Бағдарламасы «Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы»



жүктеу 285.16 Kb.
Дата06.07.2017
өлшемі285.16 Kb.
түріБағдарламасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-35.1. ______

/02-2013



ПОӘК

Оқу – Әдістемелік материалдар бағдарламасы



«Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы»

№ 2 басылым

18.09.2013 ж.


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы
«5В011300» – «Биология» мамандығы үшін
ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2013 ж



МАЗМҰНЫ:


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Зертханалық жұмыстар

  4. Курстық жұмыстар (проект)

  5. СӨЖ тақырыптары мен мазмұны


1. ГЛОССАРИЙ
Автотрофтық - автотрофизм. Өсімдіктердің фотосинтез немесе хемосинтез арқылы ауадағы, топырақтағы және судағы анорганикалық заттармен қоректенуі.

Адаптогенез - адаптогенез. Эволюция процесінің нәтижесінде бейімдеушілік белгілерінің нәтижесінде пайда болып, қайта өзгеруі.

Аденозинфосфорлы қышқылдар - аденозинфосфорные кислоты. Аденозиннің фосфорлы эфир қосындысы түрінде мононуклеотидтерге жататын күрделі органикалық қышқылдар.

Адсорбция - адсорбция. Моленкулалық күштердің әсерінен адсорбенттер бетіндегі зат бөлшектерінің көбеюі. Биологиялық мембраналардың қызметтері, ферменттер мен реакцияға қатысушы заттардың өзара әрекеттесуінің алғашқы кезеңі, уытты заттарға қарсы қорғаныш реакциялары, топырақтан қоректік заттардың тамыр жүйесі арқылы өсімдікке сіңуі бәрі де абсорбция процесімен тығыз байланысты.

Алғашқы саңылаулар - первичные поровые поля. Морфологиялық жағынан ерекше, кейінде ұрық клеткалары дамитын алғашқы клеткалар.

Амилопластар - амилопласты. Өсімдік клеткаларында крахмал пайда болатын түссіз пластидтер. Лейкопластардың бір түрі. Көбінесе тамырда, тамыр сабақта, т.б. кездеседі.

Апопласт - апопласт. Судың және ондағы еріген қоректік заттардың сақталуын және өсімдік бойымен тасымалдануын жүзеге асыратын, барлық клетка қабықтарындағы талшық аралық және клетка аралық бстықтардың тұтасып байланысқан жүйесі (бос кеңістік).

Ассимиляция - ассимиляция. Организмдердің сыртқы ортадан заттарды қабылдап, өздеріне тән күрделі органикалық заттарды синтездеуі. Бұл процесс энергия пайдалану арқылы жүзеге асады.

Ассимиляттар - ассимиляты. Фотосинтез кезінде хлоропластарда ең алғаш пайда болатын органикалық заттар.

Ассимиляциялық крахмал - ассимиляционный крахмал. Фотосинтез нәтижесінде өсімдіктің хлоропластарында тікелей пайда болатын крахмал.

Әкшіл өсімдіктер - кальцефильные растения. Кальцийі мол, сондай-ақ әк, бор және басқа карбонатты жыныстар шығатын аймақтарда өсіп-өнетін өсімдіктер.

Базофильді өсімдіктер - базофильные растения. Топырақтары сілтілі болып келетін шөл және шөлейт далада өсетін көптеген өсімдік түрлері.

Балауыз өңезі - восковой налет. Жапырақ бетіне, кейде өсімдік сабағына балауыздың жұғуы. Бұл өсімдіктің артық буланудан сақтайды.

Бастама клеткалар - инициальные клетки. 1) Бөлінгеннен кейін өзгеріссіз меристемалық болып қалатын өсу нүктелерінің клеткалары. Кейбір өсімдіктердің (мүктер, папортник тәрізділер) өсу нүктесінде жалғыз-ақ клетка көпклеткалы организмнің бастамасы бола алады. Басқа өсімдіктер (тұқымды өсімдіктердің көбі) промеристемасында бірнеше бастама клеткалар болады. Бастама клеткалардың туындылары әралуан тканьдік элементтерге сұрыпталады. 2) Бөлінгенде бірнеше клеткалық топтарды пайда ететін эпидермис клеткасы. Олардан устьицалардың тұйықтаушы және жанама клеткалары сұрыпталады. 3) Бірнеше қайталанып бөлінуден ұрықтық бастамасы болатын ұрықтанған жұмыртқа клеткасы.

Безді клеткалар - железистые клетки. Ішінде әртүрлі - эфир майлары, қымыз қышқылды ізбес кристалдары бар, көлемінен немесе ерекше пішінімен оңай көзге ілінетін паренхима тканінің арнайы клеткалары.

Бейімделу - адаптация. Организмнің құрлысы мен атқаратын қызметінің тіршілік жағдайларына бейімделуі, сыртқы жағдайларының өзгеруіне организмнің бейімделуін қамтамасыз ететін жауаптардың жиынтығы.

Биогенді элементтер - биогенные элементы. Организмдердің тіршілігі үшін қажетті құрам бөлігі болып табылатын химиялық элементтер. Оларға көміртегі, оттегі, азот, сутегі, күкірт, фосфор және т.б. жатады.

Биотроф - биотроф. Тіршілік әрекеттеріне қажетті қоректік заттарды және энергияны басқа организмдерден - хайуанаттардан, өсімдіктерден, бактериялардан, саңырауқұлақтардан, т.б. алатын паразит.

Бөліп шығарушы клеткалар - выделительные клетки. Басқа клеткалардың тіршілік әрекеттеріне байланысатын заттардың жиналуына арналған клеткалар.

Бірінші (алғашқы) қабық - первичная оболочка. Ең алғашқы, шыныдай мөлдір тысқы қабат. Жас клеткаларда протопластан пайда болады. Құрлысы целлюлозалық микроталшықтардан құралған тор сияқты. Пектиндік заттардан және гемицеллюлозалардан тұратын аморфты матрикске малынған күйде болғандықтан клетка қабығының созылуына кедергі жасамайды. Алғашқы қабық меристема және мезофилл клеткаларында көбірек байқалады.

Вакуольдар - вакуоли. Ішінде клетка шырыны жиналған цитоплазмадағы көпіршіктер. Клетка шырының құрамыында еріген органикалық және минералдық заттар болады. Басында көптеген майда вакуольдар бір-бірімен қосылып клетканың бүкіл ішін алып жататын үлкен бір вакуольға айналады. Клеткадағы осмостық құбылыстар осы ерігенг заттардың концентрациясына байланысты.

Галоксерофиттер - галоксерофиты. Тұздылыққа, қуаңшылыққа бірдей төзімді өсімдіктер.



Галомезофиттер - галомезофиты. Ылғалдылығы орташа аймақтарда өсетін, тұздық ортаға төзімді өсімдіктер.

Галофиттер - галофиты. Тұзға төзімді, яғни сорланған, кебірленген топырақтарда, сондай-ақ тұзды суларда өсетін өсімдіктер.

Галофобтар - галофобы. Тұзды ортада өсе алмайтын өсімдіктер.

Гекистотермиялы өсімдіктер - гекистотермные растения. Суыққа төзімді, күн энергиясы өте аз түсетін жағдайларда тіршілік ете алатын өсімдіктер (мысалы, полярлық қуаң дала, альпі белдеуінде өсетін өсімдіктер.

Гелиофиттер - гелиофиты. Күн жарығы мол түсетін жерлерде өсіп, жарықты көбірек ұнататын өсімдіктер.

Гемикриптофиттер - гемикриптофиты. Жертаған өсімдіктер. Жылдың қолайсыз мерзімінде олардың бастама бүршіктері жерде сақталады.

Гемиксерофиттер - гемиксерофиты. Қуаңшылық аймақтар мен ылғалдылығы орташа аралығында өсетін өсімдіктер. Олардың тамырлары өте тереңдеп өседі, транпирация арқылы қарқындылығы жоғары және сусыздануға төзімділігі төмен келеді.

Гетеротрофты мүшелер (органдар) - гетеротрофные органы. Фотосинтезге қабілетсіз өсімдік мүшелері (тамыр, ұрық, жапырақтың түссіз ұлпалары).

Гиалоплазма - гиалоплазма, матрикс. Ішінде ядро, басқа органоидтар және клеткалық алмасудан пайда болған заттар орналасқан өсімдіктер мен жануарлар клеткаларының ішкі негізгі құрамы.Гиалоплазманың құрамына белок тектес заттар, соның ішінде, ферменттер енеді. Гиалоплазма клетканың құрылымдық бөлшектерін біріктіріп, олардың өзара химиялық қатынастарын қамтамасыз етеді.

Гигрофиттер - гигрофиты. Суды көп керек ететін, тек ылғалы мол топырақтарда өсетін өсімдіктер (орман өсімдіктерінің көпшілігі).

Гигрофобты өсімдіктер - гигрофобные растения. Ылғалды көп керек етпейтін, сондықтан ылғалы мол жерден қашық өсетін өсімдіктер.

Гидатодтар - гидатоды. Өсіәмдіктердің су тамшыларын (гутация) бөліп шығаруға бейімделген устьицалары. ылғалы мол жерлерде өсетін өсімдіктерде көп кездеседі.

Гидатофиттер - гидатофиты. Түгел немесе жартылай суға батып өсетін өсімдіктер.

Гидрокриптофиттер - гидрокриптофиты. Бүртіктері суда болатын өсімдіктер.

Гидромезофиттер - гидромезофиты. Гигрофиттер мен мезофиттер аралығында орын алатын өсімдіктер.

Гидроморфизм - гидроморфизм. Гидрофиттердің морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктері: ауа сақтағыш клетка аралықтарының мықты дамуы, қалқып өсетін жапырақтарда устьицалардың көптігі, борпылдақ және бағана тәріздес тканьдердің нашар бедерленуі, тамыр жүйелерінің механикалық ткандерінің нашар дамуы, кейде жапырақтардың әртүрлілігі.

Гидроморфоздар - гидроморфозы. Суда тіршілік етуіне байланысты өсімдік пішіндерінің өзгеруі.

Гидрофиттер - гидрофиты. Тіршлігін ұдайы суда өткізетін су өсімдіктері.

Гидрофобты өсімдіктер - гидрофобные растения. Суы мол жерден қашықтап өсетін өсімдіктер.

Гипсоксерофиттер - гипсоксерофиты. Гипсі мол топырақта өсетін өсімдіктер.

Гликогаломезофиттер - гликогаломезофиты. Тқздануға төзімді, өз организіміне тұзды өткізбейтін мезофит өсімдіктер.

Гликогалофиттер - гликогалофиты. Тамырлары тұзды нашар өткізетіндіктен, ұлпаларында тұз жиналмайтын өсімдіктер.

Гликофиттер - гликофиты. Тұзсыз топырақтарда және тұщы су қоймаларында өсетін өсімдіктер. Оларға жер бетінде өсетін өсімдіктердің көптеген түрлері жатады.

Гольджи аппараты - аппарат Гольджи. Клетканың өте майда құрылымдық бөлшегі. Жайпақ ыдыс немесе табақша тәрізді қысыңқы көпіршіктерден құрылған. Жан-жағынан одан да майда көпіршіктер созылып жатады.

Граналар - граны. Хлоропластардың ішкі құрлымының негізгі бөлшектері. Олар реттеліп орналасқан тилакоидтар байламына ұқсас. Хлоропласта 10-15 граналар болуы мүмкін, дегенмен олардың бәрі өзара жұмыр, немесе қысыңқы құбыр сияқты граналық тилакоидтар арқылы біртұтас жүйе боп байланысқан.

Гуттация - гуттация. Өсімдік жапырақтарының устьицаларынан судың тамшы түрінде бөлінуі. Гуттация транспирацияның өте бәсендеуінен өсімдік-тердің жер үстілік органдарының шамадан тыс сулануына байланысты. Гуттация астық тұқымдастар өскіндерінде, қырықбуындыларда өте жиі байқалады.

Диктиосома - диктиосома. Клетка цитоплазмасының майда құрылысты бөлшегі. Жан-жағынан ішінде клеткалар тіршілік әрекетінен пайда болған заттары көпіршіктер қалыптасатын мембраналық табақшалар жиынтығы. Әдетте өсімдіктер клеткасында жиынтығы Гольджи аппараты деп аталатын бірнеше диктиосомдар болады.

Диссимиляция - диссимиляция. Тірі ұлпаларда органикалық заттардың ыдырап, энергияның бөлінуі. Клеткадағы қажетті энергияның барлыңы диссимиляцияға байланысты өндіріледі. Тыныс алу мен ашу процестері диссимиляцияның негізгі түрлері болып есептелінеді.

Диффузия (ірігу, таралу, ағу) - диффузия. Бір заттың молекулаларының (газдың, сұйықтықтың, қатты дененің) басқа заттарға тәкелей жанасқанда немесе саңылаулы кедергі арқылы енуі (жүйедегі заттың концентрациясының өздігінен теңелуі).

Дөңгелек саңылаулар - округлые поры. Бірінші қабықтың қабыршағымен ажыратылған, клетканың қалыңдамаған екінші қабығының цилиндр тәріздес қуыстары. Көбінесе паренхималық клеткаларға тән.

Евгалоксерофиттер - евгалоксерофиты. Тұздануға және қуаңшылыққа бірдей төзімді өсімдіктер.

Жазғы тыңыштық - летний покой. Құрғақ, шөл далада өсетін кейбір өсімдік түрлерінің жаздың құрғақшылық кезеңдеріндегі қолайсыз жағдайларға бейімденуіне байланысты тыңыштық күйге өтуі.

Жапырақ жұмсағы - мякоть листа. Жапырақтың үстінгі және астыңғы қа- баттарының арасындағы (бағана тәріздес және кеуекті) паренхима немесе жапырақтың ассимиляциялаушы (мезофилл) ұлпасы.

Жапырақтың ширатылуы - скручивание листьев. Бактерия, саңырауқұлақ немесе вирустардың әсерінен пайда болатын аурулардың бір белгісі.

Жапырақтың бұйралануы - курчавость листьев. Әртүрлі топтағы саңырауқұлақтардың әсерінен пайда болатын өсімдіктер ауруы. Жапырақ бетінде көптеген дөңестер пайда болып, жапырақ пішіні бұзылады.

Жара меристемасы - раневая меристема. Өсімдіктің жараланған бөліктерінің шеттерінде пайда болатын жаңа ұлпа. Әдетте жара меристемасының қызметін жараланған жерге жанай орналасқан камбий қабаты атқарады.

Жара тозы - раневая пробка. Өсімдіктің кез-келген органындағы ұлпалар жараланғаннан кейін феллоген клеткаларынан пайда болатын, зақымданған ұлпаны сау ұлпадан бөліп тұратын тозды қабат.

Жара ұлпасы - раневая ткань. Жара меритстемасы әрекетіне байланысты зақымданған жерде пайда болатын бұлтық (каллус) түріндегі жаңа ұлпа.

Жартылай өткізгіш қабық - полупронецаемая оболочка. Суды (еріткіш) оңай өткізетін және ондағы еріген заттарды өткізбейтін қабық.

Жартылай өткізгіш мембрана - полупронецаемая мембрана. Өзінен, әдетте тек еріткіш молекулалары ғана өте алатын мембрана.

Жыныс клеткалары - половые клетки. Жыныс органдарында пайда болатын және жыныстық көбеюге қажетті хромосомдар жиынтығы, гаплоидты арнайы клеткалар.

Жіктелу кезеңі - фаза дифференциации. Көлемдерінің ұлғаюы тоқтап, қабықтары суберинмен тығызданып немесе сүректеніп, тиісті қызметін атқаруға дайындалған клетканың өсуінің соңғы кезеңі.

Каротин - каротин. Каротиноидтар тобындағы қанықпаған көмірсутекті қызғылт сары пигмент. Суда ерімей, органикалық еріткіштерде ериді. Барлық өсімдіктердің хлоропластарында және хромопластарында болады.

Каротиноидтар - каротиноиды. Суда ерімейтін сары және қызғылт сары пигменттер тобы. Каротиноидтерге каротин және химиялық тегі жағынан соған жақын ксантофилл, ликопин, фукоскантин және т.б. пигменнттер жатады. Күзде жапырақтардың сароғаюы, сондай-ақ гүл, жеміс түстері де осы пигменттердің болуына байланысты.

Каспари белдеушесі - поясок каспари. Бірқатар өсімдіктердің тамыр клеткалық қабықтарының дөңгелек белдеуше сияқты болып тозандануы немесе сүректенуі.

Кернелу - тугор. Клетка қабығы мен ішкі бөлімдерінің өзара қысымдары нәтижесінде өсімдік клетекалары, тканьдері және органдарының кернелген күйі.Осмостық қысымға байланысты клеткаға су енгенде байқалатын қысым, көленмі ұлғайған сайын протопластқа түсетін клетка қабығының қарсы қысымына теңеседі. Кернеулік қысым мен осмостық қысымның өзара қатынасы судың сіңу процесіне үлкен әсер тигізеді.

Клетка - клетка. Жануарлар мен өсімдіктерді тіршіліксіз жүйелерден ерекшелейтін, морфологиялық және физиологиялық сұрыпталған құрылыстық бірлік. Қарапайым тірі жүйе бола тұрып, клетка өзін-өзі жаңартуға, өндіруге және реттеуге қабілетті. Клетканың негізгі құрамы - ішінде органоидтар мен басқа кіріспелер орналасқан цитоплазма, ядро, вакуоль. Олардың барлығы клетка қабығымсен қоршалған.

Клетка-аралық заттар - межклеточное вещество. Клетка қабықтарының арасында болатын және клеткаларды өзара қиындастыратын полисахаридке ұқсас зат.

Клетка сөлі - клеточный сок. Клетка вакуоліндегі тіршілік әрекетінің нәтижесінен шыққан сұйықтық зат. Химиялық жағынан минералдық тұздардың, амин қышқылдарының, көмірсулардың, органикалық қышқылдардың, суда еритін бояулы заттардың нағыз ерітіндісі болып табылады.

Клеткалардың өткізгніштігі - проницаемость клеток. Клетклардың қоршаған ортадағы еріген заттардың енуін және ұсталып қалуын қадағалау қасиетімен клетка тіршілік процесінде пайда болған заттарды шығару қабілеті. Клетканың өткізгіштігі клетка мембраналарының құрлысына, күйіне және қызмет әрекетіне байланысты.

Клетканың бөлінуі - клеточное деление. Физиологиялық дербес бір ядролы клетканың тепе-тең екіге бөлінуі. Олардың әрқайсысы плазмадағы негізгі заттардың, ең алдымен, ядроның жартысы енеді.

Криптофиттер -криптофиты. Су астында және топырақта қыстап шығып, қайта көктейтін бүршіктері бар тамырсабақты, түйнекті және пиязшықты көпжылдық өсімдіктер.

Кристалар - кристы. Митохондрияның ішіне қарай созылып шығатын түтікше немесе табақша қабаттары.

Ксантофилл - ксантофилл. Каротиноидтарға жататын, спиртте ерімейтін, каротинмен бірге хлоропластарда және хромопластарда болатын сары пигмент.

Ксероморфизм - ксероморфизм. Өсімдіктерде қуағшылыққа бейімделу нәтижесінде пайда болатын морфологиялық, анотомиялық белгілердің жиынтығы.

Ксерофиттер - ксерофиты. Құрғақшылық аймақтарға бейімделген өсімдіктер. П.А. Генкельдің ұйғаруы бойынша ксерофиттер мынандай топтар,ға бөлінеді: суккуленттер, эвксерофиттер, гемиксерофиттер.

Қоректендіруші ұлпалар - питающие ткани.Өсімдіктердің қалыптағыдай сумен, минералдық заттармен және ауа арқылы қоректенуін жүзеге асыратын ұлпалар. Қоректендіруші ұлпалар сіңіргіш, өткізгіш және ассимиляциялық қор жинағыш болып бөлінеді.

Қоректік заттар - питательные вещества. Құрамында өсімдіктерге қажетті қоректік элементтері бар қосындылары.

Қоршау - обкладка. Жапырақтың өткізгіш шоқтарына айнала орналасқан клетка қабаттары. Паренхималық немесе склеренхималық бөлектерден құралуы мүмкін.



Қоршаушы клеткалар - обкладочные клетки. Кейбір қарапайым анатомиялық топтарды қоршайтын ерекше клеткалар.

Қышқылшыл өсімдіктер - кальцефобы. Қышқыл және бейтарап топырақтарда жақсы өсіп, әкке бай топырақтарда нашар өсетін өсімдіктер.

Лейкопластар -лейкопласты. Пластидтердің бояусыз, дөңгелек немесе ұршық тәріздес бір түрі. Әдетте эпидермис клеткаларына немесе түссіз тканьдер тән.

Мезоксенрофиттер - мезоксерофиты.Мезофиттермен салыстырғанда құрғақтау, ксерофиттерге қарағанда ылғалдау аймақтарда өсетін өсімдіктер.

Мезофилл - мезофилл. Жапырақтың хлорофилі клеткаларының негізгі тобы.

Мембрана - мембрана. 1) Іріктеп өткізетін қасиеті бар цитоплазманың аралық құрлымы (плазмалемма, тонопласт, клетка, органеллалардың мембраналары). 2) Кейбір балдырлардың қабығы.

Метаболизм - метаболизм. Оргнизіміндегі зат алмасу процесі. Ассимиляция және диссимиляция процестерінің жиынтығы.

Митохондриялар - митохондрии. Клеткада энергияны пайда болуын, жиналуын және таралуын қамтамасыз ететін органоидтар.

Негізгі ткань - основная ткань. Жамылғы және өткізгіш тканьдердің аралығында клеткалар жиынтығы.

Нуклеодесмалар - нуклеодесмы. Әр түрлі өсімдіктерде ядро қабықшасына көлденең бағытта еніп ядроның ішкі жағын цитоплазмамен байланыстыратын талшықтар.

Нуклеоплазма - нуклеоплазма. 1) Ядроның хроматинмен ядрошықтан басқа негізгі сұйық бөлігі. 2) Бактериялар және көк-жасыл балдырлар клеткасының ядро баламасы орналасқан бөлігі.

Осмос - осмос. Су молекулаларының жартылай өткізгіш мембраналар арқылы қанықпаған ерітіндіден қаныққан ерітіндіге қарай араласуы.

Осмофильді өсімдіктер - осмофильные растения. Осмостық қысымы жоғары ортада өсетін өсімдіктер (тұзды көлдердегі балдырлар).

Өсімдіктердің қоректенуі - питание растений. Өсімдіктердің қоректік заттарды сіңіріп игеруі. Қоректену ерекшеліктеріне байланысты өсімдіктер гетеротрофты және автотрофты болып екіге бөлнеді.

Өткізгіш клеткалар - передаточные клетки. Клетканың сыртқы мембрана- сының (плазмасының) жалпы ауданың көбейтетін, қабығында көптеген өскіншектері бар паренхималық клеткалар. Еріген заттарды көрші клеткалрға тасымалдауға қажет.

Паренхималық клеткалар - паренхимные клетки.Пішіні жағынан шарға, тектешеге немесе қысқа қалпақшаға ұқсас, яғни ұзындығы енінен әлдеөайда көбірек целлюлозалы қабықтары жұқа клеткалар.

Пасока - пасока. Тірі өсімдіктердегі тамыр қысымының күшіне байланысты кесілген сабақтан немесе тамырдан бөлініп шығатын сұйықтық.

Периблема - периблема. Тамырдың өсу ұшындағы алғашқы түзуші тканьнің паренхималық клеткалрының бір немесе бірнеше қабаттары.

Пигменттеу - пигментация. Өсімдік организмдерінің әр түрлі органдарында және ұлпаларында бояғыш заттардың жиналуы.

Плазмалемма - плазмалемма. Цитоплазма мен клетка қабьығының арасында мембраналық қабат. Оған клетка мембраналарының барлық қасиеті тән, соның ішінде жартылай өткізгіштігі де тән.

Плазмолиз - плазмолиз. Қанттар, тұздар, глицерин және басқа осмостық қасиетті мол заттардың гипертониялық ерітінділерінің әсерінен тірі өсімдік протопластарының көлемі кішірейіп, соңынан қабықтан ажырауы.

Пластидтер - пластиды. Автотрофты өсімдіктер клеткаларының цитоплаз- масындағы органикалық затардың құралуын жүзеге асыратын боялған немесе түссіз органоид.

Полиплоидты ядро - полиплоидное ядро. Негізгі хромосомдары екіден көп кез-келген ядро.

Полисома - полисома. Информациялық РНҚ молекуласымен біріккен және белок синтезін жүзеге асыратын рибосомалар жиынтығы.



Прокариоттар - прокариоты. Морфологиялық қалыптасқан ядросы және басқа да әдетті клеткалық органеллалары жоқ организмдер. Оларға бактериялар, көк-жасыл балдырлар жатады.

Пропластидтер - пропластиды. Өсімдіктер меристемасында және промеристемасында хлоропластардың дамуының алғашқы сатысы.

Протодерма - протодерма. Ұрық денесін толық жауып тұратын, толық қалыптасып жетілмеген клеткалар қабаты. Ұрық өнгенен бастап протодерма өсімдіктің жамылғы тканьдеріне айналады.

Рибосомалар - рибосомы. Әдетте эндоплазмалық тордың мембранарында орналасқан, диаметрі 15-30 нм, сфенра немесе саңырауқұлақ тәріздес субмикроскоптық бөлшектер.

Ризодерма- ризодерма. Тамыр жүйесінің ең сыртқы ұлпасы. Ол қоршаған ортадан заттарды сіңіріп, олардың ішкі ұлпаларға іріктеніп енуін қамтамасыз етеді. Бұл ұлпаны құрайтын клеткалар трихобластар және ахриблостар болып екі топқа бөлінеді.

Ризосфера -ризосфера. Тамырға тікелей жанасқан топырақ бөлігі.

Саңылаулар - споры. Өсімдік клеткаларының қабығындағы қалыңдамаған микроскоптық орындар.

Саңылаулы өзектер - поровые каналы. Клетканың екінші қабығының бірінші қабыққа дейінгі жіңішке өзек тәріздес қалыңдамаған жерлері. Бір клетканың өзектері басқаларына қарсы орналасқан.

Симпласт - симпласт. 1) Қабық саңылаулары арқылы цитоплазма плазмадесмаларымен өзара функциональді және физиологиялық байланысқан, өсімдік организімінің барлық тірі клеткаларының протопластар жиынтығы. 2) Клеткалық құрылысы қалыптаспаған организімдердің көп ядролы протопласты.

Симпластикалық тасымалдау - симпластный транспорт. Заттардың клетка сыртына шықпай, клетка цитоплазмасынан плазмодесмалар арқылы клеткадан клеткаға ауысу.

Склерофиттер - склерофиты. Өркендері қатты, құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер.

Созылу кезеңі - фаза растяжения. Клектканың қарқынды өсу кезеңі. Вакуольге судың көп енуіне байланысты клетка көлемі ұлғайып, клетка қабығы созылады.
2. ДӘРІСТЕР
1 Дәріс. (1 сағ)

Тақырып: Кіріспе.

Дәрістің мақсаты: Ботаника ғылыми тұралы мағлұмат, өсімдіктің ғылыми систематикалык, топтары тұралы, ботаниканың басқа ғыльмдармен байланысы туралы, өсімдіктердің тіршілігі туралы мағлумат беру.

Дәріс мазмұны: Бұл бөлімде өсімдіктер дүниесі (ғылыми) каңдай ғылым зерттейтіні тұралы мағлұмат беріледі. Сонымен қатар өсімдіктер кашанан бері танылып, зерттеле бастады, өсімдіктер дүниесін классификациялаудағы, алгашқы қадам өсімдіктер тіршілік ерекшеліктері, өсімдіктің табиғаттағы маңызы, өсімдікктердің зат

айналымдағы маңызы,

өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы, туралы сұрақтар қамтылады.

Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.

Қолданылатын әдебиеттер:


  1. Агелеуов Е. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы,1988ж.

  2. Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.

  3. Мұсакулов Г. Ботаника. М., 1975ж.

  4. Васильев А.Е. Ботаника. М., 1988г.

  5. Мухитдинов Ю.М. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы, Алматы, 1997г.

  6. Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом. М., 1998.

2 Дәріс. (2сағ)



Тақырып: Клетка.

Дәрістің мақсаты: Клетка құрылысымен танысу.

Дәріс мазмұны: 1. Өсімдік клеткасының құрылысы турлері.

2. Цитоплазма және оның қасиеті. 3. Цитоплазманың негізгі органоидтары, митохондрия пластид, эндоплазмалык тор, рибосомалар т.б.

4. Ядро, оның физикалық химикалык, касиеттері, клетканың бөліну түрлері, митоз, амитоз, эндомитоз.

5. Вакуоль және клетка шырыны. 6. Өсімдік клеткасының қабығы.

Бұл бөлімде бір клеткалы, колониялы өсімдіктер туралы берілді. Өсімдік клеткасының құрылысы, яғни, цитоплазманың химиялық физикалык, қасиеттері, цитоплазмада кездесетін органоидтардың субмикроскопияльқ құрылысы, олардың атқаратын кызметі көрсетіледі. Клетканың негізгі бөліктерінің бірі ядроның құрылысы және қызметі. Клетканың бөліну жолдары (әдістсрі) оқытылады. Бұл тарауда клеткаға тән биологиялык, процестермен студенттерді таныстыру керек (заталмасу, энергия алмасу, өсу, көбею, т.б.).

Бақылау сұрақтар: тест сұрақтары берілген.

Қолданылатын әдебиеттер:


  1. Агелеуов Е. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы,1988ж. 20

  2. Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.

  3. Мұсакулов Г. Ботаника. М., 1975ж.

  4. Васильев А.Е. Ботаника. М., 1988г.

  5. Мухитдинов Ю.М. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы, Алматы, 1997г.

  6. Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом. М., 1998.

3 дәріс. (2сағ)



Тақырып: Өсімдік ұлпалары.

Дәрістің мақсаты: Өсімдік ұлпаларымен танысу.

Дәріс мазмұны: 1. Түзүші ұлпалар.

2. Түпкілікті ұлпалар.

3. Қоректік ұлпалар.

4. Өткізгіштік ұлпалар.

5. Механикалық ұлпалар.

Бұл тарауда өсімдік ұлпалары туралы ұғым және олардың классификациясы беріледі.

Сонымен қатар, түзуші ұлпаларының, жабындық ұлпаларының ассимиляциялаушы қоректік ұлпаларының құрылысы, түрлері, өсімдік денесінде орналасуы және олардың атқаратын кызметі көрсетіледі

Бақылау сұрақтар: тест сұрақтары берілген.

Қолданылатын әдебиеттер:


  1. Агелеуов Е. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы,1988ж.

  2. Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.

  3. Мұсакулов Г. Ботаника. М., 1975ж.

  4. Васильев А.Е. Ботаника. М., 1988г.

  5. Мухитдинов Ю.М. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы, Алматы, 1997г.

  6. Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом. М., 1998.

4 -5 дәріс. ( 5 сағ)



Тақырып: Өсімдіктердің вегетативті органдары:

Дәрістің мақсаты: Өсімдіктердің вегетативті органдарының морфологичлық және анатомиялық құрылысымен танысу.

Дәріс мазмұны: 1. Сабақтың морфологиясы. Бірінші анатомиялык, құрылысы.

2. Сабақтың екінші анатомиялык құрылысы.

Бұл тарауда өсімдіктердің вегетативті органдардъң құрылысы оқытылады. Сабактың морфологиклык және анатомиялық құрылысы, өркен, бұршақ, туралы ұғым, сабактың бұтақтануы.

Жапырақтың морфологиясы (жапырақ пішіні, жапырактың жүйкеленуі, жапырақтың шеті, жапырақтың сабақта орналасуы, күрделі жапырактың түрлері). Жапырақтың анатомиялык қызметі туралы мағлұматтар беріледі.

Бұл тарауда тамырдың өсуі мен бұтақтануы, тамырдың метоморфозалық түр өзгерістері көрсетіледі. Сонымен қатар, өсімдіктерде кездесетін гомология, аналогия, атавизм сияқты сұрақтар көрсетіледі.

Бақылау сұрақтар: тест сұрақтары берілген.

Қолданылатын әдебиеттер:


  1. Агелеуов Е. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы,1988ж.

  2. Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.

  3. Мұсакулов Г. Ботаника. М., 1975ж.

  4. Васильев А.Е. Ботаника. М., 1988г.

  5. Мухитдинов Ю.М. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы, Алматы, 1997г.

  6. Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом. М., 1998.

6-7 дәріс. (5 сағ)



Тақырып: Көбею және даму.

Дәрістің мақсаты: Өсімдіктердің көбею және даму сатыларымен таныстыру.

Дәріс мазмұны: 1. Өсімдіктердің әртүрлі көбею жолдары қамтылады:

Бұл такырыпта жынысты және жыныссыз көбею жолдары көрсетіледі. Өсімдіктерді вегетативті жолымен көбейту әдістері оқытылады.

Бұл дәрісте мүктердің, папоротниктердің даму циклы мен студенттерді таныстыру керек, сонымен қатар, даму циклінде кездесетін ядро фазаларының алмасуы, ұрпақтардың алмасуы деген ұғымдарды беру қажет.

Карағайдың даму циклі туралы мағлұматтар беріледі. Бұл тақырыпта тозаңның пайда болуы, оның қүрылысы, тұқым бүршігінің құрылысы. Микроспорогенез, макроспорогенез, тозаңдану және ұрьқтану туралы ұғымдарды көрсету қажет.

Сонымен қатар, бұл дәрісте гүл, гүлдің құрылысы, андроцей және гинецейдің құрылысы, спорогенез және гаметогенез туралы сұрақтарды қарау керек. Гүлде жүретін тозаңдану және ұрықтану (қосарынан) процестерімен таныстыру керек.

Гүл шоғырының түрлері оның биологиялық маңызымен таныстыру.

Тұқымның құрылысы, пайда болуы, түрлері, таралуы және маңызы туралы мағлұматтар беріледі.

Бұл тақырыпта жемістің пайда болуы, оның түрлері, құрылысы, классификациясы және таралу жолдары көрсетіледі.



Бақылау сұрақтар: тест сұрақтары берілген.

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Агелеуов Е. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы,1988ж.

  2. Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.

  3. Мұсакулов Г. Ботаника. М., 1975ж.

  4. Васильев А.Е. Ботаника. М., 1988г.

  5. Мухитдинов Ю.М. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы, Алматы, 1997г.

  6. Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом. М., 1998.


3. ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

1 зертханалық жұмыс. ( 3 сағ)



Тақырып: Микроскоп құрылысы, жұмыс істеу ережелері. Цитоплазма, оның қозғалуы. Плазмолиз, деплазмолиз. Пластидтер.

Сабақтың мақсаты: Микроскоп құрылысы, жұмыс істеу ережелерімен таныстыру.Цитоплазма, оның қозғалуы. Плазмолиз, деплазмолиз құбылыстарымен таныстыру. Пластидтердің түрлерін көрсету.

Тапсырмалар: Әртүрлі объектілерді пайдаланып уақытша препараттар жасау.

Методикалық жоба: Микроскоп құрылысымен және онымен жұмыс істеу ережелерімен таныстыру.

Пияз қабығынан және эллодея жапырағынан уақытша препарат даярлап, өсімдік клеткасының құрылысымен танысу. Цитоплазма қозғалыстарын анықтау. Плазмолиз және деплазмолиз құбылыстарымен танысу. Пияз, эллодея және томат, арбуз т.б. обьектілерді пайдалана отырып, олардан уақытша препарат жасап, пластид түрлерімен танысу.



Сабақта пайдаланытын суреттер: Әметов А. Сурет№ 30, 31, 32, 33, 34.

Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.

Қоданылатын әдебиеттер:

  1. Агелеуов Е. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы. Алматы, 1988ж.

  2. Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.

2 зертханалық жұмыс. (2 сағ)



Тақырып: Пияз тамырының ұшындағы митоз. Клетка қабығы.

Сабақтың мақсаты: Пияз тамырының ұшындағы митоз құбылысымен танысу. Клетка қабығының құрылысымен танысу.

Тапсырмалар: Уақытша және тұрақты препараттарды қарау арқылы тапсырманы орындау.

Методикалық жоба: Даяр препаратты қолдана отырып, клетканың бөлінуінің бір түрі болып саналатын митоздық процеспен танысу. Оның негізгі бөліну фазаларын анықтау.

Аспидистра жапырағының эпидермасын пайдалана отырып, клетканың бірінші және екінші қабығымен және қабық саңылауларымен танысу.



Сабақта пайдаланытын суреттер: Әметов А. Сурет№ 37, 38. 39. 42, 43, 44, 47, 48, 51.

Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.

Қоданылатын әдебиеттер:

  1. Агелеуов Е. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы. Алматы, 1988ж.

  2. Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.

3 - 4 зертханалық жұмыс. (4 сағ)



Тақырып: Өсімдік ұлпалары.

Сабақтың мақсаты: Өсімдік ұлпаларының түрлерімен, құрылысымен танысу.

Тапсырмалар: Даяр препараттарды пайдалана отырып, өсімдік ұлпаларының құрылысын зерттеу.

Методикалық жоба: Әртүрлі өсімдік жапырақтарының эпидермасынан препараттар даярлап, эпидерманы құрайтын негізгі гистологиялық элементтермен танысу.

Сүректі өсімдіктердің өркенінің көлденең және үзынынан жасалған кесінділерінен (даяр препараттардан перидерма немесе қабықты анықтап, оны құрайтын феллема, феллоген, феллодерма элементтерімен танысу.

Уақытша және даяр препараттарды пайдалана отырып, механикалық (арқаулық) ұлпалардың колленхима, склеренхима, склерейд сияқты құрылысымен таныстыру.

Ксилема, флоэма элементтерімен таныстыру. Олардың өсімдік денесінде орналасу ерекшеліктерімен анықтау.



Сабақта пайдаланытын суреттер: Әметов А. Сурет№ 47, 48, 51, 52.

Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.

Қоданылатын әдебиеттер:

  1. Агелеуов Е. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы. Алматы, 1988ж.

  2. Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.

5 - 6 зертханалық жұмыс. (4сағ)



Тақырып: Өсімдіктердің вегетативті дене мүшелерінің морфологиялық және анатомиялық құрылысы.

Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің вегетативті дене мүшелерінің морфологиялық және анатомиялық құрылысымен танысу.

Тапсырмалар: Даяр микропрепараттарды пайдалана отырып, тамырдың, жапырақтын, сабақтығ анатомиялық құрылысымен танысу.

Методикалық жоба: Тамырдың морфологиялық құрылысымен таныстыру.

Тамыр және тамыр жемістің анатомиялық құрылысымен таныстыру. Тамырдың анатомиялық құрылысымен екінші түзуші ұлпаның, яғни камбийдің пайда болуын көрсету қажет.

Өркен құрылысы мен оның пайда болу ерекшелігімен таныстыру. Бұтақтану түрлерін көрсету.

Әртүрлі өсімдіктерді пайдалана отырып, бүршіктің орналасуын, түрлерін және құрылысын анықтау.

Сабақтың анатомиялық құрылысы жүгері және қара бидай сабағының кесінділерінде салыстырмалы түрде көрсетіледі. Дара жарнақты өсімдіктерде камбийдің болмайтындығына ерекше көңіл бөлінеді.

Қос жарнақты өсімдік сабақтарының кесінділерінен алғашқы және соңгы анатомиялық құрылыстан салыстырмалы түрде көрсете отырып, олардың құрылыс ерекшеліктеріне көңіл бөлінеді.

Жөке, қайың, үйеңкі т.б. сүректі өсімдіктердің сабақтарының кесінділерін пайдалана отырып, сүректі өсімдік сабағының анатомиялық құрылыс ерекшеліктерімен таныстыру. Перидерма, өзек, сүректін құрылыстарымен таныстырып, оларды құрайтын гистологиялық элементтерге көңіл бөлу қажет.

Гербарий материалдарын және бөлме өсімдіктерін пайдалана отырып, жапырак, морфологиясымен таныстыру. Жапырақ құрылысы мен таныстыру қажет. Жүгері, камелия, ирис т.б. өсімдіктердің жапырақтарының көлденең кесіндісін пайдалана отырып, жапырақгың құрылыс ерекшеліктерін аньқгау. Хлоренхималык, негізгі паренхима клеткаларын көрсету,эпидерма ерекшеліктерінен көңіл бөлу.



Сабақта пайдаланытын суреттер: Әметов А. Сурет№ 63, 64, 73, 75, 76, 90, 91.

Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.

Қоданылатын әдебиеттер:

  1. Агелеуов Е. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы. Алматы, 1988ж.

  2. Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.

7 зертханалық жұмыс. (2 сағ)



Тақырып: Гүлдің, тұқымның, жемістің құрылысы.

Сабақтың мақсаты: Гүлдің, тұқымның, жемістің құрылысымен танысу.

Тапсырмалар: Ылғалды препараттарды және коллекцияларды пайдалана отырып гүлдің, тұқымның, жемістің құрылысымен танысу.

Методикалық жоба: Формалинге салынған әр түрлі өсімдік гүлдерінің құрылыс ерекшеліктерін салыстырмалы түрде анықгау. Гүл құрылысы өсімдік түрлерін классификациялаудың негізгі таксонды белгі екендігі туралы үғымды беру. Гүл типтерімен таныстыру.

Тозаңның құрылысымен таныстыру. Гүлдерден андроцей түрлерін көрсету. Тұқым бүршігінің анатомиялық күрылысымен таныстыру.Әр түрлі өсімдік гүлдерін пайдалана отырып гинецей типтерімен таныстыру.

Гүлге морфологиялық сипаттама беру және оның формуласын құрау. Гүлдің көлденең кесіндісінің (орналасу ерекшелігін көрсету), диаграммасын сызу. Гербарий материалдарын пайдалана отырып гүл шоғырының түрлерін анықтау.

Дара және қос жарнақгы өсімдікгердің тұқымының құрылысын салыстырмалы түрде зерттеу. Жеміс түрлерімен танысу.



Сабақта пайдаланытын суреттер: Әметов А. Сурет№ 101, 102, 103, 108, 109, 113, 114.

Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.

Қоданылатын әдебиеттер:

  1. Агелеуов Е. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы. Алматы, 1988ж.

  2. Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.




  1. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ.


Студенттердің 1-ші өздік жұмыстарының тапсырма сұрақтары.

Тақырып: Өсімдік клеткасы

Өздік жұмысты орындауда студенттер топ тізімі бойынша 2 тапсырма сұрақтарына жауап беруге тиісті.
1. Өсімдік клеткасының құрылысы

2. Цитоплазма, оның физикалық қасиеті және субмикроскопиялык, құрылысы, химиялык, құрамы.

3. Цитоплазма органоидтарының құрылысы және қызметтері.

4. Вакуоль, оның түрлері, пайда болуы. Клетка шырыны.

5. Клетка қабығы, оның құрылысы, түрлері.

6. Клетканың бөлінуі. Амитоз, митоз, мейоз.



7. Клетка онтогенезі.
Студенттердің 2-ші өздік жұмыстарының тапсырма сұрақтары.

Тақырып: Өсімдік ұлпалары.

Өздік жұмысты орындауда студенттер топ тізімі бойынша 2 тапсырма сұрақтарына жауап беруге тиісті.


  1. Өсімдік ұлпалары туралы жалпы түсінік.

  2. Ұлпалардың жіктелу принциптері.

  3. Түзуші ұлпалар. Олардың түрлері, құрылыс ерекшеліктері.

  4. Жабыңдық, олардың цитологияльқ сипаттамасы, денеде орналасу ерекшеліктері.

  5. Арқаулық олардың цитологияльқ сипаттамасы, денеде орналасу ерекшеліктері.

  6. Өткізгіш ұлпалар олардың цитологияльқ сипаттамасы, денеде орналасу ерекшеліктері.

  7. Негізгі паренхималық ұлпалар (ассимиляциялаушы, қор жинаушы, бөліп шығарушы) олардың цитологиялық сипаты,денеде орналасуы.


Студенттердің 3-ші өздік жұмыстарының тапсырма сұрақтары.
Тақырып: Өсімдіктің вегетативті дене мүшелерінің морфологиялық және анатомиялық құрылыстары.

Өздік жұмысты орындауда студенттер топ тізімі бойынша 2 тапсырма сұрақтарына жауап беруге тиісті.



  1. Тамыр және тамыр жүйесі туралы ұғым.

  2. Тамырдың морфологиялық құрылысы.

  3. Тамырдың анатомиялық құрылысы.

  4. Тамырдың түр өзгерістері.

  5. Сабақтың морфологиялық құрылысы.

  6. Сабақтың анатомиялық құрылысы.

  7. Сабақтың түр өзгерістері.

  8. Бүршік және өркен, олардың құрылысы, пайда болуы.

  9. Өркеннің бұтақтануы.

  10. Жапырақтың морфологиялык құрылысы.

  11. Жапырақтың анатомиялық құрылысы.

  12. Жапырақтың метоморфозасы.


Студенттердің 4-ші өздік жұмыстарының тапсырма сұрақтары.
Тақырып: Өсімдіктердің көбеюі және ұрпақ беруі.

Өздік жұмысты орындауда студенттер топ тізімі бойынша 2 тапсырма сұрақтарына жауап беруге тиісті.


  1. Жыныссыз көбею,оның түрлері.

  2. Вегетативтік жолмен көбею.

  3. Жынысты кобею.

  4. Жоғарғы споралы өсімдіктердің дамуы, ондағы ұрпақтың алмасуы. (ядро фазаларының алмасуы)

  5. Жалаңаш тұқымды өсімдіктердің даму циклі. (спорогенез,гаметогенез). Ұрпақтың алмасуы.

  6. Жабық тұқымды өсімдіктердің дамуы.

  7. Гүлдің құрылысы. Спорогенез, Гаметогенез.

  8. Тозандану, оның түрлері.

  9. Ұрықтану құбылысы, қосарынан ұрықтану оның биологиялық маңызы.

  10. Тұқым және жемістің пайда болуы, олардың құрылыс ерекшеліктері.

: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет