасымен танысады.

Қимылмен көрсетеді.

Кеспе әріптермен жазады.
Дыбыстық талдау жасайды.

Балалар тапсырманы орындайды

Үлгіні орындайды
Дыбыстық талдау жасайды.


Рефлексивтік-түзетушілік

«Кім жылдам?» дидактикалық ойыны.

Сұрақ-жауап.

Мадақтау.


Балалар ойынға белсене араласады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс:У дыбысын басқа дыбыстардың арасынан ажыратып,

әріп таңбасын жазады.



Түсінігі: у дыбысына қатысты сөз, сөйлем ойлай білуі.
: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет