Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасының іске асырылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің



жүктеу 27.68 Kb.
Дата05.07.2017
өлшемі27.68 Kb.



Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасының іске асырылуы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №488 қаулысымен бекітілген  «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын іске асыру мақсатында ауданымызда 2010 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жаңа нысандарды салу мен күрделі жөндеу, жекеменшік балабақшаларды ашу, бұрын жекешелендірілген балабақшаларды мемлекеттік меншікке қайтару, басқа да ғимараттарды балабақшаға қайта жандандыру арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары кезең-кезеңмен іске қосылуда. Атап айтқанда,  2010 жылы Үржар ауылында спорт мектебі орналасқан бұрынғы балабақша ғимараты қайтарылып - 75 орынды, Науалы ауылында бұрынғы бос тұрған балабақша ғимараты қайтарылып - 75 орынды, 2011 жылы Благодарное ауылында мектеп орналасқан бұрынғы балабақша ғимаратында-90 орынды балабақшалар іске қосылды. Бұл балабақшалардың жөндеу жұмыстарына 2010-2011 жылдары «Жол картасы» бағдарламасы бойынша бюджеттен 70 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініп, қаржы толық игерілді. Соның ішінде Үржар ауылындағы балабақшаға-40 млн, Науалы ауылындағы балабақшаға - 30 млн, Благодарное ауылындағы балабақшаға - 10  млн. теңге қаржы жұмсалды.

Балабақшалар желісін көбейту мақсатында 2010 жылы 4 типтік мектеп мәртебесі мектеп-бақша мәртебесіне, 2011 жылы 2  типтік мектеп мәртебесі мектеп-бақша мәртебесіне, 2012 жылы 8 мектеп мәртебесі мектеп-бақша мәртебесіне, 2013 жылы 9 мектеп мәртебесі мектеп-бақша мәртебесіне, 2014 жылы 3 мектеп мектеп-бақша мәртебесіне ауысып, бүгінгі күні барлық мектеп-бақша саны 26-ға жетті. Сонымен қатар, 2014 жылы Үржар ауылында 140 орынды жаңа балабақша құрылысы аяқталып, желтоқсан айында берілу жоспарлануда. Оған  «Айналайын» балабақшасын көшіріп, «Айналайын» балабақшасының ғимаратынан 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап 50 орынды жеке меншік балабақша ашу жоспарланып отыр. Бүгінгі күні Үржар ауылы бойынша балабақшаға орналасу үшін халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 314 бала кезекте тұр. 2014 жылдың желтоқсан айында ашылатын жаңа балабақшаға 90 бала және жеке меншік балабақшаға 50 баланы қамту нәтижесінде, кезектегі бала саны 140 балаға кемиді.

Балабақшалар желісін көбейту мақсатында типтік мектептердің мәртебелерін мектеп-балабақша мәртебесіне ауыстыру жоспарлануда. Олар, 2015 жылы Тұрсабеков ат. ОМ, Лайбұлақ ОМ, Жанай ОМ, Ер Қабанбай ОМ, 2016 жылы Қарабұта ОМ, Қайыңды ОМ, Ауезов ат. ОМ.  Мақаншы ауылында 2015 жылы 50 орынды бір жеке меншік балабақша ашу,  сонымен қатар, Үржар ауданы бойынша 2014-2018 жылдарға арналған тірек ауылдық елді мекендер мен аудан орталығын дамыту бағдарламасына сәйкес 2017-2018 жылдары Үржар, Мақаншы ауылдарында 280 орынды, Қабанбай ауылында 140 орынды балабақша салу жоспарлануда.

 Бүгінгі күнге дейінгі атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша Үржар аудандық білім бөліміне қарасты 31 балабақша қызмет атқаруда (26-мектеп бақша, 5-жеке балабақша), онда – 1375  бала (5 жеке балабақшада - 307 бала, 26 мектеп-бақшада - 1068 бала), 51 мектеп жанынан ұйымдастырылған  толық және қысқа күнді шағын орталықтарға – 3423 бала қамтылды. Аудан бойынша мектеп жасына дейінгі 1-6 жас аралы ғындағы барлық бала саны – 4966, оның 4798 баласы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 1-6 жас бойынша  96,6 %, (былтыр-80,7%),  3-6 жас бойынша 100 % (былтыр-100%),    құрап отыр. Балабақшалар желісін көбейту мақсатында 2014 жылдың желтоқсан айында Үржар ауылында 140 орынды бір балабақша ашылды. Ал 2015 жылдың басында Үржар ауылында 50 орынды жекеменшік балабақша ашылды. Мақаншы ауылында 25 орынды бір жекеменшік балабақшаны іске қосу және Лайбұлақ, Тұрсабеков, Жанай орта мектептерінде мектеп-бақша ашу жоспарлануда.

Елбасымыз еліміздегі туу көрсеткішінің жоғарлығын, демографиялық өсімді ескере келе «Балапан» бағдарламасының орындалу мерзімін 2020 жылға шейін ұзартуға шешім қабылдап, үкімет пен жергілікті әкімдердің алдына балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен 100 пайыз қамтуға қол жеткізу міндетін қойды. Алдағы уақытта да осы бағытта ауданымызда типтік мектептерден мектеп-бақшалар және жеке меншік балабақшалар ашу  жұмыстары жалғасын табатын болады.



                

Білім бөлімінің басшысы                                       Б.Тұрлыбеков
: files
files -> 1 дәріс : Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Тиеу-түсіру жұмыстары жөніндегі жалпы түсініктер
files -> Қыс ең зақымданатын жыл мезгілі. Бірақ жаралану, сынық, тоңазу, үсіп қалу біздің қысқы тұрмыстың міндетті салдары емес
files -> Қазақ халқының ұлттық ойындары
files -> Тема: Детский травматизм. Травма мягких тканей лица и органов рта у детей. Особенности первичной хирургической обработки ран лица. Показания к госпитализации ребенка
files -> Тематичний план практичних занять




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет