Білім беру үдерісінде отаншылдық рухты қалыптастыру мазмұны



Дата24.10.2018
өлшемі80.27 Kb.
Білім беру үдерісінде отаншылдық рухты қалыптастыру мазмұны
«Қазақстан – 2030 бағдарламасына  қатысты  Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Оқушыларды  қазақстандық  патриотизмге,  шығармашылық  жағынан  дамыған  жеке  тұлға  ретінде  тәрбиелеу  қажет.  Бүгіннен  бастап  ұлттық  мінез –құлық,  биік  талғампаздық,  тәкаппарлық,  тектілік,  білімділік,  биік  талғам,  ұлттық  намыс  қасиеттерін  сіңіріп  қалыптастыруымыз  керек», - делінген. Отан  сүю, патриотизм  деген  ұғымдар  мектепке,  үйге  жақынына,  туған  қаласына,  ауылына  деген  сүйіспеншіліктен  басталады.  Ұрпақты  ата – салтымызбен  ұлтжанды  етіп  тәрбиелеу  ұстаздар  қауымына  үлкен  талап  қоюда. Себебі  бала  мектеп  табалдырығынан  көрсем – білсем  деген  алып – ұшпа  құмарлық  сезіммен  келеді.  Осы  сәтті  ұтымды  пайдаланып, білімді  ұлттық  тәрбиемен  ұштастыра  білген  мұғалім  ғана  жемісті  жетістіктерге  қол  жеткізеді.  Жас  ұрпақты  халқымыздың  әдет – ғұрып,  салт – санасымен  сусындату  ел  ертеңін  ойлайтын  саналы  азамат  қалыптасуының  бірден – бір  кепілі.  

Әрбір  халық  ел  мен  жер  қадірін,  ата – баба  дәстүрін,  ұрпағының  құлағына  кішкентайынан  құюға  тырысады.  Бұл  тұрғыда,  қазақ  халқының  жаңа  туған  нәрестені  бесікке   салып,  шілдехана  тойынан  бастау  алып,  тұсау  кесу,  қыз  ұзату,  үйлену  тойы,  тіпті  адамды  соңғы  ақтық  сапарға  шығарып  салу  секілді  сан – қилы  ырымдар  мен  кәделерге  толы  салт - дәстүрлерінің  маңызы  ерекше.Мектепке  келген  баланың  отбасында  бойына  сіңірген  мейірімділік,  сүйіспеншілік,  бауырмалдық  секілді  қасиеттерін  одан  әрі  шыңдап,  соның  негізінде  патриоттық  сезімді  аша білу  үшін  әрбір  мұғалім  жүйе  бойынша  белгіленген  нақты  іс-  шараларды  аса  шеберлікпен  үйлестіріп  жүргізуі  тиіс.Бастауыш  буын – қайталанбайтын  кезең,  ақиқаты  сол,  білім  негізі  бастауыштан  басталады.  Бастауыш  білім  беру  сатысы  оның  үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  басқа  буындармен  тек  сабақтас  болуымен  ғана  емес,  ең  алдымен  оқушы  тұлғасы  ұйытқысының  қалыптасуы  мен  дамуы  қуатты  жүретін  аса  маңызды,  құнды,  қайталанбайтын  буын  екендігімен  ерекшеленеді.  Бастауыш  сатыдағы  білім  берудің  бағдарлы  мақсаты – оқу  әрекетін  қалыптастыру;  айналадағы  дүниемен  белсенді  әрекеттестік  тәрбие  түрлеріне  сай  сезім  қатынас  қарым – қатынасқа  дайындау;  өзін  қоршаған  және  өмір  сүрген  жаңа  табиғи  және  әлеуметтік  ортаны  тануға,  сүюге,  қорғауға,  өзін  ұстай  білуге  үйрету  болып  табылады.    Оны  оқу,  ойын,  еңбек,  қарым – қатынас  сияқты  түрлерін  меңгерумен  қамтамасыз  етуге  болады.Бастауыш  сынып  оқушылары  оқу  сабағы,  тәрбие  сағаттары,  сыныптан,  мектептен  тыс  жұмыстар арқылы танымдық, тәрбиелік  әрекеттерін  қалыптастырады. Яғни,  патриоттық  тәрбие  беруде,  ең  алдымен  ана  тілі,  табиғаттану,  әліппе  сияқты  пәндер  едәуір  үлес  қосады.  Тарихты  оқу  үйрену,  әсіресе  Отанымыздың  тарихын  оқу  еліміздің  қаһармандық  өткені  мен  теңдік  алған  қазіргі  күніне  сүйіспеншілік  сезімдері  нығаяды. Халқымыздың  әдебиеті  мен  тіл  өнері – бабаларымыздың  бізге  қалдырған  бай  мұрасы.  Ана  тілімен  Отан  деген  ұғымдар – бір – біріне  ажыратуға  келмейтін  түсініктер.  Ана  тілінің  бүгіні  мен  болашағына  немқұрайлы  қарайтын  кісі  өз  Отанының  мүддесіне  де  дәл  солай  салғырт  қарамақ.  
Табиғаттану  сабақтары  еліміздің  жер  байлығы  мен әсем  табиғаты  туралы  түсінік  беріп  қана  қоймай,  оқушылардың  елі  үшін  мақтаныш  сезімін  оятып,  мұндай  байлықты  қорғау  қажеттігін  көрсетеді. Өмір  ағымы  талап  етіп  отырған  жаңа  қоғамға  лайықты  саналы,  білімді,  жетілген  жеке  тұлғаны  дайындау  бүгінгі  мектеп  алдында  тұрған  негізгі  міндет.

 Сондықтан  мектептің  бастауыш  оқыту  сатысындағы  оқу – тәрбие  жұмыстарын  жан – жақты  толықтырып,  халықтық  тәлім- тәрбиенің  озық  үлгілерімен  сабақтастырып,  бойында  еліне,  жеріне  деген  сүйіспеншілік  сезімі  дамыған  азамат  тәрбиелеу  бүгінгі  күн  талабының  өзекті  мәселелерінің  бірі  болып  отыр. Оқу  адамның  жеке  басы  танынымының  ерекше  түрі.  Оқи  жүріп  оқушылар  өздерін  қоршаған  дүниені,  елін,  жерін,  ұлтын,  мәдениетін,  тілін  таниды. Отаншылдыққа,  туған  жерін  қорғауға  баулу  мектептің  тәрбиелік  жұмыстарының  аса  маңызды  бөлігін  құрайтындықтан,  өмірде  болып  жатқан  бетбұрыстар,  қоғамдағы  саяси  көзқарастар,  әлеуметтік – экономикалық  өзгерістер – еліміздің  тарихына,  ұрпақтан – ұрпаққа  жалғасқан  салт – дәстүріне  құрметпен  қараумен  қатар,  оны  бүгінгі  ұрпақ  тәрбиесіне  пайдалануға  жол  ашып  отыр. Оқушыларды  өз  елін,  туған  жерін  қорғауға  және  оны  сүюге  баулып,  оларға  сонау  Абылай  бабамыздан  бастап  кешегі  желтоқсанға  дейін  азаттық  үшін  алысқан  ұлы  тұлғалардың  ел  тәуелсіздігі  жолындағы  ерлік  істерін  ұғындыру  мақсатында  ел  тану  материалдарын,  белгілі  қоғам  қайреткерлерінің  өмір  деректерін  көптеп  қолдану  ел  жандық  сезімдерін  тереңдетені  сөзсіз. Жастарымыздың  бойында  елжандылық,  азаматтық,  жоғары  ізгілік  пен  адамгершілік  сезімдері  жан  жақты  жетілгенде  ғана  Қазақстандық  патриотизм  сезімі  асқақтай  түседі.  «Адамға  ең  бірінші  тәрбие  берілуі  керек,  тәрбиесіз  берілген  білім – азаматтың  қас  жауы,  ол  келешекте  оның  барлық  барлық  өміріне  апат  әкеледі», - депті  әл – Фараби  бабамыз.  Мұнан  өз  тағдырын  өзін  шешуге  қолы  жеткен  халқымызға  ұлттық  рухани  болмысты  дұрыс  қалыптастыру  аса  қажет  екенін  байқаймыз.Патриотизм  мәселесі  қай  халықтың  болмасын  басты  тәрбие  бағдары  болады.  Патриоттық  сезімді  тәрбиелеуде  түрлі  құралдар  пайдаланылады.  Патриоттық  сезімдер  құралдарына:    Ұлттық  құндылықтары – жер,  ел,  тіл  жатады.    Ұлттық  нышандары  - Ел  таңба,  Ту,  Әнұран.  Ұлттық  мәдениеті – сөз,  бейнелеу,  саз,  дене  тәрбие  және  т.б.  Қазақ  зиялыларының  өнегелі  іс - әрекеттері  мен  сөздері.

Патриотизм дегеніміз – Отанға  деген  сүйіспеншілік  жеке  адамның  аман – саулығының  қоғамдық – мемлекеттік  қауыпсіздікке  тікелей  байланыстығын  сезіну,  ал  мемлекетті  нығайту  дегеніміз – жеке  адамды  көркейту  екенін  мойындау,  қысқасын  айтқанда,  патриотизм  мемлекет  туралы  ұғымды  жекеадаммен,  яғни  оның  өткенімен,  бүгінгі  күнімен  және  болашағымен  қарым – қатынасты  білдіреді.Жас  ұрпақтың  оның  ішінде  төменгі  сынып  оқушыларының  төл  мәдениетінен  нәр  алуы  ұлттық  фольклорымен  тығыз  байланысты.  Қазақ  халқының  өте  әрідегі  ата – бабаларының  өмір  сүрген  кезінен  (ҮІ  ғасыр,  Түрік  қағанаты)  бастау  алып,  күні  бүгінге  дейін  кәдесіне  жарап  келе  жатқан  рухани  мұраның  бірі – халықтық  педагогика. Халық  педагогикасының  басты  мәселелерінің  бірі – ұлттық  үрдістер  тұтастығын  сақтай  отырып  азаматтық,  адамгершілік,  патриотизмге  тәрбиелеу  болды. Қазақ  халқының  тәлімдік  мәні  зор  ой – толғаныстары  бесік  жырымен  батырлық  эпостарда,  ертегілер  мен  аңыздарда,  шешендік  сөздер  мен  айтыс -  термелерде,  жұмбақ  - жаңылтпаштар  мен  мақал – мәтелдерде  көптеп  кездеседі.  Мұндағы  ұрпақ  тәрбиесінің  негізгі  түйіні – адамгершілік – имандылық,  ақыл – ой,  еңбек,  эстетика,  дене,  патриоттық  тәрбиесіне  байланысты  мәселелерге  келіп  тіреледі. Қазақ  халқы  бала  тәрбиесімен  арнайы  айналысатын  қоғамдық  орындар  (балалар  бақшасы  т.б.)  ашпаса  да,  өз  ұрпағын  бесікте  жатқан  кезіннен  бастап  - ақ  өлең – жыр  мен  әңгіме,  ертегі,  тақпақ  тәрізді  мәтіндік  ұлағаттармен  санамақ,  жаңылтпаш  сияқты  ойындар  арқылы  тәрбиелеп  отырған.  Ауыз  әдебиетінің  басқа  түрлеріне  қарағанда,  мақал – мәтелдердің  өзіне  тән  ерекшеліктері  мен  өзгешеліктері  бар. Отансүйгіштікке  тәрбиелейтін  мақал – мәтелдердің  алатын  орны  өз  алдына  бір  төбе.  Мақал – мәтел  ойды  қысқа  да  ұтымды  жеткізетін,  өмір  тәжірибесін  қолдана  айтатын  сөздер.  Онда  ел,  жер,  халық,  Отан  жайында  айтылған  өнегелі  сөздер  өте  көп.  Мысалы,  «Өз  елім  өрен  төсегім»,  «Ел – жұрты  бардың  жұтамы  жоқ»,  «Туған  жердің  күні  де,  күлі  де  ыстық»,  «Туған  жер – тұғырың,  туған  ел -  қыдырың»,  т.б.  мән  мағынасына  зер  салатын  болсақ,  ешқандай  дәлелдеуді  қажет  етпейтін,  жас  ұрпақтың  отансүйгіштік,  патриоттық  сезімін  жетілдіру  үшін  қажетті  қағидалар,  бұлардың  тәрбиелік  мәнін  түсіндіре  отырып,  бала  тәрбиесінде  кең  пайдаланылды. Өзінің  мақалдарында  туған  жер,  ел – отанды  аса  жоғары  бағалап  ардақтаған  халық  енді  оларды  қорғау  әрбір  ер – азаматтың  басты  борышы  деп  біледі.  Ел  талап,  ойран  салуды  көздеген  шапқыншы  жау  болса,  оған қарсы  аттану,  қасықтай  қаны  қалғанша,  ақтық  демі  біткенше  алысу,  сөйтіп  дұшпаннан  Отанды  қорғап  қалу  халқын  сүйген  әрбір  ер  жігіттің  азаматтық  борышы  болатындығын  көрсетеді.  «Жат  елдің  жақсысы  болғанша,  өз  еліңнің  сақшысы  бол»,  «Елін  сүйген  ер  болар»  деген  мақалдар  осының  айғағы. Халық  мақалдары  ел  қорғау,  басқыншы  жауды  талқандап  жену  жолында  ерлік  жасаған,  қара қылды  қақ  жарған,  қиядан  тартып  жол  салған,  жау  қамалын  қиратқан,  табан  тірескен  айқастарда  тайсалып  тартынбаған  жігіттерді  ардақтайды,  абыройлы  атақ  пен  даңққа  бөлейді.  

Олардың  халық  сүйсінген  ерлік  істерін  кейінгі  ұрпаққа  үлгі  етеді.  Қазақ зиялыларының тәлім – тәрбиелік беру жөніндегі құндылықтары елжандылық,  халқы  үшін  адал  қызмет  ету  екенін  өз  еңбектерінде  терең  түсіндіре  алды.  Ұлтжандылықтың,  елін  сүюдің  ғажайып  күш  екендігін  терең  сезінген  ежелгі  қазақ  ақын – жыраулары,  ойшылдары  өз  шығармаларына  осы  тақырыпты  үнемі  арқау  етті,  көп  көңіл  бөліп,  халықты  елі  үшін  жанын  жеда  етуге,  жастарды  елжандылық  рухы  тәрбиелеуге  баса  көңіл  бөледі. Елжандылық  адам  баласына  туа  бітпейді.  Ол  айнала  қоршаған  дүниені  дұрыс  танып  білгенде  ғана  пайда  болатын  құбылыс.  Айнала  қоршаған  ортадан  беймәлім  нәресте  дүниеге  келгенде  мейірімділік   пен  шындықты,  батылдықты,  жауапкершілікті,  сатқындық  пен  әділетсіздікті,  пайда  күнемдікті  кездестіреді.  Өмірлік  тәжірибесі  енді  ғана  қалыптасып  жатқан  даланы  ненің  жақсы  - жаман  қасиет  екенін  тани  білуге  тәрбиелеу  және  қалыптастыру  маңызды  мәселе.  Баланы  елжандылық  рухта  қалыптастырудың  алғашқы  кезі  мектепке  дейінгі  жастан  басталып  әрі  қарай  бастауыш  сыныптан  жан – жақты  жүзеге  асатын  үрдіс.  

Сонымен баланы  елжандылық  рухта  дамытуда  айналамен  таныстыру – бұл,  әлеуметтік  орта  жөнінде  мағлұмат  беру  болып  табылады.Әлеуметтік  орта   күрделі,  қыр  сыры  көп,  көп  жағдайда  қайшылықты  дүние.  Осы  жағдайда  қоғамда  белсенді  әрекет,  әрине  психолог – педагог  қауымдарының  екіншісіне  бөлінеді. Патриотизм  сезімі  мазмұны  жағынан  көпқұрлы,  бірнеше  сөздермен  айту  жеткіліксіз.  Бұл  туған  жерге  деген  сүйіспеншілік,  өз  халқы  үшін  мақтаныш,  және  өзінің  қоршаған  ортамен  тығыз  байланыста  екенін  сезіну   мен  өз  елінің  байлығын  сақтап,  молайту  ниетінің  болуы.  Патриотизм  тек  күрделі  ауыр  жағдайларда  ғана  емес,  күнделікті  халықтың  еңбегімен  рухани  өмірінде  байқалады. 

А. И. Герцен: «бүкіл  ақыл – ой  болмысының  негіздері  балаң  жаста  қаланады», -  деген.  Яғни,  патриоттық  сезімді  тәрбиелеу  балалардың  жас  кезінен  бастап,  мектеп  табалдырығын  аттаған  жылдары  қарқынды,  тереңдетіліп  қолға  алынуы  тиіс.Осындай  ұлы  сезімдерді  тәрбиелеу  баланың  алғаш  көзін  ашып,  сыртқы  ортамен  танысып,  білуге  құштарлығы  оянғаннан  бастау  алуы керек.  Халқымыздың  ерен  еңбегінің  нәтижесі  жарқын  болашақ  үшін  екенін  күнделікті  көріп  жүрген  ауылы,  қаласы,  орман – тоғайлы,  өзендері  оның  өз  Отаны  екенін,  елінің  Отанының  азаматы  болуы  үлкен  мақтаныш  екенін  оқушылардың  үлкендердің  көмегінсіз  түйсінуі  қиындау.  Мақсатты  бағытталған  педагогикалық  тәрбие  оқушының  сезімін  тәрбиелеп,  сенімін  қалыптастырып  жетілдіреді.Бастауыш  сынып  оқушыларында  патриоттық  сезімді  қалыптастыруда  ең  маңыздысы:  баланың  қоғам  өмірінің  құбылыстарына  қызығушылығын  қолдап,  қуаттап,  оларды  не  қызықтыратыны  туралы  әңгімелесу.  Мақтаныш  пен  сүйсіну  сезімдерін  тудыратын  халқымыздың  жеткен  жетістіктерін  паш  ететін  оқиғаларды  ұстаз  оқушыларымен  әңгімелесіп,  талқылауы  керек.Отанға  деген  сүйіспеншілік – патриотизим  ата – ананы,  жасы  үлкенді  құрметтеуден  басталып,  өркендейді.   Бала  ата – анасы  өнегесіне,  өмір  мен  өнердегі  әйгілі  қаһармандарға,  көш  бастайтын  ерлерге  қарап  есейеді,  тәжірибе  жинақтайды.
 Сондықтан да  бастауыш  сынып  оқушыларының  ұстаздары  балаларды  алғашқы  боп  Отанмен,  қоршаған  ортамен  таныстыратындарын  ұмытпаулары  тиіс.  Патриоттық  сезімге  тәрбиелеудің  жолдары  әр  түрлі  болады,  ең  бастысы оқушыларда  Қазақстан  Республикасының  азаматығына  деген,  ең  керемет  сезімді қалыптастыру екені анық.

Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі



Султанова Н.К.

Акмаганбетова А.А.
Каталог: uploads -> doc -> 0a30
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0a30 -> Логопедиялық сабақтың тақырыбы: с-ш дыбыстарын буында,сөзде,сөйлемде ажырату. Сабақтың мақсаты
0a30 -> «Половая система»
0a30 -> Биология пәнінен 6 сыныптарға арналған тест жұмыстары Ұлғайтқыш құралдар


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет