БАҒдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет1/24
Дата24.10.2018
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

«ТИІМДІ ОҚЫТУ МЕН ОҚУ»  
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПЕДАГОГ  
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ  
БАҒДАРЛАМАСЫ
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН 
НҰСҚАУЛЫҚ
www.cpm.kz

Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығының
Әдістемелік кеңесі ұсынған
© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016
Барлық  құқықтар  қорғалған.  Осы  басылымды  кез  келген  түрінде  және  кез  келген 
құралдармен,  фотокөшірмені  және  кез  келген  электронды  нысанды  қоса  алғанда,  авторлық 
құқық берушінің жазбаша рұқсатынсыз толық немесе ішінара басып шығаруға немесе таратуға 
тыйым салынады.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе..................................................................................................................................................4
Бағдарламаның мазмұны....................................................................................................................9
Адамдардың қалай оқитындықтары туралы білім саласындағы  заманауи жетістіктер ..........12
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер ................................................................................................ 29 
Мұғалімдер қалай оқу керектігін үйретеді..........................................................................29
Қалай оқу керектігін үйрену..................................................................................................35
Сыныптағы диалогтің маңызы............................................................................................39
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.....................................................................................................45
Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау............................................................................................51
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.......................................................56
Талантты және дарынды балаларды оқыту....................................................................................66
Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.............................71
Оқытуды басқару және көшбасшылық...........................................................................................82
Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау...............................................................................85
Этикалық талаптар............................................................................................................................87
Бағдарламаны игеру нәтижесі бойынша мұғалімдерді бағалау....................................................89
1-қосымша Бағдарламаны игеру қорытындылары бойынша мұғалімдерді 
бағалаудың критерийлері мен өлшемдері............................................................................90
2-қосымша Портфолионың таныстырылымында үш негізгі 
критерийлерді қолдану үлгісі................................................................................................92
Глоссарий...........................................................................................................................................94
Байланыс ақпараты ..........................................................................................................................99

4
КІРІСПЕ
Осы «Мұғалімге арналған нұсқаулық» «Тиімді оқыту мен оқу» Қазақстан Республикасы 
педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) зерде-
леу және меңгеруге көмектесетін негізгі материал болып табылады. Аталған Бағдарламадан 
күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, 
өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары 
жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын 
қамтиды.
Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесін басқару органдарының мұғалімдерді тиісті ре-
сурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған 
мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне 
көбірек ықпал етеді (Barber and Mourshad, 2007). Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін 
өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім (
Strong, Ward & Grant
, 2011). 
Дүние  жүзіндегі  көптеген  мұғалімдердің  іс-тәжірибесінен  тұрақты  орын  алған  оқыту 
жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орынды да нәтижелі 
екендігін  дәлелдейтін  фактілер  бүгінгі  таңда  ғылыми-педагогикалық  әдебиетте  жеткілікті 
деңгейде кездеседі.
Осы «Мұғалімге арналған нұсқаулық» Бағдарламаның негізін құрайтын ғылыми зерттеу-
лер кешенін зерделеуге және талдауға арналған. Сонымен қатар мұнда ұсынылған түсініктер 
мен тәсілдер еңбек жолын жаңа бастаған мұғалімдердің, сондай-ақ тәжірибелі ұстаздардың 
көп жылғы тәжірибесіне негізделген. 
Бағдарламаның теориялық негіздері
Орта  білім беру  жүйесінде  әлемдік жоғары  деңгейге  қол  жеткізген  анағұрлым  танымал 
оқыту  әдістемелері  арасында  сындарлы  оқыту  теориясына  негізделген  тәсіл  кең  тараған 
(Hattie, 2009).
Бұл Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындар-
лы  оқыту  теориясы  негіздерін  қамтыған.  Оқытудың  сындарлы  теориясы  оқушылардың  ой-
лауы олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дереккөздерден, 
мұғалімнен,  оқулықтан  және  достарынан  алған  білімдерімен  астастырыла  дамиды  деген 
тұжырымға негізделеді. Сындарлы теорияның тиімділігін жақтаушылардың басым бөлігі оны 
дайын  білімді  беруге  негізделген  оқыту  тәсілдерімен  салыстыра  қарап,  дайын  білім  беруге 
негізделген  оқыту  тәсілдерінің  білімді  меңгеру  былай  тұрсын,  олар  бойынша  терең  түсінік 
қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыра 
бермейтінін тілге тиек етеді.
Дайын  білім  беруге  негізделген  «дәстүрлі»  стиль  арқылы  алынған  білім  оқушылардың 
жинақтаған  өзге  білімдерімен  тиімді  сіңісе  алмайды,  сондықтан  механикалық  есте  сақтау, 
үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте 
сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы 
терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емти-
хан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды. 
Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну 
қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана 
білуін қамтамасыз ету.
Оқытудың  сындарлы  теориясы  оқушыға  нақты  білім  беруді  мақсат  тұтқан  мұғалімнің 
өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге 
сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша 

5
білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре ала-
тындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып 
құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды басымдықтар:
•  жекелеген оқушылардың сабақ тақырыбын қабылдау ерекшеліктерін түсінуге ұмтылуы;
•  оқушылардың  білім-түсініктерін  жетілдіру  немесе  жақсарту  мақсатында  олармен 
жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы;
•  кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін 
жете түсінуі.
Сындарлы оқытудың жоғарыдағыдай сипатталып, түсіндірілуі мұғалімнің ой-пайымы мен 
негізгі көзқарастарын, сондай-ақ сол көзқарас, пікірге қатысты бірқатар баламалы шешімдерді 
білуін қамтиды.
Мұғалім ұстанымы
Психологтар  «ұстаным»  ұғымын  адамның  іс-әрекетке  бейімділігімен  байланыстыра-
ды.  Социологтар  оны  жеке  тұлғаның  негізгі  құндылығы  ретінде  қарастырады.  Мұғалімнің 
ұстанымы оның көзқарасының қалыптасуына зор ықпал етеді, ал көзқарасы белгілі бір шешім 
қабылдап,  сыныптағы  іс-әрекеттерді  түсіндіру  көзі  болып  табылады  (1-сурет).  Сондықтан 
кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының, 
көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс. Бұл элементтердің барлығын жинақтасақ, жеке 
тұлғаның ерекше «оқыту сызбалары» құралады. Пажарес (1992) оқыту стилін таңдау кезінде 
мұғалімнің  білімділігінен  гөрі,  ұстанымға  негізделген  ой-тоқтамдарының  ықпалы  күштірек 
деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-
әрекеттеріне  әсер  етеді.  Мұғалімнің  сыныптағы  іс-әрекеттеріне  әдістемелік  құралдар  неме-
се оқулықтардан гөрі, пәннің қалай оқытылуы керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған 
пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді. 
Іс-әрекет
Шешім
Көзқарас
Ұстаным
1-сурет. Мұғалімнің ұстанымы – оның көзқарасы, қабылдаған шешімінің  
және іс-әрекетінің негізі
Алайда,  тамыры  тереңге  кеткен  ұстанымдар  мұғалімнің  жаңашыл  идеяларды  қабылдау 
қабілетін  шектеуі  мүмкін.  Осыған  байланысты  егер  де  дайын  білім  беретін  «дәстүрлі» 
стильмен  оқытатын  мұғалімдер  сын  тұрғысынан  ойлау  қабілеттері  дамыған  оқушыларды 
қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, 
жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек. 

6
Тиімді оқыту
Оқыту барысында ауқымды міндеттер шешіліп, мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс 
істейтінін ескерсек, тиімділік деген сөздің мағыналық анықтамасы нақты емес, екіұшты бо-
лып шығады. Осы сияқты «мұғалім жұмысының сапасы» да – күрделі феномен, оның мазмұны 
мен өлшем құралдары жайында бірыңғай пікір жоқ. Мұғалім жұмысының тиімділігін анықтау 
өлшемі жөнінде түрлі пікірлер бой көтереді: ол мұғалімнің жетістіктері (біліктілігі т.б.), оқыту 
үдерісі (оқыту әдістері т.б.), оқыту нәтижесі (оқушының білім алуына ықпал ету т.б.) немесе 
жоғарыда аталған барлық факторлардың жиынтығы болуы мүмкін деген ойлар да орын алуда.
Оқытудың  қандай  жолы  қолданылса  да,  «оқыту  тиімділігі»  ұғымына  қатысты 
қарастырылатын  екі  көзқарас  бар.  Біріншіден,  оқушының  жеке  тұлға  және  әлеуметтік  ны-
сан ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас 
нәтижесі ретінде қарастырылуы. 
Мұғалімнің  қызметін  бағалау  барысында  бағалаушы  белгілі  бір  факторлар  жиынтығын 
пайдалана отырып, «сапа» деген ұғымды өзінше түсіндіріп беретіндігін ұғыну қажет.
Оқытудағы  сындарлы  тәсіл  оқушыларға  өз  білімдері  мен  ұстанымдары  жайында  ойла-
нып,  тиісті  сұрақ  қойып,  білімін  толықтырып,  белгілі  бір  тақырыпты  оқып-білу  кезеңінде 
өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Аталған ойлану үдерісі оқушының өз болжамдары-
на күмәнмен, сын тұрғысынан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы 
өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде 
оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау 
арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, 
оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде 
пән бойынша өз түсініктерін арттыруға ынталы болғаны абзал.
Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім
Оқытудың сындарлы теориясына негізделген Бағдарлама мұғалімнің алдына ең алдымен 
оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Сапалы 
оқытудың  маңызды  факторы  мұғалімнің  оқушының  тақырып  мәнін  өз  бетінше  меңгеруін 
түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Себебі оқытудағы сындарлы тәсіл бұл үдеріске 
оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты бо-
лады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын 
ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «үш көмекші» (Shulman, 2007) 
деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады (1-кесте).
1-кесте. Шульман ілімі
Мұғалімнің көмекшілері
Құзырлы мұғалімге тән белгілер
Бас
Кәсіби түсінік
Оқыту  мен  оқу,  сондай-ақ  жеке  тұлға  ретінде  оқушылар  туралы 
тұғырлы  теориялық  базаға  негізделген,  жеткілікті  білімнің  болуын 
талап  етеді.  Сондай-ақ  тәжірибені  түсіну,  дамыту/жетілдіру  үшін 
дәлелдер/зерттеулер  нәтижелерін  қалай  қолдану  керектігін  білуді 
көздейді.

7
Қол
Оқытудың тәжірибелік дағдылары
Бұл  мамандық  техникалық  және  тәжірибелік  дағдыларды,  әртүрлі 
әдістер  мен  тәсілдерді  білуді,  яғни  білім  алу  жолдарын  көрсету, 
түзету және бағамдау сияқты түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, 
идеяларды  түсіндіре  білуді  талап  етеді.  Сонымен  қатар  мұғалім 
ынталандыру, көтермелеу, шектеу жолдарын, жекелеген сабақтар мен 
тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау және оларды бағамдау 
әдістемелерін меңгеру қажет.
Жоғарыда аталған білімдер мен дағдылар болған жағдайда, мұғалім 
сабақ  үстінде  оқушылардың  оқуға  ынтасын  арттырып,  тиісті  және 
одан  да  жоғары  деңгейлерге  қол  жеткізуге  ұмтылатындай  қолайлы 
орта қалыптастырып, оның тұрақтылығын қамтамасыз етері анық.
Жүрек
Кәсіби-өнегелілік тұтастық
Мұғалімдер  ұстаз  мамандығының  этикалық  және  моральдық 
құндылықтарын  ұстанады.  Демек,  олар  шыншыл,  батыл,  төзімді, 
оқушыларға  аяушылық,  мейірім  және  құрмет  көрсете  білетін  әділ 
адамдар. 
Мұғалімдер – өз мамандығын сүйетін, балаға білім беру құнды қызмет 
екенін  түсініп,  осыған  қатысты  нақты  ұстанымдары  қалыптасқан 
жандар, олардың бұл ұстанымдарын осы мамандықтың басқа иелері 
де бөліседі.
Табысты  оқыту  білім  алуға  мүмкіндік  беретін  нақты  жағдайларды  жасаумен  қатар, 
сол  жағдайлардың  өзімен  тығыз  байланысты.  Табысты  мұғалім  оқушыларға,  ортаға  және 
ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін «реттеп» оты-
рады.  Расында,  оқытудың  сапалы  және  табысты  болуы  белгілі  бір  деңгейде  мұғалімнің 
қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына да тығыз байланысты.
Табысты оқыту – мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байла-
ныс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге 
асырылады. Табысты оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу 
мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.
Сапалы және табысты оқыту жайында қорытынды қалыптастыру
Оқытудың сапасын екі тәсіл арқылы анықтауға болады. 
Біріншісі, бағалау оқу қызметінің нәтижесіне байланысты болмай, мұғалімнің іс-әрекетінің 
тәжірибе  талаптарына  сәйкестігін,  яғни  –  мұғалім  жұмысының  тиімділігін,  оқушылармен 
өзара байланысының сипаты мен жиілігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Бұл жағдайда баға 
мұғалім жұмыс істейтін оқушыларға байланысты қарастырылып, оқыту үдерісіне тәуелді бол-
майды. 
Оқыту сапасын бағалаудағы екінші тәсіл жай ғана кәсіби міндеттерді жауапкершілікпен 
орындағаннан  гөрі,  көбірек  күш-жігерді  талап  ететін  сапалы  әрі  табысты  оқытуға  ерек-
ше  көңіл бөледі. Табысты оқыту білім беру үдерісіне тәуелді болғандықтан, оқытудың шын 
мәнінде жүзеге асырылуы мен құзіреттілік, шеберліктің деңгейі қаншалықты екенін де сара-
лай білу қажет. Сонымен қатар оқушылардың жай-күйі мен әлеуметтік ортасының сипатын, 
мүмкіндіктерінің дәрежесі мен қолжетімділік деңгейін білу қажет. Осыған байланысты сынып 
туралы мәнмәтіндік мәлімет  қажет болады. 

8
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Бағдарлама:
1.  оқыту мен зерттеуге ынта жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін және оқушыларға 
қамқорлық көрсете отырып, ықпал ететін және бағдар беретін мұғалімдерді;
2.  әрбір оқушының пән туралы түсінігін қалай құрылымдау қажеттігін ойластыра білетінін 
сезінетін,  осы  көзқарастар  тұрғысынан  білімі  мен  тәжірибесін  қалыптастыратын; 
сондай-ақ  оқушының  білім  беру  бағдарламасы  деңгейлері  бойынша  ілгері  жылжуы 
мақсатында мазмұнға сәйкес кері байланыс орната алатын кәсіби білімі мен түсінігі 
бар мұғалімдерді;
3.  оқытудың  мақсаты  мен  сабақтың  нәтижелі  де  табысты  өту  өлшемдерін,  өзі  мен 
оқушыларының  бұл  өлшемдерге  қандай  дәрежеде  сәйкес  келетіндігін  білетін, 
оқушылардың  игерген  білімі  мен  оқушылар  мойындаған  «Біз  қайда  бара  жатыр-
мыз?», «Қандай іс-әрекет жасау керек?», «Одан әрі не істеу керек?» деген сияқты та-
быс  критерийлері  арасындағы  алшақтықты  жою  үшін  не  істеу  керек  екенін  білетін 
мұғалімдерді;
4.  бастапқы идеядан туынды идеяларды өрістете байланыстыратын және сол идеяларды 
оқушылардың өздері құрастырып, жандандыра алатындай етіп жинақтап, толықтырып, 
тереңдетіп бере алатын, дайын білім мен идеяларды ұсынбай, сол білім мен идеяларды 
оқушылардың өздерінің құруына түрткі болатын мұғалімдерді даярлауға бағытталған.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
Barber, M., & Mousahd, M. (2007). How the best schools systems came out on top [Ең үздік мектеп 
жүйелері  бірінші  орынға  қалай  шығады].  Online  at  http://mckinseyonsociety.com/how-the-
worlds-best-performing-schools-come-out-on-top/ Accessed on 19
th
 November 2011.
Fenstermacher, G. & Richardson, V., (2005). Making Determinations of Quality in Teaching. [Оқытуда 
сапаны анықтаудың туындысы]. Teachers College Record 107 (1), 186-213.
Hattie, J. (2009) Visible Learning. [Көзге көрінетін оқыту]. London., Routledge .
Pjares, M. F. (1992). Teachers’ beliefs and educational research: Cleaning up a messy construct. Re-
view of Educational Research. [Мұғалімдердің пікірлері және білім беру зерттеулері: Ретсіз 
тұжырымдаманы тәртіпке келтіру]. 62(3), 307–332.
Shulman, L. S. (2007). «Good teaching». [«Жақсы оқыту»]. Box content in S Loeb, C Rouse & A. 
Shorri (eds) «Introducing the Issue», in The Future of Children. [«Мәселені енгізу», «Балалар 
болашағы»]. 17 (1) 6–7.
Stronge, J., Ward, T. & Grant L. (2011). What Makes Good Teachers Good? A cross-case analysis of the 
connection between teacher effectiveness and pupil achievement. [Үздік мұғалімдердің жақсы 
болуы неден? Мұғалімнің тиімділігі мен оқушының жетістігі арасындағы байланыстың 
көлденең талдауы]. Journal of Teacher Education, 62: 339. DOI: 10.1177/0022487111404241

9
БАҒДАРЛАМА МАЗМҰНЫ
Осы  Бағдарламаның  негізгі  міндеті  –  мұғалімдерге  педагогикалық  тәжірибелерін 
жетілдіріп,  бағамдауға  көмектесу.  Сондықтан  оқыту  мен  оқудың  қазіргі  заманғы  әдістері 
мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылады. 
Бағдарлама барысында педагогиканың әртүрлі аспектілері талқыланады. Осы Бағдарламаның 
негізгі қағидаты тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен 
кіріктіру  болып  табылады.  Яғни,  мұғалімдер  педагогиканың  тиісті  аспектілеріне  қатысты 
ғылыми (зерттеу) материалдармен танысатын болады. Мұндай жұмыс мұғалімдер Бағдарламаға 
кіргізілген оқыту мен оқудағы стратегия мен тәсілдерді қарастыру (таңдау, зерттеу, танысу т.б.) 
барысында сүйенетін теориялық негіздемені қамтамасыз ету үшін қажет. 
Оқуға  арналған  негізгі  материалдар  «Курсалды  тапсырмаларды  орындауға  арналған 
нұсқаулық»,  «Мұғалімге  арналған  нұсқаулық»,  «Тренерге  арналған  нұсқаулық»  және 
«Мектептегі  тәжірибе  кезеңінде  орындауға  арналған  тапсырмалар»  болып  табылады. 
Құрылымдалған  үлестірме  материалдар  мен  қосымша  онлайн-материалдар  тиісті  сабақтар 
барысында беріліп отырады. Бағдарлама мен жоғарыда аталған материалдар Бағдарламаның 
біртұтас  оқу-әдістемелік  кешенін  құрайды.  Сонымен  қатар,  қажет  болған  жағдайда  және 
кәсіби  қажеттіліктеріне  қарай  мұғалімдер  Бағдарламада  пайдаланылған  және  ұсынылатын 
әдебиеттерді өз беттерінше оқи алады. 
«Мұғалімге  арналған  нұсқаулықта»  негізгі  материал  тиісті  сабақтарда  қарастырылатын 
жеті модульге сараланған. Алайда, осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайда-
ланылатын жекеленген страгегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады.
Бағдарламаның модульдері:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.
3. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген, 
олар оқыту барысында аралас түрде ұсынылады.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Әлеуметтік-сындарлылық  тұрғыдан  оқытуды  түсіну  (Vygotsky,  1978;  Wood,  1998)  осы 
Бағдарламада айтылған «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. Балалар өзіндік 
зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланыстың негізінде өз түсініктерін құратын белсенді білім 
алушылар болып табылады. «Диалог негізінде оқыту және оқу» (Mercer, 1995; Alexander, 2008), 
метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйрену» (Flavell, 1976; Vygotsky, 1978) деген атаулар-
мен танымал педагогикалық тәсілдер әлеуметтік-сындарлылық идеяларының қазіргі заманғы 
маңызды түсіндірмелері ретінде қолданылады. Жеті модульдің барлығында қарастырылатын 
идеяларды  оқыту  мен  оқудың  жаңа  тәсілдері  деп  санауға  болатынына  қарамастан,  біз 
жаңа  әдістер  ретінде  «Диалог  арқылы  оқыту»  мен  «Қалай  оқу  керектігін  үйренуді»  ғана 
қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік-сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диа-
лог  негізінде  оқыту  мен  оқу  оқушылардың  өзара  сұхбаттасуы  және  мұғалім  мен  оқушы 
арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін 
амал екенін көрсетеді. «Қалай оқу керектігін үйрену» немесе метасана оқушыларға оқуды өз 
бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға 
қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет