Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауына бейінді және бейіналды курстардың ЫҚпалы



жүктеу 76.38 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі76.38 Kb.
Оразбекова Г.А

Астана қаласы

№54 мектеп
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫНА

БЕЙІНДІ ЖӘНЕ БЕЙІНАЛДЫ КУРСТАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ
«Оқыту үрдісіндегі оқушылардың логикалық

ойлау қабілетін қалыптастыру өзіндік мақсат емес,

ол – белсенді тұлғаны тәрбиелеу құралдарының бірі»

В.Давыдов
Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті қоғам орнату жолында жас ұрпақтың бойына білім нәрін егу мен тәрбиелеуде жаңашылдыққа ұмтылу, білім беру жүйесін реформалау, нәтижеге бағытталған білім берудің моделін жасау басты талап. Нәтиже - жеке тұлғаның құзырлылығы. Құзырлылық дегеніміз – баланың терең білімі.

Сондықтан пәнді тереңдетіп оқыту – қазіргі заман талабы. Биылғы оқу жылында 3 « б»- сыныбында математиканы тереңдетіп оқыту үшін жұмыстық оқу жоспарының вариативті бөлігінің мектеп компонентінен 2 сағат «Логика» сағаты берілді.



«Логикалық ойлау» дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой-пікірлерді тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Баланың логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқу-тәрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс.

Логика пәнін оқытудағы басты мақсатым – оқушылардың жалпы білімін,байқағыштық,құрастыру қабілетін ,ойлау және қабылдау , шығарма -шылық ізденісін дамыту,қызығушылығын арттыру

Пәннің ерекшелігі :

Оқушының белсенділігі артады, ой еңбегі жетіледі. Белгілі бір нәтижеге жеткенін іштей сезеді. Өзіне -өзі деген сенімділігі артады. Өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға тәрбиелейді. Шығармашылық деңгейге дейін жетуге ұмтылады, қызығушылығы артады. Зер сала қарасақ, оқушының білімді қабылдау деңгейі тереңдей түседі.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды икемділік пен шеберлікке баулу үшін пайдаланылады.Логикалық есептер кеңірек ойлауды қажет етеді.

Мен оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мынандай талаптарды басшылыққа алдым:



  • Сабаққа оқушыларды түгелдей қамту;

  • Жеке дара қасиеттерін ескере білу;

  • Іс-әрекетке қызықтыра білу.

Білім беру мазмұны кейбір пәндерде теориялық материалдарды ірілендіріп ұсыну арқылы да оқушы логикалық ойлауға бағыттайды. Оқушы психикасы, таным, ерік-жігері, сезім күштері дамуымен тығыз байланыста. Оқушының логикалық ойлауы мынандай жолдармен дамиды:

  • Ақыл-ой әрекеті үстінде;

  • Білімді меңгеру;

  • Тіл үйрену;

  • Жылдам есептеу.

Ой процесінің негізгі формалары

1 .Ұғым 3. Индуктивті ой қорытындысы

2. Пікір 4. Дедуктивті ой қорытындысы.

Ойлау түрлерін сыныптауға байланысты психологияда кең тараған бағыттарының бірі:


  1. Затты әрекеттік.

  2. Көрнекі-бейнелі.

  3. Сөздік логикалы.

М. Жұмабаев «Ойлау – жанның өте бір қиын терең іс. Жас балаға тым ауыр. Сондықтан мұғалім оқушының ойлауын өркендеткенде, сақтықпен басқыштап істеу керек» деген. Логикалық ойлау оқушының тапқырлыққа, тез есептеуге, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға әсер етеді.

Адамның ойлауы қандай формада жүзеге асырылса да, тілсіз мүмкін емес. Оқушыларға тапсырманы біртіндеп күрделендіре түссем, сонда логикалық ойлау қабілеттері қалыптаса бастайды.



Бағдарлама 4 тараудан бөлініп жасалынды:

1.Тез есептеу әдістері

2.Математикалық ойындар

3.Қызықты топтамалар(сиқырлы геометриялық фигуралар)

4. Математикалық ребустар,сөзжұмбақтар

Тез есептеу әдістері тарауында ауызша есептеуге байланысты есептер жиынтығы беріледі.Себебі ауызша есептеу оқушының ойлауын дамытады,математикаға қызығушылығын арттырады,тыңдай білуге,байқағыштыққа,шапшаң есептеу дағдыларын қалыптастыруға итермелейді.

Мысалы: «Самса санауға көмектес»

Арман,Алмас,Марат үшін,

Апам пешке самса салды,

Самса пісіп даяр болды,

Мысық бірін ала салып,

Жүк астына тыға қойды.

Немересі санады да

Төртеу бар деп айғайлады.

Егер келсе шамаңыз,самса қанша санаңыз.т.б.
Математикалық ойындар арқылы оқушылар ойын тиянақтауға,өз бетімен ой қорыта білуге дағдыланады.Баланың білімге ынталануышылығы,,оған мән беру қабілеті дамиды,пәнге қызығушылығы артады.Мұндай ойын кезеңінде жаңа ұғымдармен танысады,білімі орташа балалардың өзі ойын кезінде белсенділік білдіріп,қабілеттілігі арта түседі. Мысалы: «Суретшілер жарысы» ойыны

Мақсаты: Алдарында түрлі нүктелер беріледі,соны тапсырма арқылы қосқанда тиянақты бір нәрсенің бейнесі шығады.

Қызықты топтамалар(сиқырлы геометриялық фигуралар), сөзжұмбақтар,ребустар шешу оқушылардың қызығушылығын арттыруда белсенді роль атқарады.

Мұндай сабақтардың құрылысы 4 кезеңнен тұрады:


  1. Машық. Сергіту;

  2. Оқушылардың шығармашылық қабілетінің негізі болатын психологиялық механизмдерінің дамуы (ес, зейін, қабылдау, ойлау);

  3. Іздену тапсырмаларын орындату;

  4. Оқушыларға белгілі түсінікпен жаңалықты көруге тәрбиелеу, мақсатында логикалық тапсырмаларды орындату.


Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері:

  1. Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар (ребус, сөзжұмбақ, анограмма, сиқырлы шаршылар, геометриялық фигуралар);

  2. Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар (математикалық мақал-мәтел, логикалық есептер, қалжың есептер).

Осындай тапсырмалар орындау барысында оқушылардың субъектілік алғы шарты туындайды:



  1. Пәнге қызығушылығы артады;

  2. Ой-өрісі дамиды;

  3. Шығармашылық пен дарындылық пайда болады

Білім беру мазмұны кейбір пәндерде теориялық материалдарды ірілендіріп ұсыну арқылы да оқушы логикалық ойлауға бағыттайды. Оқушы психикасы, таным, ерік-жігері, сезім күштері дамуымен тығыз байланыста. Оқушының логикалық ойлауы мынандай жолдармен дамиды:

  1. Ақыл-ой әрекеті үстінде;

  2. Білімді меңгеру;

  3. Тіл үйрену;

  4. Жылдам есептеу.

Осындай зерттеу жұмысының қорытындысынан мынандай сызба-нұсқаны ұсынамын

Осындай тапсырмалар орындау барысында оқушылардың субъектілік алғы шарты туындайды:



  1. Пәнге қызығушылығы артады;

  2. Ой-өрісі дамиды;

  3. Шығармашылық пен дарындылық пайда болады.

1. Оқушының субъектілік тәжірибесін ашуға мүмкіндік беру, әр түрлі тәсілдерді пайдалану.

2.Логикалық есептерді шығаруда қажетті білім-білік дағдысын қалыптастыру.

3.Оқушыны тапқырлыққа, іскерлікке жетілуге арналған дидактикалық тапсырмаларды орындату, жинақтау.

4.Логикалық есептер жинағын жасау


Қорытындылай келе оқытудың бейіналды курстар негізінде жүзеге асыру оқушының шығармашылық потенциалын дамытуға мүмкіндік береді. Өз бетімен танымдық және зерттеушілік қызметін меңгертеді, логикалық ойлау қабілетінің субъектілігінің алғы шартын қалыптастырады деп ойлаймын.

Оразбекова Г.А

Астана қаласы

№54 мектеп




«БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫНА БЕЙІНДІ ЖӘНЕ БЕЙІНАЛДЫ КУРСТАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ»

тақырыбында оқыған баяндама тезисі
Математиканы тереңдетіп оқыту – қазіргі заман талабы. Биылғы оқу жылында 3 « б»- сыныбында математиканы тереңдетіп оқыту үшін жұмыстық оқу жоспарының вариативті бөлігінің мектеп компонентінен 2 сағат «Логика» сағаты берілді.

«Логикалық ойлау» дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой-пікірлерді тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Баланың логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқу-тәрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс.

Логика пәнін оқытудағы басты мақсатым – оқушылардың жалпы білімін,байқағыштық,құрастыру қабілетін ,ойлау және қабылдау , шығарма -шылық ізденісін дамыту,қызығушылығын арттыру

Пәннің ерекшелігі :

Оқушының белсенділігі артады, ой еңбегі жетіледі. Белгілі бір нәтижеге жеткенін іштей сезеді. Өзіне -өзі деген сенімділігі артады. Өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға тәрбиелейді. Шығармашылық деңгейге дейін жетуге ұмтылады, қызығушылығы артады.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды икемділік пен шеберлікке баулу үшін пайдаланылады.Логикалық есептер кеңірек ойлауды қажет етеді.

Бағдарлама 4 тараудан бөлініп жасалынды:

1.Тез есептеу әдістері

2.Математикалық ойындар

3.Қызықты топтамалар(сиқырлы геометриялық фигуралар)

4. Математикалық ребустар,сөзжұмбақтар

Тез есептеу әдістері тарауында ауызша есептеуге байланысты есептер жиынтығы беріледі.Себебі ауызша есептеу оқушының ойлауын дамытады,математикаға қызығушылығын арттырады,тыңдай білуге,байқағыштыққа,шапшаң есептеу дағдыларын қалыптастыруға итермелейді.

Математикалық ойындар арқылы оқушылар ойын тиянақтауға,өз бетімен ой қорыта білуге дағдыланады.Баланың білімге ынталануышылығы,,оған мән беру қабілеті дамиды,пәнге қызығушылығы артады.Мұндай ойын кезеңінде жаңа ұғымдармен танысады,білімі орташа балалардың өзі ойын кезінде белсенділік білдіріп,қабілеттілігі арта түседі. Мысалы: «Суретшілер жарысы» ойыны

Мақсаты: Алдарында түрлі нүктелер беріледі,соны тапсырма арқылы қосқанда тиянақты бір нәрсенің бейнесі шығады.

Қызықты топтамалар(сиқырлы геометриялық фигуралар), сөзжұмбақтар,ребустар шешу оқушылардың қызығушылығын арттыруда белсенді роль атқарады.

Мұндай сабақтардың құрылысы 4 кезеңнен тұрады:


  1. Машық. Сергіту;

  2. Оқушылардың шығармашылық қабілетінің негізі болатын психологиялық механизмдерінің дамуы (ес, зейін, қабылдау, ойлау);

  3. Іздену тапсырмаларын орындату;

  4. Оқушыларға белгілі түсінікпен жаңалықты көруге тәрбиелеу, мақсатында логикалық тапсырмаларды орындату.


Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері:

  1. Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар (ребус, сөзжұмбақ, анограмма, сиқырлы шаршылар, геометриялық фигуралар);

  2. Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар (математикалық мақал-мәтел, логикалық есептер, қалжың есептер).


Оқушылардың субъектілік алғы шарты туындайды:

1.Пәнге қызығушылығы артады;

2.Ой-өрісі дамиды;

3.Шығармашылық пен дарындылық пайда болады.



Қорытындылай келе оқытудың бейіналды курстар негізінде жүзеге асыру оқушының шығармашылық потенциалын дамытуға мүмкіндік береді. Өз бетімен танымдық және зерттеушілік қызметін меңгертеді, логикалық ойлау қабілетінің субъектілігінің алғы шартын қалыптастырады деп ойлаймын.
: uploads -> doc -> 100a
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
100a -> Сабақ типі: жаңа білімдерің қалыптастыру Әдістері: әңгімелесу, мәтінмен жұмыс, топпен жұмыс
100a -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ішкі суларының түрлері Сабақтың мақсаты




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет