Бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат



жүктеу 48.6 Kb.
Дата22.01.2018
өлшемі48.6 Kb.
түріБағдарламасы
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін

дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік

бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат
(ҚР Президентінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 420 жарлығымен бекітілді)
Ауыл шаруашылығы саласында өнімді өндірумен 380 ауылшаруашылық құрылымдар мен 3688 шаруа қожалықтары айналысады.

Ауылшаруашылық өнімін өндірудің негізгі бағыттары ет, сүт, жұмыртқа, астық, картоп және көкөністер.

2017 жылдың қаңтар-сәуір айлары ішінде жалпы өнім көлемі 26,4 млрд. теңге, нақты көлем индексі – 111,0% құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 0,4 млрд. теңге (100,0%), мал шаруашылығы – 26 млрд. теңге (111,3%).

Қаржыландыру.

Мемлекеттік қолдаудың шаралары 16 бағдарлама бойынша көрсетіледі.

2017 жылы 12630,7 млн. теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 6653,4 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 5977,3 млн. теңге. 2017 жылғы 1 мамырға 3670,2 млн. теңге игерілді.

Несиелеу негізінен «ҚазАгро» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерімен агроөнеркәсіп кешенінің барлық бағыттары бойынша көктемгі-егіс жұмыстарынан бастап инвестициялық жобаларды іске асыруға дейін жүзеге асырылады.

«ҚазАгро» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерімен 1886,7 млн. теңге сомасына несиелер берілді, олардан:

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ466,2 млн. теңге:

- көктемгі-егіс жұмыстарына НС арқылы – 397,6 млн. теңге (50 АШТӨ);

- «Сыбаға» бағдарламасы бойынша – 68,6 млн. теңге;

«ҚазАгроҚаржы» АҚ – 1206,1 млн. теңге, олардан:

- техника лизингі 1206,1 млн. теңге сомасына, (37 бірлік)



«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» - 214,4 млн. теңге, олардан:

- «Ырыс» бағдарламасы бойынша - 61,4 млн. теңге;

- Береке – 153,0 млн. теңге (39).

Өсімдік шаруашылығы.

Қазіргі уақытта облыс ауылшаруашылық тауар өндірушілер көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуде.

Ағымдағы күнге 641,0 мың га алаңда (89%) ылғалды жабу жүргізілді, көктемгі жырту – 107,9 мың га алаңда (44%), егіс алдындағы өңдеу – 168,3 мың га алаңда (34%) жүргізілді.

Көпжылдық шөптерді – 7,3 мың га алаңда (20%), көкөніс дақылдарын – 0,8 мың га алаңда (12 %) егу жүргізілді, 1,40 мың га алаңда картоп отырғызылды (8%).

Облыс бойынша дәнді және майлы дақылдардың көлемі 235,5 мың тоннаны құрайды. Соның ішінде лицензиясы бар астық қабылдау кәсіпорындарында – 58,4 мың тонна, меншік иелерінің, диірмендердің және қайта өңдеуші кәсіпорындардың астық қоймаларында 177,1 мың тонна алыс-беріс астық бар.

Облыс бойынша бидайдың тағамдық астығы барлығы 80,5 мың тонна бар, олардан 3-классты 36,9 мың тонна, жемшөп 26,3 мың тонна.

Облыс астық қабылдау кәсіпорындарының жүктемесі 15,4 % немесе 58,4 мың тонна құрайды, олардан лицензияланғандарда 19,3 % немесе 54,6 мың тонна, лицензияланбағандарда 3,9 % немесе 3,8 мың тонна.

2017 жылғы егінге шаруашылық субъектілерімен 130,5 мың тонна жаздық егістің ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдары егілді немесе жоспарлық қажеттіліктен 119 % (109,8 мың тонна), олардан: дәнді дақылдар 83,3 мың тонна немесе жоспардан 114 %, майлы дақылдар – 2,2 мың тонна немесе 125 %, азықтық – 2 мың тонна немесе 101 %, картоп – 43 мың тонна немесе жоспардан 132 %.

Облыс ауылшаруашылық тауар өндірушілер «Қазагрэкс» АҚ облыстық филиалының зертханасына егістік сапалары мен көрсеткіштерін толық талдауға 97,2 мың тонна тұқымдық және көшет отырғызылатын материалдар немесе 2017 жылғы егінге тұқым себудің облыстық жоспарынан 89 % тұқымдар тапсырылды.

Тұқымдардың көрсетілген көлемінен тексерілгені және кондицияға сай деп танылғаны 83,8 мың тонна немесе 86 %, оның ішінде: 1 классқа 52,8 мың тонна – 63%, 2 классқа 22,6 мың тонна – 27%, 3 классқа 8,2 мың тонна – 9,7%.

Облыс ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен 5,4 мың тонна көлемінде жоғары репродукциялы тұқымдар сатып алынды, оның ішінде: бірегей тұқымдар – 44 тонна, элиталық тұқымдар 3,1 мың тонна, бірінші репродукциялы тұқымдар – 1,98 мың тонна, екінші репродукциялы тұқымдар – 16 тонна және бірінші ұрпақты будандар 276 тонна. Бұл ретте дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 2,3 мың тонна, майлы дақылдар – 467 тонна, азықтық дақылдар – 218,7 тонна және картоп 2,5 мың тонна.

Мал шаруашылығы.

2017 жылғы 1 мамырға ІҚМ басының саны 488,5 мың бас (2016 жылдың ұқсас кезеңіне 101,8%), қойлар – 659,9 мың бас (101,1%), ешкілер – 95,2 мың бас (105,4%), шошқалар – 72,9 мың бас (97,0%), жылқылар – 150,6 мың бас (106,0%) және құстар – 1289,7 мың бас (147,6%).

Өндірілген сүт – 88,6 мың тонна (103,8%), тірі салмақтағы ет – 24,8 мың тонна (113,8%) және жұмыртқа – 44 622,7 мың дана (126,4%).

Төмендеу себептері:

Негізінен ШҚ,ФҚ, жеке үй аулаларда төмендеу есебінен Качир ауданында (2,3%-ға), Павлодар ауданында (23,7%-ға) шошқа саны кеміді:

Качир ауданында жеке үй аулаларда 6,8%-ға төмендеу.

Павлодар ауданында ШҚ,ФҚ 77,2%-ға және жеке үй аулаларда 32,6%-ға төмендеу.

2017 жылғы 5 мамыр жағдайы бойынша «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 422 бас ірі қара мал сатып алуға несиелер берілді.

«Сыбаға», «Алтын асық» және «Құлан» несие бағдарламалары бойынша ірі қара малдың 2000 аналық мал басын, 1000 бас қойлар мен 500 бас жылқылар сатып алу бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

«Еттің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы шеңберінде 225 тонна ет өнімдері экспортталды, бұл жоспардағы 17,3% құрайды.

Ірі қара малдың тұқымдық-өнімділік сапаларын жақсарту мақсатында селекциялық-асыл тұқымды жұмыс жүргізіледі. Тұқымдық түрлендіруге 10,5% тауарлық аналық мал басы тартылды (2016 жылы қамту 27,5% құрады).



Қайта өңдеу. Ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеуді және жергілікті кәсіпорындардың өнімімен нарықты толтыруды қамтамасыз ету үшін 204 дайындаушы пунктер және 299 қайта өңдеуші объектілер жұмыс істейді.

Жыл басынан бері 213 ауылшаруашылық жәрмеңкелер өткізілді, 569,3 млн. теңге сомасына өнім сатылды.
: upload -> files -> Agrobiznes2020
files -> Аудандық бюджет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 шілдедегі №1061 Қаулысымен бекітілген жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережелеріне сәйкес 3 жылдық кезеңге жыл сайын әзірленді. Жергілікті бюджетті нақтылау
files -> Непрямые реставрации в клинике детской стоматологии
Agrobiznes2020 -> Бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат
Agrobiznes2020 -> «Агробизнес 2020» агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша бағдарламаны іске асыру туралы ақпарат
Agrobiznes2020 -> Бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет