Білім беру бағдарламасы деңгейі: Бакалавриат Академиялық дәреже «5В010400-Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша білім беру бакалавры



Дата20.11.2017
өлшемі65.37 Kb.
түріБілім беру бағдарламасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АКАДЕМИК Е.А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«5В010400-Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Деңгейі: Бакалавриат


Академиялық дәреже – «5В010400-Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша білім беру бакалавры

Қарағанды, 2016 ж.


«5В010400-Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің МЖББС негізінде, ҚР Үкіметінің № 1080 2012 жылғы 23 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен 13 мамыр 2016 жылғы № 292) бұйрығымен, ҚР БҒМ «Кредиттік жүйе бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы» № 152 2012 жылғы 20 сәуірдегі бұйрығымен (өзгертулер мен толықтырулармен 28 қаңтар 2017 жылғы № 90), №343 2013 жылғы 16 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен № 425 05 маусым 2016 жылғы) ҚР БҒМ бұйрығы негізінде «5В010400-Бастапқы әскери дайындық» мамандығының типтік оқу жоспарына, типтік оқу бағдарламларына сәйкес құрастырылған.

«5В010400-Бастапқы әскери дайындық»

мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы

Теориялық оқытудың кредит саны – 131 кредит


1 Білім беру бағдарламасының паспорты:

1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі.

1.2 Түлектердің біліктілік сипаттамасы.

1.2.1. Кәсіби қызмет саласы.

1.2.2. Кәсіби қызмет нысандары.

1.2.3. Кәсіби қызмет пәні.

1.2.4. Кәсіби қызмет түрлері.

1.2.5. Кәсіби қызмет функциялары

1.2.6. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері.

2. Білім беру бағдарламасының мақсаты.

3. Негізгі құзыреттіліктер.

4. Білім беру бағдарламасының мазмұны.

5. Модульдерді сипаттауға арналған формуляр

1 модуль. Қоғамдық және коммуникативтік

2 модуль. Саяси-әлеуметтік және жаратылыстану

3 модуль. Педагогика, психология, кәсіби тілдер және жалпы әскери пәндер

4 модуль. Бастапқы әскери дайындық негіздері және ғылыми зерттеу жұмысы

5 модуль. Медициналық дайындық және әскери психология және педагогика негіздері

6 модуль. Жалпы әскери дайындық және бизнес экономикасы

7 модуль. Спорттық пәндерді оқыту әдістемесі

8 модуль. Жалпы әскери жарғылар және патриоттық тәрбие

9 модуль. Дене тәрбиесі мен әскери-спорттық кешендер

10 модуль. Әскери-арнайы дайындық

11модуль. Оқытудың қосымша түрлері

12 модуль. Тәжірибе

13 модуль. Мемлекеттік қорытынды аттестация

6. Білім беру бағдарламасындағы модульдер кесіндісінде меңгерілген кредиттер көлемін бейнелейтін жинақ кесте.

1. Білім беру бағдарламасының паспорты:

1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі

Бакалавриат түлегіне «5В010400-Бастапқы әскери дайындық» мамандығының білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.



1.2 Түлектің біліктілік сипаттамасы:

1.2.1 Кәсіби қызметінің саласы.

5В010400 – Бастапқы әскери дайындық мамандығы кәсіби қызмет білім және ғылым салалары бола алады



1.2.2. Кәсіби қызмет нысандары.

«5В010400-Бастапқы әскери дайындық» мамандығын бітіруші түлектің кәсіби қызметінің нысаны болып табылады:

5B010400 – Бастапқы әскери дайындық мамандығы бакалаврының кәсіби қызмет нысандары бола алады:



  • орта білім беру орны: жалпы білім беретін орта мектептер, мектеп–интернаттар;

  • гимназия және лицейлер;

  • алғашқы және орта кәсіби-техникалық оқу мекемелері;

  • білім беру әкімшілік органдары бола алады.

1.2.3. Кәсіби қызмет пәні.

«5В010400-Бастапқы әскери дайындық» мамандығын бітіруші түлектің кәсіби қызметінің пәні болып табылады:

Бітірушінің кәсіби қызметінің пәні – педагогикалық үдірісте оқытушымен білім алушының өзара көмектесу мазмұны болып табылады.



1.2.4. Кәсіби қызмет түрлері.

«5В010400-Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша білім бакалавры төмендегідей кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

        • білім беру (педагогикалық);

        • педагогикалық – ұйымдастыру;

        • ғылыми – зерттеу.

1.2.5. Кәсіби қызмет функциялары

«5В010400-Бастапқы әскери дайындық» мамандығын бітіруші түлектер төмендегі кәсіби қызметті атқара алады:

- оқу-тәрбие;

- ғылыми-әдістемелік;

- ұйымдастыру-басшылыққа алу болып табылады;

- білім беру (педагогикалық).

1.2.6. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері.

Бастапқы әскери дайындық бакалаврының негізгі міндеттері болып:



  • бастапқы әскери дайындық саласында сапалы және құнды кәсіби-педагогикалық, кәсіби – құзырлы білімді толық меңгеру;

  • оқу тәрбие үдірісін сауатты әдістемелік, кәсіби деңгейді ұйымдастыру;

  • білім беру үдірісіндегі атқаратын қызметін және мамандығын жаңа технологияға сай толық меңгеру;

  • ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және орындау;

  • өзінің кәсіби-педагогикалық деңгейін үнемі көтеріп отыру.


2. Білім беру бағдарламасының мақсаты.

5В010400- Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша білім магистрін даярлауда білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаты:

-отансүйгіштік, Қазақстан Республикасы халықтарының достығы, әр турлі мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету рухында тәрбиелеу;

-жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарын қалыптастыру;

-экологиялық, дене мәдениетін, этикалық, құқұқтық мәдениетті және ойлау мәдениетін қалыптастыру;

- магистрантты тілдік даярлау;



-кәсіби қызметте қажетті іргелі білім,білік және дағдыны қалыптастыру болып табылады.
3. Негізгі құзыреттіліктер:

- ана тілі, шет тілдері саласында: дамыған және сауатты тілдерді игеру үшін, ана тілін және шетел тілдерін, қарым-қатынас технологиясы саласында білім, коммуникация стратегияларын, диалог құрудың дағдылары мен іскерліктерін, полимәдениетті, полиэтникалық және көпконфессиялы қоғамда қарым-қатынас жасауды иегруге жағдай жасау;

- фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық даярлау саласында: дүниетанымы және ойлау мәдениеті кең жоғары білімді тұлға қалыптастыруға сәйкес фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық пәндер бойынша базалық білімдерді меңгеру;

- компьютерлік технология саласында: кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану іскерлігі, қазіргі құрал-жабдықтарды қолдана отырып, бағдарламалау дағдыларын меңгеру;

- әлеуметтік-мәдени қызмет саласында: этикалық, рухани, мәдени құндылық, әлеуметтік мінез құлықты реттеу формалары мен негізгі заңдылықтарды, тұлғаға деген әлеуметтік ұстаным жайында түсініктерді білу, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін, қоғам дамуының тенденцияларын білу, әр түрлі әлеуметтік жағдаяттарды бағдарлай білу, креативті ойлау іскерлігі, басқа ұлттың мәдениетіне, салт дәстүрлеріне шыдамдылық таныту, белсенді өмір позициясын ұстану;

- оқу қызметі саласында: шығармашылық әлеуетін, жаңашылдығын, бастамасын дамыту үшін жағдай жасау, туризм ғылымының негізін қалайтын пәндер бойынша білім алу, туризм менеджеріне қажетті практикалық дағдылардың болуы, оқу және өндірістік іс-тәжірибеден өту барысында теориялық білімді тиімді бекіту, мамандыққа сәйкес сонымен қатар, жоғары білімнің келесі сатысында оқуды жалғастыруға байланысты пәндерді саналы таңдау, туризм саласында мамандық бойынша жұмысқа орналасуға болатын мүмкіндіктерге сәйкес жұмыс күштері рыногында бітіруші түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру; ЖОО ерекшелігін, тұлғаның қажеттілігін ескере отырып, кәсіби құзыреттілікпен білім беру саласында студенттердің жеке бағдарламаларын таңдау;

- кәсіпкерлік, экономикалық қызмет саласында: экономикалық білімінің негізін меңгеру, микро және макроэкономикалық құбылыстар, қаржы, маркетинг, менеджмент жайында ғылыми білімдерді игеру, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін, экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін білу және түсіну.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет