Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту



жүктеу 62.04 Kb.
Дата18.11.2017
өлшемі62.04 Kb.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық

қабілеттерін дамыту
Баланың қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз оқушыларының дамуына үнемі қамқорлық жасап отырған. Адамның ақыл - ойын, қабілеттерін дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған шығыстың әйгілі ойшылы Әл - Фараби болды.
Бүкіл бір халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің қара сөздерінде /43 сөзі / бала өмірге келгендегі қабілеттері әрі қарай дамытуды, шыңдауды қажет ететін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал назардан тыс қалған қабілеттілер бара - бара жойылып, жоқ болатынын айтқан.
М. Жұмабаев өзінің педагогика оқулығында баланың дамуының мәселелерін көтереді. Ол үшін оның танымын, ақылын, еркін, зейінін қалыптастыру керек екенін жазады.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін таңдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді.
Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері, дей келе олар қоғамдық тарихи іс әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап көрсетеді.
«Қабілеттер» - білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері» - дейді А. В. Петровский. «Қабілет іс - әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауға тырысатын адамның жеке қасиеті»,- деп жазады Т. Тәжібаев.
«Қабілеттер» - адамның іс - әрекетінің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері» - деген де анықтама бар. Мүмкіндік білім де, дағды да емес. Ол адамның белгілі бір істі орындауға даярлығы»,- деп қарастырады Ә. Алдамұратов.
Психологтар қабілеттердің 2 түрлі деңгейі болатындығын дәлелдеген.
Репродуктивті /өнімсіз/ - іс - әрекетті, не білімді берілген үлгі бойынша қабылдай, меңгере алу деңгейі.
Ал «шығармашылық» сөзінің мәні неде?
«Шығармашылық» сөзінің төркіні /этимологиясы/ «шығару», «іздену», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап, жетістікке қол жеткізу деген сөз. Ал «шығармашылық» мәселесін терең зерттеген Я. Н. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыдағы баланы жаңа психикалық сапаға көтереді.
Бұдан біз «шығармашылық» ұғымының негізгі белгісі «жаңалық» болғанымен, ондағы тұлғаның, адамзаттың, қоғамның дамуына әсер ететін ерекше күштің бар екенін байқаймыз.
Шығармашылық қабілет деген не? Қабілеттердің шығармашылық деңгейге көтерілуі неге байланысты деген сұрақтар әрбір ұстазды мазалайды деп ойлаймыз. Шығармашылық әрекет өте күрделі процесс және ол адамға ғана тән.
Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында әуел баста салынған. Мұғалімнің міндеті - оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндікті ашып көрсету.
Шығармашылық - бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халық және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс - әрекетіне сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Оқушының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез - келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез - келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы - ол баланың өзін - өзі қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс - тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.
Екі әрекетте оқушылар екі түрлі мүдделер көзделген әртүрлі мақсаттар шешеді. Мысалы, оқу әрекетінде белгілі бір ережені меңгертетін, дағдыны қалыптастыратын жаттығулар орындалса, шығармашылық әрекетте баланың іздену жұмысы басты нысанада болады. Сондықтан оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдай шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.
Балалардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін ашудың және дамытудың көп тәсілі бар:
Әңгіме бойынша сурет салу
Оқушылардың жаңа ғана айтылған ертегі немесе нақылға орай қандай да болмасын сурет салуды сұраңыз. Бала өзін бейнелеу өнерінің шебері ретінде сезінеді, сонымен бірге әңгіменің мазмұнын есінде жақсы сақтап қалады. Өйткені ол әңгіменің мазмұнын ішкі сезімімен жеткізуді көздейді.
Белгілі бір суретке қарап, соның суретін салғызуға болады. Ол үшін:
1. Суретті мұқият қарауға уақыт беру.
2. Оқушыларға берілетін тірек - схемалар:
- Сенің ойыңша мына сурет қашан салынған?
- Суретші қандай көңіл күйде болған?
Осы сияқты тағы басқа да суреттер бойынша әңгіме құрастыруға болады.
Жалпы адамзаттық құндылықты бейнелеу.
Сабақтың тақырыбы бойынша балалардан адамның әлдебір сапасы туралы айтатын бір нәрсені бейнелеуді сұраңыз. Мүмкін бұл оларға алғашқыда қиын тапсырма болып көрінер. Алайда, балалар уақыты келгенде кез - келген шығармашылық ойды қағаз бетінде түсіруге болатынын түсінеді және оны өзіндік пікірмен қоса, әсерлі жеткізуді мақсат етеді.


Проза және өлең шығару.
Балалардың ішінде әлдекімге өзінің сезімдерін суреттер арқылы емес, сөзбен жеткізу жеңіл болады. Бұл қабілет егер оқушылар ән айту немесе музыка тыңдау кезінде өздерінің әсерленушілігі туралы жазуға талаптану кезінде байқалады. Кейбір балалар сезімдерін өзі шығарған өлеңдерінде айқын көрсетуге қабілетті келеді. Сонымен қатар өзінің ішкі ойын толықтыру мақсатында ақындардың өлеңдерін пайдаланады.
Ішкі дүниенің бейнелері.
Бұған дейін айтылғандай, тыныштықта отыру шығармашылыққа кеңістік береді. Егер балалардан өз бойына шолу кезінде олардың нені көргенін қағаз бетіне түсіруді сұраса, баланың ішкі дүниесінің қаншалықты бай екеніне көз жеткізуге болар еді. Балалар ойы ғажайып бейнелерді қамтуға қабілеті жететінін тәжірибе көрсетті. Солардың бірі жарыққа малынған бүкіл әләмді бейнелейді, басқалары өз жүрегіндегі әдемі гүл түрінде өзінің сезімдерін жеткізуге тырысады.
Біздің ойымызша бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады.
Ол үшін мына төмендегі шарттар орындалуы тиіс:
Біріншіден, баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастан қолға алу. Мысалы, біз тіл үйрету үшін баланың туған сәтінен бастап сөйлесе бастаймыз ғой. Немесе музыканттар жан ұясында үнемі музыка естіп өскен баланың сол өнерге қабілеті ерте ашылады. Осыны басқа қабілеттер дамытуға неге пайдаланбасқа!
Екіншіден, баланың жүйелі, тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық әрекеттер жағдайында болуы. Ерекше ойды талап ететін әлеуметтік қарым - қатынастар шығармашылық қабілеттер дамытуға тиімді әсер етеді деп ойлаймыз.
Үшіншіден, шығармашылық жұмыстар баланың ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жетуі керек. Күн асқсн сайын ол деңгей биіктей беретіндей болуы қажет. Осындай тынымсыз ой қызметі ғана бала дамуына үлкен нәтиже береді.
Төртіншіден, ең негізгі шарт - бала әрекеттің әр түрімен айналысуға, тыңдауына деген еркіндігінің болуы. Баланың жұмыспен айналысуға деген қызығушылығы, қанша уақыт айналысамын десе де өз еркі болуы керек. Мұндай қызығушылық, қажеттілік, табысқа жетудің бірден - бір кепілі болып табылады. Бірақ балаға берілетін еркіндік үлкеннің қамқорлығын, көмегін талап етеді. Міне, бұдан шығармашылық қабілеттер дамытудың бесінші шарты шығады. Еркіндік - ойға не келсе соны істеуге, ал қамқорлық, көмек бала үшін жұмыс істеуге айналмауы керек. Балаға елеусіз болса да өз күшімен, өз ойымен, қиындықты жеңе отырып «жаңалық» ашуға жағдай жасауымыз керек.
Осы жағдайларды ескере отырып, өз сыныбымның оқушыларын 1 - сыныптан бастап бақылау жасай отырып, дамыта оқыту технологиясымен жұмыс жасап келдім.
2-сыныптан бастап шығармашылық тапсырмалар күрделене түседі. Мысалы, әртүрлі сызба бойынша сөздер ойлау, және осы жылы оқушылардың ой шапшаңдығын дамытып, шығармашылығын арттыратын жұмыстардың бірі өлең құрастыру, ой толғау жазу. Ең алғаш «ұйқас» деген сөздің мағынасын түсіндіріп, оқыған өлеңдегі ұйқастарды тауып, қалай жазылып тұрғанын талдаудың мәні зор. Осыдан келе шығармашылық тұлға негізі бастауыш сыныпта қаланатыны анық. Осы жастағы балалар бойында шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген халқымыз. Жалпы шығармашылық буынды өмірге келгенге дейін ұстаз шәкірттің өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы, бапкері болуға тиіс. Оқушы шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата - аналар тарапынан қолдау тауып отыруы керек. Мысалы: «Оқушылар шығармашылығы» атты айдарда бастауыш сыныпта оқытқан оқушыларымның жазған алғашқы еңбектері жазылды. Ерекше атап өтсем

6 «А» сынып оқушысы Оралбай Жанар- «Алғашқы ұстазым» Бұқар жырау жаршысы 2013 жыл, Дакей Нұрсұлтан «Мен Елбасыммен мақтанамын »-2013 ж



Мен өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларымен шығармашылық жұмыстың төмендегідей түрлерін жүргізуге болатынын байқадым.
1. Балаларға белгілі бір тақырыпта (баспасөз бетіне) әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну.
2. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыға тапсыру.
3. Ұйқас ұсыну арқылы өлең шығару.
4. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазу.
5. Мәтін бойынша мақал құрастыру.
6. Табиғат құбылысына байланысты жұмбақтар шығару.
7. Берілген тірек сөздер арқылы қызықты мәтін құрастыру т. с. с.
Шығармашылық тапсырма түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшелігіне, шығармашылық қабілеттің даралығына қарап әрі қарай жалғастыра беруге болады.
Сонымен, менің байқауымша бастауыш сыныптарда шығармашылық жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады. Олар жаңа идеяға проблемаларды өздігінен шешуге тырысады деп білемін.


Қушоқы ЖББОМ-нің, 1-санатты бастауыш сынып ұстазы, Алибаева Қ.А
: images -> files
files -> 4. Минимальная площадь на одно стоматологическое кресло (в кв м)
files -> Региональный центр «Шығыс» управления образования вко жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбы бойынша биология
files -> Сабақтың тақырыбы: Көктем Мақсаты: Көктем тақырыбына шолу жасай отырып, өз ойларын дәлелдеуге дағдыландыру. Міндеттері
files -> Ұбт-ға даярлаудағы тиімді әдістері өскемен 2015
files -> Химиялық таңбасы – аі
files -> Твором фтора простой и эффективный способ профилактики кариеса
files -> 1. Специфические рецепторы




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет