Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын



Дата21.12.2017
өлшемі39.63 Kb.
ЖОБА

Басым ауыл шаруашылығы

дақылдарының тізбесін және

субсидиялар нормаларын

( 1 гектарға және (немесе)

1 тоннаға) бекіту туралы


«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11094 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) бекітілсін.

2. «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қызылорда облысының

әкімі Қ. Көшербаев

Қызылорда облысы әкімдігінің

2016 жылғы «____»___________ №____ қаулысымен

бекітілген

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға)



р/с

Басым

дақылдардың тізбесі



Бір гектарға субсидия

нормасы,


теңге

1

Күріш

16450

2

Дәндік жүгері

22500

3

Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылап суару жүйесін қолдана отырып өсіретін дәндік жүгері

63900

4

Майлы дақылдар

27575

5

Картоп

79780

6

Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылап суару жүйесін қолдана отырып өсіретін картоп

219560

7

Көкөністер

75656

8

Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылап суару жүйесін қолдана отырып өсіретін көкөністер

181905

9

Бақшалық дақылдар

15000

10

Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылап суару жүйесін қолдана отырып өсіретін бақшалық дақылдар

86423

11

Қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары (фермерлік жылыжайлар) (екі дақыл айналымы)

3000000

12

Сүрлемдік жүгері

23040

13

Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылап суару жүйесін қолдана отырып өсіретін сүрлемдік жүгері

64311

14

Бірінші жылғы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

16362

15

Екінші және үшінші жылғы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

8152

Каталог: sites -> default -> files -> documents -> kaulylar -> selxoz
kaulylar -> Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы
kaulylar -> Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы «Өсімдіктер карантині туралы»
selxoz -> Жоба «2017 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау туралы»
kaulylar -> «Мемлекеттік орман қорында орманды пайдалану үшін төлем ставкаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихаты шешімінің жобасы туралы
kaulylar -> Жоба қызылорда облысында ортақ су пайдаланудың
kaulylar -> Қызылорда облысында есептеу аспаптары жоқ
kaulylar -> Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет