Білім беру бағдарламасы 5В091200 «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі»



жүктеу 179.82 Kb.
Дата25.06.2017
өлшемі179.82 Kb.
түріБілім беру бағдарламасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕББМ
«МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК» КАФЕДРАСЫ
Оқу-әдістемелік Кеңес шешімімен бекітілген

Кеңес төрайымы

____________ Н.Дүйсенғұлова

«___ » _________2014 ж., № ___



Бакалавриат білім беру бағдарламасы

5В091200 «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығы

Оқу түрі - күндізгі


СИЛЛАБУС


«Бизнес коммуникация» пәні бойынша

Курс: 3


Семестр: 5

Кредит саны: 3

Оқытушы: аға оқытушы А.П.Садуллаева
Телефоны: 87015716432, №117

Алматы, 2014

Құрастырған: аға оқытушы ___________________А.П.Садуллаева


Силлабус 5В091200 «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығының студенттеріне арналған «Бизнес-коммуникация» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде құрастырылған

Силлабус «Менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасының отырысында қарастырылған

«____»_______________ 20___ж. № ____ хаттама

Кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент __________________ О.М.Залученова



Кіріспе
«Бизнес-коммуникация» курсының мақсаты студенттерде іскерлік қарым қатынас, коммуникациялық технологияны басқару қызметінде тиімді пайдалану туралы білімі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Курс мазмұынында қазіргі іскерлік қатынас технологиясының негізгі тенденциялары, негізгі ақпараттық арналар және және олардың Қазақстанда және шетелдерде коммуникативті ролі қарастырылады. «Бизнес коммуникация» ақарым қатынас мәдениеті, коммуниканттардың психологиялық ерекшеліктері, коммункацияының негізгі типтері, іскерлік коммуникация мәні мен қызметтері, басқару қызметі процесінде іскерлік қарым-қатынас дағдысын игеру тәжірибесі туралы түсінік беріледі. Курстың міндеттері:

  • курстың басты міндеті басқару саласындағы маман қызметінде іскерлік қарым-қатынас ролін анықтау болып табылады;

  • Кәсіби мәселелерді шешуде студенттердің әлеуметтік-экономикалық, психологиялық және т.б. білімдерін үнемі іздеу және пайдалану дағдыларының қалыптасуына ықпал ету. Осы мақсатта:

  • коммуникациялық процесс туралы қажетті білімді игеру;

  • студенттерде коммуникацияны менеджменттің тиімділігі факторы ретінде талдау қабілеттілігін қалыптастыру;

  • күнделікті басқару қызметі процесінде іскерлік қарым-қатынас техникасын тиімді пайдалану.

Аталмыш пәнді оқыту әдісі төмендегідей:

  • дәріс (лекция) оқу;

  • практикалық сабақтар жүргізу;

  • ОБСӨЖ;

  • СӨЖ.

Алдыңғы деректемелер: Философия, социология, шет тілі, орыс тілі.

Соңғы деректемелер:
Менеджмент теориясы мен практикасы, Бизнесті ұйымдастыру, Басқару шешімдерін жасау.

Пәнді оқу барысында студенттер бакалаврдың біліктілік моделіне сәйкес төмендегідей біліктітіліктерді меңгеруі керек:

білу:

  • іскерлік коммуникация мәні мен нысандарын;

  • болашақ мамандығының әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын.

істей алу:

  • логикалық дұрыс, нақты және түсінікті ауызша және жазбаша хабарлама жасау;

  • ақпаратты қабылдау, талдау, сондай-ақ мақсат қойып және оған жету жолдарын таңдау.

дағдыны меңгеру:

  • әріптестермен сәтті тіл табысу, ұжымда тиімді жұмыс атқару.

Пәндік мамандандырылған:

білу:

  • іскерлік қарым қатынасытың әлеуметтік-психологиялық аспектілерін; коммункация үлгілерін; іскерлік қарым-қатынас табиғаты мен мәнін.

істей алу:

  • тиімді сөйлеу және тыңдау; қарым қатынастың тиімді стратегиясын анықтау; іскерлік коммуникацияның әртүрлі нысандарын қолдану; басқарудың ауызша немесе жазбаша есебін жасау.

дағдыны меңгеру:

  • бизнес коммуникация саласындағы жаңа білімді өздігінен игеру; іскерлік коомуникация техникасы саласындағы жаңа білімдерді игеру; вербалды және вербалды емес қарым қатынас әдістерін игеру.

КҮНТІЗБЕЛІК – ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР


тақырып




Тақырып атаулары

Апта бойынша бөлінуі

Дәрістер

Практикалық сабақтар

СӨЖ

ОБСӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Коммуникация. Іскерлік коммуникация мәдениет ретінде

1

1

1

1

2

Бизнес-коммуникацияның даму тарихы

2

2

2

2

3

Бизнес-коммуникацияның типтері

3

3

3

3

4

Коммуникативті біліктілік және оның деңгейін арттыру

4

4

4

4

5

Бизнес-коммуникация ақпаратты беру процесі ретінде

5

5

5

5

6

Іскерлік қарым қатынас жүйелі құбылыс ретінде

6

6

6

6

7

Іскерлік коммункация этикасы

7

7

7

7

1 аралық бақылау (7 апта)

8

Басқарудағы бизнес коммункация тиімділігінің топтық және ұйымдық факторлары

8

8

8

8

9

Ауызша коммункация

9

9

9

9

10

Жазбаша құжаттар арқылы іскерлік коммуникация

10

10

10

10

11

Келіссөз жүргізу стратегиясы

11

11

11

11

12

Іскерлік коммуникация қатысушыларының ролі

12

12

12

12

13

Ұйымдар мен адамдардың іскерлік серіктестер үлгісі

13

13

13

13

14

Іскерлік қарым қатынас поцесіндегі қақтығыстар

14

14

14

14

15

Тұлғааралық қақтығыстарды ынтымақтастық негізінде шешу

15

15

15

15

2 аралық бақылау (15 апта)

Емтихан сессиясы (16, 17, 18 апталар)


Практикалық сабақтар мазмұны, бақылау түрі және бағалау


тақырып



Практикалық сабақтардың сұрақтары

Әдебиеттер

Бақылау түрі

Жоғары балл

1

2

3

4

5

1

Іскерлік коммуникацияның мәні мен қызметтері. Тиімді коммуникация қағидалары.


Негізгі

№1 (5-10 бет)

№ 2 (4-8 бет)

Қосымша


№2 (5-10 бет)

№ 3 (4-8 бет)




Пікірталас, кейс

100

2

Коммуникация және коммуникативті акт моделдері. Коммуникация теориялары

Негізгі

№ 1 (12-16 бет)

Қосымша

№2 (13-17 бет)



Ауызша және жазбаша сұрау

100

3

Тұлағараалық, топтық және ұйымдық коммуникация анықтамалары, бағыттары мен оларды зерттеу ерекшеліктері.

Негізгі

№2 (10-17 бет)

Қосымша

№3 (11-16 бет)



Ауызша және жазбаша сұрау

100

4

Коммуникативті біліктілік деңгейін арттыру. Коммуникация және корпоративті мәдениет.

Негізгі

№1 (19-25 бет),

№2 (27-33 бет)

Қосымша №4 (20-29 бет)



Іскерлік ойын.

100

5

Коммуникация арналары. Формалды және бейформалды коммуникация коммуникация. Мәлімет типтері.

Негізгі

№1 (27-35 бет), №3 (21-27 бет)

Қосымша

№ 2 (35-39 бет)



Ауызша және жазбаша сұрау

100

6

Коммуникативті процесс құрылымы. Іскерлік коммуникация процесінің жалпылама үлгісі.

Негізгі

№ 1 (37-43 бет), №2 (35-39 бет)

Қосымша

№ 4 (23-29 бет)



Ауызша және жазбаша сұрау

100

7

Кәсіби этика. Сын түсінігі, нысандары және тиімділігі. Бизнес коммуникация және критикалық ойлау.

Негізгі

№1 (45-51 бет), №4 (29-33 бет)

Қосымша

№ 3 (15-25 бет)



Презентация

100

8

Басқару коммуникациясындағы мәселелік және топтық факторлар. Ұжымдық шешім қабылдауды ұйымдастыру.

Негізгі

№1 (55-59 бет), №2 (35-40 бет)

Қосымша

№ 1 (60-65 бет), № 2 (43-49 бет)



Ауызша және жазбаша сұрау

100

9

Тыңдау және қабылдау қабілеттіліктері. Іскерлік коммуникациядағы жалған түсініктер. Бос жұмыс орынына үміткермен сұхбаттасуға дайындық. Телефон арқылы коммуникация.

Негізгі

№1 (61-67 бет), №2 (45-49 бет)

Қосымша

№1 (70-77 бет)



Ауызша және жазбаша сұрау

100

10

Сыпайы қарым-қатынас нысанын анықтау мәселесі. Жағымсыз жаңалықтарды хабарлау этикасы. Тауарларды сату –сатып алу келісімінің құрылымы мен мазмұны.

Негізгі

№1 (70-77 бет), №2 (51-55 бет)

Қосымша

№4 (45-50 бет)



Іскерлік ойын

100

11

Коммуникация стилі менеджердің мінездемесі ретінде. Роберт регламенті – жиналыс жүргізу және өткізу ережелері. Г.Г.райс Кодексі – топтық талқылау кезіндегі мінез-құлық ережесі.

Негізгі

№1 (79-83 бет), №3 (55-67 бет)

Қосымша


Пікірталас, сұрақтар

100

12

Ролдердің типологиясы.

Топтағы ролдердің типтері (Белбин бойынша). Ролдердің типтері (Вэттен және Камерон бойынша)



Негізгі

№1 (85-89 бет)

Қосымша

№1 (50-59 бет)



Ауызша және жазбаша сұрау, пікірталас.

100

13

Моделдер түсінгі мен типологиясы. Жеке адам туралы мәліметтер мен ақпарат алу әдістері. Жұмысшы туралы формалданған мәліметтер: жеке іс. Іскерлік әлеует үлгісі. «Клиенттердің профилі» үлгісі

Негізгі

№1 (90-94 бет)

Қосымша №1 (61-65 бет)


Ауызша және жазбаша сұрау

100

14

Қақтығысты басқарудағы икемділіктің артықшылығы. Қақытығыс жағдайындағы іс-әрекет стратегиясы ( Томас Киллмен бойынша)

Негізгі

№1 (92-95 бет)

Қосымша

№1 (66-69 бет)



Іскерлік ойын

100

15

Коммуникация қатысушыларының іс-әрекетіне ықпал ету әдістері (Мицич бойынша).

Жеке адам типтері үшін қақтығысты шешуге арналған қысқаша ұсыныстар (Майерс Гибс бойынша).



Негізгі

№1 (95-99 бет)

Қосымша

№1 (70-74 бет)



Іскерлік ойын

100


СОӨЖ өткізу кестесі*


тақырып



СӨЖ тапсырмалары

Әдебиеттер

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

(апта)


Жоғары балл

1

2

3

4

5

6

1

Лабораториялық жұмыс – Кейс стади.

Негізгі 1: 4-12 бет; Қосым. Әд. 1, 1тарау

СӨЖ қорғау

1

100

2

Коспект. Жазбаша жұмысты қорғау

Негізгі

№1 (5-10 бет)

№ 2 (4-8 бет)

Қосымша


№2 (5-10 бет)

№ 3 (4-8 бет)




СӨЖ қорғау

2

100

3

Тақырып бойынша слайд қорғау.

Негізгі

№ 1 (12-16 бет)

Қосымша

№2 (13-17 бет)



СӨЖ қорғау

3

100

4

Копоративті мәдениетті оқу. Ауызша сұрау.


Негізгі

№2 (10-17 бет)

Қосымша

№3 (11-16 бет)



СӨЖ қорғау

4

100

5

Коммуникация арналарын зерттеу. Эссе, мысалдар келтіру.

Негізгі

№1 (19-25 бет),

№2 (27-33 бет)

Қосымша №4 (20-29 бет)



СӨЖ қорғау

5

100

6

Ұсынылған тақырыпқа презентация дайындау.

Негізгі

№1 (27-35 бет), №3 (21-27 бет)

Қосымша

№ 2 (35-39 бет)



СӨЖ қорғау

6

100

7

Мәселелік жағдайды шешу.

Негізгі

№ 1 (37-43 бет), №2 (35-39 бет)

Қосымша

№ 4 (23-29 бет)



СӨЖ қорғау

7

100

8

Іскерлік ойындар жүргізу және талқылау

Негізгі

№1 (45-51 бет), №4 (29-33 бет)

Қосымша

№ 3 (15-25 бет)



СӨЖ қорғау

8

100

9

Мәселелік сұрақтарды шешу

Негізгі

№1 (55-59 бет), №2 (35-40 бет)

Қосымша

№ 1 (60-65 бет), № 2 (43-49 бет)



СӨЖ қорғау

9

100

10

Ұсынылған тақырыпқа презентация дайындау

Негізгі

№1 (61-67 бет), №2 (45-49 бет)

Қосымша

№1 (70-77 бет)



СӨЖ қорғау

10

100

11

Ұсынылған тақырыпқа презентация дайындау, ауызша қорғау

Негізгі

№1 (70-77 бет), №2 (51-55 бет)

Қосымша

№4 (45-50 бет)



СӨЖ қорғау

11

100

12

Қорғау, ауызша сұрау.

Негізгі

№1 (79-83 бет), №3 (55-67 бет)

Қосымша


СӨЖ қорғау

12

100

13

Жеке адам туралы мәліметтер мен ақпарат алу әдістері. Практикалық тапсырмалар мен жағдайларды орындау.

Негізгі

№1 (85-89 бет)

Қосымша

№1 (50-59 бет)



СӨЖ қорғау

13

100

14

Берілген тақырыпқа эссе жазу.

Негізгі

№1 (90-94 бет)

Қосымша №1 (61-65 бет)


СӨЖ қорғау

14

100

15

Қақтығыс туғызатын жағдайларды зерттеу.Интернет зерттеу жүргізу. Презентация.

Негізгі

№1 (92-95 бет)

Қосымша

№1 (66-69 бет)



СӨЖ қорғау

15

100

* Ескерту: СӨЖ тапсырмаларын бақылау және бағалау бекітілген кесте бойынша ОБСӨЖ сабағында жүргізіледі
Ұсынылатын негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет

  1. Спивак В.А. Деловые коммуникации: теория и практика.:Учебное пособие. – М.: «Юрайт», 2014.

  2. Покровская Е.А., Лобанов И.Б. Бизнес-коммуникации.-М.: «Дашков Ии К», 2007, 286 с.

  3. *Филин бизнес коммуникации. Учебное пособие. – Алматы: ЧП «Мертенов», 2007. -180с.

  4. *Спивак В.А. Современные бизнес коммуникации. – СПб: Изд-во «Питер», 2007.

  5. Володина Л.В., Карпухина О.К. Деловое общение и основы теории коммункации.Учебное пособие.- СПб:Изд-во «Питер», 2007


Қосымша әдебиет

1 . Салагаев В., Культура делового общения – Алматы: «Раритет», 2005.-200с.

2. Панфилова А.П. Деловая коммуникация в профессиональной деятельности – СПб: Изд-во «Питер», 2004.

3. Психология и этика делового общения под ред.Лавриненко В.Н. – М.;»Легия», 2004.

4. Богданов Е.Н. Зазыкин В.Г. Психологические осыновы «Паблик рилейшнз», - СПб, 2003.

5. *Аминов И.И. Психология делового общения.М.;Омега-Л, 2006.

6. Баева О.А. Ораторское искусство и деловое общение. М.; Новое чтение, 2005.

7. Барышева А.Д., Матюхина Ю.А., Шередер.Н.Г. тика и психология делового общения. (сфера сервиса). М.:ИНФРА-М, 2006.



БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
Бағалау саясаты турашылдық, ашықтық, икемділік қағидаларына негізделген. Кредиттік технологиямен оқытуды ұйымдастыруда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда балдық-рейтингтік жүйе пайдаланады.

Пән 100 -балдық өлшемде бағаланады.

Қорытынды бағалауды есептеу әдісі.

Бизнес коммуникация пәнінің оқу жетістігінің деңгейі емтиханға жіберілу деңгейінің бағасынан құралған (ағымдағы және аралық бақылау бағаларының балдарының орташа қосындысы) қорытынды бағамен және қорытынды бақылаудың (емтихан) бағасымен анықталады.

Емтиханға жіберу рейтингі (ЖР), 1-Рейтинг пен 2-Рейтинг қорытынды бағаларының 60 балдан(ұпайдан) кем болмауы керек.

Емтиханға жіберу рейтингі (ЖР) төмендегідей есептеледі:

(1-рейтинг + 2-рейтинг):2 (орташаарифметикалық мәні)

1-Рейтинг (2-рейтинг те) ағымдағы бақылауларда алған бағалардың жиынтығын, бағалар санына бөліп, аралық бақылаудың бағасына қосып, қосындыны екіге бөлу арқылы анықталады.

Мысалы:

Семестрдің алғашқы 7 аптасында пән бойынша 7 тапсырманы орындау қарастырылады,осы бойынша студент 100 балдан әр тапсырма үшін келесі бағаларды алды: 70, 86, 65, 59, 91, 76, 56. Ағымдағы бақылаудың (Аб) орташа бағасы алынған балдардың орташаарифметкалық мәні бойынша анықталады: (70+86+65+59+91+76+56):7(баға саны)=72. (1Аб).



1 аралық бақылауда (АБ) бұл студент/магистрант 100 балдан 65 балл алды.

1 Рейтинг былай анықталады: 1Р= (1Аб+1АБ):2, яғни (72+65):2=69.

Семестрдің келесі 8 аптасында бұл пән бойынша 6 тапсырма орындау қарастырылған, осыған сәйкес студент 52, 35, 96, 63, 45, 87 балл алды. Ағымдағы бақылаудың орташа бағасы: (52+35+96+63+45+87):6=63. (2Аб). 2 аралық бақылауда 100 балдан 83 балл алды.

2-Рейтинг = (2Аб + 2АБ): 2 құрайды, яғни (63+83):2=73.

ЖР=(69+73):2=71 балды құрады.

Қорытынды бақылау ҚБ (емтихан) 100 балдық өлшемде бағаланады. Емтиханның нәтижесі кемінде 50 балл жинағанда ғана(ең жоғары өлшем 100 балл), қорытынды баға есептеуге жіберіледі.

Мысалы, студент емтиханда (қорытынды бақылау ҚБ) -65 балл алды делік. Бұл жағдайда қорытынды бағасы 71(ЖР)х0,6+65(ҚБ)х0,4=68, әріптік жүйеде бағасы С-ға, дәстүрлі жүйеде «қанағаттанарлық», сандық баламада 2,08-ге сәйкес келеді. Егер студент емтиханда 50 балдан кем жинаса, қорытынды баға шығарылмайдыда пәннен академиялық қарызы болып қалады.

Себепсіз дәрістен(лекция) қалу тапсырған тапсырманың бағасын 15 балға, практикалық және зертханалық сабақтардан қалу тапсырған тапсырмалардың бағасын 20 балға төмендетеді.

Белгілі себептермен сабаққа қатыспаған жағдайда қайталап өту қарастырылады.

Пәннің қорытынды бағасы балмен төмендегі кестеге сәйкес сандық баламасымен, әріптік және дәстүрлік жүйемен көрсетіледі.





Балмен қорытынды баға (ҚБ)

Балдардың сандық баламасы (С)

Әріптік жүйемен бағалау

(Ә)


Дәстүрлі жүйемен бағалау (Д)

95-100

4

А

Өте жақсы




90-94

3,76

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Орташа (Қанағаттанарлық)

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз


КУРС САЯСАТЫ
Курс саясатын студенттің сабақта өзін-өзі ұстау ережелері мен оқытушымен арақатынасына қойылатын талаптар жиынтығы құрайды. Аталмыш ережелер мен талаптар силлабуста көрсетілуі қажет. Қабылданған ережелерді орындау студенттер үшін міндетті болып табылады және оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға көмектеседі. Әрбір оқытушының ережелер мен талаптарды таңдауға мүмкіндігі бар, алайда олар Университет студенттерінің этикасы мен академиялық әрекет саясатына қайшы келмеуі тиіс.

Бизнес коммуникация пәнін игеру дәріске, практикалық сабақтарға, сонымен қатар СӨЖ міндетті түрде қатысу болып табылады.

Өздік жұмыс лекция сабақтарының тақырыптарына қатысты сұрақтарды теориялық оқу, немесе лекция сабақтарының теориялық курсына кірмей қалған немесе қысқаша қаралған тақырыптарды ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып терең іздену болып табылады.

Оқытушының басқаруымен студенттің өздік жұмысы дәріс(лекция) сабақтарындағы тақырыптарды неғұрлым тереңдете оқып, баянды етіп бойына сіңіруді қамтиды.

Студент ОБСӨЖ сабақтарында тақырыптардың материалдары бойынша дайындалып, қойылған сұрақтарға жауап береді.

Бірінші және екінші аралық бақылау өткен тақырыптар бойынша тест түрінде өткізіліп 100 балдық жүйеде бағаланады.

Емтихан тест түрінде өткізіледі.

Студент сабаққа белгілі себептермен (анықтама қағазымен расталса) қатыспаған жағдайда, жіберіп алған материалдарды тапсыруына болады. Бірінші және екінші аралық бақылау(РК) өткен материалдарды сұрау, тест өткізіледі және 100 балдық өлшемде бағаланады.

Курсты меңгеру шарты:

Студент сабаққа қатысуы 80% -дан кем болмауы тиіс. Ауыруына байланысты сабақ жіберип алған жағдайда (3 күнге жарамды 095-У анықтамасымен расталған жағдайда) Департаменттің Директорының (декан) өкімі бойынша жеке түрде тапсырманы тапсыру графигін алуына болады. График мерзімі өтіп кетсе тапсырма қабылданбайды. Сабаққа 5 минуттан астам кешіксе, сабақты себепсіз жіберген болып есептелініп 0 балл қойылады, сабаққа қатысуына болады. Оқытушының рұқсатынсыз телефон және компьютерлік құралдар қолданған студенттер сабақтан шеттетіледі де 0 балл қойылады. Студенттер Университет студенттерінің этикалық кодексін міндетті түрде сақтаулары, оқытушылар мен айналасындарға құрметпен және сыпайылықпен қарауы тиіс. Оқу тәртібі бұзылған жағдайда оқытушы Департаменттің директорының атына шара қолдануға ықпал ету туралы ұсыныс жасайды (пән бағасының күшін жоюы). Бақылау іс шаралары (Аб,АБ,ҚБ) кезінде көшіру және ұялы байланыс құралдарын пайдалану жағдайлары анықталған жағдайда алынған баға күшін жояды.

Практика (семинар) сабақтарында белсенділік. Студенттер практика (семинар) сабақтарында белсенділік көрсетулері керек. Белсенділік көрсетпесе, басқа да бір алаңдатпа әрекетпен айналысса сабақ үшін 0 балл қойылады.

Сабаққа дайындалу, үй тапсырмасын, СӨЖ және т.б орындау.

Курсты меңгерудің міндетті шарты сабаққа мұқият дайындалу болып табылады. Тапсырманы орындау кезінде қолданған интернет ресурстарын және де басқа ақпарат көздерін оқушылар міндетті түрде көрсетулері керек. Түп нұсқаға сілтеме жасалмай мәтінде 200 сөз қолданған жұмыс плагиат(шығармашылық ұрлық) болып есептелінеді. Плагиат фактісі анықталған кезде оқушы тапсырма үшін 0 балл алады, ал бұл факт қайталанған кезде бағасы күшін жояды.

Тапсырмаларды белгіленген уақытта тапсыру. Студенттер тапсырмаларды белгіленген уақытта тапсырады, немесе жеке тапсыру графигі болса соған сәйкес тапсырады. Жекелеген жағдайда оқытушының келісімімен белгіленген уақыттан кейін 7 күнтізбелік күн аралығында тапсыра алады бұл жағдайда осы тапсырма үшін қойылатын балл 80-нен аспауы керек. Жеті күндік мерзімі өткеннен кейін тапсырма қабылданбайды.



Ф-ПР-02.3.2-05-2014-03 Силлабус





©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет