Бетон және темірбетон бұйымдарын өндіруде күн сәулесі энергиясын пайдаланудың қоршаған ортаға әсері



жүктеу 101.88 Kb.
Дата17.07.2017
өлшемі101.88 Kb.
Бетон және темірбетон бұйымдарын өндіруде күн сәулесі энергиясын пайдаланудың қоршаған ортаға әсері
Асқарқызы Айгерім, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің магистранты
Құрылыс материалдар өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін біршама әсері қазіргі талаптары бойынша жұмыс істеп тұрған технологиялық процестерді жаңарту кезінде экологиялық – экономикалық бірліктерді сақтау қажет. Өндірістің ішкі тиімділігін жүргізу экология – экономикалық жүйеден бөлінуі мүмкін емес, себебі, табиғи факторлар тек сыртқы шектеулер сияқты көрінбейді, сонымен қатар экономикалық процестің функционалдық құралы болып табылады.

Жүйелі мониторингтің тиімділігі тек ақпараттық құралдары қолдану арқылы жетуі мүмкін емес. Динамикалық бақылау үшін оны пайдалану және технобиогенозды тиімділеу үшін тілге аудару керек және бақылаушы блоктарды және ағындарды сипаттайтын болуы тиіс , сонымен қатар қоршаған ортаға түсетін зиянды заттардың миграциясын және траксформациясын көрсете білуі крек .

Бұл өнеркәсіптік кәсіпорындардың табиғи ортаны қорғау іс - әрекеттерін бағалауға мүмкіндік береді және де өндірістің болашақ бағытын және тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде өндіріс кәсіпорындарының табиғат қорғау іс - әрекетін бағалауға күрделі міндетті көрсеткіштер көмегімен жүргізіледі. Олардың негізгі мүмкінді болатын шаралары зиянды қалдықтарды тазарту шамасы, қоршаған ортаның ластану деңгейінің шамасые капиталдық және эксплуатациялық шығын шамасын айналымды сумен қамтамасыз ету жүйесімен жабдықтау техникасымен және суды пайдалану кезектілігі, аз қалдықты және қалдықсыз технологияларды енгізу.

Қазіргі кезде түзілген жағдайда қоршаған ортаны белгілі бір уақыт ішінде зиянды заттар мөлшерін абсолютті шамалау. Әрбір табиғи бетон үшін ластаушы заттардың шығуы әртүрлі болуы керек, себебі қабылдау қабілеті жіне барлық жүйесінің тепе – теңдігіне әсер етпейтіндей етіп нейтралдау қабілеті де әртүрлі болып келеді. Бұл бағыттағы және табиғи бетондар үшін экологиялық күштің шекті мүмкіндігін анықтауда әрбір табиғи сфера және жалпы алғанда бетонның қоршаған ортасы үшін бар жиынтық күшті анықтауымыз қажет. Бұл уақытта технологиялардың экологиялығын өзара салыстыру керек және әртүрлі өндіріс обьектілерінің ортаға тигізетін әсер деңгейін салыстыру қажет.

Заттардың шектік мүмкіндік нормаларын еспетеу кезінде ұйымдастырылған қалдықтармен бірге кірпіш күйдіру цехытары үшін 20-25% ті құрайтын ұйымдаспаған қалдықтарды есепке алуымыз керек.

Бұл қатарға төмендегілерді жатқызуға болады : шикізаттың ашық стадиялары, көмір қоймаларын, шлам жинағыштар , жартылай өнім қоймалары және шұнқырлар. Негізінен ұйымдаспаған қалдықтармен қоршаған ортаны ластаған кездегі қалдық құралы өндіріс технологиясындағы қалдық құрамымен бірдей болып келеді.

Атмосфераның жер қабатының тазалығын қамтамасыз ету үшін істеп тұрған кәсіпорынды реконструкциялау және жаңалап жобалау кезінде атмосфераны әр ластану көздеріне шекті мүмкіндік тастамалар (ШМТ) қоюдың, сондай – ақ қоршаған ортаға келтіретін экономикалық зияндылығын бағалаудың үлкен мәні бар.

Мүмкіндік-шектік тастамалар ғылыми-техникалық норматив деп аталады, бекітілген жағдайда, оның жерге қонардағы ластандырылған концентрациясы сол көзден шығып жатқан нормасынан аспауы керек, халыққа өсімдік және жануарлар өміріне, тигізетін зияндылығына байланысты.

Мүмкіндік-шектік концентрациясы-жағдайсыз заттың ауадағы мөлшері, күнделікті адамға тигізер зияндылығы уақытқа байланыссыз патологиялық өзгерісіне және қандайда бір ауруға душар етпеуі керек, ауада халық тұратын жерде бір мезгілде және күндік тәулік мерзімінде бекітіледі.

ШМТ – ды қарастырған ластау көздерінен ауа қабатында ластаушы заттардың концентрациясы елді – мекен , өсімдіктермен жануарлар әлемі үшін ауа сапасының нормативінен аспайтын жағдайға тастамалардың ғылыми – техникалық нормативін айтамыз.

Атмосфералық ауаны нормалаудың ерекшелігі ретінде ауа құрамындағы ластаушы заттардың тұрғындардың денсаулығына тек қана концентрация мөлшерінің тәуелділігіне ғана емес, сонымен қатар адам дем алатын уақыт интервалының ұзақтығына тәуелді. Атмосфералық ауаның ластануын зерттегенде он алтыдан аса қоспалар анықталады, олардың ішінде: шаң, күкірт диоксиді, ергіш сульфаттар, көміртек оксиді, азот диоксиді, фторлы сутек, күкіртсутек және ауыр металдар кіреді. Ауа сапасының стандарттарының көмегімен ауа ластану деңгейі шектік рұқсат етілетін концентрациядан асатын аймақтарда атмосфералық ауаны тазарту бойынша жұмыстарды жеткілікті рационалды түрде жүргізуге мүмкіндік береді. Зиянды заттардың классификациясы, олардың уландырғыштық және қауіптілік дәрежесі бойынша атмосфералық ластағыштар төрт класқа жіктеледі: 1-ші класс – төтенше зияңды (бензапирен, қорғасын және оның қоспалары); 2-ші класс – жоғары зияңды (NO2, H2S, HNO3); 3-ші класс –жеткілікті зияңды (бейорганикалық шаң, SO2); 4-ші класс – аз зияңды (бензин, CO).

Ауа құрамындағы ластаушы заттардың шектік рұқсат етілетін концентрациялары



Кесте 2

Қоспалар аталуы

ШРК мәндері, мг/м3

Қауіп класы

Максималды бір реттік

Орта тәуліктік

Көміртек оксиді

5,0

3

4

Азот оксиді

0,4

0,006

3

Азот дикосиді

0,085

0,15

2

Өлшенген заттар

0,5

0,003

3

Фенол

0,01

0,003

2

Формальдегид

0,035

0,0003

2

Қорғасын

0,001

0,04

1

Аммиак

0,2

0,05

4

Күкірт диоксиді

0,5

-

3

Күкіртсутек

0,008

0,03

2

Хлор

0,1

0,005

2

Фторлы сутегі

0,02

0,03

2

Озон

0,16

0,1

1

Хлорлы сутегі

0,2

0,0015

2

Хром

-

0,0003

1

Кадмий




0,003

1

Мышьяк




0,0015

2

Мыс




0,002

2

Көмірсутек

1,0

-

3

Атмосфераны қауіпті ластаулардан қорғау-бұл негізгі техникалық мәселелермен шешіледі.Ол үшін тастамаларды жою үшін технологиялық мәселелерді модернизациялау керек немесе оларды өндірісте толық қайта өңдеу керек.

Атмосфералық ауаны қорғауды нығайту мақсатында өндірістік және басқа да тастамаларды тазалау үшін эффективтілігі жоғары қондырғылар енгізу қажет.

Энергетикалық қуат ресурстарын үнемдеу ең маңызды болып табылады, оның ішінде әсіресе құрылыс өндірісінде. Темірбетон бұйымдарын өндіру кезінде қуаттың 70 пайызынан аса көлемі оларды жылумен өңдеуге жұмсалады.



Көптеген Еуропа елдері балама энергия көздерін пайдалануға бет бұрған. Алайда, біздің елімізде баламалы энергия көздерін игерудің өндіріс саласы болғандықтан, оны дамытып, түбегейлі зерттеу, қолданысқа енгізу өзекті мәселе болып отыр. Бірақ, осы мәселені шешудегі ең маңызды мәселе экологиялық апатқа ұшырамау жолдары екендігі ұмытылмауы керек.

Күн - өте үлкен қуатты энергия көзі. Оның 22 күн ішінде жерге берген энергия қуаты бүкіл Жер әлеміндегі органикалық отынның қуатына тең. Күн сәулесі интенсивтілігінің кемуі, әрине жыл мезгілдеріне, тәуліктегі уакытқа, мекеннің географиялық орналасуына тікелей тәуелді. Олай болса жер бетіндегі ғимараттарға да түсетін күн энергиясы да өзгермелі. Күн сәулесі қуатын өнеркәсіп пен тұрмыс жағдайында қалай қолдануға болатыны бұл да шешілмеген мәселелердің бірі. Аз болса да күн сәулесін қолдануға негізделген кейбір қондырғылар белгілі.

Күн энергиясын қалыптастырудың және пайдаланудың бірнеше бағыттары бар: күн сәулесі электр энергиясын және жылуды қалыптастырады; ғимараттарды жылыту үшін қолданылады; ауаны баптайды; ыстық сумен қамтамасыз етеді; әртүрлі материалдарды кептіру үшін қолданылады.

Қазақстанның географиялық орналасуының солтүстіктік кеңдігіне қарамастан, еліміздегі күн энергиясының ресурстары тұрақты және климаттық жағдайлардың қолайлылығына байланысты қол жетімді болып табылады. Кейбір зерттеу қорытындылары бойынша, елдің оңтүстік аймақтарында күн энергиясының әлеуеті жылына 2500-3000 күн сағатына жетіп жығылады, ал күн сәулесі энергиясы жылына 1300-1800 кВт/м. құрайды. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысы және Арал теңізі сияқты энергия тапшы аймақтар күн электростанцияларын салу үшін аса қолайлы аудандар болып табылады.

Күн нұрынан энергия өндіруге қажетті технология да Қазақстанда өндірілуде. Астана қаласындағы «Astana solar» компаниясы энергия өндіруге қажетті кремний панельдердің екі түрін шығарады. Бағасы да шетелдік өнімдерден арзанға түседі. Онда 60 «ұяшығы» бар, 230 ватқа арналған фотоэлектрлік модульдік жинақ - 85 мың теңге тұрады. Жақында мұндай жинақтар Жаңатас қаласында да шығарыла бастайды. «Жамбыл электр жүйелері» ЖШС және тайвандық «Nano Win Technology Co.» компаниясы арасында күн энергетикасын дамыту бойынша меморандумға қол қойылып, инвестор CIGS технологиясы негізінде жұқа пленкалы фотоэлектрлік панельдер шығаратын зауыт құрылысын жүргізуді көздеп отыр. Бұл жобаның жалпы құны - шамамен 160 миллион АҚШ долларына тең.

Сарқылмайтын қуаттың бұл көзі қоршаған ортаны ластамайды, демек бұл экология үшін өте маңызды.

Өнеркәсіптік мекеменің экономикалық дамуының іс-шарасын құрастыруда басты мақсаты өндірістің тиімділігін көтеруге бөлу керек. Тиімділіктің өсуін өндіріс пен еңбек ұйымының жақсару, өндірісті техникалық деңгейі көтерілуінің, ғылым мен техникалық жетістігін жеделдетіп енгізу негізіндегі қаржылық және еңбек, материалдық ресурстарды тиімді қолдану есебінен қарастырылады.

Гелиополигон күн сәулесін жылына 6 ай қолданады, ал басқа мерзімде басқа қуат көзін, мысалы электр қуатын қолдану ұсынылады. Экономикалық тиімділікті анықтау кезінде құрғақ ыстық климатта бұйымдарды жылумен өңдеудін бірнеше түрлері қарастырылады: жарық өткізуші камераларда, гелиокамерадағы гелио-электр-термоөңдеу. Экономикалық тиімділік нұсқаулықтар мен ұсынымдарға сәйкес есептелінеді. Үнемдеу есебіне қажетті мәліметтер кестеде көрсетілген.


Үнемдеу есебіне қажетті бастапқы мәліметтер

Кесте 2


Шығындар аталуы

Өлшем бірлігі

Бағасы

Бетонның 1 м3

Саны

Құны

  1. Бу

т

4,14

1,16

4,8

  1. Электр қуаты

кВтч/м3

0,032

110,0

3,52

  1. Судисперсиялы құрамы

кг

0,13

1,1

0,146

  1. Жарықөткізгіш жабын

М2

0,07

1,2

0,084

  1. Бояупультын қолдану




0,015

0,033

0,0005



  1. .М.С.Тонкопий, Г.С.Сатбаева, Н.П.Ишкулова, Н.М.Анисимова Экология және тұрақты даму. Алматы. ЖШС РПБК «Дәуір»,2011

  2. ҚР 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы.

  3. Л.Б.Аруова. Применение солнечной энергии для интенсификации твердения бетона в Республике Казахстан, Алматы, Ғылым, 2003.

: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет