Білім бақылау сұрақтары. 8-сынып



Дата18.03.2018
өлшемі67.93 Kb.
Білім бақылау сұрақтары. 8-сынып.
1. Қазақстан жерінің үштен бір бөлігін қандай жер бедері алып жатыр? 
(Ойпаттар)
2. Көтеріңкі жазықтар мен ұсақ шоқылар Қазақстан жерінің қанша бөлігін алып жатыр? 
( жартысынан астамын)
3. Биік таулар Қазақстан жерінің неше % алады? 
(10%)
4. Қазақстан жерінің ең төмен нүктесі қай жер?
(Қарақия ойысы-132м)
5. Қазақстанның ең биік нүктесі қай шың?
(Хантәңірі 6995м)
6. Қазақстандағы ең биік , ең аласа нүктелердің айырмасы қандай?
(7127м)
7. Қазақстанның батыс, солтүстік және орталық бөлігінің басым жер бедері қандай? 
(жазықтар мен аласа таулар)
8. Республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде қандай жер бедері басым?
(Биік таулы аймақ)
9. Елімізде оңтүстіктен-солтүстікке, батыстан-шығысқа қарай жер бедері қалай өзгереді? 
(Еңіс тартады)
10. Биік таулар мен аласа таулар не арқылы жалғасады?
(Аңғарлар мен жазықтар)
11. Жердің даму тарихының қандай кезеңдері бар? 
(Ғаламшарлық және геологиялық)
12. Жердің алғаш ғаламшар болып қалыптасуынан бастап жер қыртысының құрылуына дейінгі уақыт аралығы қай кезеңге жатады?
(ғаламшарлық)
13. Жер ғаламшары қашан пайда болды? 
(4,5-4,6 млрд жыл бұрын)
14. Жердің қалыптасуы қашан аяқталды? 
(3,7-3,8 млрд жыл бұрын)
15. Жер қыртысының алғашқы қалыптасуынан қазіргі кезеңге дейінгі уақыты дамудың қай кезеңіне жатады?
( геологиялық даму кезеңі)
16. Жер қыртысының тау жыныстары жер дамуының қай кезеңінде түзілді? 
(геологиялық кезеңінде)
17. Жер қыртысы қандай күштің әсерінен сан рет өзгеріске ұшыраған? 
( ішкі күштердің)
18. Тау жыныстары ненің әсерінен үгіліп отырады?
(сыртқы күштердің)
19. Үгілген жыныстардыың бір орыннан екінші орынға тасымалдануы нәтижесінде қандай қабаттар қалыптасқан?
(шөгінді жыныстардың жаңа қабаты)
20. Жердің ішкі қабатында өте жоғары температурада пайда болған лавалардың жер бетінің жарықтары арқылы көтерілуінен не пайда болған?
(жанартау)
21. Сыртқа төгілген лавадан қандай жыныстар пайда болады? 
(эффузиялық жыныстар)
22. Сыртқа шықпай жер астында қалып, бірте-бірте суынған лавадан қандай тау жыныстары пайда болады?
(интрузиялық тау жыныстары)
23. Жердің жасы мен геологиялық даму тарихын анықтау үшін қандай әдістер қолданылады?
(салыстырмалы және абсолюттік әдістер)
24. Тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтауда қандай заңдылыққа сүйенеді?
(тау жынысы қабаттарының ретті орналасуы)
25. Тау жынысын құрайтын қабаттарының ретті орналасу заңдылығы бойынша тау жынысының бұзылмаған қабаттарының жасы қалай есептеледі? 
(жоғарғысы төменгісінен жас болады)
26. Ежелгі геологиялық дәуірінде тіршілік еткен жәндіктер мен өсімдіктер дүниесінің тасқа айналған қалдықтарын зерттеу арқылы нені анықтауға болады?
( тау жыныстарының салыстырмалы жасын)
27. Тіршілік дүниесі жердің даму тарихында қалай дамып жетіледі?
( ең қарапайым түрден күрделі түрге дейін)
28. Ғалымдар жер бетінде өмір сүрген тіршілік дүниесінің қазба қалдықтарын және жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының құрылысын зерттеу негізінде нені бір жүйеге келтірген?
(жердің даму тарихын)
29. Жердің даму тарихын бір жүйеге келтіру нәтижесінде не жасалады?
(геохронологиялық кесте)
30. Геохронологиялық кесте қай жылы қайда бекітілді?
(1900 жылы дүние жүзілік геологиялық конгрессте)
31. Жер тарихы неше эраға бөлінеді? 
(5)
32. Көне тіршілік эрасы қалай аталады? 
(архей)
33. Алғашқы тіршілік эрасының аты: 
(протерезой)
34. Орта тіршілік эрасы қалай аталады?
(мезазой)
35. Жаңа тіршілік эрасын ата?
(кайназой)
36. Шөгінді жыныстардың алғашқы табылған орындарына қарай кезеңдердің атаулары қандай?
(кембрий, девон, пермь, юра)
37. Шөгінді жыныс табылған жердегі халықтардың атына қарай аталған кезең атаулары:
(ордовик, силур)
38. Жыныстардың құрамына қарай аталған кезең атаулары қандай?
(тас көмір, бор)
39. ҒалымдарХХ ғ басында радиактивті элементтердің ыдырау заңын ашқаннан кейін не басталды? 
( тау жынысының абсолюттік жасын анықтау)
40. Уранның ыдырау жылдамдығын пайдалану арқылы нені есептеуге болады? 
( тау жынысының абсолюттік жасын)
41. 100г ураннан 1 грамм қорғасын неше жылда бөлінеді?
(74 млн жылда)
42. Жер қабаттарын құрайтын тау жыныстарының жасын анықтау қандай әдіс қолдану арқылы жүреді? 
(радиологиялық әдіс)
43. Республика аумағын тұтас теңіз суы басып жатқан геосинклинальды аймақ болған дәуір : 
( архей, протерезой)
44. Қозғалмалы құрлықтар қалыптасып, теңіз тартылып құрлық көлемі ұлғайған, Сарыарқаның солтүстігі, Тянь-Шаньның солтүстік тау жүйелері құрылған тау түзілу қалай аталады? 
(Палеозойдың каледондық тау түзілу кезеңі)
45. Қазақстанның едәуір бөлігі жер қыртысының тұрақты бөлігіне айналған Алтай, Жетісу Алатауы, Сарыарқаның шығысы мен Мұғалжар тауы көтерілген тау түзілу процесі :
(палеозойдың герциндік тау түзілуі)
46. Қазақстан жерінің салыстырмалы тыныш кезеңі болған, тектоникалық қозғалыстар баяу, бірде-бір тау түзілмеген уақыт қай эраға сәйкес келеді?
(мезозой)
47. Қай дәуірде Қазақстан жері біртұтас құрлыққа айналған? 
(кайнозойдың неоген дәуірі)
48. Алтай, Тарбағатай, Тянь-Шань таулары мен Жетісу Алатауының екінші рет көтерілген кезеңі: 
(Альпілік тау жасалу, неоген дәуірі)
49. Қазақстанды қандай геотектоникалық құрылымды аймақтарға ажыратады? (платформалар және қатпарлы облыстар)
50. Қазақстан жерінде қандай жас платформалар бар?
(Батыс Сібір және Тұран)
51. Қазақстан жеріндегі ең ежелгі платформаны ата? 
(Шығыс Еуропа)
52. Қазақстан жеріндегі қатпарлы облыстар;
(Тянь-Шань, Алтай, Тарбағатай, Сауыр; Мұғалжар, Сарыарқа)
53. Ежелгі Шығыс Еуропа платформасы аумағында Қазақстанның қандай жерлері орналасқан?
(Каспий маңы ойпаты мен Орал алды (Жем))
54. Шығыс Еуропа платформасының ең төменгі қабаты қандай жыныстардан тұрады?
(кристалдық қатты жыныстар)
55. Шығыс Еуропа платфомасының кристалды қатты жыныстық қабатының үстіндегі палеозой, мезазой, кайнозой шөгінді қабаттары қанша қалыңдықта жауып жатыр? 
(22км)
56. Қазақстандағы палеозойдың көне жыныстары ненің іргетасын құрайды? 
(жас платформалардың)
57. Жас платформалардың бетін қай дәуірдің шөгінді жыныстары жауып жатыр?
(мезозой мен кайнозойдың)
58. Қазақстан жеріндегі батыс Сібір плитасы шөгіділерінің қалыңдығы қанша? 
(200-1000м)
59. Палеозойға дейінгі жыныстар кристалды тақтатас пен гнейстер Қазақстанның қай жерінде кездеседі? (Солтүстік Тянь-Шань, Мұғалжар, Ұлытау, Көкшетау)
60. Палеозой жыныстары Қазақстанның қай аймағында тараған? (Мұғалжар, Сарыарқа, Солтүстік Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Алтай таулары)
61. Мезозой жыныстары кездесетін Қазақстан жерлері қай жерлер?
(Маңғыстаудың Қаратау жотасы, Жем үстірті, Іле және Торғай облыстары)
62. Қазақстанда қай жерлерде кайнозой эрасының палеогендік шөгінділері кездеседі?
( Шу, Іле, Жайсан қазаншұңқырлары мен Үстірт, Арал маңы, Торғай жазығы)
63. Кайнозойдың неогендік шөгінді жыныстары қай жерлерде тараған?
(Қазақстанның биік таулы аймағында)
64. Каспий маңы, Қарақұм, Торғай үстіртінде қандай антропогендік шөгінді тараған? (теңіздік)
65. Кайнозой эрасының неоген және төрттік кезеңдеріндегі жаңа тектоникалық қозғалыстарға байланысты Қазақстанда қандай таулар қалыптасты?
(қатпарлы- жақпарлы таулар)
66. Қазақстанда қазір де жүріп жатқан тау көтерілу процесінің дәлелі нелер? 
( тау бөктеріндегі жас өзен аңғарлары мен жер сілкінулер)
67. Орта Азияның ең күшті сейсмикалық аудандарына жататын Қазақстанның қай аймағы?
(оңтүстігі мен оңтүстік шығысы)
68. Қазақстанның жер бедерін қалыптастырудағы сыртқы күштердің ең бастысы не?
(ағым су әрекеті)
69. Республика жер бедерінің өзгеруіне қандай сыртқы күш әсер етеді? 
(Жел)
70. Қай дәуірде Қазақстанның биік таулы аймақтары бірнеше рет мұз басуға ұшыраған?
(антропогендік)
71. Батыс Сібір жазығының жер бедері қандай?
(бірыңғай тегіс)
72. Батыс Сібір жазығы қандай бөліктерге бөлінеді?
(Ертіс маңы мен Есіл, Тобыл жазықтары)
73. Батыс Сібір жазығы Қазақстанның қай жерін алып жатыр?
(солтүстігін)
74. Тұран ойпаты қайда орналасқан? 
(Қазақстанның оңтүстік батысы)
75. Тұран ойпаты Батыс Сібір жазығымен не арқылы жалғасады? (Торғай қалаты)
76. Қазақстан жерінде Тұран ойпатын қай өзен екіге бөледі? (Сырдария)
77. Тұран ойпатының оңтүстігін қандай шөл алып жатыр? 
(Қызылқұм)
78. Тұран ойпатының солтүстігінде қандай шөлдер орналасқан? (Қарақұм мен Үлкен және Кіші Борсық құмдары)
79. Қазақстанның батысында орналасқан қандай ойпат? 
(Каспий маңы)
80. БЭР төбешіктері қай ойпатта таралған?
(Каспий бойы ойпаты)
81. Үстірт солтүстігі мен солтүстік- батысында немен шектеседі? 
(Каспий бойы ойпаты)
82. Шығысында Сарыарқа, батысында Мұғалжар мен Оңтүстік Орал, солтүстігінде Батыс Сібір, оңтүстігінде Шалқартеңіз ойысымен шектесетін үстірт?
(Торғай үстірті)
83. Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тауы аралағында қандай үстірт жатыр? 
(Орал алды)
84. Орал тауы мен Есіл өзіні аралағында орналасқан қырат қалай аталады? 
(Жалпы сырт)
85. Жалпы сырт қыратының Қазақстанға қай бөлігі кіреді?
(Қиыр оңтүстік бөлігі)
86. Шығысында Балқаш көлі, батысында Сарысу және оңтүстігінде Шу өзені, солтүстігінде Сарыарқамен шектесетін қай үстірт?
(Бетпақдала)
87. Солтүстігінде Балқаш көлі, оңтүстік - шығысында Жетісу Алатауымен, батысында Шу – Іле таулары, оңтүстігінде Іле Алатауымен шектесетін аймақ қалай аталады? 
(Балқаш маңы жазығы)
88. Орталық Қазақстанды алып жатқан аласа таулы жердің аты қалай?
(Сарыарқа)
89. Сарыарқаның ең биік тауы қалай аталады және оның биіктігі қанша? 
(Ақсораң, 1565м)
90. «Қазақстан Швейцариясы» аталған қай тау? 
(Көкшетау)
91. Орал тауының Қазақстандағы жалғасы қалай аталады? 
(Мұғалжар)
92. Мұғалжар тауының ең биік нүктесі қай тау? 
(Үлкен Боқтыбай,675м)
93. Мұғалжар тауы солтүстіктен оңтүстікке қарай қанша километрге созылып жатыр?
(450 км)
94. Қаспий теңізіндегі Маңғыстау түбінде орналасқан қай тау?
(Маңқыстау)
95. Маңқыстау тауының биік жері қалай аталады?
(Бесшоқы, 556 м)
96. Маңқыстау тауының оңтүстігінде орналасқан қандай ойыс?
(Қарақия ойысы)
97. Сібірдің оңтүстігінде орналасқан ең биік таулы өлкені тап?
(Алтай)
98. Қазақ жеріндегі Алтай нешеге бөлінеді? 
(Үшке)
99. Солтүстігінде Бұқтырма өзені, оңтүстігінде Қара Ертіс өзені аралығынд орналасқан Алтай тауының бөлігі қалай аталады? 
(Оңтүстік Алтай)
100. Оңтүстік Алтайдың ең биік шыңы қайсысы?
( Мұзтау, 4506 м)
: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет