«Бекітемін» Атырау



жүктеу 420.32 Kb.
бет1/3
Дата11.04.2018
өлшемі420.32 Kb.
  1   2   3




Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау қағидаларына

1-қосымша


«Бекітемін»

Атырау қаласы

Жалпы білім беретін №3

орта мектеп директоры

________ Ж.У.Сарсенғалиева

Бұйрық442 21.07.2014 жыл

Атырау қаласы Жалпы білім беретін №3 орта мектебінде оқитын балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттама
Конкурсты ұйымдастырушы:
«Атырау қаласы " Жалпы білім беретін №3 орта мектеп»
Мекенжайы: Атырау қаласы, адмирал Лев Владимирский көшесі, №41. Индекс 060009
БИН 010440003037

Банк реквизиттері:

ИИК KZ31070103KSN1510000

БИК KKMFKZ2A

Банк: Атырау қаласы, Қазынашылық департаменті

Тел: 8(7122) 21-55-47, 21-13-42

Электрондық пошта gulzhaina_2011@list.ru

Мекеменің коды: 4641293
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі 464 - Аудан (облыстық маңызы бар қаланың) білім беру бөлімі»

Бағдарлама 003 – «Жалпы білім беруге оқыту»

Кіші бағдарлама 015 (жергілікті бюджет арқылы)

163 ерекшелігі – «Жалпыға ортақ міндетті орта білім беру қорының шығындары»

159 ерекшелігі - Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу

Байланыс телефоны: 8(7122) 21-55-47, 21-13-42 қабылдау бөлімі

Электрондық адрес: gulzhaina_2011@list.ru

Пошта адресі: индекс 060009, Атырау қаласы, адмирал Лев Владимирский көшесі, №41


«Атырау қаласы " Жалпы білім беретін №3 орта мектеп»
1. Жалпы ережелер


  1. Орта білім беру ұйымында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) алушылардың жалпы саны 840 білім алушыны құрайды.

- Оның ішінде 40 аз қамтамасыз етілген отбасы балалары

Білім алушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға бюджет қаражаты есебінен бөлінетін сома 9584744,40 теңгені құрайды.

Бір білім алушыны тамақтандыру құны конкурсты ұйымдастырушы белгілеген құннан аспайды 180 теңге, әр оқушыға ҚҚС есебінсіз 160,71 тенге.

2. Осы конкурстық құжаттама мыналарды: 

1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін;

2) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық тапсырманы; 

3) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді; 

4) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді; 

5) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес неғұрлым сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін критерийлер тізбесін қамтиды.

3. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін бюджет қаражаты есебінен бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді: 

1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік нысанында енгізеді. 

2. Әлеуетті өнім берушілерді конкурс туралы хабардар ету


4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде, бірақ әлеуетті өнiм берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретін соңғы күнге дейін кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша atyrau.gov.kz интернет-ресурста конкурс туралы хабарландыруды орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.

5. Конкурстық құжаттаманың көшірмелері atyrau.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады және ол әлеуетті өнім берушілерге қағаз түрінде беріледі.

6. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қатысушыларына конкурстық құжаттаманың қағаз түріндегі көшірмелерін қол қойғызып береді және деректерді конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізеді.

7. Тұлғаларды тіркеу журналында конкурс атауы мен өткізу мерзімі, әлеуетті өнім берушінің не заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің нөмірі, орналасқан жері мен байланыс телефондары, конкурстық құжаттама көшірмесін алу уақыты мен күні көрсетіледі.

8. Тұлғаларды тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді, соңғы парағы конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.
3. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді ресімдеу
9. Конкурсқа қатысуға өтінім:

1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылған өтінімді;

2) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес әлеуетті өнім беруші құжаттарының тізбесін қамтиды:

заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғы көшірмесі), жеке тұлғалар үшін – азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариат куәландырған құжаттар;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып, банк мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан көп созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер бар конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей алынуы тиіс;

конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған үш айдан астам салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және жинақтаушы зейнетақы қорларына әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық органы басшысының не орынбасарының қолы қойылып, мөрімен бекітілген не e-gov электрондық үкіметі порталы арқылы алынған салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;

бар болса ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша есепте тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтердiң сапалық және сандық сипаттамалары айқындалған техникалық тапсырма. Техникалық тапсырмада міндетті тәртіппен оқушыларды сапалы, теңгерімделген және қауіпсіз тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір көрсетіледі;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға нысан бойынша қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтер.


4. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі
10. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсқа қатысушылар конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе почта байланысын пайдалана отырып. келесі мекен-жайға: индекс 060009, Атырау қаласы, адмирал Лев Владимирский көшесі, №41, есепші кабинеті №133. 14 тамыз сағат 10.00.

11. Конкурстық комиссияның хатшысы өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді енгізеді.

12. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында өткізу мерзімі туралы, конкурсты ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші жөнінде мәліметтер, атауы мен почта мекенжайы, ЖСН, жеке куәлігі, өтінімді тіркеу күні мен уақыты көрсетіледі.

Көрсетілген журналға өтінімдерді тіркеуден бас тарту себебін көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтер енгізіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы конкурстық құжаттама көшірмелерін алған адамдарды тіркеу журналына ұқсас ресімделеді.

13. Конкурсты ұйымдастырушы бекіткен мерзім өткеннен кейін ұсынылған өтінімдер тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.


5. Конкурс өтінімдері бар конверттерді конкурстық комиссияның ашуы
14. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашуды конкурстық құжаттама конкурстық ұйымдастырушы көрсеткен күні, яғни мекен-жайда: Атырау қаласы, адмирал Лев Владимирский көшесі, №41, акт залында 14 тамызда, сағат 10.00.конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуымен өткізеді.

15. Конкурстық комиссияның төрағасы қатысушыларға конкурстық комиссияның құрамы, белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің саны туралы хабарлайды.

16. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген мәліметтерді жариялайды және әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерін ашады.

17. Конкурсты ұйымдастырушының хабарландыруында белгіленген мерзімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер ашылуға жатады.

18. Конверттерді ашу хаттамасы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған конкурстық комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей atyrau.gov.kz интернет-ресурста орналастырылады.
6. Конкурстық өтінімдерді қарау
19. Комиссия өтінімдер бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін өтінімді толықтығы және конкурстық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

20. Конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынған, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберілмейді.

21. Конкурстық комиссия конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар ретінде таниды.

22. Отырыс конкурсқа рұқсат беру туралы хаттамамен ресімделеді, оның әрбір парағына және соңына конкурстық комиссияның барлық мүшелері қолын қояды.

23. Комиссия Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес өзінің шешімін конкурсқа рұқсат беру хаттамасымен ресімдейді.

Қол қойылған конкурсқа рұқсат беру хаттамасы комиссия отырысы өткен күннен бастап күнтізбелік екі күннен кешіктірмей atyrau.gov.kz интернет-ресурста орналастырылады.

24. Конкурсты ұйымдастырушы неғұрлым сапалы көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін өнім берушіні таңдау критерийлерін көздейді.

25. Комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы жарияланған сәттен бастап күнтізбелік екі күн ішінде осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сай өлшемдерге сәйкес жеңімпазды айқындау үшін рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін бағалайды және салыстырып тексереді.



26. Конкурстық комиссияның өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты әрекетіне жол берілмейді.

Өтінімді сәйкестендіру деп конкурстық комиссияның өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, құжаттарды алмастыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды дұрыстауға бағытталған әрекеті түсініледі.

27. Егер неғұрлым үздік сипаттамалары бар көрсетілетін қызмет ұсынылған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің техникалық тапсырмасының конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық тапсырмаға сәйкес болмауына жол беріледі.

28. Барынша көп балл жинаған және басқа әлеуетті жеткізушілермен салыстырғанда міндеттемелерді ең үздік орындау шарттарын ұсынған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.

Егер конкурста конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.

29. Конкурстық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған тұлғаларға конкурс нәтижелері мен жеңімпазын жариялайды.

30. Конкурс қорытындылары туралы хаттама Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды.

31. Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары туралы хаттаманы atyrau.gov.kz интернет-ресурста орналастырады.

32. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ол конкурс жеңімпазы ретінде айқындалған жағдайда шарт жасасудың және шартты орындаудың қамтамасыз етуін енгізудің кепілі ретінде енгізеді.

33. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа бөлінген соманың бір пайызы көлемінде енгізеді.

34. Әлеуетті өнім беруші осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді, ол конкурсты ұйымдастырушының банк шотына енгізеді.

35. Өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі – конкурс өтінімінің қолданылу мерзімінен кем емес.

36. Қамтамасыз етуі жоқ конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссия кері қайтарады.

37. Әлеуетті өнім берушінің тұтастай алғанда, үшінші тұлғаларда не конкурсқа қатысуға өтінім мерзімінің аяқталуына дейін енгізілген кепілдік берілген ақша жарнасы бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкелетін іс-қимылдарына жол берілмейді.

38. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:

1) жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған; 

2) конкурстың жеңімпазы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамаған жағдайларда қайтармайды.

39. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде қайтарып береді: 

1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;

2) конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы болып айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

3) шарттың күшіне енуі және конкурс жеңімпазының шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі.

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды

тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша

көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау

жөніндегі конкурстық құжаттамаға

1-қосымша



Көрсетілетін қызметті алушылар санатының

тізбесі

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау жөніндегі конкурс

Конкурсты ұйымдастырушы:

«Атырау қаласы жалпы білім беретін №3 орта мектеп»







Конкурсты ұйымдастырушының атауы

Білім беру ұйымын

дағы көрсетілетін қызметті алушылар

дың жалпы саны


Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен тегін тамақтандыру

мен қамтамасыз етілетін білім алушылар



Қызметті көрсету мерзімдері

Қызметті көрсету орны

Білім алушыларды тегін тамақтанды

руды қамтамасыз етуге

бюджет қаражаты есебінен бөлінген сома


1

2

3

4

5

6

7

1

«Атырау қаласы жалпы білім беретін №3 орта мектеп»

1832

840 оның ішінде аз қамтылған отбасы балалары:

-40



2014 жылдың 01 қыркүйегінен 30 қарашаға дейін

Атырау қаласы, адмирал Лев Владимирский көшесі, №41.


9584744,40

Ескертпе: күндер саны- 71


3 жалпы орта білім беретін мектеп директоры: Сарсенгалиева Ж.У.

М.О.
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға 2-қосымша



Атырау қаласы білім бөлімі «№ 3 жалпы орта білім беретін мектеп» білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілген қызмет берушілерді таңдау бойынша конкурстық құжаттамаға ТЕХНИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА
Атырау қаласы білім бөлімі «№ 3 жалпы орта білім беретін мектеп» оқушылары үшін ыстық тамақтандыруды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1684 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Балалар және жасөспірімдердің білімі және тәрбиесі обьектілеріне қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар», 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1665 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану обьектілеріне қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар» (бұдан әрі – Санитарлық ережелер) Санитарлық ережелер арқылы жүзеге асырылады. Санитарлық ереже мектептегі тамақтану саласында қызмет көрсететін, олардың меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға арналған.

2. Атырау қаласы білім мекемелерінің оқушылары үшін ыстық тамақтандыруды ұйымдастыруға көрсетілетін қызметтердің сапалы орындалуы мақсатында әлеуетті өнім берушінің келесі құжаттарды растауы қажет (құжаттар конкурстық сұранымда болуы керек):

1). Тамақтану блогында жұмыс істейтін, жұмыс істеуге рұқсаты бар қызметкерді медециналық кітапшасының болуы. Қызметкерлердің саны: 2 аспаздан кем емес (1 еркін мәзір үшін, 1 аспаз балалар тамағын әзірлеу үшін), 1 наубайшы, 1 буфетші, 1 үлестіруші, 1 даяршы, 1 ыдыс жуушы, 1 ас үй қызметкері, 1 асхана меңгерушісі, 1 еден жуушы.

2). Ыдыс және асхана жабдықтарын 50 литрден кем емес залалсыздандыру және 15 литрден кем емес жуу құралдарының болуы, бір кіргенде құралы 750 комплектіні құрайтын ыдыс аяқ және ас үй құралдарының болуы;

3). «Дайын ас сапасын бақылау журналы», «Тамақтану блогы қызметкерінің денсаулық жағдайын тіркеу журналы» «Тоңазытқыш жабдықтарының температуралық режимін есепке алу журналының» болуы;

4). Қызметкерлермен семинар, әңгімелесу, дәрістер жүргізу арқылы санитарлық ақпараттандыру жұмыстарын ұйымдастыру;

5). Қызметкерлді арнайы киіммен қамтамасыз ету, оны уақтылы жуып және ауыстырып отыру ;

6). Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша іс-шараларды жүргізу, жүргізілген жұмыстар актсын ресімдеу;

7). Өрт сөндіру құралдарының болуы;

8). Алғашқы медициналық көмек көрсету үшін дәрі қобдишасының болуы және оның уақтылы толтырылып отыруы;

9). Санитарлық – эпидемиологиялық қорытындысы (төлқұжат) бар тамақтану азығын қамтамасыз ететін мамандандырылған автокөліктің болуы. Экспедитор – көлік жүргізушінің жеке медециналық кітапшасының болуы;

10). Мектеп басшысына бекітуге ұсынылатын тамақтану тәртібі мен кестесінің болуы;

11). Сапа қызметі бойынша берілген кепілхаттың болуы;

3. Білім мекемелерінің оқушылары үшін ыстық тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтердің сапалы орындалуы мақсатында әлеуетті өнім беруші қызмет көрсету барысында міндетті:

1) Бекітілген мәзір бойынша оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру (осы техникалық еркшеліктегі №1қосымша);

2) Растау құжаттары бар (сапалы және қатерсіз өнімдерді жеткізіп тұру (тамақтану өнімдері, олардың ішінде, бал (10г. бумаға салынған ара, табиғи,);

3) Санитарлық ережеге сай жабдықтардың және орынның санитарлық жағдайын қамтамасыз ету және жабдықты пайдалану кезінде түзелместік немесе сыну байқалған жағдайда ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;

4) Санитарлық ережеге сәйкес тез бұзылатын өнімдерді іске асыру кезінде жарамдылық мерзімін сақтауды қамтамасыз ету;

5) Санитарлық құжаттар болған жағдайда ғана өнімді көлікпен жеткізіп беру, сонымен қатар, оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша жартылай фабрикаттар, азық-түлік өнімдерін жеткізуге арналған көліктің температуралық тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.12.2011ж. №1684 Қаулысына сәйкес болуға тиіс;

6) Тамақтану блогында күн сайын дайын ас сынама қажет болған жағдайларда зертханалық бақылауға жіберілуі тиіс;

7) Зарарсыздандыру, дизенфикциялау және дератизациялауға арналған жұмыстарды жүргізу, сәйкес актілерді алу;

8) Білім беру ұйымдарының медициналық қызметкері мен ас бөлімінің қызметкерінің тарапынан дайын тағам сапасын бағалауды органолептиканың көрсеткіштері бойынша жүргізу (сынама тікелей азық дайындалатын ыдыстан алынады). Бракераж қортындысы «Дайын аспаздық азық-түлік бракераж журналында» тіркеледі. Пропорциялық тағамдар салмағы мәзірде көрсетілген тағам шығыстарына сәйкес, гигеналық нормаларға сай келуі міндетті. Тағамды дайындау технологиясының бұзылуы, сонымен қатар астың дайын болмауы барлық анықталған қателіктер жойылғанға дейін шығысқа жіберілмейді;

9) Күнделікті жұмыстың алдында білім беру ұйымының қызыметкерімен медециналық асхана қызметкерлерін дененің ашық бетінің жарақаттануына, тері ауруларына, іріңқап, тыныс алу жолдарының сырқаттануына тексеру жүргізу;

10) Ерекше сақтауды талап ететін, тез бұзылатын азық-түлікті сақтаудың жағдайы мен мерзімін қадағалау үшін термометрді пайдаланып (сынаптыдан басқа) тоңазтқыштағы сақтау тәртібіне қадағалау жүргізу. Уақтылы температуралық тәртіпті қадағалап тіркейтін құрылғының болмауы жағдайын ақпарат ұсынылған формаға сай «тоңазтқыш жабдықтың температуралық тәртібін тіркеу журналына» енгізіледі;

11) Қандай да бір технологиялық құрылғының істен шығу жағдайында мәзірге түзетулер енгізілуі керек, дайын тамақты өндіру кезінде санитарлық ережелер талаптарын сақтау қажет;

12) Тамақтануды ұйымдастыру кезінде азық-түлікпен байланысатын материялдардың қауіпсіздік талаптарына сай келетін фарфорлы, фаянсты және шыны ыдыс (тәрелке, табақша, шыныаяқ,бокал) қолданылады. Дайын тамақты дайындау және сақтау үшін үстел құралдары тат баспайтын болаттан немесе гигиеналық белгілері бойынша ұқсас материялдан жасалуы тиіс;

13) Майысқан, шеттері сынған, жарылған, эмалі зақымданған , сынған асхана ыдыстарын ; алюминиден жасалған асхана құралдарын; пластмассадан жасалған өңдеу тақталарын және тығыздалған фанераны ; жарықтары мен механикалық зақымдары бар ұсақ ағаш құрал-жабдықтарын және өңдеу тақталарын пайдалануға рұқсат берілмейді;

14) Барлық қызметкерлердің жұмысқа орналасқанда және кезең кезеңмен алдын ала дәрігерлік тексеруден дер кезінде өтуін қамтамасыз ету;

15) Қызметкерлерді арнайы киіммен қамтамасыз ету (3 комплектен кем емес) және жүйелі орталықтандырылған кір жууды және жұмыс киімін алмастыруын ұйымдастыру;

16) Мектеп оқушыларының қоректенуіне тиым салынған тамақтарды, газды және алкагольсіз энергетикалық сусындарды, чипстарды, кепкен нан және генномодифицирленген ингредиенттері бар қоректену өнімдері, сонымен бірге сағыздарды өткізуге рұқсат берілмейді;

17) Тегін тамақтану және ата-аналар есебінен ақылы тамақтану бойынша мектептің бір оқушыға шаққандағы тамақтың құны конкурс қорытындысында көрсетілген бағадан аспауға тиіс;

18) Ас блогына келетін азық-түлік өнімдері азық-түлік шикізатына қойылатын гигеналық талаптарға сәйкес келіп, олардың шығу орнын, сапасын, қауіпсіздігін растайтын, шығу, өңделу мерзімі және өнімді сақтау шарттары көрсетілген ілеспе құжаттары болуға тиіс. Ілеспе құжат өнім пайдаланғанға дейін сақталуы тиіс. Әр әкелінетін өнім топтамасына:

А) көкөністерге өнімнің қауіпсіздігі туралы Қалалық тұтынушылар құқтарын қорғау органдарымен келісілген гигеналық қортынды немесе нарықтың ветеринарлық-санитарлық сараптамасы зертханасына сараптамадан өткендігі туралы мөр және қолымен бекітілген акті;

Б) балық пен жұмыртқаға мөрмен және қолымен бекітілген ветеринарлық-санитарлық қорытынды (сәйкестік сертификаты);

В) ет және ет фартрикаттарына зертханадан сараптамадан өткендігі туралы акті, мал дәрігерінің мөрі мен қолы (сәйкестік сертификаты) болуға тиіс;

Г) сүт өнімдеріне технолг, микробиолг немесе зертханашының қолы мен мөрі бар сапа туралы куәлік (сәйкестік сертификаты) болуға тиіс;

19) Қызмет көрсету қолданылатын азық-түлік өнімдерінің сапа сертификатының болуы;

20) Өндірістік орнында орналасқан барлық технологиялық тоңазтқыш жабдықтар қалыпты жағдайда болып, олардың тексеріліп отырылуы қажет;

21) Кассалық аппараттың болуы;

22) Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мемлекеттік ұйымынан обьектіге (асхана орнына) санитарлық-эпидемиологиялық қортындының (төлқұжаты) қызмет көрсеткенге дейін болуы.

23) Қаржы басқармасымен бөлмені жалға алу туралы шарт жасау;

24) Мүлікті жалға алу шартын жасау.

4. Қызмет көрсету талаптары және төлем: мемлекеттік сатып алу келісім шарты бойынша.

Тамақтану мезгілінде оқушылар контингентінің азаюы (артуы) жағдайында, бекітілген келісім шартта сома азаюы (артуы) бойынша өзгерістер енгізіледі.

- Жабдықтаушы міндетті турде есеп берген айдан кейін әр айдың 15-не дейін, есептеуіштің көрсеткіші бойынша есептелген коммуналдық төлемді өтеуі тиіс; - Қызмет көрсету мерзімі 2014 жылдың қыркүйек айынан желтоқсан айына (қоса есептегенде) дейін; - Қызмет көрсету орны : Атырау қаласы Атырау қаласы, адмирал Лев Владимирский көшесі, №41 мектеп асханасы.

3 жалпы орта білім беретін мектеп директоры: Сарсенгалиева Ж.У.


Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі

конкурстық құжаттамаға

3-қосымша




  1   2   3


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет