Бастауыш сыныптарда «Жобалық оқыту»әдісін қолдану Өтебалева Нұргүл Темірғалқызы



жүктеу 142.65 Kb.
Дата23.12.2017
өлшемі142.65 Kb.
Бастауыш сыныптарда «Жобалық оқыту»әдісін қолдану

Өтебалева Нұргүл Темірғалқызы

Бастауыш сынып мұғалімі
Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың

әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты.

XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз-белсенді, білімді

және денсаулығы мықты азаматтар.

(Елбасы жолдауынан)
Бүгінгі  таңда  тәуелсіз  мемлекет  алдында  тұрған  негізгі  мақсаттардың  бірі – дүниежүзілік  білім  әлеміне  ену.Бұл  салада  білім  беру  ісінің  мазмұнын  жаңа  бағытқа  бұрып, құрылымдық  жүйесін  жаңарту, өзгерістер  енгізу - білім  реформасын  жүзеге  асыру  алғы шартта  тұрғаны  баршамызға  аян.

Егеменді  Қазақстанның  болашақ  потенциалын оқытып – тәрбиелейтін  мұғалім – шығармашыл, жан-жақты  білімді, парасатты, мейірімді, сезімтал, интеллектуалды, мәдениетті, кәсіби  шебер, ізденімпаз, ғылыми  зерттеуші  болса, онда  жеке  тұлғаға  қойылатын  мынадай  талаптар  алдыңғы  орынға  шығады: креативтілік, белсенділік, жауапкершілік, ой-өрісінің  кеңдігі, сауаттылық, танымдық  әрекетке  қызығушылығының  басымдығы.

Осыған  орай  мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен  өзгерістер  үстінде. Әр педагогтың міндеті – оқушының  шығармашылық  ойына  бағыт  беру, шығармашылық  ізденісті  қолдау, жағдаяттар  туғызып, оның  шешімін  табуға  бағыттау,  жаңаны  іздеуге, жүйелі  зерттеулерге  талдау жасауға  талпыныс  беру. Осы  қажеттіліктерді  оқушыларға  меңгерту  барысында  жобалық  оқыту  әдісі тәжірибеге  енгізілді.

Жұмыс  мақсаты: Бастауыш  сынып  оқушыларына  жобалық  оқыту  технологиясының  әдіс-тәсілдерін  үйрету, сабақтары  барысында  және   сабақтан  тыс  уақытта  оқушылардың  жоба  жұмыстарын  ұйымдастыру  тәжірибесін  талдау, оның  тиімділігін  анықтау.

Оқушының өзіндік іс- әрекетін қалыптастыратын өмірлік жағдаяттардың шешімдерін таба алатындай білім беру әдіс-тәсілдер жиынтығы болатын оқыту технологиясын зерттеу,өзіндік тәжірибеде қолдану,көздеген нәтижелерге жету.



Міндеттері:

-     оқушының ғылыми – зерттеушілік іс- әрекеттерін қалыптастыру;

-     жобаның кезеңдерінің технологиясын  меңгеру және оқу- тәбие

үрдісінде қолдану;

-     оқушы тұлғасының  өзіндік дамуын жүзеге асыру;

-     оқушының ерекше (жобалық) ойлау қабілетін және өмірге деген ғылыми

көзқарасын қалыптастыру;

-     оқушыларға  болашақ мамандықтарды жобалауға , оған дайындалуға

жәрдемдесу;

-         оқушының шығармашылығын дамыту;

-         оқушы дамуына мониторинг жүргізу.

Күтілетін нәтиже: жеке тұлғаға , тәжірибеге бағытталған, үздіксіз білім беру принциптеріне негізделген танымдық іс- әрекетті ұйымдастыру формаларын, әдістемелерін, оқу бағдарламаларын, авторлық зерттеулерді жасақтау.

ХХІ ғасырда әлемдік  білім  беру  жүйесінің дамудағы  негізгі  басымдықтарының  бірі – мектеп  білімін  жаңарту. Ол  оқушылардың  неғұрлым  өз бетінше  білім  алып, оны  іс  жүзінде  қолдана  білу  қажеттілігін  тәрбиелеуге  бағытталған.Оқушылардың зерттеу жұмысын  ұйымдастыру және  жоба  жұмысын  жасауға  мақсатты, әрі  жүйелі  түрде  бағыттау  керек  екені – бүгінгі  күн  талабы. Сондықтан  да  жобалау  технологиясының тиімділігі  күннен  күнге  артуда.

Ағылшын  тілінен  аударғанда  «cooperative  learning» – «бірге үйрену», ал  латын тілінен аударғанда «projectus» -  «алдын  ала»  деген  мағынаны  білдіреді  деген  екі  ұғым  бар.

Жобалау  технологиясы – ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  АҚШ  ауылшаруашылығы  мектептерінде пайда  болған.  Оның  негізін  қалаған  – Джон Дьюи  атты  психолог  және  педагог, философ. Дьюидің  ілімін  жалғастырушы  – Колумбия  университеті  жанындағы  мұғалімдер  колледжінің  профессоры Уильям  Херд   Килпатриктің  ойынша, балаларды  өз  жұмысының  жемісін  көруге  ынталандыру  арқылы  үлкен  өмірге  дайындау – бұл технологияның  негізі. «Өзіне  көйлек тігіп  киген  бойжеткенді  мысалға  алайық. Егер  ол   кейін  өзі киетін көйлегі  үшін  жанын  аямай, ерінбей, аса  қызығушылықпен  көйлек  үлгісін  өзі  ойлап  тауып, өз  бетімен  өлшеп, пішіп, тігіп  кисе – бұл  мысал  жобалау  технологиясының  нағыз  типтік  үлгісі»  деген  екен  Килпатрик.

Уақыт  өте  келе  еркін  тәрбиелеу  ойынан  туындаған  жобалау  әдістемесі  біртіндеп  «тәртіпке  бағынып», білім  беру  әдістемесі  құрамына  табыспен  еніп  отыр.

Бірақ  оның  негізгі, түпкі  мақсаты  қай  кезде  болса  да  қала  бермек – оқушыны  білім  алуға  және  сол  білімін  мектеп  қабырғасынан  шыққанда  нақты  проблемаларды  шеше  білуде  қолдануға  үйрету.

Жоба – мұғаліммен  ұйымдастырылған  және  оқушымен  өз  бетінше  проблема  шешудегі жүзеге  асырылған  іс-әрекеттер  жүйесі.

Бұл  технологиялық  оқудағы  мұғалім  мен  оқушының  іс-әрекеттері  түбегейлі  өзгереді.  Оны  салыстырып  көрелік:

  Жобалау  технологиясын қолданудағы  негізгі  алдыға  қояр  мақсат – оқушылардың  қызығушылық  ынтасын  дамыту, өз  бетімен  жұмыстарын  жүргізу  арқылы  білімдерін  жетілдіру, ақпараттық  бағдарлау  біліктілігін  қалыптастыру  және  сыни  тұрғыда  ойлау  қабілетін  арттыру  арқылы әр  түрлі  қоғамдық  ортада  өзін-өзі  көрсете  білуге  бейімдеу.

Егер  оқушы  жоба  тақырыбын  дұрыс  таңдай  отырып, жоспарлай  білсе, оны  дұрыс  орындай  алса – ол  болашаққа дұрыс  бейімделген  тұлға  болып  қалыптасады. Әртүрлі  жағдаяттарда  дұрыс  шешім  қабылдай  отырып, әртүрлі  адамдармен  тіл  табыса  отырып, әр  ортада  дұрыс  бағыт-бағдар  бере  алады.

Жобаның  тиімділігі – көзбен  көріп,  құлақпен  естіп, есте  сақтай  отырып  оқушыны  ізденіске,  іскерлік  пен  танымдық  ынтаға, шығармашылық  қабілетті  жетілдіру  арқылы  түрлі  мәселелерді  шеше  білуге, тапқырлыққа, жаңа  ғылыми  ізденіске  жетелеуде.

Жоба  жұмыстарын  ұйымдастыру  үшін, оны  жоспарлай  білу  қажет:



Жоба жұмысы кезеңдері

 

Жұмыс  мазмұны

Мұғалімнің негізгі

 іс – әрекеті

Оқушының

 іс-әрекеті

1. Дайындық  кезеңі

Жоба тақырыбын анықтау

Бір бағыт төңірегінде оқушыларды тақырып таңдауға ынталандырады. Топтағы әр оқушының пікірін ескере отырып, жұмысты жоспарлауға үйретеді.

Өз ойын ортаға салады, орындайтын тапсырмаларының мақсатын анықтайды.

2. Жоспарлау

Топқа бөлу, ақпарат жинау және талдаудың жолдарын көрсету. Әр топ мүшесі алдындағы жұмысын анықтайды

Оқушыларды өз беті мен ақпарат жинақтау ға бағыттайды.Әрбір топ мүшесінің пікірін ескере отырып, ұжымдық талдау шешімін тыңдайды. Ұсыныс береді.

Топа арасында өз қызметтерін анықтайды. Жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлайды, бірінші нәтижеге қол жеткізу уақытын белгілейді.

3.Зерттеу


Ақпарат жинау, аралық нәтижені талдау. Зерттеудің негізгі құралдары: сұхбат, анкета, бақылау, ғаламтор, баспа материалдары, энциклопедиялар

Оқушы күнделігін бақылап,әрбір топ жетекшісімен және топ мүшелерімен жеке сөйлесу, талдау,нәтижені салыстыру,арқылы алдағы жұмысқа бағыт беру

Өз зерттеулерін  жүргізеді.

4.Нәтижені  талдау

Ақпаратты  талдау.  жұмыс

Бақылайды, кеңес береді

өнімдерді  қарайды.



Өнімдерін  дайындайды, көрсетеді

5. Тұсау  кесер

Дайын өнімдерін қорғау  ауызша немесе жазбаша (буклет, альбом, презентация,коллаж) түрде жүзеге асады.

Тыңдайды, проблемалық сұрақтарын қою арқылы оқушыны сөйлетуге мүмкіндік жасайды.

Алған нәтиже туралы есеп береді, бір – бірін тыңдай отырып, толықтыра алады.

6.Бағалау

 

Шығармашылық жұмысты бағалайды, ұсыныстар береді, еңбек иелерін  алдағы мақсаттарға жетелейді.

Жұмыстары арқылы бірін-бірі, өзін-өзі бағалайды.

 

Жоба  жұмысын  дайындау   кезеңдері:

Бастапқы: негізгі  тақырыпты  анықтау;

Ізденіс: жоба  жұмыстарын, ақпарат,  әдебиет  көздерін айқындау, жоба  бойынша  жеке  жұмыстарды  топ  ішінде  ұйымдастыру;

Нәтижені  өңдеу: зерттеу  тақырыптары  бойынша презентациялар  дайындау

Тұсау  кесу: жұмыстарын  қорғау;

Пәні:  Дүниетану

Сыныбы: 3 – сынып

Тақырыбы:  Жануарлардың  сан  алуандығы. Орамжапырақ  көбелегі. Бал

арасы.


Мақсаты: 1.Оқушыларға  ғылыми  негізі бар  түсінік  қалыптастыру. Кейбір  бунақ  денелілердің  ерекшеліктерін жобалау, зерттеу әдістері  бойынша  ерекшеліктерін анықтап,оқушыларға  жеткізу;

2. Өмір тәжірибесінен білетіндері мен сурет арқылы алған түсінік ұғым дарын сабақтастырып сөйлеуге дағдыландыру, тілдік қорын,шығармашылық, танымдық  қабілеттерін, сөйлеу қорларын дамыту;

3.Табиғатты сүюге, жануарларды қорғауға баулу.

Сабақ  барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй  тапсырмасы «Өсімдіктер  тіршілігі» (  тірек-сызбалар  арқылы өсімдіктер ерекшеліктерін қорғау)

ІІІ. Жаңа  сабақ  («Миға шабуыл» ребус шешіліп,жаңа сабақ тақырыбы ашылды)


  1. Негізгі  зерттеу  сұрақтар:

а) Орамжапырақ   көбелегінің  ерекшеліктері  қандай?

ә) Неге бал  арасын – еңбекқор жәндік деп атайды?

в) Көбелектердің басқа түрлері, олардың ерекшеліктері мен қасиеттерін білгім келеді.

1. Презентациялар  шеруі



1 – топ 

Тақырыбы: «Орамжапырақ  көбелегі, оның  ерекшеліктері»

Ақпарат жинақтау: Топ  мүшелері

Өнімі: Мультимедиялық презентация

Қорғау: Топ  лидері

2 – топ

Тақырыбы: «Бал  арасы – еңбекқор  жәндік»

Ақпарат жинақтау: Топ  мүшелері

Өнімі: Буклет. Мультимедиялық презентация

Қорғау: Топ  лидері

3 – топ

Тақырыбы: «Көбелектер түрлері және олардың ерекшеліктері»

Ақпарат жинақтау: Топ  мүшелері

Өнімі: Коллаж. Мультимедиялық презентация

Қорғау: Топ  лидері

4.«Көбелектер түрлері және олардың ерекшеліктері»

Жұлдызқұрттардың   көбелекке  айналу  сәтінен  зерттеулер  нәтижесі

Жұлдызқұрт  көбелекке  мүлде  ұқсамайды.  Тіпті  мұндай  «құрттан»  қанаты  жібектей әдемі   көбелек  шығатынына  сенбейсің. Осы  жұлдызқұрттан  қалай  көбелек  шығатынын  зерттеп  көрейік.



Зерттеу  әдісі:

  1. Көбелектің  жұлдызқұрттарын олар  жүрген  өсімдіктің  жапырағымен  қоса жинап  аламыз.

  1. Оларды  банкаға  немесе  қорапқа  салып,  ішіне  ауа  керек  болатындықтан, аузын  дәкемен  жабамыз немесе  қақпақтың  аузын ұсақтап  тесіп  қоямыз.

  2. Жұлдызқұрттар  пайдаланған  ескі  жапырақтарды  алып  тастап, оның  орнына  жаңадан  жас  жас  жапырақтар  салып  отырамыз. Өйткені  олар  үздіксіз  қоректенумен  болады.

Нәтижесі:

  1. Жұлдызқұрттардың  түстері  солғындайды.

  2. Бір  күні  таңертең  жұлдызқұрттың  орнында  кіп-кішкентай  қуыршақ  жатыр.

  3. Біраз  күннен  кейін  қуыршақтың   мөлдір  пленкасы  жарылып, көбелектің  басы, аяқтары  және  арқасы  көріне  бастайды.

  4. Келесі  кезекте  пленканың  өзі  түсіп  қалады  да,  көбелек  сыртқа  шығады. Оның  әдемі  қанаттары  әзірге  көрінбейді. Өсе  келе  байқалатын  болады.




Түйін: Көптеген  бунақденелілер  жұмыртқадан  жаратылса, көбелектердің  дернәсілі – жұлдызқұрт. Өзінен  көбелек  шығатын  жұлдызқұрт  көбелекке  мүлде  ұқсамайды. Көбелек  жұлдызқұрты  жапырақтармен  қоректенеді.

 Бал  арасы Осы бір кішкентай бал арасы қаншалықты бал тасуы мүмкін. Өйткені бір омартадан ондаған килограмм бал алынады.Бір килограмм балға айналатын гүл шырынын жинау үшін бал арасы 300 мың км-дей ұшып, сол кезде 19 млн. гүлге қонуы керек. Ал бірнеше кг бал жинау үшін миллиондаған км қашықтыққа ұшады деген сөз.



Жұмысшы ара небәрі 30 – 35 күн ғана өмір сүреді екен.Алайда, бал арасының еңбекқорлығы бекерден – бекер мақалға айналмаған: өйткені, бір бал арасы сағатына 6,5 км жылдамдықпен ұшып, бір жұмыс күнінің ішінде шамамен 7000 гүлге қонады екен. Оның барлық органдары гүлдеген өсімдіктерден шырын жинауға бейімделген: артқы аяқтарындағы арнайы щеткалары мен себетшелері арқылы тозаң жинайды әрі оны тасымалдайды. Ұзын тұмсығымен гүл шырынын сорады, жемсауында гүл шырыны балға айналады, тіпті тапқан шырынды өсімдіктерін біріне – бірі хабарлайтын күрделі хабарлауыш жүйесі де бар.Жұмысшы аралардың қызметтері қатаң ажыратылған: біреулері тамақ тауып ұяға алып келеді, екіншілері оны алып балауызға құяды, үшіншілері балауызды тазартады, төртіншілері қанаттарымен ұяны желдетеді. Бесіншілері «күзетшілік» қызметін атқарып, ұяның есігін бағады және жауларын ішке кіргізбейді. Ал алтыншылары лечинкаларды тамақтандырады.Аналық аралар ешқандай жұмыс жасамайды екен, олар тек өздерінің күтімімен ғана болады және соны басқа аралардан да талап етеді екен.

Міне, қызық!  Ара  бір   ғана  рет  шағады  екен. Өйткені  оның  құйрығындағы  шаншары  адамның  денесінде  қалып  қояды  да, шаншарынан  айырылған  ара  көп  кешікпей  өледі  екен.

  1. Венн  диаграммасы  арқылы  орамжапырақ  көбелегі  мен  бал  арасының  ұқсастықтары  мен  ерекшеліктерін  айқындау. 

Не  білдім?

Не  білгім келеді?

Не  үйрендім?

Жануарлар, жәндіктер  туралы қызықты мәліметтер, ерекшеліктерді білдім

Басқа да қызықтыратын мәліметтерді

Жобалауды, зерттеу  жасауды, коллаж  құрастыруды, жұмысымды қорғауды үйрендім

 

ІV. Үйге  тапсырма: мәтін  бойынша  тірек – сызба құрастыру, мазмұнын

Баяндау

V. Рефлексия



Пәні:  Ана  тілі

Сыныбы: 1 – сынып

Тақырыбы:   «Малдың  төлін  сүюі»

Мақсаты:  1.Жануарлардың төлдеріне деген махаббатын оқушыға ұғындыру.

2. Мәнерлеп  оқу дағдыларын жетілдіре  отырып, сөйлеу  қорларынкеңейту. Зерттеу, жобалау  жұмыстарына бағыт   беру.

3.Ата-ананы  сыйлауға, құрметтеуге  баулу.

Көрнекілігі:  төрт  түлік пен  төлдерінің  суреттері, техникалық құралдар, буклетер,рефераттар.

Сабақ  барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ.Үй  тапсырмасы «Төрт  түлік  малдың қасиеттері  мен  ерекшеліктері»



Зерттеу  сұрақтары:

1. Түйе, бота, нар  туралы  білгім  келеді?

2. Жылқылар  туралы  білгім  келеді?

3. Сиыр мен  бұзау  туралы  не  білесіңдер?

4. Қой  мен  ешкіні   неге  бірге  қосады?

1 – топ 

Тақырыбы:   «Түйе»

Ақпарат  жинақтау:  Топ  мүшелері

Өнімі:    А4 форматты буклет

Қорғау: Ибатуллина Айару

2 – топ 

Тақырыбы:   «Жылқы»

Ақпарат  жинақтау:  Топ  мүшелері

Өнімі: А4 форматты буклет

Қорғау: Қарсақбаев Аят

3 – топ 

Тақырыбы:   «Сиыр»

Ақпарат  жинақтау:  Топ  мүшелері

Өнімі:  Реферат

Қорғау:Уалиева Сабина

4 – топ 

Тақырыбы:   «Қой»

Ақпарат  жинақтау:  Топ  мүшелері

Өнімі:    А4 форматты буклет

Қорғау:Ашығалиев Болатбек
Алынған ақпараттар:

4.Ойсылқара өсірген

1. -Түйенің төлі-бота. Мұның басқа жануарлардан ерекшелігі арқасында екі өркеші болады. Шұбаты денсаулыққа шипалы.Бұл мал көбінесе құмды жерде жүреді. Олар өйткені суға шыдамды.Сондықтан мұны шөлді жерде көлік ретінде пайдаланады.


2. Қамбарата өсірген

-Жылқы баласы-құлын. Бұл өте мықты мал. Қандай жүк брлсада көтере алады. Алыс жолға жүре алатын, көлік ретінде пайдаланған жануар.


3.Сиыр төлі-бұзау. Өте тойымсыз, қомағайлау мал.Тілі өте ұзын болады екен.Сонымен өзіне керекті тамағын тауып жейді.

Тілімен мұрын жалаған

Тілімен бойын тараған
4. Ешкінің төлі-лақ. Бұл өзі жеңіл қозғалатын, бақырауық дауысы бар,шыдамсыз төзімі аздау мал.

-Қойдың төлі-қозы. Бұлар өте жуас, момын жануар екен.Сондықтан көбіне халық қой асыраған.



2.Төлдерінің әрқайсысын әрқалай шақырады екен.
Ешкі шөре-шөре.

Қой пұшайт-пұшайт

Түйе кос-кос

Сиыр аухау-аухау

Жылқы құрау-құрау

3.Төлдердің бізге беретін өнімі

Жылқы (Ет, қымыз, қазы).

Сиыр (сүт, жүн).

Қой мен ешкі (ет,терісі,сүт,жүні).

Түйе (шұбат,жүні).

 ІУ. «Әдеби  мәтін» кезеңі

- «Малдың  төлін  сүюі» өлеңін  оқып,  түсіндіру.

- Өлеңді  оқушыларға  тізбектей  оқыту, талдау.

У. Не  үйрендік? Не  білдік? (Оқушылар  пікірін  тыңдау)

УІ. Үйге  тапсырма: 1.«Малдың  төлін  сүюі» өлеңің  мәнерлеп  оқу,



Малдар

Төлдері

Қалай еркелетеді?

Қой

Қозы

Қоңырым





































2.  Кесте  толтыру (үлгі бойынша аяқтау)

УІІ. Қорытындылау. Бағалау.



Қорытынды:

Сонымен, оқушыларға  дайын  өнімді  қабылдайтын  ғана  емес, өз  бетімен  ізденетін , дербес  іс-әрекет  жасай  алатын  тұлға  ретінде  қарау – жобалау  технологиясының  негізі. Оқушының  зерттеу  және  жобалау  мүмкіндіктерін бағалай  келіп, баламен  жұмыс  барысында жобалау  әдістері  мен зерттеушілік  оқыту   әрекеттерінің  пайдасын түсіне  білу. Жобалаумен  қатар  зерттеушілік  жұмыстар   да  атқарылады. Зерттеу  жұмыстарының  барлық  кезеңдерінде негізгі күтілетін  нәтиже – баланың  жаңадан  алған  білімін игеру  қабілетін, алған  материалды  талдау, өңдеу  және  зерттеу  әдісінің  дағдыларын  дамыту.

 Бастауыш  сыныптар  үшін  жобалау  әдісі  арқылы:

 •  Білімді  өздігінен  меңгеруге,  сол  білімді  жаңа  танымдық  және  тәжірибелік  мәселелерді  шешуге  жұмсауға  үйренеді;

•  Коммуникативті білік – дағдыны  меңгереді;

•  Қажетті  ақпараттарды  жинауға үйренеді;

•  Қорытынды  шығарып, түйіндер  жасауға  дағдыланады;

•  Талдау  жасауға  үйренеді;

 Жаңа  жобалап  оқыту  технологиясы   оқу – тәрбие   үрдісінде  жоғарғы  нәтижелер  береді:


  • Сабақтың  нақты  мәнін  терең  ашуға  көмектеседі;

  • Оқушылардың  барлығын  сабаққа  қатыстыруға  мүмкіндік  туады;

  • Оқушылардың  әрқайсысының  деңгейін  анықтай  аласың;

  • Оқушыларды  түгелдей  бағалау  мүмкіндігі  туады;

  • Оқушыларды  ізденіске  баулып, өз  бетімен  жұмыс  істеуге

  • дағдыландырады;

  • Оқушылардың   қабілеттері, сөз  саптау  еркіндігі,  ұйымшылдығы, шығармашылық  белсенділігі  артады;

  • Жеке  шығармашылығын  шыңдауда, өзіне  деген  кәсіби  сенімін  қалыптастырады;


Қолданылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.


2. Қазақстан Республикасы Президентінің халқына жолдауы.
3. «Білімдегі жаңалықтар» журналы, 2012 ж
4. «Жобалап оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» М.М.Жанпеисова, Алматы, 2009.
5. «Бастауыш сыныпта оқыту. Барлық пәндер бойынша» журналы 2011ж.
6. «Бастауыш мектеп» журналы


: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет