БАҒдарламасы бағдарламаға жауапты: кафедра меңгерушісі Кампитова Г. 1 Жеміс шаруашылығЫ



Дата24.01.2018
өлшемі245.45 Kb.
түріБағдарламасы
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




БЕКІТЕМІН

«Өсімдік шаруашылығы технологиясы»

факультетінің деканы

_____________ Ж. Жургенов

«____» _____________ 2014 ж.


6М080900 – «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» мамандығына

Магистратураға түсуге арналған емтихан

БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарламаға жауапты: кафедра меңгерушісі Кампитова Г.



1 ЖЕМІС ШАРУАШЫЛЫҒЫ
1. Жеміс дақылдарының жіктелуі мен сипаттамасы
Жеміс өсімдіктерін ботаникалық жіктеу және өндірістік-биологиялық топтарға бөлу.
2. Жеміс өсімдіктерінің өсу және жеміс салу заңдылықтары
Себінді, ұластырылған және тамырыөзіндік өсімдіктердің онтогенез ерекшеліктері.

Өсу және жеміс салудың тіршілік кезеңдері, әртүрлі тіршілік кезеңдердегі жеміс бағында жүргізілетін агротехника.

Өсу және дамудың жылдық циклы, вегетация және тыныштық кезеңдері. Генеративті бүршіктердің пайда болуы және дифференциациясы. Жеміс өсімдіктерінің гүлдеу, тозаңдану және ұрықтану ерекшеліктері.Жеміс өсімдіктерінің тамырларының өсу заңдылықтары және оған экологиялық факторлар мен агротехниканың әсері. Жеміс салу заңдылықтарыЖеміс дақылдарының жеміс салу кезеңділігі.
3. Жеміс өсімдіктері өміріндегі экологиялық факторлар
Жеміс дақылдарының өсу, даму және жеміс салуына әсер ететін сыртқы ортаның факторлары. Жеміс шаруашылығының топырақтық-климаттық аудандастырылуы.

4. Бақ отырғызу технологиясы мен жеміс өндірісі


Қазақстанның әртүрлі табиғи-климаттық аймақтарында бақты отырғызатын жерді кешенді бағалалау және таңдау.

Жеміс бағы территориясын ұйымдастыру. Бақ отырғызу үшін топырақты дайындау. Беткейлерге отырғызылған бақтардың топырақтарын дайындау ерекшеліктері. Бақ отырғызу


5. Жеміс бағының ылғалды-қоректік режимі мен тыңайтылуы
Жеміс бағының тыңайтқыштар жүйесі. Жеміс өсімдіктерін минералды қоректендіру және суару ерекшеліктері. Жеміс өсімдіктерінің тыңайтқыштарға мұқтаждығы және оны анықтау әдістері. Тыңайтқыштардың түрлері, формалары, мөлшерлер және енгізу тәсілдері.

Суару тәсілдері мен техникасы, жерасты суару, оның артықшылығы мен кемшіліктері.


6. Жеміс ағаштарын шырпу
Шырпудың мақсаты мен міндеттері. Шырпу түрлері: қалыптастырып, мөлшерлеп және жасартып шырпу. Шырпу мерзімдері мен техникасы: мақсаты, міндеті мен принциптері.
7. Жеміс бақтарын күтіп-баптау және бақта орындалатын басқа да жұмыстар
Жеміс ағаштарының қысқы зақымданулары және оның алдын алу. Ағаштарды кеміргіш зиянкестерден қорғау. Жарақаттанған ағаштарды күтіп-баптау.

8. Өнім жинау


Өнімді болжау және анықтау. Өнім жинауға дайындық. Жемістерді теру мезгілін анықтау. Жинау тәсілдері, жұмысты ұйымдастыру. Жемісті қолмен және механикалық жинау. Жемісті жинау және тасымалдау технологиясы.
9. Жидек дақылдары
Жидек дақылдарының (бүлдірген, таңқурай, қарақат, тұшала, бөрткен) жіктелуі және сипаттамасы. Өсу және жеміс салу ерекшеліктері. Өсуі мен жеміс салуына экологиялық факторлардың әсері. Жидек дақылдарын көбеітудің биологиялық және практикалық негіздері. Көбеюі, агротехникасы және өнімді жинау.

Негізгі әдебиеттер тізімі


1. Аяпов К.Д., Кампитова Г.А., Мажитова Р.С. Жеміс шаруашылығы. - Алматы. Словарь-сөздік, 2005.

2. Драгавцев А.П. и др. Южное плодоводство. Учебник. Москва, 1970

3. Колесников В.А. Плодоводство. – М.: Колос, 1979. -415 с.

4. Криворучко В.И., Горбунов Ю.И., Плодовый сад. Азбука агротехники. Изд-во «Кладезь-Букс», Москва, 2005, -142 с.

5. Куренной Н.М. и др. Плодоводство. 398 с. М.: Агропромиздат, 1985.

6. Куренной Н.М. Основы интенсивного плодоводства. Учебник 191 с. М.: Колос, 1980.

7. Куцуков А.С. и др. Агротехника плодового сада. Алматы, 1998 г.

8. Черепахин В.И., Бабук В.И., Карпенчук Г.К. Плодоводство. – М.: Агропромиздат, 1991. -271 с.

9. Самощенкова Е.Г., Пашкина И.А. Плодоводство, учебник - изд. Академия, - 2003, 320 с.

10. Матаганов Б.Г. и др. Плодовые и ягодные культуры. Учебник. Алматы, Кайнар. 1997

11. Тарасов В.М. (ред.) и др. Практикум по плодоводству. – М.: Колос, 1981

Шитт П.Г. Избранные труды. – М.: Колос, 1972



Қосымша:

1. Арсеньев Т.В., Бурмистров Л.А., Витковский В.Л. и др. Как ухаживать за садом. М.: ЗАО Центрполиграф, 2005. – 399 с.

2. Бурмистров А.Д. Ягодные культуры. – Л.: Колос, 1972, 384 с.

3. Исин М.М. Болезни сада. – Алма-Ата: Кайнар, 1984. – 248 с.

4. Каталог. Новые перспективные сорта плодово-ягодных культур для юга и юго-востока Казахстана, под общей редакцией Н.Ю.Нуртазиной, КазНИИПиВ, Помологический сад, Алматы, 2005, - 16 с.

5. Кудрявец Р.П. Обрезка плодовых деревьев и ягодных кустарников: Альбом. – 2-е изд., -М.: Колос, 1998. – 224 с.

6. Можаева Л.Л, Непорожняя Е.А., Тонконоженко А.А. Вредители и болезни растений. –М.: ООО ТД «Издательство Мир книги», 2007. – 240 с.

7. Трусевич Г.В. Интенсивное садоводство ─ М., Россельхозиздат,─ 1978

8. Чухляев И.И., Деменко В.И., Секреты садоводства: Пособие для садоводов-любителей. – М.: Изд-во Ниоль-Пресс: 2007, - 288 с.


1 ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
1. Жүзім өсімдігінің биологиясы және жіктелуі
Жүзімдік (Vіtaceae) тұқымдасына жалпы сипаттама. Бұл тұқымдасқа жататын тектер мен түрлерге қысқаша сипаттама. Vіtіs тегі, онық билогиялық ерекшеліктері, маңызы, таралуы және жіктелуі. Осы текке жататын еқ маңызды, өндірісте қолданылатын мәдени түрлерге сипаттама
2. Жүзім өсімдігінің экологиясы
Экологиялық әсерлердің (абиотикалық, биотикалық және антропогендік) жүзім өсімдігінің өсуіне, дамуына, жеміс салуына өнімділігіне және оның сапасына әсері.
3. Өсіру және отырғызу материалдарын көбейту

Жүзімнің ұрықтық және вегетативтік көбеюі. Жүзімді вегетативті тәсіл арқылы көбейтудің теориялық негізі және оның өндірістік маңызы. Қалемше арқылы көбейту – тамыры өзіндік өсірілетін жүзімнің негізгі көбею тәсілі.


4. Жүзімдіктерді құру технологиясы және жүзім өндірсі

Жерді дайындау, отырғызу және күтіп-баптау
Жүзімдік өсірілетін жерді таңдауда, жер бедеріне, топыраққа, жер асты суларының деңгейіне, учаске пішіні мен көлеміне қойылатын талаптар. Топырақты терең жырту алдындағы дайындық жұмыстары. Терең жыртудың тәсілдері, мерзімдері және тереңдіктері.


5. Шырпу


Жүзім түптерін шырпудың теориялық негіздері. Жүзім бұтасында қарама-қарсылық заңдылықтарының байқалуы және оны реттеу принциптері. Шырпудың өсу және генеративті процесстерге, жүзімнің өнімділігіне және сапасына тигізетін әсері.
6.Топырақты өңдеу
Топырақ өңдеу жүйелері. Негізгі қолданылатын қара сүдігер тәсілі, оның мақсаты мен құрам бөліктері
7. Жүзімдіктердің ылғалды-қоректік режимі мен тыңайттылуы
Жүзім дақылының тыңайтқыштарға мұқтаждығын анықтау тәсілі. Су түзімінің жүзім өсімдігінің өсіп-дамуына және өнім сапасына әсері.

8. Жүзім өнімін анықтау және жинау


Жүзім өнімін жинауды ұйымдастыру жөніндегі шаралардық маңызы. Жүзім өнімін алдын ала анықтау тәсілдері және мерзімдері. Шараптық және асханалық жүзім сорттарының пісу дәрежесі мен жинау мерзімін анықтау. Жүзім өнімін жинау жоспарын құру. Жүзім жидектерінің физиологиялық және техникалық пісуі.
Әдебиеттер тізімі
Аяпов К.Ж., Мажитова Р.С. Жүзім шаруашылығы. Оқу құралы. Алматы, 2000.

Маденов Э.Д., Размножение винограда. - Алма-Ата: Кайнар, 1976.

Маденов Э.Д., Ажигоев В.П., Структура насаждений, обрезка и формирование кустов винограда - Алма-Ата, Кайнар, 1989.

Морозова Г. С. Виноградарство с основами ампелографии (практический курс). - М.: Агропромиздат, 1987.

Пономарчук В.П., Технеряднова Р.Т., Богданова В.С., Бачевский Я.Т., Маденов Э.Д. - Виноград Казахстана, Алма-Ата: Кайнар, 1976.

Рыбаков А.А., Остроухова С.А. Виноградарство, Ташкент, - Мехнат, 1988.

Смирнов В. К. Виноградарство. - М.: Колос, 1987.

Смирнов К.В., Малтабар Л.М., Раджабов А.К., Матузок Н.В. Виноградарство, - Москва, МСХА, 1998.

ЖЕМІС, КӨКӨНІС ӨНІМДЕРІН САҚТАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Пәннің мазмұны


  1. Жемістер мен көкөністерді сақтау

1.1 Сақтаудың теориялық негіздері

Жеміс, көкөністерді сақтау объектісі ретінде жіктеу. Сақталғыштық және төзімдік. Сақтау кезінде жеміс, көкөністер ішінде өтетін негізгі тіршілік үрдістер. Тыныс алу үрдісі. Көкөністердің тыныштық кезеңі.

Сақтаудың негізгі факторлары. Жеміс, көкөністердің сақталғыштығына, тыныс алу интенсивтілігіне, микроорганизмдердің дамуына сақтау температурасының тигізетін әсері. Дақылға, сортқа өнімнің физиологиялық жағдайына қарай сақтау температурасын таңдау.

Қойманың ішіндегі ауа ылғалдылығы, оның өнімнен су булану жылдамдығына тигізетін әсері. Өнімнің солуы және суланып тершуі.

Ауаның газды құрамы. Көмір қышқыл газы мен оттегі мөлшерінің жеміс, көкөністердегі зат алмасу үрдісінің интенсивтілгіне және микроорганиздер даму жылдамдығына тигізетін әсері.

Сақтау үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға ауа алмасуының маңызы. Сақтаудың қосымша факторлары.



    1. Жемістер мен көкөністерді сақтау әдістері

Сақтау әдістерінің жалпы жіктелуі. Әртүрлі сақтау әдістерінің кемшіліктері мен артықшылықтары. Жеміс, көкөністерді әртүрлі қоймаларда орналастыру тәсілдері. Далада сақтау тәсілдері: бурттар мен траншеялар.

Стационарлы қоймалар. Олардың жіктелуі, түрлері, құрылыс ерекшеліктері, ауа алмастыру жүйелері.

Әртүрлі қоймаларда қолданылатын өнім сақтау әдістері мен режимдері. Қойма жұмыстарын механикаландыру жолдары. Тоңазтқыштардың жұмыс істеу принциптері. Реттелетін газды ортасы бар қоймаларды салу, пайдалану ерекшеліктері. Қойма бөлмелерінде ауаның газды құрамын қалыптастыру жолдары және сол үшін қолданылатын жабдықтар. Жеміс, көкөністер сорттарын сақтауға арналған газды режимдер.

Қоймаларды өнімді қабылдап, сақтауға дайындау. Қоймалардағы сақтау жағдайларын, сақтауға қойылған өнімнің сапасын бақылау.



1.3 Картоп пен көкөністерді сақтау технологиясы

Картоптың сақтау объектісі ретіндегі биологиялық негіздері. Картоп сақтау мерзімдері, қолайлы режимдері. Картоп сақтауға арналған қойма түрлері. Өнімді әртүрлі қоймаларда орналастыру әдістері. Тұқымдық картоптың сақтау ерекшеліктері. Сақтау кезінде болатын аурулар және олармен күресу жолдары.

Тамыржемістілерді сақтау ерекшеліктері. Тұқымдық және азықтық тамыржемістілерді сақтау жағдайлары. Тамыржемістілерді жинау, сақтауға дайындау, қоймада орналастыру және сақтау әдістері. Сақтау кезіндегі өнім шығындарын азайту.

Капустаны сақтау ерекшеліктері. Тұқымдық және азықтық капустаны сақтау жағдайлары. Капустаны жинау, сақтауға дайындау, қоймада орналастыру және сақтау әдістері. Сақтау кезіндегі өнім шығындарын азайту жолдары.

Пияз бен сарымсақтың сақтауға объектісі ретіндегі биологиялық қасиеттері. Тұқымдық және азықтық өнімді сақтау жағдайлары. Сақтаудың жылы, суық, аралас тәсілдері.

ҚызанақтыҢ пісу дәрежесіне байланысты сақтау режимдері. Қияр, асқабақ, қауын, қарбыз сақтау технологиялары.



1.4 Жемістерді сақтау технологиясы

Шекілдеуікті жемістердің сақтау объектісі ретіндегі биологиялық қасиеттері. Жемістерді жинау және ұзақ уақыт сақтауға дайындау. Сақтау технологиясы, режимі, тәсілдері. Реттелетін газды ортада сақтау. Әртүрлі сорттарды сақтау ерекшеліктері. Сақтау кезінде болатын микробиологиялық және физиологиялық аурулар.

Жүзімнің сақтау объектісі ретіндегі ерекшеліктері. Жинау, ыдысқа салу, тасымалдау, сақтау жағдайлары.

Сүйекті жемістер мен жидектердің сақтау технологиясы, режимі. Мәңгі жасыл дақылдарды, жаңғақтарды сақтау ерекшеліктері.




  1. Көкөніс, жемістерді өңдеу

2.1 Консервілеудің теориялық негіздері

Консервілеу әдістерінің түрлері: физикалық, микробиологиялық, химиялық әдістер.

Сақтау, тасымалдау, қабылдап алу кездерінде шикізатқа қойылатын талаптар. Консервілеуге арналған ыдыстар және оларды белгілеу. Консервіленген өнімнің мөлшерін есептеу тәртібі.

2.2 Стерилдеу жолымен консервілеу

Стерилдеу мен пастерлеу. Стерилдеу кезінде өтетін жалпы үрдістер. Шикізат дайындау, сорттау, сұрыптау, жуу, тазалау, майдалау, бланширлеу. Осы жұмыстар үшін пайдаланатын машиналар.

Кәдімгі көкөніс консервілері. Технология ерекшеліктері. Ассортименті, рецептурасы.

Тістемелі көкөніс консервілері. Технология ерекшеліктері. Ассортименті мен рецептурасы. Қызанақ өнімдері. Қызанақ шырынын, қызанақ пастасын, қызанақ езбесін, қызанақ соусын өндіретін технология.

Жеміс-жидек шырындары, нәрсулар, езбе тәріздес өнімдер. Өнімге, шикізатқа қояр талаптар. Технологиялық операциялар, қолданылатын құралдар, дайын өнімнің сапасы, ассортименті. Жеміс, көкөніс маринадтары, шикізат дайындау ерекшеліктері, рецептурасы, ассортименті.

2.3 Қантпен консервілеу

Қайнатпа. Әртүрлі тәсілдер технологиясы мен ерекшеліктері. Қайнатпаны жай ауа қысымымен және ваккум аппаратта бір рет және бірнеше рет қайнату. Джем, повидло, мармелад, тоңба. Шикізатқа қояр талаптар, дайындау тәртібі.



2.4 Жеміс, көкөністерді кептіру

Жеміс-көкөністерді кептіру кезінде жүретін үрдістер. Шикізат сапасына қойылатын талаптар және оны дайындау тәсілдері. Жеміс және көкөністерді кептіру тәсілдері. Жемістерді күнге кептіру. Жеміс және көкөністерді кептіргіш қондырғыларда кептіру. Кептіргіштердің түрлері: конвейерлі, тоннелді, бүркігіш, вальцалы. Сублимациялық кептіру технологиясы және оның жабдықтары. Кептірген өнімді қаптау және сақтау жағдайлары.



2.5 Тезмұздатып консервілеу

Тезмұздату ережелері. Шикізатқа қойылатын талаптар және оны дайындау. Тезмұздатудың технологиясы. Тезмұздатылған жеміс-көкөністерді қаптау және сақтау.



2.6 Консервілеудің микробиологиялық әдістері

Ашытылған және тұздалған жемістер мен көкөністер. Консервілеу әдістерінің теориялық негіздері. Өнім түрлері, оның сапасына қояр талаптар, өңдеу кезінде өтетін микробиологиялық үрдістер. Ашытылғын капустаны, тұздалған қияр, қызанақ, ашытылған алма, қарбыз дайындаудың ерекшеліктері. Дайын өнім шығымын есептеу.



2.7 Химиялық консерванттарды пайдалану

Сульфиттеу. Өнім құрамындағы күкірт ангидридінің мөлшерін нормалау және оның өнім сапасына тигізетін әсері. Сульфиттеу кезіндегі қауіпсіздік ережесі.

Консервілеуде бензой қышқылын және натрий бензоатын, сорбин қышқылын және оның тұздарын қолдану.

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер


  1. Тәжібаев Т.С. Жемістер мен көкөністерді сақтау және өңдеу технологиясы. –Алматы, 2010.

  2. Широков Е.П. Технология хранения и переработки плодов и овощей с основами стандартизации. - М.: 1988

  3. Широков Е.П. Практикум по технологии хранения и переработке плодов и овощей. -М: 1985

  4. Широков Е.П., Полегаев В.И. Хранение и переработка продукции растениеводства с основами стандартизации и сертификации. -М.: Колос, 1999

  5. Флауменбаум Б.Л. и др. Технология консервирования плодов, овощей. -М.: Колос, 1993.

  6. Ұсынылатын қосымша әдебиеттер

  1. Бертон У.Г. Физиология созревания и хранение продовольственных культур. -М: 1985.

  2. Бобров Л.Г. Хранение картофеля и овощей в условиях Казахстана. -Алма-Ата, 1982.

  3. Брайтен МакГрегор. Руководство по транспортировке фруктов, овощей, цветов и посадочного материала. - М.: 1995.

  4. Варламов Г.П., Четвертаков А.В. Механизация уборки и товарной обработки фруктов. -М.: Колос, 1984.

  5. Волкинд И.А. Комплексы для хранения картофеля, овощей и фруктов. -М.: 1981.

  6. Гудковский В.А. Длительное хранение плодов. -Алма-Ата, 1978.

  7. Кудряшова А.А. Микробиологические основы сохранения плодов и овощей. -М.: Агропромиздат, 1989.

  8. Наместников А.Ф. Консервирование плодов и овощей в колхозах и совхозах. -М.: 1988.

  9. Скрыпников Ю.Г., Гореньков Э.Г. Оборудование предприятий по хранению и переработке плодов и овощей. -М.: Колос, 1981.

  10. Скрыпников Ю.Г. Прогрессивная технология хранения и переработки плодов и овощей. -М.: Агропромиздат, 1989.



КӨКӨНІС ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Пәннің мазмұны

1. Көкөніс шаруашылығы – өсімдік шаруашылығының саласы, оның ерекшеліктері және міндеті.


Көкөніс шаруашылығы және оның салалары. Көкөністердің халық тағамдануындағы алатын орны. Көкөніс шаруашылығының міндеті және оны шешу жолдары. Көкөніс шаруашылығының ерекшеліктері. Ғалымдардың көкөніс шаруашылығының дамуында алатын орны.
2. Көкөніс шаруашылығының биологиялық ерекшеліктері.

Көкөніс дақылдарының түр құрамы. Көкөніс дақылдарының өсіп-өнуі және дамуы, фазалары.Көкөністердің өмір тіршілігінің ұзақтығы.


3. Көкөніс дақылдарының қоректену ауданы.
Көкөніс дақылдарының биологиялық ерекшеліктері және тіршілік ұзақтығына байланысты қоректену ауданы. Әртүрлі көкөніс дақылдарына қолайлы орналастыру үлгілерімен қоректену алаңдарын таңдау. Қоректену ауданының өсіру жағдайларына байланысты өзгеруі. Механикаландырудың қоректену ауданына әсері.
4. Көкөніс дақылдарының жылуға қатынасы
Сыртқы орта факторларының сипаттамасы. Жылудың маңызы. Көкөніс дақылдарының жылуға қоятын талаптары және олардың онтогенездегі өзгерулері. Көкөніс дақылдарының суыққа, аязға және құрғақшылыққа төзімділігін арттыру тәсілдері. Жылу түзімін ашық танапта және қорғалған топырақта реттеу тәсілдері.
5. Көкөніс дақылдарының жарыққа қатынастары.
Жарықтың өсімдік өсіп-өнуіндегі маңызы. Жарықтың интенсивтілігі және ұзақтығының маңызы. Көкөністердің өсіп-өнудің әр түрлі кезеңдеріндегі жарыққа қатынасы. Жарық түзімін ашық танапта және қорғалған топырақта реттеу тәсілдері.
6. Көкөніс дақылдарының ылғалға қатынасы.
Көкөніс дақылдарының топырақтың және ауаның ылғалдылығына қатынасы. Әр түрлі топырақ-климат жағдайларында ылғал түзімі және өсімдіктің ылғалмен қамтамсыз етілуін диагностикалау.
7. Қорғалған топырақ құрлыстары конструкциясы, жылыту әдістері және пайдалану қағидалары.
Қорғалған топырақ құрлыстары, пайдаланылуы. Маусымнан тыс мезгілде көкөніс өндіруде қорғалған топырақтың маңызы. Қорғалған топырақ құрлыстарын жылыту тәсілдері. Жылыжай топырағын дайындау.
8. Көшеттерді өндіру технологиясының ерекшеліктері.

Көшетсіз дақыл өсіру. Көшеттік әдістің маңызы. Көшетті шынықтыру. Көшет өсіру тәсілдері.

9. Көкөніс дақылдарының қоректік заттарға және тыңайтқыштардың ерекшеліктеріне қатынастары.
Көкөніс дақылдарының өніммен бірге топырақтан қоректік заттарды алып шығуы. Көкөніс дақылдарының топырақ ерітіндісі концентрациясына қатынасы. Қоректік заттар түзімін реттеу. Тыңайтқыштарды енгізу тәсілі және нормасы.
10. Көкөніс дақылдарының ауа мен газ түзімдеріне қатынастары.
Ауадағы және топырақтардың қабатындағы оттегінің, көміртегі қышқыл газының мөлшері. Ауадағы және топырақтағы көмір қышқыл газдарын жаңартып арттырудың әдістері. Оларды өнімнің пісіп-жетілуін тездету үшін пайдалану.
11. Көкөніс дақылдарын көбейту, егердің алдындағы тұқымдарды дайындаудың тәсілдері.
Көкөніс дақылдары тұқымдарының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Тұқымды егердің алдында дайындау. Тұқымды егудің мөлшерін анықтау және тұқым егу тереңдігі.
12. Көкөністік ауыспалы айналым.
Көкөністік ауыспалы айналым, ерекшеліктері. Алғы дақыл және орналастырудың ерекшеліктері. Ауыспалы айналымды құру принциптері. Қайта-қайта және тығыздап егу.
13. Ашық танаптағы көкөніс дақылдарының негізгі агротехникасы.

Топырақты өңдеу. Өсімдікті күтіп-баптау. Өнімді жинау.


14. Көкөніс шаруашылығындағы тұқым шаруашылығының агротехникасы.
Көкөніс дақылдарының тұқым шаруашылығы жағдайларын ұйымдастыру. Көкөніс дақылдарының тұқымдарының биологиялық негіздері. Тұқым шаруашылығындағы агротехника. Тұқым жинау.Көкөніс дақылдарының тұқымдарын сақтау.
Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1. Турбекова А.С. Көкөніс шаруашылығы. – Алматы, «Айтумар», 2013.

2. Матвеев В.П., Рубцов М.И. Овощеводство. – М.: Агропромиздат, 1985.

3. Юсупов М.З., Петров Е.П. Овощеводство. – Алма-Ата, 1989.

4. Юсупов М.З., Петров Е.П., Ахметова Ф.С. Овощеводство Казахстана – Алматы: Респ. изд. каб. Казахской академии образования им. Алтынсарина, 2000.

Қосымша:

1. Щепетков Н.Г. Овощеводство Северного Казахстана. – Алма-Ата: Кайнар, 1990.

2. Лукьянец В.Н. Справочник овощевода. – Алма-Ата: Кайнар, 1978.

3. Журналдар: Жаршы, ауылшаруашылығы ғылымдары, Картоп және көкөніс.


ЖЕМІС, КӨКӨНІС ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫН САРАПТАУ


Пәннің мазмұны
1 Стандарттау негіздері
1.1 Стандарттаудың мәні мен мазмұны

Стьандарттау жұмыстарының ролі, мақсаты және міндеттері. Дамуының қысқаша тарихы. Стандарттаудың нормативтік құжаттары. Стандарттың құрылымы және түрлері. Стандарттаудың негізгі принциптері. Стандарттаудың әдістері. Жеміс-көкөніс өнімдерін стандарттау ерекшеліктері. Жеміс, жидек, көкөніс, бақша дақылдарын, картопты және жүзімді стандарттау. Жеміс-көкөніс өнімдерінің стандарттарға енгізілген сапалық көрсеткіштері.


1.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттау жүйесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттау жүйесінің жалпы сипаттамасы. Қазақстанда стандарттау жұмыстарын ұйымдастыру. Стандарттаудың құқықтық негіздері – Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы заңы». Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Түбнегізгі стандарттар. Стандарттау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау. Стандартты дайындау тәртібі.


1.3 Халықаралық және мемлекетаралық стандарттау

Халықаралық және аймақтық стандарттау тәжирибесі. Стандарттарды дайындайтын хаплықаралық ұйымдар. Аймақтық стандарттау ұйымдары. Мемлекетаралық стандарттау. ИСО сериялы стандарттар.


1.4 Салааралық стандарттар кешені және стандарттаудың экономикалық тиімділігі

Өнім сапасын қамтамасыз ету стандарттары. Басқаруц және ақпараттық стандарттар жүйесі. Әлеуметтік стандарттар жүйесі. Қызметті стандарттау. Метрологиядағы стандарттау. Экономика саласындағы стандарттау. Техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпараттарды жіктеу, кодтану біріккен жүйесін стандарттау. Стандарттаудың экономикалық тиімділігі.


2 Сертификаттаудың мәні мен мазмұны
Сертификаттау жұмыстарының ролі, мақсаты және міндеттері. Сертификаттаудың негізгі терминджері мен түсініктемелері. Міндетті түрде және өздігінен сертификаттау. Сертификатау және саудадағы кедергілер.

Қазақстанда сертификаттаудың құқықтық негіздері – ҚР «Сертификаттау туралы заңы». Мемлекеттік сертификаттау органдары. Міндетті түрде сертификаттау жүйесі. Қазақстанда сертификаттауды ұйымдастыру-әдістемелік принциптері.

Сертификаттаудың негізгі қағидалары. Сертификаттау жұмыстарын жүргізу тәртібі. Өнім сертификаттау органдары. Сертификаттау схемалары.

Аккредиттеу жүйесі. Сапа жүйелерін сертификаттау және стандарттау. Өнідірісті сертификаттау.

Тағамдық өнім және шикізаттардың зиянсыздығы. Тағам өнімдерін ластаушы заттар. Ластауыш заттардың жиналуын жібермеу жолдары.

Тағамдық қосымшалар: жіктелуі, мөлшерлеуі, бақылауы. Тағам және ауыл шаруашылық өндірістер өнімдерін сертификаттау. Тағам және ауыл шаруашылық өндірістер өнімдерін сертификаттаудың жүйелері және тәртібі. Жеміс-көкөніс өнімдерін сертификаттау ережелері.





  1. Ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын сараптау және бақылау


3.1 Өнімнің сапасын сараптаудың негіздері

Тауарды сараптау жолдары және түрлері. Тауар сапасын сараптау жүргізу тәртібі. Сарапшыны аттестациялау.



3.2 Ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын сараптау

Өсімдік тектес өнімдерінің сапасын сараптау. Жеміс, жидек, көкөніс, жүзім және олардың өңделген өнімдерінің сапасын сараптау. Мал өнімдерінің сапасын сараптау. Тағамдық ауыл шаруашылық өнімдерін бірдейлендіру. Нормативті құжаттар тізімі.



3.3 Өнім сапасын бақылау

Сапа саласындағы терминдер мен анықтамалар. Өнім сапасын зерттеу. Сапаны анықтау. Сапа көрсеткіштері. Сапа көрсеткіштерін анықтау әдістері. Өнім сапасын бақылау объектілері мен субъектілері. Техникалық бақылаудың негізгі түрлерін жіктеу. Кәсіпорындарда өнім сапасын бақылау.



Ұсынылатын негізгі әдебиеттер

  1. Тәжібаев Т.С. Жемістер мен көкөністерді сақтау және өңдеу технологиясы. –Алматы, 2010.

  2. Смагулов и др. Качество и безопасность пищевой сельскохозяйственной продукции. Алматы, 2002. – 541 с.

  3. Смағұлов А.Қ. және басқалары. Ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын сараптау және бақылау.Оқулық. – Алматы, 2005. – 390 бет.

  4. Смағұлов А.Қ. Стандарттау.Оқулық. – Алматы: ЖШС «Нур-Принт», 2005. -288 бет.

  5. Смағұлов А.Қ., Жамурова В.С. ИСО халықаралық стандарттары пәніне арналған оқу құралы. – Алматы, 2005. -100 бет.

  6. Смағұлов А.Қ., Абылғазинова А.Т., Мейірбекова П.У. Тәжірибелік стандарттау пәні бойынша оқу құралы. – Алматы, 2005. -62 бет.

  7. Плотникова Т.В. Экспертиза свежих плодов и овощей. 2001 302с.

  8. Цапалова И.Э., Маюрникова В.М. Экспертиза продуктов переработки плодов и овощей. 2003 271с.


Ұсынылатын қосымша әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының заңдары:

«Тұтынушылық құқын қорғау туралы». – 05.06.1991 г.

«Стандарттау туралы» - 13.07.1999 г.

«Сертификаттау туралы» - 16.07.1999 г.


  1. ҚР СТ 3.0-94 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Негізгі қағидалар.

  2. ҚР СТ 3.4.-94. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Өнімді сертификаттау тәртібі. Жалпы қағидалар.

  3. ПР РК 50.3.14-96 Правила по сертификации. Система сертификации продукции пищевой промышленности и сельскохозяйственного производства.

  4. ПР РК 50.3.16-96 Правила по сертификации. Порядок сертификации продукции пищевой промышленности и сельскохозяйственного производства.

  5. ПР РК 50 3.1-94 Государственная система сертификации Республики Казахстан. Требования к органам инспекционного контроля и порядок их аккредитации.

  6. Стандарты ИСО 9000-2001

  7. Государственные стандарты СССР. Картофель, овощи и бахчевые культуры. Москва, 1991.

  8. Государственные стандарты СССР. Плодовые и ягодные культуры. Москва, 1991 г.

10. Крылов Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии. – М.: Аудит, ЮНИТИ, 1998. – 479 с.

11. Гигиенические требования к качеству и безопасности продовольственного сырья и пищевых продуктов 2.3.2.560-96. Москва. Госкомсанэпиднадзор России, 1997.

12. Методические указания по определению качества картофеля, плодов овощной продукции и винограда. РД 10 РФ 16-92. М.: Минсельхозпрод РФ. 1993.

13. Медико-биологические требования и санитарные нормы качества продовольственного сырья и пищевых продуктов. –М.: Изд-во стандартов, 1990.



КӨКӨНІС ЖӘНЕ ЖЕМІС СЕЛЕКЦИЯСЫ МЕН ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Кіріспе

Көкөніс және жеміс селекцисы мен тұқым шаруашылығы пәніне түсініктеме. Селекция және тұқым шаруашылығы эволюциялық оқумен және генетика мен басқа да биологиялық, агрономиялық ғылымдармен байланысты. Селекция мен тұқым шаруашылығының қысқаша тарихи даму кезеңдері. Көкөніс және жеміс өсімдіктерінің әртүрлі сорттарын шығарудағы халық селекциясының маңызы.

Селекция мен тұқым шаруашылығы жұмыстарын жоспарлау және еліміздегі селекция, тұқым шаруашылығы мекемелерінің аймақтары. Жаңа сортар мен будандарды шығарудағы еліміздегі селекция орталақтарының орны мен мақсаты.

Негізгі бөлім

Мәдени өсімдіктерінің систематикалық жүйеленуі. Сорт туралы ұғым.

Мәдени дақылдардың жіктелуі - өсімдіктердің әр түрлілігін, олардың сипаттамасын, жіктелуін, таксономикалық бірліктердің өз-ара туыстығын зерттейтін ғылым. Халықаралық кодекс бойынша өсімдіктер систематикасының жіктелуі. Сорт туралы ұғым. Дарақтардың тұқым қуалау белгілерінің дәрежесі бойынша ерекшелінетін сорт-популяциялар.



Өсімдік белгілерінің өзгерушілігі, өзара байланысы, тұқым қуалауы, көбейу тәсілдері мен гүлдену биологиясы.

Өсімдік белгілері туралы түсініктеме. Белгілердің өсу ортасына, онтогенездегі байланысты өзгерушілігі, корреляциясы, өзара байланыстытылығы. Тұқымдардың біркелкі еместігінен өсімдіктің өзгергіштілігі.

Жынысты және жыныссыз көбею. Өздігінен және айқас тозаңданатын өсімдіктер. Айқас тозаңданатын өсімдіктер гүлінің биологиялық және құрылымдық ерекшеліктері. өсімдіктің өз және жат тозаңдармен тозаңдануға қатысы.

Селекциялық процесстің жалпы жүйесі. Алғашқы материалды алу көздері және оны бағалау.

Селекция (жұмысының) процесінің негізі. Селекция процесінің үш кезеңі: сұрыптау, алғашқы материалды жинау және сынау. Сынау түрлері.

Жабайы өсімдіктер флорасы және оларды алғашқы материал ретінде қолдану пайдалылығы. Н.И.Вавиловтың мәдини дақылдардың шығу ортылығы туралы ілімі. Жергілікті және селекция материалдарын сұрыптау жұмысында қолданылуы. Интродукция.

Будандастыру үшін ата-аналары жұбын сұрыптап алынуы. Будандастыру техникасы. Будандастыру түрлері. Алшақ будандастыру. Алшақ будандарды шығарудағы қиындықтар.

Мутагендік факторлар. Мутанттық материалдар мен жұмыстардың ерекшеліктері. Полиплоидты селекция.

Өсімдікті бағалау әдістері.

Өсімдікті жеке және комплекс белгілерімен бағалау. Көзбен және адамның сезім мүшелері арқылы бағалау. Салмақ пен ұзындық өлшеу (приборларын) құралдарын пайдалану. Химиялық талдау анализдері. Корреляция, өз-ара байланыстылықты пайдалану. Өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы, тауарлық сапасын, өнімділігін, өнім сапасын, механикалық жиналуын бағалау.



Селекция процестерінің техникасы мен мекемелері.

Учаскеде мөлдектерді орналастыру жобасын құру. Мөлдектердің көлемі. Қайталанушылық. Алғашқы материалды селекциялық бақылау, конкурстық немесе тұрақты сынау питомниктер. Селекция егістігінің агротехникасы. Учаскені таңдау.

Тұқым себуге дайындау, себу өсіру және көшет отырғызу, қоректену көлемі мен себу мерзімі, өсімдікті күту және жинау. Құжаттар мен есеп жүргізу.

Тұқым шаруашылығы.

Тұқым шаруашылығының биологиялық негіздері. Көкөніс дақылдары тұқым шаруашылығы кешені. Сорттық тұқымдарды көбейту схемасы. Суперэлита және элита алу тұқымдарын өндіру. Клонды микрокөбейту, егіс материалын жақсарту. Тұқым шаруашылығының теориялық негізі. Тұқымның сорттық және егістік сапалары. Бақылау түрлері. Дәннің сорттық сапасын, тұқымның егістік сапасын дәлелдейтін құжаттар.



Помология. Жеміс-жидек дақылдардың селекциясы және сорттардың өндірістік – биологиялық белгілерін оқып-үйрену.

Помология негіздері. Ампелография. Жеміс ағаштары мен жидектердің апробациясы. Жүзім апробациясы. Алма ағаштардың селекциясы мен сорттары. Шие дақылы селекциясы мен сорттары. Жиденктердік селекциясы мен сорттарын тану. Помология ғылымының дамуы мен пайда болуы. Жеміс шаруашылығындағы сорттың маңызы. Помология ғылымыныңмазмұны мен мақсаттары.



Сорттарды зерттеу әдістері мен формалары.

Алғашқы сортзерттеу. Коллекциялық сортзерттеу. Мемлекеттік сортзерттеу. Өндірістік сортзерттеу. Сорттарды зерттеу әдістері.



Сорттың өндірістік – биологиялық сипаттамасы. Қысқа, аязға, салқынға төзімділіктің физиологиялық негіздері. Құрғақшылыққа төзімділікті бағалау әдістері. Сорттардың өнімділігін бағалау әдістері. Сорттарды өнімділігі мен тұрақты жеміс беруі бойынша бағалау. Жеміс сапасын бағалау әдістері. Жемістің пісу мерзімдері мен ұзақ жатуға төзімділігі, оларды тасымалдау. Сорттардың әртүрлі техникалық өңдеу тәсілдеріне жарамдылығын бағалау. Сорттарды толық және қысқаша суреттеу. Сорттардың апробациялық белгілері. Фенеология.

Будандастырудың селекция әдісі ретінде қаралауы.

Будандастыру үшін ата – ана жұбын сұрыптау алу принциптері. Аналық пен аталық өсімдіктерді талдау. Еркін будандастырудан алынған материалдарды сұрыптауда қолдану. Алшықтық гибридизацияның эволюциядағы және жеміс өсімдігін сұрыптаудағы маңызы. Жеміс және жидек өсімдіктерінің сұрыптауында инбридингті қолдану. Жасанды будандастыру техникасы.



Мутагенез бен полиплоидияның селекция әдісі ретінде қаралуы.

Мутацияларды индукциялау әдістері. Жасанды мутагенезді қолданған кездегі қоршаған айналаны ластанудан сақтау және қауіпсіздендіру техникасы. Полиплоидия, оның жеміс өсімдіктерінің эволюциясына және сұрыпталуына әсері. Полиплоидтарды индукцияландыру әдісітері. Химерлердің пайда болуы және оны жою жолдары. Селекциялық көшеттерді өсіру технологиясы. Жеміс беруге кіріскенде жүргізілетін өсімдіктің жеміс беруге кірісуін тездету әдістері. Элиталарды бөлу, көбейту. Селекция материалын сорт сынауынан өткізу.

Селекция процестерін жеделдету жолдары және сорттарды бағалау. Селекция процесінің стандарттық және жеделдету жүйелері. Жабылған, жылытылған жерлері және фитотрондарды екпе көшеттерді жеделдетіп өсіру үшін селекция колдану. Клондық селекцияның маңызы. Сорттарды жақсарту үшін бүршіктік вариацияларды пайдалану. Сорттардың жағымсыз вариациясы. Клондық селекция әдістемесі. Жаңа клондарды шаруашылықтарға енгізу.
Әдебиеттер
Негізгі:

1 Прохоров И.А., Крючков А.В., Комисаров В.А. Селекция и семеноводство овощных культур. – М.: Колос, 1988.

2. Прохоров И.А., Потапов С.П. Практикум по селекции и семеноводству овощных и плодовых культур. Москва ВО «АГРОПРОМИЗДАТ» 1988.

3. Шепетков Н.Г., Өзбеков Б.М., Ыскаков М.Ә., Жұмағұлов И.И., Еркенбаев Н.С.. Көкөніс шаруашылығы. Астана,1998.

4. Кампитова Г.А. Жеміс шаруашылығы. Алматы, 2007.

5. Алиев Э.А., Смирнов Н.А. Технология возделывания овощных культур и грибов в защищенном грунте. Агропромиздат, 1987.

6. Государственные стандарты. Семена и посадочный материал сельсохозяйственных культур. М.: Издательство стандартов, 1982.

7. Тараканов Г.И., Борисов Н.В., Климов В.В. Овощеводство защищенного грунта. М. Колос, 1989.

8. Ващенко С.Ф. Овощеводство защищенного грунта.М:. Колос, 1989.

9. Сердюков А.Е., Писарев Б.А., Старцева Л.И. Семеноводство картофеля. М.: 1984.

10. Зуев В.И., Абдуллаев А.Г. Овощеводство защищенного грунта Ташкент, 1986.

Қосымша:

1. Карпов Б. А. Уборка, обработка и хранение семян. М.: 1974, 6-19 с.

2. Добротворцева А. В. Агротехника сахарной свеклы на семена. 1985. 19-35 с.

3. Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385-II Қазақстан Республикасының Заңы.



4. Қазақстан Республикасының Заңы Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы 1999.
Каталог: material
material -> Опухоли Местное патологическое разрастание тканей, состоящих из качественно изменившихся клеток
material -> Жұқпалы аурумен ауыратын науқастарды күту ерекшеліктері және инфекцияның алдын алу Мақсаты: а білімділік
material -> Мына заттардың қайсысы су молекуласының
material -> Время затвердевания Методика применения
material -> Невропатолога
material -> Бағдарламасы Бағдарламаға жауапты: Кафедра меңгерушісі А. Серикбаева Алматы, 2014 ПӘндер
material -> Сабақ жоспары. Әдебиеттік оқу
material -> Сабақтың тақырыбы : Сөйлем Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет