Бекмухамбетова Рыскуль Кайрикенқызы «География пәніне арналған деңгейлік тапсырмалары» 6-7сынып Алғы сөз Географиядан дидактикалық материалдар жалпы орта мектептерде сабақ



жүктеу 351.64 Kb.
Дата22.03.2018
өлшемі351.64 Kb.
түріСабақ
img_1232_pp-1

Қостанай олысы,Әулиекөл ауданы

№2Аманқарағай орта мектебі

география пәні мұғалімі:

Бекмухамбетова Рыскуль Кайрикенқызы

«География пәніне арналған деңгейлік тапсырмалары»

6-7сынып

Алғы сөз


Географиядан дидактикалық материалдар жалпы орта мектептерде сабақ беретін мұғалімдерге, мектеп оқушыларына арналған құрал. Дидактикалық материалдың маңыздылығы мәліметтермен мен фактілердің барлығы да ҚР-ның Білім және ғылым министрлігі бекіткен кітаптарға сүйеніп алынған орта мектептің география бойынша ең басты мәліметтер берілген.

Тапсырмаларды жаңа материалды бекіту, жаттықтыру, қайталау, пысықтау, өзбетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру мақсатында пайдалана алады.

Сабақта және сабақтан тыс уақытта дидактикалық ойындармен қатар, математикалық ребустарды, сөзжұмбақтарды шешу, қызықты әзіл есептерді шығару, баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытудың бірден-бір ұтымды тәсілі.

Оқушылардың білім, білік дағдыларын тексеру,оларды қазіргі күннің талабына сай деңгейде оқытуда маңызды орын алады.Деңгейлік тест жүйесі оқушы білімін ауқымды тексеруге, олардың жауаптарын тез тексеріп, сараптауға және бағалауға мүмкіндік береді. Тексерудің нәтижесіне қарап, мұғалім оқу процесін басқару проблемаларын шешеді, меңгеру қабылеті төмен оқушылармен жеке жұмыс жоспарын жасайды. Деңгейлік тест және деңгейлік тапсырмалар көмегімен оқушылардың теориялық білімдері тексеріледі. Ұсынылып отырған деңгейлік тест тапсырмалары 6-7сынып география пәнінен барлық тақырыптардың тапсырмалары қамтылған. Бұл жинақ жалпы білім беретін мектептің 6-7сынып оқушыларына және география пәнінен беретін мұғалімдерге пайдалануға болады.

I бөлім.Жер шары табиғатының басты ерекшеліктері.

Тақырыбы: Жер шарындағы климаттық белдеулер.



Климаттық белдеулер

Экваторлық белдеу – 1, 6, 8, 15, 16, 17, 18

Субэкваторлық белдеу – 3, 5, 9, 11, 14.

Тропиктік белдеу – 2, 4, 7, 10, 12, 13.

Субтропиктік белдеу – 01, 20.

1. Қай климаттық белдеу 2° о.е 5°с.е. орналасқан.

2.Қай климаттық белдеу 17-30° с.е. 2-30° о.е. орналасқан?

3.Қай климаттық белдеу 2-5° о.е. 15-20° с.е. орналасқан?

4.Жыл бойы ауа райы ыстық және құрғақ

5.Қысы ыстық, құрғақ, жазы ыстық, ылғалды.

6.Ауа райы жыл бойы ыстық, ылғалды.

7.Жыл бойы құрғақ ауа массалары әсер етеді және пассат желі соғады.

8.Жыл бойы ылғалды ауа массалары әсер етеді.

9.Жазда ылғалды ауа массалары, қыста құрғақ ауа массалары әсер етеді.

10. Жазда күн ашық, ыстық температура көлеңкеде + 50° С жетеді.

11.Қысы ыстық, құрғақ, өсімдіктер өсуін тоқтатады.

12.Жауын-шашын мөлшері жазда да, қыста да 100 мм-ге жетпейді.

13.Жаңбыр-құрлықтағы жазықтарда ғана емес, тіпті мұхит үстінде де сирек кездеседі.

14.Жылдық жауын-шашын мөлшері 800-1000 мм-ге жетеді.

15.Бір жыл-жаз мезгілі.

16.Таңертең күн ашық, түс уақытында қалың жауын жауады.

17.Жыл бойы жауын-шашын қалыпты.

18.Жылдық жауын-шашын мөлшері 1500-2000 мм жетеді.

19.Жазы ыстық (+27° С+28° С). Қысы жылы (+10° С).

20.Қай климат белдеуіне Жерорта теңізі етеді.

1 Жер бедерін қалыптастырушы ішкі күштер:

A) Мантиядағы заттар қозғалысы

B) Сулардың қызметі

C) Мұздықтардың жұмысы

D) Үгілу

E) Жел


2 Материктік және мұхиттық тақталар шектесетін аймақтардың жағалық бөлігі:

A) Қазаншұнқыр

B) Материктік қайраң

C) Материктік беткей

D) Шұңғыма

E) Су асты жоталары

3 Жер қыртысының түрлері

А) Литосфералық

В) Тақталық және қалқандық

С) Материктік және мұхиттық.

D) Теңіздік және материктік.

Е) Теңіздік.

4 Литосфералық тақталардың қалыңдығы шамамен

А) 5-15 км

В) 35-40 км

С) 70-80 км

D) 60-100 км

Е) 80-120 км

5 Жер қыртысының тегістелген, тұрақты бөліктері

А) Литосфералық тақталар.

В) Платформалар.

С) Геосинклинальдар.

D) Таулар.

Е) Жазықтар.

6 Ежелгі платформалардың қатты кристалды жыныстарының жер бетіне шығып жатқан бөлігі

А) Тақта


В) Геосинклиналь

С) Қалқан

D) Платформа

Е) Рифт


7 Платформалардың шөгінді жыныстар жауып жатқан бөлігі

А) Тақта


В) Геосинклиналь

С) Қалқан

D) Платформа

Е) Рифт


8 Жер қыртысының қозғалмалы белдеулері

А) Тақта


В) Геосинклиналь

С) Қалқан

D) Платформа

Е) Рифт


9 Белгілі климат зерттеуші ғалым:

A) Н.Н. Баранский

B) Б.П. Алисов

C) А. Вегенер

D) В.В. Докучаев

E) Қ. Сәтбаев

10 Жер шарында климаттық белдеулердің қалыптасу .... байланысты

А) Жер бетіне түсетін күн жылуының мөлшеріне.

В) Қысымның таралуына.

С) Жауын-шашынның таралуына.

D) Ауа қозғалысына.

Е) Жердің өз білігінен айналуына.

11 Ауа массалары дегеніміз

А) Атмосфералық қысым.

В) Жел.

С) Жауын-шашын.



D) Бір текті қасиеттері бар, үлкен көлемдегі ауа.

Е) Температура.

12 Жер шарындағы Б.П.Алисов ажыратқан климаттық белдеулер саны

А) 10


В) 11

С) 12


D) 13

Е) 14


13 Тұрақты желдердің қалыптасуы ... байланысты

А) Қысым белдеулеріне.

В) Жер бедеріне.

С) Биіктікке.

D) Ағыстарға.

Е) Климаттық белдеулерге.

14 Ауа массаларының негізгі түрлері

А) Субарктикалық, қоңыржай, субэкваторлық, экваторлық.

В) Арктикалық, қоңыржай, тропиктік, экваторлық.

С) Тропиктік, субэкваторлық, экваторлық.

D) Қоңыржай, тропиктік.

Е) Субтропиктік, арктикалық, субэкваторлық.

15 Пассаттар дегеніміз

А) Экватордан екі жарты шарға соғатын желдер.

В) Солтүстік шығыстан соғатын желдер.

С) Экваторға қарай 30-шы ендіктердегі жоғарғы қысым белдеуінен соғатын желдер.

D) Оңтүстік жарты шарда соғатын желдер.

Е) Оңтүстік батыстан соғатын желдер.

16 Пішіні, көлемі, жасы, биіктігі бойынша жер бетінің сипаты

А) Табиғат компоненттері

В) Жер бедері

С) Тік қозғалыстар

D) Сыртқы күштер әрекеті

Е) Үгілу


17 Жер бедері дегеніміз

А) Жер бетінің ойлы-қырлы сипаты

В) Табиғат компоненттерінің жиынтығы

С) Ішкі және сыртқы күштердің әсері

D) Ғасырлық тербелмелі қозғалыстар

Е) Үгілу өнімдерінің тасымалдануы

18 Мұхит табанының ең басты ерекшелігі ... болуы

А) Материктік қайраңдардың

В) Материктік беткейлердің

С) Су асты жоталарының

D) Ірі жазықтықтардың

Е) Терең ойыстардың

19 Белгілі бір жерге тән ауа райының ұзақ жылдар бойы қайталанатын құбылысы

А) Ауа райы

В) Атмосфералық құбылыс

С) Климат

D) Ауа температурасы

Е) Атмосфералық қысым

20 Атлант мұхитының ең терең жері:

A) Зонд шұңғымасы

B) Мариан шұңғымасы

C) Пуэрто-Рико шұңғымасы

D) Өлі теңіз

E) М. Ломоносов атындағы шұңғыма

21 Дүниежүзілік мұхиттағы ең жоғары тұздылық (‰) :

A) 34


B) 36

C) 33


D) 41

E) 45


22 Дүниежүзілік мұхиттың балыққа ең бай аудандары:

A) Полюс маңы

B) Қоңыржай ендіктер

C) Экватор маңы

D) Тропиктер

E) Поляр шеңбері

23 Дүниежүзілік мұхиттағы ең қуатты суық ағыс:

A) Гольфстрим

B) Куросио

C) Оңтүстік Пассат

D) Батыс желднр ағысы

E) Бенгал

24 Мұхит суының басты қасиеттері

А) Мұхит суының құрамы

В) Температурасы мен тұздылығы

С) Буланушылық

D) Жауын-шашын мөлшері

Е) Ендік бойынша өзгеруі

25 Мұхит суының тұздылығы дегеніміз

А) Суда еріген тұздар мен газдар

В) 1 л суда еріген тұздың мөлшері

С) Мұхит суының құрамы

D) Органикалық заттар

Е) Табиғи минералдар

26 Мұхит суының орташа тұздылығы /% есебімен/

А) 33


В) 34

С) 35


D) 36

Е) 37


27 Мұхит суының қату температурасы

А) 0°


В) -1°

С) -2°


D) -3°

Е) -4°


28 Дүниежүзілік мұхиттың мұздар басып жатқан ауданы

А) 10%


В) 12%

С) 15%


D) 20%

Е) 22%


29 Су массалары дегеніміз

А) Мұхит суының зор көлемді алып жатқан бөлігі

В) Судың тығыздығы

С) Судың мөлдірлігі

D) Судағы тіршілік дүниесі

Е) Оттегінің мөлшері

30 Белгілі бір жерге тән ауа райының ұзақ жылдар бойы қайталанатын құбылысы

А) Ауа райы

В) Атмосфералық құбылыс

С) Климат

D) Ауа температурасы

Е) Атмосфералық қысым



Жер шары табиғатының басты ерекшеліктері

1 а,2 с,3 с,4 д,5 в,6 с,6 а,7в,8 в,9 а,10 а,11 д,12 д,13 а,14 в,15 с,16 с, 17 с,18 с,19 с,20 с,21 д,22 в,23 д,24 в,25 в,26 с,27 с,28 с,29 а,30 с



Африка табиғат белдемдері

Ылғалды экватор орманы – 2, 3, 15 ,17.

Саванналар белдемі – 7, 8, 12, 14, 16.

Шөл – шөлейт белдемі – 1, 9, 10, 11, 8.

Солтүстік субтропик – 4, 5, 6, 13.

1.Аспанда бұлттар сирек кездеседі

2. Конго өзен алабы мен Гвиней шығанағы арасында қай табиғат белдемі орналасқан?

3. Топырағы қызғылт – сары ферролитті.

4. Өтпелі-ылғалды орман белдемі, қылқанды және жапырақты ағштардан тұрады.

5. Қатты жапырақты орман белдемімен бұта тәрізділер.

6. Жазы ыстық, құрғақ, қысы жылы ылғалды.

7. Субэкваторлық климат белдеу жазы ыстық, ылғалды қысы жылы құрғақ.

8. Топырағы қызыл-қоңыр құнарлы.

9. Температура бір тәулікте қатар өзгереді.

10. Топырағы құнарсыз. Кей жерде топырақ мүлдем түзілмеген.

11. Негізгі жануарлары жолғалаушылар, фенак, аддакс бөкені.

12. Өсімдіктерден аса таралған баобап шатырлы акация.

13. Климат жағдайы өте ыңғайлы, жүзім, бау-бақша өсіруге.

14. Жануар дүниесі өте бай, алуан түрде кездеседі. Қорықтарла дүние жүзіндегі ең үлкен құстар сақталған.

15. Өсімдіктері көп қабатты болып өседі.

16. Өсімдіктері көбінесе биік шөпті.

17. Жануар дүниесінің ерекшелігі әсіресе маймыл түрлері горилла, шимпанзе, т.б. кездеседі.

18. Оазистерінде құрма пальмасын, жеміс – жидектерін ағаштарын, мақта, бидай өсіреді.

1 Екі материкте орналасқан Африка мемлекеті:

A) Египет

B) Конго

C) Марокко

D) Тунис

E) Эфиопия

2 Көлемі жөнінен Африкадан үлкен материк:

A) Солтүстік Америка

B) Антарктида

C) Евразия

D) Оңтүстік Америка

E) Австралия

3 Альпі мен Гималай тауларымен бір мезгілде қалыптасқан Африканың таулары:

A) Эфиопия таулы қыраты

B) Атлас таулары

C) Шығыс Африка таулары

D) Митумба тауы

E) Дракон таулары

4 Африканың жанартаулар көп орналасқан аймағы:

A) Шығыс Африка таулары

B) Атлас таулары

C) Мадагаскар аралы

D) Сахара шөлі

E) Намиб шөлі

5 Африкада биік, әрі ұзын тау тізбектерінің болмауы:

A) Экватор материкті қиып өтеді

B) Геосинклинальды аймақта орналасқан

C) Жауын-шашын көп жауады

D) Ежелгі платформада орналасқан

E) Сейсмикалық аймақта орналасқан

6 Африкада суық ағыстар ... септігін тигізеді:

A) Жауын-шашынның көбеюіне

B) Жауын-шашынның азаюына

C) Жауын-шашынның маусым бойынша біркелкі таралуына

D) Жауын-шашынның жаз кезінде көп түсуіне

E) Жауын-шашынның маусым бойынша біркелкі таралмауына

7 Африка елдері:

A) Алжир, Сирия, Иордания

B) Судан, Камерун, Либерия

C) Нигер, Непал, Гвиана

D) Колумбия, Парагвай, Уругвай

E) Суринам, Судан, Чад

8 Африка жағалауын мұхит шайып жатыр?

А) 1


В) 2

С) 3


D) 4

Е) 5


9 Африка материгіндегі ең ежелгі мемлекет

А) ОАР


В) Египет

С) Алжир


D) Сомали

Е) Мозамбик

10 Конго өзенінің алабы орналасқан климаттық белдеу

А) Субтропиктік және тропиктік

В) Экваторлық

С) Субэкваторлық және тропиктік

D) Экваторлық және тропиктік

Е) Қоңыржай

11 Африканың ең биік нүктесі

А) Атлас


В) Кап

С) Килиманджаро

D) Айдаћар

Е) Шығыс Африка

12 Африкадағы жер қыртысының ең ірі жарығы өтетін ауданы

А) Шығыс Африка таулы қыраты

В) Тибести таулы қыраты

С) Ахаггар таулы қыраты

D) Дарфур үстірті

Е) Аир үстірті

13 Секретарь құсы тіршілік ететін зона

А) Саванналар

В) Қоңыржай белдеудің шөлдері

С) Прерийлер

D) Тропиктік шөлдер

Е) Экваторлық ормандар

14 Африканың ең биік нүктесінің биіктігі /м/

А) 5895


В) 4925

С) 6698


D) 7135

Е) 5100


15 Африкадағы жауын-шашынның ең көп жауатын жері

А) Жерорта теңізінің жағалауы

В) Мадагаскар аралы

С) Үнді мұхиты жағалауы

D) Гвинея шығанағы жағалауы

Е) Материктің оңтүстігі

16 Африканың оңтүстік-батысындағы жағалық шөл

А) Үлкен Нефуд

В) Виктория

С) Намиб


D) Атакама

Е) Руб-эль-Хал

17 Африканың ауыл шаруашылығына қолайлы табиғат зонасы

А) Экваторлық ормандар

В) Шөлдер

С) Шөлейттер

D) Тропиктік Сельвао

Е) Қатты жапырақты ормандар

18 Экваторлық ормандардың бойы аласа адамдары

А) Эфиоптар

В) Пигмейлер

С) Бурлар

D) Берберлер

Е) Тутси мен химилер

19 Солтүстік Африканың ең бойшаң адамдары

А) Эфиоптар

В) Пигмейлер

С) Бурлар

D) Берберлер

Е) Тутси мен химилер

20 Африкадағы ХХ ғасырдың басындағы тәуелсіз елдер

А) ОАР, Египет

В) Алжир, Либия

С) Либерия, Эфиопия

D) Тунис, Марокко

Е) Судан, Нигерия

21 Африкадағы ең жоғары дамыған ел

А) Египет

В) Алжир

С) Намибия

D) ОАР

Е) Эфиопия



22 ОАР аумағындағы ірі ұлттық парк

А) Крюгер

В) Рувензори

С) Серенгети

D) Цаво

Е) Вирунга



23 Араб Африкасы деп атайды

A) Батыс Африканы


B) Солтүстік Африканы
C) Шығыс Африканы
D) Оңтүстік Африканы
E) Орталық Африканы
24 Африкада ғана кездесетін құс

A) Қоқиқаз

B) Тырна
C) Марабу
D) Көкқұтан
E) Түйеқұс
25 Шөлді аймақтардағы кеуіп қалған өзен арналарын ... атайды

A) Вадилер


B) Криктер
C) Уэдтер
D) Ойпаттар
E) Лайлар
Африка

1 а,2 с,3 в,4 а,5 д ,6 в,7в,8 в,9 в,10 в,11 с,12 а,13 а,14 а,15 д,16 д ,17е ,18в, 19 е,20 с 21д ,22 а,23 в,24 с,25 с



1 деңгей

1. Мына сөйлемдерге анықтама беріңдер:

1) Африкадағы кеуіп қалған арналар.

2) Өзен арнасының су жылдам әрі құлап ағатын бөлігі, әдетте тау

жыныстары жуылып-шайылмайтын жерлерде пайда болады.

3) Ұзындығы мыңдаған шақырымға созылған ал, ені ондаған

шақырымнан жүздеген шақырымға жететін терең тектоникалық

жарықтар жүйесі.

4) экваторлық ормандардың қызыл-сары топырағы.

5) Африканың ең үлкен табиғат зонасы.

2. Тікұшақпен онтүстіктен солтүстікке дейін бүкіл Африка арқылы жол қанша уақыт алу мүмкін ( жылдамдық шамамен 200км/сағ)?.

3. Пайдалы қазбаларға ең бай (мұнайдан басқа) Африкалық мемлекетте қандай халықтар тұрады? Осы мемлекеттегі, Африкадағы барлық аңдардың түрлері жиналған ұлттық парк қалай аталады?

2 деңгей

1. Біріншісі алғашқыда солтүстік-шығысқа қарай ағып, содан кейін онтүстік-шығысқа, ал екіншісі алғашқыда солтүстік-батысқа қарай ағып, сонан соң онтүстік-батысқа қарай ағатын Африка өзендері қашан тасиды?

2. Жыл бойы ыстық және ылғалды табиғат зонадағы аңдарды атап шығындар

3. Артығын сызып таста және неге екенін түсіндір: малайлықтар, суахилдықтар, курдтар, масайлар, кхмерлер, туарегтер, нубийлықтар.


3 деңгей

1. Африканы алғашкы ашушылары болып Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы ежелгі елдердің теңізшілері саналады.

Олар өздеріның ашуларын б.э.д. 600 жылдарда жасаған, бірақ ол туралы көп уақыт ұмытылып кету себебі, б.э.д. 480-425 жж. дейін өмір сүрген ұлы грек ғалымы «тарихтың атасы» және сол замандағы белгілі жерлерге географикалық суреттеу бергенде олардың жаңалықтарын шындыққа жанаспайды деп санаған.

Бұл теңізшілер кімдер, оларға кім және неліктен сенбеген?

2. Ең үлкен Африка көлі туралы былай деп жазылған, онда өте көп жануарлар бар және оларды су жылқылары деп атаған, олар таңертең көлге түскенде су өз арнасынан тасып шығып кетеді екен. Ал кешке олар шомылып болып, жағаға шыққандарында су қайта өз арнасына түседі. Бұл қай көл, қандай жануарлар (аң) және бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады.

3. Африканың шеткі батыс және шеткі шығыс нүктелерінде жергілікті (астрономиялық) уақыттың қаншалықты айырмашылығы бар?

Жауаптары
1 деңгей
1) уәдтер,вадилер 2) шоңғалдар, 3. рифт және жарықтар (Африкада Ұлы Шығыс Африка жарығы), 4)ферралитті, 5) саванналар (40%)
7000км : 200км/сағ=35 сағ
ОАР. Халық саны 48,7 млн (2000), яғни африкандықтар (76%; байырғы тұрғындары банту тілдері семьясына жататын зулу, коса, басуто, бечуандар және т.б), метистер (9%), европалықтар (13%), негізінен голланд отаршыларының африканерлер (бурлар), ағылшындар, Азиядан келген келімсектер құрайды. Крюгер Ұлттық паркі.
2 деңгей

1. Нигер – жазда (шілде), Конго – жылына екі рет (жазда және қыста).

2. Ылғалды экваторлық ормандар: мартышкалар, шимпанзелер, гориллалар,

окаптар, жіңішке саусақты құлақты шошқалар, бұғылар, леопард,

құмырсқалар, термиттер.
Артық: Азия халықтары – малайлықтар , курдтар, кхемерлер, қалғандары

– африка халықтары.


3 деңгей
Император Нехоның сұрауы бойынша бейтаныс финикиялық теңізшілер

Африка құрлығын сағат тілі жүретін бағытта айналып шыққан.Олар

бірінші болып экваторды кесіп өтіп, Күннің жартылай бейнесін көрген.

Жерорта теңізінің шығыс жағалауында б.з.д. 600 жылдарда мекендеген

ежелгі елдің теңізшілері негізі бірінші ашқан адамдар делінеді. Олар

экваторды кесіп өткенде, солтүстіктен күннің жартылай түсіп тұрғанын

айтқан. Алайда, б.з.д. 485-425жылдарда өмір сүрген «тарихтың атасы» -

Геродот сол кезде белгілі болған жерлерге географиялық суреттеу

бергенде, олардың жаңалықтарын шындыққа жанаспайды деп баға берген.

2. Виктория көлінде шынында бегемоттар өте көп.

Судың көлемінің өзгеруі толысу құбылысымен сәйкес келеді.

3. Шеткі нүктелер 68-ші градустар аралығында. Егер 15° болса, онда 1

сағатқа тең. (Жер шары 24 сағаттық белдеуге бөлінген, яғни толық

шеңбер 360° -ты 24-ке бөлгенде 15° шығады) уақыт айырмашылығы

4,5 сағатқа тең.

Аустралия мен мұхиттық аралдар

Солтүстік Аустралия- 1, 5, 9, 14, 19.

Шығыс Аустралия- 6, 7, 8, 17, 18.

Орталық және Батыс Аустралия – 2, 10, 11, 16, 20.

Мұхиттық аралдар – 3, 4, 12, 13, 15.

1.Жыл бойы температурасы жоғары. Жазы ылғалды, қысы құрғақ.



  1. Жылдық және тәулік температура құбылыстары өте үлкен.

  2. Тәулік және маусымдық температура құбылыстары аса білінбейді.

  3. Гейзерлер, сөнген және сөнбеген жанартаулар көп кездеседі.

  4. Оңтүстікте жауын-шашын мөлшері 300-500 мм, солтүстікте 2000 мм жетеді.

  5. Шығыс бөлігінде батыс бөлігіне қарағанда жауын-шашын көп түседі.

  6. Материктегі ең орманды аумақ.

  7. Пайдалы қазбалардан қалайы, мырыш, мыс, алтын т.б кездеседі.

  8. Саванна қызыл, қызыл-қоңыр топырағымен көр жерін алады.

  9. Өсімдіктерден ағаш тәріздес кактустар, аласа ағаштар, ұсақ қалың жапырақты бұталар кездеседі.

  10. Жануарлардан кездесетін бандикут, түрпі, жолғаулаушылар арасынан – молох, келес.

  11. Құстардан кездесетіні қоқыстауық, жұмақ құстар, қызғылт какаду.

  12. Әсіресе көп кездесетін өсімдіктер бамбук, кокос пальмасы, банан.

  13. Өсімдіктерден эвкалиптер, бөтелке ағашы, шөп ағашы өседі.

  14. Жергілікті адамдар көбінесе какао, көфе өсіреді, егіншілік пен аңшылық, балық аулаумен айналысады.

  15. Материкте «жансыз жүрек» жері бар.

  16. Өсімдік арасында бағалы қызыл, сары ағаш, эвкалипт түрлері, щаңжапырақтылар бар.

  17. Тығыз қоныстанған аймақ.

  18. Жануарлар дүниесінен кездесетін – түйеқұс, эма, кенгуру, түрпі, тотықұс, коала.

  19. Жақсы жерлер-жайылым. Кей жерлері мал шаруашылығына жарамайды. Ондай жерлерде аборигендер тұрады.


Аустралияның климат белдеулері

қ/с


Белдеудің аты

Ауа массасы

Ауа температурасы

Жауын-шашын, мм

Басым желдері

қысқы

жазғы

1




















Аустралия

1 Жер шарындағы ең кіші материк

А) Африка.

В) Солтүстік Америка.

С) Оңтүстік Америка.

D) Антарктида.

Е) Австралия

2 Аустралияның ең құрғақ материк деп аталуы

А) 2/3 бөлігін шөлдер алып жатуы

В) Теңіз деңгейінен төмен орналасуы

С) Құрлықтан ерте бөлініп қалуы

D) Суық ағыстардың әрекеті

Е) Жер бедерінің сипаты

3 Аустралияның ең биік нүктесі

А) Үлкен Суайрық жотасы

В) Аустралия Альпісі

С) Косцюшко тауы

D) Үлкен Артезиан алабы

Е) Куперс-Крик

4 Аустралияның ... тас көмірдің ірі кен орындары шоғырланған

А) Батысында

В) Оңтүстік-шығысында

С) Солтүстігінде

D) Орталығында

Е) Оңтүстік-батысында

5 Аустралиядағы жаз айлары аралығы

А) Шілде-тамыз аралығы

В) Қыркүйек-қазан аралығы

С) Желтоқсан-ақпан аралығы

D) Наурыз-мамыр аралығы

Е) Маусым-шілде аралығы

6 Аустралиядағы уақытша кеуіп қалатын өзен арналары

А) Қалдық көлдер

В) Криктер

С) Өзен жүйелері

D) Тұйық алаптар

Е) Вадилер

7 Скрэб ... табиғат зонасына тән

А) Ылғалды субтропиктік ормандар

В) Ылғалды тропиктік ормандар

С) Саванналар

D) Ормандар

Е) Тропиктік шөл және шөлейттер

8 Аустралияның байырғы халқы

А) Метистер

В) Негрлер

С) Аборигендер

D) Ағылшындар

Е) Папуастар

9 Аустралияда халықтың тығыз қоныстанған аймағы

А) Солтүстігі

В) Орталығы

С) Шығысы

D) Оңтүстігі

Е) Батысы

10 Австралияның органикалық дүниесінің ерекше болу себебі:

А) Материктің кіші болуы.

В) Материктің басқа материктерден өте ертеде бөлініп

С) Материктің басқа материктерден ерте пайда болған

D) Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің сырттан әкелінуі.

Е) Ешқандай ерекшелігі жоқ.

11 Ең кіші, ең құрғақ және халық ең аз қоныстаған материк:

A) Антарктида

B) Африка

C) Австралия

D) Оңтүстік Америка

E) Солтүстік Америка

12 Австралияның ең биік нүктесі:

A) Монблан

B) Косцюшко

C) Аконкагуа

D) Орибаса

E) Камерун

13 Оңтүстік тропик материкті дәл ортасынан кесіп өтуі мынаған әкеп соғады:

A) Жауын-шашынның бірдей мөлшерде таралуына

B) Көпшілік бөлігіне жауын-шашынның аз түсуіне

C) Жағалауларда жылы ағыстардың болуына

D) Жер бедерінің тегіс болып келуіне

E) Жер бедерінің ойыс болып келуіне

14 Жаңа Зеландияның астанасы:

A) Канберра

B) Кейптаун

C) Вашингтон

D) Веллингтон

E) Мельбурн

15 Аустралияның қысқы айлары

A) Желтоқсан, ақпан аралығы
B) Шілде, тамыз аралығы
C) Қаңтар, ақпан аралығы
D) Ақпан, желтоқсан аралығы
E) Наурыз, сәуір аралығы
16 Ең Үлкен Артезиан алабы орналасқан материк

A) Африка


B) Антарктида
C) Аустралия
D) Оңтүстік Америка
E) Солтүстік Америка
17 Аустралияда көп алқапты алып жатыр

A) Ормандар


B) Шөлдер
C) Шөлейттер
D) Далалар
E) Саванналар

18 Аустралияның оңтүстігіндегі шөлдерді “налларбар” деп атаған саяхатшы

A) Д. Ливингстон
B) Д. Кук
C) Д. Эйр
D) А. Тасмания
E) Васко да Гамма
19 Аустралияда жиі болып тұратын желдер аталады

A) Дауылдар


B) Тасқындар
C) “Вилли-Вилли”
D) Шаңдар
E) Самал

20 Тасмания аралындағы жыртқыш аң

A) Қалталы аю
B) Кенгуру
C) Қалталы құбыжық
D) Вомбат
E) Ехидна
21 Аустралияның егістіктері мен ормандарын отап тоздырған жануарлар

A) Динго иті


B) Түлкілер
C)Үй қояндары
D) Егеуқұйрықтар
E) Тышқандар
22 Аустралияның күміс ақшаларына таңбаланған

A) Кенгуру


B) Ехидна
C) Киви
D) Эму
E) Коала
23 Ел таңбасында Эму түейқұсы мен Кенгуру бейнеленген мемлекет

A) АҚШ
B) Жапония


C) Аустралия Одағы
D) Папуа
E) Жаңа Зеландия
24 Аустралия Одағы жерінің ауданы бойынша дүниежүзінде

A) 4-ші орында


B) 5-ші орында
C) 6-шы орында
D) 7-ші орында
E) 8-ші орында
25 Тынық мұхитына жер шарындағы барлық ... сыйғызуға болады

A) Мұхиттарды

B) Теңіздерді
C) Материктерді
D) Аралдарды
E) Мемлекеттерді
Аустралия

1 е,2 а,3 с,4 в ,5 с,6 в,7 е,8 с,9 с,10 с,11 в,12 в,13 д,14 в,15 с,16 в,17 с,18 в,19 с,20 с,21 с,22 с,23 в,24 с,25 с



Антарктида және Антарктика

  1. Антарктида дегеніміз не?

  2. «Антарктика» қандай сөзден шыққан?

  3. Антарктиданың көлемі қандай?

  4. 1772 ж. қай экспедиция Оңтүстік поляр щеңберіне жетті.

  5. Антарктида қай жылы ашылды?

  6. Кім ашты?

  7. Кім және қашан Оңтүстік полюсті ашты?

  8. Оңтүстік полюсті қай экспедиция бір айдан кейін ашты?

  9. Осы саяхатшылардың қайсысы Оңтүстік полюстен қайтқан жолында қаза тапты.

  10. Қай жылы Антарктида Халықаралық шарт бойынша бейбіт және ғылыми пайдаланатын белдем болып табылады.

  11. Қандай КСРО Антарктикалық станцияларын білесіздер?

  12. Орташа мұз қалыңдығы.

  13. Ең қалың мұз қалыңдығы.

  14. Дүниежүзілік тұщы су қоры неше % болып есептеледі?

  15. Неліктен Антарктида суық?

  16. Материкте қандай өсімдіктер өседі.

  17. Материкте қандай жануарлар кездеседі.


Оңтүстік Американың табиғат кешені

Амазонка ойпаты – 2, 3, 7, 8, 12, 14, 19.

Бразилия қыраты және Пампа – 1, 9, 10, 11, 15, 17, 20.

Анд таулары – 4, 5, 6, 13, 16, 18.

  1. Бұл табиғат кешені субэкватор тропик, субтропик белдеу орналасқан.

  2. Ауа райы жыл бойы бір қалыпты.

  3. Табиғат белдемі экваторлық ТК толық экваторлық белдеуде және ылғалды орман белдемде орналасқан.

  4. Бұл табиғат кешенінде Атакама шөлі орналасқан.

  5. Бір жыл ішінде 200 күн жаңбыр жауады. Жалпақ жапырақты және аралас ормандарда үлкен ағаштар, шаңжапырақтар, мүктер өседі.

  6. Бұл аймақ қалайыға, мысқа т.б. түрлі түсті металдарға бай.

  7. Адам қоныстануы төмен 5 млн км² 3,5 млн адам тұрады. Жергілікті халқы – кабокло, метистер.

  8. Адам өте сирек қоныстанған. Адамдар керектерін орманнан жинайды.

  9. Климаты – қысы құрғақ, жазы ылғалды шілде, қаңтар температурасы жоғары.

  10. Адам қоныстануы төмен. Адамдар мал шаруашылығымен айналысады.

  11. Көп бөлігінде плантациялар орналасқан (көфек, какао, мақта, банан, апельсин және т.б. ағаштар).

  12. Өсімдіктерінің өзгеруі тек ендік бойынша емес, биіктік белдеулер бойынша да өзгереді.

  13. Жануарлар арасында ілмек құйрықты маймылдар, талқауан, тапир, ягуар, су шошқасы – капибара.

  14. Бұл аймақ темір, марганец, түсті металл, алмас, уранға өте бай.

  15. Осы бір табиғат белдемінде температура жыл бойы 15-20°С жылы, жауын-шашын 300 м-ге дейін жетеді, климаты «мәңгі көктем».

  16. Бұл аумақта бидай, жүгері және мал шаруашылық өнімдері – ет, жүн, тері шығаратын ірі аудандар орналасқан.

  17. Бұл жерде мекендейтін жануарлар – лама, шиншилла, кондор құсы.

  18. Ылғалды экватор орманы көп орын алады.

  19. Оңтүстік Американың ең ірі мемлекеті орналасқан.


Оңтүстік Америка

1 Оңтүстік Американың солтүстік шеткі нүктесі:

A) Горн

B) Гальинас



C) Париньяс

D) Фроуэрд

E) Марьято

2 Оңтүстік Американы Отты Жер аралынан бөліп тұрған бұғаз:

A) Дрейк

B) Панама

C) Флорида

D) Магеллан

E) Гибралтар

3 Анды тауының биіктігі:

A) 8848 м

B) 5895 м

C) 6960 м

D) 4807 м

E) 6194 м

4 Оңтүстік Американың түсті және сирек металдарға бай аймағы:

A) Бразилия таулы үстірті

B) Амазонка ойпаты

C) Анд тауы

D) Патагония

E) Ла-Плата ойпаты

5 Оңтүстік Америка өзендері суының мол болып келуі себебі:

A) Өзендер бастарын биік таулардан алады

B) Жауын-шашын мол түсуінен

C) Басым желдердің болмауынан

D) Басым желдердің соғуынан

E) Ағыстардың әсерінен

6 Жыл бойы ауа температурасы +25ºС-тан төмен түспейді,жауын-шашын мөлшері 1500-3000 мм болатын климаттық белдеу:

A) Субэкваторлық

B) Қоңыржай

C) Тропиктік

D) Экваторлық

E) Субтропиктік

7 Оңтүстік Американың аралдармен қоса ауданының көлемі

А) 24,2 млн км2

В) 18,3 млн км2

С) 14 млн км2

D) 30,3 млн км2

Е) 9 млн км2

8 XVIII ғ. соңы мен XIX басында Оңтүстік Американы зерттеген неміс ғалымы

А) А.Воейков

В) Т.Барт

С) А.Гумбольдт

D) А.Оферберг

Е) Н.Вавилов

9 Батыс Жарты шардың ең биік нүктесі

А) Чимборасо

В) Аконкагуа

С) Мак-Кинли

D) Митчелл

Е) Гвиана

10 Жапырағының диаметрі 2 м-ге жететін өсімдік

А) Какао

В) Гевея


С) Хина

D) Бразилия жаңғағы

Е) Виктория-регия

11 Льянос - бұл

А) Ылғалды экваторлық ормандар

В) Субтропиктік дала

С) Шөлейт

D) Ориноко саваннасы

Е) Браилия саваннасы

12 Кампос - бұл

А) Ылғалды экваторлық ормандар

В) Субтропиктік дала

С) Шөлейт

D) Ориноко саваннасы

Е) Бразилия саваннасы

13 Маракайбо атауының Оңтүстік Америкадағы географиялық объектіге қатысы

А) Өзен

В) Көл


С) Үстірт

D) Жазық


Е) Сарқырама

14 Оңтүстік Америка жағалауындағы ең ірі арал

А) Галапогос.

В) Отты Жер.

С) Фолкленд.

D) Куба


Е) Гаити

15 Оңтүстік Америкадағы және жер шарындағы ең ірі ойпат

А) Ла-Плата

В) Амазанка

С) Ориноко

D) Гвиана

Е) Бразилия

16 Амазонканың жыл бойы суының мол болу себебі

А) Тауда қар көп ериді

В) Биік таудан басталады.

С) Салалары көп.

D) Экватор аймағында ағып жатыр.

Е) Амазонканың суы мол болмайды.

17 Оңтүстік Америкада “сельвас” деп атайды

А) Қызыл ферралитті топырақты.

В) Саванналарды.

С) Биіктік белдеулерді.

D) Қалың ормандарды.

Е) Ағаш тәріздес папоротниктерді

18 Оңтүстік Америкадағы ең жоғары температура байқалған белдеу

A) Субтропиктік
B) Экваторлық
C) Тропиктік
D) Субэкваторлық
E) Қоңыржай

19 Амазонка өзенінің салалары

A) 500
B) 400
C) 450
D) 430
E) 420

20 Виктория-регия өсетін өзен

A) Ниагара
B) Амазонка
C) Парана
D) Ориноко
E) Магдалена
21 Анхель сарқырамасының биіктігі

A) 1054 м.


B) 1050 м.
C) 1051 м.
D) 1052 м.
E) 1053 м.

22 Игуасу сарқырамасы орналасқан өзен

A) Парана
B) Ориноко
C) Магдалена
D) Мадейра
E) Манаус

23 Су бетіндегі қалқыма салдарда үндістердің үйлері орналасқан көл

A) Поопо
B) Маракайбо
C) Титикака
D) Мичиган
E) Гурон

24 Ғаламшардың “өкпесі” деп атайды

A) Ылғалды орманды
B) Амазония ормандарын
C) Сирек ормандарды
D) Экваторлық ормандарды
E) Мәңгі жасыл ормандарды
25 Бұтағы қатты, қабығынан тері илеуге қажетті шикізат алынатын ағаш өседі

A) Ла-Платада жазығында


B) Гвиана үстіртінде
C) Бразилия үстіртінде
D) Амазонка ойпатында
E) Ориноко жазығында

26 Гуано деп аталатын бағалы азотты тынайтқыш жиналады

A) Анд тауларынан
B) Амазонка ойпатынан
C) Атакама шөлінен
D) Ла-Плата жазығынан
E) Ориноко жазығынан
27 Анд тауының символы деуге болады

A) Кондор мен ламаны


B) Пума мен аюды
C) Тапир мен Гуанаканы
D) Шиншилла мен аюды
E) Пингвин мен түйені

28 Оңтүстік Америкаға адамдар алғаш рет қоныс аударған

A) Солтүстік Америкадан
B) Азиядан
C) Еуропадан
D) Африкадан
E) Еуразиядан

29 Оңтүстік Американың халқының көпшілігі сөйлеседі

A) Ағылшын тілінде
B) Неміс тілінде
C) Латын тілінде
D) Үнді тілінде
E) Француз тілінде
30 Анд елдеріне жатады

A) Аргентина


B) Парагвай
C) Чили
D) Бразилия
E) Уругвай
Оңтүстік Америка

1 с,2 д,3 с,4 с,5 в,6 д,7 в,8 с,9 в,10 е,11 д,12е,13 в,14 в,15 в,16 д,17д,18 с,19 а,20 в,21 а,22 а,23 с,24 в,25 с,26 с,27 а,28 а,29 с,30 с



Графикалық бақылау

Оңтүстік Американың ішкі сулары

I в. II в. III в.

1. Амазонка ^ ∩ __

2. Парана __ ^ ∩

3. Ориноко ∩ __ ^

Бұл қай өзен?

1Анхель сарқырамасы бар өзен.

2.Анаконда жыланы бар өзен.

3.Ең қысқа өзен.

4.Ең суы мол өзен.

5.Бразилия таулы қыратынан басталатын өзен.

6.Андыдан басталатын өзен.



1 деңгей

1. (Анықтама-сөздер) қалай аталатынын жазындар:

1) Жаңа Дүниені жаулап алған испандықтар.

2) Жер  бетіндегі ең ірі кеміруші сушошқасы.

3) Ылғалды экватор ормандары

4) Құрғақ таулы дала және шөл дала.

5) Ауадағы  көзге көрінбейтін сулы шаңдар сияқты жауын-шашын

2. Африка және Оңтүстік Американың қандай ұқсастығы мен айырмашылықтары бар?

3. Тынық мұхитының жағалауында қандай шөл дала орналасқан, қалай пайда болды?

2 деңгей.

1. Оңтүстік  Американы басқару үшін Испания және Португалия арасындағы дау 14 мамыр 1493 жылы  қалай шешілді?

2.  Әдетте өзендер жағалауында жіпке тізілген моншақ тәрізді қалалар тізбектелген,  мысалы Волгада  16 ірі қала, оның арасында 4 миллионер қала.

Амазонкада қандай қалалар орналасқан?  Олар неге аз?

3. Андының қай бөлігінде   мұздық көп, қай бөлігінде аз? Неліктен?

3 деңгей.

1.Америка қандай мәдениет өсімдіктерінің отаны болып саналады? Олар қашан еуропалықтарға белгілі болды?  Ресейге қашан таралды? Қазір оларды өндіруден  қандай елдер бірінші орында?

2.Суретте Оңтүстік Американың ең бір үлкен аймағының геологиялық құрылысы көрсетілген. Бұл қандай аймақ? Оны неге «темір жүрек» деп атаған? Бұл аймақ туралы тағы не білесіңдер?

3.  . Жазыңдар,  (фамилиясы мен ұлты) бірінші болып ашқан кімдер:

1)  Оңтүстік Америка материгінің жағалауларына  жеткен (аралдар емес-

1499 )


2)  Панама мойнағын  кесіп өтіп, Тынық мұхитын ашқан (1513)

3) Амазонка бойымен төмен қарай  түскен. (1542)

4) Оңт.Американы айналып шыққан (1520)

5) XIX ғасырдын басында Оңтүстік Американың табиғатын зерттеген?

(оны «екінші Колумб» деп атаған).

 
Жауаптары



1деңгей

1.     1) конкистадорлар, 2) капибара 3) гилейлер, немесе сельва,4) пуна, 5) гаруа.

2.      Табиғат зоналары ұқсас, экватор сызығы кесіп өтетін ыстық құрлықтар болып табылады. Бірақ өсімдіктер мен жануарлар әлемінің  түрлерінің  құрамы жөнінен айырмашылық жасайды.

3.      Атакама. Оның пайда болуы суық Перу ағысымен байланысты.

4.

2 деңгей

1. Испания мен Португалияның арасында Оңтүстік Американы  Булланың    (Рим Папасы) үкімімен, жобамен 46-шы  батыс бойлық бойымен  екіге бөлген. Осы бойлықтың батысында орналасқан жерлерді испандықтар, ал шығыс жағын португалдықтар иеленді. Кейін жылдың аяғына қарай арнайы Тордесильяс келісім шарты жасалды, бұл шарт 1777 жылға дейін күшіне енді.                                                                                                                                                             2. Амазонка жағалауы батпақты және  өте қолайсыз.  Амазонка бойында  екі ғана ірі  қала орналасқан: бразилияның қаласы Манаус (1млн-ға жуық тұрғыны бар) және Перу қаласы Икитос (270 мыңға жуық тұрғыны бар).

3. Анд тауының орталығы мен жоғарғы бөлігінде мұздықтар көбейе береді.

 3 деңгей

1. Америка картоптың, мақтаның, томаттың, жүгерінің, жасанды каучуктың, какаоның отаны саналады.  Картоп пен мақта өндіруде дүние жүзі бойынша алдыңғы орындарда – Қытай, жүгеріден – АҚШ, какао – Кот-д-Ивуар, жасанды каучуктан – Оңтүстік-Шығыс Азия болып саналады..

2.  Бұл – Бразилия  таулы  үстірті. Бұл жерде рекордтық құрамы  пайдалы элемент – темірге аса бай, темір рудасының бай кен орындары бар. Итабир  деп аталатын жергілікті жердің атауына байланысты, қазір бұл  тау жынысы – «итабирит»  деп аталады. Басқа табиғат таңғажайыптары: сарқырамалар, бұл жерде кампос деп аталатын саванналар

3. 1)испандық Алонса Охеда, 2) Васко Нуньес Бальбоа, 3) Франциско Орельяно, 4) португалдық  Ф.Магелллан, 5) неміс Гумбольдт.

                           



Еуразияның табиғат белдемдері.



Белдемдер

I в.

II в.

III в.

1.

Арктикалық шөл

1

4

9

2.

Тундра

2

3

8

3.

Тайга

3

1

7

4.

Аралас және жалпақ жапырақты орман

4

8

6

5.

Мәңгі жасыл, қатты жапырақты орман

5

9

1

6.

Субтропиктік мәңгі жасыл орман

6

7

10

7.

Тропиктік шөл

7

5

3

8.

Ылғалды экваторлық орман

8

10

2

9.

Дала, орманды дала

9

6

4

10.

Саванна, сирек орман

10

2

5

Қай белдемде?

Сұрақтары:

  1. Үйеңкі, емен, жөке өсетін орман.

  2. Мүк, құна, балдыр өседі, ақ аю, ақ түлку мекендейді.

  3. Пальма, сандал, тик ағашы өседі.

  4. Қарағай, шырша өседі, зубр, бұлан, марал,елік мекендейді.

  5. Тас емен, тығын емен, лавр ағашы, майтеген өседі.

  6. Бос, селеу, бидайық өседі, қасқыр, түлкі, қосаяқ мекендейді.

  7. Желаяқ бөкендер, дромедр түйесі мекендеп, сексеуіл, құрма пальмасы, ксерофиттер өседі.

  8. Бамбук, камилия, магнолия өседі, Гималай аюы, жолбарыс, қабылан, тотықұс мекендейді.

  9. Лиана, орхидея, горилла, орангутан, түрлі маймылдар қай белдемде?



Еуразия

1Евразияның шығыс шеткі нүктесі:

A) Челюскин

B) Дежнева

C) Игольный

D) Пиай


E) Рока

2Қытай тілінен аударғанда “сары” деген мағынаны білдіретін өзен:

A) Янцзы

B) Хуанхэ

C) Сырдария

D) Әмудария

E) Ганг

3Еуразиядағы ең биік сөнбеген жанартау:



A) Ключи шоқысы

B) Фудзияма

C) Этна

D) Гекла


E) Везувий

4 Жер шарындағы ең терең көл:

A) Каспий

B) Арал


C) Балқаш

D) Байкал

E) Зайсан

5Шри-Ланка аралында өндірілетін асыл тастар:

A) Күміс

B) Алтын


C) Сапфир

D) Платина

E) Қола

6Қысы жұмсақ,қаңтардың орташа температурасы 0ºС-тан жоғары,ауа райы құбылмалы болатын климаттық белдеу:



A) Арктикалық

B) Субарктикалық

C) Шұғыл континенттік

D) Қоңыржай теңіздік

E) Тропиктік

7Қарағай,шырша,майқарағай өсетін табиғат зонасы:

A) Тундра

B) Тайга


C) Арктикалық шөлдер

D) Аралас ормандар

E) Орманды тундра

8Еуразияның аралдармен қоса есептегендегі ауданы

А) 30,3 млн км2

В) 24,2 млн км2

С) 53,3 млн км2

D) 14 млн км2

Е) 18,3 млн км2

9 Орталық Азия табиғатын зерттеген саяхатшылар

А) Челюскин, Дежнев.

В) Берг, Мушкетов.

С) Северцев, Беринт.

D) Пржевальский, Семенов, Уәлиханов.

Е) Воейков, Хабаров.

10Евразияның оңтүстік шеткі нүктесі

А) Челюскин мүйісі

В) Рока мүйісі

С) Дежнев мүйісі

D) Пиай мүйісі

Е) Нордкин мүйіс

11 Евразияның ең биік щыңы

А) Эльбрус

В) Эверест

С) Жеңіс

D) Монблан

Е) Мұзтау

12Үлкен Зонд аралындағы жанартау

А) Фудзияма

В) Ключи Шоқысы

С) Гекла

D) Этна


Е) Кракатау

13 Евразияда көлдердің солтүстік-батыста жиі орналасуының себебі

А) Мұздықтардың қазу әрекеті

В) Климат ерекшеліктері

С) Жер бедерінің сипаты

D) Адамның шаруашылық әрекеті

Е) Жер қыртысындағы жарықтардың болуы

14 Субэкваторлық климаттық белдеуде орналасқан зона

А) Шөлейттер мен шөлдер

В) Қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар

С) Саванналар мен ылғалды ормандар

D) Дала, шөлейт

Е) Орманды дала, дала

15 “Үлкен жел” деген мағынаны білдіретін дауылдар:

A) Торнадо

B) Смерч


C) Тайфун

D) Цунами

E) Толқын

16 Судың ең жоғары беткі температурасы (+34º С) байқалатын шығанақ:

A) Бенгал

B) Парсы


C) Бискай

D) Гвинея

E) Мексика

17 Евразияның күшті тілімделген жағалаулары

А) Оңтүстігі мен шығысы

В) Шығысы мен солтүстігі

С) Солтүстігі мен батысы

D) Батысы мен шығысы

Е) Солтүстігі мен оңтүстігі

18 Адамдардың Еуразия жерін қоныстануы басталған

A) Қара теңізден
B) Қызыл теңізден
C) Жерорта теңізінен
D) Араб теңізінен
E) Солтүстік теңізден
19 Орталық Азия табиғатын зерттеген орыс саяхатшысы

A) И. Мушкетов


B) И. Бутаков
C) Н. Прежевальский
D) Н. Северцев
E) А. Берг
20Еуразияның теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері

A) Қара теңіз


B) Өлі теңіз
C) Ақ теңіз
D) Қызыл теңіз
E) Солтүстік теңіз

21 Еуразия арқылы дүние жүзіндегі аса ірі ... сейсмикалық белдеу өтеді

A) 1
B) 2
C) 3
D) 4
E) 5
22 Еуразиядағы ең ірі тау мұздығы орналасқан

A) Гималайда


B) Памирде
C) Алтайда
D) Тянь-Шяньда
E) Кавказда
23 Еуразиядағы ең аумақты климаттық белдеу

A) Экваторлық


B) Қоңыржай
C) Тропиктік
D) Арктикалық
E) Субэкваторлық
24 Еуразиядағы “Хуанхэ” өзені ... мағынаны білдіреді

A) Лайлы су


B) Сары өзен
C) Тасқын су
D) Лас су
E) Таяз су

25 Исландияда мұз басу дәуірінен бері сақталған ... кездеседі

A) Қоңыр аю
B) Қойөгіз
C) Бұлан
D) Қоян
E) Қабылан


Еуразия

1 в,2 в,3 а,4 д,5 с,6 д,7 в,8 с,9 д,10 д,11 в,12 е,13 а,14 с,15 в,16 д,17 с,18 с,19 в,20в,21 в,22в,23 в,24 в



Еуразияның ішкі сулары

I II III

Солтүстүстік мұзды мұхиты 1 5 2

Тынық мұхиты 2 4 5

Ішкі тұйық алап 3 2 4

Үнді мұхиты 4 3 1

Атлант мұхиты 5 1 3



Мына өзендердің қай алапқа жататынын өз нұсқасы бойынша санмен белгілеп көрсетіңіз: Енисей, Волга, Лена, Амур, Сырдария, Янцзы, Ганг, Амудария, Одра.

1-в. 131 232 435

Деңгейлік тапсырмалар.

1деңгей.


1.Еуразия материгінің шеткі мүйістерін анықтаңдар.77º43´с.е 104º18´ш.б және 1º43´с.е103º30´ш.б; 38º47´с.е. және 9º34´ пен66º05´с.е пен 169º40´

2.Еуропа мен Азия бөліктерінде орналасқан көл атауы. 3.Еуразиядағы ең аумақты климаттық белдеу

4.Арабия түбегіндегі құрғақ өзен арналары қалай аталады.

2деңгей.


1.Географиялық ұғымдардың ауқымының кеңеюіне байланыстыКрит аралдарын мекендеген ежелгі халық қалай аталады және олар қай елдермен қарым –қатынасын жасаған?

2.

Жауаптары:



1деңгей.

1Челюскин және Пиай, Рока және Дежнев

2.Каспий көлі және Байкал көлі

3.Қоңыржай белдеу

4.Уәд

2деңгей.


1.Олар миной халқы деп аталып,Египет,Кипр, Сицилия аралдары мен Балкан түбегіндегі елдермен байланыста болған.

Еуразияның климат белдеулері

қ/с


Белдеудің аты

Ауа массасы

Ауа температурасы

Жауын-шашын, мм

Басым желдері

қысқы

жазғы

1

Артикалық


Полярлық

-40; 50

0; +4

Қар

Солтүстік шығыс

2



















Сандық бақылау

1- тапсырма. «Материктер мен мұхиттар»

I в II в

1 Аустралия 0

2 Антарктида 9

3 Африка 8

4 Еуразия 7

5 Солтүстік Америка 6

6 Оңтүстік Америка 5

7 Атлант мұхиты 4

8 Үнді мұхиты 3

9 Солтүстік мұзды мұхит 2

0 Тынық мұхиты 1

Нысандар: Оңтүстік Америка, Австралия, Тынық мұхиты, Африка, Үнді мұхиты, Антарктида, Еуразия, Солтүстік мұзды мұхиты, Солтүстік Америка, Атлант мұхиты.

1-в 8 610 382 49 75 2-в 8 501 839 72 64



2 -тапсырма. Ұялы телефон туралы не білесің ?
: uploads -> doc -> 10bb
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
10bb -> Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс
10bb -> К. Қазыбаевтың әдеби мұрасы
10bb -> Самостоятельная работа по теме: «Файлы и папки»
10bb -> Сабақ саны: 5 Сабақтың тақырыбы: §4 Жердің пішіні мен мөлшері




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет