Бекітемін Ұто директоры Қ.Әбдиев 2016 ж



Дата16.07.2017
өлшемі30.8 Kb.
Бекітемін

ҰТО директоры

___________ Қ.Әбдиев

2016 ж. «_____»____________
5В080200 - «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»

мамандығына арналған

«Биохимия» пәні бойынша

Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тест «Биохимия» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:






Мазмұны

Тапсырмалар саны

1

Кіріспе. Биохимия пәні. Биохимия дамуының қысқаша тарихы. Ерітінділер. Жіктелуі. Еру механизмі. Диффузия, осмос, осмостық қысым.

1

2

Витаминдер. Жіктелуі және номенклатурасы. Майда еритін витаминдер. Табиғатта таралуы. Биологиялық маңызы.

2

3

Ферменттер биологиялық катализаторлар. Ферменттердің классификациясы. Ферменттердің химиялық табиғаты. Коферменттер. Ферменттердің практикалық маңызы.

2

4

Гормондар – зат алмасудың реттеушісі және стимуляторы. Химиялық табиғаты бойынша жіктелуі. Зат алмасуға қатысуы, қасиеттері.

3

5

Зат және энергия алмасуы. Биологиялық тотығу.

2

6

Көмірсулар биохимиясы. Гликолиз. Көмірсулардың қорытылуы және оның сіңуі.

2

7

Гликогеннің бауырдағы ыдырауы. Лимон қышқылының циклі. Энергетикалық балансы және маңызы.

2

8

Липидтер биохимиясы. Липидтердің қорытылуы және сіңуі. Ішектегі липидтердің ресинтезі. Хиломикрондар, липопротеиндер.

3

9

Белоктар биохимиясы. Белоктардың биологиялық маңызы. Алмастырылатын және алмастырылмайтын амин қышқылдары. Белоктардың қорытылуы және амин қышқылдарының ішек арқылы сіңуі.

5

10

Нуклеин қышқылдары - РНҚ, ДНҚ. Нуклеин қышқылдарының ыдырауы. Пуриндік және пиримидиндік негіздердің катоболизмі.

3




Бір нұсқадағы тест тапсырмаларының саны:

25


4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Тест тапсырмалары студеттерге тірі организмнің химиялық құрамы, құрылысы, клетканың қасиеттері және ондағы зат пен энергия алмасуы туралы анықтауға мүмкіндік береді



5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.



Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет