Бектауата тарихи тау, биіктігі 1215 м, село, Қарағанды облысында. Халық аңызы бойынша: «Бектау ата және Беғазы деген екі әулие болған. Олар қашып келіп, осы тауды пайдаланған»



жүктеу 42.33 Kb.

Дата01.03.2019
өлшемі42.33 Kb.

Бектауата 

 

Бектауата  -  тарихи  тау,  биіктігі  1215  м,  село,  Қарағанды 

облысында. Халық аңызы бойынша: «Бектау ата және Беғазы деген 

екі  әулие  болған.  Олар  қашып  келіп,  осы  тауды  пайдаланған». 

Балқаш қаласының өңтүстік шығысында 60 км. жерде Әулиетау деп 

аталатын  тау  бар,  жергілікті  халық  оны  Бектауата  деп  атайды. 

Оның  жанында  Ұраңқай  деген  шоқы  бар.  Әулиетау  деп  аталуы  - 

тауға  сыйыну,  табынумен  байланысты  қойылса  керек.  Балқаш 

маңайын зерттеген ғалым П. Сарычев былайша жазады: «Бектау ата 

-оңтүстік  пен  солтүстікті  жалғастыратын  нысана  іспетті  керуен 

жолдың  бойында  тұрған  «шамшырақ».  Оның  сүйір  төбесі  Балқаш 

көлінің оңтүстік жағалауынан көзге ілінеді.  

Көлдің астынан жарып шыққандай сұстиып тұрады және «бері 

тарт» дегендей ишарат береді. Сол таудың астында үлкен үңгір бар. 

Ол  мөп-мөлдір  тұщы  суға  толы.  Су  бетінің  деңгейі  әрдайым  бір 

қалыпты:  жоғары  көтерілмейді,  төмен  түспейді.  Табиғаттың  осы 

жұмбағының  көріністері  дала  жұртының  сезімін  билеп,  атаудың 

постпозитивтік 

компоненті 

боп 


тұрған 

«ата» 


сөзін 

қоныстырғандай».  Қазақстан  жерінде  ата  тіркесімен  аталатын 

жерлер (мәселен, Әулиеата, Сунақата, Асықата) көбіне  сол жердің 

«киелі»,  «қасиетті»,  «әулиелік»  құдіретіне  байланысты  халық 

нанымына  сай  қойылып  отырған.  Демек,  осы  себептен  Бектауата 

«қасиетті», «әулие», «киелі Бектау» деген мәнді аңғартады. 

Қазақта  Әулиеата,  Әулиелі  жер  деген  атаулар  көптен 

кездеседі. Мұндай жерлерді ата-бабаларымыз киелі, қасиетті санап, 

оған  сыйынушылық  сезіммен  қараған  және  зор  көңіл  белген. 


Қазақтың  ауыз  әдебиетіндегі  эпостық  жырлардан,  үлкендерден 

естіп  жүрген  ауызекі  әңгімелерден,  жазушылардың  тарихи 

шығармаларынан  жиі  кездестіріп  жүрген  әулие-әнбиелердің  бәрі 

тарихта  болған  адамдар.  «Қыз  Жібек»  эпосында:  «Әулиеге  ат 

айтып,  қорасанға  қой  айтып»  дейтін  жолдар  бар.  Халқымыздың 

әулиелердің  басына  барып  мал  атап,  құрбан  шалып,  мінәжат 

етуінің,  әулиеге  айтып  алладан  жәрдем  сұрауының  мысалы  бола 

алатын  мұндай  жолдар  басқа  да  жырларда  ұшырасады.  Тіпті 

қазірдің  өзінде  жанына  шипа,  дертіне  дауа  іздеп  әулиелердің 

басына барып, түнеп жүрген адамдарды жиі кездестіре аласың. 

Кейбір дінді уағыздайтын кітаптарда әулие-әнбиялар алланың 

пайғамбарлардан  кейінгі  жердегі  елшілері,  уәлилері  деп 

көрсетіледі.  Халқымыз  әулиені  болашақты  көре  алатын  сәуегей, 

ғажап  емші,  алланың  рахымы  түсіп,  нұры  жауған  қасиет  иесі  деп 

түсінеді.  

Кешегі  кеңестік  дәуірдің  өзінде  өзбек,  түркімен  халықтары, 

Қазвқстанның  оңтүстігін  мекендейтін  қазақтар  дінді  құрметтеп, 

өздерінің жақсы қасиеттерін сақтап қала алды. Жер-жерде мешіттер 

қиратылып, молдалар қудаланып жатқанда бұл халықтар өздерінің 

Құдайға  деген  сенімін  жоғалтпай,  сол  арқылы  бірлігі  мен 

ынтымағын  сақтап  қалды.  Көптеген  тарихи  мұраларды,  мысалы 

Самарқан  мен  Бұқарадағы,  Түркістандағы  мешіттерді,  әулие-

қажылардың  кесенелерін  күні  бүгінге  дейін  қорғап,  аманат  етіп 

алып келді. Қазақ жерінде  көптеген   әулиелер,қожалар, батырлар, 

шешендікпен  тура  жол  көрсеткен  билер  және  тағы  басқа  қаисетті 

ұлы ғұламалар өмір сүргені белгілі. 



Түркістандағы 

Қожа 


Ахмет 

Яссауи, 


Отырар-Сайрам 

аймағында өмір сүрген Арыстанбап, Укаша, Ыбырайым ата, Бабай 

түкті  шашты  Әзиз,  Ғайып  ерен  қырық  шілтен,  Қарашаш,  Домалақ 

ана сияқты тағы да басқа әулие-әнбилердің есімдері қазіргі уақытқа 

дейін  ұмытылмай,  жергілікті  халықтың  қамқорлығынан  тыс 

қалмаған. Бұл әулиелерді шырақшылары күзетеді, Қазіргі Жамбыл 

қаласы  Әулие  ата  деп  аталған.  Сол  сияқты  Қазақстанда  кептеген 

Әулие ата деген таулар, мекендер бар. Соның бірі—Балқаш көлінің 

теріскейінде  60  шақырымдай  жерде  орналасқан  Әулие  ата  тауы 

(қазіргі  Бектауата).  Осы  таудың  Бектауата  аталуы  туралы  халық 

арасында әртүрлі әңгімелер айтылып жүр. Қолда жазбаша деректер 

болмағандықтан, ауыздан-ауызға жеткен әңгімелерге сүйенуге тура 

келеді,  Олардың  түбінде  де  әйтеуір  бір  шындық  бар  екенін 

жасырмауымыз  керек.  Қазан  төңкерісінен  кейін        бүкіл  елімізде 

картография  жұмыстары  жүргізілді.  Жер  аттарының  біразы 

жергілікті      халықтың    атауларымен  жазылды.  Көптеген  жер 

атаулары 

қазақша 


мағынасын 

ескере 


отырып 

орысшаға 

транскрипцияланады.  Ал  діни    ұғыммен    байланысты    қойылған   

атаулар  өзгеріске    ұшырады. 

Кейбір  ауызша    деректер    бойынша          картография  

жүргізілген  кезде  Әулие  ата тарихын  жақсы  білген,  оның    аты 

өзгеретінін сезген бір қария (кей-   «тау» деп, «ата» сөзін қалдырған 

деседі. (Бек ұғымының өзі ерекше, тұлғалы деген  мағынаны берсе 

керек.  Таудың  басқалардан  өзгеше  болып,  маңғазданып  тұруынан 

да  айтылуы    мүмкін).  Мұның  шын-өтірік  бір  құдай  біледі.  Бірақ 

бізге  жеткен    әңгіме      осындай.  Бұл  жөнінде    басқаша        деректер 

болуы  мүмкін. 



Енді  Бектібек  әулие  кім?  Ол  қай  заманда  өмір  сүрген?  Ол 

жайында нақты деректер мен мәліметтер біздің қолымызда жоқтың 

қасы.  Тек  қана  1993  жылы  «Ана  тілі»  баспасынан  жарық  көрген 

«Қазақ  бақсы-балгерлері»  деген  кітаптың  43  бетінде  «...Бектау-ата 

Бек  ата,  Бекіш-ата,  қолдай  кері...»  деген  бақсы  сарыны  бар. 

Осындағы  «Бектау-ата  Бек  ата»,  осы  әулие  болуы  әбден  мүмкін. 

Бұл жағы әлі зерттелмеген. 

Бектауатадағы үлкен таудың күн батыс   жағында   үңгір   бар.   

Үңгірден  төмен  сайдың  жадағай  жазығында  (үңгірден  200-300  м 

төменірек)      әулие      шошаласының      орыны  қалған.  «Бұл  шошала 

осы    ғасырдың басында да болған, тамақ ішетін ыдыс-аяқтары да 

қаз қалпында  тұратын» дейді     үлкендердің көзін  көріп, естіген   

адамдар.  Алайда   Кеңес   үкіметі       орнағаннан кейінгі   жылдары   

Бектібек      әулиенің      мекендеген    үңгірі,      шошаласы  адам  

керместей   күйге түсті.   Шошаласы   құлатылып,      ыдыс-аяқтары 

жоғалды. 

Үңгірдің        аузын  үлкейтеміз  деп  геологтар  кеп  әуреге  түсті. 

Үңгірдің  ішіндегі  қасиетті  шипалы  суға  неше  түрлі  күл-қоқыстар 

тасталып,  ластанды.  Сондай-ақ,  тастың  арасынан  атқылап  шығып, 

ағып  тұратын  бұлақ  суларының  кездері  де  бітелген.  Үңгірге  кіре 

берістегі  тастардың  бетінде  бір  де  бір  бос  орын  жоқ.  Әртүрлі 

жазуларға  толып  кеткен,  Алланың  осындай  адамзатқа  берген 

сыйына  хайуандық  әрекет  көрсеткенімізге  өкінбеске  болмайды. 

Келешекте осының бәрін қалпына келтіруге болатындай жағдайлар 

бар. 

Бектібек әулиенің бейіті қайда екен деген сауал да көпшілікті 



толғандырып жүр. Бірақ бұл сауал жұмбақ күйінде қалуда. Үңгірге 

барып  түнеп,  зиярат  етіп  жүргендердің  айтуына  қарағанда  әулие 

кейбір  адамдарға  дыбыс  беріп  түстерінде  аян  айтады  екен.  Өте 

қасиетті  адам болғандықтан, кез-келгеннің көзіне  көріне бермейді. 

Түсінде аян бергенде жүзін көрсетпейді. 

Бүгін біз Бектауата, Бектібек әулие жөнінде азды-көпті естіген 

әңгімемізді ғана жазып отырмыз. Осы мақаланы оқып көңіл бөлген 

оқырмандарымыз естіп-білген аңыздары мен нақты деректері болса 

газет бетіне жазады деп үміттенеміз. 

Ендігі уақытта Бектауата сияқты ежелден келе жатқан қасиетті 

адамдардың  мекендерін  үкіметтің  ерекше  қамқорлығына  алып, 

аялауы  қажет-ақ.  Көптеген  бабаларымыздың  ақтық  байлап, 

құдайдан  перзент  тілеп,  басына  барып  түнегенін  естіп  жүрміз. 

Тілеуі  ақ,  ниеті  таза  жандарға  құдай  тілегін  беріп,  құрсақ 

сыйлағанын  үлкендер  айтып  отыратын,  Солардан  өсіп-өнген 

ұрпақтар  қазір  де  арамызда  жоқ  емес  шығар,  Алланың  құдіретіне 

шек  келтірмей,  әулиелі  Бектауата  сияқты  «ерлерді  ниеті  жаман, 

жетесіз  өскен,  түсінігі  жоқ  бұзақылардан  қорғап,  келешек 

ұрпағымызға  тапсырып  айтып  жүру  бәріміз  үшін  парызды  іс 

болмак. 

 

 



 

Дереккөзі:Сәденов,Қ.  Бектібек  әулие  [Мәтін]  /Қ.Сәденов  // 

Балқаш өңірі.-1994.-19 қараша. 

 

 



 

Бектауата үңгірі 

 

Бектауата үңгірі – Бектауата тауының оңтүстік-

батыс беткейінде, Балқаш қаласынан солтүстікке 

қарай  60  км  жерде  орналасқан.  Ол  биотитті 

гранит 


пен 

аплит 


тау 

жыныстарының 

жапсарындағы  жіктің  үгіліп,  еріп  бұзылуынан 

пайда  болған.  Оңтүстік-шығыстан  солтүстік-

батысқа  қарай  созылып  жатыр.  Бектауата 

үңгірінің жалпы ұзындығы 45-48 м-дей. Үңгірдің 

аузы тау етегінен 80-100 м биіктікте орналасқан, 

оған  тас  қорымы  арқылы  көтеріледі.  Алдында 

ұзындығы 6-7 м, көлденеңі 4-5 м тегіс ашық алаң 

бар.  Үңгірге  кірер  қуыстың  биіктігі  3  м-дей,  ені 

1,5 м, одан әрі ені 2-2,5 м-ге дейін кеңиді, табаны 

15-16  м-ге  дейін  тегіс,  одан  әрі  сәл  көтеріңкі, 

сонан  соң  төмендейді.  29  м-ден  әрі  үңгір  түбін 

тереңдігі  1,5  м-дей  көлшік  алып  жатыр.  Үңгір 

бірте-бірте  жоғарылап,  ені  1,5  м-ге  дейін 

тарылады. Жоғары жағы мұржа тәрізді дөңгелек 

тар  тесікке  айналып  жер  бетіне  шығады.  Суы 

мөлдір,  өте  салқын,  түбі  лай.  Су  деңгейі  бір 

қалыпта  сақталады.  Ертеректе  Бектауата  үңгірі 

ауру  адамдар,  бала  көтермейтін  әйелдер  басына 

түнеп,  құрбан  шалып,  құдайдан  тілектерінің 

орындалуын  сұрап  жүретін  орын  болған.  Кейін 

туристерді қызықтыратын мекенге айналған.

 

 



: files -> userfiles
userfiles -> Лекция аденома (гиперплазия, доброкачественная гиперплазия) и Рак предстательной железы. Аденома ( гиперплазия, доброкачественная гиперплазия) простаты
userfiles -> Геронтология раздел медико-биологической науки, изучающий явления старения живых организмов, в том числе – человека
userfiles -> Сағат 14. 00 С. Сейфуллин атындағы ОҚК
userfiles -> «балалар әдебиетін зерттеу» АҚпарат сағаты
userfiles -> Техника выполнения лечебных процедур. Выполнение назначений врача, связанных с лечением пациента
userfiles -> Ластанудыңөте жо




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет