Ббк 84Каз7-44 ж 90 Ғалымжан Жүсіпұлы БӘйімбет батыр ізімен



бет1/13
Дата03.01.2017
өлшемі3.21 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13



Ғалымжан Жүсіпұлы

БӘЙІМБЕТ БАТЫР ІЗІМЕН

Алматы,

2015

УДК 821.512.122

ББК 84Каз7-44

Ж 90

Ғалымжан Жүсіпұлы БӘЙІМБЕТ БАТЫР ІЗІМЕН – Алматы: 2015, 360 бет.

ISBN 978-601-06-2941-1

Бұл кітәпта Бәйімбет батырдың қайраткер перзенттерінің ХІХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп, аумалы-төкпелі заманда мұң мен зардың, айтыс пен тартыстың, өмір мен өлімнің бел ортасында жүрседе, азаматтық тұлғасына дақ түсірмей бастан кешкендері баян етіледі. Бұл кезең әлеуметтік, қоғамдық тұрғыдан қандай қайшылықты қатал болса, оның сүрген өмір жолы да көп иірімді, күрделі болғанын аңғаруға болады.



УДК 821.512.122

ББК 84Каз7-44

ISBN 978-601-06-2941-1 Ғ. Жүсіпұлы, 2015

Latin print, 2015


eeeeeeeeeeeeeeeeee

eeeeeeeeeeeeeeeeeeeeeeee

eeeeeeeeeeeeeeeeeeeeeeee

eeeeeeeeeeeeeeeeee

Сақалыңнан айналайын, қарт бабалар, Ұрпағыңа не айтасың артта қалар?

Мұқағали Мұқатаев

К і р і с п е

Кітапқа арқау болған оқиғаларға ұқсас жайттар ХХ ғасыр басында қазақтың кез келген ауылында, шаңырағында өтуі мүмкін, бұл, бәлкім, көпке таныс, түсінікті, ортақ, етене болып көрінер, дегенмен ерек-шеліктер болуы да әбден заңды. Айналып келгенде, бұл көзі қарақты қазақтың тарихи санасында сартап ізі бар оқиғалар десе болады.

Өткен тарих – ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолы, соқпағы, сүрлеуі. Бұл жолда жеңістермен бірге жеңілістер де, жақсылықтармен бірге жамандықтар да болмай қоймайтынын ескеруіміз керек. Өткендегі ата-бабаларымыз бәрімізге ортақ. Оларды анау сенің, мынау менің атам деп бөлмейміз. Кейбір ел арасында тараған жайттарды жазғанымыз біреуді мақтап, біреуді төмендету емес, бірнеше ұрпақтар бірінен–біріне жеткізген та-рихи уақиғалар келесі ұрпақтарға да жетсе деген тілектен туындады.

Еліміз тәуелсіздік алғасын жоңғармен жауласқан, қалмақпен қырылысқан, қоқандықтармен өштескен батырларымыздың есімдері бірінен соң бірі естіле бастады. Сол жаугершілік заманда ауыл-аймағын дұшпанның қорлығына бермеген әрбір азамат батыр атануға лайық. Әрине, мен пайдаланған еңбектерде кездескен «Ор-мандай көп Орта жүзде» 60-70 ғана батыр емес, әлдеқайда көп мыңдаған батырлар болған. Біздің бабамыз Бәйімбет батыр он алтысында жауына қылыш сермеген, отызында бүкіл үш жүздің ұранына айналған Қаракерей Қабанбайдың, Қанжығалы Бөгенбайдың және батыр Баянның жақын досы болған. Бәйімбет батыр талай жойқын шайқасты басқарып, жекпе-жекте біраз қалмақ-жоңғар батырларын жер құштырған, Абылай ханның үкімімен бек атағын алып Атығай-Бәйімбет елінің елағасы қызметін атқарған болатын.

Тауқыметті жылдардың темір тегеурініне шыдай алмай, Бәйімбет батырдың ұрпақтары қалың қазақ ішінен бөтен елге, Ресейдің Омбы жеріне, қоныс аударады. Түйгенімді айтсам – бұл кезеңде өмір сүрген азаматтардың мақсаты Бәйімбет ұрпағын Ресей жерінде аман алып қалу, жалғастыру еді. Осы кітапта ХХ ғасырда өмір сүрген, ұрпағымызды тәрбиелеуге өз үлестерін қосқан молда – қажылар, ел басқарған азаматтар, мұғалімдер және бел-гілі ел ақсақалдары туралы мәлімет аласыздар. Нәтижесінде ұрпақтары білім алып, өмірде өз орнын алып өсіп-өніп жатыр.

Сонау бала күнімнен «менің аталарым осындай болған» деп қайда жүрсем де ішімнен мақтанатынмын. Мақтанып қана қойғамын жоқ. Аталарымның істеген ісін өзіме үлгі еттім. Қазақта «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген сөз бар емес пе?! Жақсының жақсылығын айтуды өзіме парыз санадым. Кейінгі ұрпақ олардың да өнегелі өмір жолдарын біліп жүрсін деп Бәйімбет батырдан бастап, ел азаматтары мен Сатыбал-ды атамның басынан өткен оқиғаларды бейнелеу арқылы, өз бабаларымыздың өзгелерден еш кем болмағанын паш етіп, өскелең ұрпақ санасына сіңіріп, жеткізуге ниеттеніп жазған еңбегімнің бір парасы осы. Сатыбалды Найманұлы ел арасында «Молла аға» атанған. Бұл кісі – көрнекті қоғам және дін қайраткері, хадисші. Жалпы, ХХ ғасырдағы ислам мәдениеті мен ислам құндылықтарын, қазақтың ұлттық мәдениетін жалғастырып, жаңа заманға жеткізе білген Сатыбалды Найманұлының дін саласында да, әдеби ағартушылық саласында да еле-улі орны бар. Сатыбалды Найманұлының өмірбаяны XX ғасырдағы қазақ халқының басынан кешірген ауыр тағдырымен тікелей байланысты. Бәйімбет елінің өткен тарихы, Сатыбалды атамның отбасының өмірі шешем Қалкеннің, Сабира, Күлпәш апаларымның, Мапон тәтемнің, ел азаматтарының әңгімелерінен алынып, басқа деректермен және болған уақиғалармен толықтырылды.

Жылжып жылдар өтті. Атамның өзі өлгенімен, ісі өлген жоқ. Сатыбалды молланы «көзі көрген», естіген-білген, дастархандас болған ел азаматтары аман тұрғанда, ол кісі еліміздің тарихи тұлғасы ретінде марапат-құрметке лайық перзенттерінің бірі екеніне ешкім күмән келтіре алмайды. Ұлы бабамыз келер ұрпаққа ісімен, еңбегімен, өмірімен теңдесі жоқ ғажап өнеге қалдырып кетті.

Қазақ халқы ежелден-ақ ұрпағының сүйегіне таңба түсірмеуді ойлап, артынан ерген қарасын адалдыққа, ізгілікке баулып, «біреудің ала жібін аттама», «жетімді жылатпа», «біреудің ақысын жеме», «қиянатқа қиянат жасама»деп құлағына құйып, «ардың ісіне» жауапкершілікпен қарауды бұйырған.

«Сүрінбейтін тұяқ жоқ, жаңылмайтын жақ жоқ!». Сондықтан қателіктер де болмай қоймайды. Мына кітапта сол қателескен адамдар туралы деректер келтірілсе, ол кісілердің ұрпақтары жүрегіне дық алып кек тұтпасын. Өткен бабалардың кемшіліктеріне кейінгі ұрпақ жауап бермейді десек те, сол сияқты қателіктер жібермеу үшін мұны білуі керек.

Ендеше қолдарыңыздағы кітап – елдің нанын емес, жұрттың қамын жеуге, Алла алдындағы аманатымызды адал атқаруға үндейтін еңбек.

Осы кітапты бізден кейінгі ұрпағымыз оқыса, еңбегімізді бағалап, соған орай өткен күннен бірер сөз білсе, арман-тілегім ақталды деп Жаратқанға шүкіршілік етпекпін.


4 Бәйімбет батыр ізімен



Бірінші бөлім

БӘЙІМБЕТ ЕЛІ

Бәйімбет Батыр

Қабылдаңдар қазынаны біз берген, Қиындықты көрме сендер біз көрген. Бұл өмірде сақтау үшін сендерді, Бабаларың үйде туып, түзде өлген.

М. Мақатаев

Құрметті бәйімбеттік туыстар! Бәйімбет елінің тарихы, Бәйімбет батыр Төбетұлы, ел азаматтары туралы бір уақыты келген кезде бір ұрпағы жазатын еді. Ата бабаларымыз туралы мәліметтер ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таралғандықтан және сол тарихты білетін үлкендер өмірден өтіп жатқандықтан бұл естеліктерді бізден кейінгілерге жеткізу жібі үзіліп қалу қаупы мүмкін және мол болатын. «Мен бастамасам, мен істемесем, кім істейді» – деп ойлап, үлкен жауапкершілікті нартәуекелдікпен өз еркіммен қабылдап, 3 жыл бойы керек мәліметтерді там-тұмдап жинаған болатынмын. Олар: Сатыбалды атамның жанында жүргенде есімде қалған оқиғалар, әкемнің қолжазбалары, Сабира, Күлпәш апаларымнан, Мапөн тәтемнен, Рамазан молладан және әртүрлі әдебиеттерден алған деректер.

Біз Омбылық қазақтар ерекше жаралғандықтан мақтауға, құрметтеуге лайық халықпыз, өйткені: Біріншіден, біз жасы үлкен кісілердің ұлтына, тіліне, дініне қарамай сыйлаймыз және олардың айтқан

ақыл-өсиеттеріне көңіл бөлеміз.

Екіншіден, біз осы күнге дейін қазақтың салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын сақтаймыз, міндетті түрде балаларымызға ата-тегін, ел тарихын, «жеті» атамызды білдіреміз.

Үшіншіден, біз ата-анамызды құрметтеп, туысқандарымызбен жақсы қарым-қатынаста болып, шежірені білуге талаптанамыз.

Сондықтан болар (9-10)-шы атада тұрған Бәйімбет батырдың ұрпақтары Ресейдің ортасында отырып ұлт намысын, қазақтың салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын, әсіресе қонақжайлығын сақтап қалды. Біз бүгін Бәйімбет елімен, бабамыз Бәйімбет батырмен, елдің азаматтарымен мақтанамыз, өйткені:

– Біздің бұрынғы бабаларымыз бай болған. Төбет байдың, оның балаларының, кейінгі ұрпақтарының бірнеше мыңдаған жылқылары болған. Төбет-бай мыңдаған жылқысын жоңғармен болған соғыста бәрін сарбаздарға таратқан екен. Совет заманы орнала бастаған кезінде Тәшім байдың ұрпағында 500-ден артық жылқысы болыпты.

– Бізде елін, туған жерін қорғаған батырлар көп болған: Өтебай, Бәйімбет, Асан, Усен, Қарақожа, Биқожа батырлар.

– Біздің бабамыз Бәйімбет батыр Атығай – Бәйімбет елін басқарған Абылайханның бегі болған, ал ағасы Өтебай батыр «князь» атағын алған болатын.

– Бізде дін жолымен, хақ жолымен жүргізетін қажы-молдалар, көкірегі даңғыл, көсем сөйлейтін көнекөз қариялар көп болған. Олар: Әльжапар қажы, Жапар қажы, Кенжетай қажы, Қабыл қажы, Сатыбалды молла, Әбілмәжін молла, Хұсайын молла, Темірғали молла, Мәнтау, Кәрім, Абылхайыр, Кенжебай, Нүрке, Әту, Асқап, Ахметжан, Исақ, Дюсенбай, Сарсенбай... т.б.

– Біздің есімізде Кеңес үкіметі 1918-1928 жылдары зиялы азаматтарды «бай, құлақ» деп бір құртты, қала берді 1937 жылы «халық жауы» деп екі құртты, одан кейінгі бір толқынын 1941-1945 жылғы соғыс жалмады. Тұрмыстың қиыншылығына, соғыстың әуре азабына қарамай аталарымыз Бәйімбет ұрпағын Ресей жерінде аман алып қалды, ұрпағын жалғастырды.

– Біздің есімізде Ұлы Отан соғысына қатынасқан Бәйімбеттің 60 азаматының және ол жақтан келмей шейіт болған 40-тан аса батырларымыздың есімі мен ерлігі мәңгі сақталған.

– Біз текті атадан тәлім алып, қаумалаған орыстың ортасында отырсақ-та, арпаласып жүріп баламызды ана тілінде сөйлетіп, бауырмалдыққа баулып, дінімізге берік болған Бәйімбет еліміз. Осы жақсы қасиеттің барлығы біздің елдің азаматтарына Бәйімбет бабамыздың қанымен келген. Сондықтан Бәйімбет елімен танысу үшін әуелі бабамыз Бәйімбет батырды біліуіміз керек.

БӘЙІМБЕТ БАТЫР

АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ҚОЛБАСШЫСЫ БӘЙІМБЕТ БАТЫР

2011 жылы 16 желтоқсанда еліміз Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл толуы ерекше аталып өтті. Бұл жыл Абылай ханның дүниеге келгенiне 300 жыл толуымен де айрықша қастерлi. Абылай ханның қазақ тарихынан алатын орны айтылып та жазылып та келеді. Абылай ханды терең тани түсу үшін ол өмір сүрген тарихи дәуірмен қоса, ханмен бірге халқын қиын-қыстау кезде қолдап-қорғаған батырларды да түгендей түсуге тиіспіз. «Абылай кезеңі – батырлардың заманы» деген сөз текке айтылмаған. Бірақ та ұлы ханымыздың заманына қатысты сөз болатын еңбектерде айналасы 40-50 шақты ғана батырдың есімі аталады. Тәуелсіздік алып дербес мемлекет атануымыздың арғы арқауы осындай жау жүрек ұлы бабаларымыз Қожаберген Толыбайсыншыұлы, Жанатай Ақанұлы, Тұрсынбай батыр Ертісбайұлы, Байболат батыр Шегірекұлы, Жәнібек Қошқарұлы, Қошқарбай батыр Сағалайұлы, Баян батыр Қасаболатұлы, Сары батыр Қасаболатұлы, Төбет ұлдары: Өтебай, Бәйімбет, Асан, Үсен батырлар сияқты азаматтардың есімімен тығыз байланысты.



6 Бәйімбет батыр ізімен

Бұл батырлардың тұрған мекендері қазыргі Солтүстік Қазақстан өңірлері мен Ресейдің Омбы облысының жерлерінде болған. Мысалы: Қошқарбай Сағалайұлы (1710-1758), руы Қыпшақ Омбы облысы Қаразұқ ауылында туған, ал Байболат батыр Шегірекұлы (1694-1782) ж., руы Күрсары Керей Сарыдан тарайды, Омбы облысы Тәбіршан ауданы Байдалы (Байтұяқ) ауылында жерленген. Байболат батыр Шегірекұлына 21 маусымда 2014 жылы ұрпақтары Байдалыда ескерткіш қойып ас берді. Бұл шараны ұйымдастырған Байболат батырдың ұрпағы Қабульдинов Зыябек Ермұханұлы – тарих докторы, профессор, Астанадағы «Түркіслав» Академиясының вице – президенті.

Бұл кезеңдегі Керей қоғамының ұйымдастырушысы, қолбасшысы, қиын-қыстау шырғалаңдардан шығатын және болашағына жол ашатын бағытын айқындаушы Қожаберген Толыбайсыншыұлы болды.

Қожаберген Толыбайсыншыұлы (1663-1763) – Ашамайлы Керейдiң Көшебе руынан шыққан ақын-жырау, атақты қолбасшы батыр, ел басқарған әйгiлi данагөй, шежiрешi. Қожабергеннiң өз әкесi Толыбай сыншы да, атасы Дәулен батыр да, бабасы Таузар сардар да өз замандарында үш жүздiң әскербасылары және Орта жүз қазақтарының ардақты ел билеушiлерi болыпты. Қожаберген жырау 1683-1688 жылдары Әз Тәуке ханның елшiлiк қызметiне бес жыл басшылық етiптi. Әз Тәукенiң ұсынысы бойынша құрылтайда әрі батыр, әрі ақын-жырау Қожабергенді (боз биенiң сүтiне шомылдырып, үстiне ақ киiм кигiзiп, ақ киiзге отырғызып көтерiп) халық 1688 жылы ордабасы сайлайды. Сол күннен бастап, Қожаберген жырау Үш жүздiң жасағына Бас қолбасшы болып жиырма үш жыл әскер басқарған. Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағын жазған, көптеген тарихи дастан жырлардың авторы, қазақтың ән ұранына айналған «Елім-ай» әнін шығарған.

Солтүстік Қазақстан газетінде журналист Ахметжан Қуантаев 2013 жылының шілде айында «Қожаберген шiлiгi» атты мақала жазды. Сол мақаладан алынған мәліметтерді қысқартып, зерделеп беріп отырмын.

Қызылжардан 130 шақырым жердегі Мағжан Жұмабаев ауданының Құралай ауылының жанында “Қожаберген шілігі” атты орман бар. “Қожаберген деген батыр атамыз осы орманда жаугершілік кезінде қол жиып, соғысқа дайындаған көрінеді”. Шілік емес, қалың орман. Қазір ұзындығы бір шақырымдай, көлденеңі кей жерінде шамамен 300-400 метрдей қалың тоғай ұзын жал болып, бір қырды алып тұр. Сонау жаугершілік заманында осы орманда Қожаберген Толыбайсыншыұлы батыр бабамыз орда құрып, жоңғарға қарсы күш жинап, сарбаздарды соғыс өнеріне үйреткен, шымнан ұстахана салынып, қару-жарақ соғылған және сол жерден тұтқиылдан шабуылға аттанып, жауды шауып күйреткен екен.

Керей тайпасы мекендеген Ертіс және Тобыл өзендерінің арасы ХVII ғасырдың екінші жартысында және ХVIIІ ғасырдың бірінші-екінші онжылдықтарында өз жеріне сыймай, бір-бірімен қырылысқан ойраттарды ерекше қызықтырған еді. Сондықтан шығыстан нөпірлеген жоңғар әскерімен Керей қолына көп жылдар бойы жиі арпалысуға тура келген. Ал Сібір қазақтарына күшті жау соққысы осыдан шамамен 300 жыл бұрын берілген. Қару-жарағы басым жаудан ығысқан Керей тайпасы атажұрты Ертіс пен Омбыны тастауға мәжбүр болып, әр күнін шайқаспен өткізіп, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының шығыс шекарасына дейін шегінеді. Есілкөлге келгенде жауды тоқтатқан қазақ қолы алдағы шайқастардың қамын ойлап, дайындыққа көшеді.

Осы оқиғалар туралы Қожаберген жырау “Елім-ай” дастанында былай суреттеген:

Болса да ерлігімен көпке мерей, Мылтықсыз әлсіреді біздің Керей. Тоқтаттық Есілкөлде қалың жауды, Үздіксіз шабуылдап есе бермей.

Амалсыз Ертіс бойын тастап шықтық, Дұшпанның бой бермесін әбден ұқтық. Ор қазып, Есілкөлде жолын бөгеп, Соғысып қолма-қолда қалмақты ұттық.

Тоқтады жау Есілкөлден өтпей бері, Жоңғарға кетіп тұр ғой елдің кегі.

Бұл майдан екі жаққа да ауыр соғып, Көп төгілді ерлер мен аттың тері.

Бұғалық қолма-қолда жауға тастап, Дұшпанды тұтқын етті інім Асқап. Қорқып қашқан қалмаққа жете алмадым, Қос атым жараланып, аяғы ақсап.

Пайдасы бізге тиіп берме-бердің, Жер құшты бірталайы қанышердің. Оқ тиіп Есілкөлде қос тұлпарға,

Қасқа ат пен Торы ат басын жерге көмдім.


Сол ұрыста батырдың қасқа аты мен торы атының екеуі бірдей оққа ұшады. Солардың бастарын көмген жерлер кейін Қасқа ат және Торы ат ауылдары (қазір Ресейдің Есілкөл ауданында) атанған.

Бәйімбет батыр ізімен 7

Арада үш ғасыр өткен бұл мағлұматтарды ел ақсақалдары Әбдірейіс Ауғанбайұлы, Мырзагелді Дауынбайұлы, Есқазы Тұрсынұлы айтқан көрінеді.

Жалпы, бұл деректердің бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жетуінің басты себебі – осы ауылдың тұрғындары сол оқиғалардың бел ортасында болған бабаларымыздың ұрпақтары. Мәселен, біздің бабамыз Төбет ұлдары: Бәйімбет, Өтебай, Асан, Үсен және Мырзагелді бабаларымыз Қожаберген жасағында болып, қан майданның ортасында жүрген. Ол кезде жазу болмағанмен, бабаларымыз басынан кешкенін ұрпақтарының жадына өшпестей етіп сіңірген. Есімдері аталған аталарымыздың дүниеде болғаны туралы деректер бар:

1742 жылы 23-30 августа орыс ханшасы Елизавета Петровнаға Орта жүздің билері мен батырларының ант беріп қол қойған № 93 хатында 184 ант беріп қол қойған билер мен батырлардың арасында Орта жүздің Керей руынан Асан, Үсен, Бәйімбет, Өтебай батырлардың қолдары бар. (Сборник материалов и документов. Казахско-русские отношения 16-18 в.в. – Алматы, 1961 г. 220-222 стр.).

Шоқан Уәлихановтың «Исторические предания о батырах ХVIII в.» (Қасенов Е. Б. – Век казахско-джунгарского противостояния. Павлодарский ГУ.) деген еңбекте ғалым 12 әңгімеде орта жүздің ХVІІІ ғасырдың бетке ұстар ұлдарының көпшілігін қазақ аңыздарына сүйене отырып атап кетеді. Олардың ішінде Үсен батыр Төбетұлы туралы мәліметтер бар. Қауіпті кездерде Орта жүздің ханы Абылай шағын қолмен, сенімді батырларымен оңтүстіктегі шекарада қарсыласқан қоқандықтарды, қалмақтарды және қырғыз манаптарын басып отырады екен.

Тағы бір айтарым, Қожаберген шілігінің солтүстік жақ бетінде бұрын үлкен маңы орланған ескі батыр атамыздың зираты болыпты. Бірақ тың игеру кезінде бәрі де жыртылып, егістік жер болып кетті.

Асан-Үсеннен тараған ұрпақтар Солтүстік Қазақстан облысының Конюхов, Булаев аудандарының жеріне қоныстанады. Советтің ұжымдастыру кезінде осы маңайдағы төрт ауыл бір-бір колхоз болады. Мырзагелді ауылы – «Қызыл Қазақстан», Құралай ауылы – «Бес ағаш», Асан ауылы – «Интернационал», Мүжәбай ауылы – «Жаңа тұрмыс» деп аталған. 1957 жылы бәрі «Красная крепость» колхозына беріліп, 1960 жылы бір ауыл болып қосылып, қазіргі Құралайды құрапты. Ел ішінде бұл ауылды “Керей ауылы” деп атайды.

“Қарты бар елдің қазынасы бар” демекші ел ақсақалы Қайыржан Иманбайұлы, бала кезінен естігенін, көргенін есіне сақтап, Қожаберген жырау бабамыздың соңында қалған айшықты іздерінің біріндей орман сырын және ауылдың Құралай атауын ашып беріпті. Мырзагелді жаугершілікте қолға түскен қалмақтың қызын ұнатып қалады. Аты Құралай екен. Сөз салғанда сұлу қыз қарсы еместігін білдіріп, тек бір өтінішін айтады: “Дархан деген ағам бар, сол екеумізді бір ауыл қылып қондырсын”, – дейді. Сөйтіп, Құралай ауылында Мырзагелдінің Асан, Үсен батырлардың ұрпақтары тұрады. Өткен тарихымыздың тағы бір жабулы беті ашылғандай болды.

Тарих өзiнiң сан ғасырлық қатпарларында сансыз батырларды әлі де жасырып жатыр, ал қаншамасының есімі, батырлығы әлі де ескерусіз жатыр. Солардың бірі де бірегейі, өз заманында халықтың абыройы мен ары үшiн болған небiр қанды айқастар мен алқалы жиындардың бел ортасынан табылған, заманында қазақ даласына атағы кең жайылған атақты қас батырлардың бірі – Бәйімбет батыр Төбетұлы. Қазақ халқында “Алмас қылыш қап түбінде жатпайды” деген тамаша бір сөз бар. Ен даланы еркін жайлаған халқымыз бес ғасыр бойы ат үстінен түспей, жаугершілік заманды бастан кешірді. Қос бүйірден аждаһадай ысқырынған қытай мен аюдай ақырған орыс қысқанда, лажсыздан соңғысының қолтығына кіріп, бодан болды.

Төбетұлы Бәйімбет (1708-1790 ж.) – жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық жорығын ұйымдастырушылардың бірі, атақты батыр, ұлы қолбасшы болған. Шыққан тегі – Орта Жүздің Күрсары Керей руынан, мекендеген жері Көкшетау өңірі.

Әкесі Төбет байдың малының көптігі сонша, малшы-жалшыларының өздері ауыл-ауыл болып, қиыр-қиырда көшіп-қонып жүреді екен. Олардың бәрінің басын қосып, былайғы ел, тіпті өздері де «орда» атайды екен. Осыншама байлықты қорғау үшін де қаншама сенімді атарман-шабарман керек қой. Сондықтан Төбеттің төрт ұлы да батыр болған: Өтебай, Бәйім бет, Асан, Үсен. Ал әкесі Төбет балаларының ішіндегі Бәйімбетті жастайынан ауыл-аймағына cөзі өткен ақылгөй, алысса білегін батыра білген балуан, сөзге салса шалдырмаған сегіз қырлы, бip сырлы осы орданың басшысы ретінде тәрбиелеген. Бәйімбет ата мыз ерекше батырлығымен ел көзіне түскен, Абылай ханның қолбасшыларының бірі болған екен. Бәйімбет батырдың даңқты есімі кешелі-бүгінгі Ресейдің Омбы, Солтүстік Қазақстан облыстарында қалың қазақ даласын аралап, батырлық пен ерліктің рәмізіндей ел аузында сақталып қалған.

Бәйімбет атамыз 16-18 жасында атқа қонып, ағасы Өтебаймен және серіктерімен ел еркіндігі жолында Абылай ханның орда сарбаздарының қатарына қосылады. Бәйімбет батыр да, ағасы Өтебай, інілері Асан, Үсен батырлар да 1732 жылы тамыз айындағы, 1741 жылы ақпан айындағы, 1752 жылы қыркүйек айын дағы


8 Бәйімбет батыр ізімен

қалмақ әскерлерімен Орта жүз жеріндегі соғысы, 1751-1775 жылдары Абылай ханның бірнеше шешуші шайқастарына қатысып, сенімді серіктерінің біріне айналады. Ата бабаларымыз кіндік қаны тамған киелі жерін бүтін ел болып өре тұрып, жат табанға таптатпай қорғап, сақтап қалды.

Омбы архивінен табылған деректер мен құжаттардан бабамыз Бәйімбетті батыр ғана емес, Атығай

– Бәйімбет елін басқарып, жүгін арқалай білген «Бәйімбет бек» аталған және патша ағзамның сарайына барған «елші» ретінде білеміз.

Бәйімбет атамыз өлгенде өсиеті бойынша қасиетті Түркістан қаласына апарылып жерленіпті. Қыстың қырау кезінде қайтыс болған бабамызды жаңа сойылған жылқының терісіне орап, ауа кірмейтіндей етіп таспамен бітеу тігіп, сыртын қара маймен майлап сақтаған екен. Күн жылынғасын мәйітті қасиетті орнына жеткізіп жерлеген екен. Бар қазақтың баласы Түркістанды киелі санап, тәу етіп, қастерлеп, қадір тұтады, бұл жерде хандар, сұлтандар, атағы шыққан билер, батырлар ғана жерленген.

Іздестіру жұмыстардың арқасында Бәйімбет батырдың кесенеде жерленгені дәлелденіп, 2010 ж. қыркүйек айының 17 күні Бәйімбет батырдың есімі Яссауи кесенесінің кабырғасына алтын әріппен жа-зылды. Түркістан қаласында бабамызға арналып дұға оқылып, ас берілді. «Өлгенім тіріліп, өшкенім жан-сын» деген Бәйімбет батырдың ұрпақтары Ресейдегі Омбы облысының Назыбай ауданындағы Бәйімбет елі-нен, Астанадан, Қызылжардан, Көкшетаудан, Қызылордадан және Алматыдан келіп осы асқа қатысқан еді.

Осы өте қуанышты және маңызды Түркістанда Бәйімбет батыр Төбетұлына берілген дұға туралы 2011 жылы шыққан «Бәйімбет батыр Төбетұлы» кітабында толық жазғанмын, ал 2012 жылы «Бәйімбет батырға дұға» бейнефильмі шығарылды.



1.2 БӘЙІМБЕТ БАТЫРДЫҢ ЖОҢҒАРЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕСІ

Абылай хан болып, Қабанбай қолбасы болып тұрған шақта жоңғар шапқыншылары бейбіт жатқан қазақты сан рет ойсырата шауып, қызыл қырғын салып, жерін тартып алып отырған. Сондай бір аласапыран кезде қалмақтың батырлары жерімізге ат ойнатып, төбемізге қайқы қылыш үйірген екен. Сол кездегі ата-бабаларымыздың жанкешті өмірін, тағдырын, ерен еңбегін, ерлігін ұлы ақын Қасым Аманжоловтың өлең жолдарында айтылады:



Кең далалы, кең пейілді қазақпыз, Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз. Қас тағдырдың қиқаңына көнбейміз, Ел намысын кескілеспей бермейміз, Сертің осы азат жігіт, азат қыз!

Осыдан тұп-тура 282 жыл бұрын, яғни 1732 жылдың тамыз айында, Көкшетау өңірінде Үлкен Қарой маңындағы ұрыс қазақ жерінің тағдырына түбірлі өзгеріс әкелген орасан зор қанды шайқас болған еді. Еліміздің тарих оқулықтарында өз жерімізде болып өткен осынау аса маңызды тарихи оқиға туралы мардымды ешнәрсе жоғы өкінішті. Жеті мыңнан тұратын қалмақ әскерлері Чакбо атты қолбасшының бас-қаруымен Орта жүз жеріне кіріп соғыс ашты. Қонтайшы қалмақтары 200 түндікті, 6 мыңнан аса жылқы мен 10 мың қой әкетіпті. (Каз. – рус. Отношения в 16-18 веках (Сб. Докум. и мат.) А. 1961 г. Док. № 33. С. 48-86.

Төл түпнұсқасы АВПР, ф.122, 1733 г. д.1, л.л. 8-137).

Сіресе бекініп алған, әрі оқ қарумен жарақтанған торғауыт пен дүрбіт қатты қарсыласады. Жаудан үркіп Қалбаға қарай қашқан ел ағыны. Бұл – атақты тарихта қалған, сексен күнге созылған қанды сойқанның басы еді. Сол жылдары бұл ұрыста Бәйімбет батыр бастаған Күрсары Керей жігіттері ерекше көзге түсті. Жау шеңгелінен өңірді қайтадан қайтарып алады.

Тарихшылардың айтуынша 1741 жылы ақпан айында жоңғарлар Керей-Уақтың тұрған жері Көкшетау маңына басып кірген екен. Елдегі ақсақалдардан естіген мына бір әңгіме сол уақыттың жаугерлік сипатынан сыр шертеді:

«Жоңғарлар қыс түсе Аягөзден Көкшетауға шұғыл жорыққа шығыпты . Жолындағы қазақ ауылдарында үрерге ит қалдырмай қырып келе жатқан көрінеді. Дұшпан Бәйімбет батырдың қонысына жақындады деген хабар келеді. Батыр атамыз сонда шұғыл шешім қабылдайды: «Қалмақтарға қарсы өзіміз бірінші соғыс ашайық» – дейді ол. Жоңғарлардың тоқтаған жері Теке көлінің маңайы екен. Суы жаңадан қатып, мұзы жарқырап жатқан көрінеді. Бәйімбет атамыз сарбаздарының аттарының тұяғына киіз оратады. Әскерін бөліп, бір тобын көлдің сыртында тасада қалдырып, өзі бастаған екінші топпен жоңғарларға тарпа бас салады. Соғыса жүріп әдейі кейін ығысқанда атқа мінген жоңғарлар соңдарынан көлдің үстімен шаба қуады. Бірақта аттары тайғанақтап, ұрыса алмайды. Мұз үстінде аттары нық тұрған Бәйімбет батырдың жауынгерлері жауын ойсырата жеңеді».



Бәйімбет батыр ізімен 9

Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мұрагерлері таққа таласты. Жоңғар “Заргосының” хан (хан кеңесі) шешімімен таққа ортаншы ұл отырып, бірақ билік жасай алмай, ақыры 1750 жылы Лама-Доржыға тақты берді. Осы кезде елдің берекесі, ынтымағы кете бастаған еді. Даваци, Әмірсана сияқты ұлыс басшылары ханға қарсы болып, азамат соғысы басталып кетті. Ақыры Әмірсана мен Даваци (Лабашы) қашып келіп қазаққа тығылды. Бұл екі қашқын қазақ арасына 1751 жылдың қара күзінде келіп, Жоңғария шекарасына жақын орналасқан Қайып батырды паналады, бірақ Абылаймен ылғи да байланысып, қамқорлық көріп отырды.

Қонтайшы Лама-Доржы қазақтардың ішінде қашып жүрген Даваци мен Әмірсананы күшпен алып келуге Саин – Бөлек бастаған 20 мың әскерді қазақ даласына жұмсады. Сайын-Бөлек батур Қалдан-Се-реннің күйеу баласы, жоңғардың әйгілі, тәжірибелі қолбасшысы. Терістікте Саин – Бөлек, терістік шығыста Шахдор тайшы, ал түстік шығыста Убашы батур бастап кірді. Бөгенбай қолы Есіл-Нұра бойынан қалмақтарды қуып, олар тегістік шығысқа қарай ойысты. Қабанбай бастаған қол терістік шығыста Шахдор тайшының, ал Бәйімбет батыр басқарған бірлескен қол түстік шығыста Убашы батурдың әскерлерімен соғысты.

Қазақ-қалмақтың арасындағы кезекті соғыс осылай басталды. Алақанына түкіріп дайындалып отыр ған қазақтар бұл жолы жанын аямай соғысты, нәтижесінде жеңіске жетті. Осылай 1752 жылдың қыркүйегінде басталған соғыс 1753 жылдың 12 қаңтарында Лама Доржының өлімімен аяқталды. Ханды өлтірген Даваци мен Әмірсана бастап қалмақ ордасына жаугершілікке барған қазақ жауынгерлері еді. Даваци хан болғасын қазақтарға жіберілген әскерлерін шақырып алды және соғыспауға келісті. Осыдан соң көп заманнан бері қазаққа тыныштық бермей тоздырып келген Жоңғар хандығы біржола жойылып, қазақ даласына бір мезет бейбітшілік орнайды.

1.3 ИНФОРМАЦИЯ О БӘЙІМБЕТ БАТЫРЕ ДЛЯ РУССКОЯЗЫЧНЫХ ЧИТАТЕЛЕЙ

Байымбет батыр Тобетулы – полководец, казахский батыр, дипломат, представитель Среднего жуза, происходит из рода Күрсары Керей. Байымбет батыр один из организаторов освободительной войны казахского народа с джунгарами, командовал крупным подразделением ополченцев во многих сражениях

XVIII веке. Он родился в 1708 году и жил на землях близко находящихся от Кокчетава (Киши Карой и Улкен Карой). Его отец Тобет бай владел несметным количеством скота столько, что наемные скотник-работники жили и кочевали отдельными аулами и их в народе называли «Орда». Чтобы защитить «Орду» и его богатство необходимо было иметь верных войнов. Поэтому четыре сына Тобет бая: Отебай, Байымбет, Асан, Усен воспитывались в военно-аристократической среде, хорошо владели техникой и приёмами рукопашного боя, а также знали ведение тактического боя, что помогло им быстро завоевать авторитет батыров. Без их присутствия не начинали ни один из проводимых в округе значимых мероприятий, поэтому сородичи называли их «четыре арыса» Тобета. Среди них Байымбет батыр смолоду отличался своим умом, красноречием, исключительной стойкостью, недюжинной силой и храбростью присущие руководителю Орды.

Байымбет батыр был одним из военоначальников Аблай хана, его имя, героические поступки и дела как символ геройства передавались из поколения в поколение устами потомков проживающих в Омской, Тюменьской областях России и Северо-Казахстанской области РК.

Байымбет батыр в свои 16-18 лет вместе с Отебай, Асан, Усен батырами руководил отрядами казахского ополчения в сражениях с джунгарами в августе 1732 года, феврале 1741 года и как верный соратник участвовал в 1751-1775 годы в решающих боях Аблай хана. Неоднократно выходил победителем

поединках с джунгарскими батырами.

найденных документах из архивов г. Омска Байымбет был не только смелым батыром, но и успешно управлял Байымбет-Атыгайской общиной, за что был удостоен Абылай ханом титула «бек» – «Байымбет бек», а также как дипломат не единожды направлялся Абылай ханом во дворец царя России в составе послов. (в 1745 году был послан Барак-султаном к Российскому царю).

После смерти Байымбет батыр согласно решения Абылай хана был похоронен в священном мовзолее Кожа Ахмед Ясави города Туркестан. Байымбет батыр умер зимой в декабре 1990 года и поэтому у сыновей не было возможностей доставить тело отца в г. Туркестан. Чтобы сохранить тело покойника до весны, его завернули в свежоснятую лошадиную кожу и снаружи плотно зашили кожаной лентой. Для исключения проникновения воздуха внутрь наружную сторону смазали черным густым маслом и тело покойника подвесили между деревьями. Сыновья батыра при наступлений теплых весенних дней погрузив тело



10 Бәйімбет батыр ізімен

на верблюда и лошадей доставили в г. Туркестан и похоронили в мовзолее Кожа Ахмед Ясави. Для всех казахов мовзолей Кожа Ахмеда Ясави в Туркестане является священным почитаемым местом, потому что здесь похоронены только заслуженные деятели Казахии: Ханы, султаны, бий и прославленные батыры.

1.4 БӘЙІМБЕТ БАТЫРҒА АРНАЛҒАН АС

Өтебай мен Бәйімбет батырлардың ұрпақтары Ресейдің Омбы облысының Назыбай ауданында қоныстанып, нәтижесінде Қараңғарал, Күреңайғыр, Сұлу Терек, Бостандық, Бәйімбет ауылдары пайда болды. 2011 жылдың 2 шілдесінде Бәйімбет батырдың ұрпақтары көп тұратын Бәйімбет ауылында, мешіт ауласында Бәйімбет атамызға арналып ас берілді. Осы асқа Бәйімбет батырдың ұрпақтары Ресейдің Омбы, Түмен облыстарынан және Қазақстанның Қызылжар, Көкшетау, Кереку және Алматыдан келген 700-ден артық ұрпағы қатысты.

Бәйімбет батыр дұғасын құран бағыштаумен Назыбай аудандық мешітінің имамы Ауғалиев Сырымбет Рамазанұлы бастады. Ауыл мектебінің директоры Нұрмұхаммед Ноғайбайұлы өзінің оқушыларымен шағын концерт дайындап көрсетті. Бұл мектеп осы жылы Омбы облысындағы 28 ұлттық мектептің арасында екінші орын алған екен. Бірінші болып сахнада театрландырылған көрініс көрсетілді.

Сахнаға қазақтың ұлттық киімін киген Бәйімбет батыр, жанында әйелі-анамыз шығып, зарығып, жылдап күткен, алыстан келген ұрпақтарын қарсы алып төрге шығарып, ұрпақтарына алғысын білдіріп, батасын берді. Олар: Алматыдан, Көкшетаудан, Қызылжардан, Керекуден келген Бәйімбет батырдың ұрпақтары: Қайролла Сатыбалдыұлы, Мұхаммед Мезгілбайтегі, Қайролла Әбілмәжінұлы, Сабира Сатыбалдықызы, Қайыргелді Қанапияұлы, Итжанов Ахмет-Тұран Қабышұлы, Жумабаев Зикен Асқапұлы, Нұрпейісов Қайыртай Кенжебайұлы, Ашенов Құмар Әдиенбекұлы, Жүсіпов Мүбәрәк, Абзал Сатыбалдыұлы, Тұрабай Қабышұлы, Қайрат Досымұлы, Қағира Мұхамеджанұлы, Асылхан Мұхаммедиярұлы, Рамазан Ғазезұлы, Қайридден Жүнісұлы, Асылжан Ғалымжанұлы, Қайырнас Хамзеұлы, Саят Темірболатұлы, Жиеналы Қалиұлы т.б. Алыстан «ат шаптырып» Бәйімбет батыр дұғасына келгендерге Алланың нұры жаусын!

Тойды Алматыдан келген Бәйімбет батырдың Биқожа деген баласынан тараған ұрпағы Қайролла Сатыбалдыұлы бастады, ал апамыз Сабира Сатыбалды қызы шашу шашты. Осы тойға Көкшетаудан келген ақын апамыз Әсия Лұқпанқызы бабасы Бәйімбет батырға арнап өлең шығарып әкеліпті. Өлеңді Күлән Жағыпарқызы мәнерлеп айтқанда жиналған халықтың көңілі босап, көздеріне жас алды. Келген қонақтар тілектерін айтып, оқушылар дайындаған әндерін айтты. Бәйімбет елін басқарған, халқының мүддесі, тыныштығы, бірлігі, еркіндігі үшін адал, күш-қайратын салып қызмет істеген аға-апаларымыз өте көп, соларға арналып иықтарына шапан жабылды. Олар: Мұқатай Әутәліпұлы, Қалымтай Қалиұлы, Шәмшиден Сарсенбайұлы, Қапаров Қалмұрат, Жұмабаев Қабдыраш, Өтебай батырдың ұрпағы Мұхаммедқайыр, Қазыбаев Қатыран, Мұхамет Тайбасарұлы, Каһарман, Оразалы Шекербеков, Майлыбаева Қадиша, Мақпуза Найманова, Әсия Лұқпанқызы, Күлән Жағыпарқызы.

Назыбай ауданының әкімшілігі атынан Хвостов Иван Ильич қатысып келген халықты құттықтап сөз сөйледі.

Сөз сөйлеген қонақтар Бәйімбет батырдың тарихтағы орнын қалпына келтіру жолында атқарылып жатқан бүгінгідей көзге қуаныш, көңілге медеу болатын жемісті жұмыстарды баяндады. Табылған құжаттардан Бәйімбетті біз «батыр», «бек», «елші» ретінде таныдық. Бәйімбет батыр алысса білегін

батыра білген-балуан, ауыл аймағына, еліне cөзі өткен – акылгөй елағасы, сөзге салса шалдырмаған – сегіз қырлы, бip сырлы – елші, ал ханмен, сұлтандармен қатарындай сыйласқан бек болған.

Нартәуекел, Бәйімбет бабамыздың ұрпақтары баршылық және аталарымыздан келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мұсылманшылықты жалғастыруда. Келесі өсіп келе жатқан ұрпақтардың міндеті барды жоғалтпай, сапа жағынан толықтыру, атамыздың мұраларын зерттеу және бір-біріне туысқандық көмек беру деп ойлаймын.

Мешіт ауласында 75 дөңгелек стол қойылып, үш жылқы сойылып – қонақтарға ас берілді. Астан кейін жастар күресі болды, өйткені Бәйімбет елінің жастары греко-рим күресін аудан, облыс деңгейінде жақсы меңгерген. Бірінші орынды Астанадан келген Жасұлан Ахметов, ал екінші орынды Кенженов Мұрат Бәйімбет ауылынан, үшінші орынды Астанадан келген Жеңіс Жанарбекұлы жеңіп алып халықтың қошеметіне ие болды.

Жастар жағы Алматыдан келген актер «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иесі Исембаев Саят Темірболатұлымен кездесіп, суретке түсті.

Көп жыл бір-бірін көрмеген адамдар бір-бірімен сағынышпен кездесіп, шүйіркелесіп сөйлесіп, құмарын қандырып тарағысы келмеді. Үлкен ас тараған соң, әрбір үйде той түнге дейін жалғасып, алыстан келген


Бәйімбет батыр ізімен 11

туыстарға қой сойылып дәм берілді. Кешкісін ауыл клубында жастар дискотекаға қатысты. Бұл жердің күні де ұзақ екен, түнгі сағат 1-де айнала жап-жарық болып орыс Питерінің «ақ түнін» есіңе салады.

Ел азаматтарына Алматыда шығарылған «Бәйімбет батыр» кітабы тегін таратылды. Аудандық телеарнадан және «Искра» газетінен тілшілер келіп, халықтан сұбхат алып келесі күні теледидардан, газеттен той туралы ақпарат таратты.



Ел ақсақалдары ақылдасып шешім қабылдады: әрбір 5 жыл сайын Бәйімбет елінде той жасалады, ал 17 қыркүйек – жыл сайын Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне Бәйімбет ұрпақтары жүректерінің қалауынша барып зиярат ететін күн болады.

1.5 БӘЙІМБЕТ БАТЫРДЫҢ АТЫНА КӨШЕ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ

Қоғамдық «Бәйімбет» бірлестігі Бәйімбет батырдың есімін халық жадында мәңгілікке қалтыру бағытында нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірәзін атасақ:

Бәйімбет батырдың есімін 1990 жылдары Омбы облысының Называевск ауданында батырдың ұрпақтары тұратын ауылға және орта мектепке берілді. (Указ Президиума Верховного Совета РСФСР от 18.12.90 г. 433-1 и Постановление Главы Админстрации Называевского района Омской области).

«Бәйімбет батыр» туралы мақала «ПРЕЗИДЕНТ және ХАЛЫҚ» газетіне (№ 11 (237), 12 наурыз, жұма, 2010 жыл) 6 бетте шықты.

«Бәйімбет батыр» туралы мақала «ҚАЗАҚ» газетіне (№ 21-22 (482-483), 21-28 мамыр, жұма, 2010жыл) 8 бетте шықты.

«Бәйімбет батыр ұрпақтары бас қосты“ атты мақала «ПРЕЗИДЕНТ және ХАЛЫҚ» газетіне (№ 1 (331), 18 ақпан, 2011 жыл) шықты.

Кітап – «Бәйімбет батыр Төбетұлы» (ТОО TZN Group», июль 2010 жылы, Алматы). Бұл кітап Бәйімбет батырдың кесенеде жерленгенін дәлелденуі үшін шұғыл жазылғандықтан көлемі 52 бет болды.

Кітап - «Бәйімбет батыр» (ТОО TZN Group», маусым 2011 жылы, Алматы), көлемі 148 бет, мазмұны толығырақ, әдейілеп Бәйімбет елінде Бәйімбет атамызға арналып берілетін дұға – тойға келген азаматтарға таратуға жазылды.

2011 жылдың 2 шілдесінде Бәйімбет батырдың ұрпақтары көп тұратын Ресейдің Омбы облысы Называй ауданының Бәйімбет елінде Бәйімбет атамызға арналып дұға - той жасалды. Осы мерекеге Бәйімбет батырдың ұрпақтары Ресейдің Омбы, Тюмень областарынан және Казақстанның Қызылжар, Көкшетау, Кереку және Алматыдан келген 700 ұрпақтары қатысты. (Газета «Наша Искра» № 28 от 08.077 2011 г. – Называевский р-н, Омская обл.)

«Бәйімбет батыр» туралы мақала «Арқа ажары» газетіне, Кокшетау қаласы (№ 80 (17018), 14 шілде, бейсенбі, 2011 жыл, автор Қайролла Қанапия) шықты.

«Қазақстан патриоты» журналы № 10 санында 2011жылы «БӘЙІМБЕТ ТӨБЕТҰЛЫ» деген мақала жарияланды.

«Қазақстан патриоты» журналы № 7, 2012 ж., 15 бет., мақала «Ресейдегі Бәйімбет батыр мектебі жастарға ұлттық тәрбие беруге айрықша көңіл бөледі».

Арнайы жасалған Бәйімбет батырдың суреті 24.03.2012 ж. Алматыдағы Райымбек батыр кесенесінің қазақ елінің батырлар бейнесінің қатарында ілінді.

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2013 ж. 18 сәуірде сағат 15.00-де «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ұйымдастыруымен «Түркістан жауһарлары» атты көрме ашылды. Оған Бәйімбет батыр Төбетұлы кітабы қойылды: [буклет] / ред. М. Садықбек. – Түркістан : “Әзірет Сұлтан” Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы, 2012. – 16 б. – (Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген тұлғалар).

Айқын газетіне 02.10.2013 ж. «Бәйімбет батырды білеміз бе?» деген мақала жарияланды. Авторы Тәшенов Төреғали.

Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2013 ж. 21 қазанда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ұйымдастыруымен «Түркістан жауһарлары» атты көрме ашылды. Оған Бәйімбет батыр Төбетұлы кітабы қойылды: [буклет] / ред. М. Садықбек. – Түркістан: “Әзірет Сұлтан” Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы, 2012. – 16 б. – (Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген тұлғалар).

Зарқын ТАЙШЫБАЙ. Абылай хан заманы – құжаттарда (№ 8).

Көкшетауда, Қызылжарда тұратын Бәйімбет батырдың ұрпақтарының әкімшілікке жіберген

хаттары.


12 Бәйімбет батыр ізімен

Зыялы қауымның Көкшетау каласының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне жіберген хаты.

Бейнефильмдер:

Ресейдің Омбы облысы Называй ауданының телеарнасының 2011 жылы 2 шілдеде Бәйімбет батырға арналған тойдан көрініс.

Көкшетау қаласының Ақмола облыстық телеарнасының режиссері Жанат Жанұзақ Бәйімбет батыр туралы Мұхаммед Темірғалиұлынан, Хайыркелді Қанапияұлынан және менен сұбхат алып, маңызды ақпарат дайындап 2011 жылы 5 тамыз күні сағат 18-де көрсетті.

Алматы СТВ телеарнасының режиссері Олжас Бәйімбет батыр туралы 25 минуттік хабар дайындап, 26 шілде күні сағат 13.50-де «Ұлт және ұрпақ» бағдарламасында көрсетті.

2012 жылы шілде айында «Бәйімбет батырға дұға» деген бейнефильм жасалды.

Қазақ деген ұлттығымызды, егемендігімізді сақтау үшін тарихи жәдігерлерімізді жоғымызды түгендеп, інжу-маржандарымызды түлетіп жатқанымыз да шындық. Ел аузында аңыз болған Бәйімбет батырдың тарихтағы өз орнын беру – бiздiң бабалар аруағының алдындағы ұрпақтық ұлы мiндетiмiз. Ұлттық рухтың оянуы мен аруақты бабамыздың алдындағы парызымызды өтеу үшін Бәйімбет батырды Ресейде емес, өзі туған, өмір сүрген және қанын төккен Көкше жерінде қастерлеу қажет. Тағдырдың жазуымен жан-жаққа шашырап жүрген Бәйімбет батырдың ұрпақтары: «Шыққен жеріміз Көкшетау, руымыз Керей, бабамыз Бәйімбет батыр» – деп айтады.

Қоғамдық «Бәйімбет» бірлестігі Бәйімбет батыр Төбетұлының есімін Көкшетау және Қызылжар қалаларының бір көшесіне беру жөнінде мәселе көтеріп, облыстың және қаланың әкімдеріне 3 рет хат жолдады (біріншісі 20.05.2011 ж., екіншісі 07.11.2012ж., үшіншісі 16.01.2013 ж.). Бұл хаттарға Алматы, Көкшетау және Қызылжар қалаларында тұратын Бәйімбет батырдың ұрпақтарының және Омбы қаласындағы Региональная казахская национально-культурная автономиясының (РКНКА) президенті Жунусов Әнуар қол қойған өтініштері қосылған.

Көкшетау қаласында бабамыздың атына бір көшені алуға ат салысып жүрген азаматтың біреуі Батталов Еслам Билялұлы, руы Күрсары Керей – Дуадақ атамыздан тарайды. Еслам Билялұлы 1946 жылы өмірге келген, 1970 жылы Омбының ауыл шаруашылық институтын бітіріп, Қызылтуда ПМК-ға мастер болып жұмысқа кіреді. Қысқа мерзімде өзінің білімінің, ұқыптылығының және ұйымдастыру қабылетінің арқасында осы мекемені басқарды. Мемлекеттік қызметке өте жауапкершілікпен қарап, сеніп тапсырылған жұмысты адал, дер кезінде, бар күш-жігерін салып атқаратындығын жоғарыдағылар ескеріп Еслам Билялұлын СПМК-69 мекемесін басқаруға жібереді. СоюзГлавВодоснабженияға бағынатын бұл мекеме колхоз бен совхоздарды сумен қамтамасыз ететін еді. Осы үлкен жолда бұның азаматтық тұлғасы, адами қадірі, ұйымдастырушылық қабілеті айқын көрінеді. Қызметі бағаланып ол ҚР Көшетаудағы Су Ресурсы комитетін басқарады. Жеңгеміз Жаухар Қалиқызы екеуі өмірге 2 ұл, 1 қыз әкелді: Хайролла, Қайыркелді, Гульзада. Балаларының барлығы ел сыйлайтын азамат болды, немерелері ер жетті. Еслам Билялұлы зейнеткер, Көкшетау өңірінің сыйлы азаматы.

Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 12 қарашадағы № 5759 тапсырмасына сәйкес белгілі объектілерге, елді мекендерге, көшелерге ат беруге мораторий жарияланғандықтан берілген өтінішіміз «Ономастика» туралы заң қабылданғаннан кейін қаралатын болды. Жуырда «Ономастика» заңы қабылданғандықтан Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі біздің өтінішімізді қарастырып «Локомотивная» деген көшені беруге шешім қабылдап қалалық мәслихатқа жіберді. 2014 жылы 12 қарашада Көкшетау қаласының мәслихаты бұл шешімді құптады. Одан кейін құжат бекітуге область, республика мекемелеріне жіберіледі. Құдайға шүкір осы істелген жұмыстардың арқасында Бәйімбет батыр бабамыз тарихтан өз орнын ала бастады.

Қоғамдық «Бәйімбет» бірлестігі Бәйімбет батырдың ерлік рухы мен тарихын ұлықтау мақсатында руханияттық шараларды атқаруды жоспарлап отырмыз:

– Көкшетауда немесе Петропавлда «Қазақтың даңқты батыры – Бәйімбет Төбетұлы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу;

– Көкшетау қаласының бір көшесіне Бәйімбет батырдың есімін бергенде ас беру;

– берілген көшенің басына Бәйімбет батырдың ескерткішін немесе бюстін орнату.

Осы жоспарлаған жұмыстарды орындасақ Бәйімбет батырдың есімін ақпараттар құралдары арқылы бүкіл Қазақстан елі, құзырлы басқарушы мекемелер білетін болады. Болашақта мектептегі тарих пәніне кіргізуге әрекет жасаймыз.

Бәйімбет батырдың ұрпақтары және Бәйімбет елінде өсіп өнген, туыстай болып кеткен азаматтар (жиендер, нағашылар, құда-жекжаттар) осы істеліп жатқан жұмыстарды қолдап, материалдық көмек берулері



Бәйімбет батыр ізімен 13

керек. Сіздердің ұлт үшін, Бәйімбет ұрпақтарының келешегі үшін істеліп жатқан іске үлес қосатыныңызға сенім білдіремін. Бұл – біздің Бәйімбет бабамыздың аруағы алдындағы азаматтық борышымыз!

Биылғы жылы Бәйімбет батырдың замандастары, серіктестері Жәнібек пен Баян батырдың мерекелі тойларын Абақ Керей мен Уақ ағайындарымыз қор ашып, ұрпақтары миллиондап ақша қосып үлкен деңгейде өткізді.



Біріншісі. Маусымның 21-22-де 2014 жылы Семейден 150 шақырым Қалбатауда (бұрынғы Георгиевка) Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдық мереке тойы мемлекет деңгейінде өтті. Осы тойға Тажиден інім екеуіміз қатысып, құрметті шақырылған қонақтарының бірі болдық. Бірінші күні 21 маусымда Қалбатаудағы Мәдениет үйінде «Ел қорғаған – Ер Жәнібек» атты ғылыми-тәжрибелік конференция болып өтті. Оған көрнекті ғалым, профессор Тұрсынбек Кәкішев, халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Қабдеш Жұмадилов және филология ғылымының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай қатысты. Келген тарихшылар, ғалымдар Ер Жәнібектің бейнесін сомдап, Абылайханның елімізге істеген еңбегін баяндады. Ипподром алаңына 85 киіз үй тігіліп, дұға оқытылып ас берілді. Ас барысында театрландырған көріністер қойылды, дәстүрлі спорт ойындарының барлығы көрсетіліп, бағы жанғандар 10 көлік мініп кетті.

Екіншісі. Шілденің 20-21 2014 жылы Павлодар қаласында Торайғыров пен Кутузов көшелерінің қиылысында Баян батырға ескерткіш орнатылды, айтыс ұйымдастырылды, ас берілді, театрландырған көріністер қойылды.

Әрине, бізде 2011 жылы шілде айында Бәйімбет батырдың асын өткізгендей, тәуекел деп ұйымдасып, жоспарланған жұмыстарды Көкшетауда өткізіуге тырысамыз. Сәтін салса бұл іс те оңғарылар!



1.6 РАЙЫМБЕК БАТЫР КЕСЕНЕСІНДЕ БӘЙІМБЕТ БАТЫРҒА АРНАЛҒАН ДҰҒА

24 наурызда 2012 жылы Райымбек батыр кесенесінде Бәйімбет батырға арналып ас беріліп, дұға оқытылды. Алматыда Бәйімбет елінен 30-ға жуық жанұя тұрады, барлығы асқа шақырылды. Кесененің ас беретін жерінде 45 шақты адам жиналды. Бәйімбет елінің үлкені Мұхаммед Мезгілбайтегі, қажы Бәтима Ескенбайқызы, Сабира Сатыбалдықызы сөз сөйледі. Ғалымжан Жүсіпұлы «Бәйімбет» бірлестік қоғамының атынан «Райымбек» қоғамының президенті Жолдасбай Тұрлыбайұлын 80-жас мерейтойымен құттықтап, Бәйімбет батырдың суретін кесенедегі белгілі батырлардың суреттерінің арасына ілгізгеніне алғысын айтып, ақсақалдың иығына шапан жапты.

Жолдасбай Тұрлыбайұлы Қазақстан Республикасы жазушылар және журналистер Одағының мүшесі, «Райымбек» қоғамының президенті, көрнекті қоғам қайраткері, аудармашы, жазушы. Аты аңызға айналған әулие, батыр бабамыз Райымбек Хангелдіұлының ерлікке толы өнегелі өмір жолын зерттеп, атын шығарған жазушы. Жолдасбай отыз жылдай қажетті материалдар жинастырып, көз майын тауысып істеген жанкешті еңбегінің арқасында «Райымбек» атты кітәбі жарыққа шығып, сол кезде-ақ құндылығының арқасында қалың оқырман қауымнан лайықты әділ бағасын алды.

«Ақ атан шөккен жерге, Райымбек батыр жатқан жерге» 1994 жылы күмбезі салынып, жанына көлемі кәдімгідей ақ атанның көлеміндей тас мүсін тұрақты орын тепті. Кесенеде асхана, қонақ үй, құрән оқитын жер, күзетшілер, шырақшылар тұратын бөлмелер салынды. Құрән оқитын жерге ХVIII-XIX ғасырда өмір сүрген хандардың, билердің, атақты батырлардың және Қазақстанда тәу ететін Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан баб, әулие Алмерек баба, Домалақ ана, пір Бекет, Ескелді би т.б. кесенелерінің суреттері ілінді. Енді Райымбек батыр ешқашанда ұмытылмайды да, өшпейді де, өйткені әулие, батыр бабамызға кесене орнатылды, көшелерге, елді-мекендерге аты берілді. Бүгінгі күні халықтың көптен күткен арманы орындалып, көксеген игіліктеріне айналып отырған Райымбек батырдың тұғырлы тұлғасы тұрақ тепкен ақ күмбезіне тәу етушілердің қатары қашан болсын үзілмейді. Бұл халық рухани азық алатын, зиярат ететін қасиетті орындардың бірі!

Бәйімбет батырдың суреті кесенедегі белгілі жерлесі, замандасы уақ Баян батырдың суретінің жанына ілінді. Осы жерге Қазақстаннан және басқа елден зиярат етіп келген кісілер бабамыз Бәйімбет батырмен де танысады, дұғасын бағыштайды, суретке түседі.

Бәйімбет батырдың бейнесін Сатыбалды молланың келбетіне ұқсатып Құсайын молланың шөбересі, суретші, дизайнер Ахан Зейнел-Қабиденұлы жасады. Көзі тірісінде бабамыздың бейнесі қағаз бетіне түспеген. Ел аузында, аңыз-афсаналарда батырдың дене бітімін ұзын бойлы (екі метрге таяу), кең иықты, апай төс, жалпақ жауырынды, алқымды, жуан дауысты, шымыр да жинақы әрі өте айбарлы тұлға бейнесінде сипаттайды.



14 Бәйімбет батыр ізімен

Осы портрет үшін іштегі қызғаныштарының шоқтарын әлі де баса алмай, күні бүгінгі шейін сыртымнан ғайбаттап, тас атып әлде біреулердің өттері жарылып кетер болса да айтар уәжім:

– Сатыбалды молла Бәйімбет батырдың баласы Биқожадан тараған бабасына келбетімен ұқсаған 5-ші ұрпағы;

– Сатыбалды молла ХХ ғасырда өмір сүрген тарихи тұлға, құрмет тұтатын қадірлі ел тұтқасы, ел ұйтқысы, батагөйі, ақылшысы, қамқоры болғанына және марапат-құрметке лайық перзенттерінің бірі екеніне ешкім күмән келтіре алмайды.

Ол кісінің халқына бергені де, істегені де 3-ші бөлімде толық баяндалады.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Программы вступительных испытаний, проводимых консерваторией самостоятельно Вступительные испытания творческой и (или) профессиональной направленности бакалавриат
2015 -> «Альтерация. Патология обмена веществ. Дистрофия. Некроз»
2015 -> Балаларға адам денсаулығының қым-баттылығын, өмір сүру үшін қажетті-лігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Балаларымызды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болуы үшін денені шынықтыру
2015 -> Сабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры тақырыбын қайталау
2015 -> Карантинге жатқызылған өнімнің тізбесін бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет