«бала бауыр етің»



жүктеу 175.56 Kb.
Дата05.02.2018
өлшемі175.56 Kb.
«БАЛА - БАУЫР ЕТІҢ»

Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Оның етек алуы отбасынан басталады. Отбасындағы салауаттылық-өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып, қалыптасады.

Адамды өзара түсінікке жеткізетін шынайы да, тұрақты сүйіспеншілік дәстүрлері де тек салауатты отбасында ғана орын алады.

Ел президенті Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халықына Жолдауында алдағы отыз жыл ішінде мемлекетіміздің қандай бағытта қалай дамуы керек екендігін белгілеп берді. Әрине, осы міндетті болашақта жастардың жүзеге асыратындығы күмәнсіз. Олай болса, сол жастардың білім деңгейі ата-анадан алған тәлім-тәрбиесі қандай дәрежеде деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа толық, жан-жақты жауап беру әзірге қиындау, оған дәләл - бүгінгі қоғамымыздағы қылмыстың күннен-күнге етек алуы.


Біздің ойымызша оның себебі жастарымызға уақытында ұлттық тәрбиені бере алмағанымыздан тәрізді. Әрине қазіргі таңда әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың нашарлауы да бұған әсер етуде. Кеңес дәуірі кезінде балаларымызды мектеп тәрбиелейді деп отбасындағы ата-ананың рөлін тым босаңсытып алдық. Мектептер оқу мәселесін өздерінің басты міндеті деп санады да, тәрбиелік сабақтарға аса көңіл бөлмеді. Бұл мәселе жөнінде біздің ұлы бабамыз Әбу Насыр әл Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген еді. Балалар - еліміздің болашағы. Оларды тәрбиелеу, оқыту, білім беру, болашаққа қадам бастыртып, осы өмірде өз орнын таптыру әр ата-ананың міндеті. Ал, ата-анасыз жетімсіреген бала қайтеді? Басты мәселе осында болғандықтан, оларға көп көңіл бөлінуі қажет. Осы орайда оларға қаражат бөлініп оқытып, тоқытып отыр. Дегенмен «Бес саусақ бірдей емес» дегендей оларды қанша жерден бағып, қағып отырса да, бәрін бірдей қамтуға мүмкіншілік аз. Тек, балалар интернат тәрбиеленушілері ғана емес, қарапайым отбасы балалары да зорлық көруде. Барша адамның жауына айналған алкаголь ішімдіктері көптеген адамдарға зардабын шектіруде. Ішімдікке масайған ата-ана, балаларын қараусыз қалдырып, оларға қол жұмсап, тағдырдың тәлкегіне салуда. Ал өмір есігін енді ашқалы жатқан сәбилердің, өмірге келе сала далада қалатынына не дерсіз?! Жеңіл жүрісті аналар үлкен күнә жасап, кейін оған жаупкершіліксіз қараған болашақ әкелер осыған себепкер. Біреудің етегіне ерген жас қыздар өздерінің алдында не күтіп тұрғанын білмей, нәпсі қуып, артынша балалы болып, оны асыруға жағдайы болмай жатады. Әрине, сосын ол өз құрсағынан шыққан баланы далада қалдырып, өз болашығына және баланың болашығына да балта шабады.

Ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынасы, іс-әрекет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын, сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыратын тәлімдік мұра. Осы сияқты тереңнен қалыптасып келе жатқан дәстүрлерімізді балалардың бойына сіңдіріп, тәрбие беру әр ата-ананың парызы деп білемін.

Осы тұрғыда біз мектеп-интернатта тәрбиеленушілердің хал-ахуалын баяндайтын бейне фильмдерді көрсетуді дәтүрге айналдырдық. Сонымен қатар «Ұл-қызынды бес жасқа дейін хандай көтер, он беске келгенше құлдай жұмса, одан соң құрбыңдай көріп ақылдас» деген ұлағатты қағиданы, өз отбасымызда да қаруландық. Жалпы дана халқымыздың: «Ақылсыз ұл-қырыққа келгенше бала, ақылды бала - он бесінде дана», «Ақылсыз бала араққа құмар», «Жақсы бала-сүйініш, жаман бала-күйініш», «Қызың өссе қызы жақсымен, ұлың өссе ұлы жақсымен ауылдас бол» деген нақыл сөздері қашан да қаперде жүргені абзал-ақ.



Г.Итжанова,

Сарқан облыстық көмекші мектеп-интернатының ЖТБ пән мұғалімі


ҚАМАЛ АЛҒАНДАР

САЙЫСЫ

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қойлық ауылында дүбірлі волейбол жарысы өтті. Бұл сайысқа жасы қырықтан асқан Алакөл және Сарқан ауданы азаматтары қатысты. Атап айтсақ, бұлар Көлбай, Екпінді, Ақжар, Қойлық және Сарқан қаласынан білек сыбанып жеткен кәнігі спортшылар еді. Жүлде тағайындап, осы тартысқа мұрындық болған Қойлық ауылдық округ әкімі Қ.Сағындықовтың өзі де саламатты өмір салтын тікелей ісімен насихаттап жүрген азаматтың бірі.



Мектеп спорт залында өткен жарыс күн еңкейгенде аяқталды. Бас жүлдені Көлбай ауылы спортшылары қанжығасына байлап, мәртебелері өссе, екінші сапта Сарқан қаласы және үшінші орынды Екпінді командасы місе тұтты.

Белсенді ойыншы деген атаққа Қойлық ауылы спортшысы Бекежанов Самат ие болды.

Сонымен көгілдір көктемнің алғашқы күндері өткен бұл жарыс талай жанкүйер жинап, арқасы бар ағайындарды бір желпінтіп тастады.

Д.Имашев,

Қойлық АО бойынша спорт жөнінен әдіскер-нұсқаушы

АУҚЫМДЫ ІСТІҢ АЖАРЫ

Қазіргі таңда ауданымызда 25 орта, 1 негізгі, 4 бастауыш мектеп, 5 балабақша, 20 шағын орталық және 1 балалар шығармашылық үйі жұмыс істейді. Сонымен қатар, кәсіптік лицей, гуманитарлық колледж, көмекші мектеп-интернаты, коррекциялық кабинеті қызмет атқарады. Мектептерде 1000-ға жуық ұстаз дәріс береді. 128-і жоғары санатты (12,9%), 260-ы І санатты (26,3%), 258-і ІІ санатты (26,1%) және мұғалім санатында – 342 ұстаз (34,6%).

2013 жылы білім саласына 2 млрд. 311 млн. 830 мың теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде материалдық базаны нығайтуға – 12 600,0 мың теңге, ақпараттандыруға 9 412,0 мың теңге. Республикалық бюджеттен бөлінген 8 194,0 мың теңгеге өткен жылы Ақын Сара мен К. Ушинский атындағы орта мектебі химия кабинеттерімен қамтамасыз етілсе, биылғы жылы Н.Островский ат.ОМЛ мен № 1 ОМГ-не жұмсалды.

2013 жылы Н.Островский ат.ОМЛ ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін 114 789,0 мың теңге, материалдық-техникалық базасын нығайтуға 9 600,0 мың теңге бөлінсе, Қарауылтөбе ауылында 410 576,0 мың теңгеге 120 орындық жаңа мектеп салынуда. Мектеп ғимараты жоспар бойынша жаңа оқу жылында қолданысқа берілмекші.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 2011-2015 жылдарға арналған іс-шараларының бірі - қосымша білім беру мекемелерін ұлғайту. Осы орайда, Алмалы ауылында «Өнер» мектебі 17,0 млн.теңгеге күрделі жөндеуден өтіп, жаңа оқу жылы қарсаңында ашылу жоспарлануда. Аталған мектептің материалдық-техникалық базасына 3 млн. теңге бөлінді.

КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ МЕН

ҚАЙТА ДАЯРЛАУ

Қазіргі қызмет етіп жүрген мұғалімдердің біліктілігін көтеру жүйесі түбірімен қайта қарастырылды. Соның нәтижесінде, аудан бойынша 42 мұғалім 3-ші (базалық) деңгейлі қайта даярлаудан өтсе, бүгінгі күнде 17 мұғалім 1-ші (ілгері) деңгейден өтті.

Ақпараттандыруды ары қарай дамыту мақсатында электронды оқыту жүйесін (е-learning) енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Енді электронды журнал, электронды күнделік, «sms-хабарлау» жүйесі сияқты ұғымдар пайда болады. Олар арқылы ата-аналар өз баласының мектептегі өмірі туралы көбірек біле алады. Бұл бағытта 1 жыл бойы Абай атындағы орта мектеп-гимназиясы жұмыс жүргізді. Биылғы оқу жылында 4 мектеп (Ы.Алтынсарин ат.ОМ, № 1 ОМГ, Ақын Сара ат.ОМ, Н.Островский ат.ОМЛ) электронды оқыту жүйесіне көшеді.

Аудан мектептерінде соңғы жылдары 16 әмбебап мультимедиалық кабинеттер мен 13 ЛМК кабинеттер және жаңа модификациялы пәндік кабинеттер: 10 физика кабинеті, 10 биология кабинеті, 4 химия кабинетімен жабдықталды.



«Балапан» бағдарламасы

2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Сарқан ауданында 2010 жылы Сарқан қаласында 70 орындық «Ақбота», Қойлық ауылында 100 орындық «Айдана», 2011 жылы Алмалы ауылында 100 орындық «Ер Төстік» балабақшалары және 2010 жылы Сарқан қаласындағы Островский ат.ОМЛ, Лепсі ауылындағы №54 ОМ, Бірлік ауылындағы Бірлік НМ, 2011 жылы Абай ауылындағы Тасарық ОМ, Аманбөктер ауылындағы Аманбөктер ОМ-терінде 125 орынға шағын орталықтар ашылған.

2010-2011 жылы «Балапан» бағдарламасы бойынша іске қосылған мектепке дейінгі мекемелерге барлығы 395 бала қамтылған.

2012 жылы Қарауылтөбе ауылында басталған 120 орындық жаңа мектеп құрылысы аяқталып, 2013 жылдың 1 қыркүйегінде 25 орындық шағын орталығымен қолданысқа берілді.

Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту мақсатында бүгінгі күні ауданда 5 балабақша жұмыс істеп, онда 675 бала тәрбиеленді. 19 шағын орталықтарда 650 бала, мектепке дейінгі тәрбиемен барлығы 1325 бала қамтылды. 2010 жылы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтудың пайыздық көрсеткіші 47,5 болса, 2013 жылы 52,7 пайызды құрады.

Аудан бойынша 0-6 жас арасындағы балалар саны-4547. Оның ішінде 2-6 жасар мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылатын балалар саны-2514.



Сауаттылық бәсеке белгісі

«Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» -деп ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткендей, қазіргі әлемде жай ғана сауаттылық жеткіліксіз, сауаттылықты шыңдайтын түрлі жарыстар мен байқаулар арқылы білімді жетілдіру, жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу, білімді болашақ тәрбиелеу-маңызды іс.

Осындай бағыттағы маңызды жұмыстардың бірі- қабілетті, дарынды оқушылардың пән олимпиадалары. Пән олимпиадасына аудан мектептерінің 35 оқушысы қатысып, өз бақтарын сынап қайтты. Екі күнге созылған олимпиада қорытындысы бойынша 4 оқушы ІІ орын «Күміс медальмен» және 28 оқушы «Қола медальмен» марапатталса, 2 оқушы республикалық олимпиадаға жолдама алды. Облыстық ғылыми жоба жарысына 12 оқушы қатысып, 8 оқушы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.



Өнерлі өрге салса өршеленер

Өткен оқу жылы облыстық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасына 5 конкурс бойынша қатысқан «Әнші-бұлбұлдар» номинациясы бойынша Новопокровка ОМ оқушылары Абылқасымов Әділет, «Жазушылар» номинациясы бойынша Еркінбек Аңсар І дәрежелі дипломмен марапатталса, Пограничник ОМ оқушысы Қаймолдина Ақерке ІІ орынмен, «Тілші-әдебиетші» номинациясы бойынша Абай ат.ОМГ оқушысы Есмуратова Мадина ІІІ орынмен марапатталды. Ал № 1 ОМГ базасында өткен аудандық Махамбет оқуларында «Ел құтқарар ер едім...» номинациясы бойынша Новопокровка ОМ оқушысы Бақытжол Гулина, «Тартынбай сөйлер асылмын» номинациясы бойынша Қарауылтөбе ОМ оқушысы Қали Ақылбек облыстық байқауға қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды. Сондай-ақ, аудандық Сәкен Иманасов оқуларының жеңімпазы Қарауылтөбе ОМ 10-сынып оқушысы Тоқтарбай Әйгерім облыстық байқауға қатысып, жүлделі ІІІ орынмен марапатталды. М.Жұмабаев ат.ОМ-де тұңғыш рет аудандық Мағжан оқулары өтті. Көкөзек ОМ оқушылары Тұрсынғалиева Айым және Зияданов Асхат, Абай ат.ОМГ оқушылары Құдайберген Гүлім мен Есіркегенова Жансая үздік атанды. Талдықорған қаласы №1 Абай атындағы орта мектеп базасында облыстық жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында өткен ХІV Абай оқуларына қатысқан Ы. Алтынсарин ат ОМ-тің 10 сынып оқушысы Шәкіржан Естемес жүлделі 3 орынды, Әл-Фараби ат ОМ-нің 7сынып оқушысы Саятханқызы Айсана жүлделі 2 орынды иеленсе, Новопокровка ОМ оқушысы Бақытжол Гулина облыстық, республикалық «Ясауитану» байқауына қатысып, ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.



Арқалы балдырғандар

Биыл «Менің арманым-менің еліме» атты балалар әлеуметтік бастамаларының қоғамдық тыңдаулары өтіп, нәтижесінде № 1 ОМГ және Н.Островский ат.ОМЛ оқушыларының жұмысы облыстық байқауға жіберіліп, Қазақстан Республикасының балалар құқығын қорғау комитетінің дипломымен марапатталды. М.Тынышбаев атындағы орталық алаңында жол полиция қызметкерлері және «Отан» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп аудандық «Қауіпсіз дөңгелек-2013» байқауы ұйымдастырылды. Байқауға ауданның 26 мектебі қатысты. Облыстық байқауға қатысқан Абай атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары үздік атанды. Облыстық «Жас құтқарушы-2013» байқауына қатысқан Н.Островский атындағы орта мектеп-лицейінің құрама командасы жүлделі ІІ орынмен марапатталды. Маусымда аралығында Алматы қаласында өтіп жатқан «Күншуақ» халықаралық байқау фестиваліне аудан мектептерінен 23 оқушымен қатар «Қызғалдақ» және «Нұр» би топтары жіберілді. Бүгінгі күнде оқушылар жүлделі орындарды: бас жүлде - 1, І орын - 6, ІІ орын – 2, ІІІ орын – 6 оқушы иеленді. 11 маусымда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған жас экологтардың «Жер бетіндегі тіршілікке Біз жауаптымыз» атты облыстық экологиялық форумы №1 ОМГ өткізілді. Форумға Ақсу, Алакөл аудандарынан жас экологтар қатысып әр түрлі номинациялармен марапатталып, қорытындысы бойынша № 1 ОМГ оқушылары үздік нәтиже көрсетті.



Жұлдызды таланттар

Мамыр айында Алматы қаласында «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Жұлдызды талант» ІІ республикалық оқушылар фестиваліне М.Жұмабаев ат.ОМ оқушылары Құрметжан Ақылбек және Худайберген Нұрдана қатысып, жүлделі І орынды иеленіп, Ыстықкөлге 4 күндік жолдама алса, мұғалімдері Бейсембаева Бибігүл Бекболатқызы, Текебаева Роза Қайырбекқызы және Рахметова Рахиля Әбікенқызы халықаралық ұстаздар одағының мүшесіне енді. «БАЛА-ӨМІРДІҢ ГҮЛІ»атты І-ші Республикалық Оқушылар фестиваліне қатысқан М.Жұмабаев ат.ОМ оқушылары Құдайберген Аслан, Севериненко Алена, Тоқын Ертау «Алтын дипломмен» марапатталды. (Жетекшілері: А. Ахтанова, У. Баймухашева, Ш. Мараимова).

Әл-Фараби ат.ОМ оқушылары Жарыс Ертай мен Қастер Жанарбек республикалық «Тайжарыс» радио фестиваліне қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленсе, Астана қаласында өткен «Сәлем, Астана!» республикалық фестиваліне қатысқан Бірлік НМ оқушылары Туғанбаева Ақбота мен Жәрдембек Оралхан жүлделі ІІІ орынды иеленді. «Болашақ баспагер-редактор» республикалық байқауына қатысқан Абай ат.ОМГ Каналханова Айгерім «Ең үздік безенші-дизайнер» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Үздік педагог

Бүгінгі қоғам талабына сай мектептегі мұғалім ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, шеберліктің шыңына шыққан ұстаз болуы тиіс. Осы орайда, 30 мамыр күні ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурызындағы № 394 қаулысына сәйкес облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «-2013» байқауына қатысқан № 1 ОМГ химия, биология пәндерінің мұғалімі Станкевич Татьяна Михайловна, облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының базасында өткен «Үздік психолог-2013» байқауына қатысқан К.Ушинский атындағы орта мектептің психологі Нұртілеуова Светлана Қахарманқызы бас жүлдемен марапатталды.

Мамыр айында облыстық мамандар кәсібін дамыту институтында өткен «Үздік балабақша әдіскері» байқауына қатысқан «Балдырған» балабақшасының әдіскері Асқанбаева Гүлбақыт Сарсенғалиқызы жүлделі ІІІ орынға ие болды.

«Білім қызметкерлерінің кәсіби өсуі - білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» білім беру қызметкерлерінің Бірінші республикалық педагогикалық оқуларының облыстық кезеңіне Н.Островский ат.ОМЛ мұғалімі Кузнецова Татьяна Владимировна қатысып, жүлделі ІІ орынға қол жеткізді.

Облыстық «Үздік сынып жетекші - 2013» байқауына №1 ОМГ бастауыш сынып мұғалімі Т.А. Сыровятская, «Үздік ауыл мектебі» байқауына Әл-Фараби ат.ОМ ұжымы қатыстырылды. Талдықорған қаласында облыстық «Үздік дене шынықтыру пән мұғалімі» байқауына Қарғалы орта мектебінің дене тәрбиесі пән мұғалімі М. Калимжанов қатысып 4 орынды иеленді.

Аудан бойынша К.Ушинский ат.ОМ пәндік семинар он-лайн режимінде өтсе, 24 аудандық, 2 аймақтық семинарлар ұйымдастырылды. Новопокровка ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж. Юсупова, № 1 ОМГ бастауыш сынып мұғалімі Ә.Тойшібекова, Ақын Сара ат.ОМ география пәнінің мұғалімі Ә.Елшібекова, Абай ат.ОМГ бастауыш сынып мұғалімі Д.Бекболатова, Н.Островский ат.ОМЛ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Қабасова аудандық он-лайн режимінде ашық сабақ өткізді.





Халықаралық деңгейдегі жетістіктер

Ұстаздардың алдына қойылған мақсат – ол дарынды, қабілетті оқушылармен жұмысты жүйелендіру, нәтижелендіру. Бұл бағытта бүгінгі күні біршама іс-шаралар атқарылды. Соның бірі аудан мектептерінің интернет желісін тиімді пайдаланып, түрлі олипиадалар мен жобаларға қатысып, нәтижелі жетістіктерге жетуде. Атап айтқанда, № 1 ОМГ, К.Ушинский ат.ОМ, Н.Островский ат. ОМЛ. Бұл ретте № 1 ОМГ еңбегін ерекше атап өтуге болады. № 1 мектеп оқушылары Астана, Алматы, Семей, Талдықорған қалаларында өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып облыстық, республикалық, халықаралық іс-шараларда жүлделі орындардан көрінуде. Станкевич Евгений халықаралық «Ломоносов 2012» олимпиадасының 2 жүлделі орын иегері, Дарын орталығының ұйымдастыруымен өткен VII Республикалық «Детский бизнес проект» жобасына қатысып, жұмысы үздіктердің қатарында көрініп, еңбегі Мәскеу қаласында ұйымдастырылатын «XIII Колмогоровские чтения» байқауына жолдама алды. «Химия, биология пәндерінен III Бүкілресейлік олимпиадасы» атты қашықтан оқыту интернет олимпиадасында Чурегеева Диляра, Даулетпаева Асем жүлделі ІІ орын, республикалық «Ecoschool Moroc – 2013» байқауында Елесова Шолпан I орын, Саламатова Дарья Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған «Табиғатты қорғау – болашақты қорғау» атты облыстық экологиялық форумында шығармашылық жетістікке жеткені үшін және «Жер жұмағы Жетісу» атты облыстық экологиялық форумында шығармашылық табыстары үшін II дәрежелі дипломмен марапаталса, «Фоторепортаж» байқауында жүлделі 1 орын иегері. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігімен «Шеврон» компаниясы ұйымдастыруымен VII Республикалық байқауда Маляров Денис пен Станкевич Евгений тарапынан «Жауын құртын қағаз және өсімдік қоқысын өңдеуде қолдану» тақырыбында жоба ұсынылды. HSBC банкі мен «Экообраз» ұйымдастыруымен «Лучший проект по сохранению климата в нашей школе» тақырыбында 2012 жылы кереге суреттер байқауына Кривенцов Дмитрий мен Станкевич Евгений «Климат сохраняется - каждого касается» тақырыбында II дәрежелі дипломмен марапатталды. Жұмысы Мальта қаласында өткен конференцияда 13-18 жас аралығындағы номинацияда жеңімпаз ретінде паш етілді. Сондай-ақ, осы мектептің оқушысы Станкевич Евгений 2014 жылғы қаңтар айында Стокгольм қаласында (Швеция) «Молодые репортеры для окружающей среды» бағдарламасы аясында өткен «Меньше мусора» атты халыаралық семинарға қатысып қайтты.

Қазақстандық интернет олимпиадасына № 1 ОМГ химия, биология пәндерінен 18 оқушы қатысып, аудан бойынша 6 оқушы ең үздік көрсеткішті көрсетсе, К.Ушинский ат.ОМ барлығы 40 оқушы қатысып, 1 оқушы Б. Нұртөлеуов ІІІ орын алса, 23 оқушы ең үздік көрсеткішті көрсетті.

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»

Алтыншы жыл қатарынан ауданда «Мектепке жол» атты жалпы республикалық акциясы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтуде. Ауданымызда «Мектепке жол» акциясы бойынша аз қамтылған отбасылардың оқушыларына жаңа оқу жылына дайындық уақытында қолдау көрсету және әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекте мектепке келмей қалудың алдын алу мақсатында шаралар ұйымдастырылуда. Былтырғы жылы өткен «Мектепке жол» акциясының қорытындысы бойынша 845 балаға 5 613 579 мың теңгеге демеушілер тарапынан көмек көрсетілді. Биылғы жылы да осы бағыттағы ауқымды шаралар жалғасын табады. Акция аясында аудан, ауыл әкімдері, бөлім басшылары, жағдайы бар азаматтар қайырымдылық іс-шараларға ат салысып, әл-ауқаты төмен отбасы балаларын оқуға қажетті құрал-жабдықтармен, киім-кешекпен қамтамасыз етуде.



Ас адамның арқауы

Білім саласына жылдан - жылға бөлінетін қаржы мөлшері өсіп келеді. 2012 ж жалпыға бірдей міндетті білім қорына бюджеттен 23090,0 мың теңге құйылса, биылғы оқу жылында 23182,0 мың теңге бөлінді. Оның 9 800,0 мың теңгесі балаларды тегін ыстық тамақпен қамтуға, 5 663,0 мың теңгесі жағдайы төмен аз қамтылған отбасыларынан 253 баланың қаладан тыс лагерьлердегі демалысына, 6727,0 мың теңгесі 990 баланы киім-кешек және оқу құралдарымен қамтуға жұмсалды. Қалғаны 24 мектепте оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастырылып, онда жағдайы төмен отбасының 758 оқушысы және 2 мектепте ұйымдастырылған буфет есебінен 207, барлығы 833 бала тегін тамақтандырылды. Бұл 91 % құрайды, 100 пайызға жеткізу жаңа оқу жылының жоспарында қарастырылған.



Баланың бөтені жоқ

«Мүмкіндігі шектеулі балалармен әлеуметтік және медико-педагогикалық коррекциялық қолдау іс-шараларының жоспарын» бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 05.02.2007ж №81 қаулысына сәйкес, аудан әкімінің 01.09.2011 жылғы № 319 қаулысына сәйкес, мектеп жасындағы балалар арасында психикалық дамуы тежелген және әлеуметтік педагогикалық тұрғыда артта қалған балаларды арнайы бағдарламамен өз қабілетіне қарай оқыту және қатарға қосу мақсатында ауданның 7 мектебінде 11 түзету-дамыту сыныбы (келесіде ТДС) ашылып, 67 оқушы оқытылды. Түзету-дамыту сыныбын оқыту барысында «Алакөл ауданының Үшарал қаласындағы №4 ОПМПК мемлекеттік мекемесі» мен Сарқан қаласындағы №10 ППКК-мен тығыз байланыста жұмыс жүргізіледі.

Үйден оқытылатыны 36 бала, оның 14-і көмекші бағдарламамен, 15-і жалпы білім беретін бағдарламамен, 6-ы ТДС бағдарламасымен, 1-уі арнайы мектеп бағдарламасымен оқытылды. Үйден оқытылатын мүгедек балалардың жеке ерекшеліктерін, қабілеттерін және қажеттіліктерін ескере отырып, жұмыс орындарын компьютерлік техникалық құрылғылармен және бағдарламалармен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында 13 950,0 мың теңге бөлінді.

Білім алуға кедергі жоқ

Жалпыға бірдей міндетті білім берудің бір бағыты шалғай елді мекендерде тұратын оқушыларды мектепке тасымалдау жұмысы. Бұл бағытта балаларды тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелер бойынша балаларды мектепке дейін және үйіне апарып-әкелуді ұйымдастыру, оның ішінде жол полициясының органдарымен бірлесе отырып, аудан бойынша 95 бала тасымалданды. Биылғы жылы М.Төлебаев ат.ОМ мен Черкасск ОМ мектеп оқушыларын тасымалдау мақсатында 6 560,0 мың теңгеге жаңадан 2 автобус сатып алынды.



Шығармашылық үйі шаңырағында

Ауданда 1 Балалар шығармашылық үйі қызмет етеді. 9 үйірмесінде 791 оқушы оқиды.

2012-2013 жылы бойынша Балалар шығармашылық үйінің оқытушылары мен оқушылары халықаралық байқауларда, Бүкіл Рессейлік байқауларда, республикалық, облыстық және аудандық байқауларға белсене қатысып, үлкен жетістіктерге жетті.

Тыныққанның ісі тындырымды

Жаз кезінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыру, олардың шығармашылық дамуы үшін қажетті жағдай жасау, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының, қылмыс жасауының, қараусыз, қадағалаусыз қалуының алдын алу мақсатында мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстары барлық мектептерде жоспарға сай жүргізілді. Жоспар бойынша іс-шараның барлық түрімен қамтылған бала саны – 6316 , ол 97,7 % құрады.



Текелі қаласындағы «Алтын Чажа», «Эдельвейс» және Алматы қаласындағы «Жас құрылысшы», Талдықорған қаласындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Қарлығаш» қаладан тыс лагерьлерінде жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан 5 337 000 теңге қаржыға жетім, жартылай жетім, ата-анасының қамқорынсыз қалған отбасы, аз қамтылған отбасы, көп балалы отбасынан 247 бала демалса, ата-аналар мен демеушілер тарапынан Текелі қаласындағы «Эдельвейс», «Бастау», «Алтын Чажа», Ақмола облысы Щучинск қаласындағы Ключевое кентінде орналасқан «Остров Робинзонов» спорттық-сауықтыру лагері, Алматы қаласындағы «Жас құрылысшы», «Мадагаскар», «Балбұлақ», «Спутник», «Тургень шатқалы» туристік базасында, Талдықорған қаласындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Қарлығаш» қаладан тыс лагерлерінде 32 бала демалса, кәсіподақ ұйымы тарапынан 435 мың теңге қаржыға 17 бала, барлығы қаладан тыс лагерьге жолдамамен 293 бала демалды. Ата-аналар демеушілігімен 1 583,0 мың теңгеге жақын және алыс шетелдерге демалуға және шет тілінен дәріс алуға Абай ат.ОМГ оқушысы Батаева Индира Белгия корольдігінің Брюсель қаласына, 9-сынып оқушысы Манарбеков Ұлан Түркияның Бодрум қаласына, № 1 ОМГ 8-сынып оқушысы Мұратов Даниел Лондон қаласына, М.Төлебаев ат.ОМ оқушысы Оразиман Думан Қырғызстанның Бішкек қаласында демалуға және танымдық саяхатқа жіберілді. Маусым-шілде айларының қорытындысы бойынша 2 ауысымға балалардың демалысына және сауықтыруына жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан 8269900,0 мың теңге, кәсіподақ ұйымы тарапынан 435 мың теңге, ата-аналар мен демеушілер тарапынан 11 576 970,0 мың теңге, барлығы 20 281 870,0 мың теңге жұмсалды.

П.Иманғазиева,

аудандық білім бөлімінің

басшысы

қҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!


Жүзіңен құйылып әдемі нұр,

Ақ пейілің айтпай-ақ көрініп тұр.

Адамға болсын деген жан екенсің,

Тілегім әрдайым аман да жүр.

Жақсының жақсылығы көрінеді,

Өмірі жібек жолдай өріледі.

Көргені қай кезде де құрмет болып,

Көңілдің алады орын төрінде енді.

О, көршім, туған күнің құтты болсын,

Ортаңа әрқашан шаттық толсын.

Қауым отыр Өзіңмен бір қуанып,

Ақ тілектер бүгінгі орындалсын! –

деген ақ тілекпен Қойлық ауылының тұрғыны Садықанова Шакизаны туған күнімен құдай қосқан көршілері шын жүректен құттықтайды!

ПОЗДРАВЛЯЕМ!!!

Глобенко Валентина Ивановна



Хотим поздравить с Днем рожденья

И счастья в жизни пожелать.

На жизнь не стоит обижаться,

Не стоит в жизни унывать.

Пусть будет все: гроза, метели,

Пусть будет радость и покой.

А если очень будет трудно,

То знай, что мы всегда с Тобой.

Позабудьте о мелких невзгодах!

Вам теперь не пристало тужить:

Вы, уйдя на заслуженный отдых,

Наконец начинаете жить!

И пускай не пугают Вас будни,

Не склоняет в уныние век!

С днем рождения, добрый наш, мудрый,

Замечательный наш человек!

Коллектив ТОО «Ак – Булак продукт»

БЛАГОДАРСТВЕННОЕ

ПИСЬМО

Вот и наступила долгожданная Весна. В канун праздника 8 марта, хочется от всей души поздравить коллектив девчат Выплатного центра. Здоровья Вам, счастья, любви, семейного благополучия. Много ли человеку надо, особенно в преклонном возрасте? Нет! Чуточку внимания, доброго слова, ласкового взгляда. Особенно хочется выразить большую благодарность, заведующей выплатного центра Куракбаевой Бактыгуль Аукеновне и специалисту Стамбековой Асель Канатовне это люди доброй души, знающие свою работу, умеющие работать с клиентами.



Спасибо Вам большое!

С уважением Глобенко Валентина Ивановна.
: images -> stories
stories -> Родителям о прививках
stories -> Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы
stories -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №859 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
stories -> Топқа еліктеу
stories -> Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан
stories -> «Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы»
stories -> Иісті газбен улану Қазақстан Республикасы іім тжк «амо» мм-нің




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет