Бағдарламасы «Білім беру мен психологиядағы әрекеттік және мәдени-тарихи тұжырымдар»



жүктеу 1.62 Mb.
бет1/9
Дата20.04.2017
өлшемі1.62 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


4 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18.1.19.01-2013


Оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

«Білім беру мен психологиядағы әрекеттік және мәдени-тарихи тұжырымдар»

05.09.2013. жылғы

№ 1 басылым



ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Білім беру мен психологиядағы әрекеттік және мәдени-тарихи тұжырымдар пәні

6М010300 «Педагогика және психология» мамандығының

магистранттарына арналған


ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР




Семей 2013





Алғысөз


1.ЖАСАЛЫНДЫ

Құрастырушы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Педагогикалық психология» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к. Кулмышева Н.А.


“______” __________ 2013 ж.
2.ҚАРАЛДЫ
2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің “Педагогикалық психология” кафедрасының отырысында

Хаттама №______”__»________ 2013 ж.


Кафедра меңгерушісі, псх.ғ.к.: Джумажанова Г.К.
2.2. ПФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында

Хаттама №________ ________ 2013 ж.


Төрайымы _______ Т.Ш.Ахметова
2.3.ГФ Ғылыми Кеңесі отырысында
Хаттама №______”__»________ 2013 ж.

Төрағасы _______

3.БЕКІТІЛДІ
Хаттама №______”__»________ 2013 ж.
ОӘК төрағасы --------------------------
4.АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ

Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық сабақтар

4 Магистранттың өздік жұмысы

1 ГЛОССАРИЙ

Психика - обьективті дүниенің субьективті бейнесі және мінез-құлық, жүріс-тұрыспен іс-әрекеттің зерттеушісі.

Психикалық құбылыстар – бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері

Ассоцианизм-екі немесе одан да көп психикалық құрылымдарда туындаған психологиядағы байланыс. Ассоциация кеңістік, уақытқа, ұқсастық бойынша деп бөледі. Терминді 1698 ж. Дж. Локк енгізді.

Ассоциация –бір нәрсені қабылдау барысында екіншінің пайда боуына әкелетін психикалық құбылыстар арасындағы байланыс.

Сана - психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Буддизм-жанды жоққа шығарды.

Волюторизм (латынша-ерік) терминді 1883 жылы Ф.Тенис енгізген философиядағы еріктік тұрмыстың жоғары принциптерінде қарастыратын философиялық бағыт.

Гилозоизм (грек тілінде-материал, өмір)-материяны жанды деп қарастыратын философиялық ілім. Термин ХVIІ ғасыр енді. Гилозоизм ерте ғасыр философиясына тән.

Гомеостаз (грек тілінде-қозғалыссыз, күй)-организмнің негізгі физиологиялық фукнциясының тұрақтылығы мен ішкі орта қасиетінің динамикалық тұрақтылығы.

Генезис- қалыптасу, пайда болу тарихы.



Генетикалық зерттеу- даму үрдісінде психикалық процесті немесе

Гуманизм- Қайта өрлеу дәуірінде пайда болған мәдени қозғалыс.

Гетерохронды- психикалық үрдістің өз уақытында дамуы туралы ұғым.

Детерменизм- психикалық құбылыстардың себер-салдарлық байланысын түсіндіру.

Даосизм-қытай діні б.э. д. 1-ші мыңжылдықта пайда болған.

Джайнизм-тән жанның бостандық алмауының көзі деп санады.

Жетекші әрекет- онтогенездің берілген кезеңінде маңызды психикалық жаңарудың пайда болуын қамтамасыз ететін іс-әрекет түрі.

Жақын арадағы даму аймағы-ақыл ой дамуы мен актуальді даму аймағының арасындағы айырмашылық.

Жүйелілік принципі- психикалық құбылыстарды талдаудағы методологиялық негіз.

Интроспекция (өзін-өзі бақылау)- адамның өзінің ішкі жан дүниесінің психикасын бақылау.

Интроспективті психология (ішке қараймын, қадағалаймын) –субьектінің өзінің санасы мен мазмұнын қадағалайтын психиканы зерттеудің бір әдісі.

Идентификация -өзін біреумен немесе бір нәрсемен ұқсастыру.

Интериоризация – сыртқы тәжірибені меңгеру арқылы психиканың ішкі әрекеттердің қалыптасуын айтамыз.

Индивидуалды айырмашылық – топтық эксперименттегі сенімсіздіктің негізгі кездері. /сол арқылы ішкі валидтылық бұзылады/

Мотив – қажеттілікті өтеуге құштарлықтан туындаған іс-әрекетке түрткі.

Методология ( грек сөзі)- теориялық және практикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың негізгі әдістер жүйесі.

Монизм- (грек тілінде біреу, жалғыз). Монизмге қарама қарсы-дуализм.

Мәдени-тарихи теория-20-30 жылдары Ресей пситхологы Л.С.Выготский мен оның оқушылары; А.Н.Леонтьев және А.Р.Лурия құрастырған концепция.

Меңгеру-индивидтің қоғамдық тарихи тәжірибені қабылдаудың негізгі жолы.

Мнемикалық функциялар-есте сақтау функциялары.

Нейролингвистикалық бағдарламалау- психологияның жаңа прогрессивті бағыты.

Онтогенез- балалық шақ кезеңінде индивид психикасының негізгі құрылымдарының қалыптасу үрдісі.

Пән- адам іс-әрекетінің танымдық үрдісін бейнелейтін категория.Практика- адам іс-тәжірибесін білдіретін әрекет.

Психотерапия-адам санасында психосоматикалық, жүйкелік, психикалық т.б. ауруларға байланысты емдеудің комплексті әсер ету арқылы емдеу.

Психиканың дамуы- психикалық үрдістердің белгілі-бір заңдылықтарға бағынып өзгеруінің сандық, сапалық және құрылымдық жаңа құрылымдарда бейнеленетін өзгерістер.

Рекапитуляция теориясы- балалардың психикалық дамуы мен биогенетикалық заңның әсерін қарастырған С.Холл теориясы. Бұл теория бойынша онтогенез дегеніміз- филогенездің қысқаша қайталануы екендігін дәлелдейді.

Сана психологиясы- психологиялық білім жүйесі, психика сананың негізгі критерийі.

Стратегия- басқаруды жоспарлау қабілеті.

Сана- психикалық бейнелеудің жоғарғы деңгейі.

Тест- анықталған психологиялық қасиеттің даму деңгейін тез және объективті өлшеуге арналған стандарттандырылған тапсырмалар жүйесі.

Теория- ғылыми принциптер жүйесі.

Тәртіп психологиясы(бихевиоризм)- 20ғ. америкада пайда болған ағым.

Теория-ғылыми принциптер жүйесі.

Логос-ертедегі-грек философиясының негізгі түсінік терінің бірі. Бір мезгілде «сөз, тіл, мағына, түсінік» дегенді білдіреді. Геркалит енгізген.

Іс-әрекет теориясы- психикалық бейнелеуде индивидтің құрылысын анықтайтын теория.

Фактілер- шындық ,ақиқат, қорытынды дегенді білдіреді; шындығы дәлелденген білім.

Феномен- құбылыс дегенді білдіреді.

Фрустрация- мақсатқа жету үрдісінде қиыншылықтардан туындаған адамның психикалық жағдайы.

Этология- жануарлардың мінез-құлқының заңдылықтары мен жалпы биологиялық негіздері жайлы ғылым.

2 Дәрістер

Дәріс №1

Тақырыбы: Психикалық әрекет және объективті шындық. Сана мәселелері.

Сұрақтары: Психиканың анықтамасы. Психика субъективті әлемнің бейнесі ретінде. Психикалық бейнелеу түсінігі. Психиканы анықтайтын белгілер. А.Н.Леотьевтің психиканың объективті критерий гипотезасы. Эволюция процесіндегі психиканың даму кезеңдері. Интеллектуалды мінез-құлық мінездемесі. С.Л.Рубинштейннің «Психика процесс ретінде» концепциясы. Диалектикалық материализм бейнесіндегі сана мәселелері.

Мақсаты: Студенттерге психикалық әрекет және сана мәселелері жайлы түсінік беру. Теориялық білімдерін жетілдіру.

1. Психика - обьективті дүниенің субьективті бейнесі және мінез-құлық, жүріс-тұрыспен іс-әрекеттің зерттеушісі. Психикалық құбылыстар – бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері (мысалы, мұғалім сабақты оқушылардың бәріне бірдей айтады, ал оқушылар әр қалай қабылдайды, яғни әртүрлі түсінеді). Белгілі бір сыртқы әсердің әр түрлі екенін міне осы мысалдан көруге болады. Сонымен психиканың мазмұны реалды бізге тәуелсіз және бізден тыс өмір сүретін болып табылады. Бірақ бұл бейнелер әр адамда, оның өткен тәжірибесіне, мүддесіне, сезіміне, дүниетанымына т.б. байланысты өзіндік ерекшелігімен пайда болады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тіл, қабілет, қызығу, мінез, әдет, т.б.) Психикалық құбылыстарды біз өз бойымыздан немесе өзгелерден көреміз.

Адамзаттың өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт дәстүрін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізінде, адам болымысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет.

Психологияның ерекшеліктерін, ежелден адам арқылы тысқары құбылыстар ретінде қабылдап келе жатқандықтан, оларды ғылыми тұрғыдан анықтау қиындыққа соқтырады. Шынайы бір заттың қабылдануы заттың өзінен түбегейлі айырмашылықта болатыны айдан анық. Тәннен жанды бөлек, ерекше нәрсе түрінде қабылдауды мысал ретінде келтіруге болады. Адамдар мен жануарлардың өлетінін, адамның түс көретітін ежелгі адамдар да білген. Осыған байланысты адам екі бөліктен тұрады деген сенім пайда болған: сезілетін тәннен және сезілмейтін жаннан; адамның тірі кезінде жаны тәнінде болады, ал жан тәннен ажырағанда-адам өледі. Адам ұйқыда жатқанда жаны басқа жерге уақытша орын ауыстырады, Осылайша психикалық үрдістер, ерекшеліктер, күйлер ғылыми талдаудың пәні болмас бұрын, адамдардың бір-бірі жайлы психологиялық қарапайым ілімдер жинақталған. Психология көне әрі жас ғылым. Оның мыңжылдық өткені болса да, келешегі де зор. Оның жеке ғылыми пән ретінде таралуына жүз жылға жетер-жетпес уақыт болды, бірақ басты мәселесі, философия пайда болғаннан бері, философиялық ой ретінде кездеседі.

Пәннің атауы ежелгі грек тілінен аударғанда, психология жан туралы ілім дегенді білдіреді. Кең таралған көзқарастар бойынша, алғашқы психологиялық түсініктер діни нанымдармен байланысты болды. Жанды зерттеу және түсіндіру-психология пәнінің қалыптасуының -психология пәнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады. Сонымен, психология алғашында жан туралы ғылым ретінде анықталды. Алайда, жан дегеніміз не деген сұраққа жауап беру оңай болмады. Әртүрлі тарихи кезеңдердегі ғалымдар бұл сөзге әртүрлі мазмұн берді. Психиканың мәніне деген ғылыми көзқарастардың қалыптасуы және дамуы әрқашанда философияның негізгі мәселесінің шешіміне-материя мен сананың, рухани және материялдық субстанциялардың арақатынасына – байланысты болған. Дәл осы мәселе төңірегінде бір-біріне диаматериялы қарсы екі философиялық бағыттар пайда болды идеалистік және материялистік. Идеалистік философия өкілдері психиканы материядан тыс, жеке болаты, бірінші болаты н құбылыс ретінде қарастырады. Материялдық түсінік психиканы материядан туындайтын, екінші құбылыс түрінде көрсетеді.

Психиканы адамның рухани өмірінің көрінісі және ол барлық материялдық табиғат бағынатын заңдарға бағырбайды,- дап қарастығна идеалистік философия, адам психикасын түсіндірудегі материялдық көзқарасты көптеген ғасырларға ығыстырды. Жан туралы көзқарастыр қандай да болмасын метамарфоздарды бастан өткерсе де , жан өмірдің қозғаушы көзі деген тұжырым тұрақты болып қалды.

Психика заңдылықтары анықтау, заңды деп санауға болатын байланыстар мен қатынастарды анықтау міндетіғылымдағы күрделі міндеттердің қатарына жатады. Қатаң ғылыми көзқарас объективтік заңдылықта анықтауды ғана емес, оның әрекеттерінің салаларын, сонымен бірге оның әрекет жасай алатын ғана жағдайларын табуды талап етеді. Психология ғылымының зерттеу нәтижелелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептелінеді. Сонымен, психология дегеніміз психиканың айғақтарын, заңдылықтарын және механизімдерін зерттейтін ғылым.

2. Психика мен оның дамуының пайда болу мәселесі, яғни генезисі тығыз байланысты болады. Сондықтан, психиканың даму үрдісіне деген жалпы көзқарас психиканың пайда болу мәселесінің теориялық шешімінің ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл мәселені принциптік тұрғыдан бірнеше жолдары бар. Ой философиясы тарихындағы «антропсихизм» деп аталатын бұл көзқарас Р.Декарттың атымен байланысты. Оның мағынасы мынада: психиканың пайда болуы адамның пайда болуымен байланысты, психика тек адамда ғана болады. Айтылған мәселені шешетін тағы да бір көзқарас ол психиканы кез-келген тірі материяның қасиеті емес, жүйке-жүйесі бар ағзалар ғана таниды. Бұл көзқарасты нейропсихизм концепциясы деп атайды.

Материалистік психология бұл коцепциялардың біреуін де сөзсіз қабылдай алмайды. Психология ғылымы мүлдем басқа жағдайлардан пайда болып, өз алдына психиканың шығу тегі туралы жауап іздеуге, өмірдің бұл күрделі түрін тудыратын шарттарды сипаттауға тырысады. Өмірдің пайда болуының негізгі шарты болып, қоршаған орта мен зат алмасусыз тіршілік ете алмайтын, ақуызды күрделі молекулалардың пайда болуы саналатыны белгілі.

Өмірлік маңызды әсерлерге қатысты тітіркену үрдістері, тітіркенудің арнайы жоғары түрлерін білдіру және оларды келесі ұрпақтарға бере отырып сақтау, әдітте өсімдіктер өмірі деп аталған, өмірдің даму кезеңін сипаттайды. Психикалық бейнелеудің бастапқы түрінде болатын сезімталдық кез-келген, тіпті өте қарапайым, өміршең денеге тән болатын тітіркенудің дамуы арысында пайда болады деген жорамалды А.Н.Леонтьев енгізді. А.Н.Леонтьевтің жорамалы бойынша, жануарлар, тікелей зат алмасуға енетін биологиялық маңызды әсерлерге ғана емес, өмірге қажетті әсерлердің пайда болуын білдіретін болса, биологиялық маңызы жоқ, «бейтарап» әсерлерге де жауап қайтарады. Басқаша айтқанда, жануарлар қоршаған ортаға белсенді бейімделіп, тіршілікке қажетті жағдайларды іздейді және ортаның кез-келген өзгерісіне жауап қайтарады.

Биотикалық әсерлерге қатысты, сезімталдықтың және тіршілікке маңызды әсерлердің пайда болуы мен олардың іздерінің жай сақталуын білдіретін бейтарап тітіркендіргіштерге қатысты тітіркенудіңсипатталған үрдістері біржасушалы жануарлардың тірлігін қолдауға жеткілікті, бірақ көп жасушалыларға ауысқанда олар жеткіліксіз болады.

Жүйке жүйесінің эволюциясының келесі кезеңі жоғары омыртқасыздарда, әсіресе, жәндіктерде неғұрлым күрделі болатын ганглиозды жүйке жүйесінің пайда болуына әкеледі. Гангилозды жүйке жүйесінің пайда болуы сияқты, соның көмегімен мінез-құлықты қалыптастыру да тіршілік эволюциясындағы маңызды көтерілісті білдіреді. Неғұрлым қарапайым омыртқасыздардан, өткен кезеңдегімен салыстырғанда, жүйке жүйесінің мүлдем жаңа принцип бойынша ұйымдасқанын байқауға болады.

Мінез-құлықтың кейінгі эволюциясы сыртқы ортадан арнайы ақпаратты қабылдауға мүмкіндік беретін күрделі рецепция аппараттарының пайда болуымен және ортаның тұрақты күрделі жағдайларына жануарлардың бейімделуіне көмектесетік күрделі бағдарламалардың дамуымен байланысты болады.

Жәндіктерде күрделі фоторецептормен қатар, арнайы тактильді – химиялық рецепторлар, дәм сезгіш рецепторлар, вибрациялық рецепторлар болады. Бұл рецепторлық аппараттардың қозулары жүйке талшықтарының бойымен таралады және осы серпілістерді туа біткен мінез-құлық бағдарламаларының күрделі жүйесіне аударатын алдыңғы ганглиеға келеді.

Сонымен, инстинктивтік әрекеттердің бағдарламалары түрлі тітіркендіргіштердің көпшілігін қарастыра алмайды, осылайша жануарлардың қабылдау мүмкіншіліктері шектеледі. Бұл жағдайдағы шындықты қабылдау жекелеген әсер етушілерге сезімталдықты, қарапайым сезінуді білдіреді. А.Н.Леонтьевтің ұсынысы бойынша, психика дамуының бұл кезеңін жануарлардың бірқатар түрін қарастыратын қарапайым сенсорлық психика кезеңі деп атайды.

Психика заңдылықтары анықтау, заңды деп санауға болатын байланыстар мен қатынастарды анықтау міндетіғылымдағы күрделі міндеттердің қатарына жатады. Қатаң ғылыми көзқарас объективтік заңдылықта анықтауды ғана емес, оның әрекеттерінің салаларын, сонымен бірге оның әрекет жасай алатын ғана жағдайларын табуды талап етеді. Психология ғылымының зерттеу нәтижелелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептелінеді. Сонымен, психология дегеніміз психиканың айғақтарын, заңдылықтарын және механизімдерін зерттейтін ғылым.

Психика мен оның дамуының пайда болу мәселесі, яғни генезисі тығыз байланысты болады. Сондықтан, психиканың даму үрдісіне деген жалпы көзқарас психиканың пайда болу мәселесінің теориялық шешімінің ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл мәселені принциптік тұрғыдан бірнеше жолдары бар. Ой философиясы тарихындағы «антропсихизм» деп аталатын бұл көзқарас Р.Декарттың атымен байланысты. Оның мағынасы мынада: психиканың пайда болуы адамның пайда болуымен байланысты, психика тек адамда ғана болады. Айтылған мәселені шешетін тағы да бір көзқарас ол психиканы кез-келген тірі материяның қасиеті емес, жүйке-жүйесі бар ағзалар ғана таниды. Бұл көзқарасты нейропсихизм концепциясы деп атайды.

Материалистік психология бұл коцепциялардың біреуін де сөзсіз қабылдай алмайды. Психология ғылымы мүлдем басқа жағдайлардан пайда болып, өз алдына психиканың шығу тегі туралы жауап іздеуге, өмірдің бұл күрделі түрін тудыратын шарттарды сипаттауға тырысады. Өмірдің пайда болуының негізгі шарты болып, қоршаған орта мен зат алмасусыз тіршілік ете алмайтын, ақуызды күрделі молекулалардың пайда болуы саналатыны белгілі.

Өмірлік маңызды әсерлерге қатысты тітіркену үрдістері, тітіркенудің арнайы жоғары түрлерін білдіру және оларды келесі ұрпақтарға бере отырып сақтау, әдітте өсімдіктер өмірі деп аталған, өмірдің даму кезеңін сипаттайды. Психикалық бейнелеудің бастапқы түрінде болатын сезімталдық кез-келген, тіпті өте қарапайым, өміршең денеге тән болатын тітіркенудің дамуы арысында пайда болады деген жорамалды А.Н.Леонтьев енгізді. А.Н.Леонтьевтің жорамалы бойынша, жануарлар, тікелей зат алмасуға енетін биологиялық маңызды әсерлерге ғана емес, өмірге қажетті әсерлердің пайда болуын білдіретін болса, биологиялық маңызы жоқ, «бейтарап» әсерлерге де жауап қайтарады. Басқаша айтқанда, жануарлар қоршаған ортаға белсенді бейімделіп, тіршілікке қажетті жағдайларды іздейді және ортаның кез-келген өзгерісіне жауап қайтарады.

Биотикалық әсерлерге қатысты, сезімталдықтың және тіршілікке маңызды әсерлердің пайда болуы мен олардың іздерінің жай сақталуын білдіретін бейтарап тітіркендіргіштерге қатысты тітіркенудіңсипатталған үрдістері біржасушалы жануарлардың тірлігін қолдауға жеткілікті, бірақ көп жасушалыларға ауысқанда олар жеткіліксіз болады.

Жүйке жүйесінің эволюциясының келесі кезеңі жоғары омыртқасыздарда, әсіресе, жәндіктерде неғұрлым күрделі болатын ганглиозды жүйке жүйесінің пайда болуына әкеледі. Гангилозды жүйке жүйесінің пайда болуы сияқты, соның көмегімен мінез-құлықты қалыптастыру да тіршілік эволюциясындағы маңызды көтерілісті білдіреді. Неғұрлым қарапайым омыртқасыздардан, өткен кезеңдегімен салыстырғанда, жүйке жүйесінің мүлдем жаңа принцип бойынша ұйымдасқанын байқауға болады.

Мінез-құлықтың кейінгі эволюциясы сыртқы ортадан арнайы ақпаратты қабылдауға мүмкіндік беретін күрделі рецепция аппараттарының пайда болуымен және ортаның тұрақты күрделі жағдайларына жануарлардың бейімделуіне көмектесетік күрделі бағдарламалардың дамуымен байланысты болады.

Жәндіктерде күрделі фоторецептормен қатар, арнайы тактильді – химиялық рецепторлар, дәм сезгіш рецепторлар, вибрациялық рецепторлар болады. Бұл рецепторлық аппараттардың қозулары жүйке талшықтарының бойымен таралады және осы серпілістерді туа біткен мінез-құлық бағдарламаларының күрделі жүйесіне аударатын алдыңғы ганглиеға келеді.



Сонымен, инстинктивтік әрекеттердің бағдарламалары түрлі тітіркендіргіштердің көпшілігін қарастыра алмайды, осылайша жануарлардың қабылдау мүмкіншіліктері шектеледі. Бұл жағдайдағы шындықты қабылдау жекелеген әсер етушілерге сезімталдықты, қарапайым сезінуді білдіреді. А.Н.Леонтьевтің ұсынысы бойынша, психика дамуының бұл кезеңін жануарлардың бірқатар түрін қарастыратын қарапайым сенсорлық психика кезеңі деп атайды.


3. С.Л.Рубинштейн сана мәселесін зерттей келе ,өзіндік сана дамуының бірнеше кезеңдерін бөледі.Бастапқысы өзінің денесін меңгеруі мен ырықты қозғалыстардың пайда бола бастауымен байланысты, ал екіншісі – басқа адамдармен қатынасындағы өзіндік еркінің көрінуімен, қоршаған ортадан өзін бөле алуымен байланысты.Осы кезден тұлғаның өзіндік санасы қалыптаса бастайды,алғашқы рет өзінің «Мені» туралы көзқарасы туындайды.Сондай-ақ С.Л. Рубинштейннің ескертуінше, тұлғаның «Мен» бейнесі оның басқа тұлғаларға деген қатынасының туындауына себепші болып табылады.Осы қатынастар тұлғаның сыртқы жоспарына ене отырып, тұрақты қарым-қатынас нормасының белгілі бір деңгейіне ие болады.Қарым-қатынас үрдісінде басқа адамды қабылдауы өзі туралы елестетулерімен байланысты болады. Өзіндік сана өзіне сырт жақтан, яғни басқа адамның көзімен қарай ашу іскерлігімен, өзінің әреккеттерін белсенді іс-әректтің ішкі логикасы тұрғысында бақылай алу іскерлігімен анықталады.Өзіндік сана сана мен еріктің бірлігі ретінде балада белгілі бір даму кезеңінде пайда болады.

Адам өз əрекет-қылығын басқаруда алдын ала жоспарланған принциптер мен ережелерге тəуелді болмай, нақты жағдай мен көзделген мақсатқа орай белгілі əрекетке кірісуі қажет екендігін мақұлдайды. Жеке табысқа жету жолында жəрдем бергеннің бəрін прагматистер ізгілік нышаны ретінде таниды.
4. Диалектикалық материализм табиғат, қоғам жəне ойлау процестерінің жалпы қозғалыс жəне даму заңдылықтары жөніндегі философиялық білім ретінде XIXғ. 40-жылдарында туындады. Ол XXғ., əсіресе социализм елдерінде кең өріс тапты. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері – К.Маркс жəне Ф.Энгельс қоғам тарихын танудың құралы материализмді жариялай отырып, теориялық таным үшін қоғамдық тəжірибенің рөлін негіздеді, материализм мен диалектиканы табиғи ұштастыққа келтірді.
Диалектикалық материализмнің негізгі тұжырымдары келесідей: материя – бірінші, ал сана – одан туындаушы, материяның (адам миының) дамуы нəтижесінде пайда болатын өнім (материалистік монизм принципі); объектив дүние мен сана құбылыстары себепті шарттасқан, өзара байланысты жəне тəуелді (детерминизм принципі); барша заттар мен құбылыстар қозғалыс жағдайында болып, дамиды жəне өзгеріске келеді.
Диалектикалық материализм философиясында аса маңызды орын диалектика заңдарына берілген: сандық өзгерістердің сапалық ауысуы, қарама-қарсылық бірлігі мен күресі, жоқты жоққа шығару.
Диалектикалық материализм педагогикасының негізгі идеялық ұстанымы- тұлға қоғамдық қатынастардың объекті де, субъекті де. Адамның тұлғалық дамуы мен кемелденуі сыртқы жағдайлармен себепті тəуелділікте (детерминирован), сонымен бірге сол нақты адамның табиғи болмысына байланысты. Тұлға дамуында жетекшілік рөл – тəжірибеде. Ал тəрбие тарихи жəне таптық сипатқа ие болған күрделі əлеуметтік процесс. Тұлға жəне адам іс-əрекеті ажырамас тұтастық құрайды, яғни тұлға іс-əрекетте, еңбекте көрінеді жəне қалыптасады.
Жаңаланған дəуір педагогикасы философиялық деңгейлі əрқилы əдіснаманы өз ғылыми зерттеулерінің бас қаруы ретінде міндетті түрде қолданып, пайдалануы қажет. Идеалистер сананың екінші, материяның бейнесі екенін мойындағысы келмейді. Оны неге сүйеніп айтады? Олардың ойынша, адам санасында объективті дүниеде кездеспейтін, қате, жалған ойлар, мәселен, түрлі жынсайтан, диюу, су перісі т.с.с. ұғымдар болады. Сонда объективті дүниеде кездеспейтін ол жын-шайтандардың бейнесі қайдан пайда болады, ол ненің бейнесі деп күдік айтады. Осыдан кейін идеалистер сананың құдіретін айтпақ болмақ. Ал, енді оларды діни адамдар өздігінше ойлап шығарған делік дейді әлгі идеалистер, сөйтіп, олар бұл мысалдан да ойдың, сананың өмір бейнесі емес, тек мидың өзінен шыққан деу керек деген қорытынды шығарды. Бұған не жауап қайтару керек. Әрине, жаңағы өмірде жоқ: «о дүние», «пері», «дию» сияқты ұғымдарды діндар адамдар ойлап шығарғаны рас. Бірақ ол ойлар жоқтан пайда болған демейміз, белгілі бір құбылыстарға еліктеу, мидың соларды ойша құрастыруы арқылы пайда болған. Сондықтан да қай халықта болмасын, жын да, сайтан да, басқалар да негізінде тек адам, жан-жануарлар бейнесінде елестетіледі. Мәселен, шайтанды (черт) көптеген халықтар мүйізі, сақалы, тұяқтары бар, ұзын құйрықты ешкі тектес, адамға зиянды рухани құбылыс етіп суреттейді. Өмірде мүлде жоқ, болмаған, ойға келмеген құбылыстардың бейнесін адам ешқашан ойдан шығарған емес. Тіпті техникалық жаңалықтарды да адам табиғатта бар нәрселерге еліктеп жасайды. Сондықтан жаңағы айтқан діни ұғымдарда да не жақсы адамдардың, немесе жаман адамдардың мінез-құлықтары бейнеленеді, негізсіз ой туындамайды. Мұның бәрі сананың тікелей мидан емес, ми арқылы объективтік дүниеден бейнеленіп алынатын материалдық заттар мен құбылыстардың көшірмесі, туындысы екенін байқатады.

Сонымен қатар сана мисыз өмір сүре алмайды, ал біздің түсініктерімізге әсер ететін – сыртқы дүние. Сол әсерлер орталық жүйке жүйелері арқылы адам миына жетеді. Ми оларды қорытады, шешім жасайды. Әрине, адам ми арқылы ойлайды, бірақ оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде. Ми – ең алдымен объективті ақиқатты дәл, былайша айтқанда, сыртқы дүниені дұрыс бейнелейтін орган. Бірақ сана мен объективті ақиқат ешқашан да мейлінше дәлме-дәл болмайды. Сана – оның идеалдық бейнесі. Мұны Гегель де мойындаған. Бұл – дәлдік пен айырмашалық диалектикасы. Сананың мәнінде білім жатыр. Ал оны туғызатын танымдық ізденіс. Әр нәрсені білуге, ұғынуға талпыныс, ізденіс сайып келгенде сананы құрастырады. Сана – материядан мүлде өзгеше сапа, рухани құбылыс.

Одан соң сана, бір жағынан, жинақталған білім, ал екінші жағынан – таным процесі. Сана әрқашанда белгілі бір қоғамдық даму дәрежесіне сәйкес келеді. Ол үлкен шығармашылық процесс. Өйткені, сана объективті дүниенің механикалық бейнесі (репродукциясы) емес. Сана тек негізгі принцип бойынша, шығу көзі жағынан, бейнеленуі тұрғысынан ғана өмірден туындайды. Бірақ сана объективті өмірдің жұпыны бейнесі емес. Мәселен, санада ерік, ой толғау, әсірелеу, талдау, топтау, болжау, шығармашылық сияқты құбылыстар бар. Олардың объективті дүниеде дәлме-дәл баламасы болмауы да мүмкін. Сана тек бейнелеу емес, ол сонымен қатар белгілі бір қатынас. Айталық, бейнелеу жануарларда да бар. Бірақ оларда қатынас жоқ. Сана арқылы адам дүниені бейнелеп қана қоймайды. Ол оған әсер етеді, ойдан өрнек құрады, оны өзгертеді. Адам миында қобалжу мен арнаға түсу, елендеу мен басылу, қызығу мен жирену диалектикасы ұдайы тынымсыз жүріп жатады. Ол өзін қоршаған әлемге бейтарап қарамайды.



Бақылау сұрақтары:
Бақылауға арналған сұрақтар:
Негізгі әдебиеттер:

: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет