Бекішев Қ. Б., Машжан А. С. Химиялық факторлардың аналық жыныс бездеріне әсері



жүктеу 75.38 Kb.
Дата25.06.2017
өлшемі75.38 Kb.
Бекішев Қ.Б., Машжан А.С.
ХИМИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ АНАЛЫҚ ЖЫНЫС БЕЗДЕРІНЕ

ӘСЕРІ
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Мәселенің өзектілігі. Қaзipгi кездегі аса маңызды мәселелердің бipi мүшелер мен ұлпалардағы техногенді заттар әсерінен туындаған өзгерістерді жануарлар аркылы зерттеу болып табылады [1].
Қоршаған ортаны ластайтын химиялық косылыстардың арасында гидразин және оның туындылары, оның ішінде симметриялы емес диметилгидразин (СЕДМГ) аса маңызды орын алады [2].
Симметриялы емес диметилгидразин және оның туындыларының репродуктивтік қызметке әсерін зерттеу, медициналық - биологиялык зерттеулердің өзекті бағыттарының 6ipi.
Гидразин туындыларының жануарлар ұлпаларына әсер ету және адам ағзасына тигізетін зияны туралы мақалаларды талдай келе экологиялык жағынан мәселе туындатып отырған Байкоңыр ғарыш аймағының маңайындағы тұрғындардың денсаулығына зиян келіп жатқанын пайымдауға болады [3].
Осыған байланысты, аталған жұмыстың мақсаты химиялық факторлардың, аналық жыныс бездеріне әсерін зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер қойылды.
Зерттеудің міндеттері:


  1. Өсімтал-егеуқұйрықтардың аналық бездерінің гомогенатындағы липидтердің асқын тотықтық каскады өнімдеріне симметриялы емес диметилгидразиннің 5 мг/кг мөлшердегі әсерін зерттеу.




  1. Өсімтал-егеуқұйрықтардың аналық бездерінің гомогенатындағы антиоксиданттық қорғаныс жүйесіне симметриялы емес диметилгидразинің 5 мг/кг мөлшердегі әсерін зерттеу.


Жұмыстың ғылыми жаңалығы Өсімтал-егеуқұйрықтарға СЕДМГ 5 мг/кг мөлшердегі жеделденген әcepi зерттелді. Аналық без гомогенатында ЛАТ-АОК, үдерістеріне СЕДМГ жағымсыз әcepi анықталды. Алғаш рет, АОҚ және пуриндік алмасу ферменттерінің белсенуімен және ЛАТ катаболиттерінің түзілу үрдістерінің тежелуі байқалды.
Авторлардың жеке үлесі Ғылыми және зертханалық зерттеулер жұмысы бойынша әдебиеттік шолу, оны сұрыптау, зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу, анализ жүргізу және алынған нәтижелерге қорытынды жасау ізденушінің жеке үлесіне жатады.
Зерттеу материалдары мен әдістері
Тәжірибелік және бақылау тобындағы жануарлардың аналық жыныс бездері зерттеудің обьектісі болып табылады. Зерттеу салматы 60-70 грамм 40 тексіз ақ өсімтал-егеуқұйрықтарға жүргізілді.

223
B. Н. Ушкалова және Е.Д. Кадочникованың унифицирленген әдісі бойынша егеуқұйрықтардың аналық без гомогенатындағы диенді конюгаттар (ДК) және кетодиендер (КД) анықталды [4]. Центрифугалық пробиркаларда 1 мл гомализат пен 3-4 мл салқындатылған физиологиялық ерітінді араластырылды. Алынған қоспаны 3000 айн/мин. 5 минут барысында центрифугалап, кейіннен 0,1 мл тұнба мен 3,3 мл физиологиялық ерітінді жоғарыда аталған талаптарға орайласып центрифугаланды. Алынған тұнбаның 0,5 мл гексан-изопропил спиртінің 4,5 мл көлеміндегі қоспасын қостық, 1:1 қатынасында. Сұйықтықты 1 мин барысында шайкап, 3000 айн/мин-де 5 минут центрифугаладық. 1 минуттен кейін жоғарғы гександық қабатын аламыз.


Диенді конъюгаттар мен кетодиендер спектрофотометрде 232 және 268 нм. толқынды ұзындықта гексан қатынасында анықталды.
Э.Н. Коробейникованың [5] модифицирленген әдісі бойынша аналық без гомогенатында малонды диальдегид анықталды. 5 мл гомогенатка 5 мл 20 % фосфорлы - вольфрам қышқылы қосылды (ФВК). Салқындатылған қосынды 10 минут уакыт 3000 айн/минутта центрифугирленді. Содан кейін тұндырылған сұйьқтық төгілді. Тұнбаға 2 мл дистилденген су қосылып, шыны таяқшамен пробиркадағы тұнба мөлшері араластырылды. Сосын 1 мл тиобарбитура қышқылы (ТБКД) қосылып, қайтадан шыны таяқшамен араластырылды. Қосынды 1 сағатқа қайнаған буға қойылды. Одан кейін, қосынды суық суда салқындатылып, 10 мин уақыт 3000 айн/ минутта центрифугирленді.
Малонды диальдегидті анықтау спектрофотометрде 532 нм. толқынды ұзындық кезінде тазартылған суға қатысты жүргізілді. Аденозиндезаминазаны анықтау спектрофотометрде 265 нм. толқынды ұзындық кезінде калийлі-фосфатты буферге қатысты жүргізілді. Глутатионпероксидазаны анықтау спектрофотометрде 260 нм толқынды ұзындық кезінде дистилденген суға қатысты жүргізілді.
М.А. Королюк пен бірлескен авторлардың [6] әдістері бойынша каталаза (КАТ) белсенділігі анықталды. Әдіс сутек асқын тотығының кабілеттілігіне негізделген, молибден тұзымен берік боялған кешен түзілді. Сутек асқын тотығының ерітіндісін дайындау: 100 мл дистиллденген суға 0,1 мл 33 % Н202 косылды.
Гомогенат дайындау: 20 мл дистиллденген суға 0,02 мл гомогогенат қосылды. 1 қатардағы пробиркаларға (бақылау): 2 мл Н20 және 0,1 мл гомогенат, 2 қатардағы пробиркаларға: 2 мл Н202 және 0,1 мл гомогенат қосылды, 10 мин инкубациядан кейін екі қатардағы пробиркаларға 1 мл 4 % аммонии молибдаты ерітіндісі қосылды.
Стандарт: 2 мл Н202, 1 мл 4 % аммонии молибдаты және 0,1 мл дистиллденген су. Тарамдалған бояу қаркындылығы спектрофотометрде 410 нм толқынды ұзындық кезінде өлшенді. Оптикалық тығыздығы бақылауға қарсы λ 410 нм кезінде өлшенді. Аналық без гомогенатында каталаза белсенділігі нмоль Н20 2 мл/мин. көрінді.

224
Зерттеу нәтижелері.


Симметриялы емес диметилгидразинді бip рет енгізу динамикасында өсімтал-егеуқұйрыктардың аналық без гомогенатындағы липидтердің асқын тотықтық каскады өнімдерінің көрсеткіштері.
Аналық без гомогенатындағы липидтердің асқын тотықтық каскады өнімдерінің көрсеткіштерін талдауда, СЕДМГ 5 мк/кг мөлшерде бip рет енгізгеннен кейін, 30-шы тәулікте, диенді коньюгаттар (ДК) мен кетодиендер (КД) деңгейін, бақылау тобымен салыстырғанда, жоғарылау тенденциясы байқалады (сурет 1).

1 сурет - СЕДМГ 5 мг/кг мөлшерде бip рет енгізгеннен кейінгі 30-шы тәулікте өсімтал-егеуқұйрықтардың аналық без гомогенатындағы диенді конюгаттар мен кетодиендердің құрамы


Осы кезенде аналық без гомогенатындағы алғашқы (АӨҚ) және eкiншi peттi (EӨK,) өнімдерінің жиынтығы бақылау тобымен салыстырғанда 0,1 және 1,7 есеге сәйкес нақты тіркелді (сурет 2).

2 сурет - 5 мг/кг мөлшерде СЕДМГ бip рет енгізгеннен кейінгі 30-шы тәулікте өсімтал-егеукұйрықтардың аналык без гомогенатындағы алғашкы және екінші өнімдер қосындысының деңгейі


225
СЕДМГ бip рет әcepi кезінде өсімтал-егеуқұйрықтардың аналық без гомогенатында ЛАТ өнімдерінің бұзылуы туралы жоғарыда айтылған болжамдарға шек келтірмеу үшін, егеуқұйрықтардың аналық без гомогенатындағы АОК және пуриндік алмасу ферменттерінің белсенділігіне зерттеу жүргізілді.


5 мг/кг мөлшерде СЕДМГ бip рет енгізгеннен кейінгі 30-шы тәулікте өсімтал-егеуқұйрықтардың бақылау тобы мен тәжірибелік тобының каталаза белсенділігін салыстыру кезінде берілген көрсеткіштер белсенділігі 1,2 есеге төмендегені анықталды. СЕДМГ жеделденген әcepi кезінде егеуқұйрықтардың аналық без гомогенатында АДА және ГПО белсенділігінің төмендеу тенденциясы тәжірибелік топта (1,3 есеге және 2,5 есеге сәйкес) тіркелді (сурет
3).

3 сурет - 5 мг/кг мөлшерде СЕДМГ бip рет енгізгеннен кейінгі 30-шы тәулікте өсімтал-егеуқұйрьқтардың аналық без гомогенатындағы аденозиндезаминаза ферменттерінің белсенділігі


Егеуқұйрықтардың аналық без гомогенатында АОК және пуринді алмасу ферменттерінің белсенділігінің тежелуі өсімтал-егеуқұйрьқтардың тәжірибелік тобына токсикантты енгізгеннен кейін байқалады, бұл тәжірибелік және бақылаушы топтардан алынған мәліметтерді салғастырғанда дәлелденді. Екі топтың нәтижелерін салыстырғанда, 5 мг/кг мөлшерде СЕДМГ жеделденген әcepi кезінде өсімтал-егеуқұйрықтарда липидтердің асқын тотығу өнімдерінің белсенділігі байқалып, тәжірибелік жануарлардың аналық без гомогенатындағы АОҚ және пуриндік алмасу ферменттерінің тежелгені анықталды.
Жүргізілген биохимиялық зерттеулерде тәжірибелік жануарлардың аналық без гомогенатында АОҚ ферменттерінің белсенділігі және ЛАТ үрдістерінің жағдайына жеделденген бip peттi тотальды минимальды мөлшердегі (СЕДМГ - ЛД 100/30) әcepi кезінде тұрақты тотығу стресінің дамуына мүмкіндік туғызатын зат алмасудың тотығу жағдайының өзгеру мөлшеріне байланысты сипаты көрінді. СЕДМГ әcepi ЛАТ белсенділігінің неғұрлым үдеуімен қатар жүреді, оған липидтердің асқын тотық өнімдерінің құрамының нақты жоғарлауы дәлел болатыны анықталды.
Жоғарыда айталғандардың негізіне сүйеніп, мынандай қорытынды
226
жасауға болады:
СЕДМГ 30-шы тәулігінде уыттанған кезде, егеуқұйрықтардың аналық без гомогенатында липидтердің асқын тотығының тотығу өнімдерінің цитотоксикалык жинақталуы және АОҚ ферменттерінің белсенділігі төмендегені анықталды [7].
Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. Мурзатаева А.М. Коррекция биологически активными добавками на-рушений эритроцитарного звена крови при действии несимметричного диме-тилгидразина. Автореф. канд. биол. наук. - Алматы, 2009.24 с.




  1. Белов А.А. К вопросу о токсичности и опасности гидразина и его про-изводных // Промышленная токсикология. - 1999. - № 5. - С. 3-15.




  1. Критский Г.А., Александров С.В. Диагностика радиационного пораже-ния по анализу нуклеиновых кислот крови. Биохимические методы. М.: Нау-ка, 1980 г.с. 118-121.




  1. Ушкалова В.Н., Кадочникова Г.Д. Исследование параметров, характе-ризующих активность перкисного окисления липидов при изучении адапта-ции человека к новым климатогеографическим условиям // Бюллетень экспе-риментальной биологии и медицины. - 1987. - № 5. - С. 571-573.




  1. Коробейникова Э.Н. Методы определения малонового диальдегида в плазме крови // Лабораторное дело. 1989 - № 7. - С. 8-10.




  1. Королюк М.А., Иванова Л.И., Майорова И.Г. и др. Метод определения активности каталазы // Лабораторное дело. - 1988. - № 1. - С. 16- 19.




  1. Baker N.G. Effect of ionizinq radiation on mammalian ooqenesis: a model for chemical effects. In: Reproductive toxicoloqy. N.Y., Raven Press, 1985. - Р. 21-34.

: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет