Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы №200



жүктеу 0.84 Mb.
бет1/5
Дата25.04.2017
өлшемі0.84 Mb.
  1   2   3   4   5



Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы 4 тамыздағы №200

«Батыс Қазақстан облысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2015 жылғы 4 тамыздағы № 200 «Батыс Қазақстан облысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4031 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 қыркүйекте «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

4) көрсетілген қаулымен бекітілген «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

5) көрсетілген қаулымен бекітілген «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

6) көрсетілген қаулымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

7) көрсетілген қаулымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

8) көрсетілген қаулымен бекітілген «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

9) көрсетілген қаулымен бекітілген «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтамасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

10) көрсетілген қаулымен бекітілген «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 10-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

11) көрсетілген қаулымен бекітілген «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 11-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Қ.М.Ирменов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М.Л. Тоқжановқа жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Облыс әкімі А.Көлгінов

2016 жылғы _____________№___

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

қаулысына 1-қосымша


2015 жылғы 4 тамыздағы №200

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

қаулысымен бекітілген

«Дәрігерді үйге шақыру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда №11304 тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) көрсететін ұйымдармен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші (тікелей немесе көрсетілетін қызметті алушының телефоны бойынша өтініш берген кезде);

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі -портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1) тікелей немесе телефон арқылы жүгінген жағдайда-көрсетілетін қызметті берушінің шақыруларды тіркеу журналында (бұдан әрі - журнал) жазу және дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап береді;

2) порталға электрондық форматта жүгінген жағдайда-өтініш көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама жіберіледі.

Бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға жүгінген күні үйде медициналық көмек көрсетіледі.

5. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі - сенбі аралығында (дүйсенбі - жұма- үзіліссіз сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі - сағат 9-00-ден 14-00-ге дейін);

2) портал - тәулік бойы, техникалық үзілістерді қоспағанда, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).


2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Көрсетілетін қызметті алушының тікелей немесе телефон байланысы арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінуі, портал арқылы жүгінген жағдайда электрондық сұраныс түсіру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болады.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау уақытының ұзақтығы:

көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінгенде:

1) көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжатты (бұдан - әрі құжат) медициналық тіркеушіге ұсынады (бұдан әрі - тіркеуші).

2) тіркеуші бекітілген халық тіркеліміне (бұдан әрі - БХТ) сәйкес осы көрсетілетін қызметті берушіге бекітілгенін тексереді,бекітілген жағдайда тіркеуші шақыруларды тіркеу журналына жазады, бекітілмеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға дәлелді бас тарту ұсынылады,5 минуттан аспайды.

Нәтижесі - шақыруларды тіркеу журналына жазу немесе дәлелді бас тарту;

3) тіркеуші дәрігердің күн ішінде келетіні туралы ауызша ақпарат береді, 5 минуттан аспайды.

Нәтижесі - дәрігердің күн ішінде келетіні туралы ауызша ақпарат береді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұраныс көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері 18.00-ге дейін, сенбі күні 12.00-ге дейін).

телефон байланысы арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда:

1) көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі ауызша түрде сәйкестендіру үшін жеке басы туралы ақпаратты ұсынады: тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә.), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), мекенжайы, үй телефоны.

2) тіркеуші бекітілген халық тіркеліміне (бұдан әрі - БХТ) сәйкес осы көрсетілетін қызметті берушіге бекітілгенін тексереді, бекітілген жағдайда, тіркеуші шақыруларды тіркеу журналына жазады, бекітілмеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылады, 5 минуттан аспайды.

Нәтижесі - шақыруларды тіркеу журналына жазу немесе дәлелді бас тарту;

3) тіркеуші дәрігердің келетін күні, уақыты туралы ауызша ақпарат береді, 5 минуттан аспайды.

Нәтижесі - дәрігердің келетін күні, уақыты туралы ауызша ақпарат береді.

көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінгенде:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімді толтырады.

2) тіркеуші жұмыс уақыты ішінде порталға түскен сұраныстарды тексереді, сұраныс түскен жағдайда, келесі жолмен өңдейді:

БХТ негізінде осы көрсетілетін қызметті берушіге бекітілгенін тексереді, бекітілген жағдайда тіркеуші шақыруларды тіркеу журналына жазады, жеке кабинетінде көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімді қалыптастырады, бекітілмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған бас тарту туралы дәлелді жауабы электрондық түрде қалыптастырылады.

Нәтижесі - дәрігерді шақырту туралы анықтама беру немесе электрондық түрде дәлелді бас тарту.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу орны.


4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы –«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментіменжәне (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментіменжәне (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен көрсетілмейді.

10. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету барысында көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы ЖСН және пароль арқылы порталда тіркелуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген қызметті алушылар үшін жүргізіледі);

2) 1-процесс - электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда авторландыру процесі;

3) 1-шарт - порталда логин (ЖСН) және пароль арқылы көрсетілетін қызметті алушының тіркелу мәліметтерінің түпнұсқалылығын тексеру;

4) 2-процесс - көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

5) 3-процесс - регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушының таңдауы;

6) 4-процесс - көрсетілетін қызметті алушының тіркелім мәртебесіне сұраныс;

7) 2-шарт - көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге бекітілуін тексеру;

8) 5-процесс - көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге бекітілмеуіне байланысты қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы анықтаманы қалыптастыру;

9) 6-процесс - қызмет көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматты талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (мәліметтерді енгізу);

10) 7-процесс - порталдан мемлекеттік қызметке сұраныс;

11) 8-процесс - порталға көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған сұранысын жіберу;

12) 3-шарт- порталға түскен мәліметтерді тексеру, растау анықтамасын ресімдеу;

13) 9-процесс - қызмет алу үшін дәрігерді шақыруға (дәрігердің Т.А.Ә., қабылдау уақыты/күні, қосымша ақпарат) сұранысты тіркеу туралы көрсетілетінқызметтіберушінің ЭЦҚ-сы қойылған анықтамасын портал арқылы құру - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.

11. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қолданылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес диаграмма түрінде берілген.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының сипаттамасы және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы «Дәрігерді үйге шақыру» көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламентінің (бұдан әрі - Регламент) 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызмет бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

13. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.

«Дәрігерді үйге шақыру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

«Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы



Көрсетілетін қызметті алушы

Тіркеу бөлімі






Тіркеуші БХТ сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге бекітілуін тексереді, 5 минуттан аспайды.

ия

жоқ




Тіркеуші дәлелді бас тартуды ұсынады.




Тіркеуші журналға жазады, дәрігердің күн ішінде келетіні туралы ақпаратты ауызша ұсынады, 5 минуттан аспайды.

- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;


- көрсетілетін қызметті алушының рәсімінің (іс-қимылының) атауы және (немесе)

құрылымдық-функционалдық бірлік (ҚФБ) ;

- таңдау нұсқасы;

- келесі рәсімге (іс-қимылға) көшу.
«Дәрігерді үйге шақыру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы





Портал


Портал



П

о



р

т

а




сұрау


л


3-шарт

2-шарт

1- шарт



4-процесс

9-процесс

8 -процесс

7-процесс

6-процесс




  1   2   3   4   5


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет