Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



жүктеу 3.9 Mb.

бет1/31
Дата13.01.2019
өлшемі3.9 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

1930–1934

2014


УДК 821.512.122 

ББК 84 Қаз-7 

 82

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат 

министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің 

әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы 

бойынша шығарылды

Редакциялық кеңес:

Кеңес т рағалары – М. Құл-Мұхаммед, А. Сәрінжіпов

Жалпы редакциясын басқарған – ҰҒА корреспондент мүшесі, 

филология ғылымдарының докторы У. Қалижанов

Кеңес мүшелері:

кім Т.,  уезов М., Жұртбай Т., Кекілбаев  ., Қанапиянов Б., Қасқабасов С., 

Қирабаев С., Қонаев Д., Қошанов А., Құрманғали Қ., Мағауин М., Мұртаза Ш., 

Нұрпейісов  ., Оразалин Н., Сүлейменов О., Тасмағамбетов И., Ыбырай Ш.

уезов М.

 82

Шығармаларының елу томдық толық жинағы. – 

Алматы: “Дәуір”, “Жібек жолы”, 201 .

8-том: Мақалалар, зерттеулер, очерктер, әңгімелер, ау-

дармалар, құжаттар. 1930–1934. – 504 б.

ISBN 978-601-294-150-0

 

     УДК 

821.512.122 

 

     ББК 

84 

Қаз-7

ISBN 978-601-294-150-0  (8-том)

ISBN 978-601-294-142-5

© М.О.  уезов атындағы  дебиет 

және  нер институты, 

4

2014



Мақалалар, 

зерттеулер



5

М. ӘУЕЗҰЛЫНЫҢ   СӨЗІ

Мен  жолдас  Жансүгірұлының  баяндамасының  ішінде 

Алаш  орда  әдебиеті  туралы  айтқан  жеріне  тоқталмақпын. 

Кешегі күні сол әдебиеттің нағыз ортасында болған адамның 

бірі  мен  өзім  болғандықтан,  қазір  соны  туғызған  топтың 

қоғамдық­тарихи  тамырлары  мен  таптық­саяси  талапта­

рын  толық  күйде  ашып  салу  қажет  деймін.  Енді  бүгінгі 

тұтынған бақытымның тұрғысынан қарап, сол өткен күйге 

толық сынымды айтып шықпақпын. Бұл үшін тарихқа экс­

курсия  жасаймын.  Кеңес  үкіметінің  жарыққа  шығысымен 

қатар  контрреволюция  мен  ашық  буржуаздық  қалыпқа 

түскен бұл әдебиет өзінің ең соңғы дәуірлеріне шейін Алаш 

орданың құралы болумен келді. Тегі қазақтың буржуазшыл 

оқығандары  өз  тарихын  февральдан  және  бастамайды

1



Олардың алдыңғы қатары бірінші думаның тұсынан шығады. 



Соның депутаттарының бірі болған Бөкейханұлы

2

 байшыл 



оқығандардың  басшысы  болып  барып  кадет  партиясына 

кірген­ді.  Осы  кірісі,  оның  артынан  ерген  саяси  топтың 

келешектегі қадамы қалай болатыны таптық бағыты не екенін 

анық қып белгілеп берді. Езілген отар елдің депутаты бола 

тұра кадет ұйымына кірді. Бұл кезде Столыпин қыр бойынан 

шыққан өзге қазақ депутатын жейін жабайы депутаттар деп 

атандырып еді. Ол ұйымға кірісі, топтың саяси талап, тілегі 

азға, болымсызға сайғанын көрсетті. Шартының бәрі, консти­

туциялы патшалық құрылысымен, земствомен қанағаттану 

болды. Содан кейін Бөкейханұлының шәкірттері­серіктері 

(“Қазақ” газ. басқарушылары) қазақ баспа сөзіне әдеби­саяси 

бет  бергенде,  сол  Бөкейханұлымен,  соның  белгілеген  жо­

лымен әкетті. Мысалы, жерге орналасу мәселесі сияқтылар 

болса, бұндайдың бәрінде ауыл тұрмысы мен жалпы қалып, 

салт айнымай, өзгермей бір күйінде қатып тұратын жәйді 

көкседі. Ол оқығандарға сын болып кездескен уақиғалары 

еді. Бұның тұсында қазақ оқығаны мазмұнын тағы да ашты.


6

Ол топтың үлкен бастықтары Бөкейханұлы, Дулатұлы

3



Байтұрсынұлдары



4

 өздеріне масқарашылық рөлін алып, елді, 

қой­қойлап, тыйу салу, бағынғыштыққа үгіттеумен болды. 

Қазақ  оқығаны  земқор­земсоюзде  отан  қорғаушылардың 

міндетін атқарды.

Февраль төңкерісі келді. Бұнда оқығанның төңкерісшілдік 

рөлі нөлмен тең болды. Кеңес үкіметі шыққанға шейін істеген 

іс, өткізген мезгілі­күні ол топтың күн санап буржуазшыл­

реакция програмды таратып өсіріп келе жатқанын көрсетті.

Семейдің  облыстық  съезінде  Алаш  орданың  облыстық 

комитетін сайлау үстінде съез әңгімесін көтергендер де болған 

(съезд — ұлық болудың шарт­дәрежесі — не білім дәрежең, 

не мүлік — байлық дәрежең толық болсын дейді). Ол күнде 

елді билеу әдісі не еді? Болыс болыстан аттарын атап пәлен 

ақсақал, пәлен қажы, молданы, пәлен атқа мінерді шақырып, 

кеңесіп,  солар  арқылы  ауданды,  ру­руды,  болыс­болысты 

билеген болатын. Алаш орданы сайлаған Орынбор съезі де 

осы ізбен шақырылып, осы жолмен болды. Ұлтшылдардың 

Сібір облыстарының съезі мен Уфа мәжілісінде көрсеткен 

мінездері де қызық болатын. Ол съездердің бәрінде де қазақ 

оқығаны әсер мен социал­демократтардың өзін де құбыжық 

көріп, бірігіп келісуден бойларын қашық ұстайтын, жалпы 

төңкерістен тілейтін тілектері кадет тілегінен зор болмайтын.

Кейін Колчак, Дутов, Анненковпен ынтымақтасу

5

, бірге 


кету әлдеқалайдан туған ынтымақ емес, сол топтың таптық 

жолынан туған нәтиже еді.

Оның программасы капиталшылар мен төңкерісшіл про­

летариаттың зор тартысы ашылысымен­ақ белгіленген бола­

тын. Белгіленгенде, октябрь төңкерісінің басынан бастап, бұ­

лардың қозғалысы ақтардың қозғалысы боп айқындана береді.

Қазақстанда  Кеңес  үкіметі  орнағанда,  оқығандар  тобы 

барлық  үлкен­кіші  адамдарымен  түп­түгел  осында  қала­

ды.  Кеңес  жағдайының  ішінде  боп,  әлеумет  майданына 

шыққанда, бұл топ өзінің бұрынғы программасынан қайтқан 

жоқ.  Бірақ  ашық  беттеп  шыға  алмайтынын  есептеп,  әдіс­

тактикасын өзгерте шықты.

Осы жолда оның барлық ісі Кеңес үкіметінің іске асы­

рамын деген шараларын үнемі қабылдамай, артқа серпуге 



7

саятын болды. Шама келгенше бөгет салып, кедергі туғызып, 

жұмыскер табының жаңа өмірді қуаттаған ұранының бірде­

бірін өре бастырмауға тырысты. Жер мәселесі, отырықшылық, 

халық ағарту, баспа сөз, латын әрпі, емле мәселесі, термин 

жәйі —  бәрі­бәрінде де жалғыз талабы пролетариат мәдение ті­

нің басшылық әсерінен жырылып, оқшау, қақас қаяу болды.

Програмының үлкен бағыт, кіші есептері де осы ғана бо­

лып, бар бөлімі ылғи терістік, қарсылықпен құрылған програм 

болды. Тарихи жаңа дәуірде тактика әдісі езгереді. Бірақ іргесі 

бұрынғы Алаш орда іргесі боп қалады.

Енді сол топтың әдебиетіне келсек, февраль төңкерісінен 

бастап, ол да большевиктерге қарсы ашық жаулық жолына 

шыққан­ды. Пролетариатқа қарсы Алаш орда жазушылары 

қаламын құрал қып жаулыққа аттанады (кеше баяндамашы 

Жұмабайұлының

6

 ол кезде көпке жайылған өлеңдерін айтып 



өтті).  Бірақ  кеңес  кезінде  бұл  жолмен  ашық  жүре  беруге 

болмайтын болды.

1923 жылға шейін қазақ баспасын өз қолдарында ұстап, 

Алаш орда жазушылары өз бағытын, ниеттерін жазушылық 

әдісін өзгерту арқылы орындады. Өздеріне серіктес, үндес бо­

латындарды көрші түрік елдерінен іздей бастайды. Әуезұлы, 

Жұмабайұлы, Шолпан (Өзбекстан) сияқтылардың бір дауыс­

пен үн қосуы да әлдеқалай емес.

Пантюркизм  дәуірі  басталады.  Біздің  сын  түбіңде  бұл 

жағын  ескеру  керек.  Панисламизм,  пантюркизм,  пантура­

низм сияқтылардың тамырын дұрыстап талдау керек. Сол 

жазушылардың  барлығы  шығыс  тарихының  баяғы,  алыс 

кейінгісін  жырлай  бастады.  Орта  Азия  тарихынан  Атил­

ла  (бұны  пантюркист  тарихшылар  оғыз  деп  оғыз  болса, 

бүгінгі түрікпеннің атасы деп мадақтады). Шыңғыс, Темір 

сияқтыларды қазып шығарып, даттайтын болды. Шыңғыстың 

“қаһармандық” дәуірінен құрал, қайрат іздеді. Сол алыстағы 

тарихтың  ескі­құсқы,  шаң­тозаңын  қайта  қопарып,  мола 

ақтарып жүргенде тауып алған ескілікпен жұрттың көңілін 

алаң қылмақ. Бүгінгі тартыс, құрылыс мәселелерінен жыраққа 

әкетпек. Бұ да — әдейі қолданған әдіс. Бөгеу жасау, өмірді 

қабылдамау әдістері болатын.



8

Менің өз шығармаларым “Еңлік—Кебек”, “Қаракөз” де 

сол  тәжірибенің  белгілері.  “Еңлік—Кебек”  қазақтың  би­

батырын көрсетеді. Ескілікті әдейі талғап алған ашық бояу­

мен бояп, көңілді қып көрсетпекке тырысады. “Қаракөзде” 

қазақ  жастарының  тұрмысы  да  солай  суреттелген.  Біз  өз 

заманымызға шейін дәуір сүріп келген неше алуан сұмдық 

надандық салт заңдарын (көп қатын алу, қалың мал, әмеңгерлік 

ежеп­қабыл)  көре,  біле  тұра  сол  ескілікті  мақтап,  даттап 

көрсеттік. Бұны төңкерісші емес, жәй мәдениетті­либералдық 

бағытында болған орташа ойдың өзі де көтермейтін, сүймейтін 

нәрселер еді. Біз соны жыр да қылдық, сонымен жастардың 

көңілін күнделік ісінен алаңдатып тартып, тап тартысында 

оның сезімдерін мұқалта беретін жемді бердік.

Мен тақырып жағына келгенде, үстіміздегі дәуірден көп 

алыста жатқан жазушы болдым. Ең бері көп жазғаным — 

“Қилы заман”. Тақырып жағынан бұл біздің күнге “Еңлік—

Кебек”, “Қаракөздерден” жақынырақ уақиға. Бірақ шындықты 

суреттеу жағын алғанда, бұ да артқа тартатын шығарма бол­

ды. 16­жылдың жетекші күші есебінде мен атқа мінер, жуан 

атаны көрсеттім, болыстарды кірістірдім. Шынында, бұның 

көбі өз тілек ниеттерін жандарал шенеуніктердің ниеттерімен 

ұштастырып қосақтаған топ еді. Шындықты дұрыс түсінуден 

бұл шығарма да теріске кетті. Барлық осында саналған төң­

керіске қарсы әрекеттер мен теория, тәжірибе, салт­сана — 

бәрі­бәрі ол топтың адамдарын қарсы бетке шығарды, жау 

жігіне кіргізді. Ісінің басы Мелюковпен одақтасудан баста­

лып, бүгінге шейін кейбір адамын (Шоқайұлы) империалист, 

интервентшілердің тобында қалдырып, көпшілігін әлі күнге 

сол беттің адамы қып отыр. Олар әлі де сол капиталистер 

табағынан дәметумен келеді.

Мен, бүгін пленумге келгенде, сол өзімнің артқы жолым­

ды барымша қатал сынға салып, тергеп өту арқылы келдім. 

Мені бүгін бір жағынан төңкерісшіл пролетариаттың туына 

жазылған ұлы ұран мен бүгінгі Қазақстан, бүгінгі барлық одақ 

құрылысының табыстары тартса, сонымен қатар ендігі соңғы 

бағытымның дұрыстығына, бұрын өзім болған топтың өткен 

тарихын нық тексеру де — пролетариат жолына келуіме се­

беп болды. Осы тексеру мені бұрынғы топтан серпіліп үзіліп 


9

шығып,  оны  өзімнен  итеріп­серпіп  тастауға  себеп  болды. 

Қазір мен сендердің тобыңа шын таза пейілмен келіп отыр­

мын. Бойымдағы бар күшімді пролетариат ісінің пайдасына 

жұмсаймын деген үлкен екпінмен келіп отырмын. Егер, мен 

пайдалы бола алатын болсам, барымды бермекпін.

Рас, бүгінгі халде көпшіліктің мені дос санай қоюы оп­

оңай емес. Бірақ әдебиет, саясат жолындағы істер мені ол 

топпен байланыстырғанмен де, мен түзелместей үмітсіздікке 

кеткенім жоқ. Білім, тәрбиені кеңес мектебінен, (вузынан) 

алдым.

Социалдық  құрылыстың  табыстары  адам  баласының 



ішіндегі  ең  алдыңғы,  ең  нәрлі  қатардың  барлығын  өзіне 

тартып  жатқанда,  дүниежүзінің  ең  ірі  жазушысы,  ең  ірі 

ғалымдарының  жүректері  де  пролетариат  ісінің  тілегіне 

ауысқанда тас болып қатып қалатын, ойыспайтын өлі жан 

мен  емеспін.  Менің  де  артым  —  қазақтың  ауылы.  Менің 

әке­шешем қырдың қараңғы бақташысы болған. Жұмыскер 

табының табысы мен жеңісіне мен де өз ішімде үлкен наным, 

зор қызу тауып отырмын.

Артқы күндерімнің ауыртпалығын мен жеңе аламын. Жол­

дас Жансүгірұлы менің алғашқы сөздерімнің қателерін дұрыс 

айтты. Ол кезде Қазап бізді өзімен бірге істеуге шақыруға 

болмаушы еді.

Менің ендігі кепілім, онда жазған заявлениемде,

7

 бүгінгі 



сөйлеген сөзімде емес. Кепілім пролетариат ісіне арналған зор 

сенімім және бұдан былай істейтін ісім. Мен сында болуым 

керек. Және сол сынды мен адақтаймын, ақтаймын.


10

ҚАЗАҚСТАН  МЕМЛЕКЕТ  ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТІ 

ЖЫЛДЫҒЫ  ЖӘНЕ  АЛДАҒЫ  МІНДЕТТЕРІ

Қазақстандағы  октябрь  жемісінің  бірі  —  мемлекет  

театры өзінің барлық болмысымен қазақ пролетариатының 

қолындағы зор маңызды құралының бірі болуға тиіс. Мұның 

ұлы  міндеті:  сол  пролетариаттың  бақытты  жаңа  тұрмыс 

үшін  алысып  келе  жатқан  тартысын,  қайратын  суретті 

тілмен  көрсетеді.  Жаңа  жұртшылықты  негізгі  түбегейлі 

мұраттарының бетімен отырып, жас қазақ пролетариатының 

салт­санасын ой, сезім жағынан дұрыс баулиды. Осы жөнде 

үлгі боларлықтай дұрыс әсер етеді.

Олай болса, театр өз айналасында болып жатқан қызулы зор 

тап тартысынан сыртта қала алмайды. Қайта сол тартыстың 

белсенді көмекшісі болып, тапсыз қоғам жасап, социализмді 

құру ісінде өзінің бойында бар мағына, сана сурет күштерінің 

бәрін ортаға салып, сынға түсуге, көрнекке шығуға міндетті.

Сол міндетін түсініп, өз рөлін шамасынша адақтамақ бо­

лып, театрдың жаңа бағытқа талпына кіріскен жылдары соңғы 

екі­үш  жыл  болады.  Бұл  жылдар  бойында  театр  жаңалық 

іздейді. Жоспарлы мақсат белгілейді. Сонда өзінің таптық сая­

си бетімен салт­сана, суреттік бетін белгілеп, жан­жақтан кең 

салалы төңкерісшіл театрдың өрісіне шығуға қадам басады.

Соңғы жылдар бойында ашық, айқын болып осылайша бел­

гіленген ұлы жоспар, театрдың бүгінгідей жоспары, әлі бүгінгі 

күнде де түгел адақтап шыға алмай, толық жеңе алмай келе жатқан 

өрі. Театрдың іші­тысы қайта құрылысының ұлы бағы ты осы 

болса, программаның максимум, минимумі де осыдан тарайды.

Бұл жайда осылай деп түсінуші жалғыз мемлекет театры­

ның,  қазіргі  басқарушылар  коллективі,  я  Казнаркомпрос

1

 

қана  емес.  Қазақстан  жұмыскер  төңкерісшіл  табының  зор 



өнер ошағының бірі — театр екенін айтып, Өлкелік партия 

комитеті де мемлекет театрының ісіне барынша көңіл бөліп 

отыр.  Әсіресе  Өлкелік  комитеттің  көрнекті  басшылары 


11

жолдас Кахиани

2

, Ораз


3

, Жанайдар

4

, Құлымбетұлы



5

 сияқты 


жолдастар  театрдың  жаңағы  айтылған  программасын  сол 

бағытта өсуіне әрдайым басшылық көмегін беріп, театрдың 

алдынан кездескен қиындықтардың қай­қайсысына болса да 

өз қолдарымен араласып, ұдайы жәрдем етумен келеді.

Басшы  жұмысшылықтың  театр  ісіне  бұл  сияқты  көңіл 

бөлуі жаңада болып өткен Өлкелік партия комитетінің плену­

мы мен Қазақстан кеңес жазушыларының бірінші пленумінде 

тағы да нық, толық күйде көп талқыланып өтті.

Барлық  жердегі  қорытынды  біреу­ақ.  Ол:  мемлекет  

театры Қазақстанда октябрь тудырған үлкен мәдениеттің, түрі 

ұлттық, мазмұны социалдық мәдениеттің — толық тәнді ұлы 

мүшелі — мағыналы, маңызды дүкені болсын деген шартқа 

тіреледі.

Осы  турадан  қарап  театрдың  төңкерісшіл  театр  болу 

жөніндегі бұрынғы қалпы, бүгінгі ісі, ертеңге арналған талап 

мақсаты жөнінде біраз сөз айтып өтейік.

Театрдың  қай  кезін  алсақ  та,  алдымен  көзге  ілінетін, 

сөз  болатын  мәселесі  —  репертуар.  Қазақ  театры  алғаш 

істей  бастаған  жылдарында  репертуар  жағынан  көбінше 

төңкерісшіл театр боламын деген ниетте болмады. Ұлтшыл, 

байшыл, алашордашыл мәдениет ықпалындағы театр болып 

істеп  келді.  Ол  кезде  төңкеріс  тарихының  тақырыбында 

жазылған  “Қызыл  сұңқарлардың”

6

  қазақ  театрының  сах­



насында көрінуі театрдың таптық, саяси програмдық бетін 

көрсету емес. Қайта театр әдеттегі ұлтшылдық, буржуазиялық 

қалпынан ауысып, программадан сыртқары болған пьесаны 

көрсетіп,  замана  тілегін  білдіргендей  болатын.  Ол  кездегі 

репертуардың  көпшілігі  төңкеріс  күнін  көрсетпейтін,  сөз 

қылмайтын, көрушіні әдеби феодальный, партриархальный 

ауылға шақыратын жалған жасыл бояу боялған баяғыға қарай 

жетектеп,  сонымен  қалғытып­мүлгітпек  болған  репертуар 

болатын. Сол себепті театрдың ол кездегі пішінін белгілеуші 

пьесалар: “Қаракөз”

7

, “Алтын сақина”



8

, “Арқалық”

9

, “Қана­


пия — Шарбану”

10

 сияқтылар болған.



Одан бері келіп ұлтшылдық, алашордашылдық ықпалынан 

құтылдым деген мезгілінде де біздің театр кеңес театрының 

сол  күнде  өз  алдына  қойған  міндеттерін  —  жаңа  адамды 


12

көрсету, жаңа герой туғызу деген міндеттерін толық атқара 

алған жоқ. Дәл 1930 жылға дейін кеңес репертуары, кеңес 

тақырыбы, күнделік құрылыс, күнделік тартыс тақырыбы деген 

тақырыптарға, репертуарға жарымады. Театрға ауыса алмады.

Ол жылдарда “Шахты”,

11

 “Қызыл  сұңқарлар” қойылып 



жүргені  рас.  Бірақ  бұлар  төңкеріс  тарихының  тақырыбы 

болғанмен  де  төңкерістің  соңғы  кеңес  жағдайы,  кеңес 

құрылысы тудырған жаңа адамдар жайындағы пьесасының 

30­жылдар шамасында орыстың төңкерісшіл театрының өзіне 

қойған міндеттерін, тәжірибесін алсақ: граждан соғысының 

тақырыптарын  неше  алуан  күй  пайдаланып,  жеңіп  алған 

болатын.  Енді  сол  күнгі  құрылыстың  неше алуан майдан, 

неше түлік сала­саласында істеп жүрген төңкерісші басшы — 

жұмысшыны, азаттанған әйелді, өсіп, қаулап, өрге басып келе 

жатқан жастарды көрсететін, поселкенің таптық тартысын, 

ауыл­поселкедегі пролетариат төңкерісінің табысын, жеңісін 

жыр қылып жатқан еді. Сондай кезде біздің театрдың граждан 

соғысының бір­екі тақырыбымен ғана отыруы мешеулік бола­

тын. Өсудің тым шабан, тым баяу болып қалғанын көрсететін. 

Ал енді мұнымен театр әлі өзінің бұрынғыдан арылып, жаңа 

пішінге ие болғанын анық, ашық көрсетіп болған жоқ.

Құрылыс жүзінде зор перелом жаңа театрдың салт­саналық, 

саяси­таптық пішінін айқын қылып ашса, өзгеріс майданын 

айқын  қылып  ашатын  өзгеріс  “Майданмен”

12

  бірге  туды. 



Драмалық  жағынан  кемшіліктері  болса  да,  “Майданның” 

артынан туған тартыста сол “Майданның” бағытымен бо­

лып  жаңа  адамды,  төңкеріс  адамын  көрсетуге  бет  берген 

репертуарды көрсетті. Театрдың да ендігі өрісі, тереңдейтін 

тақырыбы не екенін нұсқап берді. Осы жылдарда театрдың 

үлкен  табысы  актердің  күш­қуатын,  бойда  барын  суретті 

кейіпкер, образ жасауға кірісті. “Майдандар” бұл жағынан 

келгенде репертуарды ғана байытқан жоқ, актер образының 

проблемасында театр алдына жаңа міндет есебінде ұсынды. 

Сонымен қатар театр өзіне драматург күшін жасауға кірісіп, 

бұл күнге шейін бірнеше жас драматургтерін өсіріп келеді.

Театр өз басшылығы мен драма жазушылардан бригада 

құрып, соңғы жылдың ішінде “Октябрь үшін”

13

, “Түрксиб”,



14

 

“Колхоз үшін”



15

 деген зор тақырыптардың үлкен пьесала­



13

рын майданға шығарып отыр. Бұл пьесалар жайындағы сөз, 

сын, талқы жұртшылықтікі. Әзірше сондай жаңалықтардың 

шығуына себепші болушы театр екенін ғана айтып өтеміз. 

Драма жазушылардың арасына театр салған қозғау, үндеу, 

театр кіргізген екпін арқылы тағы бір зор пьеса шабуылға 

шығып  отыр.  Қысқасы,  драма  театрының  азығы  арқылы 

болатын үлкен пьесалар бұрын жыл сайын бір шешілмеген 

түйіндей жоқтығымен дағдартып тұратын болса, бұл күнде 

ол кезең артта қалуға айналды. Соңғы жылдар табыстың бір 

зоры жалғыз қазақ репертуары емес, енді театрдың орыс ре­

пертуарына ауыса бастауы. Әрине, мәселе құр орыс пьесасын 

қоюда ғана емес, оның беретін мазмұнын, образын, суреттілік 

жұмбақ проблемасын актер күшінің бауырлап жеңіп алуын­

да. Бір жағынан қарағанда “Сүңгуір” біздің театрдың үлкен 

олжасының  бірі.  Жеке  жайларын  бұл  жерде  сынамаймыз. 

Бірақ, жалпы алсақ, біздің актер “Сүңгуірде” жаңа бір қалыпқа 

түсіп, соның өлшеуіне қарап ысылып, дүкен көріп шыққандай 

болды. Бұл күнде ол сүрініп­қабынбай етілген сын сияқты 

боп отыр.

Енді театрға жаңа келген режиссер жолдас Насонов

16

 пен 



жас режиссерымыз Ғатауллин Шафқат

17

 екеуінің басқаруымен 



Киршонның

18

  “Астық”  атты  пьесасын  дайындап  жатыр



19

Пролетариат  драматургиясында  “Қорқынышпен”



20

  қатар 


екінші бір ұлы табысы деп танылған “Астық” пьесасы біз дің 

актерге екінші бір үлкен сын. “Астықтың” артынан биылғы 

репертуарға кірген “Октябрь үшін”, “Түрксиб”, Горькийдің 

“Наднесі”,  “Ревизорлар”  ойналмақ

21

.  Мұның  ішінде  орыс 



әдебиетінен алынған “Ревизор” мен “На дне” октябрьден соңғы 

төңкерісшіл пролетариат майдандарын көрсететін “Түрксиб”, 

“Октябрь  үшіндер”  театрдың  “Майдан”,  “Сүңгуірменен” 

басталған суреттілік, салт­саналы бе тін көлемдірек, айқынырақ 

ашып, сол бетінде тереңденетін болады.

Театр осындай репертуар, осындай негізгі жол, беттеген 

өріс пен өзінің бетін аша барып, нық қалып пен қашық үлгісін, 

театрлық мектебін белгілеу керек. Бұл жөнде жақын келешекті 

сөз қылсақ, біздің театр әзірше жеке жайылыс тауып, жеке­

ше бір түр шығарамын демейді. Біз әзір оқу дәуіріндеміз, 

өсу­іздену  дәуіріндеміз.  Бұл  кезімізге  ең  қолайлы  жол, 


14

Ресейдің төңкерісшіл театрларының ішіндегі ірілерінің бірен­

саранын алып, солардың үлгі ұстаздығына ілесіп көру шарт 

болады. Осы ретте әзірше мазмұн, түр жағынан үлгі қылып 

ұстамағымыз “Вахтангов театры”

22

 мен “Төңкеріс театры”



23

Әрине,  бұл  үлгі  құр  көзді  жұмып  байланып  кетуде  емес. 



Қазақ театрының ұлттық тұрпатын сақтай, өсіре отырып өзіне 

үлгі алу болады. Сондықтан бұл күнгі театр үйінің жайынан 

айтпасақ та келешекте болатын үйлердің жайын еске алып, 

ендігі театрымыз үлкен индустриялды техниканың театры 

болмағы шарт дейміз. Оның белгілері: машиналанған деко­

рация, неше алуан мол жарық, бояулар, спектакль радиола­

нуы, тағы басқа неше түрлі болатын техникалық жаңалықтар 

болуға тиіс. Бұл айтылғандардың барлығы мемлекет драмалық 

театрының үлкен жолы. Түпкілікті ұстап, ұсталып қалатын 

пішінін, мазмұн, түр жағы осымен белгіленеді. Бірақ қазіргі 

біздің  театрдың  міндеті  жалғыз  мұнымен  бітіп,  толып 

қалмайтын болып отыр. Қазақстан астанасының, қала берсе 

бар Қазақстанның бірден­бір театры осы болғандықтан, бұл 

өзінің жаңағы үлкен өрісімен қатар тағы бірнеше үлгілерді 

ала жүргізу керек болып отыр. Мысалы, бізде жастар­балалар 

театры жоқ. Бізде жеке опера, оперетта, музыка комедия теат ры 

я болмаса ұсақ түрлер театры да жоқ. Соның жоқтығынан 

біздің бүгінгі актердің көбі бір жағынан концерт күштерін 

де  өз  іштерінен  шығаруға  міндетті  болып  отыр.  Бірталай 

актер  —  актер  емес,  әнші.  Сонысы  үшін  алынған.  Халық 

тілейді. Театр бірнеше жанрды араластырып, әрі драма, әрі 

ән­күй театры болып, сол тілегенді береді. Түбінде бұл хал 

дұрыс болмау керек. Актерлердің бір бағытта өсіп, тереңдеуі 

үшін,  театрдың  біржола  шұғылданып,  алаңсыз  өсуі  үшін 

жалғыз драмалық театры болып қана қалуына керек. Бірақ 

түбінде осы күштерінің ішінде опера, ән­күй труппасын бөліп 

шығарып, жас зрительдер театрын бөліп шығарып, өзінен 

сондай жеткіншектер тудырып, өсіріп шығуы қажет. Бірақ бұл 

биылғы я келесі жылдың ісі емес, бірнеше жылға созылады. 

Соған шейін концерт бүгінгі театрдың қосымша бір майданы 

болып тұра тұрады. Ендігі біздің міндет ол концертті сақтай 

тұрумен бірге жаңағы екі­үш алуан болып түбінде айырылып 



15

шығатын труппа, театрлар мазмұн­түр әзірлеп береді. Мына 

үлкен театрды неше алуан репертуар бір сатыдан бір саты 

болып,  осы  бүгінгі  күйге  жеткізсе,  ана  болашақ  театрлар 

үшін бүгін біздің еш нәрсеміз жоқ. Құр ғана жадағай “соло”,

24

 



“дуэт”

25

 я домбыра, я гармоньмен шығара салуға болмайды. 



Әрине солар үшін, онан соң бүгінгі театрдың бүгінгі концерт­

пен қатар қолданатын керегі үшін енді біздің жазушылар, 

ақындар неше алуан комедия, әдеби сатира немесе оперетта, 

музыка, музыка комедия боларлық ұсақ түрлерді қолға алу 

керек. Бұл бірінші керегіміз.

Бұдан  соңғы  екінші  қажетіміз:  бүгінде  айтылатын  ескі 

халық әндеріне әңгімелі өлеңдер салып беруге керек

26

. Ескі 



әнмен  бүгінгі  машинелі,  техникалы  мәдениеттің  қалпын 

жырлау үйлеспейді. Бірақ ескі әндер — үнемі биылғы бір­

бір ауызбен қалдыруға да болмайды. Ән мазмұнына қарай, 

заманына  үйлестіре  тақырыпты  бір  қысқа­қысқа  әңгімелі 

өлең беріп жаңарту керек. Ол өлең ескі өмірді, ескі салттың 

ауыртпалықтарын төңкерісшіл әдіспен таратып айтуға тиіс.

Үшінші мәселе — біздің газет­журналдар мен жазушылар 

ұйымы талқыға салып өтетін театрдың осында аталған негізгі 

мәселелерімен қатар тағы бір нәрсе қазақ газетіне Еуропаның 

классик музыкасын, төңкерісшілдік интернационал музыка­

сын кіргізу реті. Бұлар шет жағалап осы күнде де кіріп отыр. 

Бірақ көпшіліктің түсінік ұғынысы бұл жөнде шабандау тар­

тып жатқан сияқты. Бізге өз опера, оперетта, музкомедиямыз 

тумай тұрған кезде Еуропа музыка мәдениетінен жеке ұсақ ту­

ындылармен қатар қазаққа түсініктілеу болатын опералардың 

бөлімдерін алып қою мәселесі де тым жатырқарлық нәрсе 

болмауға тиіс.

Талқыға түсіп, шешуді күтетін төртінші мәселе — қазақ 

сахнасына билеу өнерін кіргізуде хореография жайын жалпы 

күйде талқыға салу мезгілі де жетті. Құр ғана қазақ бұрын 

білмеген екен деп, жалпы мәдениетті адам баласының мәдени 

қазынасындағы  бір  үлкен  жанды  өнер  саласының  бүгінге 

шейін орнымен жоқ болуы зор кемшілік.

Бесінші  мәселе    —    қазақтың  оркестрінің  жайы.  Біз 

жалғыз домбырамен қанағат қылуға болмайтынды екінің бірі 


16

біледі. Олай болса, қазақтың симфония оркестрінің жайы да 

шешілуін күтеді. Осы айтылған мәселелердің барлығы жалпы 

жұртшылықпен қатар театрдың бүгінгі ісінде алдынан күн 

сайын көлденең шығып, өзінің тұсауын кесуді керек қылып 

отырған жайлар.

Жалпы алғанда қазақ театры өзінің қысқаша тарихында 

бүгінге дейін ықылас, көңіл, көмек ортасында бұрын істеп 

көрген емес, басқа жағынан алғанда театр өсетін, көрнекті 

жеміс беретін өрісіне енді шығуға беттеді.

Қазірде  барлық  қолда  бар  актерлердің  білім  сапасын, 

мамандығын  арттыру  мақсатымен  театр  өз  жанынан  екі 

бөлімді студия ашып, бар әдістерін содан оқытып отыр.

Келесі  күзіміз,  Наркомпростың  байлауы  бойынша, 

Мәскеудегі театркомбинаттың жанынан Қазақстан үшін 30—

40 кісілік театрлық мастерской ашылып, содан бір топ адамды 

оқытып алмақ ниет бар. Бұл күнде актер саны аз болғандықтан 

сауатты, өнерлі, театрға пейілі бар деген адамдардан жаңа 

күштер шақырылып отыр. Мұның алдының келгені де бар.

Бұл күнге шейінгі кемшілік, режиссер жас болғандықтан, 

театр басқарушылары Мәскеуге барып, жолдас Насоновты, 

суретшіні және композиторды әкеліп отыр. Театр осы күнде 

өзінің  архивін  құрап,  тарихына  мағлұматтар  тізіп  келеді. 

Шама  келсе,  биылғы  жылы  театрға  арналған  бір  сборник 

шығармақ.

Театрды, актерді өсіретін жетекші басшы  —  мағыналы 

сын. Сондықтан театр ендігі жаңалықтарын, жолын жеке пос­

тановкаларын көрушілердің активіне көмек беріп, талқыға 

салып отырмақшы. Сонымен қатар газет­журналдарда театр 

сыны  деген  сынның  туып,  өсуін  қатты  күтеді.  Театрдың  

8 жасына қарай беттерде ойға алып отырған мәселелер осылар. 

Осыны орындауға көпшіліктің көмегі керек.



17


Театр,  музыка  кадры 
Жақсы  пьеса  —  сапалы  әдебиет  белгісі 
Көктемнен  бері
Білекке  білек
Заявление   ауэзова
Поход  на  отар
Разгул  атаманов
Натягивай  аркан
Ii т а с   з а т т а р
Топты  даярлау.
Пуццолан трассы
Табақ қылып жайған қорғасын
Жылдығы және  алдағы  міндеттері
Кезде,  не  себепті  айтылғаны  туралы 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет