«Бала тәрбиесіндегі кездесетін қиыншылықтар мен кемшіліктер және оны шешу жолдары»



жүктеу 61.03 Kb.
Дата18.03.2018
өлшемі61.03 Kb.
«Бала тәрбиесіндегі кездесетін

қиыншылықтар мен кемшіліктер

және оны шешу жолдары»

Орындаған: Шығыс Қазақстан облысы,

Күршім ауданы Барақ батыр негізгі орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Бердюгожина Бижамал Мұхаметқалиқызы
Қазақстан Республикасының Конституциясында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу-ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті анық көрсетілген. «Отан от басынан басталатыны сияқты, тәрбие де отбасынан басталады. Сондықтан өсірген ұрпақтарыңызға өткената-бабамыздың әдет-ғұрпы, салт-санасын, иман жолын бойларына дарытып, ұлағатты ұрпақ өсіру әрбір ата-ананың алдында белгілі болуы керек. Он балан болса да дүниеге келтіргеннен кейін, әрқайсысының тәрбиесіне ата-ана ретінде жауап беретіндей дәрежеде болғаныңыз жөн.

Таңертең түгел үйде, кешке түгел үйде болса, болды деп салғырт қарасаңыз, уақыттың өткенін білмей қаласыз. Бір күні мектеп бітіріп, кәмелеттік жасқа жеткенде «бұл қалай болды» деп өкінетін жандар аз емес.

Қазір жан-жақтарыңызға қарасаңыздар біліміңіз болмаса жұмыс жасап нан табудың өзі болашақта қиындық келтіретінін түсінесіз.

Сондықтан, сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып, өзін-өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.

Отбасы-тәрбие бесігі. Баланың дұрыс азамат болып өсуі немесе қате жолға түсуі көбінесе үлкендерге байланысты. «Баланы жастан» деген сөздің мазмұны өте терең. Себебі, мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын.

Жаман бала қайдан пайда болады? Ата-аналар өздері тарапынан кеткен кінәні ескермей айыптыны іздейді..

Осыған орай отбасы қарым-қатынасының дұрыс болмауынан келіп шығатын тәрбиедегі қателіктер:


  1. Баланың қуанышы, күйзелісі, қайғысы секілді ішкі жан дүниесіндегі толқыныстарды көре тұра мән бермеу, не оны байқамау, осындай балаға қамқорлық пен бақылаудың жетіспеушілігі.

  2. Қазымырлық пен көзден бір елі таса қылмай бақылау да жақсылық әкелмейді. Бұған дұшар болған балалар өсе келе еркіндікті қатты аңсайды. Да, оған қолы жеткен кезден бастап, жүгенсіз кеткен жылқы секілді алды-артына қарамай әртүрлі жағымсыз жағдайларға ұшырайды. Кейде мұны реттеп алу қиынға соғады да баланың болашағы күмәнді істерге соқтырады.

  3. Баланың жүріс-тұрысын мүлде бақылаусыз қалдыру, кетірген қателіктеріне ескертулердің болмауы, тыйымсыздық, тойымсыздық блаларды ызақорлық пен алаңғасырлық, қанағатсыздыққа тез сынып қалатын жігерсіздікке соқтырады.

  4. Ауруын, әлсіздігін сылтаулатып, ата-анаға дегенін істету, өзімшілдік, тәкәпарлық, бағасын арттыру секілді қылықтардың қалыптасуына соқтырады. Сондықтан ауру баланың жағдайы қаншалықты назар аударуды талап ететтінін нақты мөлшерлеу күрделі болса да, аса маңызды мәселе екенін естен шығармау керек.

  5. Баланың өзін қажетсіз сезінуі, ешкімге керек емес екенін түйсініп, секем алғыш секілді жүйке әлсіздігіне соқтырады және талма ауруына бейімділігін арттырады.

  6. Отбасындағы қаталдық, ата-ананың өзара қарым-қатынасындағы қаталдық-рахымсыздық пен қатігездікке жоқтан өзгені сылтауратып әлімжеттік істейтін бейбастық, содырлыққа соқтырады,-мұндай мінезді қазақ «таз ашуын тырнадан алады» дейді.

  7. Балаға әлі жетпейтін міндеттер жүктеп, одан ерекше үміт күту сағын сындырып, кінәмшілдік, өзіне сенімсіздік тудырады. Себебі, ол әке-шешесінің күткен үмітті ақтай алмаймын-ау деген қорқыныш та болып, шамасы келмейтініне көзі жеткендіктен, өзін нашар, әлсіз сезінеді.

  8. Тәрбиедегі қарама-қайшылық: әкесі бір сөз айтса, шешесі оған қарсы іс айтса, мұғалім олардың екеуін де жоққа шығарып, өз білгенін айтса, бала кімнің тілін аларын білмей, кімдікі дұрыс, кімнің айтқаны қате екенін ажырата алмай дал болады да, ақыры өз білгенін істеп кетеді. Сөйтіп ол ешкімнің ақылын тыңдамайтынын, ересектердің ой-пікірімен санаспайтын тоқмойын, тілазар болып өседі.

Баланың нағыз адам, не болмаса екі аяқты хайуан сынды адамгершілікқағидаларына сай келмейтін сипатта өмір сүруі бала кезінде тәрбиеленген отбасының өмір салтына байланысты.

Отбасы қарым-қатынасындағы қуатты ықпалды бала сезін түйсінеді.

Ер бала болсын, қыз бала болсын әке-шешесі не істесе де оған үлгі, өнеге, содан үйренеді, көргенін бірде болмаса, бірде қайталайды.

Балалар олардың қылықтарын көздерімен көреді, ал бір көргенін тағы бір, сосын тағы бір рет көрген соң, ол мәңгі есте қалып, санасынан мықтап орын алады.

Естігені де бір, екі, үш рет естіген соң құлағында, ойында қалып қояды да, кезінде дереу дайын формула секілді санадан қалқып шығып, іс-әрекетке айналады. Одан соң мінез-құлық, іс-әрекет, не жүріс-тұрыс ерекшілігі болып орнығып алады. Сөз де солай, керек кезінде аузына үсе қалалы. Осының бәрі өзіне тән стилі, мінез-құлыққа айналады.

Баламен әрқашан да қарым-қаныста болып тұру дұрыс. Уақыты жоқ ата-ана біраз уақыт өткенен кейін баласының өздерін тыңдамайтынын, т.б жат мінездерін байқайды. Одан кейін амалы таусылып кейін баланы ұрып-соғуға дейін баратын ата-аналар да аз емес. Балаларға деген ондай қөзқарас жан дүниесін жаралайды, өмірден түңілдіреді. Бара-бара бала тұйықталып, сұраққа қысқаша жауап беретін болады, көңілінде өшпес өкпе пайда болады. Өзін екінші сортты адамдар қатарына қосып қояды.

Рахымсыздық, көңіліне қаяу түсірумен бірге, өсе келе ата-анасына, өз ортасына мейірімсіздігін көрсете бастайды. «Ұяда не көрсе-ұшқанда соны іледі» үлкенді сыйламау, дөрекі сөз айтпау, біреуді сырттай жамандамау сияқты әдеттерді де бала жанұяда өз ата-анасынан үйренеді.

Кейбіреулер үйіне келген жолдасын, не туысын күлмсіреп қарсы алады да, үйінен шығып кеткеннен кейін «ой бір өзі оңбаған адам» немесе басқаша сөздермен балағаттап отырады. Өздерінің өтіргі, екіжүзділігі балаға қандай әсер қалдырғаны туралы ойламайды.

«Сүтпен кірген-сүйекпен кетеді» дейді халқымыз. Бұл жасында бала ата-анасынан қандай тәрбие алса, ержеткенде де сол әдеті қалмайды деген сөз.

«Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала» деп бекер айтылмаған.

Ендеше, ардақты ата-аналар, ұлтымыздың қанындағы ізеттілік-дөрекелікке, қайырымдылыққа, ауыспасын деген үлкен тілек тұр. Бұл тілек-ұрпақ алдындағы үлкен міндет.

Мың өліп, мың тірілсек те қазақ халқында «жетім балалар үйі», «қарттар үйі» болмағандығын естен шығармайық.

Ұлағатты ата-әже, асқар тау әке, парасатты ана бола білейік.

Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгенен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады.

Баланың сабаққа қарап озат оқушы болуы, тіпті қанағаттанарлық үлгерімі, адамгершілік қасиет иесі болып өсуі ол мұғалім мен ата-ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, кеме, ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес.

Дұрыс өспеген жеміс ағашы дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма?

Бір бөлшегі бұрыс жасалған самолетті ұшырғаннан не пайда? Ол өзін де, өзгені де мерт етпей ме? Бізде көптеген ата-аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімнен көреді.

Отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылып, алдымен ата-ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығын артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса ол баланың мектепке, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу-үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды.

Ата-ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі жойылып отырғанын білмейді.

Сонымен қатар, қазіргі кездегі отбасындағы берілетін тәрбиеге нұқсан келтіретін бір нәрсе-жұмыссыздық. Жұмыссыздық бала тәрбиесіне, оның ары қарай дамып, жетілуіне кері әсерін тигізетіні сөзсіз.

Ата-ана қаражат табумен күн демей, түн демей жұмыс істейді. Ал бала ата-анасы келгенше үйде жалғыз отырады, жалығып, жағымсыз іс-әректтермен айналыса бастайды. Ата-анасы оны білмейді. Міне, осылай бала теріс жолға түседі.

Ата-аналар қаражат табу қамымен жүргенде, мектеппен байланысын үзеді. Екі жақ тығыз байланыста болмаса, бала екі жақтың бірлескен тәрбиесін көрмесе оның келешегіне балта шабылды деген сөз.

Жалпы тәрбие мәселесіне бірнеше жауап беретін ата-ана. Себебі, баланың алғашқы көргені, алғашқы естігені ата-анасының сөзі. Алғашқы сезгені ата-ананың жылы алақаны, ата-ана бойындағы қасиеті.

Менің бес балам бар. Балалардың денсаулығы, тәртібі, оқуы, киімі, тәрбиесі-басты мақсатымыз. Үйде дауыс көтеріп сөйлеу, ғайбат сөз айту, кеміту деген болмайды. Балаларды тазалыққа, еңбекке, әдептілікке үйретемін.

Мектепішілік, сыныптағы шараларға қатысып отырамын. Менімен бірге әжесі де келеді. Бала өзінің отбасында керек екенін, туысқандық сезімін арттырады. Баяндамада көрсетілгендей жанұямызда қаталдық, жоқтан өзгені сылтауратып ұрсуға, әлі жетпейтін жұмыстарды міндетсуге жол берілмейді.

Балалардың қуанышына ортақтасып, жетістігін мадақтап, отбасында туған күндерін атап өту, сыйлық жасау әдетке айналған.



Кемшіліктері болса түзеп, жетістігін жебеп отырамыз.

Мен де жолдасым да көп балалы отбасынан шыққанбыз. Көп балалы отбасының балалары ауылда, мектепте, ұжымда, құрбы-жолдастары арасында тез сіңісіп кетеді.
: uploads -> doc -> 09f6
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
09f6 -> Жасыл дәріхана Түсінік хат




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет