Бастауыш оқыту сатысының 2 сынып курсы пәндері бойынша бақылау өлшеуіштерінің банкісі



бет1/3
Дата13.01.2019
өлшемі464.63 Kb.
  1   2   3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ, ЕҢБЕКШІЛДЕР АУДАНЫ, КРАСНОФЛОТ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІ.




Бастауыш оқыту сатысының

2 сынып курсы пәндері бойынша

бақылау өлшеуіштерінің банкісі

Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі Жапан Райзагул



2016 -2017 оқу жылы.



І. Түсінік хат
«Қазақ тілі» – бастауыш мектептегі негізі де маңызды пән. «Қазақ тілі» пәні арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. Бұған қоса тілді оқып-үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, олардың ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетіледі.

Қазақ тілі пәнінде қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады.

Пәнді оқытудың мақсатыоқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін меңгерген, алған тілдік білімдерін өмір жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

Қазақ тілі пәнінің міндеттері:



  • дұрыс, түсініп және мәнерлеп оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру;

  • тілдік қарапайым түсінік, орфографиялық, пунктуациялық біліктілік қалыптастыру;

  • сөйлеу әрекетінің түрлерін (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) меңгерту және сөйлеу жанрларын әр түрлі жағдайларда қолдана білуге үйрету;

  • алғашқы тілдік фактілерді танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және жинақтау дағдыларын қалыптастыру;

  • тілдік материалдар негізінде теориялық білім беру арқылы оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамыту;

  • оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;

  • диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын жетілдіру;

  • өздігінен мәтін құру, өз ойларын ауызша және жазбаша еркін жеткізе білу дағдыларын жетілдіру;

  • оқушының бойында адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті, елжандылықты, имандылықты дамыту;

  • қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Бастауыш мектепте оқу пәні мазмұнын іріктеуді реттейтін дидактикалық негіздер боынша оқытылатын тілдік материалдар мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай ғылымилық, сабақтастық, жүйелілік, түсініктілік дидактикалық ұстанымдары негізінде сұрыпталды. Бағдарлама құруда басты ұстаным ретінде коммуникативтік ұстаным алынды. Бұл ұстаным тілдің сөйлеу және таным құралы екенін терең ұғынуға мүмкіндік береді.

Қазақ тілі оқу пәнінің мазмұнын түзу мен іріктеудің басты функционалдық және коммуникативтік ұстанымдары пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталады. Ал қолжетерлік ұстаным оқу мазмұнын сызықтық-концентрлік жүйемен орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Материалды концентрлі оқыту тілдік ақпаратты сыныптан сыныпқа (2,3,4) өткен сайын біртіндеп күрделендіре түсуге мүмкіндік береді.

Пән бойынша оқу жүктемесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 2-4 сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылады.

Оқу жылындағы барлық сағат саны:

2-сыныпта – аптасына 4 сағат, жылына - 136 сағат;

3-сыныпта – аптасына 4 сағат, жылына - 136 сағат;

4–сыныпта – аптасына 4 сағат, жылына - 136 сағат.

Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі

Пәнді оқытудың вариативті бөлігі оқушылардың білімдерін одан әрі жетілдіре түсу мақсатында пайдаланылады. Білім алушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың өз ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіру мақсатында сынып оқушыларының сұранысына орай арнайы сабақтар ұйымдастыру қажет. Мәселен:

2-сынып «Сөздер сыры», «Сауаттылық елінде».




ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
2-сынып оқушылары:

  • тіл және сөйлеудің мәні мен қажеттігін;

  • өтілген дыбыс түрлерін;

  • мәтіннің жеке сөйлемдерден өзгешелігін;

  • сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерін,

  • түбір мен қосымшаны, қосымшаның түрлерін;

  • өтілген сөз таптарын;

  • мәтінге ат қоюды біледі.

  • Дыбыс түрлерін ажыратады;

  • белгілері бойынша дыбыстық талдау жасайды;

  • сөз құрамына талдау жасайды;

  • өтілген сөз таптарын талдайды;

  • мәтіннің әр бөлігін азат жолдан бастап жазады;

  • сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қоюға дағдыланған.

  • Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерін (хабарлы,

сұраулы, лепті) ажыратады және оларды сөйлеу тәжірибесінде

пайдаланады;



  • тірек сөздер, жоспар бойынша мәтін құра алады;

  • қоршаған орта мен мақсатқа сәйкес диалог құра алады;

  • өтілген орфографиялық нормаларға сай қатесіз жазады.


Қазақ тілі сабақтарындағы жазба жұмыстары:
Оқушылардың каллиграфиялық дағдыларын жетілдіру үшін көркем жазуға 2 сыныпта әрбір грамматика сабақтарында шамамен 3-5 минут уақыт бөлінеді.

2 сыныпта жазылуы қиын сөздерді, сөйлемдерді, шағын мәтіндерді қатесіз, әрі каллиграфиялық талапқа сай жазу дағдыларын жетілдіруге бағытталған жаттығулар орындалады.



Қазақ тілінен жүргізілетін негізгі

жазба жұмыстары - көшіріп жазу, жатқа жазу,

диктант, мазмұндама, шығарма.
Диктант

Есту диктанты, көру диктанты, сөздік диктант, шығармашылық диктанттары күнделікті сабақта ыңғайына қарай мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіліп отырады. Ал оқушылардың сауаттылығын тексеруге арналған диктант 2 сыныпта шамамен 4 рет (әр тоқсан сайын 1 рет) алынады.



Бақылау диктанты әр сыныпта шамамен 5 рет

(әр тоқсан сайын- 1 рет, оқу жылының

қорытындысы бойынша – 1 рет) алынады.
Диктантқа арналған сөз саны төмендегі мөлшерде белгіленеді:
Сөздік диктанты:
2- сыныпта 8-12 сөз.
Бақылау диктанты:
2 сынып- I жартыжылдықта 30-35 сөз, жыл аяғында 35-40 сөз.

Диктантты бағалау критерийлері:
«5» - қатесі мүлде жоқ, таза, барлық каллиграфиялық талаптарға сай

жұмысқа қойылады;

«4» - а)1 емле, 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе, б) 1 емле, 2 тыныс белгісі

қателері болса, бірақ та жұмыс таза орындалуы керек;

«3» - а)3 емле, 2-3 тыныс белгісі, б) 4 емле, 2 тыныс белгісі, в)5емле,

1 тыныс белгісі қателері жіберілген жұмысқа қойылады;

«2» - 6-7 қатеден асқан жұмысқа қойылады.

Мұғалім диктантты тексергенде мынаны ескерген жөн:


  • бір сөзден жіберген қате бірнеше рет қайталанса - 1 қате болып

есептеледі;

  • бір ережеге байланысты әртүрлі сөздерде жіберген қателердің

әрқайсысы бір қате болып есептеледі;

  • тасымал кезінде сөздің бұрынғы жолда қайталанып кездесуі. Сондай-

ақ жіберілген мынандай қателер есепке алынбайды: а) өтілмеген

орфограммалар мен тыныс белгілері болса, б) сөйлем соңына нүкте

қойылмай бірақ келесі сөйлемді бас әріппен бастап жазса.
Қате болып есептеледі:


  • сөздерді жазудағы емлелік ережелердің бұзылуы, әріп тастап кету,

әріптердің орнын ауыстыру немесе артық әріп жазып қою;

  • сынып бағдарламасына енетін сөздердің жазылуында жіберілген

қателер;

қойылмаса;

Грамматикалық тапсырмаларды бағалау критерийлері:
«5» - түгелдей қатесіз орындалған тапсырмаға;

«4» - 1 қатесі бар түгел орындалған тапсырмаға;

«3» - тапсырма толық орындалмаса;

«2» - тапсырма мүлдем орындалмаса.



Диктант және грамматикалық тапсырмалардан құрылған

бақылау жұмыстарына екі баға қойылады,

жеке баға диктантқа және жеке баға тапсырмаға.
Мазмұндаманы жалпы бағалауда мынаны ескерген жөн:

  • мазмұны (автор мәтінінің негізгі мазмұны қалай жеткізілген:

толық, негізгі мәтіннің құрылымы (мазмұндау барысы, азат

жолдарды белгілеу, бөлімдердің орналасуы)



  • сөйлемдердің құрылымы, сөздер ретін сақтау, мәтін лексикасы

(сөздерді өз мәнінде қолдана білу)

  • емлелік және пунктуациялық сауаттылық



Шығармашылық жұмыстарды (мазмұндама, шығарма)

бағалау критерийлері:

2-3 сыныптарда үйрету мазмұндама мен шығармаға журналда мазмұнына ғана 1 баға қойылады. Ал бақылау мазмұндамасына, шығармаға 2 баға қойылады (мазмұнына, сауаттылығына, мысалы 4/5). 4 сыныпта үйрету және бақылау мазмұндамаға, шығармаға 2 баға қойылады (мазмұнына, сауаттылығына (5/5).



Мазмұнына байланысты бағалау критерийлері:

«5» - автор мәтінінің толық жеткізгені, тақырыптың ашылуы, сөз

қорының байлығы, мазмұнға байланысты қателері жоқ;

«4» - автордың мәтіні бойынша дұрыс мазмұндалған, бірақта

мазмұндау барысында кейбір олқылықтар бар, тексті

құрастыруда 2-3 сөйлем құрамында нақтылық болмағанда;

«3» - тақырып дұрыс ашылмаса, тіл байлығы орташа, сөйлемдерді

құрастыруда мазмұнына байланысты қателер болса, автордың

текстінен өзгеше болған жағдайда;

«2» - мазмұны автордың мәтініне сәйкес келмесе, сөз қоры нашар,

сөйлемдері дұрыс құрастырылмаған жағдайда.

Сауаттығына байланысты бағалау критерийлері:

«5» - емле және тыныс белгілерінен қате жоқ, бірақ та 1-2 түзетушілік

болса;

«4» - 2 емле, 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе және 1-2 түзетушілік



болса;

«3» - 3-5 емле, 1-2 тыныс белгісінен қате болса, 1-2 түзетушілік болса;

«2» - 6 дан астам емле, 3-4 тыныс бел-нен қателер, 3-4 түзету-лік болса.

Тестік тапсырмаларды бағалау критерийлері:

Тест тапсырмаларын бағалауда жинаған ұпай сандары саналады.Оларды төрт баллдық шкала бойынша бағалауда мынадай кестеге сүйенеді:

100-95 % балл - «5»

94-75% - «4»

74-50 % - «3»

49 %- төмен – «2».



Көшіріп жазуды бағалау:

«5»- түзетулері жоқ, мінсіз орындалған жұмыс;

«4» - 1 қатесі, түзетуі бар жұмыс;

«3» - 2-3 қатесі, түзетуі бар жұмыс;

«2» - 3 және одан да көп қателері бар жұмыс
Жазба жұмыстары


Тоқсан

Бақылау диктанты

Сауаттылығын тексеруге арналған диктант

1

1

1

2

1

1

3

1

1

4

2

1

Барлығы

5

4



0-дік диктант.
Мақсаты :
1. Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру.

2. Сөйлем ішінен заттың атын білдіретін сөздерді таба білу

3. Дауысты дауыссыз дыбыстарды ажырата білу.

Асханада.
Біздің ауылдың орталағында үлкен асхана бар. Асханадан жұмысшылар мен жолаушылар тамақтанады. Асханадан ыстық тамақтан кеспе, қуырдақ, бесбармақ бар. Үстелдің үстінде пышақтар, шанышқылар, қасықтар жатыр. Біздің асханада тамақ өте дәмді болады. (30 сөз).
Тапсырма.


І нұсқа

ІІ нұсқа

  1. Жолаушылар сөзін тасымалда.

  1. Жұмысшылар сөзін тасымалда.

  1. Тамақ сөзіне дыбыстық талдау жаса.

  1. Асхана сөзіне дыбыстық талдау жаса.

  • Өзің білетін бір мақалды жаз.

  • Өзің білетін бір мақалды жаз.

1 тоқсан

Диктант. № 1
Мақсаты:

1) Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білім, білік, дағдыларын тексеру.


2) Оқушылардың танымдық білімін, сауаттылығын арттыру, сөздік қорларын молайту.

Құстардың ұясы

Құстардың ұясы әртүрлі болады. Торғай қамыстан шағын ұя құрастырады. Ең үлкен ұя бүркіттікі. Бүркіт ұясын жуан шыбықтардан жасайды. Оған мамық төсейді. Ең әдемі ұяны сарықас торғай жасайды. Құстардың ұясын қорғау керек. қорғау керек. (31 сөз).

Тапсырма.




І нұсқа

ІІ нұсқа

    1. Торғай сөзіне дыбыстық талдау жаса.

1. Асхана сөзіне дыбыстық талдау жаса.

2. Заттың атын білдіретін сөздерді жаз.

2. Заттың қимылын білдіретін сөздерді теріп жаз.

  • Мәтіннен үш буынды сөздерді тап.

  • Мәтіннен екі буынды сөздерді теріп, жаз.



Диктант. № 2
Мақсаты:

Бірінші тоқсан бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру.


Қоян.
Ең жасқаншақ аң - қоян. Ол кішкентай сыбдырдың өзінен қашуға дайын тұрады. Қоян қараңғы түскен соң ғана сыртқа шығады. Күндіз өзіне жайлы жерде тығылып жатады. Қоянды аңшы да, жыртқыш жануарлар да аулайды.

(30 сөз)
Тапсырма.




І нұсқа

ІІ нұсқа

    1. Қоян сөзіне дыбыстық талдау жаса.

      1. Қою сөзіне дыбыстық талдау жаса.

2. Қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын 5 сөз жаз..

2. Ұяң дауыссыз дыбыстан басталатын 5 сөз жаз..

  • Мәтіндегі заттың қимылын білдіретін сөздердің астын сыз.

  • Мәтіндегі заттың сынын білдіретін сөздердің астын сыз.


  1. тоқсан

Диктант № 3
Сөйлем. Сөйлемдегі сөздердің байланысы.
Мақсаты:
1) Оқушылардың «Сөйлем және сөйлемдегі сөздердің байланысы» тақырыбын меңгергендігін тексеру.
2) Оқушылардың танымдық білімін, сауаттылығын арттыру, сөздік қорларын молайту.


Балалар сабақтан қайтты. Аспан бұлттанып тұр. Сіркіреп жауын жауа бастады. Жауын басылмастан қатты жел тұрды. Енді не істеу керек? Олар жақын жердегі сарайды паналады. Табиғат қандай қызық! Бір демде алай-түлей болып кетудің себебі неде? (34 сөз)
Тақтаға жазылатын сөздер: Басылмастан, алай - түлей.

Тапсырма:


1- нұсқа

2- нұсқа

1. Жауын сөзіне дыбыстық талдау жаса.

2. «Басылмастан» сөзін тасымалдап жаз.








  • 1. Аспан сөзіне дыбыстық талдау жаса.

2. «Паналады» сөзін тасымалдап жаз.



  • Мәтіндегі сұраулы сөйлемнің біреуін хабарлы сөйлемге айналдырып жаз.






Диктант № 4

Мақсаты:
1) Оқушылардың тоқсан бойынша алған білімдерін тиянақтау.

2) Оқушылардың танымдық білімін, сауаттылығын арттыру, сөздік қорларын молайту.



Достық
Өмірде достар арасында түрлі жағдайлар болады. Бірақ сенімді достар бір–біріне кешірімді келеді. Достықтарын бұзбайды. Достар қиындықтарда бір–біріне көмекке келеді.

Қонаққа ең жақын достарыңды шақырасың. Дос сенімен жақсылықта да, жамандықта да бірге болады. (34 сөз)

Тапсырма:



1- нұсқа

2- нұсқа



  1. «Момын» сөзіне мағынасы жуық сөздерді жаз.

  2. «Жақсылық» сөзіне сөйлем құрап, сөздердің байланысын тап.

  • Дос туралы мақал -мәтел жаз.






  1. «Құрметті» сөзіне мағынасы жуық сөздерді жаз.

  2. «Жамандық» сөзіне сөйлем құрап, сөздердің байланысын тап.

  • Оқу туралы мақал -мәтел жаз.





  1. тоқсан

Диктант № 5
Мақсаты:
1) Өткен тақырып бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру.

2) Оқушылардың танымдық білімін, сауаттылығын арттыру, сөздік қорларын молайту.



Қызғаныш
Мойнақ көпірден өтіп келе жатты. Аузында тістеген сүйек бар. Ол судағы өзінің көлеңкесін көрді. Көлеңкені басқа күшік деп ойлады. Енді ол сол сүйекке қызықты.

Аузындағысын тастап жіберді. Өз сүйегі де су түбіне кетті. (33 сөз)

Тапсырма:


1- нұсқа

2- нұсқа

1. Сүйек сөзіне дыбыстық талдау жаса.

2. Мәтіннен к-г дыбыстарына дауысты дыбыс жалғанғандағы өзгерісі бар сөзді тап.


  • Қарама қарсы мағыналы сөздері бар мақал жаз.


1. Аузы сөзіне дыбыстық талдау жаса.

2. Мәтіннен к-г дыбыстарына дауысты дыбыс жалғанғандағы өзгерісі бар сөзді тап.


  • Айтылуы бір, мағынасы әртүрлі бір сөзге сөйлемдер құрастырып жаз.


Диктант № 6

Мақсаты:
1) Оқушылардың тоқсан бойынша алған білімдерін тиянақтау.

2) Оқушылардың танымдық білімін, сауаттылығын арттыру, сөздік қорларын молайту.


Жайлау
Жайлау - қыстаудан алыс жатқан жазғы қоныс. Оның шөбі мол, суы тұнық, ауасы салқын болады. Қыстан арықтап шыққан мал жайлауда тойынады. Адамдар да сергіп қалады, қымыз ішеді. Құрт жасап, ірімшік қайнатады. Еліміздің әр жерінде атақты жайлаулар көп. (36 сөз)

Тапсырма:



1- нұсқа

2- нұсқа

1. Мәтіннен сын есімдерді тауып жаз.

2. Сөз құрамына талда: қыстаудан, адамдар, шөбі.


  • Шөп, адам сөздеріне көптік жалғауын жалға.

1. Мәтіннен зат есімдерді тауып жаз.

2. Сөз құрамына талда: Жайлаулар, қыстан, жазғы.


  • Мал, ірімшік сөздеріне көптік жалғауын жалға.





  1. тоқсан


Диктант № 7
Мақсаты:
1) Өткен тақырып бойынша оқушылардың білім, білік дағдыларын тексеру.

2) Оқушылардың танымдық білімін, сауаттылығын арттыру, сөздік қорларын молайту.


Кемпірқосақтың жеті түсі.
Кемпірқосақтың жеті түсі бар. Олар - қызыл, қызғылтсары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Бұл түстерді жеке арнайы жағдайда ғана көруге болады. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскен кезде жарықтың жеті түсі сынады. Тамшы арасынан кемпірқосақ пайда болады.( 36 сөз)


Тапсырма:


1- нұсқа

2- нұсқа

1. Мәтіннен сын есімдерді тауып жаз.

2 «Күлгін» сөзіне фонетикалық талдау жаса.


  • Бірінші сөйлемді сөз таптарына талда.

1. Мәтіннен сын есімдерді тауып жаз.

2. «Түсі» сөзіне фонетикалық талдау жаса.


  • Соңғы сөйлемді сөз таптарына талда.





Диктант № 8
Мақсаты:
1) Өткен тақырып бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру.

2) Оқушылардың танымдық білімін, сауаттылығын арттыру, сөздік қорларын молайту.




Көктем.

Көктем келді. Қыраттың күн беткейіндегі қар ери бастады. Оңтүстіктен жылы жел соқты. Аспанды бұлт торлады. Жаңбыр жиі жауа бастады. Өзенде сең жүрді.

Жер бетінен ақшыл бу көтерілді. Әр жерден көк шөп көрінді. Ағаш бұтақтарында бүршіктер пайда болды. (37 сөз)

Тапсырма


1- нұсқа

2- нұсқа

1. Сөздерді тасымалдап жаз:



Білімділік, жасырынбақ

2. Мәтіннен сын есімдерді теріп жаз.



  • Төртінші сөйлемді сөз таптарына талда.







  1. Сөздерді тасымалдап жаз:

Кешірімділік, мейірімділік

2. Мәтіннен сын есімдерді теріп жаз.



  • Алтыншы сөйлемді сөз таптарына талда.





Каталог: uploads -> doc -> 00b7
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет